Балалармен өткізілетін алғашқы сабақтар туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тартымды, мақсатты оқудың қайсысы болса да баланы өмірге
дайындауды көздейді, өйткені өзі тіршілік еткен ортадағы нәрсені жан –
жағынан көре білуден және оның қарым – қатынасын аңғара білуден артық
өмірде ештеңе болмауы тиіс. Егерде біз жұрттың әдетте тамаша ақылды, не
болмаса, тіпті дана деп атайтын адамдарымен кеңірек таныса бастасақ, ең
алдымен, өзі жүрген ортадағы нәрсені шын мағнасында, әр жақты, барлық қарым
– қатынасын көріп, түсіне білетін қабілетін аңғарамыз. Егерде білім баланың
бақылау қабілетін жаттықтыра беруі керек.
Біздің есімізде өзіміз меңзеу арқылы қабылдаған образдардың ерекше
сақталып қалатындығын әр қайсымыз – ақ бақылап жүрміз және осындай сіңіп
қалған көріністерді тезірек естен шығып кететін, жалпылама идеялармен оңай
және тығыз байланыстыра аламыз.
Баланың табиғаты көрнектлікті талап ететіні айдан – ашық нәрсе.
Балаға өзіне таныс емес бес сөзді үйретіп көріңіз, ол көп уақыт, тектен –
тек әлгі сөздерді жаттаймын деп әлек болады, ал осындай жиырма сөзді көркем
суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оларды тез – ақ үйреніп алады.
Сіз балаларға өте қарапайым пікір айтсаңыз да олар сіздің не айтып
тұрғаныңызға түсінбейді, ал сол балаларға күрделі көріністі айтып
көріңізші, олар тез түсініп алады. Бір оқиғаны қабілетті бірдей екі балаға:
біреууіне картинамен, екіншісіне картинасыз, сөз жүзінде әңгімелеп айтып
беріп байқаңыз, бала үшін картинаның қанша маңыздылығы бар екендігін содан
ғана ерекше бағалай аласыз.
Картиналарды көрсетіп, оның мәнін түсіндіріп әңгімелеу – оқытуы
мен балаларды біріне бірін жақындастырудың таптырмайтын құралы. Ересек
адамдар мен балалардың арасындағы, әсіресе мұғалім мен оқушының арасындағы
тосқауылды балаларға картина көрсетіп, оның мәнін түсіндіру арқылы тез –
ақ бұзуға болады. Егерде сіз сұрағаныңызға жауап алмайтын класқа
айтқаныңызды орындату үшін картина көрсетсеңіз , класс бірден – ақ назар
аударып, өздерінің пікірін айта бастайды, тіпті ойларын именбестен, еркін
айтатын болады...
Көрнекі оқу кезінде мұғалім, екінші сөзбен айтқанда, бала тілінің
қалыптасу процесіне тікелей қатысып отырады және осы процеске бағыт береді.
Оған д тағы ең алдымен картина өзінің жәрдемін тигізеді: ол жалған эпитетті
түзетіп, жүйесіз сөйлемді жөнге келтіріп, сөйлемнің қаліп қойған мүшесін
аңғартады, бір сөзбен айтқанда, мұғалімнің сөз жүзінде түсіндіруі өте
қиынға түсетінін іс жүзінде картина оп – оңай орындай алады.
... Міне, сондықтан да мен алғашқы оқыту ісімен шұғылданатын
оқытушылараға қайдан болса да өзінің мазмұны жағынан балалардың көңілін
аулап, әңгіме қозғай алатын оншақты іске жарамды картиналарды
тауыпалыңыздар дер едім; олар өздерінің мазмұны жағынан балаларды
әңгімелесуге тартатын болуы керек. Олар ландшафтар, малдардың,
өсімдіктердің суреттері , халық тұрмысының бір көрінісін көрсететін т.с.
картиналар болуы мүмкін. Мұғалім осы картиналар бойынша өзіне әңгіменің
жоспарын жасап алып, асықпай – саспай осы әңгімелерді айтып берсін. Бірақ
әңгіме кезінде балаларды жалықтырып жіберетін ұсақ – түйектерді айтпай – ақ
қоюға да болады. Бұл картналар балаларға бұрыннан белгілі болмасын, класта
ілулі тұрмасын, әйтпесе ол өзініңің тартымдылығынан айырылып қалады.
Мұғалім класқа картиналарды көбірек әкеліп отырсын, олардың мазмұндары
толық әңгімеленгеннен кейін алмастырылсын, міне сонда ғана балалар
өздерінің жас шамасына қарай, картинадан көргедерін әжептәуір етіп айтып
беруге дағдыланады. Мұндай көрнекі оқудың жетістігі көзге түсерліктей
болады.
Дүниеде болып жатқандардың барлығы белгілі жерде және белгілі уақыт
ішінен ешуақытта тыс болмайды. Егер білім құрғақ сөз, дерексіз және бір
жақты болғысы келмей, баланың өзінің жанды жанды табиғатының тұтастығын
сақтап дамытқысы келсе, онда ол уақыт пен белгілі жерді ешуақытта есінен
шығармауы керек. Оқушыға оқиғаның белгілі бір жерде және жылдың қай
мезгілінде болғандығын аңғартатын жағдайлар баланың көңіліне терең сіңіп,
пайдалы із қалдырады. Міне, сондықтан да тарихты оқығанда балаларға
оқиғаның болған жерін, сол жердің табиғатын, егер мүмкіндігі болса,
оқиғаның жылдың қай мезгілінде болғандығымен таныстыру өте пайдалы болады.
Бірақ мұндай сабақтарды өту үшін балаларды алдын ала дайындап алу керек.
Мен осы пәндерді оқыту мен ауызша әңгімелеп беруді мүмкіншілігіне қарай,
баланың өзі күнбе күн көріп жүрген жерге байланыстыра алу керек деп
білемін, өйткені кітаптан оқылып отырған немесе мектепте айтылған
әңгімелердің әсерін олар өздерінің балалы тәжірибесі және сезімі арқылы
тексеріп алған болар еді. Мұндай жағдайда бала өзінің көрген – білгенін
жйне іштей сезгенін айтып береді, оның сөзінің ешбір жалғандығы жоқ,
кіршіксіз таза болады; сөздің шыншылдығын үнемі дамыта беретін қымбатты
қасиеттердің бірі болып табылады.
Біздің көптеген адамдарымыз сабақ берудің ғылыми систмасына қарсы
болып келеді, әрине, егерде пәннің системасы бұрын жүретін болса, онда ол
баланы оқытуға жарамайды, ал герде ол бір тектес пәндерді зерттеудің
нәтижесі болса, онда одан пайдалы ештеме болмайды. Пәннің шын мәнін айыра
білген тек саналы системе ғана бізге өзіміздің білімімізді меңгеруге толық
мүмкіндік береді. Біріне бірінің байланысы жоқ, үзік – үзік білімдермен
толықтырылған ми, иесі ешуақытта іздегенін таба алмайтын, нәрселері кез
келген жерде шашылып жатқан қоймаға ұқсайды; тек системасы бар білімі жоқ
ми барлық жәшіктерінде жазуы бар, бірақ олардың ішінде ештемесі жоқ дүкенге
ұқсайды.
Шын мағнасындағы педагогика әлгі екі ол қылықтың екеуінен де сақтанып,
оқушыларға әуелі материалдар жинап береді, осы метериалдардың қорытылуына
сәкес оны белгілі системаға айналдырады.
Оқытудың дұрыс әдісі балаға бұрыннан белгілі болғанынан біртіндеп
белгісізге қарай ауысуы керек, бірақ керісінше болиауы тиіс... Оқытудың
мұндай әдісі арқылы оқушының миы өз бетімен жұмыс істеуге құштарланады, ал
бұл келешекте ыждаһаттанып оқудың жылғыз ғана берік негізі болып табылады.
... Шын мағнасындағы сауттылық, яғни оқи, жаза білу, тіпті орта оқу
орындарынан алатын білімнің екінші кезеңінде оқыту ісі ешбір тәрбиемен
байланысты болмаса, онда олар оқушының адамгершілігіне пайдалы, не зиянды
әсер етее алмаған болар еді.

Оқытудың методикалары туралы.
Оқушылармен әңгімелескен кезде үнемі екі мақсатты көздеу керек және
олардың айтқанға бар ынтамен құмарланып, басқаны ұмытып кетпеуі жағын
қарастырған жөн.
Бірінші, формальді мақсат – оқушының ақыл қабілеттілігін, оның
аңғарпаздығын, есін, қиялын, фантазиясын және түсінігін дамыту болып
табылады. Мұғалім оқушыға бір білімді танытып қана қоймай, сонымен қатар
өзінің жәрдемінсіз – ақ жаңа білімді біліп алуға ынта және өз бетімен істеу
қабілет ін дамытып отыруға міндетті екендігін үнемі есінен шығармауы керек.
Бұл қабілеттілікті аздаған бір жақты бола тұрса да Песталоций жәе оның
жолын қуушылар ерекше табыспен дамытып өркендетті. Бұл қабілет балалардың
өздері мұғаілімімен қоштасқан кезде де балалардың өдерінде қалып отыруы
керек. Сөйтіп, оқушыларға пайдалы білімді тек кітаптан ғана емес, сонымен
бірге өздерін қоршаған ортадан, өмір оқиғаларынан да ала білуге қажетті
құрал тауып беруі керек... Өзіне пайдалыны қайдан болсада таба алатын
мұндай ақыл күші барында адам өмір бойына оқып, біле беретін болады,
әрине, бұл барлық мектептік оқытудың көздейтін негізгі мақсаттарынының
бірі. Бұл ақыл күші оқушының ақылдылық қабілетін белгілі бір іске жұмылдыра
беретін мұғалімінің бағыттауы арқылы және қажетті болған жағдайда оған
тиісті көмек көрсету арқылы беріледі және өздігінен әрекет жасап алатын
халге жеткен кезде оқушының ой санасына ерік береді. Ең басты мақсат...
оқушының ақылдылық қабілеттерін өз бетімен жұміс істеуге дағдыландыру болып
табылады және қажет болған жағдайда оны әдетке айналдырудың жолын көрсету.
Бірақ олады кқмек көрсетемін деп жетекке алмау керек. Егерде баланың ата –
анасы ығыболмауы керек.
Балалар түсінетін нәрсенің барлығы да әңгіменің желісі бола алады:
егерде үйретушінің өзі әңгімелерді аз білетін болса, онда олады балалар
үшін жазылған кітаптар мен хрестоматиядан оқып алуы керек. Бірақ үйретуші
алдын ала оқып алған әңгімесін өзі дұрыстап түсініп алып, бұл әңгімеде
жалған сөздердің болмауы жағына ерекше назарын аударуы керек.
... Бір рет айтылғанәңгімелер артынан үнемі қайталауы қажет. Бұл
ұмытылып қалғанды қайта еске түсіру үшін емес, қайта ұмытып кетудің
мүмкіндігін болдырмас үшін жасалады.
Ұмытып қалғандарды қайтадан есіне түсіру мақсатымен жүргізілген
пысықтаулар оқытудың және мектепте сабақ берудің нашарлығын көрсетеді.
Нашар мектеп, жаман үй сияқты, үнемі жөнделіп, түзетіледі, бірақ ол
ешуақытта ойдағыдай қалыпқа келмейді; ал өткендерді үнемі қайталап отыратын
жақсы мектептер ешуақытта жамау – жасқауды қажет етпейді. Балалардың өздері
де ертеректе оқылған, бірақ ұмытылып қалғандарды қайталауды мейлінше жек
көреді қайта естерінде қалғандарын айтып беруді ерекше сүйеді. Бала
табиғатының осы қасиетін барынша пайдаланып, естен шығып кеткендерді
қайтадан еске түсіремін деп әлек болмас үшін, дер кезінде өткенді үнемі
қайталап отырыңыздар. Ұмытшақтық та бір жағынан нашар әдеттң бірі, бірталай
нәрсені көп оқытқанмен де баланың санасына сіңбесе, үйрегенін ұмытып қала
берсе, соңынан ол естің ұмытшақтығына апарып соқтырады.
Біздің мектиептеріміз, әсіресе ұмытшақтықпен күресе алмай келеді,
олар балаларға көптеген нәр шашады, бірақ сол нәрден дәм татқандардың көп –
аздығын тексеріп отырмайды. Әрине бала оқытқанды ұмытып қалмайтын болса бір
тәуір ғой; бірвқ кіріс пен шығыс тең болып, баланың миына нолден басқа
ештеңе қалмайды, ал бұл нолден де жаманы – ештемені есте берік сақтай алмау
және тез ұмытып қалу әдеті.
Ал кейбір әңгмелерді балаларға айтып жеткізе білудің әдістері әртүрлі
болуы мүмкін, бірақ қалай болғанда да мұғалім өзінің әңгімесін алдын ала
ойлап алуы, тіпті әңгімелеп айтып беру әдетін әлі үйренбеген болса, оны
жазып алуы керек.
... Бір оқиғаны бірінші рет әңгімелеген кезде ең алдмен онвң ең
маңыздысын және екі – үш қызықты көріністерін айтып беру керек. Егерде сіз
өзіңіздің бірінші әңгімеңізде оқиғаны шұбалаңдатып және ұсақ – түйектеріне
көп көңіл бөлсеңіз, онда ол балаларға онша қызықты бола қоймайды; әуелі
баланың миына берік негіздің бастамасын салыңыз, содан кейін ғана осы берік
негіздің үстіне аз – аздан келешектіңі кірпішін қалай беріңіз.
Балаларға оқиғаны айтқан кезде әңгіменің негізгі мәні болып
есептелетін фактыларға, атаулар мен көріністерге ерекше назар аударып,
дауыс ырғағын келтіріп айту керек, міне осыдан кейні сіз балаларға,
бастапқы кезде, әңгіменің негізгі мәнін айтып бере алатындай сұраулар
қойыңыз, сонан кейін әңгіменің ұсақ – түйектерін толық қамтитын сұраулар
қойылуға тиіс.
Сіздің қойған сұрауларыңызға балалардың жауап берулері ол әңгіменің
көңіліне әбден қонғандығын анықтауға мүмкіндік жасайды, міне сол уақытта
ғана бір қабілетті оқушыдан өзі естігенінің барлығын дұрыстап, сөйлемдерін
байланыстырып айтып беруді талап етесіз. Оқушы әңгімені айтып тұрған кезде
аса бір қажетті жағдайда болмаа, яғни оқиғаның негізгі желісінен айдалаға
кеткен кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әр түрлі жастағы балаларда жиын, санау туралы түсініктерін дамыту
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларын дамыту
ОЙЫНШЫҚТАР ЖӘНЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары
Серуен кезіндегі балалардың іс – әрекетін ұйымдастыру
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы туралы
Балалардың музыкалық орындаушылықтарын қалыптастыру
Ойын әрекетінде баланы дамыту
Психологиялық кеңес жұмыстары
Пәндер