Қажым Жұмалиев 1960 жылы жарық көрген Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі монографиясында


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ «ШАРИАТ-УЛ ИСЛАМ» ЕҢБЕГІ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ «Шариат-ул ислам»(«Мұсылманшылықтың тұтқасы») еңбегі 1884 жылы Қазан қаласында араб қаріпімен басылып шықты. 1894 жылы Орынборда орыс таңбасымен қайта басылды. Еңбек сол замандағы патша үкіметі тарапынан жүргізіліп отырған дін саясатына орай шықты. Ұзақ жылдар бойы бұл еңбектің негізгі мәні соншалықты ашылып айтылған жоқ, арнайы қарастырылып сөз болған жоқ. . Бұл еңбек қазақ әдебиеттану ғылымында өзіндік өріс тапқан іргелі ыбырайтану ғылымының «ақтандағы» болып қалып отырды.

Шәмшиябану Сәтбаева 1988 жылы «Ыбырай Алтынсарин тағлымы» атты жинаққа арнайы жазылған «Экзетикалық дәстүрге үлес» зерттеуінде ыбырайтанудың ХІХ ғасырдың 70 жылдарыннан бері өрістеп отырған ғылым арнасы екендігін көрсететін фактілер келтіре отырып, былай деп жазды: «Алайда, зерттеулерден көбіне тыс, шет қалып жүрген бір еңбек Ы. Алтынсариннің «Шариат -ұл ислам» - «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты 1884 жылы Қазан университетінің типографиясында араб әріпімен жарық көрген кітабы. Одан кейін қайта басылған емес. Атынан үркіп көбіне аталмай келді, аракідік аталса, терең зерттелмеді» (1) . Аталған еңбек «Құран» текстерін ұғындыру мақсатында, мектептерде оқытылатын дін сабағының қазақтарға анағұрлым ұғынықты оқу құралы есебінде жазылды. Ислам дінін ұстанып отырған халықтың «Құран» негіздерін татар молдалары арқылы үйренуінің көптеген кері әсері болды.

Бұл еңбектің жазылуындағы көп мақсаттың бірі - тіл тазалығын сақтау да болды. Ыбырай Алтынсарин ислам дінінің негізгі ұстанымдарын қазақ баласына дұрыс тәбие беруге бағыттады. Ыбырай Алтынсарин бұл еңбекті жазудағы мақсатын өзі айқын айтып берді.

« . . . Қазіргі кезде қазақ арасында Мұхаммедтің діни оқуы жайылып, етек алып барады . . . мүмкін болғанша, біріншден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін ( бұл - қазақтарды татарландырудың ең сенімді тәсілдерінің бірі ғой. Мен соңғы кезде Мұхаммед шариғатын үйрене бастап . . . Осы оқу құралын құрастыруға кірістім» (2) .

«Шариат - үл ислам» Ыбырай Алтынсариннің ХІХ ғасырда патша үкіметі тарапынан жүргізілген миссионерлік саясатқа қатысын да айқындайтын еңбек. Бұл еңбек сонымен бірге. ХІХ ғасырдағы қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасуында да өлшеусіз ықпалы болған жазба тіл мұрасы есебінде де аса бағалы.

Мұхтар Әуезов 1927 жылы жарық көрген «Әдебиет тарихы» оқулығында Ыбырай Алтынсаринді «жүз жылдық дәуірге» созылған зар заман әдебиетінің дін мен мәдениет иісі шыға бастаған үшінші кезеңге жатқызады. Зар заман ақындарының ішінде дін сарынан шығарып, дн мейманалығын көп ұсынатын ақын Алтынсарин дкп айрықша бөліп айтады.

М. Әуезов кейініректе Ыбырай Алтынсариннің дінге қатысын кеңіте түсер мынадай түйін айтады. Бірақ бұл жерде де саяс ат ыңғайымен Ыбырайдың исламиятқа қатысын бір жақты ғана айтып өтуге мәжбүр болғандай . . .

«Осының бәрінің тұсында ол патшалықтың отарлаушы, бюрократтық-чиновниктік аппараттарымен үнемі арбасып, қажымай күресуші және бір өзі, екі буйірінен (астын сызған біз- Қ. М. ) дұшпан көзбен қарап қадалған діншілдер қастандығына қарсы да алысушы болды. Осы сонғы жайдын өзін ғана алғанда, Ыбырай көрген қос қысымның (астын сызған біз- Қ. М. ) ол заманда қаншалық ауыр, зіл салмақты дерт болғандығын анық аңғаруымызға болады » (Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы, 19-том) . М. Әуезов XIX ғасырдағы қазақты шоқындыру сая сатын айтады, бірақ Ыбырайдың сол саясатқа қарсы өрістеген діни-ағартушылық ағымның сауатты өкілі болғанын айтпай, іркіп қалады.

Қазіргі уақытта Ыбырайдың дүниетанымы, оның шығармашылығындағы діннің жайына қатысты мәселелер жаңа бір қырынан таныла бастады. Осы орайда Шәмшиябану Қанышқызы Сәтбаеваның пікірін және бір еске салғанды жөн көрдік. Ш. Сәтбаева Ыбырай Алтынсариннің 1884 жылы басылып шыққан «Шариат - ул Ислам» еңбегіне ең алғаш түсінік берген ғалым. 1991 жылы «Жазушы» баспасынан Ыбырай Алтынсариннің туғанына 150 жыл толу қарсаңында шыққан «Ыбырай Аотынсарин тағылымы» атты жинаққа арнап жазған «Экзегетикалық дәстүрге үлес» еңбегі экзегетикалық діни негіздерді түсіндіру дәстүрінде жазылған кітап екенін айтады.

Бұл кітапты жарыққа шығаруда Ыбырай орыс миссионерлері таратқан талай тосқауылға тап болды. Ильминский Ресей империясы мектебінде оқытылатын дін сабақтарына оқулық есебінде жазылған бұл еңбекті де «Қазақ хрестоматиясы» сияқты орыс қаріпімен бастырып шығару керек дейді. Ыбырай Алтынсарин бұған батыл уәж айтады: «Бұл арада тағы бір ескерте кетуге қажет нәрсе - мұндай оқу құралды, менің басында ойлағанымдай орыс әріпімен жазу мүмкін емес, өйткені мұндай дін кітабы, шариғат тұрғыларына толық сай құрастырылғанымен де, сыртқы жағынан қарағанда мұсылманша болмаған соң, қазақ арасында сенімді болмас еді, әр түрлі қолайсыз әңгімелер туғызар еді».

Қажым Жұмалиев 1960 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» монографиясында Ыбырайдың дін жайын саясат жөнімен бір жақтылау танытқанымен, Алтынсариннің негізгі ұстанымдарындағы ымырасыздық туралы нақты тұжырым жасады. «Кейбір күрделі мәселелер жөнінде Алтынсариннің Ильминский, Григорьевтермен де келіспейтін жайлары аз емес. Бірақ Ыбырай олардың ешқайсысымен араздасып, не айтысып-тартыспай-ақ өзінің ойға алған жұмысын іске асыруға тырысқан. Бәріменде істесе білген. Бірақ ешқайсысының ықпалында кетпеген» (3) .

Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабы араға бір ғасырға жуық уақыт салып барып, 1991 жылы «Қазақстан» баспасынан басылып шықты. Кітаптың алғы сөзінде жазушы Ақселеу Сейдімбек бұл еңбктің жазылуының екі түрлі себебі болды деп, бірін сол кезеңдегі мектнптнгі дін сабағына арналған оқу құралы есебіндегі міндетімен, екіншісін, сол кездегі қазақ әдеби тілінің таза орнығыуы жолындағы мүддеден туған міндетпен орынды байланыстырды.

Осы жерде, кітаптың туу тарихын, жазылу себебін Ыбырайдың өзі берген түсініктемедегі бір мәселемен байланыста қараудың орны бөлек болмағын айтқан жөн. Біздіңше, еңбек сол кездегі провасловие дінінің қызметшілері тарапынан жүргізілген миссионерлікке, өзге дін өкілдерін шоқындыру саясатына да қарсы мәндер жазылған. Бұл өзі өткен тарихқа қазіргі жан-жақты баға беріліп отырған уақыт санамызға сіңіре бастаған шындық. Ыбырай Алтынсариннің кезеңінде өзінің жазған түсініктемесі де кітаптың мақсатын анық көрсетіп тұр.

« . . . біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшн мен соңғы кезде Мұхамбет шариғатын үйрене бастап . . . осы оқу құралын құрастыруға кірістім» (4) . Бұл жерде «Теріс бағыт» деп Ыбырайдың да шала, дүмшелікпен ұғындыруды айтып отыр.

Еңбектің білім мәселесі Абай айтқандай «Махаббатпен жаратқан адамзатты» бір құдайдың, алланың құдіретін мадақтаудан басталады. Мұнан соң мақтау Мұхамбет Мұстафа салла аллаһу аллаһи уассаламға арналады. «Ләкин ислам мәнісін білмек әрбір мұсылманның өз басына парыз. Әлгі рәуіште мұсылманшылықтың шартын ел ішінде молдалары біліп бөтендері білмегенмен бұл білмегендердің мойнына парыз түспейді. Парыз түсу түгіл бұл мұқтаж шарттарды білмеген кісі мұсылманда болмайды. Құдай тағала өзі сақтасын, соның үшін бізбен қатар татар, түркі, уа ғайри халықтар аят хадистің мұқтаж, керекті бұйрықтарын өз тілінше көшіріп, түсінетін кітаптар шығарып, дін ғылымын жұрттарына жайды. Бірақ біздің қазақ елінде әркім түсініп оқып немесе біреу оқыса тыңдаған қара халық түсініп отыратын бірде кітап жоқ. Сол себептен жалғыз ктіап таныған молдалар болмаса көп қара халық өзінің діні не екенін де кәміл түсінбейді. Хатта көп адам осы қылыпша кәпір болып та жүрген шығар. Мұны көріп біз. Фақыр Қыпшақ руының Ибраһим Балғожа биұғлы, қарындас халықымыз қазақ жұртына пайда келтірмек ниетімен һәм қараңғы туғандарымызды түсінікті тіліменен өзінің діні түсіндіру үшін ол кітапты жазуға кірістік» (5) .

Философия ғылымының докторы Мұқаш Бурабаев «Ыбырай Алтынсарин тағылымы» жинағына арнайы жазылған «Ыбырай Алтынсариннің көзқарасы» мақаласында былай деп жазды:

«Алтынсарин дүниетанымының мән-мағынасын анықтауда оның ислам мен халық діншілігіне қарсы күреске арналған қызметі мен творчествосының бір қыры ерекше назар аудартады. Алтынсариннің ағартушылық және дінге қарсы қызметі өзара тығыз байланыста болды . . . Ол діннің қазақ қоғамы өмірінде ерекше орын алатындығын байқады. Сонымен бірге қазақ халқының өз бетімен діншіл еместігін үстем таптың күштеуімен екендігін мойындады» (6) .

Мақала 1991 жылы жазылған. Рас, орыс тілінде жазылған. Алайда, аударма түпнұсқадағы түркі ойды бұрып тұр деуге негіз жоқ. Егер, мақала өткен ғасырдың 40, 50, 60 - жылдарының басында жазылса, түсіністікпен қарар едік. Бірақ . . . «Айтылған сөз - атылған оқ». Автор Алтынсаринді әр қырынан дінге қатысты жөнінен мейлінше зерттейді. Сөйтіп Алтынсарин мұсылмандықпен күресте саналы түрде «Шариат-ул ислам» құралын жазды, деп ой түйеді. Негізінде, бұл жөнде, тарихи ақиқатқа адалдық тұрғысынан, кімге де қатысты болсын, қай мәселеге қатысты болсын үкім айтуға абай болғанымыз жөн шығар.

Еңбектің мазмұны, тілі, жазылу жөні, мақсаты туралы сөзді Абай шығармаларындағы, әсіресе, қара сөздеріндегі дін жайымен, Шәкәрімнің «Мұсылманшылықтың шарты» (1911) еңбектерімен сабақтастықта қозғау, біздіңше, оның құндылығын, тарихи мәнін ашуға татар тура жолдың бірі көрінеді. Ыбырайдағы, Абайдағы адамды, алланы сүю парызымен имандылық мұсылманшылық жөнімен желілес сабақтас ой иірімдері салыстыра зерттеу нәтижесінде көріне, ашыла түсері сөзсіз. Ыбырай мен Абайдың арасындағы екеуін аса туыстырып жіберетін шығармашылық бөлекше бітім тек олардың бұрынғы әдебиетте болмаған көркемдік үрдіс, үлгілерінде ғана емес, осы дүниетаным, дінтаным, дінге қатыстылық иірімдерінде де өзгешет бүтіндікке тартып жатқан таным табиғаты.

Ыбырайдың«Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегі мен Абайдың қара сөздеріндегі діннің мәнін ұғындырудағы, ой құрап, сөйлем құраудағы, тіл қолданыстағы қайсыбір ұқсастықтар мынадай үлгілерде көрінер еді. Ы. Алтынсариннің кітабындағы әуелгі бап - «Иман турасында». Осы иманның жайына Абай бірнеше қара сөзінде (12, 13, 28, 36, 38) қайырылып отыратыны белгілі. Осындағы иманды ұғындырудағы тіл, стиль ұқсастығы сөйлемдердің етістік - баяндауышының растамақ, сенбек, иланбақ, т. б. түрінде көрінеді. Екі ойшылдың да сөйлем соңында керек көмекші етістігін жи қолданып отырғаны байқалады. Сонымен, бірге сөйлемнің соңындағы сөздің «деп» болып келуі, «болады екен» деп аяқталуы, «емес» сөзінің жиі кездесетіні. Қазіргі баяндау тілінде басымырақ қолданылатын етістіктің - ды, - ді, - ты, - ті жұрнақтарымен аяқталған сөйлем сирек кездеседі.

Мәселен, Абайдың 15- қара сөзіндегі әрбір ой түйдегі «болады екен», «қалады екен», «нәрсе екен», «ізденеді екен», т. б. тіркестерімен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қажым Жұмалиев шығармашылығы
Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші ғалым
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
Абайдың өмірбаяны
Исатай - Махамбет жырының мәнісін сөз ете келіп, осы жырдың авторы
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дулат Бабатай-ұлы
Қажым Жұмалиев – эпостық жанрдың түрлерін зерттеуші
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
Дулат Бабатайұлы өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz