Компьютерлік оқыту программаларын қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Приложение 1
Регистрационная форма
Участника учебно-методической конференции
Современное вузовское образование: формирование инновационной модели

Ф.И.О. Аманжолова Анара Дюсеновна
Должность, место работы, город Студент, АркГПИ, г.Аркалык
Ученая степень, звание -
E-mail, телефон ladyark@mail.ru 87024400207
Секция 1. Инновационные методы и технологии
обучения: профессиональная
подготовка высококвалифицированных
специалистов
Название статьи Ақпараттық-компьютерлік және
математикалық модельдеу негізінде
кәсіби дайындау жүйесі
Гостиница Да

Приложение 2

Заявка
На участие в учебно-методической конференции
Современное вузовское образование: формирование инновационной модели:

- Аркалыкский государственный педагогический институт имени
И.Алтынсарина
- Студент
- 87024400207, ladyark@mail.ru

Аманжолова А.Д.
Студент, АркГПИ

Аннотация
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік және математикалық
модельдеу негізінде кәсіби даярлаудағы арнайы пәндердің оқу
бағдарламаларын, оқулықтарды, оқыту әдістемесін жасау және оқу-әдістемелік
құралдарды даярлауда дидактикалық талаптардың нақтылануы, оны жүзеге
асыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-
әдістемелік бірлестігінің қолдауымен осы құжаттардың республика жоғары оқу
орындарында эксперименттік сынақтан өтуі және өндіріске енуі елімізде
болашақ мұғалімдерді кәсіби білім беру қажеттілігіне көңіл бөлініп
отырғанын дәлелдейді.
Зерттеуде қойылған міндеттердің шешілуі, сондай-ақ қомақты қордаланған
теориялық, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік-тәжірибелік
материалдар біздің ұсынған зерттеу болжамымыздың дәйектілігін айғақтайды.

Annotation
The development of science and new technologies, computerization of
all branches of industries, science and education demands inculcation of
new informational technologies on the one hand and on the other hand in the
connection of the origin of problem on activity of specialists with their
use needs new approach professional training of the new specialists.
Results of work:
   -Theoretical and psychological–pedagogical basis of professional
training on the base of information-computer and mathematical model of
future teachers in higher educational system is defined;
   - Concept of improvement of professional training of future teachers in
process of teaching special discipline on the base of information-computer
and mathematical model is worked out.
   - Scientific-methodical well-founded model of future teachers mastered
habits of information-computer and mathematical model is worked out.
   - Psychological–pedagogical basis of professional training of future
teachers higher educational system are defined;
   - Methodical system of training on the base of information-computer and
mathematical model using in professional training is created;
   - Experimental-methodical complex of professional training of future
teachers is worked out and inculcated into practice.
   - The technology of professional training of future teachers in process
of teaching special discipline on the base of information-computer and
mathematical model and etc. is created.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр
бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында
Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап,
елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер –
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына
қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін
алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда Білім беру реформасының ойдағыдай
жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір
азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай
деңгейге көтерілу-деп атап айтты.
Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын
жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі
жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы
алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының
алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру
үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі
заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Сондықтан күрделі де маңызды бір мәселе студентті болашақ мамандығына
оңтайландыру, кәсіптік біліктілігін дамыту, кәсіби бағдар берудің жаңа
жүйесін жасау, іскер және құзіретті маман дайындау. Мұндай маман дайындау
үшін білім беру үдерісін белсенділендіру, оқытудың жаңа формалары мен әдіс-
тәсілдерін жетілдіру қажет. Оқу үдерісін белсенділендіру – берік те
тиянақты білім берудің жолдарын қарастыру, студенттердің шығармашылық
ойлауына, ізденуіне мүмкіндік жасау, оларды келешек мамандығына қызықтыра
алу, оқу үдерісін ғылыми негізде ұйымдастыру және т.б. [1]
Болашақ мұғалімдерді ақпараттық – компьютерлік және математикалық
модельдеу негізінде даярлау үшін оларда ең алдымен практикалық іс - әрекет
барысында пайда болатын мәселелерді формальды сипаттау дағдыларын, яғни
ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әдістері туралы
кәсіби білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.
Сонымен бірге негізгі алгоритмдік құрылымдарды, бағдарламалау
технологияларын білу және бұл білімдерді есептерді математикалық моделдері
бойынша шешу, ЭЕМ-мен, оның құрылғыларымен, ақпараттық технология
құралдарымен жұмыс істеу және құрылған алгоритм бойынша ЭЕМ-ге арнап
бағдарламалау тілдерінің көмегімен бағдарлама құру және компьютерлік
моделін жасау үшін қолдана алады.
Замани ақпараттық жүйелерді қолдану дағдылары және олардың көмегімен
кәсіби практикалық есептерді шешу іскерліктері мен практикалық маңызды
есептерді ЭЕМ көмегімен шешу нәтижелерін сауатты интерпретациялау іскерлігі
және оның нәтижелерін кәсіби практикалық іс-әрекеттерде қолдану дағдылары
болашақ мұғалімнің бойында қалыптастыру басты назарда болады.
Бұл талаптардың осы көлемде жүзеге асырылуы болашақ мұғалімдердің
ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу бойынша сауаттылығының
жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы келтірілген анықтамадан
байқайтынымыз АКММ түсінігі ақпараттық мәдениеттілік ұғымына компьютерлік
сауаттылықтың компоненттерін кеңейту арқылы және жаңа түсініктерді енгізу
арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа түсініктер ЭЕМ көмегімен есептерді
шешу үшін ақпараттық – компьютерлік және математикалық модельдеу әдістерін
қолдану мәселелеріне арналады.
Ақпараттық проблеманың пайда болуы, ең алдымен, әлеуметтік-
экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық
құралдармен де, жеке адамның, топтасқан қауымның қоршаған ортаға
көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Осы тұрғыда
болашақ мұғалімдердің ақпараттық ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың
ақпараттық технологияларды меңгерумен қатар оларды жасау іскерлігін,
дағдыларын қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен-күнге арта
түсуде.
Болашақ мұғалімдерге ақпараттық технологиялар негізінде кәсіби білім
беруге қоғамның сұранысы мен меңгерілетін кәсіби ақпараттық-компьютерлік
білім мазмұнының теориялық-әдіснамалық тұрғыда негізделмеуі арасында;
болашақ мұғалімдерге осы тұрғыда кәсіби білім беру қажеттігі мен оны жүйелі
жүзеге асырудың бірыңғай тұжырымдамасының жоқтығы арасында; әдіснамалық
тұрғыда негізделген ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу
арқылы оқытудың әдістемелік жүйесінің жеткіліксіздігі арасында қарама-
қайшылықтар бар екендігі анық байқалады. Қазіргі ғылым мен ақпараттық
технологияның дамыған кезеңінде және өндірістің барлық салалары, соның
ішінде оқу-ағарту саласы да компьютерлендірілгендігі және оларға арналған
қолданбалы бағдарламалардың көптеп енуі, ал екінші жағынан болашақ
мұғалімдерді кәсіби дайындауда ақпараттық-компьютерлік және математикалық
модельдеу негізінде оқыту сәйкессіздіктерінен туған қайшылықтар да бар. Осы
қайшылықтар зерттеу тақырыбын “Ақпараттық-компьютерлік және математикалық
модельдеу негізінде кәсіби дайындау жүйесі” деп таңдауымызға негіз болды.
Білім беру үдерісінде компьютерлердің, ақпараттық технологиялардың
кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе
жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар
кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті
оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз
етеді. [2]
Ақпараттық-компьютерлік оқыту бағдарламалары оқу үдерісін талдау
мүмкіндігін кеңейтеді, яғни ол теориялық негіздерін құрайтын бағдарланған
оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға ыңғайлы:
Бірінші ұстаным - өзара тығыз байланысты материалдарды үзінді-
блоктарға бөлу (қадамдарға). Бағдарламаны автордан оқу материалын тиянақты
талдауды, мәтін бөліктері арасындағы байланыстың тығыз қисыны мен мазмұнын
анықтауды талап етеді.
Екінші ұстаным – алгоритмдерді (бағдарланған мәтіндерді) оқып үйренуге
білімгерлер белсенділігін арттыру, яғни жеке қадамдар мазмұны үйренушіде
терең талдаулар дағдысын қалыптастыруға бағытталады.
Үшінші ұстаным – білімгердің әрбір жауабына артынша баға беру, яғни
студенттің жауабына бағасын тез арада хабарлап, дұрыс жауап берген болса
келесі қадамға өтуіне рұқсат береді.
Төртінші ұстаным - оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру, яғни
ұтымды оқу қарқынын дараландыруды қамтамасыз етеді.
Бесінші ұстаным – бағдарланған мәтіндердің эмпирикалық сенімділігін
тексеру, бағдарламашы авторға әрбір студенттің мүмкіндігіне орай қиындық
дәрежесін реттеуді міндеттейді.
Оқытушы студенттердің компьютерлік сауаттылығына сүйене отырып
оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданады. Бұл үшін жекелеген пәндерді оқытудың
сапасын көтеруге, екіншіден, компьютерлік сауаттылықты дамытуға,
студенттердің компьютерлік мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады. [3]
Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық моделдеуді
жеделдету қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: бірінші фактор – ЭЕМ-
ді пайдалану аймағындағы жоғары білікті мұғалімдерді кәсіби даярлаудың
сапасын арттыру, жалпылама ақпараттық-компьютерлік оқытулар жүргізуді
қамтамасыз ету;
Екінші фактор – жалпылама математикалық, ақпараттық-компьютерлік
модельдеу бойынша сауаттылық мәселесін жетілдіру қажеттілігімен;
Үшінші фактор – педагогикалық ғылымдардың логикалық дамуын анықтайтын,
білім жүйесінің ішкі қажеттіліктерімен анықталады.
Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу әр
түрлі педагогикалық міндеттерді шешу үшін мультимедиялы электронды
оқулықтар базасында ақпараттық технологияны пайдалану және оны жасаумен
байланысты мәселелерді шешетін педагогикалық-психологиялық әлеуметтік-
экономикалық, ғылыми-технологиялық деңгейде қарастырылады.
Білім беру үдерісіне ақпараттық-компьютерлік және математикалық
модельдеу технологиясын енгізу арқылы зерттеу және тәжірибе жүргізетін
мәселелердің үлкен ортасы бірінші кезекте білім беру практикасына қажетті
ақпараттық технологияларды құру концепциясын жасауды талап етеді.
Жоғары білім беру үдерісінде ақпараттық-компьютерлік және
математикалық моделдеуді қолдану негізінде болашақ мұғалімдерді дайындаудың
тұжырымдамасын жүзеге асыру-ұзақ, әрі күрделі үдеріс және ол келесі
кезеңдерден тұрады:
1) мамандық пәндерді оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-
компьютерлік және математикалық модельдеудің құралдарын игеруге және оны
жасауға; кәсіби білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен жаңа
әдістерін игеру туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) дәстүрлі оқу пәндерін оқытуда қолданылатын ақпараттық-компьютерлік
және математикалық модельдеу негізінде ақпараттық технология құралдарын
жасау және оны белсенді түрде оқу үдерісіне енгізу; осының негізінде
педагогтардың оқу жұмысының жаңа әдістері мен ұйымдастыру түрін жалпылама
игеру; білім беру мазмұнын, оқу-тәрбие жұмысы әдістері мен дәстүрлі
формасын түбегейлі қайта қарастыру, оны оқу-тәрбие үдерісінде практикалық
жүзеге асыру;
3) үздіксіз білім беру мазмұнын оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта
құру; ақпараттық технология құралдарын қолдануға сәйкес келетін білімді
ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде оқытудың
әдістемесін толықтыру.
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін әрі қарай
дамыту ақпараттық ресурстар болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық
құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын
қызметтері және ауқымы да өте кең және оған мыналар жатады:
аутоматтандырылған және сараптамалық жүйелер, электрондық оқулықтар және
мультимедиялық бағдарламалық құралдар. [4]
Болашақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi ортасы
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Электронды оқулықтарды құрастыру жолдары
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Математиканы оқытуда АКТ қолдану
ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жүйелік программалаудың негізгі ұғымдары
Операциялық жүйелер,оның дамуы және түрлері
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Пәндер