Алдыңғы Азия тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Тақырыбы:

Атмосфераның ластануы

Орындаған: ТХ - 21 тобының студенті

Капарова Ж. Ж.

Тексерген: Құрманбаева А. Б.

Арқалық - 2007

Алдыңғы Азия тарихы.

Алдыңғы Азия, Кіші Азия және Аравия жартыаралы, Шығыс Жерорта теңізін, Месопотамияны және Орта Шығыс (қазіргі Ауғанстан, Иран) жерлерін алып жатыр. Бұл жерде 170 миллионнан астам адам өмір сүреді.

Алдыңғы Азияның едәуір бөлігі жартылай шөлейтті және шөлейтті, таулы және жазық жерлер болып келеді. Ылғалды субтропикалық ауа райы тек Жерорта теңізі, Қара теңіз және Каспий теңізі жағалауларында және таулы аймақтарда қалыптасқан. Алдыңғы Азияның өзендері негізінен кішілеу болып келеді және жазда жиі кеуіп қалады. Суы мол өзендер-Тигр мен Евфрат.

Алдыңғы Азия территориясында орналасқан мемлекеттер:Ауғаныстан, Бахреин, Израил, Иордания, Ирак, Иран, Йемен, Катар, Кипр, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Аравиясы және Турция.

Алдыңғы Азияда қоныстануы онднған мың жыл деп саналады. Себебі бір кездері осы территорияда неандертальдық адамдар өмір сүрген. Б. з. 40-50 жылдарында бұл жерде қазіргі адамдар қалыптасты.

Осыдан 10 мың жыл бұрын Месопотамия, Шығыс Жерорта теңізі, Каспийге таяу оңтүстік-шығыс аймақта егіншілер мен малшылардың алғашқы мәдениеті қалыптасты. Адамдар ең алғаш осы жерде металды өңдеу мен балқытуды, одан әр түрлі қарулар, ыдыстар жасауды үйренді. Кейінірек Шумер мен Аккадта (Оңтүстік Месопотамия) ежелгі Египет патшалығы сияқты алғашқы өркениетті мемлекеттер қалыптасты.

Алдыңғы Азия территориясында ежелгі заманнан бүкіл әлем өркениетінде із қалдырған ірі-ірі саяси және мәдени оқиғалар болған. Ғылым мен өнер өз дамуында жоғарғы деңгейге жетті. Көптеген алфавиттердің дамуына негіз болған жазулар пайда болған (финикиялық) . Осы жерден екі әлемдік дін-христиан және ислам, сондай-ақ иудаизм таралған.

Ұлы Шығыс өркениетінің ықпалымен Ежелгі Греция және Рим мәдениеттері бастау алған-біздің өркениет құрылды. Алдыңғы Азия территориясында бірнеше ұлы империялар құрылды. Вавилон, Ассирия, Персия, Мидия, Парфия және басқа мемлекеттердің жаулаушылық соғыстары нәтижесінде бұлардың сонымен бірге көрші елдердің ұлттық құрамы өзгеріп мәдениеттің дамуына ықпал жасады.

Ғалымдар Алдыңғы Азияның тұрғындарының ежелгі кездегі этностық құрамының қандай болғандығын дәл анықтай алмай отыр. Тек жазу пайда болған кезеңнен бастап(б. з. д IV-III мың жылдықтар) ежелгі тұрғындар туралы айтуға болады. Әзірге Шумерден және де басқа да облыстардан ежелгі жазу ескерткіштері табылған жоқ. Дегенмен Алдыңғы Азия тұрғындарының бір бөлігі шумер және каспий тілдерінде, халықтық топтар (Аккадтықтар, вавилондықтар, ассириялықтар, ежелгі еврейлер, арабтардың ата-бабалары) -семит тілдерінде, басқа бір халықтар (Кіші Азиядағы Хетт патшалығының тұрғындарының бір бөлігі мидиялықтар, парфяндар, солтүстіктен келген скиф халықтары) үнді-еуропалық тіл семьясында сөйлеген. Біртіндеп Алдыңғы Азияның батысында семит тілінде сөйлейтін халықтар қалыптасса, қазіргі Иран және Ауғаныстан территорияларында үнді-еуропалық тілде сөйлейтін халықтар қалыптасты.

Б. з 7-8 ғасырларында араб шапқыншылығы Алдыңғы Азияның тарихы мен мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді, арабтар көптеген мемлекеттерді бағындырып, халықтарды ислам дініне бет бұрғызды.

Арабтардан кейін екі ғасырдан соң Алдыңғы Азияның батысына түрік халықтары келе бастады. олардың қазіргі ұрпақтары түріктер, әзірбайжандар және көптеген басқа да этностар.

Алдыңғы Азияның ежелгі мекендеушілері-тас дәуірі кезеңдерінің адамдары-аңшылар мен балықшылар болды. Алдыңғы Азияда ауа райы жылы болса да, алғашқы адамдар от жаққан.

Б. з. д 10-12 мыңжылдықтарда бұл территорияда көптеген су аңғарлары кеуіп, климат құрғақ бола бастады. Көптеген өсімдіктер қурап, шөппен қоректенетін жануарлардың саны азайып, балық аулау шаруашылығы нашарлай түсті. Адам тіршілігін жалғастыруы үшін тамақ табудың түрлі жолдарын іздестіре бастады. Табиғатты бақылай отырып Шығыс Жерорта теңізі, Солтүстік Месопотамия және оңтүстік-шығыс Каспий жағалауындағы ежелгі адамдар алғаш жануарларды қолға үйретуді және мәдени өсімдіктерді өсіруді үйрене бастады. Мыңдаған жылдар бұрын адамның жолдасы-күзетші әрі аңшылықта көмекші болған-ит еді. Бірінші үй жануарлары-ешкі және қой болды, ал кейіннен сиырлар мен буйволдар, көлік ретінде жылқы, түйе, есектер де қолға үйретілді.

Алғаш адамның өсірген мәдени өсімдіктері-арпа мен бидай болған. Осылайша Алдыңғы Азия тұрғындарының бір бөлігі терімшілік пен аң, балық аулаудан жер өңдеу мен мал шаруашылығына көшті. Өндірістік шаруашылық дамыды.

Жаңа шаруашылық халықтардың өміріне өзгерістер енгізді. Олардың кейбіреулері өзен жағалауларына қоныстанып, жер өңдеумен де айналысты, өзен суын жақсы өнім беру үшін пайдаланды. Осы жерде тұрақтар пайда болып, кейін олар үлкен қалаларға айналып, өркениетті мемлекеттер құрыла бастады.

Таулы аймақтарда тұратын адамдар мал бағумен айналысты. Табынның көбеюіне байланысты тұрақтарды өзгертуге тура келді. Осылайша 3 мың жыл бұрын көшпелі мал шаруашылығы-номадизм пайда болды.

Жаңа шаруашылық түрлеріне үлкен мәдени өзгерістер ене бастады. Үлкен патша сарайлары мен храмдар тұрғызылды. Әлеуметтік қоғамның пайда болуымен мүліктік теңсіздік шықты. Осы уақытта халық арасынан әскери жетекшілер, храмда қызмет ететін абыздар бөлініп шықты, олар қоғамның бай әрі ықпалды тобын құрады. Алыс елдермен және көшпенділермен сауда-саттық жүргізетін көпестер шыға бастады. Олардың барлығы да қатардағы азамматтар шаруалар мен егіншілердің еңбегін пайдаланды. Осы кезде патшаның да құдіреттілігі артып, кедейлердің саны арта түсті. Көптеген соғыс тұтқындары құлға айналдырылды, оларды үй қызметшісі ретінде храмдар мен сарайлардың, сондай-ақ жолдардың салынуына пайдаланды.

Алдыңғы Азияның ежелгі иеліктерінде мәдениет жоғарғы деңгейге жетті. Көптеген қалаларда су құбырлары қалыптасып, алты мың жыл бұрын-ақ бірнеше қабатты үйлер, көпірлер мен жолдар салынды.

Алтын, күміс және тағы басқа қымбат тастардан түрлі әшекейлер жасалды, мүсіндер құйылды.

Аравия жартыаралында негізінен арабтар қоныстанған. Жерорта теңізінің шығыс жағалауларын арабтардан басқа, еврейлер(Израильда), марониттер және друздар(Ливанда) мекендейді. Ал Түркияның негізгі тұрғындары-түріктер, олармен бірге басқа да бірқатар халықтар тұрады, мысалға түріктердің субэтносы болып саналатын-юрюктар.

Иранда көп ұлтты мемлекет болып саналады. Онда мемлекеттік парсы тілінде сөйлеуші-парсылармен қатар, елдің солтүстігін түркмендер мен әзірбайжандар қоныстанған. Иранның орталық және батыс облыстарын отырықшы-көшпелі күрдтер, сонымен бірге басқа да көшпелі тайпалар мекендейді. Иранның оңтүстік-шығысында белудждер тұрады. Ауғаныстанның тұрғындары да әртүрлі болып келеді. Оның оңтүстік және орталық облыстарында мемлекеттегі ең ірі халықтар-пуштундар тұрады. Мемлекеттің солтүстігі де көп ұлтты болып келген, онда тәжіктер, өзбектер және тағы басқа халықтар өмір сүреді.

Қазіргі Алдыңғы Азия тұрғындарының көпшілігі еуропоидтық нәсілге жатады. Олар көптеген тілдерде сөйлейді, яғни үш мынадай тілдік семьяда сөйлеушілер:семиттік тіл семьясында-ассириялықтар, арабтар, еврейлер, түркі тіл семьясында-түріктер, түркмендер және үнді-еуропалық тіл семьясында-парсылар, тәжіктер, ауғандықтар.

Шаруашылығы. Араб елдерінде бидай, арпамен қатар кендір, зығыр секілді техникалық дақылдар да егіледі. Түркияда дәнді дақылдармен бірге темекі, мақта, жүзім; Иранда күріш, жеміс ағаштары, жібек құрты, бау-бақша егу үрдісі бар. Егіншілікке пайдаланылатын құралдары көне заманнан келе жатқан күрек, кетпен, қол орақ, темір соқа, жер ағаш, шығыр сияқты болып келеді. Күш көліктері-өгіз, түйе.

Мал шаруашылығына келсек, бұл кәсіп көшпелі, жартылай көшпелі халықтардың арасында кең орын алған. Отырықшы жерде мал аз өсіріледі. Шөлді, таулы жерлерді мекендеген арабтар, пуштундар, түріктер, күрдтер және ирандықтар мен ауғандардың бір бөлігі мал бағумен шұғылданады. Көшпелілер қой, ешкі, түйе, есектерді көбірек өсірсе, жылқы малын аз ұстайды. Уақ малдың жүні экспортқа шығарылады.

Көшпелілер әр маусым сайын қоныс аударып, шөлді жерлерде құдықтың, қолдан қоршап қойған қақ, тоған суын пайдаланады. Сауд Аравиясының малшылары мен бәдәуилер түйе мен араб арғымақтарын өсіреді. 1920 жылдан бастап көптеген бәдәуилер бірлескен отырықшылыққа айналды. Жартылай көшпелілер Аравия жартыаралында, Түркияның, Иранның таулы аймақтарында мекендейді.

Түркияның мал шаруашылығы Анатолия жартыаралының орталық және шығыс жақтарында жақсы дамыған. Мемлекет меншігіндегі малдар түлік түрлері бойынша бөліп-бөліп өсіруге негізделген. Және аймақта сауын малдар өсірілген, екінші аймақта еттік бағыттағы малдар бағылған, ал үшінші жерге жүн беретін малдар бағылған. Құйрықты қой және ангор ешкілері көп өсіріледі. Бұл ешкінің ұзын, жібек сияқты жұмсақ жүндерінен өте бағалы маталар және орамалдар тоқылады.

Материалдық мәдениеті. Алдыңғы Азия халықтарының көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Соған қарамастан соңғы он жыл көлемінде қалалардың саны өсе түсті. Алайда қаншама жылдар өтсе де олар өз ерекшеліктерін сақтаған.

Көшпелілер тіршілігінде жүйелі қоныстар өте аз. Ал қыстақтарында базар, мешіт, медресе, монша орналасқан.

Егіншілердің үйлері Орта Азия халықтарының үйлеріне ұқсас, шикі кесектен, саздан тұрғызылған. Ағаштан салынған үй өте сирек кездеседі. Көшпелілердің, жартылай көшпелілердің үйлері бір не екі бөлмелі болып келсе, отырықшылардың үйлері бірнеше бөлмелі болып салынады. Үйлердің ішкі безендірілуі әр түрлі:үйдің еденіне кілем төселеді, қымбат мүліктер тек байларда кездеседі.

Күйдірілген қыштан істелген ыдыстарды пайдаланады, мыстан, екпе қабақтан су құятын ыдыс жасаған.

Көшпелілер қысы-жазы қос немесе шатырда өмір сүреді, түркмендер негізінен киіз үйде тұрады.

Дәстүр бойынша Алдыңғы Азия көліктері атты, дөңгелекті және суда жүретін болып бөлінеді. Мініс көліктеріне жылқы, түйе есек жатады. 20-ғасырда Алдыңғы Азияда теміржол және автомобиль транспорты кең қанат жайды, мұнда әуе жүйесі де жақсы дамыған.

Алдыңғы Азия халықтарының тағамдарының бір-бірінен өзіндік айырмашылығы бар. Бұл халықтар негізінен ұннан дайындалған тағамдарды пайдаланады, етті тек мерекелерде ғана қолданады.

Алдыңғы Азия халықтарының киімдеріне назар аударатын болсақ, ер адамдары сырт киім ретінде-желең, жамылғы, тон, шапан киген, оларды негізінен малдың жүнінен тоқиды, терісінен тігеді. Ал әйелдері ұлттық киім ретінде ұзын көйлек киеді. Ислам дінін ұстанушы араб және иран әйелдерінің бетін жауып жүру дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған.

Отбасы. Алдыңғы Азия отбасыларының дені дін мен салт-дәстүрлердің негізінде құрылған. Бұл елдің мұсылман отбасыларының өмірі мен тұрмысы, христиан дінін

ұстанатын гректер мен армяндардан ерекшеленеді. Мұсылмандардың барлық салт-дәстүрлері және отбасы тіршілігі діни құқық бойынша реттеледі. Бұл құқықтардың бір көрінісі-көп әйел алушылыққа жол беру. Әр түрлі елдер мен халық өкілдері арасында шариғат ережелері іс-жүзінде бірдей орындалмайды. Мысалы:Түркияда заң бойынша әйелдер құқығымен тең дәрежеде, ал Иран мен бірқатар Араб мемлекеттерінде керісінше, әлі күнге шейін қалыңдықты сатып алады, яғни жігіт жағы қыздың ата-аналарына қалың мал береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Халықтардың ұлы қоныс аударуы
Шоқан Уәлиханов және қазақ тарихы
Шоқан Уәлихановтың балалық шағы
Ежелгі Таяу Шығыстағы өркениеттің бастамасы
СОҢҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Сақтардың мәдениеті туралы
Шоқан шыңы
Ортағасырлардағы ақша айналысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz