Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ

ІІ Негізгі бөлім

1-тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығыНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
  2. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны
  3. Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы

2-тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығы әдістерін анықтау мәселелері

2. 1 Азаматтық сот ісін жүргізу құқығы әдістерінің мән-мағынасы

2. 2 Азаматтық сот ісін жүргізу құқығы әдістерінің жүйесі

2. 3 Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері

2. 4 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс азаматтық іс жүргізу құқығының қалыптасуы мен даму кезеңдерін анықтауға бағытталған. Зерттеу барысында, азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері, азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны, азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы қарастырылады. Жүргізілген талдаудың нәтижесінде, азаматтық іс жүргізу құқығының қалыптасуы мен даму кезеңдеріне байланысты тірек-сызбалар мен кестелер жасалынды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Өркениетті қоғам және құқықтық мемлекет азаматтарының қалыпты өмір сүруіне заңдылық негіз болуы тиіс. Ал, заңдылық, азаматтардың заңда нақты теңдігін қамтамасыз етуге қабілетті қоғамда ғана орын алады. Мұндай қоғам барлық азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы қалыптасады.

Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісі жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы - мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығын жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот деп процеске қатысушы тұлғалар, яғни, азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық бақылау сатысындағы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау тұрған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, саралшы және т. б. тұлғалар болуы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін (тараптар, үшінші тұлғалар), не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін (прокурор, мемлекеттік басқару органы) қорғайды. Бұлар - өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына (талап-арыздан бас тарту, тараптардың бітіеу келісімін жасасуы) ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері (оның шешімдері, ұйғарымдары, нұсқаулары билік сипатында жасалады олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар (тараптар) жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасасуы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істін өзіндік ерекшелігі осында.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы (соттың қарауына жататындығы), сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске катысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі - құқықтың осы саласынын жекелеген институттарын, процесс сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы (бірінші сатыдағы, апелляциялық, кассациялық, бақылау сатысындағы сотта іс жүргізу және басқалар) .

Азаматтық іс жүргізу (азаматтық процесс) соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың (куәлардың, сарапшылардың), сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуынын, дамуының және тоқталуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардын (әңгіме солардың құқықтары мен мүдделері жайында болып отыр) белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттын істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.

Зерттеудің объектісі болып азаматтық іс жүргізу құқығының қалыптасуы мен даму кезеңдеріне қатысты өзекті мәселелер, олардың азаматтық құқықтағы ұғымы, сонымен қатар, осы қатынасқа қатысушылардың арасында туындаған ара-қатынас саналады.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде танымның диалектикалық әдісі, оның ішінде жалпы ғылыми және арнайы әдістер табылады. Жұмыс барысында жалпы құқық теориясына және ғылыми таным аумағындағы мәліметтер, жұмыстың теориялық негізі ретінде азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу ережелері қолданылды.

Зерттеудің теориялық негізін Ресей Федерациясы заңгерлері С. Г. Бунина, В. В. Витрянский, М. И. Брагинский, және қазақстандық заңгерлер: Т. Г. Квятковская, О. М. Русина, А. Диденко, Ғ. А. Жайлин, А. А. Мадиярова, Я. О. Шевченко, В. М. Нартов, Р. Мұхаметқалиев, Н. Жексембиев және т. б. ғылыми зерттеу еңбектері құрайды. Сондай-ақ мерзімді басылымдарда жарияланған тұтынушылардың құқығын қорғауға қатысты мақалалар мен материалдар назарға алынды.

Зерттеудің нормативтік негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Конституциялық заңдар, Президент Жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, Азаматтық кодексі, Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңы, Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, сонымен бірге бұрынғы Кеңестер Одағы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық шарттар құрайды.

1-тарау. Азаматтық іс жүргізу құқығыНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері

Азаматтық іс - азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау - дамайлар жөніндегі іс басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан келтірген іс - әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни ар - намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т. б. Қ қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді сотта қараудың шешудің тәртібін, сондай - ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың, сот атқарушының және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай - ақ олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.

Республикада жүргізіліп жатқан құқықтық реформа сот қызметін жетілдіруге, сот билігін күшейтуге, оған мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы бөлікпен қатар үшінші билік рөлін беруге бағытталған.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды (Қазақстан Республикасы Конституциясының 76 бабы) .

Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады (Конституцияның 75 бабы) .

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.

Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы-мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т. б. тұлғалар болуы мүмкін.

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.

Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.

Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.

Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5 бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде қолданылуға тиісті құқық нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды талап етеді.

Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:

1) сотта азаматтық істің қозғалуы;

2) істі сотта қарауға әзірлеу;

3) істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;

4) істі апелляциялық тәртіппен қарау;

5) заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;

6) заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;

7) атқару ісін жүргізу;

Азаматтық процестің сатылары-біртұтас азаматтың сот ісін жүргізудің аса жақын мақсат біріктірген құрамдас бөліктері. Әрбір азаматтық істің жоғарыда аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес екенін айта кеткен жөн. Бұл тараптардың қалауына байланысты.

Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.

Азаматтық істердің көпшідігі талап істер жүргізу ережелері бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді, сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.

Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа салаларымен, әсіресе материалдық салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады.

Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз байланысты, өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметінің тәртібін белгілейді. Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс жүргізу сатыларындағы іс жүргізу нысанында болып табылады. Олардың арасында айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың ғана емес, сонымен қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Құқықтың бұл саласын реттеу мәселесінде де айырма бар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормалар баяңды етілген нормативтік актілер болып табылады.

Ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының деректемесі сот әділдігін жүзеге асыруды сот органдарына ғана жүктеп, сот әділдігінің сала аралық принциптерін, судьялардың тәуелсіздігін және олардың тек заңға бағынуын; барлық соттарда істердің ашық қаралуын, заңдылықты және т. б. нығайта отырып, сот жүйесін анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының келесі бір аса маңызды деректемесі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі болып табылады. Онда азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу егжей-тегжейлі регламеттелген. Азаматтық іс жүргізу кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге азаматтық процестің барлық түрлері мен сатыларына қатысты нормалар еңгізілген.

Құқықтың осы саласынын нормалары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судъялардың мәртебесі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы конституциялық заң күші бар Жарлығында, «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығында, «Мемлекеттік баж туралы» Заң мен басқа заңдарда баянды етілген.

Азаматтық іс жүргізу құқығының деректемелері арасында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының түсіндірмелері ерекше орын алады. Ғылымда бір авторлар басшылыққа алынатын түсіндірмелер нормативтік сипатта болады деп санайды, басқалары өзгеше пікір ұстанады.

Мемлекетте заң шығарушы және атқарушы билікпен бірдей үшінші билік ретінде соттардың рөлін нығайту Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алынатын қаулыларын құқық нормалары бар нормативтік актілер деп санауға негіз береді.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сот қорғауының кеңейтілуі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын Қамтитын заң актілерінің шеңберін ұлғайтады, атап айтқанда, сотқа қарасты мәселелер материалдық құқықтың түрлі салаларының заңдарына енгізілген.

Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтың істерді жүргізу заңдары - азаматтық, отбасылық, еңбектік-құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтың қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14-бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең". Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т. б. ) оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз.

Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы - ҚР АІЖК-сі болып танылады.

Азаматтық іс жүргізу заңының мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылғы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылғы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды (ҚР АІЖК-і 4-бабының 2-бөлігі) .

Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады.

  1. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны

Сотта азаматтық іс:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу
АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтың іс жүргізудің сатысы
Азаматтық істерді сот мәжілісіне дайындау, соттың дайындау әрекеттері
Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері
Талап өндірісі. Азаматтық істерді соттың бірінші инстанциясында қарау
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Азаматтық іс жүргізу құқығы: пәні, әдісі, жүйесі
Азаматтық процестік құқықтың міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz