Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
І. Негізгі бөлім.
1.Ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесінде
пайдалану.
1.1. Жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласына дайындау.
1.2. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттері.
1.3. Жаңа ақпаратты технология құралдарын пайдалану.
2. Білім берудегі жаңа технологиялар.
2.1. Информатика сабағында жаңа технологияны пайдалану.
2.2. Білім беруде интерактивті экранды қолдану әдістемесі.
2.3. Білім беруде мультимедия технологиясын қолдану.
3. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қазіргі оқыту
жүйесінде кеңінен пайдалану.
3.1. Қоғамды ақпараттандыру жайында.
3.2. Информатиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану.
3.3. Жаңа ақпараттық технологияны қолдана өткізілетін сабақты
ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар.
ІІ. Эксперименттік бөлім.
Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

IV. Қолданылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін
көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.
Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы
тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет.
Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша
тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге
асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы
бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы
тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене
қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат
мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол
жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек.
Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу
қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен
байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын
өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың
негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс
қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген,
мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-
психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау
жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан
психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды.
Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы, көптеген
педагогикалык ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының
жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын,
ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген
ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып
білім беруді кажет етеді..
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден
акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай
мәліметтерге физикалык формулалар, физикалык шамалардьң өлшем бірліктері,
графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалык кұбылыстардың динамикалык
бейнесі, тәжірибеге арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар
өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып
отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык
жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Жаңа ақпараттық технология кұралдарын информатика пәнінің кіріктірілген
сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс
жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады:
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
құбылыстарға модельдер кұра біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу
жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде
мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың
категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың
біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған
сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу
дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және
олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін
зерттеу.
- педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз
қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
- ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқу
процесіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін
тарату.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі:
1.Ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесінде пайдалану.

Бiлiм берудi ақпараттандыру процесi пән мұғалiмдерiне, әдiскерлерге,
бiлiм мекемелерiн басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз
қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк
бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала
бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған
мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және
қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды.
Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби
шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге,
басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты
даярлауға бағытталған.
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген мұғалiм мен әкiмшiлiктiң өз
қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке
енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге,
бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану
оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде қызығушылықтарын арттыруда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану
оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
– оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау
жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге
байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа
ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
– оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық,
ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және
т.б.);
– проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн
қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
– жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi
компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және
мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң
материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi
мүмкiндiктерi ұсынылады:
– ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм
мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:
информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша
жаңа бiлiмдер алу;
– информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта
даярлау;
– бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге
үйрету;
– информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша
информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны
ұйымдастыру;
– арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;

– облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-
әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
– облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын
қалыптастыру;
– оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық
технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны
меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде
институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру
процесi жүзеге асырылуда.
Педагог мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде
дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:
– вариативтiлiк — әрбiр бiлiм беру қызметкерлерiнiң жасақтаған
материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;
– болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк
бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға
бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;
– рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды
меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-
шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;
– эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт
мөлшерi талап етiледi;
– iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi,
бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн
анықтау;
– тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде
оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және
нақытлы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық
процестерiнiң өзара байланыстылығы мен олардың жеке тұлға
ретiнде қалыптасу деңгейi анықталады;
– жекелеген консультация беру - тыңдаушыларға консультация беру
ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының
өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге
байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны мен оған
қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.
Бiлiм беру қызметкерлерiн қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты
анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану
тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б.
жұмыстарды қамтиды.
Жаңа ақпараттық технологиясына дайындау мынадай екi негiзгi модуль
бойынша құрастырылған: “Педагогтың ақпараттық құзырлығы” және “Оқытудағы
ақпараттық технологиялар”.
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына
қойылатын талаптарына сай анықталады:
1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы
бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық
ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен
ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн
меңгерту).
2. ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-
әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу
нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн
меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа
программалық құралдарды меңгерту.
3. өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы
бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру
процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, педагогикалық
программалық құралдарды қолдану және оларды өз қызметтерiмiзге
сәйкес бейiмдеп пайдалану.
1.1. Жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласына дайындау.

Мазмұндық құрылым информатика мұғалімдері үшін келесі деңгейлер
бойынша беріледі:
1. Іргелі. Бұл ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн мамандық
деңгейлерiне сәйкес шешуге мүмкiндiк беретiн бiлiм мен
бiлiктiлiктердi және дағдыны қалыптастыру.
2. Базалық. Оның мазмұны мұғалiмнiң ақпараттық-коммуникациялық
технологияның мүмкiндiктерiн өз қызметтерiне жан-жақты пайдалана
бiлуімен анықталады.
3. Арнайы. Бұл “Информатика және ақпараттық технология” пәнiн берудiң
әдiстемелiк мәселелерiн шешумен анықталады

Білім беру мекемелерінің басшылары мен пән мұғалімдері үшін мазмұндық
құрылым келесі деңгейлер негізінде анықталады:

1. Педагог мамандардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолдану бағытындағы элементарлы-бейімделген деңгейі. Бұл деңгейде келесі
мазмұндар қарастырылады: компьютермен және оның құрылғыларымен жұмыс жасау
техникасы; компьютерлік техниканы қолдану мүмкіндіктері; оқу процесіне
қолданбалы программалық құралдарды қолдану дағдылары. Сонымен бірге келесі
мәселелер де қарастырылады: білім беруді ақпараттандыруды нормативтік-
құқықтық жағынан қамтамасыз ету; ақпараттық-коммуникациялық технологияны
білім беру жүйесіне енгізудің тұжырымдамалық негіздері; білім беруді
басқару жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және т.б.
2.Қызметтік-ізденістік деңгей. Мұнда педагог мамандар ақпараттық
технологиямен жұмыс жасау негіздерін практикалық түрде меңгереді. Сондықтан
мұнда жұмыс орындарын автоматтандыру процесін құру технологиясы (АЖО-
директор, АЖО-оқу ісінің меңгерушісі, АЖО-сабақ кестесі, АЖО-кітапхана және
т.б. ) және мультимедиялық электрондық оқу құралдарын жасақтау алгоритмі
сияқты мәселелер қозғалады. Сонымен бірге келесі сипаттағы мәселелер де
қарастырылады:
- білім беруді ақпараттандырудың теориялық негіздері;
- білім беру жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
енгізудің психологиялық-педагогикалық негіздері;
- педагог мамандардың біліктілігін көтеру жүйесіне ақпараттық
технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың дидактикалық
шарттары;
- ақпараттық технология негіздерін оқытуда жобалау және
итерактивтік әдістерді қолдану негіздері;
- басқарудың ақпараттық жүйесін автоматтандыру моделі және оқу
процестерін ақпараттандыруды дамыту технологиясы.
3. Жүйелік-шығармашылық деңгей. Мұнда келесі мәселелер қарастырылады:
электрондық оқу-әдістемелік құралдарын жасақтау алгоритмі;
автоматтандырылған жұмыс орнын жасақтау технологиясы: АЖО-директор; АЖО-
оқу ісінің меңгерушісі; АЖО-бухгалтер; АЖО-сабақ кестесіжәне т.б.;
әлемдік ақпараттық кеңістікке ену мақсатында web-сайтты жасақтау; оқыту
әдістерін жетілдіру және т.б.
Сонымен бірге педагог мамандардың біліктілігін және курстың сапалық
өлшемін айқындайтын компьютерлік тест сұрақтарын құрастыру алгоритмі
түсіндіріледі.
Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың,
тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына
сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай
деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап
ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі
жалғасуда.
Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға
сүйенеді:
➢ Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және
дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму
деңгейін көтеру;
➢ өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес
білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта
өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
• методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
• әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
• қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен
дамыту;
• оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
• педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
• өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
• информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен
түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
• тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін
бағалау.
Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру
телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру
жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және
дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас
телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
❖ ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін
жоғары деңгейге жеткізу;
❖ жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық
желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте
интеграциялау;
❖ біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі
ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
❖ білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық
оқытуға мүмкіндік жасау.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша
көтеру негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру.
Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша
біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.
Сондықтан білім беру қызметкерлерін ақпараттық-коммуникациялық технологияны
өз қызметтеріне пайдалануға жан-жақты дайындық курстарын ұйымдастыруымыз
қажет.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық
құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық
электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті
мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін
мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг
курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру
қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары
жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне
айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және
бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды.
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды
елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың
өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады.
Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің
көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен
есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жана информациялык технологияларды енгізу ісі
математикамен де тығыз оайланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын
толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың
абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі
тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа
деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып
келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест
тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз.
Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде
пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
1.2. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттері.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мақсаты Қазақстан
Республикасында бiртұтас бiлiмдiк ақпараттық ортаны құру болып табылады.
Олай болса, бiлiм беру саласында жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға,
Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру
кеңiстiгiмен сабақтастыруға мүмкiндiк бередi
Бiлiм берудi ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерi:
- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен
қамтамасыз ету;
- бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша практикалық шараларды анықтап,
жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi
қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк
жұмыстарын жүргiзу;
- мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм
стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақпараттық
технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi
басқаруда ақпараттық жүйенi құру;
- бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық
құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды,
электрондық оқулықтарды жасақтау;
- педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн
пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.
Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары:
- қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң
түсiнiктiлiгi ;
- жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;
- бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;
- жалпы компьютерлiк сауаттылық;
- оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация).

Нәтижелер:
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
- жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу
арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;
- жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың
мамандыққа баулу механизмiн құру;
- бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық
ресурстарға жедел ену;
- мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды
және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
- отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк
кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;
- бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;
- республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық
желiсiн құруға негiздеп, бiлiм берудiң басқару салаларының
ақпараттық желiсiн құру.

Бiлiм берудi ақпараттандыруды дамыту индикаторлары:
I. нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету;
1. Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасы (ҚР
Президентiнiң № 3645 өкiмiмен 1997 жылы 22 қыркүйекте бекiтiлген)
2. Қазақстан Республикасы бастауыш және орта кәсiптiк оқу мекемелерiн
ақпараттандыру бағдарламасы (ҚР Үкiметiнiң № 616 қаулысымен 2001 жылдың
10-мамырында бекiтiлген)
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 6 тамыздағы
№ 1037 қаулысымен қабылданған “Қазақстан Республикасының бiлiм беру
жүйесiн ақпараттандырудың 2002-2004 жылдарға арналған тұжырымдамасы”
II. Оқу жоспары және бағдарламасы;
1998 жылы “Информатика 7-11”, “Информатика 8-11”, “Информатика 10-11” оқу
бағдарламалары;
2001, 2003 жылдар “Информатика -7” оқу бағдарламасы
III. Аппараттық және техникалық жағынан қамтамасыз ету;
Жаңа типтi компьютерлермен қамтамасыз етiлдi (1998-2001жж)
IҮ. Программалық жағынан қамтамасыз ету;
Қолданбалы программалық құралдар (үйрету программалары, жаттықтырушы, ойын,
бақылау (тест) программалары), электрондық оқулықтар, виртуальды
лабораториялар (физика, химия)
Ү. Мамандармен қамтамасыз ету;
Кезеңдер бойынша мамандардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру: I-кезең
“Ақпараттық технология негiздерi” (компьютермен жұмыс жасау технологиясы –
36 сағат)
II-кезең “Электрондық оқулықтармен жұмыс жасау технологиясы” – 36 сағат
III-кезең “Интернет-технология. Web-сайтты құру технологиясы” – 36 сағат
IҮ-кезең “Жаңа қолданбалы программалық құралдардың мүмкiндiгiн шығармашылық
бағытқа пайдалану технологиясы” – 72 сағат
ҮI. Глобальды коммуникациялық құралдар.
Интернетке қосылу арқылы әлемдiк бiлiмдiк кеңiстiкке шығу. Қашықтықтан
оқыту формасына көшу.
1.3. Жаңа ақпаратты технология құралдарын пайдалану.
Қашықтықтан оқыту компьютерлiк техника мен телекоммуникациялық желiлердi
қолдану барысында ұйымдастырылады. Телекоммуникациялық желiлер мұғалiм мен
үйренушi арасында қашықтық проблемасын шешедi және жедел байланысты
ұйымдастырады. Қазiргi ақпараттық технология құралдары материалдарды әр
түрлi формада (графика, дыбыс, анимация, видео) пайдалануға мүмкiндiк
бередi. Компьютерлiк үйрету және бақылау программалары тыңдаушыға, бiр
жағынан, оқу материалын жедел меңгеруге көмектессе, ал екiншi жағынан, оқу
материалдарын қандай деңгейде жедел меңгергенiн бақылауға көмектеседi.
Оқыту процесiн қашықтық режимiнде ұйымдастыру барысында барлық
ақпараттық қызмет типтерi пайдаланылады:
Электрондық пошта телеконференция:
• мәлiметтердi жiберу (FTP-сервер)
• гипермәтiндiк орта (WWW-сервер)
• Интернет желiсiнiң әлемдiк ресурстары (WWW кеңiстiгi, деректер қоры,
ақпараттық iздеу жүйелерi)
• видеоконференциялар
Аталған типтердiң көмегiмен тыңдаушы мен мұғалiм арасында оқыту мен
дидактикалық мiндеттер шешiледi. Бұл құралдар WWW-сервер арқылы хаттар мен
файлдарды жiберу мен телеконференция типi түрлi талқылауларды жүзеге
асырады.
Электрондық пошта көмегiмен мұғалiм мен тыңдаушы арасында оқу
материалдарын жiберу мен мұғалiмге өздерiне түсiнiксiз болған материалдар
бойынша сұрақтар жiберуiне мүмкiндiк алады. Бiр жағынан, ол мұғалiмнiң
жұмысын жеңiлдетедi. Бұл жағдайда, мұғалiмнiң жұмысы материалдар мен
тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптарына жiберу қызметтерiн атқарумен
шектеледi.
Телеконференция оқу тақырыптары бойынша үйренушiлер арасында жалпы
пiкiрталасты ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi. Телеконференция мұғалiмнiң
басқаруымен өткiзiледi. Мұғалiм пiкiрталастың тақырыбын белгiлейдi,
конференция барысында өткiзiлетiн мазмұндарды бақылайды. Телеконференцияға
қатынасушылар түскен хабарламаларды қарап, конференцияға өзiнiң
хабарламаларын (хаттарын) жiбере отырып, пiкiрталасқа қатынасады.
FTP-серверлерiнiң қызметi өте үлкен көлемдегi файлдарды (ақпараттарды)
жiберуге мүмкiндiк бередi. Мұндай жiберулердi ұйымдастыру мен оны бақылауда
FTP-серверлерiнiң қызметiн атқаратын функциялар орналасады. Ал WWW-серверi
оқу материалдарын орналастыруға мүмкiндiк бередi. Бұл материалдар
гипермәтiн түрiнде ұйымдастырылатын болады. Гипермәтiн материалдарды
жүйелеп құруға, атап айтқанда, оқу материалдарының бөлiмдерiн гипербайланыс
арқылы бiр-бiрiмен байланыстыруға, материалдарды бiр-бiрiмен толықтырып
отыруға мүмкiндiк бередi. WWW-құжаттарында тек мәтiндiк ақпаратты ғана
емес, сонымен бiрге, графиктiк, дыбыстық және видеоақпараттарды да
орналастыруға болады.
WWW-желiсiнiң әлемдiк ресурсында гипермәтiн түрiнде көрнекi және
анықтамалық материалдар орналастырылады. Мұғалiм iздеу жүйелерiнiң
көмегiмен WWW-беттерiнде Интернет ресурстары бойынша анықтамалар арқылы
сiлтемелер жинағын дайындауға болады. Педагог мамандардың үйренетiн
материалдарын да осы құжатқа енгiзедi және ол жөнiнде оған хабарлама
берiледi. Егер олар Интернетке шыға алатындай мүмкiндiк алса, онда ол осы
берiлген материалдарды оқи алады.
Оқыту ортасын дамыту құралдары
Жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн атқарады.
Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар
ұсынылады:
• компьютерлiк үйрету бағдарламалары
• электрондық оқу құралдары
• компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау
• электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
• аудио және видеоматериалдар
• Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар
Аталған құралдар оқу материалдарын жеделдетiп меңгеруге және оқытудың
сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi. Қашықтықтан оқыту материалдарын
жасақтаушылар осы құралдарды негiзге алуы қажет. Оқу құралдарын жасақтау
ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан оқыту формасының
тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады.
Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы
Қашықтықтан оқытудың техникалық базасы (телефондық және
телекоммуникациялық арналар, телевидение және радио) ақпараттарды жiберу
жүйесiн құрайды.
Интернеттiк ақпараттық ресурстар: E-Mail, WWW.
2. Білім берудегі жаңа технологиялар.
2.1. Информатика сабағында жаңа технологияны пайдалану.
Қазіргі кезде мектептің алдына қойып отырған талабы- жас жеткіншек
ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік сапалы біліммен қаруландыру,
алған, меңгерген білімдерін күнделікті сабақта өз деңгейіндегі өзіңің
іскерлігін шеберлікпен қолдана білу.
Осы жетістіктерге жету үшін мұғалім-алдындағы оқушының мінез-кұлқын,
сана-сезімінің жетілу дәрежесін танып, оқушының қабылдауын, зейінін, қиял
ес, ойлауын дұрыс қадағалау танымдық процестерді қалыптастыруда негізгі
тұлға болып табылады.
Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму, қарқынын оқыту барысыңда жаңа
технологиялық әдістер кең көлемде қолдануды қажет етеді. Оқытудың жаңа
технологияларының барлығы оқушылардың өз бетімен білім алу дағдарысын
қалыптастыруға бағытталған. Оқыту технологиясы оқу мен мазмұнын өңдеуге,
көлемімен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы.
Оқытудың жаңа технологиясы негізінде қарапайымнан күрделіге қарай әр түрлі
технологияны пайдаланып оқушылардың білім деңгейін бақылауға болады. Осы
тұрғыдан өзім беріп жүрген 7-11 сыныптарға оқытудың кейбір жаңа
технологиясын қолданамын.
Информатика сабағында топпен жұмыс істегенде Қ. Бітібаеваның
бағдарламасын, сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының түрлерін пайдаланған
өте тиімді. Бұл бағдарламалар өткен сабақты еске түсіру үшін және жаңа
сабақты бекіткен кезде, әрбір топпен жеке-жеке жұмыс жасаған кезде сабақтың
соңында оқушылардың білімін бағалауға өте ыңғайлы. Осы технологияны
пайдалана отырып, оқушылардың білім деңгейінің жоғары көтерілгенін және
оқушылардың еркін сөйлеуге, өзінің дайындығы мол екенін дәлелдеуге, пікір
таластыруға дағдыланғандығын көруге болады.Төменде " Графикадағы бейнеге
программа құрып кескінін алу" тақырыбына өткізген сабағымда жаңа
технологияны пайдаланғанымды ұсынып отырмын.
Ең бірінші мен сабақ бастар алдында өткен сабақты еске түсіру үшін сын
тұрғысынан ойлау бағдарламасы бойынша топтастыру стратегиясын қолданамын.
Ол үшін жалпы информатика сабағында топты екіге бөлу керек. Сонда топпен
жұмыс жасау қолайлы.
1-ші топқа нашар оқитын оқушылар, ал 2-ші топқа жақсы оқитын оқушыларды
топтастыру керек. Оқу мен жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын
дамыту үшін оқушыларға сабаққа байланысты тапсырма беремін.
Мысалы: "Графика", "Бейне" оқушылар осы берілген сөзге мағынасына
байланысты сөздерді теріп жазады. Бұдан кейін қай топ тез қимылдап, уақытты
үнемдеп мағынасына байланысты көп сөзді теріп жазса соның
бағасы жоғары болады. Екінші тапсырмаға өлшенген температура жазылған
таратпа материалдар беріледі. Бұл тапсырмаға оқушылар бағдарлама
жасап, кескінін көрсетеді және оның диаграммасын модульдік сызба
түрінде ДК-де көрсетеді. Осы кезде 2-ші топқа сөз жұмбақтар мен тест
материалдары таратылады оны оқушылар топпен орындайдыда ішінен бір оқушы
бір тапсырманы, екінші оқушы екінші тапсырманың мағынасын айтып
түсіндіріп береді. Оқушының жауабы бағаланады. Оқушының жауабы
бағаланған соң, оқушыларға геометриялық фигуралар жазылған таратпа
материалдар беріледі. Оған оқушылар бағдарлама құрып дайындайды.
Сол кезде 1-ші топ тапсырмасын орындап болған соң, оның орнына
ДК-де 2-ші топ отырып тапсырмасын орындайды да оқушылар
сол фигураларға құрылған бағдарламаны ДК-де орындап көрсетеді. Егер
оқушы өз тапсырмасын дұрыс орындаса онда оның тапсырмасының
дұрыстығын тексеріп бағалаймында ары қарай шығармашылық жұмысын істеуге
рұқсат беремін. Сол кезде орнына оралған 1-ші топпен жұмыс
жүргізіледі. Оларға да сол 1-ші топқа берілген тапсырмалар беріледі де
сабақка қатысып, тапсырманы орындап отырған әрбір оқушы тиісті бағасын
алады. Сосын барлық тапсырманы орындап болған соң 1-ші және 2-ші
топты орындарына отырғызып, мынадай сұрақ қоямын.
Сонымен бүгін қандай бағдарламада жұмыс істедік? Бағдарлама құру тілі
неше түрде болады және өзіміз білетін қандай геометриялық фигураға
бағдарлама құра аламыз? Соны тез ойымызды жинақтап айтып жіберейік деп екі
сөз жазылған қағаз беремін. Оқушылар осы сөздің мағынасын ашатын тиісті
сөздерді жазып түсіндіріп береді. Және тақтаға сын тұрғысынан ойлау
бағдарламасы бойынша екі плакат ілінеді. Біреуінде "Білемін. Білдім. Білгім
келеді", ал екіншісінде Венн диаграммасы бойынша "Графикалық режим",
"Мәтіндік режим", "Ортақ элемент" деген сөздер жазылған. Осыған оқушылар
сабақты қорытындылау ретінде сабақ бойындағы алған білімінің негізгі
түйінін жеке топ бойынша кезек-кезек қорытындылап береді.Сол бойынша
сабақты қорытындылап, оқушылардың жауабын бағалаймында үйге бағдарлама
құруға тапсырма беремін. Әрбір оқушы сабаққа қатысқанына байланысты тиісті
бағасын алады.
2.2. Білім беруде интерактивті экранды қолдану әдістемесі.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың
біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша
көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін
жағдайлар жасау керек - деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді
ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту кұралы болып компьютер
саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық
электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл
бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу
бағытында және қолданылатын жаңа құралдың бірі -бағдарламалық-техникалық
кешен болып саналатын Активті экран болып табылады.
Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны
компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып
табылады. Кешеннің құрамына компьютерге және проекторға тізбектелген порт
арқылы қосылатын, қабырғаға ілінетін 1,88 м тақта, басқаруға керекті, бір,
екі қалам және жазуға арналған блокнот кіреді.
Компьютердің VGА-портына проектор арқылы қосылатын тақтада көрсетілетін
ақпаратты сабаққа қатысушылардың барлығы көре алады. Сонымен қатар тақтаның
проектордың драйвері және орнатылатын арнайы бағдарламалық жабдықтамасы
бар, Кешенмен жұмыс істегенде екі режим: тышқан және аннотация режимі
қолданылады. Бірінші жағдайда тақта тышқан орнында қолданылып қолданушының
іс әрекетін операциялық жүйеге трансляциялайды (жеткізеді). екінші жағдайда
маркер тікелей қалам ретінде, яғни жазу немесе сурет салу үшін қолданылады.
Мұндай жағдайда графикалық редакторды қажет етпей, экран бетінде сурет
салуға болады. Мысалы жұмыс үстелінде, РowerРоіnt слайдтарында және кез
келген қолданбалы бағдарламалар терезелерінде және т.б. Көптеген
интерактивтік тақталар монтаждан соң калибрлеуді, яғни маркердің тақта
бетіндегі орнын анықтауды қажет етеді. Калибрлеу экранның әр бұрыштарын
және ортасын көрсетілген нүктелерді арнайы утилит көмегімен белгілеу арқылы
жасалады. Егер тақтамен проектордың орналасу орны өзгермесе калибрлеуді
қайтара жасау қажет емес.
Проектордын орналасуына қарай интерактивтік тақталар тікелей (тура) және
кері проекциялаушы деп екі класқа бөлінеді. Бірінші класқа жататындар —
қолданушы кей уақытта экранды көлеңкелеп жауып қалу кемшілігіне қарамастан
өте кең тараған. Сондықтан объективті төменге еңкейтіп, проекторды тақтаға
мүмкіншілігінше жақындатып төбеге іледі.
Екінші класқа жататындар біршама қымбат тұрады, онда проектор тақтаның
артында орналасады да өте көп орын алып тұрады. Қазір интерактивтік тақтаны
жасаушылар көбіне дайын кешендерді, яғни тақтамен жұмыс істейтін
кұралдардың барлығын бірге ұсынады.
Интерактивтік тақталарда қолданылатын технологиялар төрт типке
бөлінеді:
І.Сенсорлы аналогтық-резистивтік технология;
І.Электромагнитттік технология;
3.Лазерлік технология;
4.Ультрадыбыстық инфрақызыл технология.
Бірінші типтегі интерактивтік тақталарда өлшеу жүйесі аналогтық
болғанымен қабылданған ақпарат цифрлық түрде өнделеді. Ақпаратты көрсету
тігінен және көлденеңінен мындаған нүктелер арқылы жүргізіледі. Мысалы,
SMART Technologies компаниясының SMARTboard тақталары 4000x4000, Роlу
Vision, фирмасының Webster 8000x8000 нүктеден тұрады. Проектордан шығатын
бейне (1024x768) нүктелерден құралады да, оның басқа тақталардан
артықшылығы — қолдану барысында арнайы маркерлердің болуы міндетті емес.
Жұмсақ көпқабатты құрылымына қарамастан мұндай тақталар жақсы сапаларын
сақтап, көп жыл жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Осы технологияны қолданатын интерактивтік тақталарды Egan ТеаmВоаrd,
Іnteractivе Technologies РоlуVision, SМАRТ Technologies компаниялары
шығарады. Электромагнитгік технологияларда қолданылатын тақталардың беті
өте қалың болады. Осы технологиялы тақталар маркердің электромагниттік
белгілерін қабылдау арқылы жұмыс істейді. Электромагниттік интерактивтік
тақталарды GТСО Саlсоmр, Рromethean, ReturnStar, Sаһаrа Іnteractivе
компаниялары шығарады.
Лазерлік технологиялы интерактивтік тақталар жүйесіне екі инфрақызыл
лазерлік бұрыш белгілеу құралы кіреді. Бұндай тақталарда тек маркермен ғана
жұмыс істеуте болады. Лазерлік технологиялы тақталарды тек компаниясы ғана
шығарған. Осы тақталар үстіне қағаздар іліп те қолдануға болады.
Ультрадыбыстық инфрақызыл технологиялы интерактивтік тақталарда
басқалардан айырмашылығы— тақтаның әрбір бұрыштарында ультрадыбыстық
датчиктер бар. Бұл тақтанын кемшілігі электромагниттік, лазерлік
технологиялы тақталардағыдай тек маркермен ғана жұмыс істейді. Бұндай
тақталарды Нitасһі және Раnаsоnіс компаниялары шығарады.
Активті экран бағдарламалық-техникалық кешенді Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтында қолдану тәжірибесі бізге оның білім беру
үрдісінде қолданудың жаңа дидактикалық тәсілдерін ашуға мүмкіндік береді.
Бұл тақтаны педагогикалық жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісінде
студенттерге оны таным құралы ретінде пайдаланып, оқуды бітірген соң да
оларға сапалы білім беру ісінде педагог құралы ретінде қолдану
мүмкіншіліктерін айқындауға жол ашатыны белгілі болып отыр.
Активті-экран бағдарламалық-техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта
пайдалану барысында олардың негізгі қызметі — жалпы ақпаратпен кәсіби
біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып сонымен қатар бұл құралдың
оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу
қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге
асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бұл жерде:
Бұл мақсатқа жету үшін оқыту үрдісін қалай құру керек?,- деген сұрақ
туындайды.
Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны
оқытушыға дәріс деректерін қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық
құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға
мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Дәрісті оқу барысында
оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды
DVD, СD-RОМ және Интернет-ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім
қосымшаны іске қосу, СD-RОМ, Wеb-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау,
белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б,
әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Сабақты өткізу барысындағы Активті экран бағдарламалы-техникалық
кешенін пайдалану және негізгі мүмкіншіліктерін орнату бойынша әдістемелік
кеңестерін қарастырайык.
САБАҚТЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
ДӘРІС ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын
РowerРоіnt презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен
қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар,
гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның
алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және
өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет
жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу
барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар
РDҒ форматында да сақтап, студентке, оқушыға электрондық пошта арқылы
жіберуте болады. Сонымен Актив экран бағдарламалық-техникалық кешенін
қолдану барысында студентке дәрістің мәтінін жазу қажет емес екендігі
анықталды.
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы
алдын-ала дайындаған дәрісті немесе алдынғы өткен сабақты қайталауға және
(студенттің) оқушынын білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған
тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың басында тапсырманы орындау бойынша
ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы
теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы
мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды
көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы студентті тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма
береді оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап
отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай
алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді.
Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен студенттің орындаған іс- әрекеттерін есте
сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
СЕМИНАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ бағдарламалық-техникалык кешенді қолданып
келесі түрде жүргізуге болады. Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша
әнгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы
алдын-ала тақырыпты және қарастырылатын сұрактар бойынша презентациялық
материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі
сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызығушылықты тудыратын семинар
тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттык объектерді кірістіреді. Оқытушы
сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар
семинар сұрактарын ұжымдық топтық әңгімелесу, талқылау түрінде
ұйымдастыруға болады. Кейбір сұрақтарды толық игеру үшін студенттер
графикалық ақпаратты қолданады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір
ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өндеу арқылы жалпыланған ақпараттық
біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын-ала
дайындалған оқу материалдары — презентаииялар, мәтіндік, графикалық
ақпараттық объекттер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін
қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, Активті экран кешенін қолдану арқылы
оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
Электроңдық оқулықтарды пайдалану
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында "Электроңдық үкімет" жүйесін шұғыл енгізу
қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз
электроңдық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді
пайдаланамыз. Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: "Оқыту
процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық
ізденіс қабілетін дамыту". Білім берудің кез келген саласында "Электроңдық
оқулықтарды" пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашьшықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес. Осы принципті басшылыққа ала отырып, біз бастауыш
мектепте "Кирилл и Мефодий" деген жүйелік программаны сабақта пайдаланамыз,
оқу бағдарламамыз да сол оқулық негізінде құрылған. Әр сабаққа арналған
бейне көрініс электрондық оқулықта бар. Бұл электрондық оқулық бастауыш
сыныпқа сабақ бергенде өте тиімді, мұғалім көп ізденбей дайын сабақтарды өз
жұмысында пайдалануға толық мүмкіншілігі бар. Әсіресе, алгоритм, логика,
Интернетке шығу, сайт құру.
Қазіргі уақытта электрондық WЕВ оқулықтың қандай екендігі туралы
біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық,
сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға
тиіс.Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге
зор ыкпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет
элементінің жанында жазуы болады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша
бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт
масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге
пайдалы. Электроңдық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік
туғызады. Электроңдық оқулықтың ең қажет элементі - аудиохабарлар. Мысалы:
құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын
байқау.
Біржағынан, электрондық оқулықтың келеңсіз жақтарыда бар. Бұл психология
– педагогикалық талаптардың, пәнаралық байланыстардың жоқтығы сияқты.
Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау, оқушының жеке ереклешкеерін,
денсаулық жағдайын және оқып үйренудегі мамаңдық бойының бағыты
ескерілмейді.
Ең үлкен кемшілігі - фрагменттік бағдарлама. Ол материалды толық қамтуы
немесе оқулықтарды толық аудару, берілген материалдағы санитарлық,
гигиеналық нормалардың сақталмауы, компьютердің графикалық мүмкіншілігінің
қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі. Ол әсіресе жоғары кластарға
арналған математика, физика, "Елім-ай" тағы басқа электроңдық оқулықтарына
байланысты.
Информатика пәні бойынша "Информатика 30 сабақ" бағдарламасы және
"Электрондық практикум" берілген. Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика
негіздерінен кез келген мәліметті тауып алып, оқып үйренуіне болады.
Лабораториялық, практикалық жұмыстар жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны
меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығының күрт артқаңдығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де
өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала
алады. Заман талабына сай жас ұрпақка сапалы білім беруде электроңдық
оқулықтарды сабаққа пайдалану- оқытудың жаңа технологиясының бір түрі
ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен
қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде
жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік - жетістіктерді
айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.
2.3. Білім беруде мультимедия технологиясын қолдану.
Қазіргі уақытта мультимедиа технологиялары - бұл оқу үрдісінде жаңа
ақпаратты технологиялардың кеңінен дамып жатқан бағытының болуы.
Мультимедиа технологиялары оқу үрдісін байытады, оқуды тиімді етуге
мүмкіндік береді.
Бағдарламалы және әдістемелі қамтамассыздандырулардың жақсартылуы,
сонымен қатар, оқытушылар құрамының квалификациясының жоғарылатуында, білім
беруде қазіргі ақпаратты технологиялардың қолданылуы көрінеді. Мәтіндік
ақпаратпен, графикалы бейнемен, дыбыспен, анимациялы компьютерлік
графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы
техникалы орталар мультимедиа-ортасы деп аталады. Мультимедиа
технологияларды іске асырудың негізгі ортасы, бейнелеудің компьютерлік
және бейнекомпьютерлік ортасы болып табылады.
Мультимедиа және гипермедиа - технологияларында күшті орналастырылған
бөлімдік ресурстар бар, олар кілттік компетенциялардық қалыптасу және шығу
орталарын қамтамассыздандыруы мүмкін. Оларға ақпаратты және коммуникативтік
технологиялар жатады. Мультимедиа және телекоммуникаиионды технологиялар
жалпы білім жүйесінде жаңа әдістемелік жолдарды ашады.
Мультимедиа (multimedia-көп орталы) - бұл әр түрлі физикалық көрсетілімі
бар (мәтін, графика сурет, дыбыс, анимация, видео) және әр түрлі
тасушыларда орналасқан (магниттік және оптикалық дискілер, аудио және
видеоленталар) ақпаратты өңдеумен байланысқан компьютерлік технологиялар
ауданы.
Мультимедиа құралдары - бұл әр түрлі орталарды қолданып (дыбысты, видео,
графиканы, мәтінді, анимацияны) адамға компьютермен араласуына мүмкіндік
беретін ақпаратты және программалы құралдар комплексі. Мультимедиа
пайдаланушыға фантастикалық әлемде (виртуальды шындық), осы әлеммен
интерактивті араласуына (пайдаланушы қатысады, ойындар ойнайды, т.б)
мүмкіндік береді.
Виртуальды шындық - бұл иллюзиялы дүние, адам оған кіріп (еніп), сонымен
ара қатынас жасайды.
Виртуальды шындық жүйесі - бұл осы енумен ара қатынасты
қамтамасыздандыратын иммитациялық программалар мен техникалық
құралдардың жиынтығы. Мультимедиа-бұл техникалық және бағдарламалық
құралдарды қолдану арқылы интерактивті қамтамассыздандыруды
басқарумен орындалатын визуальді және аудиоэффектілердің өзара
әрекеті. Олар бір цифрлік көрсетілімде мәтінді, дыбысты, фотосуретті
және бейнені біріктіреді.
Гиперьмедиа - бұл мультимедиалық объектілер арасыңда ауысу үшін
гипермәтіңдік сілтемелер арқылы байланысқан комптьютерлік файлдар.
Бар бағдарламалық құралдар, соның ішінде дайын электронды оқулықтар мен
кітаптар, сонымен қатар өзіндік деп шығарылған құралдар оқытушыға оқыту
тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда оқытушының
ақпаратты өңдеу және алуда көмекшісі Интернет болып табылады. Оқу
орындарында акпаратты экранды түрде беруді жаңа әдістер немесе бөлек оқыту
әдісі ретіндегі бейнені айтуға болады. Бейне әдісі білімді беру үшін
бақылауды, қайталауды, бекітуді талдап қорытуды ұйымдастыру үшін қолдануға
болады.
Ол барлық дидактикалық функцияларды орындайды. Берілген әдісті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіріспені оқыту әдістемесі
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Мультимедиялық технологиялардың қолданылуы
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
Пәндер