Адалдан тапқан тиынды



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары .

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны , жазба әдебиетінің негізін
салушы ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшылы .
Оның поэтикалық шығармалары мен ғақлия сөздері пәлсапалық ,
этикалық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық ой пікірлерге
толы.
Абай түсінігінше , табиғат біздің санамыздан тыс және бізге
тәуелсіз өмір сүреді. Біздің түйсігімізбен қабылдауымыз , түсінігіміз
айналадағы ақиқат шындық өмірдің сәулесі ғана.
Адам баласы көзімен көріп , құлақпен естіп, қолмен ұстап ,
тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады,-
дейді Абай. Абай дүниені жаратушы бір күш бар деп қарайды.
Бұл жағынан алғанда дейістік көзқараста болғаны байқалады.
Алайда ұлы ойшыл адамдар жаратылысында бірдей емес
дейтін нәсілді көзқарасұа қарсы шыға отырып (отыз төртінші қара
сөз), адамның туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері
бәрі бірдей... Адам баласы анадан туғанда екі түрлі мінезбен
туады. Бірі – ішсем , жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің
құмарлығы. Екіншісі - білсем екен деу - жан құмарлығы... (
жетінші, қырық үшінші сөз) деп ой түіндей келе, адам
бойына жан құмарлылығы арқылы жиналатын нәрсенің ата ақыл,
ғылым... ол таланттылық пен ерінбей еңбек еткен адамның қолына
түседі... деген қорытынды жасайды.
Абайдың дүниенің дамуы жөніндегі көзқарасында
диалектикалық сарын басым. Ол табиғат құбылыстарын бір- бірімен
өзара байланыста, үнемі өзгеріс дамуда болады, адамды өоршаған
ортаның - табиғаттың ішкі сырын білім- ғылым арқылы білуге
болады деп қарастырады.
Ол қазақ халқының саяси - экономикалық және мәдени артта
қалушылығы - оның феодалдық - патриархалдық қатынасынан,
рулық талас- тартыстары етек алған көшпелі тұрмысынан
туындап отырған батыраңқылығының салдары екендігін жақсы
білді . Күнде ұрлық , күнде төбелеспен күн кешкен алты
бақан алауыз елінің жақсыларына налыған Абай малыңды жауға,
басыңды дауға салып, өміріңді қор қылмай татулас, бірлесіп
ел боп Егіннің ебін, сауданың тегін үйрен, жан аямай
кәсіп қыл деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап
тартысын көре білді, бірақ сол таптық қанаудан құтылудың жолы
оқу, ағарту деп қарады.
Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ
халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп - шенеді. Қара
басының қамын ғана ойлайтын яғни тән қажеттігін өтеуді ғана
ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді
арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында
жа,ымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейілінше
қарсы болды. Оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп
ұқты:
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге,-
Деп жастарды білім - ғылымды меңгеруге шақырады.
Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу,
шекпен кию үшін пайдаланып , парақорлықпен алдап - арбаудың
құралы етуге тырысқанына ызаланған Абай:

Ойында жоқ олардың
Салтыков пен Толостой.
Я тілмаш, я адвокат,
Болсам деген бәрінде ой,-
деп сөкті. Жастарға халық қамын ойлаған ақын -жазушылар
мен ғалымдарды үлгі -өнеге етіп, білімдіден шыққан сөз
талаптыға кез болса екен - дейді.
Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған ,
Жасынан оқу оқып білім алған.
Би болған, болыс болған мақсат
емес,
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған.
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті
кәсіп ету, мектеп салып, оқу оқып, білім алу қажет,
тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп жар салды.
Өнер- білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес
екендігін терең түсінген ол: Барыңды салсаң да балаңа орыстың
ғылымын үйрет... өнер де , ғылым да орыста тұр.
Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние
прзанырақ түседі...- деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге
етті.

Кітапты молда теріс оқыр,
Дағарадай боп сәлдесі...-

деп, Абай бас қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды.
Бұл жерде діни оқу жөніндегі Абайдың көзқарасы өзінің
замандасы Шоқан, Ыбырайлармен өзектес келетіні байқалады.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Әне оны берем,
міне мұны берем деп, бастан балаңды алдағанына мәз боласың,
соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің ? Боқта! деп
біреуді ботатып, кәпір қияңқы, осыған тимендерші деп,
мақсаттандырып теңтектікке үйретіп қойып, қу, сұм бол деп,
пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді деп, тірі жанға
сендірмей жат- мінез қыласың - деп теріс тәрбие беретін ата-
аналарды қатты сынға алады. Ақыл ардың сақтаушысы деп
қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы
үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы -
Ынысап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап...
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап,-
деп кейбір жастардың іс- әрекетіне кейістік білдіреді.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым - ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз,-
деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы
керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы
қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:
...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей
ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек ,-

Деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық,
жалқаулық, күншілік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен
ойды тоздыратынын айта келіп, естігенді еске сақтау, көргеннен
үлгі- өнеге алу, жаман әдет -дағдылардан бойын аулақь
ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік
қасиетттерді қастерлейді.
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің
рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19- қара сөзінде Адам
баласы туа сала есті болмайды. Естіп көріп, ұстап, татып,
естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында
болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алуғана есті етеді
- деп ақыл – естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінің
ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді.
Абай сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді дейтін теріс
көзқарасты әшкерелен , адам мінезі өмір барысынан сабақ
алып , өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп ,
оның іс- әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым
жасайды.Адам мінезінің түрлерін адамгершілік , моральдық ,
имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп
жіктейді. Әдептілікті, сыпайлықты , құмарлықты , тәуелсіздікті,
беріктікті жақсы мінезге жатқызса , сенгіштікті , арсыздықты ,
мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т .б. жаман мінез деп
есептейді. Егер есті кісінің қатарында болғың келсе , күнінде бір
мәртебе , болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір , өмірді
қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал - дейді. Яғни
адамның өзін- өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше
тоқталады. Абай : Адам баласы бір- бірінен ақыл, ғылым ,ар, мінез
деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің
бәрі ақымақтық - дей келе , адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның
рөлінің ерекшілігін саралап көрсете білді. Адам баласын заман
өсіреді, кімде – кім жаман болса , оның өзінің замандастарының
бәрі виноват- дейді. Яғни Абай сана- сезімді тәрбиелеп
жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік көзқараспен
түсіндіреді. Адамның жақсы , жаман болуы, ақылды- ақылсыз болуы
генетикалық негізге байланысты , ақсүйек тұқымнан шыққандар
ақылды , алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік
көзқарасқа қарама- қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге
байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде : Мен,
егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп
болмайды деген кісінің тілін кесер едім -деді.Абай жастардың
белгілі бір мамандықты игеруін уағыздады. Өзінің отыз үшінші қара
сөзінде Егер мал керек болса , қолөнер үйренбек керек. Мал
жұтайды, өнер жұтамайды деп, жастардың сегіз қырлы , бір сырлы ,
өнерлі азамат болуын қалады. Орынсыз мақтанмен мал шашатын
дарақыларды мінеп- сынап:
Адалдан тапқан тиынды
Сал да сақта қапшыққа .
Қолдағыңды қорғап бақ
Мал арзан деп аптықпа, -
деп ұқыпты бол, адалдан тапқан малды орынды жеріне жұмсай біл
деп ақыл- кеңес берді.
Абай ел қыдырып ас ішіп , аяқ босатар жатып ішер, жалқау
жастарды мінеп- сынай келе :
Жалға жүр, жат елге кет , мал
тауып кел
Малың болса сыйламай тұра
алмас ел ... .
Талаптан , талпын , адал еңбек ет . Есек артын жусаң да адал
еңбекпен мал табудың арлығы жоқ , егіннің ебін, сауданың тегін
үйрен дегенді насихаттайды.
Қулық, сұмдық , ұрлықпен мал таппақ болатын жеңілдің
астымен , ауырдың үстімен жүріп күн көрушілердің арам пиғылын
әшкерелеп , ұрлық түбі қорлық , адалдан тапқан мал мұратқа
жеткізеді, еңбек түбі – зейнет дегенді өнеге тұт дейді.
Жастардың белгілі бір өнер үйреніп , пайдалы іспен
шұғылдануын , адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы ақын
оларға:
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң , әрқашан
Сенде бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та , бар қалан ,

