Алматының орнында жатыр


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Алматы .

Алматы- Қазақ ССР-інің астанасы. Ол- Алматы облысы мен республиканың саяси-экономикалық және мәдени орталығы. Халқы милионнан асады. Алматы Іле Алатауының солтүстік етегінде, теңіз деңгейінен 700-900 метр биіктікте, негізінен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің аралығында.

Автомобиль, темір жол және әуе қатынасының ірі торабы.

Алматының табиғаты бай, ауа райы жайлы. Қазіргі Алматыны адам ерте заманнан бері мекен еткен. Біздің заманымыздан бұрын 7-3 ғасырда сақ тайпалары қоныстанған. Сақтардан кейін саяси басшылыққа ие болған үйсін тайпалары Алматы маңы ұзақ ғасырлар бойы (біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасыр, біздің заманымыздың 3 ғасырында) мекен етіп келді. Қазіргі «Горный гигант» колхозы, орналасқан жерден үйсіндердің байырғы қонысы табылды. Түрік қағанаты дәуірінде (6-8 ғасыр) Алматы аймағында тұрақты мекендер көбейіп, олардың біразы әр түрлі қолөнер кәсібі мол саудалы қалаларға айнала бастайды. Орта ғасырда Алматы қазіргі өз атымен белгілі болған. XV ғасырдағы соғыссалдарынан қираған қаланың қалдығы қазіргі Алматының орнында жатыр.

Жетісу аймағы Россияға бағынған кезде мұнда дулаттардың «Алматы» атты қыстағы бар-ды. 1854 жылы осы жерге орналасқан Зайлийское, кейіннен «Верное» деген атпен мәлім болкон орыс бекінісі 1867 жылы қала дәрежесіне жетеді; көп ұзамай-ақ Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналды. 1867 жылдан Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін Түркістан генерал-губернаторына қарасты Алатау округінің орталығы болып, Верный қаласы деп аталды

1913 жылда қаладағы жұмысшылар саны 500-ге жетті. Сауда орталығына айналған Верныйдың экономикалық маңызы жылдан-жылға арта түсті. Онда орыс-қазақ мектебі, 1879 жылы ерлер мен әйелдер гиназиялары ашылды. Белгілі зерттеуші ғалымдардың П. П. Семенов Тян-Шанский, Н. М. Пржевальский, Г. Н. Потанин т. б. экспедециялары да осы қаладан басталды. 1856-64 жылдар арасында Ш. Уәлиханов бірнеше рете Верныйға келіп жұмыс істеген. Осы қалада 1875 жылы И. В. Мушкетов, кейіннен зоолог Н. А. Северцов, ботаник А. Н. Краснов, тарихшы В. В. Бортольд т. б. болды.

Патша өкіметі мен жергілікті бай-феодалдарға қарсы Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жетісу аймағының еңбекшелері де тікелей ат салысты.

Қазақ халқы Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісін зор қуанышпен қарсы алды. 1918 жылы 2-сінен 3-іне қараған түнде большевиктердің -П. М. Виноградов, Т. Бокин, Т. Өтепов, Л. П. Емелов т. б. басшылығымен Верныйдың жұмысшы кедейлері көтерілді. Қалада Совет өкміеті орнады. Компартия жіберген өкілдер -М. В. Фрунзе, В. В. Куйбышев, Д. А. Фурманов тағы басқалары баға жетпес үлес қосты.

1921 жылы 14 мартта Верный өзхінің ежелгі атымен Алматы болып аталды.

Қазақстанда және оның орталығы Алматыда Компартияның тапсырысымен С. М. Киров 1934 жылы, М. И. Каминш 1935 болып қайтты.

Алматы тарихында Ұлы Отан соғысы дәуірлі үлкен орын алды. Ол республиканың барлық қорын, күш -жігерін Отан қорғау қажетіне жұмылдырды; майданға деген көмекті жан-жақты ұйымдастырды; тылды нығайтуды штаб болды. Қаланың өзінде бірнеше әскери құрама, оның ішінде Понфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы жасақталды. Мыңдаған алматылықтар Отан соғысына қатысып ерлікпен күресті; оның 51 жауынгеріне Совет Одағының батыры атағы берілді., ал С. Луганский бұл атақты екі рет алды. Соғыс жылдары көшіп келген ірі-ірі заводтар мен фабрикалар қалаға орналасып қару-жарық шығарды. Алматы өнеркәсібінің негізгі өндіріс қоры соғыс жылдарында үш еседей, ал жұмысшылар саны 60 процент артты. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдарда қала ірі өнеркәсіп орталығына айналды. Қала өнеркәсібінің алуан түрлі өнімдері барлық одақтас республикаларға, дүние жүзінің көптеген елдеріне шығарылды.

Алматының төңірегі бау-бақша, онда алманың неше түрі өседі, оның ішінде дүние жүзіне әйгілі апорт бар.

Алматының климаты континенттік. Январьдың орта температурасы 8-градус С, кей жылдары -20-дан 25 градус С дейін төмендейді, июльде 22 градус, августа одан да жоғары. Қыста қар аз жауады, әрі ұзақ жатпайды. Алматының ашық күндері жий, желі сирек. Жазы ұзақ, көбінесе ыстық әрі құрғақ. Қысқа, кейде жылымық; күзі жылы; көктем ерте шығады., кей жылдары суық қайталайды.

Алматы - ірі өнеркәсіп, ғылым, мәдениет орталығы, мұнда 300-ден аса кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақ ССР ғылым Академиясы, 16 жоғарғы оқу орны, 8 театр, 13 музей жұмыс істейді. Кітап байлығы жағынан ең ірі кітапхана А. С. Пушкин атындағы республикалық көпшілік кітапханасы бар.

Алматы- қазақтың түрі, ұлттық мазмұны социалистік театр өнерінің орталығы. Мұнда қазақтың Абай атындағы драма театры, Лермонтов атындағы орыс драма театры, балалар және жас өспірімдер театры, қуыршақ театры, корей және ұйғыр музыкалы драма театрлары, ұлт аспаптар оркестрі, филармония, «Гүлдер» ансамблі мен «Қазақфильм» киностудиясы жемісті еңбек етіп келеді.

Қазақстан жазушылар одағы, композиторлар одағы, Суретшілер одағы, Архитекторлар одағы, Қазақ театр Қоғамы, Орталық Музей, Қазақ ССР ғылым Академиясының геологиялық, зоологиялық, археологиялық және этнографиялық музейлері, М. О. Әуезовтың музей -үйі, Т. Г. Шевченко атындағы сурет галереясы, көптеген кинотеатр, клуб, мәдениет сарайлары, балалар темір жолы бар.

Алматыда мерзімді баспасөз Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін шынайы даму жолына түсиі.

Қазақ, орыс тілінде көп тиражды 13 газет, 19 журнал «Ғылым», «Жалын» баспалары жыл сайын тиражы 24-млн-ға жуық 2 мыңдай әр түрлі кітаптар шығарады.

Алматыда радио алғаш рет 1929 жылы сөйлей бастады, Республикалық радио 4 программа бойынша қазақ, орыс, ұйғыр, неміс тілдерінде тәулігіне 30 сағат хабар береді. Қала тұрғындары қазақ телевизиясымен 1958 жылдан бері Орталық телевизия, Интервизия, «Орбита» және Фрунзе телевизия хабарларын қабылдайды.

Алматы- Совет Одағының аса ірі туристік және спорт орталықтарының бірі. Қала төңірегі мен оның оңтустік жағындағы биік Алатау баурайында демалыс үйлері, санаторилер, пионер лагерьлері, туристік және альпинистік базалар орналасқан. Алматы іргесінде дүниежүзіне әйгілі биік таудағы мұз айдыны- «Медеу» бар. Мұнда бүкілодақтық және халықаралық спорт жарыстары өткізіліп тұрады. Шымбұлақ шатқалында жыл сайын бүкілодақтық шаңғы жарысы өткізіледі. Қала төңірегі - Алматы тұрғындарының дем алып, серуендеуіне таптырмайтын орын.

Алматы құрылысы. Соғыстан кейінгі жылдарда күрделі құрылыстардың көлемі ұлғаюмен байланысты Алматының 2-бас жоспары жобалайды. Бұл тұста архитектурада орыс архитектурасының классикалық түрлерге қазақтың көне архитектуралық бөлшектерімен және алуан түрлі өрнектерімен үйлестіріп тоғыстыра пайдалану мақсаты қойылды.

Қазақтың Абай атындағы опера және балет театры, Үкімет үйі, Қазақ ССР ғылым академисының бас ғимараты Орталық стадион, Орталық Универсалды магазині құрылыстары осындай үлгіде салынады.

Алматыда бұрын болмаған көлемі күрделі құрылыс Лениногор жобалаған 3-бас жоспарға сәйкес жүргізілді.

Сол жоспар бойынша 7 жыл ішінде тұрғын үй, орта мектептер, балалар бақшасы, магазиндер, ауруханалар, ресторан, кафе, асханалар, халық қажетін тағы басқа ғимараттар пайдалануға берілді. Қоғамдық - әкімшілік және мәдени ғимараттар салынады: қаланың ортасында сауықтыру моншасы «Арасан», «Қазақстан» қонақ үйі, «Балалар әлемі» магазині, «Алматы» рестораны, спорт сарайы «Алматы» қонақ үйі, «Отырар» қонақ үйі, В. И. Ленин атындағы Мәдениет сарайы, Абай Даңқы монументі, Шоқан Уәлиханов ескерткіштері тағы басқалар бар.

Астана архитектурасына ұлттық ерекшілік беретін мүсін ескерткіштер мен көркем сурет, ою-өрнектер жүйелі қолданылуда.

Алматы табиғатының сұлулығымен оның ғимараттары, жаңадан салынған 10-12 қабатты зәулім үйлерінің архитектуралық ансамблі үндесіп жатады.

Көп қабатты ғимараттардың пайда болуы жаңа талғам туғызумен бірге қала сәулетін де ажарландырып тұрады.

1983 жылы Алматы Ленин орденімен наградталды.

(Қазақ Совет энцеклопедиясынан)

Еліміздің одақтас және автономиялық республикалардың астаналары жұлдызшамаен белгіленеді. Осы ал қызыл жұлдызшалар біздің көп ұлтты социалистік Отанымыздың жүрегі Москваның батысы мен оңтүстігінен де, шығысы мен оңтустік - шығысынан да жыпырлай жайнап көрінеді.

Аэрофлот лайнері Ил-62 Москвадан Алматыға дейін төрт жарым сағат ұшады. Оның үш сағаты бойына жолаушылар Каспийден Алтайға дейін, тың жерлерден Алатаудың қарлы шыңдарына дейін, көсіліп жатқан Қазақстан жерінің жайқалған егінжайлары мен нулы-сулы жайылымдарының үстінен ұшады.

Қазіргі Қазақстан Совет Одағының негізгі астықты өңірлерінің бірі, еліміздің аса ірі мал шаруашылық базасы, ол осы заманғы өнеркәсіп орындары, ол - мыңдаған ғалымдар, мәдениет пен өнер қайраткерлері жемісті еңбек етіп жатқан республика.

Қазақстан жерінде «өмірдің күре тамырлары» атанған темір жолдар мен тас жолдар, электр жерлері, жаңа теңіздер мен су қоймаларына құятын каналдар сан километрге созылып жатыр. Осы теңіздер мен су қоймаларының жағаларында, ірі жолдардың түйіскен тораптарында және аграрлық алып комплекстер өркендеп, жаңа қалалар бой түзеуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы ежелгі қазақ даласы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Қазақстандағы ішкі туризм мәселесі
Алматы қаласының аумағындағы археологиялық ескерткіштер
Алматы қаласы: тарихы және бүгінгі жайы
Туризм саласын дамытуға арналған жиын
Алматы қаласының тарихы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Экскурсиялық құжатты жобалау (Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі Өткелді өзенінің көрікті шатқалында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz