Оқу ісіде балаларға мектеп пен отбасынан көмек


1-отроботка
Біздің елімізде болып жатқан қазіргі әлеуметтік- көп түрлі, ашық болып ққалыптасқан және жаңалықтарға жылдам икемделіп жатқан мектептерде алға басу, өрлеу байқалады. Оның жұмысының мазмұны мен формалары өзгеріп, ондағы ізгілендіру мен демократияландыру үрдістер айқын көрінуде. Белгіленген тың өзгерістердіжүзеге асыру үшін мектепке жай оқытушылар тобын емес, білімді, білікті, өзіндік мінез-құлықы, ақыл-ойы, мен адамгершілік қасиеттері бар ұстаздар қажет. Әр түрлі темпераментті оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігемен және шығармашылқ ынтасымен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Жаңашыл ұстаздар оқушының жеке тұлғалық абыройын барынша ұрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілеттерін дамытуға, жағымды эмоционалдық педагогикалық зорлықтың барлық түрлерін аластауа бағытталған ізгілік стратегиясымен сипатталады.
Олардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:
- оқытудың мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау;
- күрделі мақсат идеясы
- ірі блоктар идеясы
- тіректерді қолдану
- өзіндік талдау
- ерікті таңдау
- сыныптың интеллектуалдық фоны
- ұжымдық шығармашылық тәрбиелік қызмет
- оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы
- тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау
- ата-аналармен ынтымастық құру
Осындай ережелерді басшылыққа ала отырып, мұғалім сабақта оқушылар қызметін ұйымдастыра білуі керек. Оқушылар қызметін дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім ғанан жоғарғы нәтижеге жетеді.
Бүгінгі талап бойынша мұғалім өзі ғана сөйлеп қоймай, оқушылардың да белсенділігін арттыруы тиіс. Ал қалған жұмыстың барлығын оқушылар өздер орындауы қажет.
Оқушы қызметін дұрыс ұйымдастыруда жаңа технологиялардың берері көп. Олар:
-өз бетінше ізденуге үйретеді
-ұжымда жұмыс істеуге үйретеді
-өзін-өзі басқаруға үйренеді
-бірін -бірі тыңдай білуге үйренеді
-өз пікірін ашық айтуға дағдыланады
Нәтижесінде өзіндік пікірі қалыптасқан, біліммен терең қаруланған, өмірге бейім жеке тұлға шығады.
Сондықтан жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында шағын орталықты Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы АОМКДИ-ның 2005 жылғы 30 маусымының №13 шешімі бойынша мектемізде «Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін мұғалімнің кәсіптік құзырлық қызметін жақсартудағы басқарумен басшылық рөлі» тақырыбы бойынша эксперименттік жұмыс жүргізілуде. Аталған тақырыптағы эксперименттік тәжірибе жұмысын жүргізу қазіргі күн талабына сай нәтижеге бағдарланған сапалы білім беруде мұғалімнің құзырлық қызметін қалыптастыру және оны дамытуда басқару мен басшылықта, оқушы қызметін жетілдіруде маңызды болып табылады.
Осы эксперимент жұмысының барысында оқушылардың оқу сапасын арттыру үшін мұғалімнің кәсіптік құзырлық қызметін жақсартуына көп көңіл бөлудеміз. Соның бірі мұғалімдерді жаңа педагогикалық біліммен қаруландыру. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндетері жаңаша сипат алады. Олар төмендегідей :
- оқу бағдарларламасының түрлендірілген нұсқауларын құрастыру
- педагогикалық қызметтің өзекті мәселелеін білу
- оқу модулін қарастыру
- оқу жобаларының мазмұнын анықтап, әр оқушыға арналған тапсырмалар құрастыру
- оқушылардың жаңа материалды меңгеруі бойынша деңгейленген жаттығулар жүйесін жасау
- оқу әрекеттерінің бағалау көрсеткіштерін анықтау
- жетіспейтін дидактикалық құралдарды жасау дағдысын қалыптастыру
Осы мәселені мектептің оқу- тәрбие жұмысының орынбасарлары әдістемелік кеңестерде, семинарларда, конференцияларда жете шешуге тырысады.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде мектебіміз оқу-тәрбие сапасын жылма-жыл арттыруда.
2-отроботка
XX ғасырдың халқымыз үшін ең елеулі, қуанышты оқиғалардың бірі- еліміздің тәуелсіздік алуы. Бірақ осыны кезекті бір даурықпаға айналдырып алу қаупі аз емес, Ағылшындарда бір мақал бар : «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңіне қарап білек сыбанамыз» деген. Сонау Абылай бабамыздан бастап, кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқандарға бас иіп, тәуелсіз ел, қабырғалы ха
Лық, жұрт санасар ұлт ретінде бел буып, тегеурінді қимыл жасар кез келді.
Ұрпақ тәрбиесі ертеңді күтпейді. Бүгінде егеменді ел, тәуелсіз мемлкет болдық. Әлемдік заңдылық нормасы тұрғысынан келгенде кемел мемлекетке қажетті барлық құқық өз қолымызға тиді. Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Туымыз, Ата заңымыз- барлығы да біздің басқалармеен тең ел екенімізді айқындап тұр. Бірақ бәрібір әлі де аса маңызды шара шешімін толық таппағандай . . .
Біздің білім, тәлім-тәрбие беру жүйемізді бәрі бірдей төрт аяғының тең басып тұрған жоқ. Сондықтан да бүгінгі таңда мектептердің жаңа түрін құру, білім беру процесіне оқытудың мәдени қаруланған арнаулы әлеуметтік технологиясы бар неғұрлым жаңа қазіргі заманға сай әдістемесін жасп ендіру- күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәсілелердің бірі. Оның теку бұрынғы жүйені өңдеумен ғана шешілмейтінін үнемі назарда ұстаған жөн. Шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша әрбір ел ілгері қарқынды дамуы үшін қоғмдық пікірдің 20 пайызы өткенді талқылауға, 20 пайызы ертеңгі күнді ойлап, болашақты болжауға жұмсалуы керек екен. Біз болсақ, әлі күнге дейін бар күш жігер, ақыл- парасатымызды өткен күндерді сынауға, қарғап-сілеуге жұмсап отырмыз. Әрі кеткнде ұлттық дәстүрден ажырадық, тарихи сана ұмытылды, ана тіліміз шетқақпай болды, үлкенді сыйлауды қойдық, ұлттың ұятын жоғалтқан қыздар, баласынан безген жас аналар, жетімде үйінде қара бала, қарттар үйінде қара шал көбейіп барады, мектепте еліміздің жер байлығы, тарихы, салт-дәстүрі оқылмайды деуден аса алмай келеміз. Мұның бәрі өзекті өртер шындық, әрине. Бірақ қазір не істеу керек деген сұраққа толық жауап таа алу, болашақтың негін қалау маңызды іс болып тұр. Ұлттың ертеңін ойласақ, бүгініг бүлдіршендердің жайын бір сәт те естен шығармауымыз керек.
Тәрбие адам өміріндегі аса мәнді нәрсе. Шынында да кез-келген іс бастапқы да дұрыс басталса, дұрыс аяқталады. «жерге қандай дән ексең, сондай жеміс күткен жөн»- дейді дналық.
Жақсы істі бастайтын тек қана жақсылыққа баулитын, бабалардың көп уақытын өткізетн орны -мектеп, ал оны ұйымдастырып жүзеге асыратын- мұғалім.
«Бала тәрбилеудегі мектеп пен отбасы сабақтастығы»
әдістемелік тақырыбы бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жақсы нәтижелерге жетіп жүрген Жәнібек ауданындағы №1 мектептің ұстазы 6-сынып жетекшісі Кубаева Гулнар Кабдірешқызының
іс -тәжірибесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Гулнәр Қабдірешқызы балалардың білім алуға қызығушылығын қалыптастыруда, өз еңбегінің қуанышын сезуге баулуда үнемі ата-ананың беелсенді мектепке қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім мен ата-ананың арасында тығыз байланыс орнатып алғаннан кейін отбасы тәрбиесін негізге ала отырып, халықтық педагокикамен ұштастыра, ұжымдық, топтық, жеке жұмыс арқылы әр баланың қажеттілігіне сай күнделікті тәрбие жұмысының мақсатын анықтап қай бағытта жұмыстанатынын анықтайды.
Сынып жетекшісі- өз сыныбының сәулетшісі. Менің бұған жеттекшілііік еткен түлектерім 1999 жылы бітіргенде көзім анық жетті. Ересектік өмірге аттандыру мен үшін қиын болды, жүрегім олардың менің алдымнан енді кететінін сезген сайын қиналысқа түсті. Бұл бақытты да еңбекке толы 7 жыл несімен есімде қалды. Сәттілік пен сәтсіздіктер, жеңіс пен қателіктер, бәріде қабаттаса жүрді, бірақ ең бастысы-әрқайсысының адами тұлға ретінде қалыптасу жолдарын бәріміз, яғни ата-ана, оқушы, ұстаздар біріге іздеген болатынбыз.
Кез-келген мұғалім сыныпты ала отырып, мынадай сан сұраққа тап болады. Неден бастау керек, ең негізгісі не, сыныппен қарым-қатынасты қалай қалыптастыру керек? Ең негізгісі-бір-бірімізді түсіну үшін не істеуіміз керек деген сұрақ үнемі қалып отырады. Әр оқушынының жүрегіне жол табу біртіндеп өз ыңғайына үйлестіруде мен үшін ата-аналармен жүргізілген жүйелі жұмыс тірек боды. Ұжым қалыптастыру үшін барлық жұмысымды 4 бағытқа негіздеймін.
- Оқу ісіде балаларға мектеп пен отбасынан көмек;
- Еңбек қызметін бірлікке ұйымдастыру;
- Бірге демалу;
- Мұғалімдер мен ата - анлар одағы арқылы жеке тұлғаның адамгершілік қалпын жетілдіру мен тұрақтандыру.
5 - сыныптағы ең алғашқы жиналыс мен үшін үнемі жауапты да басты мәселе. Өзім, өзімнің отбасымда айтудан бастаймын. Мұндай ашық әңгіме ата - аналардың сауалнамадағы «Өз отбасыңыз жөнінде айтыңыз?» деген сұрағына қысылмай, жасырынсыз жауап беруіне ықпал етеді.
Сауалнама сұрақтарына жауап бере отырып, ата -ана басымдық сапасының біреуін таңдайды.
- Өзі өмір сүріп отырған отбасында балаңызды не күтіп тұр деп ойлайсыз?
- тұрмыстың жақсы ұйымдастырылуы
- қарым - қатынас құралы
- тыныштық пен қамқорлық
- Отбасында бәрінен бұрын қандай қамқорлық жасайсыз?
- бала денсаулығы
- жақсы оқу
- отасында баланың еңбекке араласуы
- баланың көңіл - күйі мен ондағы өзгерістер
- Отбасында балаңыз жалғызсырай ма?
- иә
- Жоқ
- Білмеймін
- Сіздің ойыңызша, балаңыз болашақта өзінің отбасының сіздің отбасыңыздай болуын қалай ма?
- иә
- жоқ
- білмеймін
- Төменде көрсетілген өмір қалпының, сіздің ойыңызша, балаңыз үшін қайсысы маңыздырақ деп ойлайсыз?
- материалдық жағынан қамтылған адам болу
- махаббатын кездестіру
- достарының көп болуы
- Балаңыз отбасындағы моральдық және материалдық мәселелермен таныс па?
- иә
- жоқ
- Сіздің балаңыз үшін үйде өткізетін кешінің қандай маңызы бар?
- қарым - қатынас қуанышы
- өз - өзімен болу мүмкіндігі
- азап пен қиналыс
- Балаңыздың отбасындағы адамдардан жасыратын құпиясы бар ма?
- иә
- жоқ
- білмеймін
Ата - аналар жиналысы - бұл бәріміздің ортақ кездесуіміздің мерекесі. Кейбіреулеріне мен толығырақ тоқталғанды жөн кім. «Мектеп оқушысының өмірдегі қарым - қатынастағы ролі» атты тақырыптағы жиналыс барысында әртүрлі педагогикалық жағдайлар талқыланып, баланың отбасындағы қарым - қатынасының маңызы талданып, алдын ала оқушыларға сауалнама жүргізіледі.
- Ата - анаңа өзіңнің өткіген күнің туралы айтып берген ұнай ма?
- Ата - анаң сенің әңгімеңді аяғына дейін тыңдай ала ма?
- Өз құпияңды кіммен бөлісесің: анаңмен, әкеңмен, досыңмен т. б?
- Ата - анаң қандай жағдайда, қандай жылы сөздер айтады?
- Отбасың туған күніңді мереке деп есептей ме?
- Отбасында тойланатын қай мереке саған ұнайды?
- Егер сен сиқыршы болсаң, өз отбасында нені өзгертер едің?
... жалғасыМектеп оқушысының қалыпты күн тәртібінің кестесі
Кестені құру үшін ата - анаға сұрақтар:
Балаңыздың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz