Сілтеу программасында файлдармен және каталогтармен жұмыс істеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

«Microsoft» өзінің «Microsoft Windows XP» операциялық жүйесі мен “Microsoft Office 2003» бағдарламасының қазақ тіліндегі нұсқаларын жұртшылыққа ұсынды

26. 05. 2005

Дәнеш ҰЗАҚ

Алматыда «Microsoft» компаниясы мен «Қазақ терминологтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі өздері бірлесіп әзірлеген «Microsoft Windows XP» операциялық жүйесі мен “Microsoft Office 2003» бағдарламасының қазақ тіліндегі нұсқаларын жұртшылыққа жария етті. «Microsoft» компаниясының Қазақстан және Орта Азиядағы өкілдігінің бас директоры Айдар Дәулетовтың айтуынша, компания өнімдерін тұтынушылардың 90 пайызы осы екі бағдарлама түрін жиі пайдаланатындықтан олардың қазақша нұсқасын жасауға ұйғарған. «Microsoft» компаниясы өкілдерінің айтуынша, олардың бағасы бағдарламалардың орыс тіліндегі немесе ағылшынша нұсқаларымен бірдей болмақ.

“Microsoft Windows XP” операциялық жүйесімен және “Microsoft Office 2003” бағдарламасымен енді қазақ тілінде де тілдесіп, жұмыс істеуге болады. “Microsoft” компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры Айдар Дәулетов компания өнімдерін тұтынатын қазақстандықтардың 90 пайызы осы екі бағдарламаны жиі пайдаланатындықтан, олардың қазақ тіліндегі нұсқасын жасауды ұйғарғандарын айтады. А. Дәулетовтың айтуынша, қос бағдарламаның ең маңызды болып табылатын басты интерфейсі 80 пайызға қазақ тіліне аударылыпты.

- Мен сізге «Word» мәтіндік редакторының негізінде мысал келтірейін. Мұндағы командалардың барлығы, басқаша айтқанда интерфейсі толығымен қазақ тілінде жазылған. Мінеки, файл, терезе, анықтама - бәрі қазақша. Сонымен қатар, қазақ тілінің орфографиясын тексеретін арнайы модуль бар. Мәселен, бір сөзді дұрыс жазбасаңыз, модуль оны бірден тексеріп, сөздің дұрыс баламасын өзі ауыстырып береді.

“Microsoft Windows XP” операциялық жүйесімен және “Microsoft Office 2003” бағдарламасын қазақшалау үшін түрлі IT компаниялардың өкілдері және тіл мамандарынан жинақталған екі арнайы топ құрылып, олар екі жыл жұмыс істеген екен. Бағдарламалардың қорытынды нұсқасын жасауға қатысқан «Қазақ терминологтары қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ыспандияр Ахайұлының айтуынша, бағдарламаны аударуда қазақ тілінің күнделікті қолданылатын тұрмыстық сөйлеу мәнері қолданылған.

- Мәселен, “Щелчок” деген сөзді осыған дейін “шерту” деп келді, біз оны “нұқу” деп аудардық. “Мышь” деген терминді “тышқан” деп келсе, оның “тінтуір” деген баламасын жасадық. Курсорды “жүгіргі” деп аудардық, өйткені, экрандағы таяқша үнемі әрі-бері жүгіріп жүреді емес пе? Әрине, терминдер бір күнде аударылмайды, әлі талай адам жаңа балама ұсынатындығы сөзсіз.

Алматыдағы компаниялардың бірінде бағдарлама құрастырушы және желілік администратор болып істейтін Ербол Сәрсенов аталған бағдарламалармен оларды көпшілікке таныстырудан бұрын, аударуға қатысқан жолдастарынан көріп, танысқан екен. Ербол қазақ тіліндегі алғашқы компьютерлік бағдарламалар жөнінде өз пікірін білдірді.

- Мен “Microsoft Windows XP”-дің қазақша баламасымен танысып шықтым, кейбір қазақша мәтіндерді түсінбегенім болмаса, жалпы маған ұнады. Ең бастысы - операциялық жүйе еш кедергісіз, тоқтаусыз жақсы жұмыс істейді екен.

«Microsoft» компаниясының Қазақстан және Орта Азиядағы өкілдігінің бас директоры Айдар Дәулетов қазақ тіліне тұңғыш рет аударылған бағдарламалардағы мәтіндер мен ұғымдар бойынша қателіктер кеткен жағдайда, оған қатысты барлық сын-ескертпелерді ескеріп, алдағы уақытта бағдарламаға түзету енгізіп отыратындарын айтады. Бағдарламалардың қазақ тіліндегі нұсқасының қазақ және орыс тіліндегі екі бірдей интерфейсі бар. Мұндай ерекшеліктердің маңызы жөнінде А. Дәулетов мырза былай дейді:

- Мәселен, кез-келген фирмада немесе мемлекеттік мекемеде екі адам бір компьютерде жұмыс істеуі мүмкін. Олардың біреуі қазақ тілді болса ол бағдарламаның қазақ тілді интерфейсімен жұмыс істейді, ал орыс тілді екінші қызметкер бағдарламаның орыс тіліндегі интерфейсіне ауысып жұмыс істей береді. Интерфейстің тілін ауыстыруға небары 2-3 секунд кетеді. Бұл фирмаға немесе мекемеге қазақ тіліндегі “Microsoft Office 2003” және орыс тіліндегі “Microsoft Office 2003” бағдарламаларының әрқайсысын жеке-жеке сатып алмауға мүмкіндік береді. Яғни, біраз қаржы үнемделеді.

“Microsoft Windows XP” операциялық жүйесі және “Microsoft Office 2003” бағдарламасының қазақша нұсқасы ресми түрде саудаға мамырдың 31-інен бастап түседі. Аталған бағдарламалардың лицензиялы түріне ие жандарға бағдарламалардың қазақ тіліндегі нұсқасы тегін беріледі. «Microsoft» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің бас директоры А. Дәулетовтің айтуынша, компания алдағы уақытта “Microsoft” компаниясының Қазақстанда кең таралған өзге де өнімдерін қазақ тіліне аудару мүмкіндіктерін қарастырып жатыр екен.

Тақырыбы: WINDOWS 98 жүйесіндегі сілтеу терезесі.

Жоспар:

1. Сілтеу программасын іске қосу.

2. Сілтеу терезесінің аспаптар тақтасы.

3. Сілтеу программасында файлдармен және каталогтармен жұмыс істеу.

1. Сілтеу программасын іске қосу.

Сілтеу немесе Зерттеу (Проводник) терезесі - WINDOWS 95 жүйесінің жұмыс істейтін негізгі программасы. Оның көмегімен: дискідегі файлдардың көшірмесін алу; оларды басқа орынға ауыстыру; жою; компьютер желілерінде байланыс ұйымдастыру; программалық файлдарды іске қосу (орындау) ; дискеттерді форматтау тағы басқа әрекеттерді атқаруға болады.

Windows терезесіндегі Сілтеу терезесінің белгісі Іске қосу (Пуск) батырмасын басқан соң көрінетін Программалар тобының төменгі жолында орналасқан.

Бұл программада экран бейнесі әртүрлі бола береді, бірақ оның көптеген элементтері Windows жүйесінің кәдімгі стандартты түрінде беріледі. Терезенің жоғарғы жағында меню жолы, оның маңында аспаптар тақтасы орналасқан. Негізгі терезе екі жартыға бөлінгшен. Оның сол жақ жартысында - компьютердегі құрылғылар мен программалық компоненттер өз ортасындағы белгілі бір тетігімен беріледі. Сілтеу терезесінің оң жақ жартысында - сол жақта белгіленген объектінің ішкі мазмұны көрінеді. Мысалы, сол жақта каталог белгіленген болса, оң жақта сол каталогқа кіретін ішкі подкаталог пен әр түрлі файлдар көрсетіледі. Файлдар атының алдында олардың қандай программада дайындалғанын, яғни тип бейнелейтін кішкене белгілер де орналасады.

Программа терезесінің төменгі жағында қалып-күй жолы бар, ол сол мезетте ерекшеленіп тұрған объект жайында мәлімет береді, мысалы, файл ерекшеленген болса, оның мөлшері мен жазылған мерзімі туралы мәлімет беріледі. Ал диск ерекшеленсе, оның толық көлемі мен бос аймағы жайында хабарлама шығып тұрады.

2. Сілтеу терезесінің аспаптар тақтасы.

Сілтеу терезесінің аспаптар тақтасы компьютер құрылымын бейнелейтін әр түрлі варианттарды көруге арналған, оның жұмысы бақса стандартты терезелерге ұқсас етіп жасалған (мысалы, файлдар мен каталогтар жүйесін ашу, файлдарды сақтау терезесі т. б. ) .

Аспаптар тақтасы сол жағында компьютер элементтері түгел көрсетілетін шашырап ашылатын тізім орналасады, ол арқылы тышқанды қажетті сәтте шерте отырып, ағымды дискіні өзгертеміз немесе жергілікті басқа компьютерге ауыса аламыз.

3. Сілтеу программасында файлдармен және каталогтармен жұмыс істеу.

Файлдар көшіру - жаңа каталогта оның тағы бір көшірмесін алу, ал файлдың орнын ауыстыру - оның бір каталогтан екінші каталогқа көшірмесін алып, ескі орнынан жою. Файлдардың көшірмесін алу не орнынан ауыстыру кезінде сол жақ терезеде керекті каталог көрініп тұруы тиіс. Ол үшін дискіні таңдап алып, тышқанды екі рет шертсек, оның құрылымы ашылған күйде болады және осы тәсілмен каталогтарды ашып, керекті мәлімет алынатын каталог құрылым бейнелей аламыз.

Файлдар әрқашанда бір каталогтан екінші каталогқа көшіріледі. Сол себептен оң жақ терезеге көшірілген файл бар каталогты шығарып қойған жөн. Одан кейін орындалатын әрекеттер біртектес болады, олар: көшірілуге тиіс файл немесе файлдар тобы ерекшеленеді, сонан кейін тышқан арқылы беретін каталогтан алушы каталогқа сол ерекшеленген мәліметтер жеткізіледі.

Файлдармен жұмыс істеу кезінде көбінесе бір файл емес бірден бірнеше файл өңделуге тиіс, файлдар алдын ала ерекшеленуге тиіс.

Бір файлды ерекшелеу үшін - сол файлдың шарт белгісінде тышқанды бір рет шерту керек. Қатар орналасқан бірнеше файлды ерекшелеу үшін:

  • бірінші тұрған файлдың белгісінде тышқанды бір рет шерту керек; Shift пернесін басып ұстап тұру қажет; соңғы файлға тышқан курсорын жеткізіп, тағы да шерту керек.

Каталог ішінде әр жерде орналасқан файлдарды ерекшелеу үшін:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Windows 98 жүйесіндегі сілтеу терезесі
Norton commander (nc) бағдарламамен жұмыс iстеу
Norton Сommander программасымен жұмыс істеу
MS-DOS-тағы файлдармен және каталогтармен жұмыс жасау
Информатика пәні бойынша лекциялар жинағы
Опциялар мен аргументер
WINDOWS 98 ЖҮЙЕСІНДЕГІ СІЛТЕУ ТЕРЕЗЕСІ, ІСКЕ ҚОСУ
Файлдармен жұмыс істеу
WІNDOWS 95 ЖҮЙЕСІНДЕГІ СІЛТЕУ ТЕРЕЗЕСІ
Информатика пәні бойынша сыртқы бөлімге арналған тапсырмалар жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz