Саралай оқыту әрекеті - білім алуға бағыттылған әрекет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.

Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім
оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білу қажет.
Қазіргі білім берудің мақсаты-танымдық қызметке деген тұрақты
қызығушылығы қалыптасқан, өз бетімен бағдарлай, қызмет жасай білетін,
өздігінен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру өзара тығыз
байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет етеді.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары-бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ
оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылаумен орындайтын
жұмыс.Оқушының белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға
қабілетті болуын қажет етеді.Сондықтан да мектептегі оқу процесінің негізгі
мақсаты-арнайы педагогикалық әдістермен жүйелі түрде оқушылардың
шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін
қалыптастыру, оқушының табиғи дарындарын пайдалана отырып, өз бетінше білім
алудың негізін салу болып табылады.Шығармашылық-негізгі білім болғандықтан,
оқушының білім деңгейіне сүйене отырып олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы
түрде ұйымдастыру қажет.Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын
қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бақылап
отырған абзал.
Оқушылардың бойында шығармашылық қабілетті дамыту жалпы білім беретін
пәндерді оқып үйрену кезінде және оқу-еңбек процесінде алған білімдерінің
негізінде жүзеге асады.Шығармашылық қабілетті дамытудың маңызды шарты
адамның табандылығы болып табылады.Табанды болмай тұрып, ізденістің болуы
мүмкін емес.Мектеп оқушыларының бойында осы қасиеттерді дамытқан жөн.Білім
сапасына қойылатын қазіргі заман талабының бастысы-бұл баланың
интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқушы қабілеті дегеніміз-оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу
әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің
дамуына әсерін тигізеді.Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың
бірі-жаңа технология негіздері болып табылады.Сонымен қатар оқушының
ақпарат
құралдарымен жұмыс істей білуін активтендіру негізінде педагогикалық
технология мен компьютерлік технологияны бірігіп пайдаланудың ролі зор.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық
қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып
келеді.Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік
белсенділігін көрсетеді.Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік
шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелігі, жаңалық ашуы тұлғаның
шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.Тұлғаның шығармашылығын дамыту
адамның кішкентай кезінен бастап есейген кезіне дейін жүреді.
Шығармашыл адам- жасампаз тұлға.Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып
отырады.Тұлға іс-әрекеті, өзіне және айналасына қарым қатынасы арқылы,
шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады.Сондықтан баланың
табиғи биімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық
қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы
зор.Шығармашылық бағыттың дамыу адамның өзін тұлға сезінуі мен айналасына
өзіндік көзқарасы болуына байланысты.Шығармашылық бағыттың дамуына
денсаулығы, псикалық қызметтің дамуы, негізгі шарты-әлеуметтік даму жағдайы
негіз болады.
Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды.Шығармашылық-
бала дамуының қалыпты жағдайы.Алайда шығармашылыққа беймділік бірте-бірте
жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да кері әсер етеді.Шығармашыл адам
жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық мақсаттарын жүзеге асыру барысында
өз жолын ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алға жылжып отырады.

Шығармашыл тұлға шығармашылық іс-әрекетте болады, іс-әрекеттің барлық
түрінде шығармашылықпен дамиды.Сонымен шығармашылық тұлға болу дегеніміз-
дүниені тану және жаңарту арқылы тұлғаның болмысқа қарасты айқындалуы.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы
және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін,
ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Математика пәнін оқыту процесінің
негізгі мақсаты-арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты жүйелі түрде
пайдаланып оқушылардаң интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы
мен белсенділігін қалыптастыру, өз білім алу дағдыларын дамыту болып
табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқұшының пәнге деген
қызығушылығынан және қажеттілігінен туындайды.Өз білімін көтеру жекелеген
оқушылырдың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық
белсенділігін артырады.Оқушылар оқыту барысында білім алады, ал содан соң
оны қолдану шығармашылыққа бет бұрады.
Мысалға алғанда, математика сабағында оқушылардың шығармашылығын
қалыптастыру үшін сабақта жаңа технология әдістерін пайдаланған
тиімді.Олар: деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, ұжымдық оқыту
технологиясы, модулдік оқыту технологиясы және тағы басқалары.
Деңгейлік оқытудың ерекшелігі- оқушылардың сабақ барысында бірнеше
деңгейде жұмыс жасай алатындығында.
Саралай оқыту әрекеті-білім алуға бағыттылған әрекет.Ол өз бетінше, әрі
мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады.Біз басшылыққа алып отырған саралай
оқытудың жүйелік негізін Б.Ананьев, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама
Деңгейлік саралап оқыту
Колледж студенттерінің танымдық іс-әрекетін дамытудағы оқу үрдісіндегі белсенді педагогикалық-психологиялық құралдардың әсері
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Ойлау әрекеттерінің амалдары
Оқушылардың жобаны орындауы
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру
БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫ
Болашақ маманды дайындаудың психологиялық - педагогикалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz