Тәртіпке тәрбиелеудің бастамасы - тіл алғыштық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Адами қасиеттердің бастауы боладан.

Бүгінгі таңда ата- ана мен ұстаз арасындағы ортақ мәселе - бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім.

« Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі қажет, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте адамның барлық өміріне апат әкеледі» - деген екен бабамыз Әл- Фараби. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешекте қызық көрсетер болашағы десек, ұстаз үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Сондықтан бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесінде терең мән беріп оның сәтті қағидаларымен ережелерін жасаған жөн. Оның тәрбие тәсілдерімен тәжірбиелері өте көп.

Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, бала да жас күнінде тәрбиені қабылдауға сондай икемді болады. Ұлттық тәрбие ісін сәбилік кезден - ес біліп, ер жеткенге дейін әдет -ғұрып үлгілерімен өнегелері баланың өсуі жолымен беріліп отырылуы тиіс.

Әрбір баланың өзімен бірге ала келетін табиғи ерекшеліктері болады. Сондықтан да халық: «Бір биеден ала да, құла да туады» -дейді.

Бала тәрбиесінде үлгі - өнегенің үлкен мәні бар. «Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» деген сөз тегін айтылмаған. Сондықтан «Бала көргенінен аспайды», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегенді естен шығармаған жөн.

«Ерке бала дегенше, есер бала десеңші» деген қазақ даналығы өз баласын бәрі де сүйеді, бірақ баланы тура жолға, әдепті болуға тәрбиелеу келешек өзіңді асыраушы азаматыңның қалыптасуына қасқорлық жасау екендігін есімізде ұстауымыз қажет.

Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуді талап етеді.

«Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші, балаға отбасы, ошақ қасында көрген тәрбиесі де көп әсерін тигізеді. Қазіргі жас балғын бала - ертеңгі күн еліміздің саналы азаматы. Ал жасынан көрген білгені жоқ бала ертеңгі күні қандай азамат болып шықпақ? Кейбір ата- аналар балаларының тез есейіп, адам қатарына қалай қосылғанын да аңғармай қалатыны өкінішті.

Бала тәрбиесі үшін ең керегі: жанұяның адамгершілік татулығы мен бірлігі, жанұя мүшелерінің бір- біріне ілтипатты қарым- қатынасы, тұрмыс қамқорлығында, қуанышын да өзара дұрыс бөлісіп, ортақтаса алуы үлкен маңызды роль атқарады. Адамның моральдық бейнесі оның бүкіл өмірі мен іс - әрекетінде дами береді, бірақ адамгершіліктің негізгі бейнелері балалық жеткіншектің, жас өспірімдік кезде қалыптасады. Тәртіпті елдің ұланы ұлағатты болары анық әрине.

«Тәрбие тәртіп ескегі сынса, болашақ қайығы суға кетеді». Адам тумысынан тәрбиелі болып тумайды, адамның жақсы не жаман болып өсуі тәрбиеге байланысты. Сондықтан тәрбиені ұлттық - тәрбиеден бастау қажет. «Тәрбие өркениет қазығы, ұрпақ келешек қазығы» деген аталы сөздер бекерге айтылмаса керек.

Перзентің жаман болса,

Ғұмырлық көрген азабың.

Күнде күйіп қасірет,

Шарасы жоқ тозағың.

Әрине тәрбиеге көнбейтін бала болмайды. Балалық- адам өмірінің аса маңызды кезеңі, болашақ өмірге әзірлік емес, қайта жарқын, ерекше қайталанбас өмір. Сөйтіп балалықтың балалық шақта баланы кім жетектегеніне, қоршаған дүниеден оның ақыл -ойымен жүрегіне не еңгеніне - осының бәріне, шешуші дәрежеде, бүгінгі сәбидің қандай адам болып шығатынына байланысты.

Адами қасиеттердің бастауы баладан демекші, баланың рухани дүниесіне баланың дүниеге келген күнінен бастап, оның дүние тануын, ақыл -ойымен, жүрекпен тануын, ең нәзік, ең шынайы ұғыну, қабылдау, сезіну жағдайларын дұрыстап қалыптастыру қажет.

Айтып кеткендей бала тәрбиесіне тек отбасы тәрбиесі ғана әсер етпейді. Бала өскен оның өмірі күрделене түседі. «Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы» деп ұлыларымыз айтқандай, отбасынан басталған тәрбие бала бақшада, одан әрі асыл ұя мектебінде және жоғары оқу орындарында да жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда ержетіп есейгенше.

Бала тәрбиесі оңай шаруа емес әрине.

Бала -бақша жасындағы балалардың қабылдау түйсігі өте жоғары. Оларға асты қорлама, нанды аяққа баспа, құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма, құмырсқаның илеуін бұзба деп үйреткен сөздер өмір бойы баланың көкейінен кетпейді.

«Жастай берген тәрбие - жас қайыңды игендейә деген аталы сөз, осыған байланысты айтылса керек.

Тәртіптің тағы бір бөлігі әрине мектеп. «Тәрбие көрген адам бала күнінде, өнерімен қуандырар түбінде» деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, бала күндегі тәрбиеге, өте назар аударған жөн.

«Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік» деп ұлы данамыз Абай текке айтпаған. Баланы жас кезінен неге баулыса, өскенде соның жемісін солай береді.

Жас ұрпаққа адамгершілік, ізгілік, имандылық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, сыпайлылық, әдептілік жөнінде тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.

Тәрбие берудің әрқайсысының өзіндік мазмұны бар. Соларға жеке- жеке тоқтиала кететін болсақ:

Бірінші, адамгершілік дегеніміз -қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым- қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманисттік принциптерді білдіретін маральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез -құлықымен, іс- әрекеттерімен көзге түседі. Мысалы: Адамдарды құрметтеу, сыйлау, қызмет ету, оған сену, басқаның мүддесі жолында өзін құрмет ету, сыйлау сондай -ақ әдепті, шыншыл болу. Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет.

Адамгершілік тәрбиесі - тәлім- тәрбиенің ықпалы әсерінен, моральдық сананы қалыптастырудың этникалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады.

Жас адамның адамгерішлігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз әсерлі өлең, әңгімелер пайдаланылады.

Үлгі-өнегелі ойын, еңбек үстінде, эткалық қатынас жағдайында әдепті адамгершілік әдет дағдылар жас бүлдіршендерде кішкентай кезінен қалыптасады.

Мектеп жасындағы балалар үшін саяси-әлеуметтік саналған, дүние-танымын, этникалық танымын, ішкі рухани байлығын ластайтын жүйелі жұмыстар өткізіледі. Этникалық әңгіме, диспут, лекция және көркемөнердің түрлі салалары мен әдебиетті кеңінен пайдалану адамгершілік-тәрбиесіндегі игі істер болып табылады. Адамгершілік тәрбиелі әлеуметтік тұрмыста теріс мінез, жат қылықтарға қарсы тұра алатын ұстамдылықты қалыптастырады.

Балалларға әр түрлі міндеттерді орындауға үйрету керек, өз нәрселерін тәртіппен ұстау, белгілі бір режимді сақтау, жолдастарын, үлкендерді сыйлау - бұл адамгершілік тәрбиелеудің бірінші қадамы. Балалар ер жеткен сайын олардың алдынан кездесетін өмір мәселелері де күрделене түседі. Баланы адамгершілікке тәрбиелеудің негізі жан ұяда, одан әрі қарай мектеп яғни білім алатын ортасы дамытады.

Бала адамгершілік ұғымды, мейірімді, сезімдерді, ең алдымен үлкен адамдардың өнегесі арқылы меңгереді. Ата- анасының бір-біріне, туған-туыстарына, жалпы адамға деген олардың мейірімді қарым-қатынастарын көзқарастарын бала өте сезімталдықпен біледі. Тіпті, ата-анасының айналадағы адамдар туралы сөйлеген сөздері, оларды қалай айтулары бала жанында терең із қалдырды да, келешекте не мейірімді не қатыгез болуы кісіге жұғымды немесе жұғымсыз болуы да, көп жағдайда соған байланысты анықталады. Ата-анасының, өз ортасының ақыл-ойларының, іс-әрекеттерімен жалпы қарым-қатынасының адал және қуанышты өмірде өсулеріне жағдай жасайды.

Еңбексүйгішке тоқталатын және ол жайлы айтатын болсақ: Еңбек сүйгіш адам десе, демек, оны мақтағанымыз: Тәрбие тек ақыл-ойды өсіріп, біліммен қаруландырып қана қоймай, адамды саналы еңбек етуге құмарлықты да тәрбиелеу керек, өйткені онсыз адамның өмірі қызықты да, бақытты болмайды деп жазған екен педагог К. Д. Ушинский.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет
Жастар арасында діни толеранттылықты, толерантты әдеп пен мәдениетті қалыптастыру
Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары
Адамгершілік тәрбиесі
Жанұя жайындағы бала дамуының теориялық негіздері
Жанұядағы ұйымдастырылған бала тәрбиесі мен оқытудың бала сихикасының дамуына тигізетін ықпалы
Бастауыш мектепте оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру
Мифология және дін
Орта ғасырлық философия
Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік тенденциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz