Алтын Орда мемлекетінің ыдырау себебі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ
Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте қыпшақ ұлысы деп аталды.
Оның себебі бұл территорияны мекендеген халықтардың басым көпшілігі
қыпшақтар еді. Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді.
Осы қыпшақ ұлысын еншісіне алған Жошыхан 1227 - жылы қайтыс болды.
Орнына Жошының екінші ұлы Бати (Бату) хан отырды. Әкесінен қалған мұраны
місе тұтпаған Бати хан 1236 - жылы қалың қолды бастап Жайық өзенінің (Орал
өзенінен) өтіп, Еділ өзені алқабыңдағы бұлғарларды бағындырды. 1237 - жылы
қалың қолды бастаған Бати хан орыс княздықтарына шабуыл жасады да, ол кезде
Рязань, Владимир, Москва сияқты қырық иелікке бөлініп қырқысып отырған орыс
княздықтарын бірін - біріне қоспай талқандап, жаулап алды.
Онан соң, маңғол армиясы үздіксіз ілгерілеп Киев қаласын
алды, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, тағы басқаларды ойрандап,
Еділ сағасыніа қайта оралды.
Бати хан 1242 - жылға дейін жасаған жаулап алу жорықтары арқылы
Алтын Орданың территориясын кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай
дариясына дейінгі ұлан-байтақ: өңірді қол астына қаратты. 1243 - жылы
Еділ, сағасынаң Сарай қаласын салдырды, бұл қалада алтынмен аптап,
күміспен күптелген сән - салтанатты хан сарайы төңіректің төрт бұрышынан
келген саудагерлер жиналалатын сауда алаңы болды. Бати хан өзіне арнап
астана құрып, сарай салдырғанымен уақыттың көбін Дунайдың төмеңгі
ағысындағы ұлан - байтақ қазақ сахарасындағы жайлауларда өткізіп
отырды. Алтын Орданың астанасы алғашқы кезде Сарай - Бату қаласында
(қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен
Сарай - Батудан жоғарырақ) көшірілді.
Бати хан шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236—1242)
жорығынан кейін, Арал теңізінің шығыс солтүстігі жағындағы жерлерді
ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда дед аталды. Арал теңізінің
солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк орда деп аталды.
Шайбанға қарасты төрт омақ ел: қосшы, найман, бұйрат және қарлық тайпалары
еді.
Алтын Орданың жағдайы өзге ұлыстардың қай - қайсысынан да күрделі еді.
Онда негізінен көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған далалық өңір,
отырықшы егінші аймақ-тар, мәдениеті марқайған қалалар қатар өмір сүрді.
Оты-рықшы аймақтар мен қала-кенттерінде Еділ бұлгарлары, ежелгі хазарлар
мен аландар, қала қыпшақтары, хорезм-діктер, орыстар, армяндар, гректер
тұрды.
Алтын Орданың кең-байтақ далалы өңірлерін қьшшақ, қаңлы, арғын, найман,
қоңырат, керей, уақ, т. б. түркі тілдес тайпалар мекендеп, негізінен мал
шаруашылығы кәсібімен айналысты. Алтын Орданың халқы этникалық әркелкі
болғанымен, оның негізгі тұлғасы осы түркі тілдес тайпа-лар, негізгі әскери
күші қыпшақтар болды. Бұл түркі тілдес тайпалар бастабында жеке-жеке яки
одақтасып Шыңғыс-ханға қарсыласып көрді, нәтижеде бәрі де жеңіліске тап
болды. Бұлар ақырында жаппай бағынды да, оның жоры-ғына қатынасты. Әсіресе
батысқа аттанған қалың колдың басым көпшілігі осылар еді. Ол кезде қыпшақ
деген сөз жоғарыда аталған түркі тілдес тайпалардың жалпы аты ретінде де
қолданылатын. Сол' заманда жасаған әйгілі араб тарихшысы, маңғолдар туралы
жазба хаттардьің авторы Әл-Омари дешті қыпшақ жайында былай дейді: Ертеде
бұл мемлекет қыпшақтар елі болған еді, Ал оларды татарлар (маңғолдар) билеп
алғаннан кейін, қыпшақтар солардың қол астына қарап қалды. Сонан кейін олар
(маңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен) араласып, туысып кетті; жер олардың
табиғи және нәсілдік сипатын өзгертіп жіберді. Олардың бәрі бір атадан
туғандай, дәл қыпшақ болып кетті, осыдан келіп маңғолдар қыпшақ жеріне
мекендеп қалды. Бұлармен неке қиысып, осылардың (қыпшақтардың) жерінде
тұрып қалды.1
Алтын Орда хандығы өз құрамына енген түркі тілдес тайпалар мен
халықтардың ежелден келе жатқан ел басқару жүйесін өзгертпей бұрынғы
қалпында қалдырды. Жергілікті басқару орындарының қызметін бұрынғыша
жергілікті феодалдар атқарып отырды. Алтын Орда хандары жергілікті халықты
өз феодалдары арқылы басқарды. Түркі тілдес тайпалар мен халықтардың феодал-
шонжарлары да өзінің халық бұқарасына үстемдігі мен төтенше құкығын сақтау
және нығайту үшін Алтын Орда үстемдігіне ынтасымен қызмет етті. Жергілікті
түркі тілдес тайпалардың феодал-шонжарлары мен маңғолдардың әскери феодал-
шонжарлары арасындағы ауыз жаласқан одақ барған сайын күшейіп, олар өзара
құдаласып қыз алысты. Маңғолдардың феодал-шонжарлары мен түркі тілдес тайпа
шонжарларының құдаласып қыз алысуы бұдан әлдеқайда бұрын басталған. Мысалы:
Шыңғыс ханның шешесі Ұлұн Еке ханым қоңырат қызы, Шыңғыстың бәйбішесі Бөрте
де қоңырат қызы, екінші әйелі Хот оқтай меркіт қызы Жошы ханның бір әйелі
Сартақ қоңырат қызы, енді бір әйелі Бектумыш керей қызы болатын. Ал
Шыңғысхан бір қызын ұйғыр идиқұтына, енді бірін қарлық Арсылан ханға
берген. Жошы хан өзінің үлкен қызы Бикені қаңлының ұлыс - бегі Тұғырылдың
баласы Сұнақ тегінге берген. Бұл барыс Алтын Орда дәуірінде одан әрі үдей
түсті. Маңғол шонжарларының түркі тілдес тайпалардың қызынан туған балалары
отбасында аналарының тілін үйреніп түрікше тілі шықты, бұл жағдай жаулап
алушылардың жергілікті халыққа сіңіп кетуін тездетті. Келе- келе маңғол
хандары мен шонжарлары да қыпшақ тілін сөйлейтін болды Сөйтіп, Алтын Орда
мемлекетінің ресми әдеби тілі — бұрыннан осы өңірде қалыптасқан қыпшақ тілі
болды.
13-ғасырда Шыңғысхан ұлы Маңғол патшалығының тәуелді үлесі болған Жошы
ұлысы ұзамай-ақ өз алдына дербес мемлекетке айналды. Бұл мемлекет Жұңгоның:
тарихи деректерінде қыпшақ ордасы, шығыс деректерін де көк орда, орыс
жылнамаларынада алтын орда деп аталды. Бати (1256-жылы қайтыс болды),
Берке (1257— 1266), Мөңкетемір (1266—1280), Туда Мөңке (1280 — 1287),
Төлебұқа (1287—1291), Тоқты (1291 — 1312). Өзбек (1312—1342), Жәнібек (1342
- 1357) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты кемеліне келіп, билігі мейлінше
күшейді. Егер Жошы мен Бати Маңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде
бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп
есептеді.
Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет еді. Алайда, Алтын Орда
мемлекетінде жасаған халықтардың даму дәрежесі әр келкі болды. Оның Еділ
алқабы, Бұлғар, Хорезм, Қырым, және солтүстік Кавказ қатарлы дамыған
отырықшы-егінші аймақтарында феодалдық қатынастар үстем болды. Ал далалық
мекенді мекенден, негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған түркі тілдес
тайпалар мен түріктенген маңғол тайпалары расында жартылай патриархалдық,
жартылай феодалдык қатынас өмір сүрді.
Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы әскери негізде болды. Алтын Орданы
билеуші хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы саналды. Мемлекет
билігінің белді ұйымы — әскери феодал-шонжарлар мен алпауыт бектердің
құрылтайы болды. Шешуші кезеңдерде осы құрылтайлар ашылып, мемлекет
тағдырына қатысты, маңызды саяси, әскери мәселелерді ақылдасып шешіп
отырды. Алтын Орданың қарулы күштері оң қол (баронғар) сол қол (жұңғар) деп
екі қолга (қанатқа) бөлінді. Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы хан өлген (1227) соң,
оған мұрагерлік еткен Жошының екінші ұлы Бати хан қарулы күштердің оң
қанатын тікелей өзі басқарды да, сол канатын ағасы (Жошының үлкен ұлы) Орда
Еженнің баскаруына берді. Қарулы күштердің әрқайсы қанаты: түмендік,
мыңдық, жүздік және ондықтарға бөлінді, оларды түмен басы, мыңбасы,
жүзбасы, және онбасылар басқарды. Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшылық
міндеттерін хан тұқымынан шыққан ханзадалар, әскери феодалдық-шонжарлар —
нояндар атқарды. Олар өз қол астындағы әскерді басқарумен қабат сол әскер
алынған ру-тайпаларды да биледі. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді
басқаруға өмірлер, дарғы бектері белгіленді. Мемлекеттік мекемелерді
басында атақты билер мен олардың көмекшілері — бақауыл (бөкеуіл), тұтқауыл,
жасауыл, бітікші, тамғашы, тартынақшылар отырды. Алтын Ордаға бағынышты
шеткері аймақтарды басқару үшін өкіл әкімдер—дарғы бектері мен тамғаш және
басқақтар тағайындалды. Олардың басты міндеті — жергілікті халықтарды
билеп-төстеу, олардан хан қазынасына алым-салым жинау еді.
Алтын Орданың алғашқы мезгілдерінде оның құрамына кірген халықтардың
көпшілігі мұсылман болғанымен, билік басындағы маңғол ақсүйектері өздерінің
байыргы діні иламанизм нанымын тұтынып келген еді, уақыт өте келе олар
жергілікті халықтардың ислам мәдениетін қабылдады. Берке хан тұсында Алтын
Орданың билік басындағы ақсүйектері арасында ислам діні ене бастады.
1312—1342-жылдары Алтын Орданы билеген Өзбек хан тұсында ислам діңі Алтын
Ордада үстем дінге айналды. Өзбек хан ислам дінін жарлық арқылы
жалпыластырды, қазақтың өзбектен дін калды деген мақалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір темір және оның мемлекеті
Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері (сатысы)
Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі
Астанасы Алмалық қаласы
Қазақстан тарихы туралы
МОНҒОЛ ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН (ХІІІ ғ.) АЛТЫН ОРДА (1243 – ХҮ ғ. ортасы)
ХІҮ – ХҮ ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
14-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Пәндер