Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Австралия Одағы
Өнеркәсібі. Австралия Одағы — бұл дамыған капиталистік мемлекет. Мұнда
алуан түрлі пайдалы қазбалардың негізінде кен өнеркәсібі дамыған. Елде
машина жасау, химия өнеркәсібі, сондай-ақ тамақ өнеркәсібі — май шайқау,
ірімшік қайнату, консерылер (сүт, ет, көкөніс, жеміс) шығару тез дамып
келеді.
Елдің ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. Ағылшың-австралия фермерлері
ірі жер учаскелерін иеленіп отыр. Олар техниканы, тыңайтқыштарды, сондай-ақ
жалдама еңбекті қолданудың арқасында мол түсім және пайда табуда.
Жайылымдық мал шаруашылығы — қой шаруашылығы ауыл шаруашылығында жетекші
орын алады. Австралия қойдың саны мен қырқылатын жүннің мөлшері жөнінен
дүние жүзінде бірінші орын алады. Жауын-шашын аз түсетін аудандарда қойдың
негізгі азығы қуаңшылыққа төзімді шөптер мен бұталар болады. Мұнда қой
бүкіл жыл бойы табиғи жайылым шөбінде жайылады. Қуаңшылық, өрт, су басуы
қой шаруашылығына зор нұқсан келтіріп, олардың санын күрт азайтады. Ірі
қараны, атап айтқанда, сүтті көп беретін асыл тұқымды сиырларды негізінен
елдің жауын-шашын жеткілікті

56-сурет. Австралияның оңтүстік-шығыс бөлігіне тән селолық пейзаж
түсетін солтүстігі мен шығысында өсіреді. Сиыр сауу, сүт құю
және оны сақтау жұмыстары механикаландырылған.
Егіншілік дақылдарының ішінде бидай жетекші орын алады. Бидай егістіктері
елдің оңтүстік-шығысына орналасқан. Елдің субэкваторлық және тропиктік
бөліктерінің жағалаудағы жазықтарында ананас, банан, қант құрағы және
басқаларын өсіреді. Ірі қалалардың төңірегіндегі суармалы жерлерде бақтар
көп.
Адамның табиғатты өзгертуі. Материкті отарлау кезінен бастап және
австралиялық ағылшындардың бұдан былайғы шаруашылық әрекеті салдарынан
Австралияның табиғаты барынша тез және күшті өзгерді. Аң аулаудың және
олардың тіршілік ету жағдайларын өзгертудің нәтижесінде көптеген жануарлар
қырылды. Кенгурудің кейбір түрлері жойылып кетті, қалталы қасқыр,
вомбаттардың қалған түрлері құрып біту шегінде тұр. Австралияның халқы жиі
қоныстанған шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөліктері өте күшті
өзгерген. Мұнда бағалы ағаш тұқымдары кесілуде. Ормандардан тазартылған
едәуір алқаптар сауын малға жайылым ретінде пайдаланылуда.
Бір кездегі құрғақ селдір тоғай мен бұталардың орнын бүгінде бидай
егістіктері, жүзімдіктер, зәйтүн ағашының көшеттері алып жатыр. Материктің
оңтүстік-шығыс жағалауында ыңғайлы қойнаулар мен ірі порттар бар.
Материктің халық аз қоныстанған қуаңшылықты орталық және батыс
бөліктерінің де бейнесі өзгерген. Жақсы учаскелері тікбұрышты алқаптарға
бөлініп, мал жайылымдары үшін сым қоршаулармен қоршалған.
Өнеркәсіптің дамуына байланысты көптеген антропогендік табиғат
комплекстері пайда болды. Елдің халық аз қоныстанған солтүстік және басқа
аудандарында өнеркәсіптің дамуына қарай автомобиль жолдары мен темір
жолдар, электр желілері салынуда. Осының бәрі жаңа қалалардың бой көтеруіне
себепші болуда.
Австралияның өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің құрамында жаңа
түрлер пайда болды. Европадан әкелінген өсімдіктер (терек, емен және
басқалары) мен жануарлар (мысалы, жабайы ит динго, үй қояны) тез таралып,
жергілікті органикалық дүниені ығыстыра бастады. Мәселен,

57-сурет. Сидней— Австралияның аса ірі порт-қаласы
үй қояны мен қой қалталылар пайдаланылатын жайылымдарға жайылатындықтан,
олардың санының едәуір азаюына себепші болды.
Қазіргі уақытта Австралияда сырттан өсімдіктер мен жануарларды әкелуге
тыйым салатын өте қатаң заңдар қолданылады, сондай-ақ сирек кездесетін
жергілікті түрлерді сыртқа әкетуге қатаң бақылау қойылған. Табиғи табиғат
комплекстерін сақтау және сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың
жойылып бара жатқан түрлерін құтқару үшін ұлттық парктер мен қорықтар
жасалған.

ТЫНЫҚ МҰХИТ ПЕН МҰХИТТЫҢ АРАЛДАР
Тының мұхит — көлемі жағынан ең үлкен және барлық мұхиттардың ішіндегі ең
ежелгі мұхит. Оның басты ерекшеліктері — түбіндегі жер қыртысының жиі
қозғалуы, өте тереңдігі, вулкандар мен аралдардың көптігі, суында жылу
қорының молдығы, органикалық дүниесінің ерекше алуан түрлілігі. Бұл
ерекшеліктердің көбінің себептерін сендер таңырыпты оқып болған соң
түсіндіре аласыңдар.
Тынық мұхит
Мұхиттың физикалық-географиялық орны. Тынық мұхит — оны Ұлы мұхит деп
те атайды — планета бетінің -у -ін және Дүниежүзілік мұхит көлемінің
жартысын дерлік алып жатыр (2-сурет). Мұхит сопақша пішінді, экватор
тұсында ерекше енді, сондықтан ол беткі жағы ең жылы мұхит.
Мұхиттың шығысындағы жағалық сызығы аз тілімденген; онда бірнеше түбектер
мен шығанақтар бар. Батысында Евразия мен аралдардың аралығында көптеген
теңіздер жатыр. Бұл Жер бетіндегі жағалық сызықтың ең көп тілімденген
ауданы. Теңіздердің арасында тереңдігі 100 м-ден аспайтын қайраңды теңіздер
де бар. Кейбір теңіздер литосфера плиталары (Жапон, Охот және басқа) өзара
әсер ететін зонада орналасқан. Олар терең әрі мұхиттан арал доғаларымен
бөлінген.
Тынық мұхитта аралдар өте көп, олардың саны 10 мың-нан асады.

58-сурет. Евразия жағасындағы Тынык мұхит. Жапон теңізі
Мұхитты зерттеу тарихынан. Тынық мұхиттың жағасы мен аралдарын мекендеген
халықтар ертеден-ақ мұхитта жүзіп, оның байлықтарын игерген. Ф.
Магелланның, Дж. Куктың жүзу сапарларының нәтижесінде мұхит туралы
мәліметтер жиналды. И. Ф. Крузенштерн мен Ю. Ф. Лисянскийдің Жер шарын
айналып шыққан бірінші орыс экспедициясы XIX ғасырда мұхитты кеңінен
зерттеуге бастама болды. XIX ға-сырда С. О. Макаров Витязь кемесімен
комплексті зерттеу жүргізді. Экспедициялық кемелер 1949 ж. бастап жүйелі
ғылыми рейстер жасауда. Қазіргі уакытта Тынық мұхитты зерттеу жөнінде
арнайы халықаралық ұйым құрылған.

Ь9-сурет. Ғылыми-зеоттру клосі

Соңғы онжылдықтар ішінде мұхит табиғатының ерекшеліктері жөнінде жаңа
мағлұматтар алынды, оның ең терең жері анықталды, ағыстары, түбінің жер
бедері, терең сулы науаларындағы тіршілік, мысалы, омыртқасыздардың, жіп
тәрізді организмдердің жаңа типтері зерттелуде. Тынық мұхитты зерттеп білу
ұшін біздің елімізде, Қиыр Шығыста Ресей Ғылым академиясының арнаулы гылыми-
зерттеу орталығы құрылған.
Түбінің жер бедері. Тынық мұхит — ең терең мұхит. Оның орташа
тереңдігі 3980 м, ал ең терең жері Мариан науасында 11022 м-ге жетеді.
60-сурет. Тынық мұхит түбінің жер бедері Мұхит түұгелдей дерлік бір
литосфералық плитаның үстіне орналасқан, бұл плита өзінің шекарасында басқа
плиталармен өзара әсер етеді. Мұндай өзара әсер ету жер бетіндегі және су
астындағы жер сілкінуге, вулкандардың атқылауына ұласады. Мұхит түбінде
атылған лавалардың көлемі материктерде атылған лавалардың көлемінен үш есе
артық болады. Мұхитты жиектеп жатқан құрлықта да әйгілі Отты шеңберді
құрайтын көптеген вулкандар бар. Мұхит түбінің жер бедері өте күрделі .
Мұндағы қайраң басқа мұхиттардағыға қарағанда аз аумақты алып жатыр. Ол
Азия мен Австралияның жағасында ғана жақсы дамыған. Материктік беткейлері
тік, көбіне сатылы болып келеді. Мұхит түбі жер бедерінің өзіне тән
ерекшелігі — оның ең терең жерлері шеттеріне орналасқан.
Терең сулы науалар мұхиттың батыс және шығыс бөліктерінде ұзыннан-ұзақ
жіңішке шұңғымалар түрінде созылып жатады. Ірі дөңдер, жекелеген таулар мен
жоталар мұхит шарасын қазаншұңқырларға бөледі. Мұхит шарасының шығысында
Шығыс Тынық мұхит дөңі орналасқан, ол мұхит ортасындағы жоталардың
дүниежүзілік жүйесіне кіреді.
Климаты. Тынық мұхиттың ұлан-байтақ айдыны полярлық белдеуден басқа
климаттық белдеулердің бәрін қамтиды.
Тынық мұхитты суық Солтүстік Мұзды мұхиттан құрлық пен су астындағы
жоталар қорғап тұрады. Сондықтан оның солтүстік бөлігі оңтүстік бөлігінен
анағұрлым жылырақ болады. Мұхит өзінің Тынық мұхит деген атауына Ф.
Магелланның кезінде ие болған, ол мұхитты өте қолайлы ауа райы
жағдайларында, теңіз дауылын бірде-бір рет кездестірместен, экваторға таяу
маңнан кесіп өткен. Алайда бұл тіптен тынық мұхит емес.
Мұхиттың орталық бөліктерінде пасаттар басым болады. Батыс бөлігінде
муссондар соғады. Жазда оңтүстік-шығыс муссон Евразияға жанасып жатқан
бөліктер мен аралдарға мұхиттьің ылғалды ауасын әкеледі. Қыста материктен
мұхиттың климатына айтарлықтай әсер ететін суық әрі құрғақ муссон соғады;
теңіздердің бір бөлігін мұз басып жатады.
Мұхиттың батыс бөлігінде оқта-текте тропиктік жойқьің дауыл — тайфун
(тайфун — күшті жел деген мағынаны білдіреді) соғады.
Қоңыржай ендіктерде жылдың бүкіл суық жартысында теңіз дауылдары өршелене
соғып тұрады. Мұнда батыстан соғатын ауа басым. Ең биік толқындар Тынық
мұхиттың солтүстігі мен оңтүстігінде байқалған. Ондағы дауылдар биіктігі 25
м-ге дейін жететін тұтас су тауларын түзеді.
Су массаларының қасиеттері климаттың ерекшеліктеріне байланысты. Мұхит
ұзаққа созылып жатқандықтан, су бетінің жылдық орташа температурасы—1°-тан
4-29° С-ге дейін өзгереді. Тропиктердің аралығында ол 4-19° С-ге тең, бұл
басқа мұхиттардағыдан жоғары. Тұтас алғанда, мұхитта буланудан гөрі, оған
түсетін жауын-шашын басым, сондықтан мұндағы су бетінің тұздылығы басқа
мұхиттардағыға қарағанда, біраз төмен болады.
Ағыстары. Тының мұхиттың табиғат белдеулері
Ағыстары. Тынық мұхит батыстан, шығысқа қарай өте созылып жатқандықтан,
онда ендік су ағындары басым болады. Мұхиттың солтүстік және оңтүстік
бөліктеріндегі су бетінде шеңбер тәрізді су ағыны пайда болады. Солтүстік
бөлігінде судың қозғалысы Солтүстік Пассат ағынынан, Куросио, Солтүстік
Тынық мұхит және Калифорния ағыстарынан қалыптасады.
Органикалың дүниесі. Тынық мұхиттың өсімдіктер және жануарлар дүниесі
ерекше бай және алуан түрлі. Мұхиттың мұндай ерекшелігі оның көлеміне,
табиғат жағдайларының алуан түрлілігі мен жасына байланысты. Онда
организмдердің ең ежелгі түрлері мекендейді. Тропиктік және экваторлық
ендіктер, маржан рифтерінің аймақтары тіршілікке ерекше бай. Мұхиттың
солтүстік бөлігінде албырт тәрізді балықтар көп, оңтүстік-шығысында,
Оңтүстік Американың жағасында қамса балықтардың (дене тұрқы 16 см-ге дейін
жететін майшабақ тәрізді балықтар) орасан зор шоғыры пайда болады. Мұхитта
киттер, ескек аяқтылар, көптеген омыртқасыз жануарлар (сегізаяқтар,
кальмарлар және басқалары) тіршілік етеді.
Табиғат белдеулері. Тынық мұхитта солтүстік полярлық белдеуден басқа
табиғат белдеулерінің бәрі бар (30-сурет). Олардың әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері болады. Солтүстік субполярлық белдеу Беринг және Охот
теңіздерінің аздаған бөлігін қамтиды. Су массаларының температурасы төмен
(—1° С-ге дейін). Бұл теңіздердің суы жақсы араласатындықтан, олар балыққа
бай болып келеді. Мұнда минтай, камбала, майшабақ ауланады. Охот теңізінде
албырт тәрізді балықтар мен таңқыщаяндардың ерекше маңызы бар.
Солтүстік қоңыржай белдеу ұлан-байтақ территорияны қамтиды. Оған батыс
желдері күшті әсер етеді, мұнда теңіз дауылдары жиі болып тұрады. Бұл
белдеудің батыс жағында орга-низмдердің алуан түрлеріне бай теңіз — Жапон
теңізі жатыр. Экваторлық белдеуге тән нәрсе — әр түрлі ағыс суының өзара
күрделі әсер етуі. Ағыстардың шекарасында тереңдегі судың су бетіне қарай
көтерілуі күшейе түседі, олардың биологиялық өнімділігі артады. Бұл арадағы
негізгі кәсіптік балықтарға акулалар, тунецтер, желкенді балық және
басқалары лсатады. Осы белдеудің батыс бөлігінде ерекше комплекстер
Қалыптасады. Зонд аралдарының маңы мен Солтүстік-Шығыс Австралия
жағасындағы қайраңдар тіршілікке анағұрлым бай. Маржан рифтерінің жануарлар
дүниесі ерекше алуан түлі. Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде
Австралия жағасында Үлкен Тосқауыл рифінің бірегей табиғат Комплексі бар.
Бұл Жер шарындағы организмдер түзген ең ірі тау жотасы. Көлемі жағынан
оны Урал жотасымен салыстыруға болады. Жылы тымық судағы аралдар мен
Рифтердің панасында бұталар мен ағаштар, колонналар, қорғандап, гүл
шоқтары, саңырауқұлақтар түрінде мәржандар мекені өсіп жетіледі; маржандар
ақшыл-жасыл, сары, қызыл, көгілдір, адшыл көк түсті болып келеді. Бұл арада
моллюскалар, тікен терілілер, шаян тәрізділер, әр түрлі балықтар да көп
кездеседі.
Оңтүстік Америка жағасына таяу орналасқан тропиктік белдеудің суы
балыққа ерекше бай. Бұл араның суында қорек өте мол, сондықтан онда өсіп
жетілетін өсімдіктер мең жануарлар планктонын қамса балықтар, ставридалар,
скумбриялар және басқа балықтар қорек етеді. Мұндағы көптеген балықтарды
суқүзғын, бірқазан және пингин секілді құстар азық етеді.
Мұхиттағы шаруашылық әрекет түрлері. Тынық мұхиттың жағасы мен
аралдарында 50-ден астам жағалық мемлекеттер орналаскаи, оларда шамамен
бүкіл адамзаттың тең жартысы тұрады.
Адам мұхиттың табиғат байлықтарын ежелден-ақ пайдалана бастаған.
Материктердің жағалауы мен аралдарда теңізде жүзудің бірнеше орталықтары —
Қытайда, Мұхиттың аралдарда, Оңтүстік Америкада пайда болды.
Қазіргі уақытта Тынық мұхит көптеген елдер мен халықтардың өмірінде
маңызды роль атқарады. Дүние жүзінде ауланатын балықтың тең жартысы Тынық
мұхиттан ауланады (61-суретті қараңдар). Аулянатын организмдердің едәуір
бөлігін әр түрлі моллюскалар, таңқышаяндар, креветкалар, балдырлар
қүұрайды. Кейбір елдерде теңіз суынан химиялық заттар алады және оны
тұщыландырады. Қайраңдардан металдардың қорымдарын өндіреді, Калифорния
түбегінің жағасында мұнай шығарылады. Мұнайдың кен орындары Австралия
жағалауынан да ашылған.
Біздің планетаның ең үлкен мұхиты арқылы маңызды теңіз жолдары өтеді, бұл
теңіз жолдәрының ұзындығы өте зор кеме қатынасы негізінен алғанда,
материктерді бойлай жүзетін кеме қатынасы жақсы дамыған.
Адамның Тынық мұхиттағы шаруашылық әрекеті судың ластануына және
биологиялық байлықтардың кейбір түрлерінің таусылуына әкеп соқты. Мәселен,
XVIII ғасырдың аяғына қарай В. Беринг экспедициясына қатысушылардың бірі
ашқан сүтқоректілер — теңіз сиырлары жойылып кетті.

61-сурет. Дүние жүзіндегі балық ауланатын аудандар
XX ғасырдың бас кезінде теңіз мысықтары жойылып кету , шегінде
тұрды, киттердің саны азайды. Қазіргі кезде оларды аулауға шек қойылған.
Судың мұнаймен, кейбір ауыр металдармен және атом өнеркәсібінің
қалдықтарымен ластануы мұхитқа зор қауіп төндіреді. Мұндай ластау АҚПІ пен
Жапония жағалауындағы суда ерекше көлем алып отыр. Зиянды заттар ағыстармен
қоса бүкіл мұхитқа таралады. Тіпті, Антарктида жағаларында да теңіз
организмдерінің құрамынан осындай заттар табылған. Егер судың ластануы
жалғаса беретін болса, онда мұның өзі орны толмас апатқа әкеп соқтырады.
Мұхиттың аралдар
Мұхиттық аралдардың физикалық-географиялық орны
Тынық мұхиттың ұлан-байтақ кеңістігінде ондаған мың аралдар
орналасқан. Оның орталық және оңтүстік-батыс бөлік-терінде жатқан аралдар
мен архипелагтарды Мұхиттық аралдар деп атайды. Ол жалпы ауданы 1,3 млн.
км2 болатын7 мың аралды қамтиды.
Мұхиттық аралдар европалықтарға XVI ғасырда, Ф. Магелланның тұңғыш рет
Жер шарын айналып шыққан сапарынан кейін белгілі болды.
Орыстың теңізде жүзушілері В. М. Головниннің, Ф. П. Литкеннің, С. О.
Макаровтың және басқалардың жорықтары Мұхиттық аралдарды ашу және зерттеу
тарихының ерекше тараулары болды. XIX ғасырдың өзінде ғана Тынық мұхитта
орыстың құнды ғылыми информациялар жинаған 40-тан астам экспедициялары
болып қайтты.
Мұхиттық аралдардың табиғаты мен халқын зерттеуге Н. Н. Миклухо-Маклай
зор үлес қосты. Ол Жаңа Гвинея аралындағы халықтардың өмірі мен тұрмысын
зерттеп қана қоймастан, сонымен қатар тропиктік теңіздер жағалауының
қызықты физикалық-географиялық сипаттамасын да қалдырды. Мұхиттық аралдар
картасындағы Маклай жағасы, Россиялықтар аралдары, Суворов, Кутузов,
Лисянский, Крузенштерн атолдары секілді атаулары орыстардың Мұхиттық
аралдарды зерттеуге қосқан үлесін дәлелдейді.
Табиғатының ерекшеліктері. Аралдардың физикалық-географиялық орны,
көлемі және пайда болуы Тынық мұхит түбінің құрылысымен тығыз байланысты.
Мұхиттық аралдардың көпшілігі вулкандық және маржан аралдарына жатады,
олардың бір бөлігі — су астындағы жоталардың шыңдары, келесі бөлігі —
материктік аралдар болып табылады. Мұхиттық аралдардың батысындағы аралдар
литосфера плиталарының шекарасында түзілген арал догаларының зонасында
жатыр.
Мұхиттық аралдардың табиғаты әдемі болып келеді. Көкжиекте пайда болған
таулы жасыл аралдардың таң қаларлық кескіні, ақ маржан немесе қара вулкан
құрамынан тұратын ясағалық алабы бар, сымбатты пальмалар өскен жайпақ
атолдардың көрінісі теңізде жүзушілерді қайран қалдырады. Мұхиттық
аралдардың көп бөлігін маржан рифтері қоршап жатады, олар қауіпті мұхит
толқындарын бірінші қабылдап, олардың аса зор күшін әлсіретеді.
Орасан зор су кеңістігінде алып жатқан орны, құрлығының аздығы және
шалғайлығы, аралдардың материктерден және бір-бірінен оқшау орналасуы —
Мұхиттық аралдардың таби-ғатына да, халқының тіршілігіне де әсер ететін
басты фак-торлар, міне, осылар.
Барлық аралдар дерлік экваторлық және тропиқтік белдеулерде жатыр, тек
Жаңа Зеландия — субтропиктік және қоңыржай белдеуге орналасқан. Мұхиттық
аралдардың климаты жылы, бір қалыпты, жұмсақ, адамның тіршілігі үшін
айрықша қолайлы. Аралдардың орындарына қарай экватордың екі жағында да
ауаның температурасы жоғары болады, бірақ мұхиттан соғатын желдер ыстықты
едәуір жұмсартады. Маусым бойынша тәулік ішінде температураның ауытқуы
болмашы ғана. Мұхит айдыны үстінде ауа қысымының ауысуы жанды атаулыны
мұхитңа қарай ұшыратын дауылдардың тууына әкеп, соғады.

сурет. Маржан атолдары — Мұхиттық аралдардың бір бөлігі
Аралдардың оқшау орналасуы олардың өсімдіктер және жануарлар дүниесіне
күшті әсер етті. Олардың өсімдіктер және жануарлар дүниесі өте ерекше.
Шағын және едәуір жас маржан аралдарында тіршілік кедейлеу, ал материктік
аралдарда ол біршама бай әрі алуан түрлі. Аралдардың жануарлар дүниесінде
жыртқыштар да, улы жыландар да жоқ.
Аралдардың және әсіресе атолдардың жағалауындағы су тіршілікке бай.
Сондықтан мұхиттағы аралдарды шөлдегі оазистерге теңеуге болады.
Аралдардың табиғатындағы жалпы белгілермен қоса олардың
айырмашылықтары да бар. Биік, таулы материктік жайпақ атолдармен кезектесіп
отырады, олардың бір тобы экватордың бойына орналасқандықтан, климаты
ыстық, басқалары субтропиктік белдеуде орналасқандықтан, оларда жазда ғана
ыстық болады. Маржан аралдарының табиғат комплекстері мұхитпен өте тығыз
байланысты. Мұнда құрлықта да, суда да тіршілік ететін жануарлар, мысалы,
таңқышаяндар тіршілік етеді. Көптеген атолдар — теңіз құстарының ұялайтын
орны. Бұл аралдарда ылғал мен теңіз тұзына қаныққан күшті желдерге
бейімделген кокос пальмалары мен бұталар өседі. Вулкандық аралдардың
табиғат комплекстері басқаша болады. Таулардың жел жақ беткейлеріне ылғал
көп түседі. Тауларда биіктік белдеулілік байқалады. Материктік аралдардың
табиғат комплекстері ерекше алуан түрлі мұндай биік таулар да, ойпаң
жазықтар да бар. Жаңа Зеландия аралдары гейзерлерімен, өсімдіктер және
жануарлар дүниесінің эндемик-
терімен әйгілі.
Мұхиттық аралдардың халқы мен саяси картасы. Адам Мұхиттық аралдарға
бұдан көптеген мың жыл бұрын қоныстанған. Оны қоныстанудың қай жолдармен
өткені белгісіз. Ол жөнінде көптеген -жорамалдар бар. Ғылымда қалыптасқан
түсініктер бойынша, Мұхиттық аралдарға Оңтүстік Шығыс Азиядан келген
адамдар қоныстанған. Норвег саяхатшысы . Т. Хейердалдың жорамалы бойынша,
оны Америкадан шыққандар қоныстанған.
Мұхиттық аралдардың тұрғындары тамаша теңізде жүзушілер және кеме
жасаушылар болған. Олар туған аралдарынан мыңдаған километр қашықтыққа жүзу
сапарларына шықкан. Олардың, тіпті Мадагаскар аралына да жүзіп барғаны
жөнінде деректер бар.
Қазіргі уақытта Мұхиттық аралдардың халқы байырғы тұрғындардан,
келімсек және аралас халықтардан тұрады -Жаңа Гвинея мен оның маңындағы
аралдардың байырғы тұрғындары — папуастар. Олар экваторлық нәсілге жатады-

63-сурет. Кук аралдарындағы шәғын қоныстар
Басқа аралдардың байырғы халқы ерекше полинезия тобына жатады, олардың
папуастардан өзгешелігі — өңдері ақшыл, шаштары бұйра болып келеді.
Мұхиттық аралдардың қазіргі тұрғындары кокос пальмаларын, банан,
какао, кофе өсіру арқылы егіншілікпен айналысады. Мұхитта кәсіпшілік ету де
олардың дәстүрлі ісі болып қалуда. Аралдарда түсті металдар рудаларын, тас
көмір өндіріп, фосфорит кендерін игеруде.
Адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен аралдардың табиғаты тез
өзгеруде. Жойылып кеткен табиғи өсімдіктердің орнына қазір плантациялар
жасалып, оларда капиталистер байырғы тұрғындардың арзан жұмыс күшін
пайдалануда. Мұнда қант құрағы, ананас, шай, каучукты өсімдіктер мен басқа
да дақылдар өсіріледі. Отаршылдар бұл шаруашылықтардың көп бөлігін байырғы
халықтан тартып алған жерлерде ұйымдастырған.
Ағаштардың бағалы түрлерін кесу, жағалаудағы суды ластау Мұхиттық
аралдардың табиғатын өзгертуге себепші болады. Бірқатар атолдарды атом және
сутегі қаруларын сынайтын полигондарға айналдыру нағыз тағылық болып отыр.
мұндай сынаулардың нәтижесінде бірсыпыра атолдар жойылып кетті,
басқаларының табиғаты адам танымастай өзгерді. Мұхиттық аралдардың
саяси картасы капиталистік елдердің аралдар мен архипелагтарды басып
алуының нәтижесіңде қалыптасты. Бұдан отыз жыл бұрын мұхиттық аралдарда
Жаңа Зеландия деген бір гана тәуелсіз мемлекет болған, қалған аралдар
отарлар еді. Қазіргі кезде мұндағы тәуелсіз елдердің саны оннан асады.
Басқа аралдардың халқы тәуелсіздік жолында күрес жүргізуде.

АНТАРКТИДА
Антарктида — өзінің табиғатының қайталанбас көрінісі жөнінен бірден-
бір және ерекше материк. Поляр зерттеушілері оны мұз құрсанған, жым-жырт,
елсіз, сырлы, ақ материк деп атады. Қыста Антарктида поляр түнінің түнегіне
батады, ал жазда Күн көкжиектен батпай, түн ортасында мүйіз құрсанған шөлге
жарық беріп тұрады. Оңтүстік полюсте Күннің шығуы мен батуын жылына бір-ақ
рет қызықтауға болады. Бұл ең биік әрі ең суық материк. Жер шарында соғатың
ең күшті желдер де осында кездеседі. Мұнда тұрақты халық жоқ.
Планетамыздағы тұщы судың 80%-і Антарктида мұзында сақталған. Материкті ашу
және зерттеу тарихы өзгеше.
Физикалың-географиялық орны. Антарктиданы ашу
Антарктика мен Антарктида. Антарктиданың табиғаты Тынық, Атлант және Үнді
мұхиттарының оңтүстік бөліктерінің табиғатымен тығыз байланысты және
олармен бірге бір-тұтас материк болып жатады! Теңіздердің құрлыққа аздап
еніп жатқан кең алақаптарды қайраңды мұздықтар жапқан. Бұл мұздықтар
материктік мұз құрсауының жалғасы болып табылады.
Антарктика — бұл Антарктиданы жанасып жатқан аралдарымен бірге және
мұхиттардың шамамен 50—60 о. е. дейінгі бөліктерін қамтитын оңтүстік поляр
аймағы. Антарктика деген атау гректің анти— қарсы, яғни жер шарының
солтүстік поляр аймағы — Арктикаға қарама-қарсы жатқан деген сөзінен
шыққан.

64-сурет. Антарктида жағасындағы айсбергтер
Физикалың-географиялық орны. Материк түгелдей дерлік Оңтүстік поляр
шеңберінің шегінде орналасқан. Антарктиданы басқа материктерден орасан зор
мұхит айдыны бөліп тұрады. Материктің полюс ауданындағы географиялық орны
орташа қалыңдығы 2000 м болатын қалың мұз жамылғысының тү-зілуіне әкеп
соққан. Мұз қабатының қалыңдығына байла-нысты Антарктида Жер шарындағы ең
биік материк болып отыр.' Материктің жағасы негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Америка құрлығының климаттық ерекшлеліктері
Мұхит суының температурасы
Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама
Тынық мұхит пен мұхиттың аралдар
Мұхиттар (Әлемдік мұхит)
Мұхиттар
Австралия жағаларының пішіні
Жеке материк ретіндегі қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктері
Материктердің физикалық географиясы
Атлант мұхиттың зерттелу тарихы
Пәндер