Тәрбие құралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбиеленушілердің жас
ерекшеліктеріне қарамай, міндет әртүрлі едістермен шешіледі. Тәрбие
процесінің барлық кезеңінде белігі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке
сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірініші сыныпқа дәл келетіні,
үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны
қабыддамауы мүмкін.
4. Ұжымның қалыптасу деңгейі. Ұжымның өзін-өзі басқару формасының
дамуына қарай педагогикалық әсер әдістері өзгеріссіз қалмайды: басқарудың
ыңғайлы (гибкость) болып келуі тәрбиеші мен төрбиеленушінің бірігіп қызмет
етуінің табысты шарты ретінде қажет.
5. Тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық ерекшеліктері. Жалпы
әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттігі тек бастама ғана.
Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз
әдістерінде әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік
қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік
беретін әрекеттерді жасайды.
6. Тәрбиелік жағдайлар. Мүндай жағдайларға психологиялық-
физиологиялық санитарлық - генетикалық, сонымен бірге сыныпта болатын қарым
– қатынастар яғни ұжымньщ көңіл - жайы, педагогикалық жетекшіліктің стилі
және тағы басқалар жатады. Абстрактты (дерексіз) жағдайлар болмайды,
жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімен жасалатын тәрбиелік шара
- істер — педагогикалық ситуация деп аталады.
7. Тәрбие құралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесінің бөліктері
ретіңде көрінеді, олар педагогика құралдар бірлігін құрайды. Әдістерден
басқа да тәрбие құралдары баршылық, олар әдістермен тығыз байланыста бірге
қолданылады (көрнекі құралдар, өнер шығармалары, бұқаралық ақпарат
құралдары). Тәрбие құралдарына олармен бірге, әртүрлі іс-әрекет түрілері
(ойын, оқу, еңбек), педагогикалық техника (тіл, ым, қимыл т.б.), мұғалім
мен оқушының қалыпты өмірлік іс-әрекетін жасауға көмектесетін құралдар
жатады. Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаланылмаса, олардың
маңызы еленбейді. Алайда осы жаңа жабдықтар әсері тәрбие әдістерін талдауға
негізгі ықпал жасайды.
8. Педагогикалық дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін, жеке меңгерген
әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш жұмсауды талап
етеді: кейбір педагогтар бұл мәселені айналып өткісі қеледі. Осыдан болатын
кемшілік - тәрбиенің жетімсіздігі.
9. Тәрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда
ықпалды әсер ету әдісі қолданылады. Бұл әдіс әсіресе қысқа мерзімде қайта
тәрбиелеу үшін қолданылады. Мектеп уақытының, тұлғаның тұрақты қасиеттерін
қалыптастыруға жеткілікті болатынын мойындайтын біртұтас көзқарас жоқ.
Кейбір педагогтар уақыттың жеткіліксіздігің алға тартып, ықпалды әсер ету
әдістеріне бағытталғанды жөн көреді. Қалай болғанда да, уақыт факторы
тәрбие әдістерін талдауда және жобалауда маңызды рөл атқарады.
10. Күтілетін қорытындылар. Тәрбиеші әдістерді талдай отырып, оның
табысқа жетіліксіздігіне сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол қолданылған
әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдын-ала болжай білуі шарт.

3. Тәрбие әдістерінің жіктелуі

Әдіс құру - тәрбиелеу міндетіне орайластырылған жауап болып есептеледі.
Педагогикалық әдебиеттерде көптеген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік
беретін әртүрлі әдістерді табуға болады. Әдістер және олардың әртүрлі
модельдерінің көптігі соншалық, керекті мақсатқа сай келер әдісті талдауға
сол әдістердің жіктелуі ғана көмектесе алады. Әдістердің жіктелуі —
анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелудің өзі
әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін, нақты және кездейсоқ
теориялық немесе практикалық екенін білуге, сонымен бірге оларды дұрыс
таңдауда, барынша ұтымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге сүйене отырып,
педагог тек әдістер жүйесін ғана танып қоймай, ол әртүрлі әдістер
белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді. Кез келген әдістің ғылыми жіктелуі
олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Тәрбие
әдістері жүйесіне орай танылатын белгілер өте көп. Кез келген жалпы
белгілерден жеке-дара жіктеме жасауға болады. Қазіргі педагогикада ондаған
жіктеме белгілі, бірі тәжірибелік міңдеттерді шешуге қажет болса, екіншісі
теориялық міндеттерді қарастырады. Көптеген әдістер жүйесінде жіктелудің
логикалық негізі анық емес. Бұған тәжірибелік мәні бар жіктеулерге негіз
ретінде әдістің бір емес, бірнеше маңызды және жалпы тұстарының болуы айқын
дәлел.
Тәрбие тәсілдері өз ерекшеліктері бойынша былай жіктеледі: сендіру,
жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушыларды
мінез-құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі-көрнекі, үйрету, үйлесімділікке
келітіру, өзіндік тәрбие. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің нәтижесі бойынша
оларды екі топқа бөлуге болады:
1. Адамгершілік қасиеттерін құрайтын ықпалдар: түрткілер, қатынас,
көзқарас қалыптастыратын түсініктер, жаңашыл көзқарастар, ой-пікірлер.
2. Қандай да бір көзқарас ұғымдарға сәйкес әдеттер орнықтырушы
ықпалдар.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерінің тиімді жетілуі бір мақсатқа, мазмұнға
негізделген тәрбие бағытын қолдайды. Осыған орай тәрбие әдісінің үш тобын
бөлуге болады:
1. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері.
2. Іс-әрекетгерді ұйымдастыру және қоғамдық, құқықтық тәжірибе
қалыптастыру әдістері.
3. Іс-әрекетке және мінез-құлыққа ынталаңдыру әдістері
4. Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру әдістері
Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптастыру үшін тұлғаның ақыл-ойын
қалыптастыру әдістері қодданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың
эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылар
педагогикалық әсерден тыс қалып отырса, оңда қойылған мақсатқа жету процесі
өте баяу жүреді. Терең сезім оқушылардың ойы айқын, әсерлі бейнелерге
аударылғанда ғана пайда болады. Тәрбиеленушілердің тәрбие іс-әрекетіне
белсенді араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана әдістер өз мақсатына
жетеді.
Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады. Педагогтың
деңгейі жоғары болған жағдайда бұл топтағы әдіетер жүйелі әрі басқалармен
бірлескш түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай анағұрлым қиын,
сөздік - эмоционалдық әсер етуші әдістері мынадай: әңгімелеу, түсіндіру,
этикалық кеңес, диспут және көрнекі тәжірибелік әсер ету әдісі, өнеге-өрнек
келтіру.
Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы әңгіме - бұл
адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоциокалды, айқьн
көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері тәрбиеленушілерді моралды жәйттерді
бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика тақырыбындағы әңгіме
бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың
тәжірибесін баланың түлғалық, адамгершілік тәжірибесін байытуғабағыттау.
Этикалық әңгімені өткізудің жағдайлары:
1 . Әңгіме оқушының әлеуметтік деңгейіне сай келуі керек.
2. Әңгіме көрсетпе-көрнекі құралдармен бірге жүрілуі қажет.
3. Қоршаған ортаньң эмоциялы әсері әңгіменің мәні мен мазмұнына сай
болуы керек.
4. Әңгіме кәсіптік деңгейде өткенде ғана тартымды болады.
5. Әңгіме тыңдаушыларды толғандыруы міндетті.
Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоционалды - сөзді әсер ету әдісі.
Түсіндірудің өңгімелеуден айырмашылығы -берілген топқа немесе нысаналы әсер
етуде. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасьна,
сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бастауыш
Сынып оқушылары үшін түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары
қолданылады: Былай істеу керек, Барлығы осылай істейдіт.с.с. бұл әдіс
мынадай жағдайларда қолданылады. а) қылық формасы немесе жаңа моралдық
сапаны қалыптастыру және бекіту үшін; б) болған іске тәрбиеленушілің дұрыс
қатынасын орнықтыру үшін.
Мектеп тіжірибесінде түсіндіру адам писхикасына еніп, іс - әрекеттердің
себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер етеніні сендіруге сүйенеді.
Сендіру тәрбиеленушіге белгілі бір шешім қабылдату жағдайында
пайдаланылады. Сендіру басқа тәрбие әдістердің әсерін күшейту үшін
қолданылады.
Этикалық сұқпат тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты
кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі. Сұқпаттың (беседа)
әңгімеден айырмашылығы – сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен
қарым - қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме мролды, этикалы,
тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалық сұқпат мақсаты –
адамгершілік түсініктерін тереңдету және бекіту, білімді жалпылау және
нақтылап орнықтыру, адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін
қалыптастыру.
Этикалы сұқбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары
себепші болады. Мұндай сұқбаттасу оқиға ізінше немесе кейінірек, балалар
өз қылдықтарының жақсы не жаман екенін ойластырып түсінген соң өткізіледі.
Этикалы сұқбаттасудың нәтижелілігі бірнеше маңызды шарттарға
байланысты:
1. Сұқбаттасудың проблемалы болғаны маңызды. Тәрбиеші шәкірттерін
үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол сұраққа жауапты
оқушылардың өздерінің табуына көмектеседі.
2. Этикалы сұқбаттар алдан – ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған
даяр сценарий бойынша өтпеуі тиіс. Оқушыларға өз ойларын баяндауға
мүмкіндік беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас
нышанымен қарауға үйрету керек.
3. Сұхбатты дәрісбаянға айналдыруға болмайды.
4. Сұхбаттасу құралдары тәрбиеленушінің эмоционалды тәжірибесіне жақын
болғаны абзал.
5. Сүхбаттасу кезінде барлық көзқарастар мен пікірлерді анықтап,
оларды салыстыра білудің маңызы зор.
6. Әңгімеге дүрыс жетекшілік — тәрбиеленушінің оңды шешімге өз бетімен
келуіне арқау.
Тәрбиеленушілермен өткізілетін жеке этикалы сұхбат тәрбиешінің жоғары
кәсіптік деңгейін керек етеді. Мұндай сұхбат кезінде психикалы тосқауыл
туып кетпеуі лазым. Егер тәрбиеші жеке сұхбаттасуға жан-тәнімен мән берсе,
онда оның үлкен табысқа жететіні сөзсіз.
Пікірталастар - тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға
арналған қызу пікір сайысы. Мұндай тәрбиелік әдіс орта және жоғары
сыныптарда әртүрлі қоғамдық-гуманитарлық тақырыптарда қолданылады.
Пікірталас негізі - бұл пікір сайысы, ой күресі, ол арнайы дайындықты
талап етеді. Пікірталас мақсаты — белгілі бір шешім шығару емес, оның
маңызы - балаларды процеске қосу әрі оны басқара жүргізу. Педагог балаларға
ойды жинақтауға, логикалы дәлелдерге сүйенуге, өз ұстанған бағытын ашып
көрсете білуге көмектеседі.
Пікірталас - қиын әдістердің бірі және ол педагогган жоғары кәсіби
біліктілікті, білімділікті талап етеді. Басқаларды үйрету үшін тәрбиешінің
өзі алдымен, шебер үйымдастырылған пікір сайыстар мектебінен өтуі керек.
Өнеге-өрнек — өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс келесі заңдылыққа
негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз
санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи
тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б. өнеге ету үлкен
тәрбиелік мәнге ие.
Мысалы, бұл жағдайдың психологиялық негізі ретінде еліктеуді айтуға болады.
Еліктеудің арқасында адамдар әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе
жинақтайды. Еліктеу – жеке адам іс - әрекеті тайды. Еліктеу - жеке адам іс-
әрекеті. Кейде еліктеудің аяқталып, шығармашылықтың басталатыіі кезін
анықтау қиынға соғады. Көбінесе шығармашылық өзіндік, ерекше еліктеуден
болады.
Өмірде жақсы да, жаман да өрнекгі бар. Оқушылардың назарын адамдар
өміріңдегі теріс қимылдарға аударып, соларды талқылап, дұрыс қорытынды
шығаруға бағыттау қажет. Уақытында және орынды келтірілген мысалдар
тәрбиеленушінің теріс қылықтардан аулақ болуына көмектеседі.
Әрине, тәрбиешінің өз өнегесін, тәрбиеленушілерге қатынасын, іскерлік
қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі тәрбиенің дүрыс жүргізілуіне
әсерін тигізеді. Тәрбиеші өз түлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және
бірізді әрекет жасаса, өзін мысал етудің оңды әсері ұлғая түседі.

5. Іс-әрекет ұйымдастыру әдістері
Тәрбие талапқа сай тұлға қалыптастыруы керек. Тұлғаның түсінігі, нанымдары
емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті
қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекет ұйымдастыру тәрбие
процесінің түбірі деп қарастырылады.
Бұл топқа кіретін барлық әдістер тәрбиеленушілердің тәжірибелік іс-
әрекетіне негізделген. Осы іс-әрекетті басқаруда педагогтар оны құрамдас
бірліктерге, яғни қылық-әрекетгер мен кіші бөліктер - операцияларға бөліп
қарастырғандықтан іске асыра алады. Тәрбие процесі педагогтың операцияларды
орындаудан әрекеттерді басқаруға, содан кейін тәрбиеленуші іс-әрекетін
басқаруға өтуімен анықталады.
Тәрбиеленушінің пайдалы істерін ұйымдастыру міндетті түрде олардың басқа
адамдармен жан-жақты қарым-қатынас жасауын қажет етеді. Әртүрлі жағдайда
болған үжымдық қарым-қатынас белгілі-бір іске, шешімге, құлықтың бір жолын
таңдауға әкеліп соғады, яғни тұлғаның күрделі қылықтары мен белгілері
қарапайым қылықтар негізінде қалыптасады.
Тұлғаның қажетгі қасиетгерін қалыптастырудың біртұтас әдісі - бұл
жаттықтыру. Қоғамдық қылық тәжірибесін игеруде іс-әрекет шешуші рөл
атқарады. Тәрбиеленушілерді нақты, мақсатты бағытталған, белсенді іс-
әрекетке кірістірмей, қажетті қылық типін қалыптастыру мүмкін емес. Іс-
әрекетке кірістіру тәсілі - жаттықтыру болады. Жаттығу - автоматты түрде
жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің
тәжірибелік әдісі. Жаттығу нәтижесі - тұлғаның тұрақты қасиеттері -
дағдылар мен әдеттер. Әдеттер сана мен ерікті жаңа жұмыстарды атқаруға
босатады. Ойлау қабілетімен айналысып, жақсы әдеттердің қалыптасуын
қадағалаудан тыс қалған тәрбие өзінің мықты сүйенішінен айрылады. Жаттығу
нәтижесінің ұтымды болуы мына жағдайларға байланысты: 1) жаттығулар жүйесі;
2) оның мазмұнына 3) жаттығулардың мүмкіндікке сай болуына; 4) көлеміне; 5)
қайталау жиілігіне; 6) бақылау мен түзетуге; 7) тәрбиеленушінің өзіндік
ерекшелігіне; 8) топтық, жеке және ұжымдық жаттығулардың үйлесімділігіне;
9) жаттығудың мотивтік негізіне және ынталандыру істеріне.
Талап - бұл тәрбиеленушінің білгілі бір іс-әрекетті тежеп не ынталандырып,
жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің
көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.
Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді: 1) тікелей талап
(жеке, нақты, дәл, түсінікті); 2) қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау
т.б.); 3) талап-кеңес 4) ойын түріндегі талап; 5) сенім арқылы талап; 6)
талап-өтініш; 7) талап-ишара; 8) талап-қуаттау; 9) позитивті және негативті
талаптар.
Үйрету - бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде
керекті сапаны қалыптастыру қажетгілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.
Гуманистік педагогика қатал үйретуге қарсы, себебі ол адам құқығына қайшы
келеді, оны басқа әдістермен бірге, әсіресе ойын әдістерімен пайдаланған
жөн. Үйрету әдісін дұрыс пайдалану шарттары:
1) мақсаттың айқын болуы;
2) түсінімді үйрету;
3) тапсырманы беру уақытымен санасу;
4) орындау жолдарын және нәтижені көрсету;
5) сапалардың бірізді және қатар тәрбиесі;
6) үнемі бақылау жасау.
Тапсырма беру әдісі жақсы нәтижелер береді. Жүйелі тапсырма беру арқылы
оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады. Тапсырма беру әртүрлі болып
келеді: ол көбінесе оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты шешіледі.
Мысалы, ойыншықтар, модельдер, схемалар дайындау.
Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жасанды жағдайдағы қылығын
ұйымдастыру әдісі тәрбиелеуші ситуациялар әдісі деп аталады.

6. Ынталандыру әдістері
Ынталандыру әдісі мақтау және жазалау болып бөлінеді. Тәрбиеленушінің
іс-әрекетіне қойылған жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтаудың түрлері:
қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты
мөлшерді сақтауды талап етеді. Ең алдымен мақтаудың психологаялық тарапы
маңызды келеді. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:
1) Балалардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы.
2) Мақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы
қоймау.
3) Мақтаудың қылық-ісіне сай болуы.
4) Мақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету.
5) Мақтаудың шындыққа негізделуі.
Жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа
адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.
Жазалаудың мынадай түрлері белгілі:
1) қосымша тапсырмалар беру;
2) белгілі бір құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;
3). моральдық кемшілігін таныту.
Педагогикалық талаптар ішінде жазалау әдісінің нәтижелі болуына негіз
қалайтын шарттар:
1) жазаның ұжым тарапынан туындауы;
2) жазаның нақты болуы;
3) жазаның міндетті түрде орындалуы;
4) оқушының не үшін жазаланғанын түсінуі;
5) тәрбиеленушінің жеке тұлғасын масқаралаудан аулақ болу;
6) жазалау мақсатының тек ұнамды қасиеттерді баулуға бағытталуы;
7) жазаның қате қылықтарды толық түсіну негізінде орындалуы;
8) жазаның өш алу құралы болмауы;
9) жазалаудың жеке оқушыға бағытталуы,
10)балалардың дара психологиясын біліп барып жазалау. Тәрбиелеушілерге
тәрбиесіз болудың пайдасыз екендігін сезіндіретін жағдайларды тудыру-
ынталандырудың субъективтік - прагматикалық әдісі деп аталады.
Субъективтік - прагматикалық әдістің нақты формалары мыналар:
1) келісім;
2) жеке өзін-өзі тәрбиелеу карточкалары;
3) ЭЕМ мониторингі;
4) тәрбиелеу тестері.
Жарыс — адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың
табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс. Жарысу әсіресе,
үлгермеушілер арасында маңызды болып, олардың дамуы үшін қажет болған
мақсатты ынталануға жол ашады. Жарысты ұйымдастыру оңай шаруа емес, ол
тәрбиеленушілердің психологиясын толық білуді талап етеді. Жарысты
ұйымдастыруда мына жағдайларды ескеру қажет:
1) жарысты белгілі мақсатқа орай ұйымдастыра білу;
2) жарыстың бағытын белгілеп, мазмұнын анықтау.

Тәрбие технологиясы

Тәрбие өнері мен тәрбиелеу технологиясы
Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. "Технология" сөзі
"техно" - өнер, шеберлік және "логос" -ғылым деген сөздерден құралған.
Технологияның өндірістік процестегі мәні - бұл қолдану кезінде алдын-ала
белгіленген нәтижеге жеткізетін, берілген саны мен сапасы арқылы тауар
алуға керек болар ғылыми-өңдірістік әдістер, құралдар мен алгоритмдер
жүйесі. Қазіргі өндірістер осы технологияға негізделеді. Технология - бұл
өндірістің қол жеткізер деңгейінің шоғырлы көрініс белгісі, ғылыми
жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі. Кез-келген іс-әрекет негізінде
технология немесе өнерлік сипат бар. Өнер интуицияға негізделеді, ал
технология ғылымды арқау етеді.
Технология әзірге жасалынбаса, онда жеке шеберлік үстем алады. Бірақ
ерте ме, кеш пе "ұжымдық шеберліктің" жинақты көрінісі технологияға
айналады.
Соңғы кезге дейін "ой шығармашылығы", оның ішінде адам тәрбиесі де
технология түсінігінен тыс болатын. Қазіргі педагогикалық теория
технологияның мақсаттылығын рационалды, яғни ұтымды екендігін мойындайды,
бірақ мектеп өндірісіндегі технологияның механикалық түрде өтуімен ешбір
келіспейді.
Мектеп тәрбиесі мен өңдіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Өндіріс
сияқты мектепке де қоғам өзінің әлеуметтік тапсырысын жасайды, өндірістегі
сияқты мектептің де алдына қойылған міңдеттерше сәйкес белгілі материалдық
базасының болуы көзделеді. Осы міндеттерді шешуге өндірістегідей тәрбие
процесіне бағытталады. Бұл процестің негізі - жоспарланған нәтижеге жету
тәсілдерімен, сол тәсілдердің моделъденуімен, адамдар іс-әрекет және
қылығын басқарумен байланысты педагогтардың тәрбиелік іс-әрекеті. Мүндағы
педагоггардың басқару іс-әрекеті өндірістегідей жүйенің жағдайы және оның
жүргізілу пәрменділігін сипаттайтын ақпараттар негізінде іске асырылады.
- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп
пен мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы
ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты
проблемасына бағыттау;
- педагогикалық мүдде - ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен
ұжымдар жұмыстарымен үйлестіре ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Қиын оқушыларды этнопедагогика құралдары арқылы адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негіздері
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Тәрбиенің құралдары, формалары мен әдістері
Пәндер