Бастапқыда қорық аумағының ауданы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ақсу – Жабағылы қорығы

Кең –байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да
ойландырмай қоймайды.Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926),
Алматы (1931), Барсакелмес (1939), наурызым (1959), Қорғалжын (1958)
және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992)., Алакөл (1998),
Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес
қосып отыр.
Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес
жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы
14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат –
Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын-
табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы-30
мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі-85,4 мың га. Ақсу-
Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан обылысының оңтүстік –шығыс бөлігінде,
яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының
шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан
басқа, жалғасып жатқан екі филиалы- Әулие сай және Қарабастау
палеонтологиялық қорықша- -лары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын
тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары
шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында
орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған қарабастау бөлігі Қаратаудың
Боралдай жотасында орналасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік
аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт
дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала,субальпі мен альпі
шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше
көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол
жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы:Ақсу-Жабағылы
қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен
1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62
түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма
мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау
беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы
ормандар үлесіне қорық жерінің 30 % -ы тиеді. Ормандар арасы мен
жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың
өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай.
Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырмен жорғалаушылардың 9,
қосмекенділер- -дің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал
омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін
мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік,
марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді.Жемтігін аңдыған
жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан.
Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай өсіп-өнуі үшінқорық аумағы өте
қолайлы.
Фаунасымен флорасы осындай бай болғандықтан, олардың
бтологиясын, тіршілік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу жұмыстары қорықты
ұйымдастырған алғашқы жылдардан бастап-ақ жақсы жолға қойылған. Қорықты
1935 жылдан бастап ғылыми қызметкелер зерттеу жұмыстарымен жүйелі әрі
тұрақты түрде айналысады. Солардың негізінде табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану, қорғау жолдары жүзеге асырылып, табиғат қорғау ісі насихатталып
отырады. Қорықтың әсем табиғаты оны тамашалап келушілерді тәнті етеді. Ақсу-
Жабағылы қорығы өзінің жарты ғасырлық тарихында республикамыздың табиғатын
қорғау ісінеорасн зор үлес қосып, ЮНЕСКО белгіленген халықаралық маңызы бар
қорықтар қатарына жатқызылған.

Алматы және Алакөл қорықтары

Іле Алатауының төрінен орын тепкен Алматы мемлекеттік қорығы
оңтүстік астанамыздан не бары 25 км қашықтықта жатыр. Бұл қорық 1931 жылы
6 мамырда ұйымдастырылған. Бастапқыда қорық көлемі 15 мың га алқапты
қамытса, кейіннен оған тағы біраз жердің қосылуына байланысты 1940
жылдардың басында Алматы қоррығының жалпы аумағы 857 мың га-ға жетіп, ол
ерекше маңызы бар қорықтар қатарына қосылды.Қорықтың аумағы Іле
Алатауын,Сөгеті жазығынан Қаскелең өзені аңғарына дейінгі аралықты алып
жатыр.Оның құрамына Іле өзенінің жағалауы да кіреді.Алайда соғыстан кейінгі
жылдары түрлі себептерге байланысты қорықтың көлемі бірнеше рет өзгеріп,
кейіннен жабылып, соңында 1960 жылдың 11 қаңтарында қайта құрылды. Қорықтың
жалпы жер көлемі-73,3 мың га. Оның ең төменгі нүктесі 1000 м болса, ең биік
жері -5017 м Талғар шыңына дейінгі аралықты қамтиды.Қорықтың батыс шекарасы
Талғар өзеннің сол жақ арнасымен, ал солтүстік шекарасы Талғар өзенінің оң
жақ аранасымен, Есік көлі қазаншұңқрмен шектеседі. Шығысында Есік өзенімен
бойлай барып Шелек өзенінің бастауына, одан әрі Қырғызстан шекарасына
тіреледі.
Сонымен қатар қорық аймағына Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы
шөл далада жатқан Үлкен және кіші Қалқан таулары да кіреді. Қорықтың бұл
бөлігінің аумағы 17850 га жерді алып жатыр. Қорықтың аумағындағы Улкен және
Кіші Қалқан таулары аралығында әйгілі Әншіқұм да орналасқан.
Қорықта табиғар белдемдері анық байқалады. Мұнда аптаған ыстығы
бар шөл даланы да, тығыз орман белдемін де, альпі және субальпі шалғынын да
кездестіруге болады. Осындай табиғат белдемдеріне байланысты қорық
аумағында өсетін өсімдіктер әлемі мен мекендейтін жануарлар дүниесі
көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы,қорық аумағында жоғары сатыдағы
өсімдіктердің -590 түрі, мүктердің-107 түрі, қынаның-77 түрі және
саңырауқұлақтардың 190-ға жуық түрі өседі. Ал құстардың -170 түрі,
сүтқоректілердің -60 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 20-ға жуық түрі
қорықтың жануарлар дүниесін құрайды. Олардың қоры да әркелкі. Кәсіптік
маңызы бар, шамамен, 500 елік, 300 қабан, 1000-ға жуық арқар, 60 марал, 40
аю және санаулы қасқыр тіршілік етеді.
Алматы қорығында Халықаралық табиғатты және табиғи қорларды
қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл кітабына жойылып кету қаупі бар аң ретінде
тіркелген қар барысы мен қарақұйрық мекендейді. Қазақстанның Қызыл
кітабына тіркелгендерден – ақ тырнақты аю, арқар, сілеусін, сабаншы,шұбар
күзен, сақалтай, бүркіт сияқты жануарлар қорық жерінде қоныстанса, осы
аймақта өсімдіктер әлемінен- мушкетов түйесіңірі, сиверс алмасы, островский
қызғалдағы сияқты түрлері өте сирек кездеседі
Іле өзенінің бойында жатқан қорық филиалының аумағында шөл және
шөлейт аймақа тән өсімдіктер мен жануарлардың түрлері таралған.Үлкен және
Кіші Қалқан тауларының аралығында аңның -43, құстардың-85, қосмекенділердің-
3,бауырмен жорғалаушылардың 3 түрі тіршілік етеді.Қорықтың өсімдіктер әлемі
мен жануарлар дүниесін сақтау және зерттеу жұмыстарына Қазақстан
Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы бағыт беріп, қадағалап
отырады.Барлық ғылыми – зерттеу жұмыстары Адам және биосфера (МЭБ)
бағдарламасына сай жүргізіледі.
Алакөл мемлекеттік қорығы-Алматы облысының Алакөл ауданы
аумағында орналасқан.1998 жылы құрылды.Жер көлемі- 12,5мың га.Қорық
солтүстігінде Тарбағатай, шығысында Барлық пен Майлы, оңтүстігінде Жетісу
Алатауы жоталарымен қоршалған.Батыста Балқаш көлі ойысымен шектелсе,
оңтүстік-шығысында Жоңғар қақпасына тіреледі. Қорықтың көп бөлігін
Сасықкөл, Ұялы және тұзды Алакөл көлдері алып жатыр.
Қорықтың климаты қатаң.Әсіресе қыс айларында тұрақты Сайқан
және Ебі желдері үзбей соғып тұрады.Көлде су өсімдіктерінің 22түрі
өседі.Олардың негізгілері: су папоротнигі, сары дүңгіршек, су тұңғиығы.
Алакөл қорығының фаунасы сан алуан. Мұнда сүтқоректілердің,
шамамен, 40 түрі бар. Қабан, түлкі, елік, таутеке т.б. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қорықтық аймақтары
Табиғат қорғаудың негіздері туралы
Табиғат қорғаудың негіздері
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Үстірт учаскелері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы сипаттамасы
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
ҚОРЫҚТАР. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
Торғай үстіртінің физикалық –географиялық жағдайына толық сипаттама беріп, ондағы ұйымдастырлатын шаруашылық әрекеттерге талдау жасау
Пәндер