Адам философиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Адам философиясы

Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой-толғауларынан туғаны дәлел болған. Бір нәрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іштей де болса да мойындауы қажет. Мысалы, ағаш отқа жанады, ал тас жанбайды. Мұның себебін білмейтінін адам өзі түсінеді, онда бұған таңдану сезімі пайда болады, ойланады, білуге ынта туады. Атақты филрсофтар Платон мен Аристотель филосрфиялық ойлардың психологиялық негізгі адамның өзі түсінбейтін, түсіндіре алмайтын құбылыстарға ең алғаш таңдану, таңырқау сезімдерінде жатыр деп болжам жасады.

Біздің білуімізше, философия мәселесі-бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъектің(адамның) ішкі дүниесінің объектке(сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды:адамның сана сезімі мен ақыл-ойының, тілі мен дүнеитанымын және оны өзгерту қөабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі дүниесіне тигізетін әсері қандай-осының бәрі философияның ең түбірлі және түбегейлі мәселелері болып табылады.

Материяны, табиғатты-алғашқы, сананы олардың туындысы, бейнесі болғандықтан соңғы, деп қарастыратын материалистер үшін де, рух пен сананы-алғашқы, материя мен табиғат бұлардың сыртында өмір сүре алмайды, сондықтан да олар соңғы деп қарайтын идеалистер үшін де адамның проблемасынсыз философия жоқ. Бұл философиялардың екеуінің түсініктері мен көзқарастары басқаша, қарама-қарсыболғанымен, қарастыратын, зерттеу негізі біреу ғана. Ол адамға тән қасиеттердің сыртқы дүниеге және сол сыртқы дүниенің бұл қасиеттерге қатынасы.

Көне Қытай философы Конфуций өз ілімінің түп қазығы етіп «адамсүйгіштік»(жэнь) проблемасын алды. Конфуций философиялық ой түйінін былай түсіндірді: «Өзіңе жасағанын қаламайтын қылықтарды сен де басқаларға жасама», -деді.

Ал, Платон философиясының өте маңызды бөлімі-адамның арманынан шығатын «Мемлекет» туралы ілім. дүниедегі бірден-бір әділетті мемлекет қандай болуы керек-философ осыны кескіндеп, бейнелеп беруді өзіне мақсат етіп қойған. Мұндай мінсіз мемлекетті ең ақылды, білімді адам, яғни платонның ойлауынша, философ басқаруға тиіс. Ондағы азаматтар үш топқа бөлінеді:қарапайым адамдар, күзетшілер. Негізінен мемлекет басына келетіндер соңғылардың арасынан шығады. Бірақ алғашқылардың арасында ерекше қабілетімен көзге түскен бірлі жарым жастардың көтерілуі мүмкін деп біледі. Платон. Әділдік принципі үстем, мінсіз мемлекет жасаудың басты шарты етіп Платон сол мақсатқа лайықты білім, тәрбие беру мәселесін қояды. Оқу, тәрбиенің міндеті-адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматтарға айналдыру. Мемлекет басқарушы тап болып есептелетін күзетшілер кішкентай жабайы үйлерде ғана тұрады, жалпыға ортақ асханалардан қарапйым тамақ ішеді, өмірге ең қажетті заттар болмаса, жекеменшік болмайды. Олардың алтын, күміс тьәрізді асыл дүние жинауына тиым салынады. Бақытты болу байлықта емес. Мінсіз мемлекеттің мақсаты бір ғана күзетшілер табын емес, барлық азаматтарды бақытты ету деп түсіндіреді Платон.

Адам проблемаларына Аристотель ерекше көңіл бөлген. Әсіресе ол философиясын «Этика» бөлімінде түгелдейсол проблемаларды қарастырып, оларға тиісті талдау жасады. Аристотельдің айтуынша, мемлекет басындағы заң шығарушының міндеті-азаматтарды жақсы қылықтарға ізгі ниеттілікке үйретіп оларды тек игілікті істерденг ғана ләззат алатындай дәрежеге жеткізу. Оның «Алтын аралық» деп аталатын моральдық доктринасы адамның жан дүниесінің сырын ашуға бағытталған. Жоғарғы мінез-құлық қасиеттерінің арқайсысы бір-біріне қарсы екітүрлі ұшқары қылықтың аралығы болып табылады. Бұлардың екеуі де теріс қылықтар. Мысалы-: батылдық-қорқақтық пен басбұзарлықтың аралығы, сырайылық-ұялшақтық пен ұятсыздықтың, мырзалық- сараңдық пен дүниешашушылықтың аралығы. Аристотельдің ұғымы бойынша, ең жақсы адам-ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам, ол өзін мақтағанды, өзге біреулерді жамандағанды сүймейтін, ол өзінің күштілігін әлсіздердің арасында көрсетпеуге тырысады. Жауға ашық жау, досқа ашық дос болғысы келеді. Оның көңілі пайдалыға емес, тамашаға, сұлулыққа ғана ауады. Қайырымды, ақ пейілді кісінің жүрісі жайлы, төмен дауысты, сөзі мазмүнды болуға тиіс.

Дегенмен Аристотель өз заманына сай ойлайды. Құлдарды ол адамға санаған жоқ, «сөйлей білетін құлдар» деп атады. Құл иесі құлдарға қайырымды болуға міндетті емес, өйткені, ол оның меншігі болып есептеледі, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі, әкесіз бала дүниеге келмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Мұсылман философиясы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Техника философиясы
Зар заман философиясы
ДІНИ ФИЛОСОФИЯ пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Жаңа ғасыр философиясы
Ертедегі Шығыс философиясы
Философия пәні және оның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz