Абылай ханның жауынгерлік туы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Абылайдың Ақ туы.

Абылай ханның жауынгерлік туы. Кезінде бүкіл қазақ халқының атынан айтылатын жауынгерлік ұран ретінде де қолданылған. 20 ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы, Алаш орда жетекшілері халықты бірлікке шақырып "Абылайдың Ақ туының" астына жиналайық деген үндеу тастаған. Шын мәнінде Абылайдың Ақ туы - тарихи зат, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғысқа көтерілген ту, қыл шашақты, көлемі 2 м 2 ақ жібек мата. Ту 1930 жылға дейін Арыс қаласының маңындағы "Хан қорған" деген жердегі төре тұқымдарының қолында сақталып келген. Ел аузындағы әңгімелердің бірінде ИКВД адамдары алып кеткен, екіншісінде жергілікті халық тәрбиелік ретінде бөліп-бөліп алған дейді.

Абылайдың батырлар ерлігін

бағалауы, өнегелі қасиеттері.

Абылай заманындағы билер-батырлар жайлы ел аузында қалған аңыздарда оның қолбасшылық, қайраткерлік істері, айрықша қызметтері, батылдығы, алғырлығы, парасаттылығы, жомарттылығы көрінеді. Абылай ержүректілікті, тапқырлықты, тура әділ сөздерді, шешендікті құрметтеп, қадырлеген.

"Абылай - аса қаталдығымен, кесімді пікірімен, сонымен бірге қажет жеріндегі айлалығымен және әркімнің ісін бағалай білуімен де беделге ие болған адам, "-дейді Б. Нұржекеев.

Мәселен, мұны Ер Жәнібек туралы аңыздан аңғарамыз. Яғни бұл хан сайланарда өзіне бата берген әйгілі Шақшақұлы Жәнібек емес, ашамайлы керей Бердәулетұлы жәнібек жайында. Бұл ерекшелігі аңыздардың бәрін де бір оқиға төңірегінде өрбиді. Бәрінде де кезекті бір сәтсіз ұрыста қалмақтар басым болып, қолы қаша бастағанда Абылай жасағын кері қайтаруға әрекет жасайды. Бірақ аты болдырып, жауға ұстала жаздайды. Мұны аңдыған Жәнібек көк дөненін береді. Тың атқа мінген Абылай жігіттерін кері қайтарып, батыл сөздерімен рухтандырып, қайта соғысады. Бірақ, осы оқиға әр аңызда әр түрлі баяндалады. Біреуінде көк дөненге мінуден арланған ханға:

Қазақтың ханы Абылайды,

Қармақ өлтірді дегеннен

өзім өлтіріп кетемін -

деп Жәнібек найзасымен тап бергенде Абылай қорыққаннан мінеді-міс. Екіншісінде

  • Басынды жауға кестіртіп, қанжығасына байлатқанша, өзім кесіп кетейін, -деп Жәнібек қылышын суырып өлтірмек болады.

Үшіншісінде, қолы қайта ұрысқа бастаған Абылайға Жәнібек:

  • Алдияр! Сіз өлсеңіз, ел жетім қалар, мен өлсем, қазақтың бір қатыны ұл табар! - деп атына мінгізіп Абылайды құтқарады.

Бір аңызда шайқас кезінде Жәнібек аты барлыққан Абылайға көк дөненін көлденең тартып:

  • Елін басқарған батыр, бір өзі мыңға тартып. Мен көптің бірімін, сен аман қалсаң тірімін, - дейді.

Бәрін де шындыққа жақын аңыз мынау болса керек.

"Жоңғар шапқыншылығымен болған бір шайқаста қазақтар жеңіліс тауып, аты болдырған Абылай оларды тоқтатуға әрекеттенген еді. Осыны байқаған Жәнібек отын береді. Хан басымен ат ауыстыруды намыс көрген Абылай Жәнібекке:

  • Жас екенсің, қарағым. Жау басым, жазым боларсың, - дейді.

Сонда Жәнібек:

  • Сіз қолға түссеңіз, ел басшысыз қалар, мен қолға түссем, қазақтың бір әйелі тағы да ұл туар, - дейді.

Бұл сөзге риза болған абылай тың атқа мініп, қашқан қолын тоқтатып, жауын жеңеді. "

Міне, мұнда ханын сөзбен жеңіп, іспен демеп, кішілігін танытқан батырдың шынайы ықыласы көрінеді. Жоғарыдағы аңыздарды саралай келсек, шындыққа жақыны осы. Олай дейтініміз, "менің атыма мінбедің" деп ханға найза, қылыш көтеру - батырға тән қылық емес. Аңызды айтушының Жәнібекті ерекшелеудегі ойдан шығарған қоспасы. Қалай десек те, соңғы аңызда Абылай Жәнібектің ерлігін, адамгершілігін бағалап, қиындықтағы қолдау көмегін елеусіз тастамағанын көресіз. Ұрыс аяқталған соң Жәнібекті шақырып алып:

  • Жігітім, ат бергеніңнен сөз бергенің асты ғой. Осы жолғы олжаның басы - сенікі. Кәне, не қалайсың?- деп Жәнібектің үш тілегін орындаған.

Оң тізесінен орын берген, яғни іргесінен жер бөліп берген, туын белгілеген, керей елінің билігін тапсырған. Ерлікті, адамгершілікті лайықты бағалай білу Абылайға тән биік қасиет болғанын байқаймыз. Бұдан Абылайдың үлкен адамгершілігі, ақыл парасаты, көрегенділігі танылады.

Бір аңызда қалмақ батырлары жекпе-жекте жеңіп, Абылай хан кім шығар екен деп қиналған кезде жұрт: "Абақ! Абақ!" деп ұрандап жауын бөлтіріп, ұрыс алып қалмақтарды қуа жөнелгенде, Абылай: "Ия, алла қазаққа жеңісті нәсіп қылып, Жәнібектің жағына жар бола гөр! деп астындағы атын айтып, бауыздап жіберген. Алайда бұл жерде Жәнібек қанша дәріптелгенімен де, Абылайдың батылдық, ерлік қадірлеп - құрметтегені аңғарылады. Жанына ерген батырларға Алладан тілеу тілеп қана қоймай, астындағы атын бауыздауға баруы - осының дәлелі. Аңыздарда олжаға түскен қалмақ қызын бөлісуде Абылай мен Жәнібек келіспей қалып, Жәнібек қыздың басын шауып алатын оқиға бар.

Жоғардағы тарихи жыр-дастандарда, тарихи деректерде айтылғандай Абылай олжаға қызықпаған. Демек бұл Абылайдан өз батырын биік көрсеткісі келген айтушының басқа бір оқиғаны қосып, бура жеткізуін де түсінеміз. "Аңыз жанры да, бүкіл фольклор сияқты анахронизмнен құр алақан емес. Біріншіден, ауызша тарағандықтан, екіншіден, әңгімеленген оқиғадан көп уақыт өтіп кеткендіктен, үшіншіден, әңгімеге көркемдік элементтері әсер еткендіктен, аңызда баяндалатын оқиға көмескі тартады, әңгіменің әр түрлі нұсқалары пайда болады . . . "

Потаниннің: " . . . бір ертегіні қазақ айтса он түрлі қылып айтады. Сонан бір қазақтың аузынан шыққан ертегіні күллі қазаққа бірдей деп есептеуге болмайды. Ойдағыны болдыру үшін ертегіні көп жинап салыстыру керек, " дегені де осы аңыздың түрлі нұсқалылығына қатысты деп ойлаймыз. Жоғарыда аңыздың бірінде Жәнібекті Абылайдан қаһарлы да батыл етіп көрсету басым болса, екіншіде, керісінше Абылайдың аяушылық білдіріп, батырының тағдырына алаңдауын ұғынамыз.

Шындыққа жақын аңыз "Ер Жәнібек" дастанымен мазмұндас. Мұның өзі аңыздың дастанға өзек болғанын аңғартады. Яғни, мұнда заңдылық бар. Зерттеуші Б. Адамбаев: "Мазмұн, сэжет жағынан алғанда аңыз - әңгімелер тарихи жырларға жақын, бірақ оларданқұрылысы мүлде басқаша. Жыр өлеңмен, аңыз қара сөзбен айтылатынын атасақ та жеткілікті", -деп оның ерекшелігін айқындайды.

Абылайдың ерлікті, өжеттікті, ойлы, батыл шешімді бағалап, қадырлейтіндігі жайлы аңыз-әңгімелер көп. Тұтқындағы Абылайды босатуға Қазыбек би топты бастап барғанда, Сайдалы Нияз батыр бір топпен жетіп, Қалдан Серенге үш талап қойып, еріксізорындатуға мәжбүр еткен. Батырдың ерлігіне риза болып, Абылай Ташкенттің билігін берген көрінеді. Тағы бір аңызда түн ішіндегі жау шабуылында орданы қауіпсіз жерге дін аман көшірген Сеңкібай батырдың тапқырлығына, ақылдалығына риза болған хан батырды "Ақиық сұңқар" деп атаған. Абылай жауды жеңіп, еліне қайтуға бет алған кіші жүз таша батырларының ерлігін бағалап, Шу, Сарысу бойына қоныстандыруға ықылас білдірген. Қалмақтармен бір шайқасқа қолға түскен Маржан қызға байланысты батырлар арасында талас туады. Ақыры қыз шешімімен мергендік, күш, білім сынауда мерейлі үстем болған Еспембет батыр қыздың арғы тегін біліп, еліне қайтаруды жөн көреді. Абылай мұны мақұлдап қана қоймай, Маржан қызды Ақбантайға аман-есен жеткізіп салу үшін үш жігітке тапсырады. Мұның өзі Абылайдың зор адамгершілігін танытады.

Абылай парасаттылығы тағы бір мысалы тарихи деректер арқылы да жетіп отыр. Дулат елінің Шымырының Жаңабай атасынан тараған, 100 жасап, әулие атанған соңында көп ұрпақ қалған, сүйікті батырларының бірі болған Мәмбеттің 1756 жылы Көкшетау, Қызылжар, Ертіс бойындағы шайқастардағы зор ерлігіне сүйсінген Абылай керек елінің ең айтулы қызына үйлендіріп, қалың малын өзі төлеген.

Абылай батырлардың ерлігін, батылдық қасиетін, тапқыр да ойлы шешімін, ақыл, парасатын биік қойған.

Аңыздарда Абылайдың батырларды сынайтын дәстүрі болғаны байқалады. Батырлардың жүректілігін, тапқырлығын, күш-қайратын, батылдық шешімін ой сарабына салып, оларды қол бастауға іріктеген (мәселен) ; "Абылай ханның сыны, Райымбектің жауабы" атты аңызда кезекті бір жорық алдында қолбасшы тағайындау үшін сапты аралап жүргенде Райымбек батыр мінген тұлпардағы өте әшекейлі құранды ерге көзі түсіп, сұрағанда:

-Ханның екі айтқаны өлгені, -деп жас батыр әубәкі ұста жасаған бесіресі, яғни қасиеттеп ұстайтын мүлкі екенін айтады.

Абылай хан жас батырға сүйсіне қарап тұрып:

  • Қарағым алтынмен аптаған, күміспен күптеген ер-тұрманға, айнақшыған кер құнанға мастанып келген қуыс кеуде, даңғой, мақтаншақ біреу ме деп сын айтып едім. Қолбасы сен боласың, -деген екен.

Бір аңызда Ақдала шайқасында қазақ қолынан жекпе-жекке кімді шығаруға орай хан кеңесі өтеді. Аталған батырларға хан көңілі толмағанда, Қазыбек би Жарылғапты ұсынады. "Бес қаруан өзі сайласын, "-дегенде Жарылғап жалаң қылышпен кіріп келеді. - Қылыштан басқа қару қалмаған ба?- деп хан даусы ызбарлы шыққанда:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абылай хан туралы ақпарат
«ҚАЗАҚ ЕЛІ ЕГЕМЕНДІГІНІҢ ЖАРШЫСЫ – ХАН АБЫЛАЙ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАН»
Тұлпар мен ту
Үш жүзге ортақ хан
Жоңғар Шапқыншылығы
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс және оның тарихнамасы
Қазақ елінің Ресейге қосылғаннан кейінгі халықтың жағдайы
Қаракерей Қабанбай батырдың дәуірі
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz