Таяу Азия халықтары
Жетісу өлкесі – ежелден мал өсірумен қатар егіншілікпен де шұғылданған
халықтардың атамекені болған. Қазақ тарихының 1томында: Жетісу өңірін
қарлұқтардың қағаны екі жүз жылдай билеген (766-940)...Шу өңірінде Джуль және
Баласағұн, Іле өңірінде – Қойлық, Алмалық, Екіөгіз қалалары өмір сүрген-
делінген. Ш.Уәлиханов өзінің Жоңғария очерктері деген еңбегінде былай
дейді: Мен Жоңғарияның барлық жерлерінен де отырықшылықтың белгілерін
таптым және ол жайында халық арасына тараған аңыздарды жинадым. Оның
үстіне, мен ертедегі Алмалықтың орнынан табылған бірнеше алтын заттар мен
алтын ақшалар түсіріп алдым. Оның жайын мен дербес мақалада баяндамақшымын.
Бұл арада тек мынаны ғана ескертіп өтпекшімін: мен Орта Азияның алыс
түкпірлерінде бұрын пайдаланылған кен орындарының ізін көрдім: бұған
қарағанда тау- кен жұмысы тек фин нәсілдес халықтарға ғана тән нәрсе емес
деп ойлауға болады. Тарихи мәліметтер, қайта керісінше, бұл мәселені
финдерден гөрі түріктердің пайдасына шешеді, неге десеңіз, тугю,
қытайлардың айтуына қарағанда, Жужуани ордасының кен қазушылары болған, ал
Сібірді бағындырып алған кезде татар ұрпақтарының бірі теміршілер ұрпағы
деп аталған, өйткені олар ылғи кен қорытумен айналысып, көршілес монғолдар
мен финдерді металл бұйымдармен жабдықтап отырған . Археологиялық қазба
жұмыстарын жүргізгенде Алмалықтан темір мен мыстан соғылған қару – жарақ (
балта, қанжар, пышақ) алтын және күміс теңгелер, қыштан жасалған әшекейлі
ыдыс – аяқ табылған. Бұған қарағанда, қалада металл өңдеу және қолөнер де
өркендеген.
Қазақ даласында бағзы кездерде аты әлемге жайылған, қазіргі кезде
тарихи әдебиеттерде ғана кездесетін Алмалық қаласының қалдықтары соңғы
кездердегі Алатауда болып тұратын сел тасқыны мен жер сілкіу сияқты табиғат
апаттарының салдарынан жер астында қалған болса керек. Орта ғасыр дәуірінің
мұрасы, көне кент тұрағы – астана болған Алмалық қаласының орнын зерттеу
арқылы біз еліміздің тарихын жаңа деректермен толықтырар едік.
Қорғас ауданының батысында, қанаттас жатқан Қазақстандағы Алмалықтан
оны шекара сызығы бөліп жатады. ХІІ ғасырдағы Батыс Ляу династиясы кезінде
ірге қалаған, ХІІІ ғасырда монғолдың Шағатай хандығының ордасы болған бұл
байырғы қала сол тұста Орта Азиядағы саяси, экономика, мәдениет
орталықтарының бірі еді, әрі Жібек жолының бойындағы маңызды қалашық
болатын. 1958 жылы, бұл жерден Шағатай ақшасы, Сүрия жазуындағы Несторян
мүриттерінің құлыптасы сияқтылар қазып алынды. ХХ ғасырдың 70- жылдарында,
тағы бірсыпыра құнды фарфор ыдыстар қазып алынды. Бұл фарфор ыдыстар қалай
байқалды, әрі сонау алыстағы орта жазықтан және шығыс теңіз жағалауынан Іле
өзенінің жағасына қалай тасып әкелінді?
1975 жылдың қақаған қыс айы, су құрылыстарын жасау етек алған мезгіл.
Егіншілер кетпендерін көтере сілтеп, атыз арасында арық қазып жатқан
болатын. Кенет сыңғырлап шыққан дауыс елдің жайдары әзілін су сепкендей тез
басты. Кетпен қатты затқа барып тиген екен. Бұл затты қолдарымен ашып
жіберген көпшілік таң- тамаша болып тұрды да қалды. Топырақ астында ретті
жиып қойылған бірнеше қатар фарфор ыдыс. Бұл тегі қойма ұрасы болса керек.
Мүмкін соғыс зардабынан жалтарған иесі асығыста диаметрі де, тереңдігі де
60см ор қазып жіберіп, әсем фарфор ыдыстарды осы орға ыждағаттап тізіп
жинап көмген де болар. Санап жіберсе, жиыны 24 ыдыс: үлкенді- кішілі 13
кесе, 8 табақ, 3 тостаған екен. Бұл фарфор ыдыстардың көбін жолақ, айшық
қатарлы өрнектермен нақыштаған. Екі жылдан кейін, бұл жерден 100метрдей
қашықтықтан фарфор ыдыстарының сынықтары табылды. 1977 жылы күзде, Алмалы
деген жазуы бар күміс ақшадан тағы үлкенді – кішілі 6 теңге және әсемдік
бұйымдар сияқты бағалы заттар табылды. Мамандардың сараптауына қарағанда,
бұлар Юан династиясы заманының нағыз бағалы заттары екен.
Алмалыдан шыққан фарфор ыдыстар мен сынықтары арасында Сыжоу
құмданының (Хыбейде), Шуфу құмданының (ұлықтар үшін арнаулы өндіретін),
тағы Жиңды құмданының (Жяңшиде), Лұңчуан құмданының (Жыжяңда) өнімдері де
бар екен. Шалғай жатқан шекара өңірден бір жолда табылған осыншама бағалы
фарфор ыдыстардың-өндірілген орындарының Қытайдың Юан династиясы
заманындағы фарфор өндіретін басты құмдандарын түгел дерлік қамтығандай
болуы, шынында да қайран қалдырарлық байқалыс. Бұлардың арасындағы ең шебер
жасалғандары Жиңды қалашығында өндірілген ұзын сирақты, көгілдір гүлді
кеселер мен Жыжяңның Лұңчуан құмданында өндірілген фарфор табақтар еді.Ұзын
сирақты көгілдір гүлді кесенің жұмыр сирағы төрт бунақталған, өзіне ғана
тән ерекшелігі бар; кесенің ішкі ернеуіне сабағынан үзілмеген мудан гүлі
айналдыра салынған, ал кесенің түбіне бір-біріне симметриялы екі самұрық
сызылған; кесенің сыртына шалқалап ашылған шамгүл түсірілген, Юан
династиясы заманының айта қалсын типтік нақыштары; нақыш материалдары
шеттен кіргізіліп, күдіріп жасалған бұл бұйымдардың бояуы аса қанық. Юан
династиясы заманының нақышты фарфор ыдыстары Қытайдың ішкі өңірінен сирек
кездеседі. Алмалыдан қазып алынған бұл ұзын сирақты, көгілдір гүлді кесе
жасалу пішіні, нақыш үлгісі жәдне бояу түрі жақтарынан Юан династиясы
заманының уәкілдік фарфор ыдысы болуымен өте құнды. Тағы біреуі Байлық
атты ақ табақ. Табақтың ішіне сабағынан үзілмеген пион гүлі нақышталған,
ортасына Байлық сөзі басылған, ақ кіреукесі мөлдірлеу болып көрінеді. Бұл
Жиңды қалашығының Юан династиясы ұлықтарының тұтынуына бола арнаулы
өндірген фарфор ыдысы еді. Өндірілетін құмдан аты Шүйфуяу.
Бұл жерден қазып алынған бір топ үлкен фарфор табақшалардың диаметрі
20см шамасында, үлкендерінікі 30см-ден асады. Мәселен, Толқында биге
басқан айдаһар табағының диаметрі 33,5см, ішкі ернеуі теңіз толқынымен
жиектелген, табақтың түбіне бұдырмақ нақышты айдаһар суреті салынған;
табақтың сыртқы ернеуіне шамгүлінің 27 қауашағы түсірілген. Тағы Күнбағыс
нақышты табақ, Шамгүл нақышты табақ сияқтылары бар, олардың іші-сыртына
бірдей жасыл түс берілген, бұл өнімдер Жыжяңның оңтүстігі мен шығыс
бөлігіндегі Лұңчуан құмданында өндірілген. Ыдыстары үлкен, қалың да
салмақты келеді, кіреукесінің түсі мөлдіреп қас тасындай сезінеді. Бұдырмақ
нақышты үлгілері де мәнерлі, жактымды, стереолық әсері күшті келеді. Бұлар
Юан династиясы дәуіріндегі фарфор ыдыстардың сарасы.
Байырғы Алмалық қаласынан қазып алынған бұл фарфор ыдыстар түгелімен
орта жазықта өндірілген. Жиңды қалашығы орта жазықтың ішкері жағындағы
Жяңши өлкесінде; Лұңчуан құмданы шығыс теңіз жағалауындағы Жыжяң өлкесінде;
алайда, фарфор ыдыстар жібек кездемелеріндей емес, оңай сынып қалатын зат,
мыңдаған шақырым шалғай жол басып, тасымалданып келуінің өзі, расында,
адамның ойы жете бермейтін шаруа. Дегенмен, керуеншілер алысқа
тасымалдаудың амалын тапқан. Қытай тіліндегі байырғы кітаптардан мынадай
жазбалар кездеседі: Күйдіріп жасалған фарфор ыдыстардың ішіне аздап
құмдауыт топырақ және бұршақ, бидай дәндерін салады; ондаған фарфор ыдысты
қабаттап жиып, мықтап шандып байлайды; дымқыл жерге қойып, үнемі су сеуіп
тұрады; бидай мен бұршақ өркен жайып, ыдыстырдың арасын керіп байлауын
бекемдегесін, бұл орамдарды жерге көтеріп тастап көріп, бүлінбегендерін
ғана тасымалдап отырады. Көліктен талай құлап түссе де, сынбай қалған
мықтыларының бағасы ондаған есе өскен. Міне, бұл, неткен таптырмайтын
тамаша амал десеңізші!
Алмалықтан қазып алынған бұл фарфор ыдыстар түрі көптігімен, пішін –
тұлғасының сымбаттылығымен, жасалуының едәуір нәзіктігімен Қытайдың Юан
династиясы заманындағы фарфор ыдыстардың шоғырлы бейнесін көрсетіп отыр. Іс
жүзінде, Қытайда өндірілген фарфор ыдыстар да дүниеге жібек кездемелерімен
бірдей әйгілі болған, сонымен ерте замандағы тасымалдап сатылатын
өнімдердің қатарынан маңызды орын алған, әрі Жібек жолы бойындағы
алмастыратын маңызды зат есептеліп, Орта Азия, Батыс Азия, Еуропа, Африка
елдеріне толассыз тасымалданып отырған. Қазір дүние жүзінің көптеген
жеріндегі мұражайларда Қытайдың фарфор ыдыстары көрмеге қойылып отыр.
Мәдени мұра бағдарламасында елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет
ескерткіштерін қайта жаңғырту және оларға кешенді ғылыми – зерттеулер
ұйымдастыру мәселелері көтеріліп отыр. Ежелгі орта ғасырлардағы Баласағұн,
Алмалық, Қойлық, Іле-Балық, Екіөгіз қалаларының қоныстарын зерттеу арқылы
біз тарихи құндылықтарымыздың халыққа қаншалықты қымбат екеніне, еліміздің
тарихында әлі де беті ашылмаған талай тың құпиялардың бар екеніне тағы да
көз жеткіземіз.
Қазақстанның орта ғасырлық тарихында, оның ішінде қазақ халқының
мемлекеттілігінің қалыптасуы мен даму барысында ерекше орын алатын тарихи –
жағрафиялық аймақтар бар. Сол аймақтың біріне ХІІІ- ХҮІ ғасырлардағы Шығыс
жазба деректерінің мәліметтері бойынша белгілі болған Түркістан өңірі
жатады.
Аймақтың, ондағы қалалардың тарихын, маңызы мен ролін анықтауға
археологиялық еңбектер ерекше орын алады. Үстіміздегі ғасырдың басынан
бастап, қазірге дейін жалғасып отырған археологиялық зерттеулер көп
жағдайдың бетін ащып, тарихымызды зерделеуде орасан зор маңызға ие болды.
Түркістан- бір халықтың тарихы ғана емес, дүниежүзілік тарихпен
еншілес. Х ғасырдағы деректерге жүгінсек, Шауғар, одан кейін Яссы деп
аталған қала, ХҮІ ғасырдан бастап Түркістан атауына ие болып, Қазақ
хандығының астанасы болып, экономикалық орталықтардың біріне айналады.
Қазақ хандары Түркістанның діни – рухани, күш- қайратын қазақ халқының
басын қосуға, бірлігін арттыруға пайдаланады.
ІХ- Х ғасырлардағы жазба деректерден қазіргі Түркістан қаласы мен
ауданы орналасқан жерде Шауғар атты орталық қаласы бар аймақ болғаны
белгілі. Шауғар ІҮ- ХІ ғасыр аралығында осы өлкенің басты қаласы болып
есептелген. ҮІІІ ғасырға дейін бұл қала Түркі және Батыс Түркі қағанаты
(552-702 жж) құрамына енген.
ІХ- Х ғасырлар Шауғар қаласының нағыз гүлденген кезі болды. Өйткені
бұл қала Сырдария бойындағы қалаларды Орта Азия мен Хорезмнің дамыған
оазистерімен байланыстыратын сауда жолының бойына орналасқан. Бұл жол- Ұлы
Жібек жолының бір тармағы ретінде Испиджабтан (Сайрам) басталып, Солтүстік
Батыстағы Арсубаникетке баратын, одан әрі Кедерге (Құйрықтөбе, Отырар
оазисі), сонан соң Шауғарға, Сауранға соғып, Сығанаққа кететін
жол.Шауғардың орнын дәл анықтауда араб жазба деректерінің маңызы зор.
Кейінгі зерттеушілер нақты ескерткіш- Шайтөбе қалашығын Шауғар деп
есептейді. Ол Түркістаннан оңтүстікке қарай 8 шақырым қашықтықта
орналасқан.
Шауғар қаласының орнын Шайтөбе деп есептеу ешбір күмән туғызбайды және
бұл- Қазақстан археологиясында түпкілікті қабылданған болжам. ХІ ғасырда
Шауғар құлдырау кезеңіне аяқ басады, ал ХІІ ғасырда біржолата қаңырап
қалады. ХІ ғасырда Шауғардың дағдарыс кезеңінде Яссының маңызы күрт
көтеріле бастайды. Яссы егіншілік аймағындағы неғұрлым ең ірі елді мекен
болғандықтан, экономикалық орталық та осында қоныс аударады. Яссы Шауғар
өлкесінің орталығына айналады.
ХІІ ғасырдың соңында Шауғардан Яссыға экономикалық орталық қана көшіп
қойған жоқ, сонымен бірге оның қасиетті орынға айналуы да қатар жүріп
жатты. Яссының көлемі де өсті және бірте- бірте аймақтың астанасына
айналып, оған өз атын да береді. Осы кезден бастап Яссының аты жазба
деректерде жиі кездесе бастайды, тек ХҮІ ғасырдан бастап қала Түркістан
деген атқа ие болған.
ҮІІІ- ХҮІІ ғасырлар аралығында жазылған Шығыс жазба деректерінде
Түркістан атауы бірнеше мәнде қолданылады. Атап айтсақ, осы ғасырлар
аралығында орасан зор тарихи- этнографиялық өңірдің, соның ішінде белгілі
бір аймақтың және нақты қаланың атауы тілге тиек етіледі. Түркістан атауы
жазба дерек мәліметтерінде ҮІІІ- ІХ ғасырлардан бастап кезэдесе бастайды
да, парсы тілінде Түркілер елі деген мағынаны береді.
Алғаш рет бұл атауды ҮІІ- ІХ ғасырларда араб, парсы тарихшылары
қолданады да, оған барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерін
жатқызады. ІХ ғасырдағы араб географы Ибн Хордадбек Мервтен екі жол
шығады, бірі- Шашқа және түркі еліне, келесісі- Балх пен Тохаристанға
апарады деп жазса, оның замандасы, тарихшы әрі географ ал- Якуби бұл
ұғымды нақтылап көрсетеді. Ол өзінің Китаб- ал- бульдан шығармасының бір
тарауын Түркістан деп атап, Барлық түркі елдері Хорасанмен және
Седжестанмен шектеседі. Ал, Түркістанда түркілер бірнеше епге, тайпаға
бөлінеді дей келе, түркі тайпаларының атауларын жазады.
ХІҮ- ХҮІ ғасырлардағы парсы-тәжік, түркі- шағатай тілдеріндегі
деректерде Түркістан ұғымы өзінің алғашқы мәніне қарағанда бірқатар
өзгеріске ұшыраған. В.В. Бартольд көрсеткен Түркістан атауындағы
терминологиялық айырмашылық ХҮ ғасырдан бастап саяси жағдайға да әсер етті.
Монгол шапқыншылығына дейін Мауеренахр атауы Түркістан ұғымының шеңберінде
айтылып келсе, ХҮІ ғасырдан бері- тарихи- жағрафиялық және саяси аймақ
ретінде Түркістан ұғымынан бөлектенеді.
Жалпы, Түркістан атауының ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қолданылу тарихына
қарасақ, ірі саяси өзгерістерге байланысты атау өз ұғымын үнемі өзгертіп
отырды. Орта ғасырларда Түркістан атауының үш мәні болғанына көз жеткізу
қиын емес. Бірінші- ҮІІ- ХІІ ғасырларда түркі тілдес тайпалардың мекендеген
жалпы аймағы. Екінші- ХІҮ- ХҮІ ғасырлардағы Сырдария өзенінің бойындағы
жерлер. Үшінші- ХҮІІІ ғасырдан бастап Сыр бойындағы Яссы қаласының жаңа
атауы енген.
Түркістан аймағы оңтүстік- шығыста Шыршық және Бадам су
айырықтарындағы жазықтармен, солтүстік- шығыста Қаратаудың таулы
жоталарымен шектеседі деп анықтай түседі К.А. Пищулина. Ал, археолог
К.Байпақов Түркістан аймағына Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігін және
Талас аймағындағы Алатау бөктерін, Сырдарияның орта белімен Қаратау
баурайларын түгел қамтитын үлкен аймақты жатқызады.
ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркістан аймағы Дешті қыпшақ пен Мауеренахрдағы ең
бір гүлденген аймақтардың бірі болды. Аса қолайлы геолграфиялық жерде
орналасуы, өзен- бұлақтардың көптігі және қаланың жиілігі аймақтың атын
әлемге танытты. Археологтар анықтаған қалалар мен жазба деректер
мәліметтерінде кездесетін Түркістан аймағындағы ХІІІ-ХҮІІ ғасырлардағы
қаланың жалпы саны отызға таяу болды. Бұл ибн Рузбеханның ХҮІ ғасырдың
басында айтқан Түркістан отыз қаладан тұрады деген сөзін дәлелдей түседі.
Түркістанның саяси орталыққа айналуы аймақ пен оның қаланың әкімшілік,
экономикалық, мәдени тұрғыдағы маңызын арттыра түседі. Түркістанның саяси-
экономикалық, сауда- айырбас орталығы ретінде қайта жандануына күшті әсер
еткен маңызды жағдайлардың бірі- осы аймақ арқылы Ұлы Жібек жолының негізгі
тораптарының жатуы болды.
Х ғасырдың өзінде Отырар мен Сауранның ортасында Шабғар қаласының
болғандығы айтылады. Осыған қарағанда, Шабғар қазіргі Түркістан қаласының
маңында орналасқан. Бұл атаумен қала ХІІ ғасырға дейін белгілі болып, содан
соң жаңа атау Яссыға иеленді. Яссы атауы алғаш рет армян елшісі Гетуленің
жазбаларында кездеседі. 1389 жылы қаланы Тоқтамыстың әскері талан- таражға
салды. Олар тіпті Қ.А. Яссауи кесенесін де тонап кеткен. Келесі ғасырларда
Яссы қаласы бірде Әмір Темір ұрпақтарының, бірде Өзбек ордасы хандарының
қолына өтіп отырған.
ХҮІ ғасырдың ортасынан бастап Яссы қазақтардың қолына қарады. Тап осы
уақытта Түркістан облысының қарамағында орналасқан қалаға жаңа атау беріп,
ол да Түркістан аталып, қазақтар қаланы өз орталықтары етіп алды. Қаланың
Түркістан деп аталуы облыстың атын шығарудан туса керек. Осы Түркістан
қаласы ХҮІІІ ғасырға дейін қазақ хандарының ірі орталығы және ресми ордасы
болды.
Бұрынғы қалашықтың аймағын қазір жаңа қала құрылыстары басып
жатыр.Алайда ежелгі Түркістан қалдықтарын әлі күнге дейін Қ.А. Яссауи
кесенесінің жанынан көруге болады.
Ескі Түркістанның үйлері б.з.д. сақталмаған.Тек ХІҮ ғасыр
архитектурасының тамаша туындысы - Қ.А. Яссауи кесенесі ғана бізге қаланың
көне тарихынан сыр шертеді.
Қ.А. Яссауи Түркістанда туып, өмірінің көбін осы арада өткізген. Ақын
әрі сопы Қожа Ахметтің мазарына жыл сайын қажылыққа мыңдаған адамдар ағылып
барып жатады. Бұл- Әмір Темір қалдырған ескерткіш. Кезінде әулиенің зиратын
көрген ол кесене салуға бұйрық берген екен. Кесене салдыруда Ә. Темір
саяси есепті көздеді, - деп жазды археолог М.Е. Массон. Кесенені халықтың
қасиетті санайтын затына назар аудару, оның жанына жағымды нәрсе істеу,
ислам дінін уағыздаушы, жұрттың рухани бірлігін баса көрсету, сонымен бірге
сезімтал көшпенділерге осы қылығы арқылы әсер ету, осы ойын орындап, өз
империясының құдіретін көрсету- міне, мемлекеттің қиыр шетіне ортағасырлық
архитектуралық тамаша ескерткіш орнатудағы оның мақсаты.
Кесене іргетасының үш жағынан сарықұм тастан жасалған белдеушелер
жүргізілген. Оның үстіңгі жағы 1,5метрлік шыны таспен қапталған. Ал шыны
тастан жоғарғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz