Мұхаббат - наме дастанының кіріспесінде ақын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Алтын орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі -
Мұхаббат – наме дастаны. Оны жазған - ақын Хорезми. Хорезми -
ақынның лақап аты. Ақынның шын аты – жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы
мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз онша көп емес. Ақын
Хорезми – Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол
Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған – Мұхаммед Қожабектің
тапсыруы бойынша 1353 жылы Мұхаббат-наме дастанын жазған.
Бүгінгі күнге Мұхаббат-наме дастанының екі қолжазба нұсқасы
жеткен. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде
сақтаулы тұр. Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институты
1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фотокөшірмесін алды.
Қолжазбаның бірі - 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. Демек,
Мұхаббат-наме дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны
ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Ұйғыр әрпімен жазылған
нұсқасы А.М. Шербактың аудармасы арқылы жақсы таныс, ал араб
әрпіндегі нұсқасын Э.Н. Наджип орыс тіліне аударып, зерттеген. Ұйғыр
нұсқасына қарағанда, араб әрпімен жазылғаны әлдеқайда толық, дұрыс
сақталған. Мұхаббат-наменің араб әрпімен жазылған нұсқасы - 1509
жылы көшірілген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан кейін, араға 166
жыл салып барып араб әрпімен көшірілген екен.
Бір қызығы - араб жазуындағы қолжазба ұйғыр жазуындағы
нұсқадан 77 жыл кейін көшірілсе де, оған қарағанда әлдеқайда кең
әрі толық сақталған болып келеді.
Түркі тілінде жазылған бұл шығарманың қазіргі тіліміздегі екі
аудармасы жасалған: А. Қыраубайқызы (1983 ж.) және Ө. Күмісбаев пен
М. Жармұхамедовтікі (1958 ж.)
1971 жылы Түркияның (Стамбул) Ұлттық кітапханасынан
Мұхаббат-наменің араб графикасымен жазылған нұсқасының екі
көшірмесі табылды. Бұл дастанды орыс ғалымдары В.В. Бартольд (1924 ),
А.Н. Самойлович (1928) және Ә. Нәжіп арнайы зерттегені мәлім.
Бұл әдеби жәдігерліктің ұйғыр әрпімен көшірілген нұсқасын
белгілі орыс ғалымы - А.М. Щербак тілдік тұрғыдан зерттеп, орыс
тіліне аударды.
Ал Мұхаббат-наменің екі нұсқасын да өзара салыстырып
отырып, зерттеп, араб әрпімен жазылған нұсқасын қазіргі әріптермен
транскрипция жасап, оны орыс тіліне аударып, жан-жақты зерттеген
көрнекті түрколог Әмір Нәжіп болды.
Сондай-ақ бұл дастан 1954 жылы өзбек тіліне ( Т. Жалалов ),
1981 жылы үзінді түрінде татар тіліне, ал 1985 жылы ылы қазақ
тіліне (А. Қыраубаев) тәржіма жасалды. Алайда бұл аудармалар ғылыми
тұрғыдан да, көркемдік жағынан да сын көтермейтіні кезінде мерзімді
баспасөз бетінде жазылғаны мәлім.
Ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші бір топ қазақ ғалымдары
(Ә. Дербісәлі, М. Жармұхамедов, Ө. Күмісбаев) Мұхаббат-наменің араб
жазуымен бізге жеткен ең толық нұсқасын ғылыми негізде жан-жақты
талдап, көне мұраның қазақ әдебиетінің көркемдік сабақтастығын
дәлелдеп шықты, әрі дастанның түпнұсқаға мейлінше жақын қазақ
тіліндегі аудармасын оқырман қауымға ұсынды.
Мұхаббат-наме екі тілде жазылған, сегіз хаты түркі
тілінде, үшеуі- парсы тілінде. Өйткені орта ғасырдағы шығыс
әдебиетінің тілі, негізінен парсы тілі еді. Оның араб әрпімен
жазылған нұсқасы 473 бәйіттен тұрады.
Бұл дастан Ахмет Иассауидің сопылық поэзиясының әсерімен
жазылған. Махаббат намадағы сопылық дәстүр он бір хаттың өне
бойында белгісіз бір қызға ғашықтығын баяндауынан байқалады. Жігіттің
қызға жазған он бір хаты жырға негіз болған. Бұл дастанда қыздың
есігінің табалдырығын мұсылманның басын қояр сәждесіне теңейді.
Кірпігі түркі мергенінің оғындай, қасы – ай, көзі – күн, маңдайы – көк
айдын деп суреттеледі. Мұсылманның ең қасиеттісі - сәждені қыз
үйінің табалдырығына балауы - бұл жердегі әңгіменің түпкі мәні
Жаратушыны тану екендігінде. Сопылық поэзиядағы сүю – Жаратушыны тану
жолындағы әрекет. Қыздың тал бойындағы мінсіздікті суреттеу -
Алланың шеберлігін мадақтау болып табылады. Адам өз болмысын тану
арқылы Алланың құдіретін таниды.
Мұхаббат-наме дастанының кіріспесінде ақын: Мен де ұлы
тәңірге жалбарынып, Мұхаббат-намені жаздым - дейді. Автор сол
кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан тәңірге
сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтау сөз айтады. Содан кейін ғана
дастанның жазылу себептеріне тоқталады.
Ақын Мұхаббат-намені Алтын Орда ханы Жәнібектің Оқ
Ордадағы әкімдерінің бірі - Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша
жазғанын айтады :
Ақшам түні көрінді, мейрам айы,
Мұхаммед Хожа-бек - дәулет құймайды.

