Ежен ханның елшілері
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. XVIII ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ хандығы
1.2. XVIII ғасырдың ІІ жартысындағы елеулі оқиғалар
1.3. Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
XVIII ғасырдың басынан бастап-ақ қазақ хандықтары сыртқы саяси жағдайдың
одан әрі шиеленісуінен туындаған ауыр күйзелістерге ұшырады. Тәуке хан
ықпалы күшейе түскен билерге арқа сүйеп, феодалдық өзара тартыстарды
уақытша тыйып, үш жүздің үшеуіне де тыныштықты қалпына келтіріп, осы арқылы
қазақ руларының қоныстарын сыртқы шапқыншылықтардан қауіпсіздендіре алған
еді. Алайда ол өлгеннен кейін сұлтандар арасындағы билік үшін тайталас және
оқшауланған ұмтылыс қазақ халқының бірлігін бұзды, оны көршілестері сол
мезетте пайдалана білді: оңтүстігіндегі ортаазиялық хандықтар – Бұқара мен
Хиуа – қазақтарды ығыстырды; оңтүстік-батысындағы Жайық қазақтарына арқа
сүйеген Еділ қалмақтары жорықтарын жиілетті; солтүстігінде - Сібір
қазақтары шабуыл жасады, ал башқұрттар Жайықтың арғы жағындағы қоныстарды
талап етті.
Бірақ қазақ халқына бұрынғысынша жоңғарлардың феодалдық хандығы күшті
қауіп төндірген. Қазақ және Жоңғар билеушілері арасындағы күрес жүз жылдан
астам уақытқа созылды, оның негізі жайылымдар үшін талас болатын. Мал
басының көбеюіне байланысты көшпелілер жайылымдыктарды ұлғайтуға ұмтылған.
Бұл тұста күшейіп алған монғолдар да қарап жатпай, қазақ хандықтары бірігіп
біртұтас мемлекет құру мақсатымен Сырдария алқабына жиналғанын пайдаланып,
олардың Ертістің, Шідертінің, Қамыстының, Есілдің бойындағы уақытша тастап
кеткен жайылымдық жерлерін басып алып, Еділге дейін жетті. Мұның өзі бос
жатқан жайылымдықты жай ғана пайдалану емес, басқа елдің жерін басып алудың
нағыз өзі және империяны ұлғайтуды көздеген күні бұрын жасалған жоспарды
жүзеге асыру еді.
XVIII ғасырдың елуінші жылдарының орта шенінде, Орта Азия жағдайында
орасан ірі оқиға болды. Жұңгоны билеген Ежен ханның (Шин патшалығының)
армиясы жоңғарларды бағындырып, Орта Азия өңіріне келді. Қазақтың ханы
Абылай 1757 жылы Ежен ханға бағынды. Орыс тарихшысы Левшиннің жазбаларына
және Ежен ханның жылнамаларындағы деректерге қарағанда, осы кезде кіші
жүздің Нұралы ханы мен Батыр сұлтаны да Абылай ханға ілесіп, Бежінге өз
елшілерін жіберген екен, ол деректердің айтуынша: 1762 жылы кіші жүздің
Нұралы ханы Абылайдан өнеге алып, Бежіндегі хан ордасымен қарым – қатынас
орнатуды шешім етті. Осы 1762 жылы өкілдер жіберді. Бұл өкілдер Батыр
сұлтанның өкілдерімен және орта жүз ханы Әбілмәмбеттің баласы Әбілпейіздің
өкілдерімен бірге Бежінге барды.
1783 жылы Нұралыхан өзінің баласы Абылайды Бежінге жіберді. Шиялұң
патша қонақасы беріп қабылдады және оған сый-сипат берді.
Кіші жүз Нұралы ханның Ежен ханға елші жібергеніне азуын басып, ашуын
шашқан орыс патшасы Екатерина кіші жүз қазақтарының Оралдан (Жайықтан) өтіп
қыстауына тыйым салды. Кіші орданың қырғыздары (қазақтарды айтады)
шекарадан өтетін болса, дереу оқ атылсын!— деп Орынбордағы орыс
әскерлеріне, сонымен бірге башқұрттарға және жайық казак-орыстарына бұйрық
берді. 1767 жылы орыс әскерлері кіші жүзге шабуыл жасады, оларды кіші жүз
мекендеген жердің орта бөліміне қарай ығыстырды.
1771 жылы Еділ бойындағы қалмақтар Жұңгоға қарай көшу бастады, Еділ
бойындағы қалмақтар (торғауыттар) бұрынғы кезде Жұңгоның батыс бөлегінде
көшіп-қонып жүрген тайпалардың бірі еді. 17-ғасырда жоңғарлардың
шапқыншылығына ұшырап, батысқа қарай ауып барып, Еділ өзенінің алқабын
қоныстанған. Ежен хандығы жоңғарларды тыныштандырған соң, олар өзінің
атамекеніне қайтуды жоспарлады. 1771 жылы 5 қаңтарда 30 мың үйлік торғауыт
Еділ өзенінен өтіп, шығысқа қарай үдере көшті.
Қалмақтар Жайық өзеніне жақындағанда, Ресейдің Орынбордағы
губернаторы дереу Нұралы ханға хабар жіберіп: Қалмақтар қазақтармен
соғысқалы келе жатыр, сендер дереу аттанып, олармен соғысыңдар. Олардың
керекке жарайтын нәрсесінің бәрін олжалап алыңдар. Оларды тек орыс
шекарасына қайтарып жіберсеңдер болды деді. Қазақтардың сенімін арттыру
үшін 1771 жылы 27 қаңтарда Нұралыға және барлық қазақтарға патшаның куәлік
хатын берді, олардан торғауыттардың жолын кесуді талап етті. Нәтижеде
қалмақ халқы ауыр апатқа тап болды. 1784-1785 жылдарда, кіші жүз қазақтары
мен орыс әскерлері арасында болған қақтығыстарда қазақтар орыстардан 351
адамды тұтқынға алды, олардың бір ханшасын өлтірді. Орыс патша үкіметі
қазақтарды жазалау үшін екі отряд әскер жіберді. Бірнеше дүркін қалың қар
жауып, әскерлер бөгеліп жүре алмағандықтан, олар ойлаған мақсатына жете
алмай, қазақтардың қолындағы орыс тұтқындарын ауыстырып алу үшін 213 әйел
мен жас баланы ұстап алып қайтты.
XVIII ғасырда Қазақ феодалдары орыс қамалдары мен селеньелеріне жиі-
жиі шабуыл жасап отырды. Бұл жағдайлар Орынбор губернаторы И.И.Неплюев
жүргізген патша үкіметінің отарлау саясатынан, қазақ феодалдарының өзара
тартыстарынан, олардың бәсекелесуінен туған еді.
Чин патшалығы дәуіріндегі тарихи құжаттарында қазақ және Қазақ
хандығы туралы деректер 1741-1742 жылдан бастап мәлім болған. 1750
жылдардағы деректерде қазақтың ханы Абылай Абылай хан деп аталады.
Тіпті Ежен ханның Абылай хан жөніндегі жарлығында: Ол бұрыннан хан болып
келген екен, оның хандығы қабылдансын деп айқын айтылады. XVIII ғасырдың
40-жылдарының ортасында жоңғар феодалдары арасында туған феодалдық
қырқыстар жоңғар елін мейлінше әлсіретіп, ойрат халқын аса ауыр
күйзелісшілерінің қасында монғол тілі мен жазуын жетік білетін аудармашылар
бар еді. Абылай хан өзінің Ежен ханға жолдаған хатында: Жұңго үкіметінің
қамқорлығын көптен көксеп келген арманын айтты. Жоңғар билеушілерінің кесе
көлденең болуы әсерінен ата-бабамыз Есім хан мен Жәңгір ханның заманынан
бері Жұңгоның қамқорлығына қолымыз жетпей келіп еді, міне, бүгін ұлы
мәртебелі патшаның мейіріне бөлініп отырмыз. Мен, Абылай, барлық қазақ
халқымен бірге, өмір бақи Жұңгоның қол астына қарауды тілеймін деді. Ол:
Өз елінің шеткері аймақтарын мекендеген біздің ұлттарымызға рақымын
жаудырған Ежен ханның әмірін біз енді ғана ала бастадық. Өзім және қол
астымдағылар қуанышы мен шаттығын тілімен айтып жеткізе алар емес. Біздің
таң қалатынымыз — тек қана Ежен ханның құдіреттілігі. Мен, Абылай, барлық
қазақты бастап мәңгі-бақи Жұңгоның қол астында болуды шын жүректен
тілеймін, деп жазды.
1757 жылы 7-маусым күні Балқаш көлінің шығысындағы Аякөз өзенінің
жағасында Ежен ханның елшілері алғаш рет қазақтың Абылай ханымен кездесті.
Абылай барлық қазақ халқымен бірге Ежен ханға бағынғандығын баяндап хат
тапсырды, оларға төрт сәйгүлік тарту етті, Ханжығар бастаған жеті елішіні
Ежен ханға жолығу үшін Бежінге жіберетінін айтты. Ежен ханның елшілері
Абылайдың бағынуын қабылдады. Ежен ханның жарлық-құжаттарында қазақ хандығы
бейне аннам, сиям сияқты Жұңғо мемлекетіне бодандық тәуелділіктегі ел
есептелді. Онда былай дейді: Қолбасшы Жау Хұй және уәзір Фудыннің
мәлімдемесінде: Қазақ ханы Абылай бізге ел болып, тарту тартып, елші
жіберіп отыр, бұл олардың ақ көңіл, адал ниеті. Біз қорғаушы қосып, ол
елшілерді Бежінге жібердік, делінген. Он мың шақырым алыстағы ұлан-байтақ
өңірді мекендеген қазақтар өз еркімен ел болып, бағыну хатын жолдап,
сәйгүліктерін тарту етіп, елші жіберді. Бізге тәуелді аннам, сиям, лиушу
елдері қатарында бұларды (қазақтарды) аспан әулетінің саясына алсақ болды,
бұларға (қазақтарға) аймақ, аудан сияқты жергілікті әкімшілік басқару
жүйесін қолданып әкімдер тағайындаудың да, қалқа тайпалары тәрізді беліп,
нояндар белгілеп жатудың да қажеті жоқ... Енді қазақ ханы Абылайдың хатын
аударып, елдің іш-сыртына жариялап, бұл істі күллі жұртқа әйгілеу керек.
Бұл Жұңго үкіметінің қазақ халқы және Қазақ хандығы жөнінде заң-
жарлығы еді.
1757 жылы жазда Қазақ хандығының елшілері Хан-жығар, Өміртай, Долан,
Аранжы, Танаш, Бекентайлар Бежінге барып, Ежен хан ордасына тарту тартып
қайтты. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz