Ежелгі тас дәуірі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   


Тақырыбы:

Орындаған: Өксікбаева Салтанат
Қабылдаған: Сейдәліқызы Дана

Арқалық қаласы
2007 жыл
Жоспар

І. Кіріспе. Ежелгі тас дәуірі.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Соңғы палеолит
ә) Неолит
ІІІ.Қорытынды. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы

Палеолит (ежелгі тас) дәуірі адамзат тарихындағы аса маңызды
кезеңдердің бірі болып табылады. Бұл дәуір, Ф. Энгельс атап көрсеткендей,
бүкіл кейінгі, неғұрлым жоғары дамудың негізін құрайды.
Біздің арғы бабаларымыздың түрегеліп жүруге көшуі және екі қолдың еңбек
әрекеттері үшін босауы, алғашқы долбарлап жасалған еңбек құралдарының
шығуы адамзат қоғамының құрала басталуы болды. Нақ еңбек адамды жануарлар
дүниесінен бөліп шығарды.
Одан кейінгі талай мың жылдаған заман адамның биологиялық түр (Ното
Sapiens) ретіндегі баяу қалыптасу уақыты болды, оның еңбек құралдары мен
тұрмыс салтының үнемі жетілу, қоғамдық ұйымдасуының үдейі даму уақыты
болды.
Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметшің тарихы біздің Жердің
түкпір-түкпірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты.

Адамзаттың ежелгі өткен заманының көп беттері әлі анықталған жоқ,
түсініксіз мәселелер мен даулы қағидалар әлі көп.
Біздің ежелгі арғы бабаларымыздың тұрмысы туралы осы заманғы түсініктер
олардың тұрған жерлерін, адам еңбегінің қалдықтары-тас құралдар, оларды
жасағанда қалған қалдықтар, тамақ қалдықтары — жануарлардың сүйектері
сақталған үңгірлерді, үңгіме қуыстарды зерттеуге негізделген. Осы замандағы
артта қалғандар деп аталатын халықтардың өмірінен алынған этнографиялық
деректердің маңызы да аз емес. Бұл деректер ең көне замандағы адамзаттың
материалдық және рухани мәдениетінің кейбір жақтарын дұрысырақ түсіндіруге
мүмкіндік береді. Бірақ, дегенмен, негізгі информацияны алғашқы қоғамның ең
көп материалы — тастан жасалған еңбек құралдары береді.
Ежелгі адам өзінің дамуында бірінен соң бірі келген бірнеше кезеңдерден
өтті. Бұл кезеңдердің негізінде тас өңдеу техникасының жетілуі және осыған
байланысты еңбек өнімділігінің, материалдық және рухани мәдениеттің өсуі
жатыр.
Ғылымдағы қазіргі классификация бойынша, ежелгі тас дәуірі ұзақ-ұзақ
хронологиялық үш дәуірді — ежелгі, орта, соңғы (жоғарғы) палеолитті
қамтиды. Батыс Европаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема
бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді;
орта палеолит соңғы ашель, мустье болып, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре
және мадлен болып бөлінеді.
Төменгі палеолиттің дошелль немесе олдувэй мәдениеті деп аталатын ең
ежелгі уақыты шамамен 2,5 миллион жылдан 800 мың жылға дейін созылды.
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі — шелль мен ашель 800 мың жылдан
140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта
палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140—40
мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 10 мың жылдыққа
дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Ежелгі тас дәуірі — адамның және оның шаруашылығының қалыптасу уақыты
өндіргіш күштердің төмен деңгейімен сипатталады. Долбарлы шаруашылық
кәсіптің мәні табиғаттың дайын тұрған өнімдерін пайдалану болды. Алғашқы
адам өздігінен өсетін дәндерді, жеміс-жидекті теріп жеді және жабайы
хайуандарды аулады. Адамдардын, қарым-қатынастары коллектив мүшелерінің
экономикалық жағынан теңдестігіне, еңбектің табиғи түрде жыныс-жас жағына
қарай бөлінуіне негізделді және өзінің сипаты жағынан коллективтік
қатынастар болды.
Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымдасуы күрделі де ұзақ даму
жолынан өтті. Мұндай ұйымдасудың бастапқы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп
қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды.
Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі — қоғамдық қатынастар
қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, сонымен қатар бұл
құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән болды.
Алғашқы үйір төменгі палеолиттің неғұрлым ертедегі екі сатысына —
дошелль мен шелль дәуірлеріне сәйкес келеді. Ашель уақытында
жаңа әлеуметтік организмнің — алғашқы қауымның алғы шарттары бірте-
бірте толыса бастайды. Ал - мустье дәуірінде отырықшылық, табиғи
түрде жынысы мен жасына қарай еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы
формалары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы
палеолиттегі адамдар коллективін сипаттайтын жаңа меже — алғашқы рулық
қауымның толысқан формаларының құралуы. Көп зерттеушілердің топшылауынша,
бұл сапалық секірім неандертальдардың осы замандағыдай дене бітімі бар
адамға ((Ното Sapiens) айналуымен тұстас келді.
Ежелгі адамдардың дене бітімі. Жер жүзінде еңбек етуге қабілеті болған
ең әуелгі өмір сүрген тіршілік иесі деп қазір презинджантроп деп аталатын
есептелінеді; оның сүйек қалдықтары долбарлап жасалған шапқы құралдармен
(чопперлермен) бірге 1959—1963 жылдары Олдувэй шатқалынан (Шығыс
Африка) табылды. Бұл ежелгі гоминидке зерттеушілер тұрпатына қарай Ното
habilis (шебер адам) деген ат берді. Оның калий-аргон әдісімен
белгіленген абсолюттік жасы — 1 млн. 750 мың жыл. Оның үстіне, бұдан да
ерте уақыттағы адам тәрізді тіршілік иелерінің табылғаны, мәселен, сол
Шығыс Африкадағы Рудольф көлінін жағасында сүйек қалдықтары табылғаны
мәлім. Homo һаbilis-тің миының көлемі (652 см3) антропоид маймылдардын
миынан біраз асады. Бірқатар басқа мәліметтер, мәселен, түрегеліп
жүргендікті аңғартатын, айқын білінетін табан имектігі бұл тіршілік иесінің
адам тәріздес қазынды маймылдар мен ежелгі адамдардың арасындағы межеден
өтіп кеткенін көрсетеді.
Тас дәуірі тарихында малта тас индустриясы түріндегі ең долбарлы
(олдувэйлік) мәдениет шебер адаммен байланыстырылады. Оның еңбек құралдары
қырын өткірлеу үшін ұрып жұқартылған малта тастар мен дөрекі ауыр тас
сынықтары болды.
Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам Homo еrесtus (түрегелген
адам) сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дәуірінің шелль-
ашель мәдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды.

Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Coдан бері жер
жүзінің әр түрлі аудандарында: Европада, Азияда, Шығыс және Солтүстік
Африкада — он қазынды Homo erectusтің қалдықтары табылды. Питекантроп бұдан
бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Ол Homo habilis-пен салыстырғанда
елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады: ми көлемі үлкейді (950 см3), бас
сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді.
Homo erectus-тің екінші бір формасы синантроп болды; ол бірінші рет
1927 жылы Чжоу-коу-дянь үңгірінен табылды. Қазір-гі уақытта 50-ге жуық
қазынды синантроп қалдықтары мәлім. Питекантроптар мен синантроптардың бір-
біріне көп ұқсастығы мамандардың бұл формалардың екеуін де ежелгі
адамдардың біртұтас сатысына жатқызуына мүмкіндік берді. Бірақ синантроптың
сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым прогрестік белгілері байқалады. Бұл
белгілер: ми қабығының көлемі үлкен (1075 см3), маңдайының тайқылығы
азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам.
Чжоу-коу-дяньда табылған көмбенің айтарлықтай ерекшелігі сол,
синантроптың сүйектерімен бірге онда әр түрлі формадағы дөрекі тас
құралдар, отта көп жатқан тастар және төменгі антропоген фаунасы
жануарларының көп сүйектері табылды. Демек, синантроптар сол кездің өзінде
отты игерген, бәлкім, отты шығару әдісін де білген болар. Піскен ет пен
өсімдікті тамақ ету адамның дамуына игі әсер етті.
Қазіргі уақытта осы заманғы адамның ежелгі замандағы ата мекені
туралы және нәсілдік тұрпаттардың тегі туралы бір ауызды пікір жоқ. Екі
болжам—полицентрлік болжам мен моноцентрлік болжам көбірек тараған. Бірінші
болжам бойынша, осы заманғы адам бірнеше аймақта — Европада, Азияда,
Африкада, Австралияда қалыптасты; европеоид, монголоид, негроид, австралоид
сияқты үлкен-үлкен нәсілдердің қалыптасу процесі әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі адам және оның тіршілік етуі
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Қазақстан теорториясы алғашқы қауымдық құрлысы.
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Қола дәуір мәдениеті
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Алғашқы адаймның пайда болуы және оның дамуы (дәуірлер)
Қазақстан жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс
Пәндер