өмірден өз орныңды таба біл, қоғамның пайдалы азаматы бол деп
өсиет айтады.
Абай үлгі етіп ұсынған адал еңбек, ар- ождан мәселелері қай
қоғамда болмасын аса қажет, адамды қиыншылдық атаулыдан аман алып
шығатын тіршіліктің түтқасы, өмірдің өзгермес заңы, жастарды
алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз.
Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды
жұбайлық өмірге үлкен жауапкершілік сезімімен қарауға шақырады.
Өзінің Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат (1891) деген
өлеңінде:
Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар
Ата-ананың қызынан ғапы қалма, -
деп жігіттердің жар таңдау мәселесіне тоқталып, қазақтың Аяғын
көріп асын іш, анасын көріп қызын ал деген мақалына орай
тәрбиелі жақсы ананың перзентін малды болмаса да бағала, өмірлік
жолдасты дұрыс таңдай біл дегенді айтады. Сөйтіп отбасы өмірдің
этикасын, ерлі - зайыптылардың бір- бірімен сыйласымды өмір
сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін қисындық
атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын
талап етеді.
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріндікін бірің жеткіз...
Бір жерде бірге жүрсең басың қосып,
Біріңнің- бірің сөйле сөзін тосып,
Біріңді- бірің ғиззат құрмет етіс
Тұрғандай бейне қорқып, жаның шошып
Абай сондай- ақ некесі қиылған жастар ауыл- аймақпен жора-
жолдас, туған- туыстарға, сыпайы қарым- қатынаста жұртқа қадірлі
болуы өздерінің мінез- құлқы, іс- әрекеттеріне байланысты екенін ,
бұл жерде әсіресе жаңа түскен келінге қояр талаптың жоғары
болатынын мықтап ескертті. Семьядағы достық қарым- қатынас, ер
жігіттің елі мен жора- жолдасына инабатты болу, туған- туыстарын
құрметтеуге қалыңдықтың міндеті екенін, бұл қасиет оның өз ерін
құрметт тұтуы, қадірлеп сыйлауы қажеттігінен туындайтыны айтылады.
Осыған орай ақын:
Үйіңе тату құрбың келсе кіріп,
Сызданбасын қабақпен имендіріп.
Ер сүйген кісіні о да сүйіп,
Құрмет қылсын, көңілі таза жүріп,-
деді.
Ақын отбасылық әдет- ғұрыпта ерсі қылықтарды қатты сынады.
Ол әйел қауымының намысты қастерлеуін, қылығымен сүйкімді болуын,
үй ішінде жұлдыздай жайнап жүруін қалады. Ал кейбір жас
әйелдердің үй іші шаруасына қаблетсіз күйректігін, тіпті өзінің
бас- аяғына қарауға да мән бермейтін, салдыр- салақ болып
жүретініне кейіс білдіреді.
Мәселен, Қатыны мен Масақбай , Әйелің- Медет қызы, аты Өрім
атты өлеңдерінде:
Әйелің- Медет қызы, аты Өрім,
Айына бір жумайды беттің кірін деп,
Мұндайлардың өзінің тек сыртқы кһркіне ғана табынып, үй іші
талап- талғамымен санаспай, отбасы тірлігіне салғырт қарайтынын,
қолынан өнімді іс келмейтініне , жастық желік, нәпсінің құлы болып
жүретіндерге ренжіп:
Шу дегенде көрінер сұлу артық
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.
Бетім барда бетіме кім шығар- деп
Кімі паңду келеді , кімі тантық,
-
деп , ақын әйелдердің тек тән сұлулығына табынуын ұнатпай ,
олардың ішкі жан дүниесінің сұлулығына ерекше назар аударды.
Абай әйел қауымын кейбір нашар қасиеттерден ( өсек,
жалқаулық , еріншектік , шаруаға икемсіздік т. б.) бойын аулақ
салуын тілеп , олардың ақылды , инабатты , ұятты , балаға- ана
, еріне- жар, ата- енеге сүйкімді келін , отбасына береке - құт
тудырар аса қабілетті адам болуын аңсады.
Ақын отау құрған жастардың бірінде махаббат сезімі
жалған құмарлық болмауын махабатсыз некеде өмірдің қуаныш-
қызығы болмайтынын , үй ішіндегі қайырымсыздық , екі жүзділік
пен опасыздық , осындай некенің салдары деп түйді. Өзінің
Жарық етпес, қара көңілім неғылса да өлеңінде : адамның көңіл
түкпіріндегі сырын аша отырып , нағыз махабаттың еш уақытта
сөнбейтінін , үнемі өршіп дамитынын , адамның армай- талмай ,
нәтижелі жұмыс істеуіне ықпалын тигізетінін , шын махаббат кісіні
адамгершілікке жетелейтінін , зұлымдықтан аулақ болатынын
ескртті. Абай әйелдің бас бостандығын , жастардың сүйгеніне
қосылып махабатты өмір сүруін қорғаушы болды. Әсіресе жас
қыздарды еріксіз малға сатып, шалдарға тоқалдыққа зорлап
беруді қатты айыптады.
Кәрі, жас дәурені өткен тату емес

Епке көнер ет жүрек сату емес.
Кімде- кім үлкен болса екі мүшел
Мал беріп алғанымен қатыны емес,
Кәрі мен жастың жүрегін қалыңмал жалғастыра алмайтынын ,
махаббатсыз дүние бос , хайуанға оны қосыңдар ... есек
құсатып кәріге жасты зорлап қосқан өмірдің несі сән деп ,
өзінің қалың малға деген айыптау үкімін айтты. Сондай-ақ Абай Бір
сұлу қыз тұрыпты хан қолында деген өлеңінде , алтын , күміс қамқа
, торғынға орап қойып , зорлап алып әйел етпек болған
есерсоқ ханды сықақ ете келеді де:
... Етімді шал сипаған құрт жесін
деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға ,-

деп қорлық өмірден ерлік өлімді артық санап өзін өлімге
қиған қызды дәріптейді.
Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен
сана еңбек барысында қалыптасатындығы туралы Ақыл ғылым:
бұлар- кәсіби дейді.
Ақын ғақлияларында қоршаған әлемді тану үшін адамға
алдымен - не көрдің , есіттің әрнешек білдің , соны
тездікпенен ұғып ... алу ; екінші - ... бір нәрсені естіп ,
көріп білдің , қош келді , қазір соған ұқсағандарды
тексересің . Түгел ұқсаған ба ? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы
бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар нәрселердің
бәрін ойлап , білгенін тексеріп, білмегенін сұрап , оқып,
бөтеннен хабарласып білмей , тыншытпайды,- деп көрсетеді. Абай
сезім мүшелерінің шындықты танудағы қызметін дұрыс түсіндіреді.
Ақын: Адамның қуаты, өмірі бірқалыпта тұрмайды . Әрбір
мақлұққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ, - деп ,
табиғат қана емес , адамда үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше
көңіл аударады. Абай адам мен жан- жануарларды салыстыра келіп
қай өгіз шаһар жасап, құрал жасап, неше түрлң сайман жасап,
сыпайылық шеберліктің үдесінен шығарлық қиысыны бар?- адамның
хайуаннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие түрлері және бесік тәрбиесі
Абай және қазіргі заман
Ақшаның шығу тарихы туралы
А.Құнанбаевтың педагогикалық идеяларын анықтау
Ақша айналымының сипттамасы
Қазақ билері туралы
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ(1858-1931) ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚӨЗҚАРАСТАРЫ
Анашым-жанашырым
Төле Әлібекұлы
Қазақ этнопадагогикасының ғылыми негiзiн қалаушы педагог-ғалымдар. ХХ. ғ. басындағы этнопедагогика негізін салушылардың идеялары
Пәндер