Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
1. Ақпарат және ақпараттық технологиялар

Ақпараттық технологияның қалыптасу кезендері және негізгі ұғымдары
Қоғамның қазіргі заман дәуіріңдегі ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
байланысты адам іс-әрекетінің барлық сферасында компьютерлік және желілік
технологиялардың бірігуінен пайда болған ақпараттық технологияны пайдалану
кең етек жайды. Қоғамды компьютерлендіру, техника құралдарының белсенді
түрде енуі оқу орны мен кез келген ғылым саласы алдыңда бірқатар көкейкесті
міндеттер қоюда. Ол міңдеттер оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін тарылатуда,
компьютерді пайдалану мүмкіндіктерін зерттеуге байланысты.
Әрине, білім беруді компьютерлендіру оқу-тәрбие үрдісінің көптеген
аспектілеріне мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді. Ол компьютерлердің және
бағдарламалық құралдардың дидактикалық потенциалына байланысты. Қазіргі
заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану оқу
үрдісінің тиімділігін арттыру үшін, яғни әрбір сабақ үшін бағдарламаның бір
түрін ғана жасау қажет емес, сонымен қатар атқару қызметі бойынша бір-
бірінен бағдарламалар (бақылаушы, бақылаушы-оқытушы т.б.), сабақтың әр
кезеңінде қодданылатын (дәрістер, зертханалық сабақтар, практикалық
сабақтар, өзіндік жұмыс, курстық, дипломдық жоба немесе жұмыс, ғылыми-
зерттеу жұмысы т.б) бағдарламалар жасау қажет. Яғни, әр сабақ түрі үшін
компьютерді пайдаланудың ұлымды немесе тиімді әдісін және нысанын тандау
қажет.
Ақпараттық технологиялар бүтіндей объектті зерттеу көзқарасынан, сонымен
қатар бөлек құрылыстық құраушылар көзқарасынан да классификациялануы
мүмкін. Әдетте ақпараттық технологиялар классификациясына кіретіндер:
ақпараттың материалды тасығыш типі, ақпаратты техниканың даму деңгейі,
адамның интеллектуалды қызметінің автоматтандыру мәртебесі және де т.б.
Осындай әдістеме сәйкестлігімен ақпараттық технологиялардың келесі түрлерін
белгілеуге болады: жаратылысты-табиғи, қағазды-механизацияланған,
автоматтандырылған.
Жаратылысты-табиғи ақпараттық технология ақпараттың жаратылысты
тасығышын (тастар, сөйлесу, адам миы), сонымен қатар жаратылысты каналдары
мен оларды жіберу құралдарын (дыбыс, сәуле) қолданады. Мұндай
технологияларда ақпарат субъекттен бөлінбеген, сондықтан олардың сақталуы
мен жіберілуі қиын.
Қағазды-механизацияланған ақпараттық технологияда ақпарат субъекттен
бөлінген, оны сақтауға, жіберуге, өңдеуге болады. Ақпаратты сақтау
негізінде қағазды тасығыштарда құжат ретінде өндіріледі. Ақпаратты өңдеу
механизация элементтерін қолдану көмегімен жүзеге асырылады.
Автоматтандырылған ақпараттық технология ЭЕМ-де қолдану, ақпараттық
техника құралдарында және әр түрлі машиналық ақпаратты тасығыштарында
негізделген. Берілген ақпараттық технология түріне білім деңгейіне дейінгі
ақпаратт құрылымының жоғарғы деңгейі және адамның интеллектуалды қызметінің
автоматизациясы тән болып келеді.
Өз кезегінде автоматтандырылған ақпараттық технологиялар
төмендегілерге бөлінеді:
а) ЭЕМ-ді қолдану формасына қарай:
- жинақталынған, орталықтандырылған мәліметтер өңдеуіне негізделген;
- локальды, ЭЕМ тікелей маманның жұмыс орнында пайдаланылады;
- бөлінген немесе желілік, ақпаратты-есептеуіш желілерде қолданылатын
есептеуіш техникасының құралдарының бірігуіне негізделген;
б) машиналық ақпараттар организациясы формасына және мәліметтердің
қолданылатын құрылымы типтеріне қарай:
- файлдық жүйелерге негізделген ақпараттық технологиялар;
- мәліметтер базасына негізделген ақпараттық технологиялар;
- білім базасына негізделген ақпараттық технологиялар;
в) мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесінің типтеріне қарай:
- ақпаратты өңдеудің процесі функционалдық (операциялықпен) принцип
(әр элементтің артынан бір операция бекітіледі) бойынша ұйымдастырылған
ақпараттық технологиялар;
- ақпаратты өңдеудің процесі пәндік принцип (тұйықсыз циклмен)
бойынша ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар;
г) адамның интеллектуалды қызметін автоматтандыру деңгейіне қарай:
- формальды модельдерді қолданумен тапсырмаларды автоматтандырылған
шешім идеологиясына негізделген дәстурлі ақпараттық технологиялар;
- білім концепциясына негізделген және есептеу ортасына,
формулировкаға, қойылымына пайдаланушының тікелей интеллектуалды рұқсатын
қамтамасыз ететін және пәндік обласында тапсырмаларды орындайтын жаңа
ақпараттық технологиялар;
д) функционалдық тағайындауына қарай:
- өндірісті-технологиялық ақпараттық технологиялар;
- организациялы-басқарулық ақпараттық технологиялар;
- ғылыми-зерттеушілік ақпараттық технологиялар;
- жобалы-құрылымдық ақпараттық технологиялар;
- білім берушілік ақпараттық технологиялар және т.б.
Практикалық қосымшалар сферасына байланысты глобальды, базалық және
нақты ақпараттық технологиялар деп те бөледі.
Глобальды ақпараттық технология модельдерді, қалыптастыру әдісі мен
құралдарын және ұйымда ақпараттық ресурсты қолдануды қамтиды. Базалық
ақпараттық технология белгілі бір мәселелік облысқа бейімделеді (өндіріс,
ғылыми зерттеулер, жобалау, білім және т.б.). Нақты ақпараттық
технологиялар нақты объекттердің ақпараттық қамтамасыздандыру қызметіне
белгіленген.

2. Ақпарат ұғымы

Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Біз бәріміз жарық дүниені
көргенімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және
журнал оқығанда, радио тыңдап, теледи-дар көргенде, мұғаліммен, ата-
аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың
араласуы мен бірге жүруі – жұмыс істеу, оқу және ойлау – ақпарат алмасусыз
жүзеге аспайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарға қатысты айтылып,
айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді,
қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл
хабарламалар тіл, бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т.б.
түрінде болады.
Ақпарат дегеніміз – хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны,
сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе дадыда болатын
мәліметтер. Басқаша айтқанда ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар,
зат, құбы-лыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпарат термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымды
білдіретін information сөзінен шыққан.
Ақпараттық процестер, яғни информацияны сақтау, өңдеу және
таратупроцесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарады. Адамдар ауызша
хаттармен, хабарламалармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бірбіріне
өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп
отырады; көне хаттармен құжаттардысақтайды; алынған хабарлар туралы көп
ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының
барлығы ақпараттық процестер.
Ақпарат ұғымы басқа ғылыми ұғымдармен қатар материалдық әлем заңдарын
тереңірек білуге мүмкіндік береді. Ол материя қозғаласының барлық түрлері
мен пішіндеріне ортақ болып табылады және материаны белгілі бір ажырағысыз
қасиеттерімен және атрибутымен байланысы деп есептеледі.
Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады.
Өйткені бұған дейін ақпараттың құрлымы мен қасиеттері барлық ғылым
салаларында зерттелінді. Мысалы, физика – ақпарат таситын сигналдардың
қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны
белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды.
Мәліметтер түрленіп, тасмалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады.
Мәліметтер мен әдістердің өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі
табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия
алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат
алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат
алмасу түрінде өтеді немесе оны ақпараттық процес деп атайды.
Ақпарат мөлшерін көлемдік тәсілмен анықталғанда объектіге мәндік қатысын
бөліп көрсетпейтін, дербессіздендірілген ақпаратпен операциялайды. Мұнда
ақпарат көлемі хабарламадағы символдар санымен өлшенеді.
Ақпарат қазіргі әлемдегі маңызы бұрын-соңы болмаған дәрежеге жетті. Осы
тектес жұмыстардың сапасы мен тиімділігі экономикамыздың сапасы мен
тиімділігін анықтай бастады.
Ақпараттық жаңа әлемде бәрінен бұрын екі кезең нақты болып шықты.
Біріншіден, қоғамның бұрын болмаған дәрежеде ақпараттық техникаға қол
жеткізуі. Екіншіден, мұның қызмет етушілері мен әдепттерлерінің саны көп
есе өсіп кетті.

3.Мәліметтендіру негіздері, құрылымы

4.Файлдық құрылым

Файл деп дербес компьютердің сыртқы жадысының атау берілген
бөлігін түсінеміз. Кез келген файлдың өзіне тән үш ерекшелігі болады.
Біріншіден, файлдың атауы бар, программаға осы атауы бойынша бір мезгілде
бірнеше файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол бір типті
компоненттерден тұрады. Файлдан басқа Object Paskal-дың кез келген типі
компоненттер типі бола алады. Үшіншіден,Файлдың ұзындығы жөнінде оны
хабарлауда ешнәрсе айтылмайды, ол тек сыртқы жады құрылғысының көмегімен
шектеледі. Файлдық типті төмендегі үш тәсілдің бірімен беруге болады:
аты=File ofтип;
аты=TextFile;
аты=File;
Мұндағы аты – файлдық типтің аты; File of – қызметші сөздер
(файл,содан); TextFile – стандартты мәтіндік файл типінің атауы; тип –
файлдан басқа Object Pascal -дың кез келген типі.
Мысалы,
Type
Product = Record
Name: String;
Code: word;
Cost; Comp
End;
Text80 = File of String[80];
Var F1:File of char;
F2:TextFile;
F3:Text80;
F4:File of Product;
Хабарлау тәсіліне қарай, файлды үш түрге бөлуге болады:
мәтіндік, типтік және типтік емес.
Ақпарат ASCII кодымен берілген файл мәтіндік файл болып табылады.
Мәліметтердің кез келген қарапайым типі осылай беріледі. Жеке мәндер файлда
жол болып беріледі. Мұндай жазулар ақпараи бөліктері болып бірігуі мүмкін.
Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты .txt, .doc болып беріледі.
Программалау тілдеріндегі программа мәтіндегі файлдар үшінзаты тілдің
белгісін білдіреді, мысалы, .pas, .bas. Физикалық мәтіндік файл тізбекті
кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады.
Типтік файл – бұл компоненттері – мәндері екілік кодпен берілген,
файлдық типтен басқа, жай және құрылымдық типті файл. Файл компоненті деп
файл жөніндегі дербес мәліметті айтады. Мысалы, integer немесе real типті
файл. Типтік файлдың физикалық атауының затын пайдаланушы анықтайды. Типтік
файл тікелей кіру мүмкіндігі бар файл болып табылады, бірақ өзінің
компоненттеріне тізбекті түрде кіру мүмкіндігін де береді.
Типтік емес файл – бұл компоненттері 0 мен 1 екілік цифрлардан
құралған сегіз битті тізбек болып табылады. Мысалы, жадының кез келген
ұяшығындағы кез келген типті ақпарат түрінде көз алдымызға елестетуге
болады. Файлдарға төмендегідей ұғымдар тән: файл атауы, файл типі, файл
компоненті, файлды жазу, файлды жазудың соңы және файл соңы. Бұл ұғымдардың
бәрі логикалық та,физикалық та бола алады.Мысалы,файлдың логикалық атауы
және файлдың физикалық атауы. Файлды жазудың соңы – тасымалдаушыға
физикалық жазудан кейін қойылатын белгі. Ол EOL (End Of Line) деп аталады.
Ол физикалық файлмен жұмыс барысында жазудың соңы кездессе true мәнін
қабылдайды.
Файлдың соңы – тасымалдаушыға физикалық файл компонентінің соңын
жазғаннан кейін қойылатын белгі. Ол EOF (End Of File). Сондай-ақ, физикалық
файлмен жұмыс барысында файлдың соңы кездессе, true мәнін қабылдайтын
Паскальдың бұл айнымалы функциясы да осылай аталады.
Физикалық файлдар оның компоненттеріне кіру иәсіліне қарай
тізбекті және тікелей болып екіге бөлінеді. Осы бөлінуге сәйкес файлдар
тікелей кіру және тізбекті кіру мүмкіндігі бар файл деп аталады.
Файлға тікелей кіру жағдайында файлдың кез келген компонентімен
жұмыс істеу үшін тікелей кіруге болады. Тікелей кіру мүмкіндігі бар файлдың
барлық компоненттері нөмірленген. Нөмір нөлден басталады, яғни 1-
компоненттің нөмірі – 0, екінші компоненттің нөмірі 1 және т.с.с. Бұдан,
файлдың соңына n+1-ші орынға n-нөмірлі компонент орналасады. Тікелей кіру
компонентінің нөмірі бойынша жүзеге асады. Сонымен тікелей кіру мүмкіндігі
бар файлды тасымалдаушының кез келген бөліне тікелей кіруге мүмкіндік
беретін ақпарат тасымалдаушыларда ғана орналастыруға болады, мысалы,
магнитті дискілерде.
Тізбекті түрде кіру мүмкіндігі бар файл компоненттерін оқу тек
бірінші компоненттен басталады.
Сондықтан,тасымалдаушының қандай да бір компонентін оқу үшін
ізделінді компонент табылғанша алдыңғыларын өткізіп отыру қажет. Тізбекті
файлдың қарапайым мысалына магнитті лентада жазылған файл жатады.
Object Pascal тілінде файлдармен төмендегідей жұмыс түрін
ұйымдастыруға болады:
- файл құру;
- мәліметтерді файлға жазуға;
- мәліметтерді файлдан оқуға;
- файлды түрлендіру.
Файлмен жұмыс істеу үшін логикалық атауы бойынша
логикалық файл сипатталуы тиіс. Одан кейін логикалық файл физикалық
файлмен сәйкес құрылғыда, ақпаратты тасымалдаушыда байланысуы тиіс. Одан
кейін физикалық файлды ашуға мүмкіндік болуы қажет. Файл тек оқу үшін, тек
жазу үшін немесе оқу және жазу үшін ашылады. Оператор арқылы логикалық файл
мен физикалық файлды байланыстырғаннан кейін файлмен жұмыс істеуде файлдың
логикалық атауы пайдаланылады. Бұдан кейін жұмыс физикалық файлмен
орындалады.

5. Ақпараттық технологиялар пәні және оның мәселелері

Жалпы технология, ақпараттык және компьютерлік технология дегеніміз не?
Соларға жауап бере кетелік. Анықтама бойынша технология дегеніміз —
материалды өңдеу үрдістерінің жиынтығы, немесе материалды өңдеу тәсілдері
туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология дегеніміз — түрлендіруді
жүзеге асыруга мүмкіндік беретін тәсіл. Бұл бізге технология түсінігін
тек материалды өндіріс сферасында ғана емес, сонымен қоса адам іс-
әрекетінің басқа да сферасында да, соның ішінде білім беру жүйесінде де
пайдалануға мүмкіндік береді. Оқыту теориясында технология ұғымының үш
жүзге жуық анықтамасы бар екенін айту жөн. Ақпараттық технологияның
арқасында әрбір тәлімгердің тек дәстүрлі ақпарат көздерімен ғана емес,
сонымен қатар дәстүрлі емес ақпарат көздерімен жұмыс істеуге мүмкіндіктері
бар.
Ақпараттық технология деген терминді В. Тлушков енгізді. ол оған былай
анықтама береді: Ақпараттық технология дегеніміз — ақпаратты өндеумен
байланысты үрдістер. Сонда оқытуда ақпараттық технологиялар үнемі
қолданылған деуге болады, себебі оқыту дегеніміз — ақпаратты оқытушыдан
тәлімгерге немесе оқушыға жеткізу. В.Апатова, В.Глушковтың берген
анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: Ақпаратгық технология
дегеніміз — ақпаратты өндеу үрдісі арқылы жүзеге асатын құралдар мен
әдістер жиынтығы.
Д.Матрос жаңа ақпараттық технология ұғымын қарастыра отырып, кез
келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты тәлімгерлер,
оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни,
оның анықтамасы бойыңша, кез келген педагогикалық технология дегеніміз —
бұл ақпараттық технология.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану нәтижесі компьютерлік технология
терминінің пайда болуына әкелді. Бірақ та есептеуіш техниканың белсенді
түрде дамуы және жаңа аппаратты, бағдарламалық құралдардың пайда болуы
компьютерді қолдану аясын кеңейтті. Білімді ақпараттандыруды
тәлімгерлердің, оқушылардың мәліметтер және білім базасында, электронды
мұрағаттарда, аныктамаларда, энциклопедияларда белсенді түрде жұмыс істеуі
деп анықтауға болады. Осыдан оқытудың ақпараттық технологиясын анықтауға
болады: оқытушылық іс-әрекетті және құралды іске қосу, олардың жұмыс істеуі
кезіндегі пайдаланылатын электрондық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.
Кез келген ұйымда басқару қызметтері нәтижелі ақпаратты, қорытылған
мәліметтердің қайта құру технологиясына негізделеді. Технология ұғымының
(мағынасының) өзі өнеркәсіптік өндірісте қолданылады және өндіріс үрдісінде
өнімді әзірлеу тәсілдерінен және өзара байланысқан материалдарды өңдеу
жүйесі ретінде анықталады. Әдістер жүйесі техникалық құралдарды пайдалану
негізінде ақпараттық жинау, жіберу, өндеу, жинақтау. сақтау тәсілдерін
қолдану арқылы ақпараттық технологияны анықтаймыз.
Ақпараттық технологиялар ақпараттық үрдістердің әр қилылығына байланысты
мынандай технологияға жіктеледі:
- ақпаратты жинау;
- ақпаратты жеткізу;
- ақпаратгы өндеу;
- ақпаратгы жинақтау;
- ақпаратты сақтау;
- ақпаратты ұсыну;
- ақпаратты паидалану;
- ақпаратты қорғау.
Нақты ақпараттық технологияны жүзеге асыру үшін мынадарды орындау қажет:
- ақпараттық үрдістің өзін жүзеге асыратын тиісті техникалық құралдардың
кешені;
- техникалықкешенмен басқару құралдарының жүйесі;
- техниқалық құалдардың барлық іс-әрекеттерінің жүзеге асырылуын
байданыстыратын ұйымдастырушылықты әдістемелік қамтамасыз ету. Қазіргі
заманғы басқарма қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық үрдістердің әр
түрлерін жинақты түрде пайдалануға негізделген, Соған байланысты көбінесе
қазіргі заманғы немесе жаңа ақпаратгық технология деп компьютерлік
ақпараттық технологияны ұғынамыз.

6.Пән, объектілер және информатика құрамының бөлігі

Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру,
жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа
ғылыми пән. Информатиканың оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді
пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп
ғана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен
тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму
процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар,
информацияны өңдеу,жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.
Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән
болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін
өнімі информация болып саналады. Сондықтан информация ұғымы информатика
мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Информацияның жеткіліктігі немесе толықтығы оның информацияның
дұрыс шешім қабылдауға қажетті деректердің ең аз шамадағы көлемін
білдіреді. Толық емес информация пайдаланушылар қабылдаған шешімнің
тиімділігін кемітеді. Ал, информацияның мөлшерден көп болуы, керісінше,
оперативтілікті кемітіп, шешім қабылдауда қиындатады, есесіне информацияны
әлдеқайда тұрақты етеді.
Информацияның іргелі, үлкен өзгешелігіне жүйелілігі жатады.
Белгілі болғандай, оған кіретін элементтердің әрбіреуі жеке алғанда мұндай
өзгешілікке ие бола алмайтын өзгешіліктердің жиынтығы жүйе деп аталады.
Әрбір бір жолғы информациялық сигналдардың өзара бірігуі әлдеқайда жоғары
тудыратыны туралы көп мысалдарды еш қиындықсыз келтіруге болады.

7. Ақпараттың физикалық және математикалық аспектілері

8. Информатиканың математикалық негіздері

9. ДК-дің функционалдық бөліктері

10. Компьютер архитектурасы

Дербес компьютердің архитектурсы – бұл, қолданушы мен программашының
көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық
құралдар жиынтығы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді (яғни,
ЭЕМ бөліктерінен тұрады).
Қазіргі уақытта компьютерлік жүйелердің әр түрлі архитектурасы болады.
Бірақ олардың бәрінің де өз құрылымында қарастырылған элементтері болу
керек және міндетті түрде компьютерлік жүйелердің функцияларының негізгі
қағидаттарын қолданады. Ол қағидаттарға келесілерді жатқызуға болады:
модульдік принцип, магистральдік, микропрограммалық.
Модульдік-модульдер негізінде компьютерлерді құрастыру әдісі.
Модуль-стандартты түрде жасалған конструктивті және функционалды түрде
аяқталған электронды блок.
Магистральдік дегеніміз бұл әр түрлі компьютерлік модульдердің
біріктірілуі.Бұл жерде кіріс және шығыс модуль құрылғылары бір сыммен
қосылады, осылардың жиынтығы шина деп аталады.Компьютерлер магистралі
бірнеше шина топтарынан құралады және олар функционалдық белгі бойынша
ажыратылады-шина адресі,мәліметтер шинасы,басқару шинасы.
Микропрограммалау –жүйені программалық басқару принципін жүзеге
асыру тәсілі.
ДК –дің негізгі аппараты және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Элемент типі - массив элементтерінің типін көрсету
Логикалық файлдың сипатталуы
Turbo Pascal жүйесінде файлдармен жұмысты ұйымдастыру технологиясы
Ақпарат және ақпараттық технологиялар туралы мағлұмат
Файл. Файлдар мен қалталар түсінігі
Информатика пәнінен лекция тезистері
Delphi программалау ортасымен зертханалық жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар
Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі
Ms dos операциялық жүйесi. Графикалық редактор
Әр түрлі операциялық жүйелерде шифрлеудің программалық құралдары
Пәндер