Бұйырды (ол) - өрге шатыр тігілді,
Кезелер көтеріліп, мәжіліс құрылды.

Хұсаини пернесіне түсіріп саз,
Жаршы бұл гәзәлді қылды уағыз.

Жымиып күлді де айтты: ей, пәленшеке,
Келтіргін сыйыңды бізге лайық.

Тілер ем біздің тілде жазуыңды, -
Кітапты осы қыста менің қасымда.

Қабыл қылдым, жер өптім, ей шах – дедім,
Есігіңнің топырағы - дәулет сарайы.
Бұдан кейін Мұхаббат-наме авторы оқырманын Мұхаммед
Қожабекпен таныстырып өтеді. Әсіресе ол жөнінде дастанның
кіріспесінде, қорытынды бөлімінде көбірек айтылады. Шығарманың негізгі
бөлімінде ол туралы сөз қозғамайды. Себебі ол шығарманың негізгі
кейіпкері емес. Автор оған өз дастанын арнағаны үшін мадақтайды.
Ақын өзіне көп қамқорлық көрсеткен Қожабектің батыр, асыл
текті, мырза, көреген деп дәріптейді. Сондай-ақ Қожабектің қоңырат
руынан екенін, оның Жәнібек ханға жақын екенін тілге тиек етеді.
Ақын Хорезми Қожабекті жер-көкке сыйғызбай мақтап, оны жомарттықта –
Хатымтайдан, батырлықта – Рүстемнен, сұлулықта Шолпан жұлдызынан озсың
дейді. Осындай айтылған соң ғана шығарманың негізгі бөлімі басталады
деуге болады:

Мұхаммед Хожа-бекті мақтап біттім,
Мұхаббат-намені жазуға кірістім.

Ммұхаббат-наменің негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына
деген мөлдір махаббаты жырланады. Жігіт сүйген қызына әсемдік
әлемінен тең таппай, оны Айға да, Күнге де теңеп, жер бетіндегі
сұлулық атаулының ғажаып картинасын жасайды.
Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл қасиет екенін
ақын зор шеберлікпен суреттейді:

Екі жарық гәуһарды әлемге берген,
Махаббат кенішін адамға берген.

Көкке берер (жем қылар) сұңқарға аққуды,
Толған айдай қылар бір тамшы суды.

Діни мистикалық бағытта жазылған сол кездегі қисса-хикаяттар
адамды бұл өмірдің қызығынан безуге шақырып, сүйіспеншіліктің өзін
жұмақтың ісі етіп қоятыны мәлім. Мұндай шығармалар о дүниенің
ләззаты үшін тіршіліктегі іс-әрекеттен, өмі үшін күрестен бас
тартуға шақырады. Жұмақтағы хор қыздарды дәріптейді.
Ал Мұхаббат-наме дастанында адамның осы өмірдегі адамға
деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады. Ақын нақты өмірдің
қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Шығарманың бас қаһарманы өз
сүйіктісі үшін ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайды.
Жігіт сүйген қызына жазған хатында Сүйіктім, қасымда болсаң,
жұмақтың маған керегі жоқ деп батыл сөйлейді:

Шашыңның бір талына мың хор (қызы) жетпес,
Жүзіңнің нұрына мың нұр жетпес.

Хақ тағала жарылғап берсе егер,
Керек емес сенсіз маған жұмақ та.

Кісінің сенсіз не жаны болсын,
Ондай өмірдің не сәні болсын.

Жігіт сүйген қызына осындай пікір айта келіп, маған сенсіз
жұмақтың керегі жоқ, сен арғы дүниедегі хор қызынан мың есе
артықсың , сол періште қыздар келіп, сенің сұлулығыңа табынсын, сен
жоқта жерде – жұмақтың өзі маған дозақ - дейді.
Сөйтіп, ақын нақты тұрмыс-тіршіліктегі сүйіспеншілік сезімін
о дүниенің барлық қазынасынан мың есе артық деп бағалайды.
Дастанның басты қаһармандары – бір-біріне ғашық болған жігіт
пен қыз. Шығарма негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан
тұрады. Дастанда қыздың жігітке жазған жауап хаты берілмейді. Алайда
жігіттің хатынан қыздың сүйген жігітке деген сүйіспеншілік сезімін,
қуаныш-реніштерін айқын аңғаруға болады.
Жігіттің өзінің ғашығына жазған хатында қызды былайша
сипаттайды:
О, сұлулық әлемінің падишахы,
Сұлулығыңның әскері жаһанды жаулап алды.

Езу тартып күлсеңіз, шекер ұялар,
Тісіңнің інжуінен гәуһар ұялар.

Жамалың жетті әлемге әскер болып,
Өбер жерді жаныңда барша шахтар.

Саған ғашықтық жолында аспан адасты ақылынан,
Сырғаңның дәні – шолпан, жүзің – ай-ды.

Қыздың сұлулығынан қысылған Күн не істерін білмей абыржып,
түні бойы бетіне перде жауып, ұялып жатады екен:

Сондықтан түн ұзаққа Күн ұялып,
Түн пердесін жамылып жатады екен.

Жігіт сүйген қыздың сұлулығы сондай, тіпті оны көргенде отқа
табынушылар өз дінінен безіп кетеді деп суреттейді.
Хорезми өзі жырлаған қызды тек теңдесі жоқ сұлуға ғана етіп
көрсетумен шекткліп қалмады. Дастанның бас қаһарманы ғашық болған
қыз көрікті ғана емес, сонымен бірге ақылына Аплотон таңданатын
данышпан әрі сүйгеніне барынша адал, адамгершілігі жоғары, инабатты,
ізгі жан. Міне, сол арқылы автор махаббат жайын әлеуметтік мәселе
дәрежесіне дейін көтере ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаббат - наме
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Жүсіп - Зылиха дастанының қазақша нұсқасы хақында
Қазақ әдебиеті тарихы пәні
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Рабғузидың «Қисас-ул Әнбия» дастанының әдеби сипаты
Қазақ фольклорының тарихы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
Көркемдік дәстүр жалғастығы
Пәндер