Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
а) Адамның жеке тұлғасы туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
а) Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу.
ә) Ұжым және тұлға
б) Ұжымға педагогикалық жетекшілік
в) Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы.
Жеке тұлға туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты — қалыптасып келе
жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты
үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық
тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында
қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық
факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке
тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің
прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз
жалғасын тапқан (Э. Роттердамский, Я. А.
Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, Д. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В.
Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, К.Маркс, Ф. Энгельс, 3. Фрейд, Д. Дьюи,
Э. Торндайк т.б.)
Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан
табиғат зандары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп өз
тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне
керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің
әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық
жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады.
Тәрбие процесінің пәрменділігі оны ұйымдастырудың формасына байланысты.
Тәрбиеленушілер саны тәрбие жұмысының мазмұнына және оны басқаруға әсерін
тигізеді. Тәрбиеленушілер саны көбейген сайын тәрбие сапасы нашарлайды.
Тәрбиелеуде жеке және шағын топтық формалар дұрыс. Бұл тәрбие жұмысын
ұйымдастыру формаларын өте жылдам және мақсатты бағдарлауға, жағдайдың
өзгеруіне қарай педагогикалық амалдарды өзгертуге қолайлы. Бірақ жеке және
шағын тәрбиенің жоғары экономикалық шыгындарды керек етуі — оның
тарауындағы елеулі кедергі. Қазіргі жүйелердің көпшілігі тәрбиенің топтық
(ұжымдық) формасын пайдалануға көшті.
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу.
Мектеп ұжымы құрылымының негізгі де тұрақты бөлігі - басты іс-әрекеті
оку болатын оқушылардың сымыптық ұжымы. Осы сыныптық ұжымда оқушылар
арасындағы тұлға аралық байланыс пен қатынас пайда болады. Осыдан, ол
мектеп ұжымдарының басқа да түрлеріне негіз қалайды.
Мектеп сынып ұжымындағы ерекшеліктерге орай мынадай қорытындыға келуге
болады: оқушылар ұжымы - бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-
әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндеттерімен, тендік
жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.
А. С. Макаренконыц ұжым шуралы тағылымы
А. С. Макаренко тағылымы ұжымды сатылы қалыптастырудың егжей-тегжейлі
технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
қозғалыс -ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау — оның жойылу формасы. Әйгілі
педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуедцілік,
перспективалық, бірлікті әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі кажет. Осы жолда
А, С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы), Бұл кезенде
ұжым педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі
ұйымдасқан, белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға
галпыну яғни оқушылардын ұжымға катынасы бірлскен іс-әрекет мазмұнымен;
мақсат- міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастырушысы
– педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері
анықталып, тәрбиелеушілер жалпы мақсатқа, іс - әрекетке және ұжымдық
бірліккс келгеидс бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек
педагогтардың талаптарын қолдап кана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не
пайдалы не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара бастайды.
Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар педагогтың
сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезенде белсенділер жұмысына педагог
көп көңіл бөлуі керек.
Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады.Бұл сатыда ұжым
бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, оида өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі
реттеу механизмдері іске қосыла бастайды.Ұжым өз мүшелерінен белгілі-бір
қылықтар нормаларын талап өте бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе
береді.
Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты-осы ұжымның алға қойған
міндеттерін шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым — дара оқушының жеке дамуын мақсатты
бағыттайтын тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеңумен
байланысты, атап айтқанда:
- ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;
- жалпы және жеке перспективалар арасындағы;
- әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б.
Сондықтан ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен
ауысулар болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму
сатыларында қол жеткізілген қасиеттер киелі тұлғаның ерекшеліктерді
топтастырады; жолдастарына қарағанда өзіне жоғары талап қоюы,
көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет – қылықтарының тұрақтану. Егер ұжым
осы сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру
үстіндедеген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі -
үшімші сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді
қалыптастырады. Дәстүрлер — тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-
ғұрып, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-
түру нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу
қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.
Ұжымда мақсатты таңдай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат
еткен мақсат перспектива деп аталады.
Ұжым және тұлға
Ұжым мен тұлға арасындағы байланыс - тәрбиені демократияландыру
жағдайындағы, адам құқығы мен бостандытын сақтаудағы маңызды мәселенің
бірі. Көттгеген онжылдықтар бойы ұжымға өсер ету арқылы оқушы тұлғасын
қалыіггастыру отандық педагогикалық әдебиеттерде қарастырылмады. Тұлға
міндетті түрде ұжымға бағыну керек деп есептелінді. Қазіргі кезде адам
жөніндегі философиялық концепцияларға және әлемдік педагогикалық ой
тәжірибесіне сүйене отырып заманға сай, жаңа шешімдер іздестіруге тура
келді.
Оқушыны ұжымдық қатынас процесіне енгізу қиын әрі -жүрделі шаруа.
Ең алдымен баланың жекелей мәнді екенін ескеру керек. Оқушыларды -
болашақ ұжым мүшелерін бір-бірінен денсаулықтарына, сыртқы көріністеріне,
мінез бітістеріне, қатысу деңгейіне, біліміне, біліктшігіне т.б.
қасиеттеріне қарап ажыратамыз. Сондықтан, олар ұжымдық қатынас жүйесіне
әртүрлі болып енеді, жас жағынан әртүрлі реакциялар туындатады, кейде
ұжымға кері әсерін тигізуі де мүмкін. Ұжымдық қатынас жүйесіндегі тұлғаның
жеке әлеуметтік тәжірибесіде маңызды келеді. Ол арқылы оқушының сана-сезім
ерекшеліктері, құнды бағдарлау жүйесі, жүріс-тұрысы белгіленеді. Ал бұлар
осы ұжымның дәстүр-тәртіптеріне, құндылықтарына сай келуі не сай келмеуі де
мүмкін. Оқушы тәжірибиесі басқадай болған жағдайда тәжірибе ауқымы мен
сапасына сәйкес өз құрдастарымен қарым-қатынас орнатуы қиынға түседі.
Әсіресе, жеке әлеуметтік тәжірибе сол ұжымның құнды тәжірибесіне қарама-
қайшы келсе, онда қарым-қатынас киындыққа соқтырады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынас тек тұлға сапасына ғана емес, ұжымға
да байланысты. Өз күшін, салт-дәстүрін құрған, басқарушы белсенділері бар,
дамудың жоғары деңгейіне қол жеткізген ұжыммен қатынас жақсы орнығады.
Бұндай ұжым басқаларына қарағанда өзіне жаңадан кірген тұлғамен қатынасқа
оңай түседі. Әрбір адам аз немесе көп күш жұмсау арқылы ұжымдағы өз орнын
табуға талпынады. Бірақ кейбір объективті немесе субъективті себептердің
әсерінен тұлғаның барлығы бірдей табысқа қол жеткізе бермейді. Табиғи
мүмкіндіктері бойынша жеке адам ұжымдағы кейбір құндылықтардың өзіне сәйкес
келмеуінен өз жасқаншақтығын жеңе алмай, табыстарға қолын жеткізе бермейді.
Әсіресе, ұжымның, достарының өзіне деген қатынасын бағалай алмайтын, өзін-
өзі тануы мен бағалауы сияқты қасиеттері толық дамымаған бастауыш сынып
оқушыларына мұның қиын соғуы мүмкін. Бұл ІІедагогикалық жағдайдың
объективті себептері бар: іс-әрекеттердің бірсарындылығы, ұжымдағы оқушының
атқаратын рөлінін тарлығы, ұжым мүшелері арасындағы қатынастың ұйымдастыру
формаларыньш біртараптылығы мен мазмұнының жұтандығы, бірін-бірі қабылдау
мәдениетінің кемшілігі, жолдасының ескеруге тұрарлық бағалы да қызықты
қасиеттерін елей алмауы және т.б.
Ғылыми зерттеулер нәтижесінде тұлға мен ұжым арасындағы қатынас
дамуының кеңтараған үш түрі анықталған:
1) Тұлға ұжымға бағынады (конформизм);
2) Тұлға мен ұжым бір-бірімен үйлесімді катынаста (гармония) болады. 3)
Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік).
Бірінші түрі бойынша тұлға ұжым талалтарын өз еркімен бағынады, ал
кейде ұжымға сырттай бағынып, әрі қарай өзінің жекелігін және
тәуелсіздігін сактауы мүмкін. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, онда ұжымның
құндылыктарын, нормаларын және дәстүрлерін қабылдайды.
Екінші түрі бойынша жағдай әртүрлі жолмен дамуы мүмкін:
1) Тұлға өз тәуелсіздігін барынша сақтап ұжым талаптарына сыртгай
бағынады;
2) Тұлғаның кейбір өзшдік іс-қимылы ұжым талаптарына сай келмейді.
Мектеп ұжымдарында кеп кездесетін мотив немесе себеп-салдарынан тұлға
кейбір қиын іс-қимылдарға бой ұрады, Мұндай жағдайда оқушы ұжым нормалары
мен құндылықтарын сырттай қабыддайды, талқылау кезінде ұжымның одан
күтетінін айтады, әртүрлі жағдайларда ұжымдар қалыптасқан қасиеттерді
ұстанады, бірақ мектеп ұжымынан тыс жерде бұрынғы қалыптасқан тәжірибесі
бойынша өзін басқадай ұстайды, өзгеше ойлайды, басқаша бағалайды. Бұл
жағдай кейде уақытша болса, кейде тұрақты болып отырады. Соңғысы тұлғаның
бұрынғы әлеуметгік тәжірибесі ұжым тарапынан қолдау көрмей, өз ұжымының
тәжірибесімен ұштаспайтын жайларда жиі кездеседі. Біздің мектептерімізде
ұжымға ашық түрде қарсы шығу көп кездеспейді. Алайда, балалар кейде
қарсылық біддіреді, оның өзі де негізсіз себептерден туындайды: көбіне өзін-
өзі қорғап қалу сезімінің үстемдігінен болады.
Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі — бұл
бірлікті өмір сүру талпынысы.
Тұлга мен ұжым ұдайы қарым-қатынаста болуы тиіс.
Үшінші модельде тұлға ұжымды бағындырады, бірақ бұл сирек кездесетін
құбылыс. Нағыз лидер еңбектері, іс-әрекеттері ескерілумең, бұл моделъде
тиісті бағасын алады. Жарқын тұлға, оның өзіндік жеке тәжірибесі ұжым
мүшелеріне тартымды болуы міндетті.
Психологтар мен педагогтар жекелік қасиеттердің жасырын түрде дамитын
мектеп ұжымы мүшелерінің арасында кеңтараған бағыт-бағдарын боліп
қарастырады. Берілген жұмыстарды, әсіресе жауапты тапсырмаларды бар
ынтасымсн орындайтын оқушылар аз емес. Баршаның көзіне түсу, басқаның
үстінен өз билігін жүргізу - олардың талпынысына күш-қуат береді. Олар
ұжымның қиын жағдайына қайғырмайды, жұмысына көп мән бермейді, басты
максаты - өз беделін ғана таныту.

Ұжымға педагогикалық жетекшілік
Ұжым үнемі өзгеріп отырады, себебі оны құрайтын адамдар ауысады. Бірақ
ұжымның даму процесі кездейсоқ емес, оған педагогтар жетекшілік етеді.
Ұжымға жетекшілік етудің нәтижелігі, оның даму заңдылығын қандай мөлшерде
зерттегеніне, тәрбие жағдайының қаншалықты дұрыс анықталғанына, педагогтың
әсер ету тәсілдеріне байланысты.
Мұндай әсердің маңызды шарты - үздіксіз болып келетін, ұжымға әсер
ететін тәрбиелік шаралардың бір жүйеге бірігуі. Ал мұндай интеграцияға
келесі жолдар арқылы қол жеткізуге болады:
1) Ұжымға болар педагогикалық әсерлерді бірлікті (комшіексті)
пайдалану;
2) Күнделікті өмірде ұжым мүшелерін бір-бірше үнемі және жан-жақты
көмегі;
3) Ұжым өміріне және оның жеке мүшелеріне жағымды әсер ететін жағдайлар
тудыру;
4) Оқушылардың өзін-өзі басқару ісін кеңейту;
5) Ұжыммен жұмыс істейтін барлық ұйымдардың талпыныстарын біріктіру,
Мектеп ұжымын басқарудың педагогикалық тәжірибесінде келесі маңызды
ережелерді сақтау керек:
1. Педагогикалық жетекшлілікті оқушының өз қызығушылығына, ынтасына,
тәуелсіздігіне орайластыру, дербес қарапайым талпынысымен саналы
байланыстыру;
2. Ұжым - динамикалық жүйе болғандықтан, ол үнемі өзгерін, дамып
отырады және кемелденеді. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас
және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруы міндетті.
3. Сынып жетекшісі ұжым тәрбиесінде мұғалімдер тобына. сынып ұйымына
сүйеніп, отбасыларымен үнемі байланыста бола отырып, жоғары жетістіктерді
көздеуі лазым
4. Формализм — тәрбиенің қас жауы;
5. Жетекіділіктің жаксы керсеткіші — сынып өміріндегі манызды
мәселелерге ортақ ұжымдық пікірдің болуы;
6. Ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын дұрыс қадағалау негізінде
тәрбиені дамыту;
7. Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере
жүргізу:
1) Жекеше қарым-қатынас жасау;
2) Бірлескен іс-әрекет қатынастарын дамыту;
3) Әлеуметтік мәні бар ұжым іс-әрекетіне байланысты қатынас жасау;
8. Ұжым мүшелерінің атқарып жүрген рөлдері мен олардың шын мәніндегі
мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану;
9. Ұжымдағы қатынастың өтіп жатқан жағдайына белсене араласу;
10. Уақытша ұжымдар құру, нашар оқушыларды жоғары мүмкіндіктерге
жеткізе алатын ұжымға ауыстыру;
11. Ұжымдағы оқушыларды жаңаша қатынасқа кірістіретін ұжымдық іс-әрекет
түрлерімен олардың қалпын өзгертуді ор кез естен шығармау.

ІІедагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы
Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер А. И. Донцов, А, Н. Лутошкин,
А. В. Петровский, А. Л. Свентипкий және т.б. ұжымның құрылымы туралы
тиянақты мағлұмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық
талдау жасағанда, оның ұйымдық; құрылымы ресми және бейресми болып
белінетіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің
салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.
Ұжымның ресми құрылымы оның мүшелерінің міндеттері мен құқықтары, еңбек
бөлінісінің ресми зерттелуіне байланысты, Ресми қүрылымның шеңберінде әрбір
адам кәсіптік қызметті атқаруда белгілі тәртіп, ережелер негізінде еңбек
ұжымының өзге мүшелерімен әрекеттеседі. Бір сыныпта жұмыс істейтш
мұғалімдер білім стандарттарын, оқу бағдарламаларын, сабақ ксстесін,
кәсіптік этика нормаларын басшылыққа алады. Әрбір мұғалім мектеп
басшыларымен, әріптестерімен іскерлік қатынаста болады. Ал, мұғалім мен
мектеп басшыларының арақатынасы қызметтік нұсқаулар және өнімдермен
реттеледі.
Ұжымның қалыпты жұмыс істеуі, оның ресми құрылымы бірқатар жағдайларға
байланысты. Мұғалімдердің ұжымдық өзара ықпалдастығы ресми құрылым шегінде
бірлескен жұмысты ұйымдастыру деңгейімен, әрекеттерді үйлестіру, түрлі
шұғыл жұмыс кестелерінің, оқу-тәрбие процесінің барысы мен нәтижелерін
тексеру жүйесінің болуыменен, қоғамдық міндетгер мен тапсырмалардың теңдей
бөлінуімен айқындалады.
Педагогикалық ұжымның бейресми құрылымы ұжым мүшелерінің алдын ала
белгіленген міндеттерінен тыс нақты іс-әрекет негізінде қалыптасады.
Ұжымның бейресми құрылымы оның мүшелері арасындағы қалыптасқан қатынастар
жүйесінен тұрады. Ондай қатынастар жек көру мен ұнату, құрметтеу, махаббат,
сенім немесе сенімсіздік, ынтымақтасу, бірлесе жұмыс істеуді қалау немесе
қаламау сезімдері негізінде қалыптасады. Бұндай құрылым ұжымның ішкі,
кебіне жасырын, көзге керінбейтін жағдайын танытады.
Жас мұғалім педагогикалық қызмет процесінде қиындыққа кездескенде ресми
ұйымдық құрылымға сәйкес мектеп директорының оқу ісі жөніндегі
орынбасарына, сонымен бірге қажет деп тапса білікті, тәжірибелі маман
ретінде басқа мұғалімнен көмек сұрайды.
Ал мұғалімдер арасындағы бейресми байланыс түрлі себептерден туындайды.
Бір жағдайларда бұл араласу, достық, махаббат сияқты әлеуметтік
қажеттіліктен туындаса, келесі жағдайда тәжірибелі жолдасынан кәсіптік
көмек, қолдау алуға байланысты, үшінші жағдайда - жаңа, қызықты ақпарат
алуға байланысты, төртінші жағдайда өзгелерді өзіне бағындыруға ұмтылған
эгоистік себептерден туындайды. Ұжымдағы бейресми қатынастардын пайда
болуының мынадай белгілерін бөліп айтуға болады: достық, жолдастық
топтардың құрылуы, бейресми пікірдің қалыптасуы, бейресми басшылардың
шығуы, жаңа құндылық бағдарлардың нығаюы және т.б.
Ұжымның ұйымдық құрылымының дамуына бір-қатар факторлар ықпал етеді.
Педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, осындай ықпал
етуші факторларды қарастырып көрейік.
Ол ең алдымен мұғалімдер ұжымы шешетін кәсіптік-педагогикалық
міндеттердің сипаты. Педагогикалық процестің тұтастығы, оқыту мен тәрбиелік
ажырамас байланысы мұғалімдер, сынып жетекшілері, ата-ана мен жұртшылық
өкілдерінің әрекетін біріктіреді. Дегенмен, әр мұғалім өзінің нақты
қызметін атқарғанымен ол өз әрекетін педагогикалық процестің басқа да
қатысушылары — мұғалімдер, оқушылар, мектеп әкімшілігімен келісе отырып
жүргізеді.
Мектептегі, сыныптағы істің жағдайы туралы дер кезінде алынған
объективті ақпарат ұжымның ұйымдық құрылымын нығайтып, ұжым мүшелерін
бірікгіре түседі. Психологиялық зерттеулер А. И. Донцов, Р. X. Шакуров
ұжымнын топтасуының қажетті шарты мақсат бірлігі екендігін дәлелдейді.
Ұжымдық құрылым белгілі дәрежеде педагогикалык ұжым мүшелерінің
әлеуметгік-демографиялык, дербестік-психологиялык, ерекшеліктеріне тәуелді
тығыз іскерлік. тұлғааралық қатынастардың колайлы негізі ұжымның жасыка,
біліміне, біліктілік деңгейіне, кәспітік құндылықтары сияқты белгілері
бойынша біртектілік екендігі даусыз.
Қандай ұжымдар топтасу, ұйымдасудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді.
Дегенмен педагогикалық ұжымдар өзінің құрамы жағынан барынша әртекті болып
келеді, оның құрамына біліктілік деңгейі әртүрлі жыныс өкілдерінен тұратын
жас және тәжірибелі мұғалімдер енеді. Бұның барлығы әртүрлі бағыттағы
бейресми топтардың құрылуына негіз қалайды. Мектеп басшылары педагогикалық
ұжымды ұйымдастырғанда және басқарғанда бұл жағдайды ескеруі тиіс.
Өзара қатынастың педагогикалық ұжымның тұрақтылығына ықпал екі жақты
сипат алады. Бір жағынан ұжымішілік қатынас, ұжымның тұрақтылығын біддірсе,
екінші жағынан педагогикалық ұжымдағы тұрақтылық педагогтардың өзара
қатынасының сипатын айқындайды.
Ұжымның ұйымдық құрылымы ұжым мүшелерінің мүддесін, қажеттілігін,
қаншалықты қанағаттандыруға да байланысты. Қанағаттану деңгейін анықтайтын
бұндай факторлардың қатарында ұжымның беделі, достарының болуы, осы
ұжымдағы өз еңбегінің мәнін сезіне білу, моральдық-психологиялық ахуал,
ұжымның дәстүрлерін айтуға болады.
Ұжымның ұйымдық құрылымының сипатын айқындауды оның көлемі де елеулі
етеді. Психологияда шағын ұжымдардың мүшелері арасында байланыс біршама
тұрақты, берік болып келетіндігі дәлелденген. Ұжым үлкейген сайын ұжым
мүшелерінің арасындағы қатынас ресми сипат ала береді. 30 адамнан асатын
педагогикалық ұжымда мүдде, қызығушылық ортақтығы, бірге демалу сияқты
түрлі себептермен бейресми топтар, бірлестіктер пайда бола бастайды.
Педагогикалық ұжым мүшелерінің саны оны басқарудың сипатын айқындайды.
Шағын ұжымдарда педагогтар бірін-бірі жақсы біледі, бірақ бұндай ұжымдарда
араласу, бірін-бірі рухани байыту мүмкіндігі барынша шекгеулі. Ал үлкен
ұжымдарда өзара қатынастық күрделі құрылымы қалыптасады, олар барынша
қунақы, кейде тіпті ұрыс-жанжалға бейім, бірақ осындай ұжымдарда жарқын,
ешкімге ұқсамайтын тұлғалардың танылуы мүмкіндігі де үлкен.
Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік - психологиялық климат
Ұжымдағы көңіл – күй мен қоғамдық пікір , эмоциялық күш- қуат пен
өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік -
психологиялық климатпен айқындалады.Ұжымдағы психологиялық климатт'ың
мазмұндық, сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-
жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне коңілі толуъі айкыңдайтын
болғандықтан психологиялық климатты сипаттауда змоциялық бағаның маңызы
ЗОР, Жағымды әлеуметгік-психологиялық климат қалыптасқанда педагогикалық
ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа райымен, жылы шырайлылықпен,
парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен өзара талапшылдықпен сергектікпен
ерекшеленсді. Сондықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы
сергек коңілді мажырлы екпінге баса мән берген.
Әлеуметтік-психологиялык, климат ұжым мушелерінің бірлесксн іс-әрекет
пен өзара катынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-
психологиялық жағдайларының жүйссін білдіреді. Әлеумсітік-психологиклық
климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай негізгі кызметтерін атауға
болады, Педагогикалық ұжымның әлеуметтк-психологиялык ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері
Ұжым және тұлға
Білім берудегі тәрбиенің мазмұны
Өндірістік оқыту шеберінің оқушылар ұжымындағы рөлі
Оқыту принциптері
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау
Тәрбиенің теориялық және әдістемелік негіздері
Жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұжымның рөлі
Оқушылар ұжымын нығайтуға педагогикалық жетекшілік
Пәндер