Windows операциялық жүйесінің қызметі
МАЗМҰНЫ.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Негізгі бөлім.
1. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ
ЖҮЙЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
1.1. Операциялық жүйенің шығу
кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Операциялық жүйенің негізгі
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Операциялық жүйенің қызметтері мен қасиеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Windows операциялық жүйесінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Windows операциялық жүйесінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3. Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары ... ... ... ...
3. ОРТА МЕКТЕПТЕГІ СТАНДАРТТЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОҚЫТУ ТҮСІНІГІ
3.1. Paint графикалық редакторында жұмыс істеу

3.2. Windows АРІ-ді
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
3.3. Калькулятор, блокнот, сағат редакторларының қызметін практикалық түрде
түсіндіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
3.4. Бірнеше программалармен қатар жұмыс істеу
ІV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
V. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...
Кіріспе
Бұл дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты Windows операциялық
жүйесінің түсінігін, негізгі функцияларын ашу. Орта буында информатиканы
оқытуда жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген
қызығушылықтарын арттырып, білім деңгейлерін жоғарылату, компьютерлік
сауаттылықтарын дамыту.
Дипломдық жұмысты жазу барысында алдымен операциялық жүйесінің
түсінігіне, қызметтері мн қасиеттеріне тоқталдым. Келесі бөлімдерде жалпы
білім беретін орта мектептердің орта буын сыныптарындағы стандартты
бағдарламаларды оқыту әдістемелері мен түрлерін қарастырдым.
Операциялық жүйе (ОЖ) – бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған,
сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыратын арнайы
бағдарлама. ОЖ бағдарламалар жүйесін компьютердің мәліметтерді өңдеу
жөніндегі бүкіл жұмысын ұйымдастырады. Ол пайдаланушымен сұхбат
ұйымдастырады, компьютердің құрылғыларын және қор көздерін басқарады,
мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалар
сұратуы бойынша түрлі қызметтерді атқарады.
Операциялық жүйе болмаса қазіргі заманғы компьютердің аппараттары
мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен
қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек операциялық жүйе арқылы
ғана ұсынады.
І. Негізгі бөлім
1. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
1.1. Операциялық жүйенің шығу кезеңі
Операциялық жүйе дамуының тарихы үлкен уақыт периодын алып жатыр.
Операциялық жүйенің пайда болуы мен дамуы компьютерді конструкциялау
процесімен тарихи тығыз байланысты. Сондықтан, операциялық жүйелерді көз
алдымызға қандай болғанын елестету үшін компьютерлер кезеңдерін кезекпен
қарастырайық.
Есептеуіш техниканың негізін қалаушы, аналитикалық машинаны құраушы
ағылшын математигі Ч.Бэббидж (1792-1871). Бұл таза механикалық машина
болды. Жоғары дәлдікті механизмдерді және көп детальды шығару технологиясы
ол кезде жеткіліксіз түрде дамығандықтан, әрине ол аналитикалық машинаның
операциялық жүйесі болмады.
Бірінші кезең (1945-55): электронды лампалар және коммутациялық
панелъдер. Бэббидждің әрекетінен соң екінші дүниежүзілік соғысқа дейін
цифрлік компьютерлерді конструкциялау практикалық түрде ешқандай прогресс
бермеді. Орта есеппен 1940 жылы АҚШ пен Европадағы ғалымдар есептеуіш
машинаны құрастыру багытындағы жұмыстарын жалғастырды. Ең бірінші
мапшналарға механикалық реле пайдаланды, кейінірек релені электронды
лампаларға ауыстырды. Әрбір машинаны бір команда өңдеп, құрап,
программалап, эксплуатациялап, жұмыс жағдайында ұстап отырды. Барлық
программалау абсолютті машина тілінде орындалуы, машинаны негізгі
функциялармен басқару коммутациялық панельдер қосуының көмегімен іске асты.
Ол кезде программалау тілі (тіпті ассемблерде болған жоқ)
белгісіз болды. Операциялық жүйе де болған жоқ.
Екінші кезең (1955-65): транзисторлар жэне пакеттік өңдеу жүйесі. 50-
ші жылдардың ортасында транзисторларды ойлап табу және қолдану барлық
көріністі радикальды түрде өзгертті. Компьютерге деген сенім арта түсті,
машинаның ұзақ уақыт жұмыс жасап қана қоймай, пайдалы функцияларды атқара
алатынына жоғары дәлдік, сенім пайда болды. Алғашқы рет жобалаушылар,
құраушылар, операторлар, программалау-шылар арасындағы нақты айырмашылық
пайда болды. Енді мэйнфрейм деп аталатын машиналар перфокарталарда ЭЕМ-да
ФОРТРАН программалау тілі бойынша толық профессионалды операторлармен
басқарылады. Пакетті өңдеу жүйесі - жалпылама қабылданып шешілген шешім
болды. Екінші кезеңнің үлкен компьютерлері инженерлік есеп пен физикада жиі
кездесетін дербес туындылардағы дифференциалдык теңдеулерді шешу сияқты
техникалық жэне ғылыми есептеулер үшін негізінде пайдаланылды. Ассамблер
жэне Фортран тілінде программаланды, ал типтік операциялық жүйелер ретінде
FMS (Fortran Monitor System) және ІВSҮS (ІВМ 7094 компьютеріне арналған ІВМ
корпорациясы құрған операциялық жүйе).
Үшінші кезең (1965-1980): интегральды схемалар мен көпесептегіш. 60-
шы жылдардың басында ІВМ фирмасы барлық проблемаларды бірден шешуге
тырысты, сөйтіп ОS360 операциялық жүйелі IBM360 программалық сәйкес
машина сериясын шығарды. Бұл машинаның ең үлкен жетістігі -көпесептік және
тағы бір маңыздылығы - үшінші кезең операция жүйесі бос жады бөлігіне
дискіден жаңа тапсырманы енгізіп-шығару қабілетіне ие. Бұл техникалық әдіс
жалғау деп аталатын немесе spooling (Simultaneus Peripheral Operation On
Line — интерактивті режимдегі біріккен қосалқы операция). Жауап күту
уақытын қысқарту үшін, уақыт бөлу режимінен жүйелік өңдеу жұмысы басталады,
оның біріншісі CTSS(Compatible Time Sharing System - біріккен уақыт бөлу
жүйесі). Жүздеген бірмезгілде қолданушыларды қолдайтын операциялық жүйенің
уақыт бөлу режиміндегі ең белгілісі MULTICS (MULTiplexed Information and
Computing Service -мультиплексті ақпаратты және есептегіш қызмет) кезектегі
операциялық жүйелерге өз әсерін тигізді. MULTICS жүйесінің бірқолданушылық
версиясы бойынша кейінірек UNIX операциялық жүйесі көптеген компанияларды
және үкімет басқару орталықтарында, академиялық әлемде танымал бола
бастады. Кез келген UNIX - жүйесінде жұмыс жасап отырып, программа жасау
мүмкіндігіне ие болуы үшін ІЕЕЕ электротехника, электроника инженерлер
Институты POSIX деп аталатын стандартты UNIX - жүйесін өңдеп шығарды.
РОSІХ, UNІХ версиясына қазір көп қолдау жасайды. Стандартты РОSІХ жүйелік
шақырудың минимальды интерфейсін анықтайды. РОSIХ интерфейсін сәйкес UNІХ
жүйесімен қатар көптеген операциялық жүйелерді қазір қолдайды.
1987 жылы білім беру мақсатында UNІХ жүйесін өзгертіп, кіші МINІХ,
кейінірек осы жүйе негізінде Lіпих жүйесі жасалады.
Төртінші кезең (1980 жылдан осы қазірге дейін): дербес компьютерлер.
Операциялық жүйелер эволюциясының келесі периоды Үлкен Интегралды
Схемалардың пайда болуымен байланысты (LSI, Large Scale Integration) -
1кв.см-де 1000 транзистордан тұратын кремнийлік микросхемалар.
1974 ж. Іпtel компананиясы бірінші универсиалды 8-разрядты орталық
процессор шығарды.Бұл процессорға операциялық жүйе қажет болды. Бұл алғашқы
жаңалықты таныту, сынау үшін СРМ деп аталатын дискілік операциялық жүйе
жасалды (Control Program for Microcomputers-микрокомпьютерлерді басқаруға
арналған программа). 80-ші жылдардың басында ІВМ корпорациясы ІВМ РС
(Personal Computer- дербес компьютер) өңдеп шығарды. ІВМ РС-ке сәйкес DOS
(Disk Operating System- дискілік операциялық жүйе), кейінірек МS-DOS
(MicroSoft Disk Operating System). Бірінші микрокомпьютерге арналған СРМ,
МS-DOS және де басқа операциялық жүйелері клавиатурадан командалар енгізу
арқылы ғана толығымен негізделді. Сонан соң операциялық жүйе қызметі
өзгертілді.Қолданушының графикалық интерфейсі ойлап табылды. Графикалық
интерфейс (CUI, Graphical User Interface) кұрамындағы терезелер, белгілер
әртүрлі менюлер және тышқандар. Аррlе графикалық интерфейсі арқылы
кұрылған. Microsoft корпорациясы Macintosh компаниясының жетістіктерінің
әсерінен MS-DOS қабылдағышын шығарды, Windows жүйесі өңделді. Windows
жүйесінің тұжырымы бойынша - Windows 95,Windows 98, Windows NT (NТ
білдіреді New Тесhnology - жаңа технология) Windows Ме (Мillennium edition
– мыңжылдық шығарылымы).
Дербес компьютерлер әлемінде Windows-тің басты бәсекелесі UNIX жүйесі
және оның әртүрлі туындылары. UNІХ жоғары өндірісті RISC процессорлы (RISC,
reduced instructіоп set сomputer - команда құрамы қысқартылған компьютер)
машиналарда, желілік серверлерде, жұмыс станцияларына және жоғары модельді
басқа да компьютерлерде ең жоғары жүйе болып табылады. Репtіит процессорлы
компьютерлерде Windows альтернативті танымал, студенттерге және де басқа
әртүрлі қолданушылар үшін Linux.
80-ші жылдың ортасында белгіленген операциялық жүйелері және желілер
арқылы басқарылатын дербес компьютер желілері өсіп, дами бастады. Әрбір
компьютер локальды операциялық жүйе басқару нәтижесінде жұмыс жасайды және
меншіктік локальды қолданушыға ие. Желілік операциялық жүйені,
бірпроцессорлы операциялық жүйемен салыстырғанда өте көп айырмашылығы жоқ.
Белгілі бір анықталып бөлінген операциялық жүйе көптеген
процессорлардан құралғанына қарамастан, қолданушы бір процессорлы жүйе
арқылы көрсетіледі. Белгілі бір анықталып бөлінген жүйелер, мысалы, бірнеше
процессорды бір мезгілде қолданбалы есептердің жиі өңделуіне жол береді,
сондықтан параллель түрде бөлінген оптимизация үшін күрделі жүктелу
алгоритмы қажет.
1. 2. Операциялық жүйенің негізгі функциялары
Операциялық жүйе компьютер жабдығымен тығыз байланысты. Аппаратты
қамтамасыз ету операциялық жүйенің командалық құрамына және ресурстарды
басқаруға әсер етеді.
1. Компьютерді аппаратты қамтамасыздандыруға шолу
Операциялық жүйе үзу механизмі. Үзу менеджерінің қызметі:
• инструкция бағытын үнемдеу;
• жаңа үзу жетістіктерінің дисквалифициясы;
• басқа әрекеттер.
Пайдаланушының сұранысы немесе қате шақыруды үзу кезінде кедергілер
пайда болуы мүмкін.
Операцияның екі бағыты.
Орталық процессор жұмысының бағыты:
• пайдаланушы бағыты: шектелген көмекші комиссия;
• супервизор бағыты (ядро, монитор немесе жүйе).
Айрықша нұсқау:
• қорғаудың үш типті артықшылықтарымен байланысты нұсқау:
А) ЕнгізуШығаруды қорғау;
В) жадты қорғау;
С) процессорды қорғау.
2. Операциялық жүйе сервисі
1. Кеңейтілген машина есебіндегі операциялық жүйе:
• программаны орындау;
• енгізу-шығару қозғалысы;
• файлдар жүйесін қолдану;
• байланыс;
• қатенің табылуы.
2. Менеджер ресурс есебіндегі операциялық жүйе:
• есеп;
• қорғау.
Мысал ретінде Unix жүйесін қарастырайық.
3. Жүйелік шақырулар
Қолданушы программалары және операциялық жүйе арасындағы интерфейс жүйелік
шақырулар құрамын анықтайды. Жүйелік шақырулар операциялық жүйелерден
айырмашылығы - функциялау негізінде бір концепция.
Жүйелік шақырулардың әртүрлі типтері:
• процессорды басқаруға арналған жүйелік шақыру;
• файлдарды басқаруға арналған жүйелік шақыру;
• құрылғыларды басқаруға арналған жүйелік шақыру;
• ақпаратты қызмет ету;
• байланыс.
3.1. Процесті басқаруға арналған жүйелік шақырулар
Негізгі орындалатын функциялар:
• аяқтау, жұмыстың апаттық тоқтауы;
• тиеу, орындалу;
• процесті құру, процестер атрибутын орнықтыру;
• уақыт шамасында күту;
• сигнал күту;
• жадты босату және орналастыру.
3.2. Файлды басқаруға арналған жүйелік шақырулар
Негізгі орындалатын функциялар:
• файлды кұру, файлды өшіру;
• ашу, жабу;
• оқу, басу, орналастыру;
• файл атрибуттарын алу, файл белгілерін құру.
3.3. Құрылғыларды басқаруға арналған жүйелік шақырулар
Негізгі орындалатын функциялар:
• құрылғы сұрату, құрылғы шақыру;
• оқу, жазу, жылжыту;
• файл атрибуттарын алу, файл белгілерін құру;
• құрылғыны логикалық қосу немесе ажырату.
3.4. Ақпаратты қызмет ету
Негізгі орындалатын функциялар:
• уақыт пен датаны алу және орнықтыру;
• берілген жүйені алу жэне орнықтыру;
• құрылғы белгісін немесе файлды, процесті алу;
• құрама процестері, файлдар немесе белгі құрылғылары;
3.5. Байланыс. Негізгі орындалатын функциялар:
• құру байланысты өшіру;
• посылка және хабар алу;
• тапсырыс статусының ақпараты;
• қосымша немесе алшақтатылған құрылғылар бөлімі.
А процесі
Бос жады
Б процесі
Интерпретатор
В процесі
Ядро
Unix – көпдүркінді программа
4. Жүйелік программалар
Жүйелік программа концепциясы. Жүйелік программалар оиерациялық жүйелерді
қамсыздандыру үшін қызмет жасайды, қолданушының процессі есебінде орындайды
және қоршаған ортаның өте тиімділігін қамтамасыз етеді. Программалау
тілінде жазылған (мысалы, С тілі) программа ұсынады.
Жүйелік программа функциялары:
• файлдарды манипуляциялау;
• күйі, жағдайы жайлы акпарат;
• файлдарды модификациялау;
• программалық тілдерді қолдану;
• программаның орындалуы және көтерімділігі;
• байланыс.
4.1. Командалық интерпретатор немесе қабықша
Командалық интерпретатордың концепциясы. Компьютер интерпретаторы
операциялық жүйемен пайдаланушы арасындағы бірінші интерфейс командасын
орындайтын және анализ жасайтын, пайдаланушыға көрсетілген команданы оқитын
(көпретті командалары бар текст файлы) программаны ұсынады. Команда
интерпретаторы немесе қабықша терминалмен команда оқиды.
Пайдаланушы жүйеге енген кезде, қабықша түсіріледі. Қабықшаға арналған
стандартты кіру-шығу құрылғысы - терминал болып табылады (монитор
клавиатурамен). Қабықша (shell) деп аталатын UNІХ командалық
интерпретаторды қарастырайық. Жүйелік шақырулардың қалай қолдану
керектігінің жақсы мысалы ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар,
қабықша пайдаланушы графикалық интерфейс қолданбаған жағдайда операциялық
жүйе және өз терминалында отырған пайдаланушы арасындағы негізгі
интерфейсті сипаттайды. Көптеген қабықшалар бар, мысалы: sh, csh, ksh және
bash. Бұлардың барлығы дерлік алғашқы қабықшадан (sh) пайда болғандықтан,
төмендегі жазылған функцияларды қолдайды.
Командалық интерпретатор UNIХ:
• UNІХ қабықшасының программалануы;
• UNIX - пайдаланушы процессі есебінде орындайтын аудармашы тапсырыстық -
бағдарлама;
• мысалдар:sh, ksh,csh, ...
Командалық интерпретатор сипаттамалары;
• ішкі жэне сыртқы тапсырыстар;
• орындалуы;
• ағындармен басқару;
• қабықша сценарийлары
5. Операциялық жүйе структурасы
Операциялық жүйені ішкі жағынан қарастырайық, операциялық жүйесінің 5 түрлі
структурасы:
• монолитті жүйе;
• көпдеңгейлі жүйе;
• виртуальды машиналар;
• экзоядро;
• клиент-сервер моделі.
5.1. Монолитті жүйе
Монолитті жүйе әрқайсысы кез келген әртүрлі процедураны шақыру мүмкіндігіне
ие және қатаң анықталған интерфейске ие процедуралар құрамы түрінде
жазылған.Монолитті жүйенің қарапайым моделі: утилиттер, сервистік
процедуралар, басты процедура.
5.2. Көпдеңгейлі жүйелер
Көпдеңгейлі жүйелер иерархий деңгейі түрінде ұйымдастырылған. Мысал ретінде
ТНЕ (авторы Э.Дейкстра), 6 деңгейден тұрады: белгілі бір анықталып бөлінген
процессордан және көпесепті процессорға дейін.
3. Операциялық жүйенің қызметтері
ЭЕМ-нің операциялық жүйесі төменде көрсетілген қызметтерге арналған.
I. Интерфейстің бірнеше түрлерін камтамасыз ету:
- бағдарламалық-аппараттық интерфейс (бағдарламалық және аппараттық
жабдықтаулар арасында);
- бағдарламалық интерфейс (әртүрлі бағдарламалық жабдықтар арасында);
- пайдаланушы интерфейсі (пайдаланушы мен бағдарламалық-аппараттық орталар
арасында).
2. Ақпаратты сырттай тасымалдаушыларға ақпаратты ұйымдастыру мен сақтау.
Интерфейс — (ағылш. inter — өзара, face — бет) — пайдаланушы мен
автоматты жүйенің орындаушы құрылғыларының арасында ақпарат алмасуды
жоғарылату және орнату тәсілдері мен ортасы.
Файл түсінігі Дискіде жазылған мәліметтермен жұмысты оңтайландыру
мақсатымен файлдарға орналастырылады.
Файл-сыртқы есте сақтау құрылғысында анықталған орын алатын логикалық
байланыстағы мәліметтердің жиынтығы (мәліметтер-бағдарлама және олардың
орындалуындағы ағымдық мәліметтер, бағдарлама орындалу оның нәтижесі,
мәтіндер, иллюстрациялар және т.б. болуы мүмкін кез келген ақпарат).
Жеке файлдарда бір типтегі ақпараттар сақталады. Мәліметтер типі файл типін
анықтайды. Файл белгілі атқа ие, байттардың еркін сандық тізбегі түрінде
сақталады. Файл байттардың кез келген санымен мазмұндалуы бос болуы мүмкін
(0 байт). Демек, файл құру дегеніміз - оған ат меншіктеу. Файл атының
дұрыстығы мәліметтерге енудің бірмәнділігіне кепіл болады.
Файлға ат меншіктеу ережесі. Файлдың толық атын оның негізгі аты мен
кеңейтілуінің жиынтығы құрайды. Файл аты мен кеңейтілуі нүкте арқылы
ажыратылады.
Файл атының кеңейтілуі операциялық жүйеге файлда мазмұндалған
мәліметтердің типі, жазылған пішімі туралы мәлімет береді.
МS DOS операциялық жүйесінде файл аты - 8 символдан, кеңейтілуі - 3
символдан аспайды. Файл атына цифрлар мен латын алфавитінің символдары
беріледі.
Windows 98 операциялық жүйесінде файл аты -:*"( символ-дарынан
баска 256 символға дейін мазмұндалуы мүмкін. Бос орын мен бірнеше
нүктелерді пайдалануға болады. Кеңейтілу ретінде соңғы нүктеден кейінгі
барлық символдар саналады.
Файлдың негізгі параметрлері (касиеттері);
- файлдың толық аты;
- файлдың құрылу мерзімі;
- файлдың кұрылу уақыты;
- файлға ену дәрежесін анықтайтын атрибуттары: R (Read only) тек кана оку
үшін, Н (Hidden) - жасырын, S (System) жүйелік файл, А (Аrhive) -
архивтелген файл.
Файлдық жүйе түсінігі Файлдык жүйе — операциялық жүйенің дискіге
мәліметтерді сақтау мен оларға енуді қамтамасыз ететін функциональдық
бөлігі. MS DOS, Windows 98 операциялық жүйелерінде файлдық жүйелерді
ұйымдастыру принципі - кестелі түрде болады. Диск беті үш өлшемді матрица
ретінде қарастырылады. Өлшем ретінде беттердің (цилиндрлар мен
секторлардың) нөмірлері алынады. Дискінің қай жерінде файл жазылғандығы
туралы мәлімет дискінің жүйелік аумағындағы файлдардың арнайы орналасу
кестесінде сақталады. (ҒАТ-кестелер).
Файлдық жүйе файлдық құрылымға қызмет ету ортасын, ұйымдастыру
тәсілдерін анықтайды. Мәліметтерге жылдам, оңтайлы енуді қамтамасыз ету,
мәліметтердің адрестерін пайдаланушыға қарапайым тәсілі ретінде ҒАТ-
кестелерді иерархиялық құрылымға түрлендіреді. Файлдық құрылымға қызмет
етудегі операциялық жүйенің орындайтын операциялары:
- файлдар құруфайлдарға ат меншіктеу;
- бумалар құрубумаларға ат меншіктеу;
-- бумалардыңфайлдардың атын өзгерту;
-бумалардыфайлдарды жылжыту және көшіру;
- бумалардыфайлдарды жою;
- файлдық құрылымда берілген файлғабумаға ену жолын көрсету;
- файл атрибуттарын басқару.
Файлдарға енуді оңтайландыруда файлдық жүйе оларды бумаларға
біріктіруге мүмкіндік береді.
Мұндағы бума - басқа файлдар мен бумалар тіркелген арнайы файл. Егер
файл бумада тіркелсе, файлдың барлық параметрлері мен орналасқан жері
туралы мәлімет сол бумада мазмұндалады. Файл қандай да бір қосымша
анықтамалық мәліметсіз байттардың тізбегі түрінде сақталады.
Бумаларға ат меншіктеу файлдарға ат меншіктеу ережесімен сәйкес
келеді, бірақ мұнда кеңейтілу колданылмайды.
Төменгі деңгейдегі бумалар жоғары деңгейдегі бумаларға біріктіріледі.
Иерархиялық кұрылымдағы жоғары деңгей түпкі бума (корневой каталог) деп
аталады.
Әрбір дискіде бір ғана "\" символымен аталған кұрамына басқа
бумаларфайлдар енетін түпкі бума болады. Түпкі бума дискіні пішімдеуде
кұрылып, дискілік естің аныкталған аймағында сақталады. Түпкі буманың
өлшемі шектеулі және ешқандай ортада жойылмайды.
Әрбір бума өзінің келесі ережелермен пішімделетін файлдық кұрылымын
сақтайды:
- бумафайл тек бір ғана бумаға кіруі мүмкін;
- әртүрлі бумаларға файлдар мен бумалар бірдей аттармен кіре алады (бір
бумаға емес);
- бумалардың деңгейіне шек қойылмайды.
Бір бумада өзара кандай да ортақ белгіге байланысты файлдар тобы
біріктіріледі. Мысалы, бір типті мазмұндағы бумалар мен файлдар, бір
пайдаланушының файлдары мен бумалары.
Операциялық жүйедегі логикалық диск түсінігі файлбума түсініктеріне
байланысты. Аты бір латын әрпінен (мысалы А, Ғ, С т.с.с) тұратын
Логикалық диск арнайы бағдарламамен құрылып, басқарылады. Логикалық диск
қатты дискіде, иілгіш дискіде,CD ROM (ағылш. Compact disk read only memory
- тек оқуға арналған компакт-дискі) дискіде, оперативті жадта орналасуы
мүмкін. Бір физикалық дискіде бірнеше логикалық дискілер кұрылады.
Логикалық дискі төмендегідей екі- жағдайда болады:
1. Ағымдьқ диск - пайдаланушының ағымдық уақыт мезетінде жұмыс істейтін
дискі.
2. Ағымдық емес диск - дәл қазіргі мезетте пайдаланушы жұмыс істемейтін
дискі. Бумалардың ағымдыкағымдық емес болуы мүмкін. Операциялық жүйе әрбір
логикалық дискідегі ағымдық буманы есте сақтайды. Буманың келесі жағдайы -
екпінділік. Екпінді бума - ағымдык дискінің ағымдық бумасы ретінде
анықталған, дәл сол уакыт мезетінде байланыс орнатылған бума.
Құрылған файлға енуфайлдық кұрылымдағы файлдың орнын анықтау
әрекеттерін қамтамасыз етуде төмендегі мэліметтер берілуі кажет:
- ізделінді файл мазмұндалғанжаңа файлды орналастыруга ар-налған диск
орнатылған құрылғы аты;
- осы дискінің файлдық кұрылымындағы файлдың жолы;
- файлдың толық аты (файл аты және кеңейтілуі). Берілген мәліметтер файлдың
келесі бейнеленуін көрсетеді: [тасымалдаушының
аты]:[маршрут(жол)\]файл__аты.[кеңе йтілуі] Маршрут (жол) - ізделінді файл
тіркелген бумаға иерархиялық
кқұрылым арқылы енуге болатын, өзара бағынышты бумалар тізбегі, Маршрут
көрсетуде бумалардың аты орналасу ретіне қарай жазылып, бір-бірінен "\"
символымен ажыратылады.
Маршрут элементтері толық болмаған жағдайда, төмендегі ережелермен
калыпқа келтіріледі:
- ағымдық бума аты берілмесе, пернелік тақтадан теріледі;
- маршрут символымен басталса (толық маршрут көрсетілсе), файл
орналасқан буманы іздеу таңдалған дискі жетектегі дискінің түпкі бумасынан
басталады;
- жоғарғы пунктте келтірілген шарт орындалмаса, файл орналасқан буманы
іздеу таңдалған дискі жетектегі дискінің ағымдык бумасынан басталады;
- маршрут көрсетілмесе, файл тандалған дискі жетектегі дискінің ағымдық
бумасында мазмұндалған деп саналады.
Анықталған әрекетті (көшіру, жою, жылжыту) бірнеше файлдарға бір мезетте
орындауға болады. Операциялық жүйе бірнеше файлдармен бір мезгілде жұмыс
істеуді файлдарды топқа біріктіретін файл аты шаблонының көмегімен іске
асырады.
Файл атының шаблоны - файл аты және типі жолында "*" "?" символдары
пайдаланылатын арнайы пішім.
"*" символы символдардың кез келген І ізбегін алмастыруға пайдаланылады.
Шаблонда файл аты және типі жолында "*" бір ғана символы пайдаланылуы
мүмкін.
"?" символы бір ғана символды алмастыруға пайдаланылады. Шаблонда мұндай
символдардың бірнешеуі қолданылуы мүмкін.
1 мысал. Шарт: kentau.doc файлы теdіс5 екпінді бумасында тіркелген.
Берілген файлға қалай енуге болады?
Бұл жағдайда файлдың атын kentau.doc көрсету жеткілікті.
2 мысал. Шарт: [С] дискі берілген уақыт мезетінде ағымдык емес.
а) dana.doc атымен берілген файлға қалай енуге болады? Файлға енудің толық
маршрутын (жолын) көрсету кажет. -
С:\ken\tаи\dапа.dос
б) ken бумасының барлық файлдарына қалай енуге болады? Файлдар тобына енуде
толык маршрут(жол) көрсетіледі -
С:\kеп\tаи\*.*
3 мысал. Шарт: ken бумасы екпінді.
а) tаи бумасының dос кеңейтілуімен берілген барлық файлдарына қалай енуге
болады?
Файлдар тобына ену үшін келесі маршрут (жол) көрсетіледі -tаи\*.dос.
б) tau бумасының кеңейтілуі й әріпнен басталатын барлык файлда-рына қалай
енуге болады?
Файлдар тобына ену үшін келесі маршрут (жол) көрсетіледі -tаи\*.d??.
в) kепtаи бумасының tаukеп.dос файлына қалай енуге болады?
Файлға енуде - kепtаи\tаиkеп.dос жолы көрсетіледі.
Операциялық жүйенің жұмыс режимі Операциялық жүйе пакеттік жэне сұхбаттың
режимдерде жұмыс істейді.
Пакеттік режимде операциялық жүйе берілген командалар тізбегін автоматты
түрде орындайды. Сұхбаттық режимде операциялық жүйе пайдаланушының
командасын күту жағдайында болады. Берілген команданы орындап, келесісін
күту жағдайына көшеді.
Пайдаланушы интерфейсінің түрлері Пайдаланушы интерфейсінің типтері
символдың (сызықтық)графикалық операциялық жүйелер болып ажыратылады.
Сызықтық операциялық жүйелерде интерфейс командалық жол түрінде
беріледі. Негізгі басқару құрылғысы - пернелік тақта. Команда пернелік
тақтадан теріліп, дисплей экранында бейнеленеді. Команданы енгізу пернелік
тақтадан "Епtеr" пернесінің басылуымен бекітіледі. Сызықтық интерфейсті
операциялық жүйелермен жұмыс істеуде берілген ортаның командалық тілін,
командалар жиынтығын, тілдің синтаксисі анықталатын құрылымын игеру қажет.
Графикалық операциялық жүйелерде интерфейс екпіндіекпінді емес
графикалық экрандық басқару элементтеріне негізделеді. Баскару құрылгылары:
пернеліктақтамен "тышқан"(мышь) манипуляторы. Басқарудың екпінді элементі -
жылжуы "тышқан"(мышь) құрылғысьның жылжуына синхрондалған графикалық объект
- "тышқан"(-мышь) манипуляторының курсор көрсеткіші. Басқарудың екпінді
емес элементтері басқару қосымшаларының графикалық элементтері (экрандық
батырмалар, белгілер, іске қосқышажыратқыш, жалаушалар, мәзір жолдары және
т.б.)
Файлға атменшіктеу ережесі Файлдың толық атын оның негізгі аты мен

мәліметтердің типі, жазылган пішімі туралы мәлімет береді.
МS DОS операциялық жүйесінде файл аты - 8 символдан, кеңейт-ілуі - 3

Windows’ 98 операциялық жүйесінде файл аты -:*"( символдарынан

- файлдыц құрылу мерзімі;
- файлдың кұрылу уақыты;
- файлға ену дәрежесін анықтайтын атрибуттары: R (Ready only) -тек қана оқу
үшін, H (Hidden) - жасырын, S (System) жүйелік файл, А (Arhive)
-архивтелген файл.
Файлдың жүйе түсінігі Файлдық жүйе - операциялық жүйенің дискіге

бөлігі. МS DOS, Windows’ 98 операциялық жүйелерінде файлдық жүйелерді

ретінде карастырылады. Өлшем ретінде бет-тердің (цилиндрлар мен

туралы мэлімет дискінің жүйелік аума-ғындағы файлдардың арнайы орналасу
кестесінде сакталады. (ҒАТ-кестелер).
Файлдық жүйе файлдың құрылымға қызмет ету ортасын, ұйымдастыру

- файлдар кұруфайлдарға ат меншіктеу;
- бумалар құрубумаларға ат меншіктеу;
- бумалардыңфайлдардың атын өзгерту;

туралы мәлімет сол бумада мазмұндалады. Файл қандай да бір косымша

келеді, бірак мұнда кеңейтілу колданылмайды.

Әрбір дискіде бір ғана \ символымеи аталған құрамына басқа

құрылып, дискілік естің анықталған аймағында сақталады. Түпкі буманың

Операциялық жүйе энергия жұмсалуды басқару режимінде негізгі рөл
атқарады. Ол барлық құрылғыларды басқарады, сондықтан оған қай құрылғыны
және қашан сөндіру керектігін шешуге тура келеді. Егер сөндірілетін құрьшғы
қысқа уақыт аралығында қайта қажет болған жағдайда, құрылғыны өшіру оны
қайта қосу кезінде тек кідіріске алып келеді. Екінші жағынан, операциялық
жүйе қүрылғыны өшірмес бұрын ұзақ күтетін болса, бүл элеіорэнергиясын текке
ысырап етуге экеледі.
Операциялық жүйеге энергия жұмсалуға қатысты дұрыс шешімдер қабылдауға
мүмкіндік беретін алгоритмдер табу керек. Оның қиындығы әртүрлі
пайдаланушылар үшін дұрыс шешім түсінігі көп дәрежеде субъективті
болуында.
Дисплей. Енді электр энергиясын қажет ететін ең ірі құрылғыны
қарастырайық. Дисплей барлық құрлығыларға қарағанда электр энергиясын көп
қолданады. Энергия жұмсаудың төменгі режимін беруге болады, керісінше
дисплей активті күйге тез арада (лезде) бір пернені басу арқыл шығарылады,
осы кезде кескін бейнежадтан қайта қалыптасады.
Қатты диск. Келесі энергияны басты қажет етуші қатты диск. Ол қатынасу
жоқ болса да айналудың жоғары жылдамдығын ұстап тұру үшін айтарлықтай
мөлшерде энергия жұмсайды. Көптеген компьютерлер, әсіресе лэптоптар қатты
дискті, егер оған белгілі бір уақыт аралығында қатынасу жоқ болса іске
қосылады. Өкінішке орай, дисктің айналып болуы бірнеше секундтарды алады,
бұл пайдаланушыға аз да болса кідіріс әкеледі.
Сонымен қатар, дисктің айналыс жасауына қосымша энергия қажет, Бірақ,
практикада жүйелердің көбінде құрылғыны, егер оған белгілі уақыт аралығында
қатынасу болмаған жағдайда, оны өшірудің консервативті саясаты қолданылады.
Диск энергиясын сақтаудың басқаша әдісі оперативті жадта үлкен дискті
бүркемелеуді ұстану болып табылады. Сәйкесінше, диск жазу бүркемеде
буферленеді. Бұл кезде диск бүркеме толып біткенше немесе бүркемеде
болмайтын блок қажет болмаса сөндірілген күйде қалдырылады.
Оперативті жад. Жадпен жұмыс істеу барысында энергияны сақтау үшін екі
тәсіл мүмкін болады. Біріншіден, бүркемелі периодты түрде сақтауға және
сөндіруге болады. Оны әрқашан ақпаратты жоғалтпастан оперативті жадтан
қайта іске қосуға болады. Қайтадан іске қосу автоматты түрде және тез
орындалады, сондықтан бұл вариант терең тәсіл емес.
Анағұрлым радикалды әдісте, оперативті жадтағы бар нәрсе дискте
сақталады және одан кейін оперативті жадтың өзі сөндіріледі.
Сымсыз байланыс. Соңғы кездерде сыртқы элеммен (мысалы Интернетпен)
сымсыз байланыс арқылы байланысатын тасымалданатын компьютерлер саны өсуде.
Бұл үшін қажетті радиотасымалдағыштар мен радиоқабылдағыштар жиі энергияны
көп қажет етеді.
Мұны тиімді шешу - мобильді компьютерлердің үлкен көлемді оперативті
жады және дискті кеңістігі, сондай-ақ энергия жұмсауда шек қоюмен байланысы
жоқ қозғалмайтын базалық станциялармен қатынасуы болып табылады.
Радио сөніп түрған кезевде қалыптасқан, шығатын хабарлар мобильді
компьютерде буферленеді. Егер буфер толып кететін болса, радиотаратқыш
қосылады да кезекте тұрған хабарлар базалық станцияға беріледі.
Драйвер интерфейсі. Windows жүйесінде АСРІ (Advanced System
Configuraion and Power Interface) - жүйені конфигурациялау және энергия
жұмсалудағы басқару интерфейсі) деп аталатын егжей-тегжейлі ойластырылған
энергия жұмсалуды басқарудың механизмі болады. Операциялық жүйе осы
интерфейсті қолдайтын кез келген драйверге оның құрылғысының мүмкіндіпн
және олардың ағымдағы күйін жібере алады. Бұл қабілеттік Plug and Play
стандартты комбинациясын қолданғанда маңызды, өйткені операциялық жүйе іске
қосылған соң, компьютерде тіпті энергия жұмсалу немесе оларды басқаруға
қатысты қасиеттерді айтпағанның өзінде қандай құрылғылардың бар екенін
білмейді.
Операциялық энергия жұмсалудың деңгейін төмендету туралы драйверлерге
команда жібереді.
2. WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Windows операциялық жүйесінің түсінігі
Windows операциялық жүйесінің пайдаланушы тілдесуінің негізгі
элементтеріне мына нысандар жатады: жұмыс үстелі, терезелер, лақаптар,
батырмалар, үстелдер, тапсырмалар тақтасы, бас мәзір, жанама мәзір (оң жақ
батырманы шерту арқылы), қалталар, қосымшалар және құжаттар, Windows
қолданбалы бағдарламаларының мәзір жүйесі, Windows анықтама жүйесі.
Әрбір компьютерлік бағдарлама операциялық жүйенің қызметтерін
пайдаланады, сондықтан өзі үшін осы қызметтерді қамтамасыз ете алатын
операциялық жүйенің басқаруымен ғана жұмыс істей алады.
Терезелер.
Windows интерфейсінің негізгі ұғымдарының бірі болып экран бетіндегі
төртбұрышты жақтауларымен шектелген терезе аймағы болып табылады. Windows
терезесінде бумалармен файлдар, орындалатын бағдарламалармен құжаттар
бейнелері кескінделген.
Терезелердің негізгі екі түрі бар – қолданбалы бағдарламалармен
құжаттар терезелері, ал қажет болған кезде жүйеге тұтынушылар беретін
мәліметті енгізу үшін сұхбат терезелері ашылады.
Қолданбалы бағдарламалар терезесі бағдарламаны немесе буманы
бейнелейді. Бағдарламалар терезесінің жоғарға жағында, тақырыптың (тақырып
аймағының), астында мәзір қатары орналасқан. Бағдарламалар терезесінің
ішінде бірнеше құжат терезелері – құжат терезесі (екпінді қолданбалы
бағдарламалардың түріне қарай – сурет, мәтін, кесте, және т.б.) орналасқан.
Құжат терезесі қай кезде де болмасын өзінің қолданбалы бағдарламалар
терезесінің маңында қалады. Терезенің орта бөлігінде құжат мазмұны
көрсетіледі. Егер құжат терезесі үлкейтілген күйде болса, онда қолданбалы
бағдарламалар терезесімен құжат терезелерінің тақырыптары дефис арқылы
бірігеді.
Сұхбат терезесінде (окна диалога) тақырып қатары, терезені басқару
батырмалары болады. Сонымен қатар келесі элементтері бар бірнеше ішкі
беттер болуы мүмкін: команда батырмасы (командная кнопка), қайта қосқыш
(переключатель), мәтінді ақпарат өрісі (поле), жалаушалар, ашылатын
терезелер (ТӨМЕН (ВНИЗ (↓) бағыттаушысының батырмасын басқанда ашылатын)
және басқалар.
Бума терезесі буманың мазмұнын бейнелейді (көбіне бұл басқа
бумалардың, бағдарламалардың, файлдардың белгілері). Ол шағын қолданбалы
бағдарламалардың терезесін еске салады және тақырыбы, көлемді өзгертумен
терезені жабу батырмалары, жүйелі мәзір белгішесі, дербес мәзір қатары,
қолданбалы бағдарламалар саймандар қатарымен қалып-күй қатары болады. Бума
терезесінің тақырыбы, ол жиналып тұрған күйінде, берілген бума белгішесінің
астында орналасқан атын көрсетеді.
Терезе элементтері.
Шекаралар. Терезені төрт жағынан шектейтін жақтаулар шекара деп
аталады. Терезенің өлшемін шекараға тышқанның көрсеткішін алып барып, ол
екі жаққа бағытталған қара сызыққа айналған өзгертуге болады.
Тақырып қатары. Терезенің жоғарғы шекарасының астына оның атын
көрсететін аймақ орналасқан. Ол тақырып қатары немесе тақырып деп аталады.
Терезенің атына тышқан көрсеткішін алып барып, терезенің орнын ауыстыруға
болады. Сол батырма да тышқан батырмасын шерту арқылы орнын ауыстыруға,
өлшемін өзгертуге, терезені жабуға болатын терезені басқарудағы қарапайым
командалар тізімін аша аламыз.
Терезенің жоғарғы оң бұрышында үш батырма орналасқан: терезені
Кішірейту(Свернуть), Үлкейту (Развернуть) және Жабу (Закрыть).
Батырмасын шертіп, құжат немесе қалтаны жабуға, қосымша (бағдарлама)
жұмысын аяқтауға болады.
(Барынша кішірейту) батырмасы терезені Жұмыс үстелінен алып тастап, тек
Тапсырмалар үстеліндегі батырмасын ғана қалдырады.
Бірақ қосымша ашық болып қала береді және орындалуы жалғасады. Терезені
тапсырмалар үстеліндегі өзіне сәйкес батырманы шертіп немесе Alt + Tab
пернелерін басып, бейне бетке қайта шығаруға болады.
Терезені толық бейне бетке көрсету үшін тақырыптың оң жағындағы Барынша
үлкейту батырмасын немесе тақырыптың өзін екі рет шертеміз.
Толық бейне бетке шығарылған терезедегі Барынша үлкейту батырмасы Терезені
толық бейнелеу оралады.
Жұмыс үстелі – құжаттарды және олармен жұмыс істеуге арналған негізгі
құралдарды қамтитын Windows-тің негізгі элементі. Жұмыс үстелінде Windows
нысандары және басқарушы элементтері: таңбашалар, лақаптар, үстелдер,
мәзірлер, қалталар орналасады.
Стандартты көріністе Жұмыс үстелінде Менің компьютерім, Менің
құжаттарым, Себет, Желілік орта, Internet Explorer терезелерінің
таңбашалары, Тапсырмалар үстелі, Бастау батырмасы орналасқан.
Менің құжаттарым – пайдаланушының құжаттарын қамтиды.
Internet Explorer – Internet -беттерін қарап шығуға арналған бағдарламаны
қамтиды.
Менің компьютерім – дискілер немесе ақпаратты сақтауға арналған қосымша
құрылғылар тізімін қамтиды. Windows ОЖ-де дискілер үшін мына белгілеулер
қолданылады:
- 3,5 (A:)
- дискі жергілікті диск (C:)
- CD -диск жетегі (D:)
- ауыстырылатын диск (E:)
Пайдаланушы қазіргі сәтте жұмыс істеп отырған диск ағымдағы диск деп
аталады.
Желілік орта – желіге қосылған компьютерлер тізімін көрсетеді.
Себет – жою кезінде қате әрекеттер жасалған жағдайда қайта қалпына
келтіруге болатын жойылған нысандар тізімін қамтиды. Басқаша айтсақ, Себет
– файлдар мен қалталарды жою кезіндегі қосымша қауіпсіздік құралы.
Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бастау батырмасы, жылдам іске қосу
тақтасы, тапсырмалар тақтасы, индикаторлар тақтасында тұратын жолақ
орналасқан.
Бастау (Пуск) батырмасын басқаннан кейін бағдарламаларды іске қосуға,
құжатты ашуға, жүйе баптамаларын өзгертуге, анықтамалық мәлімет алуға,
қажетті файлдарды табуға және т.б. мүмкіндік беретін Windows Бас мәзірі
ашылады.
Классикалық Windows Бас мәзірі мынадай әмірлерді қамтиды:
Бағдарламалар (Программы), Құжаттар (Документы), Баптау (Настройка), Іздеу
(Пойск), Анықтама (Справка и поддержка), Орындау (Выполнить). Бұлардың
әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады.
Бағдарламалар әмірі компьютерде орнатылған бағдарламалар тізімін
көрсетеді және оларды іске қосуға мүмкіндік береді.
Құжаттар әмірі жақында ашылған құжаттар тізімін көрсетеді.
Баптау әмірі жүйенің бапталуы өзгертілетін құрамдас бөліктерінің
тізімін көрсетеді.
Іздеу әмірі файлдарды, қалталарды немесе пошталық хабарламаны іздеуді
жүзеге асырады.
Анықтама және қолдау әмірі анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді.
Менің компьютерім.
Менің компьютерім жергілікті компьютердің ресурстарына, желілі
дискіге, әр түрлі қондырғыларға – принтерлерге, дискілерге және т.с.с
сонымен қатар оларды баптауды жылдам іске асыруды қамтамасыз ететін сәйкес
әмбебап бағдарлама. Белгішені екпінді ету компьютердің жергілікті желі
ресурстарына сәйкес келетін белгісі бар терезелерді ашады.
Менің компьютерім бумасының терезесінде жұмсақ және қатты дискілердің,
басқару тақтасының, принтерлердің, желімен қашықтан жұмыс істеуді
қамтамасыз ететін бағдарламалардың, басқару тақтасының белгішелері
бейнеленген. Бұл белгішелердің барлығы сәйкес бумалардың белгілері
(обозначение) болып табылады.
Менің компьютерім бумасының элементін белгілеп алып, келесі
операцияларды жүзеге асыруға болады.
• Жарлық жасау (Файл – жарлық жасау командасы).
• Қарау (просмотр) режимдерін өзгерту (мәзірдегі Түр-дің
командалары);
• Дискіде оның белгішесін белгілеп алғаннан кейін (Файл командасы
– Табу – Барлық файлдар) бағдарламаны тез іздеумен іске қосу,
белгіленген бума немесе дискінің мазмұны бар терезені шақыру,
басқа ішкі бумаларды шақыру (экранда бума терезесін жабу үшін
Жабу батырмасын шерту керек).
Сілтеуіш бағдарламасы.
Сілтеуіш бағдарламасы Windows-тің негізгі басқару бағдарламаларының бірі
болып табыла отырып, файлдық жүйені басқаруға арналған.
Windows-тегі Сілтеуіштің көмегімен дискеттегі буманың құрылымы мен
мазмұнын көруге болады.
Сілтеуішті іске қосу.
Сілтеуішті іске қосудың бірнеше түрі бар:
• Іске қосу батырмасында тышқанның оң жағын шертіп, жанама
мәзірден Сілтеуіш командасын таңдап алу;
• Дәл солай Жұмыс үстеліндегі кез-келген бума белгішесінде немесе
қолданбалы бағдарламалар жарлықтарынан басқа жарлық
белгішелерінде;
• Бума терезесінде бума белгішесін белгілеп, мәзірдегі Файлдан
Сілтеуіш командасын таңдау.
Сілтеуіш терезесінің құрылымы.
Сілтеуіш терезесінің құрылымы кәдімгі бума терезесінің құрылымына
сәйкес: бума аты жазылған қатармен терезе өлшемін басқаратын батырмалар,
мәзір қатарындағы Файл, Түзету, Түр, Сервис; терезенің жұмыс өрісі, сонымен
қатар міндетті емес элементтер – Саймандар тақтасымен қалып-күй қатары.
Сілтеуіш терезесінің жұмыс өрісі тік (вертикаль) аймақтарға бөлінген.
Терезенің сол жақ бөлігінде компьютер бумаларының ағаш секілді құрылымы, оң
жақ бөлігінде сол жақ аймағында белгіленген буманың мазмұны бейнеленген.
Егер құрылымы бойынша ішкі бумалары бар бума жабық болса, оның қасында +
белгісі тұрады, ал егер бума ашық болып оған кіретін элементтері
көрсетілсе, оның қасында - белгісі тұрады. Терезенің сол жақ аймағы
бумалар арасындағы орын ауыстыруды едәуір жеңілдетеді, бумаларды жылдам
қарау және көрнекі орын ауыстыру мүмкіндігімен бір аймақтан екінші аймаққа
сүйреп, файлдарды көшіруді іске асырады. Жұмыс өрісінің екі аймағында да
орналасқан айналдыру жолақтары файлдық жүйені парақтауға мүмкіндік
береді. Сілтеуіш терезесін қарау тәртібі бума терезесін қарау тәртібіне
сәйкес келеді.
2.2. Windows операциялық жүйесінің қызметі
Қазіргі кездегі барлық дербес компьютерлер сұхбаттық режимде жұмыс
істейді. Бұл режимде компьютер қолданушы мен және техникалық құрылғылармен
тікелей қарым - қатынаста болады. Компьютер сұхбаттық режимде болу үшін,
онда алдын - ала бағдарламалар жүйесі жұмыс істеу қажет. Бұл бағдарламалар
жүйесі перне тақтадан, тышқаннан және басқа да құрылғылардан үнемі сұраныс
жасап отыруы керек. Бұл жүйе қолданбалы бағдарламаларға бақылау жасап,
түрлі бағдарламалардағы мәліметтердің шатасып кетпеуін қадағалап отыруы
қажет. Мұндай бағдарламалар жүйесі операциялық жүйе деп аталады.
Операциялық жүйе жүйелік және қызметтік бағдарламалық жасақтамалар кешені
болып табылады. Қандай да бір нақты операциялық жүйенің қолданбалары деп
берілген жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге негізделген бағдарламаны айтады.
Барлық операциялық жүйелердің ең негізгі қызметі:
- Қолданушы мен бағдарламалық жабдықтар арасындағы байланыс түрлерін
қамтамасыз ету;
- Аппараттық және бағдарламалық жасақтама арасындағы байланысты
қамтамасыз ету;
- Әр түрлі бағдарламалар арасындағы байланыстарды қамтамасыз ету.
Бұған қоса операциялық жүйе келесідей қызметтерді атқарады:
- операциялық жүйенің құрамына енетін Интернеттің негізгі қызмет
түрлеріне қатынауды қамтамасыз ету;
- бір мезгілде бірнеше қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеу;
- қолданбалар арасында мәліметтер алмасу;
- мәтіндік құжаттарды оқу, редакторлеу және баспаға шығару;
- қарапайым суреттерді салу;
- арифметикалық және математикалық есептеулерді жүргізу;
- бейне жазбаларды шығару;
- күнделіктер мен қызметтік жазбаларды жүргізу;
- электрондық поштамен хабар алмасу;
- бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ету.
Кез - келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің
орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- компьютердің барлық құрал - жабдықтарын (аппараттарын) басқару;
- файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
- қолданбалы бағдарламаларды іске қосу;
Бұған қоса Windows жүйесі:
- бір уақытта бірнеше бағдарламалардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- әр түрлі бағдарламалар арасында мәліметтер алмасу;
- масштаб бойынша өзгеріле алатын шрифтер қолдану;
- мультимедия мүмкіндіктерін қолдану;
- жалпы ортақтастырылған анықтамалық жүйені пайдаланыу істерін
қамтамасыз ете алады.
2.3. Операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары.
Windows стандартты бағдарламаларына мыналар жатады. Блокнот, WordPad
мәтіндік өңдегіштері, Paint сызбалық өңдегіші, Калькулятор бағдарламасы
және басқа да қосымшалар жатады. Бұл бағдарлама бірдей алгоритммен жүзеге
асырылады: Бастау мәзірі (Пуск) – Бағдарламалар (Программы) – Стандартты
тізімінен өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдайсыз.
Блокнот бағдарламасы – қарапайым құжаттарды жасауға арналған күрделі
емес мәтіндік редактор. Көбінесе Блокнот бағдарламасы шағын мәтіндерді
теру, .txt кеңейтілуі бар мәтіндерді қарап шығуға және өңдеу үшін
қолданылады, бірақ көптеген пайдаланушылар Блокнот бағдарлама сын веб-
беттерін жасау үшін қарапайым аспап – құрал ретінде қолданып жүр.
WordPad мәтіндік өңдегіш көмегімен қарапайым мәтіндік құжаттармен
қатар, күрделі пішімді және суреттері бар құжаттарды да әзірлеп, өңдеуге
болады. Алайда MS Word-пен салыстырғанда, бұл бағдарламаның мәтінмен жұмыс
істеу мүмкіндіктері азырақ.
Paint сызбалық өңдегіші қарапайым сызбалық кескіндер, суреттер жасауға
арналған. Бұл суреттерді ақ-қара түсті етіп әзірлеп, файлдар түрінде
сақтауға болады. жасалған суреттерді басып шығаруға, жұмыс үстелінің фондық
суреті ретінде пайдалануға немесе басқа құжаттарға кірістіруге болады.
Paint-ты мәтіналғы көмегімен түсірілген фотографияларды қарап шығып, өңдеу
үшін де пайдалануға болады немесе басқа құжаттарға кірістіруге болады.
Paint сызбалық өңдегіші .jpg.gif немесе .bmp пішімді нүктелік суреттермен
жұмыс істеу үшін қолданылады.
Калькулятор бағдарламасы кәдімгі есептегіш атқаратын әрекеттерді
орындауға арналған. Ол қосу мен алу сияқты негізгі арифметикалық амалдарды,
сондай-ақ логарифмдер мен факториалдарды табу сияқты инженерлік есептегіш
функцияларын да орындайды.
Windows жүйесінің стандартты бағдарламалары құрамына бір топ
бағдарламалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай
алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді, мысалы:
- мәтіндік құжаттар құру;
- графикалық бейне-көріністерді даярлау және оларды редакторлеу;
- жұмыс уақытын жоспарлауды ұйымдастыру;
- математикалық есептеулерді орындау және т.б;
Әдетте, бұл қосымша бағдарламалар Реквизиттер тобында орналасқан.
Картотека – бұл карточкаларды жинаудың бір жүйеге келтірілген
компьютерлік аналогы, яғни компьютерде жазылып дайындалған, кейін керек
болатын түрлі хабар, мәліметтер, материалдар тіркелген карточкалар жинағы.
Ол кейбір белгілері бойынша жүйелендіріп, бір тәртіпке келтірілген
ақпаратны сақтау үшін қолданылады. Жиі қолданылатын белгілер қатарына –
қызметкерлердің адресін, жоба жасағанда дайындалған жазбаларды, кітаптар
аннотацияларын (қысқаша мазмұнын), басқа да анықтамалық мәліметтерді
жатқызуға болады. Бұл бағдарламаны іске қосу үшін Реквизиттер тобындағы
Картотека шартбелгісін таңдап алу керек.
Картотека іске қосылысымен екі бөліктен – тақырып аты мен жазбаға
арналған өрістен енгізілетін өрістен тұратын карточка дайын болады. Тақырып
атын енгізу үшін терезе ішінен орын таңдап алып, тышқанды екі рет шерту
керек, сосын пайда болған сұқбаттасу терезесіне сөз енгізіп, ОК
батырмасын басу қажет. Осыдан кейін жазба өрісіне мәтін енгізуге болады.
Жазба өрісіне жазылатын ақпарат он бір жолдан аспауы тиіс.
Әрқашан карточкалардың бірі активті күйде, яғни екпінді болады, ол
басқалардың үстінде көрініп тұрады. Басқа карточканы алдыңғы бетке шығару
үшін оның көрінетін бөлігіне тышқан меңзерін апарып, оны шерту керек.
Карточка тақырыбын өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін мәзір қатарынан
Түзету – Тақырып (Редактирование – Заголовок) командасын таңдап алып,
сұ0бат терезесінде сол мезетте екпінді болып тұрған карточка үшін
тақырыптың жаңа атын енгізу керек.
Егер карточка саны көп болса онда олардың тізімін қарап шығу режиміне
Қарап шығу – Тізім (Просмотр – Список) командасы арқылы өтуге болады.
Экранға барлық енгізілген карточкалар тізімі шығарылады.
Құрастырылған картотеканы файлда сақтауға, одан оқуға, принтердің
көмегімен қағазға басып алуға болады.
Күнтізбе (Календарь) – бұл жұмыс уақытын жоспарлауға, мерзімдік жоспар
жасауға, кездесулер мен телефон соғу кестелерін құруға арналған шағын
бағдарлама. Нақты айтсақ, күнтізбе күнделіктің компьютерлік варианты.
Бағдарламаны іске қосу үшін Реквизиттер тобынан Күнтізбе (Календарь)
шартбелгісін таңдап алу керек.
Күнтізбе ақпаратты қарап шығудың екі режимінде жұмыс істейді:
- күнделікті кесте – Қарап шығу – Күн (Просмотр – День) командасы;
- айлық кесте – Қарап шығу – Ай (Просмотр Месяц) командасы.
Бірінші режимде көрсетілген уақыттың қасында алдағы болатын жұмыстар
жайлы қысқаша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz