Windows жүйесімен жұмысты аяқтау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

  1. Кіріспе бөлім.

Windows туралы жалпы мағлұмат.

  1. Негізгі бөлім.

Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері.

  1. Қорытынды бөлім.

Windows жүйесімен жұмысты аяқтау.

MS-DOS операциялық жүйесі бір адамның жұмыс істеуіне арналған және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетінін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алады.

Әрине, MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1 Мб-тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырылған болатын.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұқбат ыңғайсыз жүргізіледі. ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден аса командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.

Осыдан барып, адам мен операциялық жүйе арасындагы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандарының бірі - Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ, тікелей орындау жүзеге асырылды.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

DEC фирмасы компьютерлерінің олерациялық жүйесі регінде UNIX қолданылды, олар үлкен жөне орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеген болатын. UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы-оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі, яғни бірнеше программаларды параллель орындау қасиеті.

80-ші жылдардың ортасында MS (РС) -DОS-тың мұндай кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын колға алды, солардың бірі Windows жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіңдіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.

80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған Windows графикалық ортасының жаңа версиясы Windows 3. 1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессорлардың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3. 1 немесе одан кейінгі Windows 3. 11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайыңдала бастады.

Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып оңдағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес, сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows 95 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды. Windows 95жүйесінің, сондай-ақ Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3. 1 жүйесінің стандартынан өзгеше түрге енді, бірақ негізгі идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3. 1-ден Windows 95-ке өту әрине МS-ДОS-тан бірден Windows 95-ке етуге қарағанда біршама жеңіл екені түсінікті.

Қазіргі операциялық жүйелердің адамға беретін жеңілдіктері MS-DOS жүйесінің мүмкіндіктеріне қарағанда өте жоғары, ал графиктік интерфейс солардың тек бір қыры ғана.

Бұдан былай Windows жүйесі деген сөзді Windows 3. 1 х (кез келген сан) және Windows 95 операциялық жүйелері деп ұққан жөн.

Windows жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

- компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

  • қолданбалы программаларды іске қосу.

Буған қоса Windows жүйесі:

- бір уақытга бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

- әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;

- масштабталатын щрифтерді қолдауды;

- мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;

- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады.

Windows жүйесінің негізгі ұғымдары

Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы "терезелер" екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу тәртібі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.

Болашақта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамыз, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің кейбір ортақ элементгері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық.

Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында Жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өңделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде де) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симайтын информацияның бейнеленіп тұрғанын көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

- толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

- қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

- шартбелгі (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп шартбелгіге айналып кеткен.

Жұмыс столы - екінші негізгі ұғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер (Windows, OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, Sun компьютерлеріндегі OS, т. б. ) интерфейсінің элементі болып саналады.

Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т. б. ) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр.

Windows ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер (немесе белгілер) түрінде орналасқан.

Өзіңіздің жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз. Қажетті құжаттарды, құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда артық зат ұстамай жұмыс істеуге көңіл бөлу керек.

Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері

Енді Windows ортасының DOS технологиясында кездеспейтін кейбір технологиялық принциптерін атап өткен жөн болар.

Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс.

MS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған еді, олар: меню жүйесі (көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын, иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды таңдау) және т. б.

Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып-үйрену қажеттілігін туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың программалық өнімдерінің бәрінде де тұрақты пайдаланылатын стандартты элементі болды (мысалы, меню пункттерін таңдаудың стандартты тәсілдері), алайда, программалар арасындағы алшақтық жетіп артылатын. Ал, Windows жүйесінде көптеген іс-әрекеттер программалардың әртүрлілігіне қарамастан біртектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер көмегімен өңделетін болып, ортақ технология іске асқанын практика жүзінде көрсете білді.

"Point-and-CIick" (көрсету және шерту) принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:

- программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту және бұрынғы қалпына келтіру;

- көлденең орналасқан меню пункттерін таңдау;

- экранға шығатын меню командаларын таңдау;

- аспаптар тақтасы командаларын тандау;

- мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;

- командалық батырманы басу, таңдау;

- ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту;

- мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын өзгерту;

- мәтін енгізілетін өpic жолдарының бірін таңдап, оған мәлімет енгізу және көптеген басқа әрекеттер.

"Select" (ерекшелеу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен (текстің белгілі бір бөлігімен, суретпен, кестелермен) әр түрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады:

- фрагментті көшіру, тасымалдау, жою, олардың шрифтерін (қарпін), мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау т. б. Мұндай операциялар екіге бұлініп орындалады: ең алдымен біз фрагментгі белгілеп алуымыз керек (яғни құжаттың қай бөлігін өңдейтінімізді программаға хабарлау), ал сонан соң нақты команданы орындау (мысалы, фрагментті жою немесе оның шрифтін өзгерту) . Оның түріне немесе программа талабына сай фрагментті әр түрлі тәсілдермен белгілейді. Мысалы, мәтін бөлігін (символды, сөзді, жолды, абзацты, т. б. ) тышқанның көмегімен немесе арнайы перне (Shift) және бағыттауыш тілсызық символдар арқылы белгілеп алуға болады. Графиктік түрдегі фрагменттерді белгілеуде, әдетте "қайшымен қиюды" қолданады.

Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагменттен тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай шерту жеткілікті - мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады, яғни орындалмайды.

Жұмыс істеуді жаңадан үйреніп жүргендер ешбір объектіні белгілеместен команда орындауға тырысады. Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ? Кейде бұл команда орындаусыз қалады (мысалы, буферге жоқ фрагментті алуға болмайды) ; кейде команда ескерілмей, еленбей де қалады (мысалы, шрифті өзгертуде) ; кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалып та (мысалы, абзацты форматтауда) кетеді. Соңдықтан, осындай қателерден аулақ болу үшін, фрагментті алдын ала белгілеп алуды ешқашанда естен шығармау керек.

Терезенің аумағын өзгерту

Терезенің аумағын өзгерту үшін тышқан курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне, мысалы, сол жақ шекарасына апарыңыз. Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең тілсызыққа (↔︎) айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. "Тышқанның" сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту ("ал да, тасы" принципі бойынша) керек. "Тышқанның" батырмасын жіберсе, терезе енінің өзгергенін көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ ОРТАСЫ
Windows жүйесіндегі файылдар мен папкалармен жұмыс жасау
WINDOWS туралы жалпы мәліметтер
Windows’98 операциялық жүйесi жайлы
WINDOWS жүйесі
Windows жүйесімен жұмыс істеу негіздері
Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар
Терезенің аумағын өзгерту
Windows жүйесінде жұмыс істеу негіздері
Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz