Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет


Жоспар:
Кіріспе:
- Оқушы тұлғасының дамуы және тәрбиесі
- Бастауыш сынып оқушыларын патриотизмге және ұлттық тәрбиеге баулу
Қорытынды.
Оқушылардың ақыл - ой тәрбиесі мен дамуы
Адами қасиеттердің бастауы
Бүгінгі таңда ата- ана мен ұстаз арасындағы ортақ мәселе - бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім.
«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі қажет, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте адамның барлық өміріне апат әкеледі» - деген екен бабамыз Әл-Фараби. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешекте қызық көрсетер болашағы десек, ұстаз үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Сондықтан бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесінде терең мән беріп оның сәтті қағидаларымен ережелерін жасаған жөн. Оның тәрбие тәсілдерімен тәжірбиелері өте көп.
Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, бала да жас күнінде тәрбиені қабылдауға сондай икемді болады. Ұлттық тәрбие ісін сәбилік кезден - ес біліп, ер жеткенге дейін әдет - ғұрып үлгілерімен өнегелері баланың өсуі жолымен беріліп отырылуы тиіс.
Әрбір баланың өзімен бірге ала келетін табиғи ерекшеліктері болады. Сондықтан да халық: «Бір биеден ала да, құла да туады» -дейді.
Бала тәрбиесінде үлгі - өнегенің үлкен мәні бар. «Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» деген сөз тегін айтылмаған. Сондықтан «Бала көргенінен аспайды», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегенді естен шығармаған жөн.
«Ерке бала дегенше, есер бала десеңші» деген қазақ даналығы өз баласын бәрі де сүйеді, бірақ баланы тура жолға, әдепті болуға тәрбиелеу келешек өзіңді асыраушы азаматыңның қалыптасуына қасқорлық жасау екендігін есімізде ұстауымыз қажет.
Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуді талап етеді.
«Ата көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер» демекші, балаға отбасы, ошақ қасында көрген тәрбиесі де көп әсерін тигізеді. Қазіргі жас балғын бала - ертеңгі күн еліміздің саналы азаматы. Ал жасынан көрген білгені жоқ бала ертеңгі күні қандай азамат болып шықпақ? Кейбір ата- аналар балаларының тез есейіп, адам қатарына қалай қосылғанын да аңғармай қалатыны өкінішті.
Бала тәрбиесі үшін ең керегі: жанұяның адамгершілік татулығы мен бірлігі, жанұя мүшелерінің бір- біріне ілтипатты қарым - қатынасы, тұрмыс қамқорлығында, қуанышын да өзара дұрыс бөлісіп, ортақтаса алуы үлкен маңызды роль атқарады. Адамның моральдық бейнесі оның бүкіл өмірі мен іс - әрекетінде дами береді, бірақ адамгершіліктің негізгі бейнелері балалық жеткіншектің, жас өспірімдік кезде қалыптасады. Тәртіпті елдің ұланы ұлағатты болары анық әрине.
«Тәрбие тәртіп ескегі сынса, болашақ қайығы суға кетеді». Адам тумысынан тәрбиелі болып тумайды, адамның жақсы не жаман болып өсуі тәрбиеге байланысты. Сондықтан тәрбиені ұлттық - тәрбиеден бастау қажет. «Тәрбие өркениет қазығы, ұрпақ келешек қазығы» деген аталы сөздер бекерге айтылмаса керек.
Перзентің жаман болса,
Ғұмырлық көрген азабың.
Күнде күйіп қасірет,
Шарасы жоқ тозағың.
Әрине тәрбиеге көнбейтін бала болмайды. Балалық- адам өмірінің аса маңызды кезеңі, болашақ өмірге әзірлік емес, қайта жарқын, ерекше қайталанбас өмір. Сөйтіп балалықтың балалық шақта баланы кім жетектегеніне, қоршаған дүниеден оның ақыл -ойымен жүрегіне не еңгеніне - осының бәріне, шешуші дәрежеде, бүгінгі сәбидің қандай адам болып шығатынына байланысты.
Адами қасиеттердің бастауы баладан демекші, баланың рухани дүниесіне баланың дүниеге келген күнінен бастап, оның дүние тануын, ақыл - ойымен, жүрекпен тануын, ең нәзік, ең шынайы ұғыну, қабылдау, сезіну жағдайларын дұрыстап қалыптастыру қажет.
Айтып кеткендей бала тәрбиесіне тек отбасы тәрбиесі ғана әсер етпейді. Бала өскен оның өмірі күрделене түседі. «Тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы» деп ұлыларымыз айтқандай, отбасынан басталған тәрбие бала бақшада, одан әрі асыл ұя мектебінде және жоғары оқу орындарында да жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда ержетіп есейгенше.
Бала тәрбиесі оңай шаруа емес әрине.
Бала -бақша жасындағы балалардың қабылдау түйсігі өте жоғары. Оларға асты қорлама, нанды аяққа баспа, құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма, құмырсқаның илеуін бұзба деп үйреткен сөздер өмір бойы баланың көкейінен кетпейді.
«Жастай берген тәрбие - жас қайыңды игендейә деген аталы сөз, осыған байланысты айтылса керек.
Тәртіптің тағы бір бөлігі әрине мектеп. «Тәрбие көрген адам бала күнінде, өнерімен қуандырар түбінде» деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, бала күндегі тәрбиеге, өте назар аударған жөн.
«Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік» деп ұлы данамыз Абай текке айтпаған. Баланы жас кезінен неге баулыса, өскенде соның жемісін солай береді.
Жас ұрпаққа адамгершілік, ізгілік, имандылық, еңбексүйгіштік, тәртіптілік, сыпайлылық, әдептілік жөнінде тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің әрқайсысының өзіндік мазмұны бар. Соларға жеке-жеке тоқтала кететін болсақ:
Бірінші, адамгершілік дегеніміз - қоғамдық өмірдің объективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманисттік принциптерді білдіретін маральдық ұғым. Адамгершілік адамдардың мінез-құлықымен, іс- әрекеттерімен көзге түседі. Мысалы: адамдарды құрметтеу, сыйлау, қызмет ету, оған сену, басқаның мүддесі жолында өзін құрмет ету, сыйлау сондай-ақ әдепті, шыншыл болу. Адамгершілік барлық адамдарға тән қасиет.
Адамгершілік тәрбиесі - тәлім-тәрбиенің ықпалы әсерінен, моральдық сананы қалыптастырудың этникалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, мектеп, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады.
Жас адамның адамгерішлігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат сөз әсерлі өлең, әңгімелер пайдаланылады.
Үлгі-өнегелі ойын, еңбек үстінде, эткалық қатынас жағдайында әдепті адамгершілік әдет дағдылар жас бүлдіршендерде кішкентай кезінен қалыптасады.
Мектеп жасындағы балалар үшін саяси-әлеуметтік саналған, дүние-танымын, этникалық танымын, ішкі рухани байлығын ластайтын жүйелі жұмыстар өткізіледі. Этникалық әңгіме, диспут, лекция және көркемөнердің түрлі салалары мен әдебиетті кеңінен пайдалану адамгершілік-тәрбиесіндегі игі істер болып табылады. Адамгершілік тәрбиелі әлеуметтік тұрмыста теріс мінез, жат қылықтарға қарсы тұра алатын ұстамдылықты қалыптастырады.
Балаларға әр түрлі міндеттерді орындауға үйрету керек, өз нәрселерін тәртіппен ұстау, белгілі бір режимді сақтау, жолдастарын, үлкендерді сыйлау - бұл адамгершілік тәрбиелеудің бірінші қадамы. Балалар ер жеткен сайын олардың алдынан кездесетін өмір мәселелері де күрделене түседі. Баланы адамгершілікке тәрбиелеудің негізі жан ұяда, одан әрі қарай мектеп, яғни білім алатын ортасы дамытады.
Бала адамгершілік ұғымды, мейірімді, сезімдерді, ең алдымен үлкен адамдардың өнегесі арқылы меңгереді. Ата-анасының бір-біріне, туған-туыстарына, жалпы адамға деген олардың мейірімді қарым-қатынастарын көзқарастарын бала өте сезімталдықпен біледі. Тіпті, ата-анасының айналадағы адамдар туралы сөйлеген сөздері, оларды қалай айтулары бала жанында терең із қалдырды да, келешекте не мейірімді не қатыгез болуы кісіге жұғымды немесе жұғымсыз болуы да, көп жағдайда соған байланысты анықталады. Ата-анасының, өз ортасының ақыл-ойларының, іс-әрекеттерімен жалпы қарым-қатынасының адал және қуанышты өмірде өсулеріне жағдай жасайды.
Еңбексүйгішке тоқталатын және ол жайлы айтатын болсақ: Еңбек сүйгіш адам десе, демек, оны мақтағанымыз: Тәрбие тек ақыл-ойды өсіріп, біліммен қаруландырып қана қоймай, адамды саналы еңбек етуге құмарлықты да тәрбиелеу керек, өйткені онсыз адамның өмірі қызықты да, бақытты болмайды деп жазған екен педагог К. Д. Ушинский.
Баланың өзіне-өзі қызмет ете білуге дағдылануы тек еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде жәрдем етіп қана қоймайды, сонымен қатар ұқыптылығын, әсемділігін, тазалық сақтай білу дағдысын дамытады. Өзіне-өзі қызмет ету-бұл балада еңбек дағдысының, еңбекті сүю дағдысының, еңбекті сүйе білу дағдысының пайда бола бастауының бірінші қадамы.
Мектеп оқушыларын еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу дегеніміз-бұл оларды оқу ісіне қызықтыру, оны сүйе білуге, тәртіпті тиянақты болуға, еңбек дағдысының өсуіне, бірге жұмыс істей алуға тәрбиелеу деген сөз.
Сонымен қатар тағы да бір адам қасиеттердің бірі - тәртіптілік.
Өмір әрбір адамнан ойына не келсе, соны істемеуді, қоғамның жағдайлармен лайықты мақсаттарымен болуды талап етеді. Қазіргі жағдайда не істегелі келсе, соны емес, не қажет болса, солай орындай қажет болады. Тәртіпті адам өмірдің өте ауыр жағдайларында да өз орнын табады. Тәртіптілік-ұйымшылдық, жинақылық, еріктілік қасиеттердің және саналылықтың жиынтығы. «Тәртіптілік - күрестің құралы және қиындықтарды жеңіп шығу» -деген екен А. С. Макаренко.
Балалардың тәртіптілігі ерекше бір шамадағы өлшеммен немесе тәртіптіліктің пайдалылығы туралы әңгімелесумен, айқай мен бұйыру арқылы да тәрбиеленбейді. Жанұя құрылымының барлық құрылымы баланы тәртіпке, белгілі бір міндеттерді орындауға, өз тілек-талаптарын басқа қажеттіліктерімен мақсаттарға бағындыра білуге үйрету керек. Тәртіпке тәрбиелеудің бастамасы - тіл алғыштық.
Келесі тоқталатын мәселе ұқыптылық. Ұқыптылық тәртіптілікті, тыңғылықтылықты, дәлме-дәлдікті болуды жақсы көретін жеке бастың қасиеті. Ұқыптылық барлық істе де еңбек мәдениеттілігімен, ысылғандықпен және тәртіптілікпен тығыз байланысты.
Тіпті, өте жас кезінен-ақ балалар тазалыққа, өзінің пайдаланып жүрген қандай заттары болса да, оларды ептілікпен ұстап, қадірлей білуге дағдыландырады, үй ішінде, ал кейін мектепте, сол сияқты басқа орындарда белгілі бір реттілікті сақтауға үйретіледі.
Балалардағы әдептілік - адамдарға кішіпейілділік, ілтипаттылық көрсетудегі қарым-қатынасына негізделген мінез-құлықтың шегін сезіну.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойына жастайынан мінез-құлық ережесі етіп қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың, жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді», «Құдай деген құр қалмайды» деген қағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» - деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, қылығы түзде», «Қысыла, қысыла қыз болдым» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қыз өссе - елдің көркі» деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді меңзейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Еліне қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасаған адамды «Ел қамын жеген - ер» деп дәріптеген. «Жақсының жаттығы жоқ», «Жақсы - ай мен күндей, әлемге бірдей», «Жақсы туса - елдің ырысы», «Жақсы келді дегенше жарық келді десеңші, жақсылықтың лепесін ала келді десейші» деген нақылдар жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін дәлелдейді. Ал бұған қарама-қарсы қара басының қамын халық қамынан жоғары қоятын өзімшіл, қорқау, қорқақ, алдампаз, опасыз жандарды «Жаман қорыққанын сыйлайды», «Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас», «Бір жаман мың қолды ірітер, бір құмалақ бір қарын майды шірітер» деп әшкерелеп, жастарды олардан сақ жүруге шақырады. Халық мақалдарының жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, жақсының жақсылығын, халыққа тигізер пайдасын паш етеді. Оны: «Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді». «Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер, жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер» деген мақал-мәтелдерден байқаймыз. Сондай-ақ халық ертегілерінде де ел қамын жейтін батыр ұлдарға қапылыста «жармасып, жауыздық жасайтын жексұрын бейнеде мыстан кемпірді, жалғыз көзді дәуді, жез тырнақты суреттеп, олардың опасыздығын іс-әрекеті арқылы әшекерелейді, сүйікті кейіпкерлердің жауды жеңіп шығуымен аяқтайды. Бұл - әрқашан жауыздықты әділдік жеңеді деген халық ұғымының-ауыз әдебиетіндегі көрінісі. Сол сияқты батырлар жыры мен лиро-эпос жырларында Қобыландыға опасыздық жасаған Қараманды, Алпамысқа опасыздық жасаған Ұлтанды, Қозы Көрпешке қастандық жасаған Қодарды, Төлегенге қарақшылық жасағаң Бекеженды, олардың өлімін суреттеу арқылы «Қарақшыны қарғыс атады», «Опасыз оңбайды», «Арамның айласы іске аспайды» деген пікірді қорытындылайды. Бұл жерде, біріншіден, жастарды халық қамын жеуші батыр ұлдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу көзделсе, екіншіден, екі жүзді, опасыз жауыздарға деген өшпенділік сезімін оятып, адамгершілік қасиетті паш етіп отыр. Халық шығармаларында дос пен қасты ажырата білуге меңзейді. «Досыңмен дос болғанға шаттан, дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан», «Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» дейді. Мал үшін алдамшы дос болушыларды «Жақсы жаныңа жолдас, жаман - малыңа жолдас», «Есептескен ел болмас» деп олардың опасыздығынан сақтандырады.
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жырында ар-ожданы да, малы мен жаны да тек дүниеде тұратын, бас пайдасы үшін достықты ұмытып, сатып кететін дүниеқоңыз, опасыз жандардың жиынтық бейдесі ретінде Қарабай бейнесі алынған. Ол мал дегенде ар-ұятты, адамгершілікті аяққа басуға барады. Қара жүрек, қаныпезер, арсыз, опасыз Қарабай бейнесі арқылы жыр жастарды жауыздыққа қарсы өшпенділік сезіміне тәрбиелеуді көздеп отыр. Халық мақалдарында: «Алыстағы дұшпаннан қасыңдағы қас жаман», «Жыланның уы басында, бейқамның жауы қасында», «Мың жаудан бір жансыз жаман» деп, ішке кіріп, өтірік дос болғансыған жаудан жастарды сақ болуға шақырады. Қайсыбір мақал-мәтелдерде: «Жүз сом ақшаң болғанша, жүз жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Мал көтерер елімді, дос көтерер кеңілді» деген ой-пікірлер шынайы достықты дәріптеуге арналған. Жұмысың өнімді өмірің көңілді болсын десең, досың көп болсын, достықты отбасынан баста дейді. Ақыл-нақыл толғауда: «Әйеліңмен дос бол - берекең кіреді, азаматпен дос бол - қадіріңді біледі, білімдімен дос бол - ақыл-кеңес береді» дегенді айтады. Көпті көрген қариялар: «Қатын ашынса, қатты айтар, бала ашуланса, бетің қайтар» деп әйел мен баланың ар-намысын сақтай білуге үндейді.
Көп адамда кездесетін кесепаттық - малға, басқа масаттану. Соны өз тәжірибесінде көп көрген халық: «Малым бар деп мақтанба, боран соқса қайтесің? Басым бар деп мақтанба, ажал соқса қайтесің?», «Ақылдан артық хандық, жоқ, жомарттан артық нарлық жоқ» деп кеңес береді. Жақсы болғың келсе, сыртыңды ғана түземе, сырыңды түзе. Өмірдің ой-шұңқыры, кедір-бұдыры көп, бірде тасып, бірде тартылып жататын арналы өзен сияқты. Адам өзінің қысқа өмірінде бірде ойда, бірде қырда көрінеді. Сол шақтарда өз әлін білмейтін адамдар асып-тасып, сабыр-салмағынан, ақыл арнасынан айрылып қалады. Осындай жандарды халық өзінің нақыл сөздерімен ескертіп, қауіп-қатерден сақтандыра білген.
Адамым кеп деп топтанба,
Малым көп деп мақтанба,
Білгішсініп сұқтанба,
Бәрімізден де зор бар,
Мың асқанға - бір тосқан.
Тосылмайтын жүйрік,
шошымайтын жүйрік жоқ, көп білемін деме, көптің талқысынан асып ешқайда бармайсың, дегенді меңзейді. Қарын тойса, құдайын ұмытып, кешегі досын бүгін танымайтындарға халық:
Тасыма, жігіт, тасыма,
Тасыған жетер басыңа!
Ителгідей томсарсаң, -
Кім келеді қасыңа?-
Күшігендей солқылдап,
Күлгенің не досыңа?-деп басу айтып, сабағына түсіріп, кеңес береді. Адамгершілік қасиеттің жоғары түрі - ар-ұят сақтау. Халық мақалдарында жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады. «Жаным - арымның садағасы», «Өлімнен ұят күшті», «Ақылды болсаң арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта», «Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы» деп ар-ожданды қастерлеген, оны адамгершіліктің туы ғып көтерген. Адамгершіліктің асыл белгілері: ар-ұят, ождан сақтауды, сыпайыгершілікті, әдептілікті, үлкенді сыйлауды; достықты уағыздай отырып, осы тамаша қасиеттерге қарама-қарсы адамды аздыратын өтірік, өсек, еріншек, мақтаншақ сияқты жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады. Жастарға олардың зияндылығын түсіндіреді. «Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам», «Өзін-өзі мақтаған өліммен тең» деу арқылы өтірік-өсек айтудан, орынсыз бос мақтаннан аулақ болуға шақырады. Адамгершіліктің ең жоғарғы түрі - бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыр, дос тұту, көпшіл болу. Қонақжайлық, барын қонақтың аузына тосу - халқымыздың ежелгі бауырмалдық-меймандостық дәстүрінің әдемі көрінісі. Ал мұның өзі қазірде ұлт достығының күшейе түсуіне себепкер болып отыр. Қазақ жыл мезгілінің, күн тәулігінін; (азанғы сәске, бесін, намаздыгер, ақшам т. б. ) қай кезінде болмасын «Құдайы қонақпын» деп келген адамды танысын-танымасын құрақ ұшып қарсы алуға, ренішсіз қабылдауға, астына төсеніш, алдына дастарқан жайьш, барын беруге міндетті болған. «Қонақасы - тәңір ақысы», «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады», «Ішілмеген ас - умен тең, кісі келмеген үй - көрмен тең» деген мақалдар кең пейілді қазақ халқының меймандостығын дәлелдейді. Ағайын-туғанның, ауыл-аймақтың тату-тәтті, ынтымақты, берекелі, бірлікті болуын көздеген қазақ халқы оны барынша дәріптеген, «Ырыс алды - ынтымақ», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу тугел болса, төбедегі келеді» т. б. мақал-мәтелдер - осы пікірдің айғағы. Б. Бұлқышев:
«Адал адам Отанын сүйеді.
Адал, ақ жүрекке Отан - анасындай.
Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш.
Отанға деген махаббатты өлшеуге болмайды» деген болатын. Осы айтылғандар халықтың асыл ойының түйіні - мақал-мәтелдерден өзекті орын алған. Мәселен, жас ұрпаққа ел қадірін «Өз елің - алтын бесігің», «Отан - оттан да ыстық», «Туған жерге туың тік», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Жекен жерінде көгерер, ер елінде көгерер» деген асыл сөздермең білдірген. Жастарды кіндік кесіп, кір жуған жері үшін, әлпештеп өсірген елі үшін қасық қаны қалғанша жаумен жағаласа білетің, Өтанын шын сүйетін батыр етіп тәрбиелеуді көздеген халық өзінің өлең-жырларын, аңыз әңгімелерін, мақал-мәтелдерін осы тақырыпқа арнаған. Сондықтан лиро-эпостық, батырлар жырларының басты кейіпкерлері ата-анасы, сүйген жары, туған жері, өскен елі үшін жаумен кескілесе күрес жүргізіп, ерлікпен даңқын шығарған халықтың сүйікті ұл-қыздары болып келеді. «Отан үшін отқа түс, күймейсің, арың үшін алыс, өлмейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» деп халық өз ұрпағын отанын сүюге шақырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz