Көңілді балалар әні


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 149 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

«Біздер, қандай ата-ана болсақ та, балаларымыздың әрқайсысы қабілетті, тапқыр, талантты, басқа балалардан кем емес, керісінше, артық болғанын армандаймыз. Алайда қымбатты достар, біз алдымен бұл жайында емес, біздің балаларымыздың жақсы Адам болғаны туралы армандауымыз керек деп ойлаймын. Оның кісілерге жақсылық жасауы, қоғамға зиянын емес, пайдасын келтіруі жайында; Адам деген биік атақты бүкіл өмір бойғы сын-сынақтардан шаң тигізбей алып өтуі хақында арман етсек деймін…».

«Бөбек» қорының президенті С. Назарбаева

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «білім беру» ұғымына «мақсаты - қоғам мүшелерінің жоғары адамгершілік, парасаттылық, мәдени, физикалық деңгейінің дамуына және кәсіби біліктілігіне қол жеткізу болып табылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі» деп нақты анықтама берілген.

Білім берудің шынайы мақсаты - адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамыту. Қазіргі педагогика ғылымы тәрбие саласындағы басымдық міндеттердің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналығының жалпыадамзаттық құндылықтарын меңгерту негізінде тәрбиелеу қажеттігін дәлелдеп отыр.

Балалардың өмірден өз орнын табуына өз бойындағы табиғи дарыны мен қабілетінің ашыла түсуіне көмектесудің қажеттілігі арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуді көздейді. Өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқылауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Балалық өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Кіші мектеп жасындағы тұлға бойында жалпы мәдениеттің негізі қаланады, өзін-өзі тануға қызығушылығы артады, дербестілігі дамиды. Кіші мектеп жасындағы балалар өзінің жеке сапалары мен мүмкіндіктерін түсіне бастайды. Осы жастағы баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыластарымен қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, бірқатар адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, оның Отанға, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншіліктері артады. Ол алғаш рет алдында тұрған міндеттерді өзінің шешуі керектігін, оқушының әлеуметтік рөлін ұғынуын, сондай-ақ сыныптастарымен және ұстаздарымен жағымды қарым-қатынастар орнату қажеттігін түсінеді.

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі ұжымда жақсы көңіл күйдегі жағымды жағдай тудыра отырып әрбір баланың дербестігінің дамуына ықпал етеді. Педагогикалық процеске қатысушылардың эмоционалдық қарым-қатынастары жанашырлық, тілектестік, ынтымақтастық, рақымдылық, мейірімділік, ізеттілік, сенімділік сияқты адамгершілік сезімдері мен күйлерінің кең аумағын қамтиды. Эмоционалдық біліктілік өз сезімдерін танып білуіне, өз әрекеттерін түсіндіре алуына, өзгелердің әрекеттері мен көңіл күйлерін тани білуіне көмектеседі.

Әрбір баланың әр түрлі іс-әрекетке түсуіне, әр түрлі адамдармен қарым-қатынасының ұлғаюына байланысты оның парасаттылық, шығармашылық, эмоционалдық потенциалының дамуына ықпал ететін жағымды қарым-қатынасқа сұранысы қалыптасады. Кіші жастағы оқушылардың мұндай ерекшеліктері мұғалімнің барлық уақытта өз оқушыларына үлгі болу керектігін талап етеді. Мұғалім жақсылық туралы айтып қана қоймай, өзінің өмірде нағыз мейірімді болуы, еркін қарым-қатынас жасауға ықпал етуі және өз мінез-құлқына жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда « Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі мақсаты-оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруде өзіне жағымды қарым-қатынасының, өзін-өзі жүзеге асыруының, сондай-ақ әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие іс-әрекеттерде өзін-өзі дамытуға сұранысының дамуы.

Осы мақсатқа сәйкес пәннің міндеттері төмендегідей болып белгіленді:

-оқушылардың жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруін, белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

-балалардың қоршаған әлеуметтік-мәдени және табиғи ортамен үйлесімді байланысын, этикалық және экологиялық мәдениетін, адамдарға, өзіне және қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыру;

-балаларды адамгершілік нормаларымен, қарым-қатынас жасау амалдарымен, құралдарымен және әдістерімен таныстыру;

-балалардың адам, өмір, отан, денсаулық, отбасы, табиғат, махаббат, достық, еңбек құндылықтары мен мейірімділік, сыйластық, сүйіспеншілік, адалдық, патриоттық, еңбексүйгіштік −адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту;

-танымдық сұраныстарын, коммуникативтік және әлеуметтік тұрғыдағы қарым-қатынас жасау іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

-тұлғаның эмоционалдық-сезімін, рухани-адамгершілігін, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасын, әр түрлі шығармашылық іс-әрекеттерде өзін-өзі жүзеге асыруға сұранысын дамыту;

-адамгершілікті, әлеуметтік, табиғат пен қоғам байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын белсенді, шығармашылық тұрғыдағы тұлғаны тәрбиелеу;

-азаматтық, патриоттық, мәдени сапаларын арттыру; Отанын, отбасын, мектебін сүюге тәрбиелеу.

Өзін-өзі тану пәні бойынша 2-сынып оқушыларына арналған оқу-әдестемелік кешен (ОӘК) құрамына мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқулық, оқушы дәптері, дидактикалық материалдардың жинағы енеді. ОӘК-нің барлық құрамдары өзара байланыста сабақта және үйде қолданылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін 2-сыныпта оқуға 32 сағат бөлінген. Оқу материалы жүйеленіп төрт тарау бойынша берілді:

  1. «Өзін-өзі тану бақыты» - 8 сағат.
  2. «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» - 8 сағат.
  3. «Адам болам десеңіз . . . » - 8 сағат.
  4. «Әсемдік әлемінде» - 8 сағат.

«Өзін-өзі тану бақыты» атты І тарауда өзін-өзі тану, білім, елжандылық, еңбек, отбасы, қамқорлық, сыйластық, достық, ұжым, бақыт, сүйіспеншілік, сөз және т. б. құндылықтарды оқып үйренуге баса назар аударылады. Балалар өзінің жаңа әлеуметтік тұрғыдағы оқушы рөлін түсінеді, сыныптастарымен, ұстаздарымен, мектеппен танысады, жалпы ұжымда еңбек етуді үйренеді.

«Адами қарым-қатынасқа үйренейік» атты ІІ тарауда 2- сынып оқушылары достық, қарым-қатынас, тіл табысу, ынтымақтастық, Отан, отбасы, сүйіспеншілік, әдептілік, қамқорлық, өзара түсіністік, сыйластық, және т. б. құндылықтарды меңгереді. Сыныпта, отбасында тең құқылы, ізгілікті қарым-қатынастар орнатуға, әлеуметтік белсенділігін дамытуға ерекше назар аударылады.

«Адам болам десеңіз . . . » атты ІІІ тарауда мейірімділік, қайырымдылық, жауапкершілік, адалдық, жақсылық жасауға ұмтылушылық, қамқорлық, шыншылдық сияқты адами қасиеттердің мәні түсіндіріледі. Кіші мектеп жасындағы балалар өз істеріне, әрекеттеріне жауапкершілікті сезінуді үйренеді.

«Әсемдік әлемінде» атты ІV тарауда табиғат, денсаулық құндылықтары бойынша және Отан, табиғатқа қамқорлық , денсаулықты сақтау, жасампаздық жарасымы туралы түсініктері қалыптасады. Оқушылар «адам» және «қоғам» ұғымдарының жан-жақтылығын түсінеді.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2-сыныпқа арналған тақырыптық жоспар

Сабақтың тақырыбы
№:
Сабақтың тақырыбы: І ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ
№: 1-2
Сабақтың тақырыбы: Біз осындай баламыз
2
№: 3-4
Сабақтың тақырыбы: Көңіл күйімізді басқара білейік
2
№: 5-6
Сабақтың тақырыбы: Оқуға құштарлық
2
№: 7-8
Сабақтың тақырыбы: Менің ұстаздарым
2
№:
Сабақтың тақырыбы: ІІ ТАРАУ. АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК
№: 9-10
Сабақтың тақырыбы: Үлкенге құрмет - кішіге ізет
2
№: 11-12
Сабақтың тақырыбы: Кешірімді бала - кішіпейіл бала
2
№: 13-14
Сабақтың тақырыбы: Келісім түбі - жарастық
2
№: 15-16
Сабақтың тақырыбы: Күш бірлікте
2
№:
Сабақтың тақырыбы: ІІІ ТАРАУ. АДАМ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ . . .
№: 17-18
Сабақтың тақырыбы: Текті білу тегін емес
2
№: 19
Сабақтың тақырыбы: Ұятты бала - арлы бала
1
№: 20
Сабақтың тақырыбы: Обал мен сауап
1
№: 21-22
Сабақтың тақырыбы: Еңбек бәрін жеңбек
2
№: 23-24
Сабақтың тақырыбы: Жүрек жылуы
2
№:
Сабақтың тақырыбы: IV ТАРАУ. ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ
№: 25
Сабақтың тақырыбы: Халық даналығы
1
№: 26
Сабақтың тақырыбы: Халқым менің қонақжай
1
№: 27
Сабақтың тақырыбы: Табиғат - әсемдік әлемі
1
№: 28
Сабақтың тақырыбы: Табиғат - денсаулық мекені
1
№: 29
Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен біргеміз
1
№: 30
Сабақтың тақырыбы: Атамекен табиғаты, анамдайсың
1
№: 31
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан - менің елім
1
№: 32
Сабақтың тақырыбы: Үйренгенім көп менің
1

Өзін-өзі тану сабақтарын 2-сыныпта оқыту

әдістемесінің ерекшеліктері

Өзін-өзі тану сабақтарының ерекшеліктері болып мұғалім мен оқушылардың тұлғалық қарым-қатынасқа түсу процесі табылады. Бұл процесте балалар өзі туралы, өзінің сезімдері, ойлары мен әрекеттері туралы біледі, оларды талдай алады және адамгершілік тұрғысынан бағалай біледі, өзін және өзгелерді тыңдауға, адамдарды сол қалпында ізгі ниетпен қабылдап, әр іске шыдамдылық танытуға үйренеді.

Өзін-өзі тану сабақтарында әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтер арқылы адами қарым-қатынастар шыңдалады, өмірлік тәжірибелерімен алмасады, қоғамға қызмет көрсету дағдылары дамиды.

Өзін, өзгелерді, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасауды танып-білу, сондай-ақ ақиқат пен сүйіспеншілікті адам өмірінің ең жоғарғы символы ретінде түсіну балалардың еркін ойлана алатындай, өз пікірін жеткізе алатындай, дарыны мен қабілеттерін көрсете алатындай сенімді, еркін қарым-қатынас жағдайларында өтеді.

Өзін-өзі тану процесін ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың психологиялық, физиологиялық, жас ерекшеліктеріне сәйкес жағымды эмоциялық күймен қамтамасыз ететін жағымды ортаны құру болып табылады. Сабақта әр түрлі іс-әрекеттерді алмастырып отыру − оқуға жағымды қатынас тудырып, оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады.

Өзін-өзі танудың өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес сабақтардың стандартты емес түрлері ұсынылады: ойлану сабақтар, талдау сабақтар, театрландырылған көріністер түріндегі сабақтар, шығармашылық сабақтар, сайыс сабақтар, концерт сабақтар, экскурсия сабақтар, ойын сабақтар және т. б.

Өзін-өзі тану сабақтары 10-15 адамнан тұратын топтарда үнтаспалармен, бейнетаспалармен, көрнекіліктер және дидактикалық материалдармен арнайы жабдықталған кабинеттерде өткізіледі.

Өзін-өзі тану сабақтарын өткізудің әдістері мен формаларының кең көлемділігі оларды арнайы кабинеттерде ғана емес концерт залдарында, мектептің сыртқы алаңдарында, табиғат аясында, мұражайда, сурет галереясында, театрда және т. б. орындарда өткізуді қарастырады.

Өзін-өзі танудың сабақтан тыс жұмыстары балалардың сабақта меңгерген білімдерін іс жүзінде өмірде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.

Өзін-өзі тануды оқыту процесінде пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес мынадай әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады:

«Шаттық шеңбері» ─ сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен ұйымдастыруға бағытталған сабақтың бас кезеңінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалім балалармен бірге құрған шеңберде олар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды, әр түрлі әндер мен өлеңдер айтады. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық тұрғыда маңызы зор. Өйткені мұнда әрбір бала өзін еркін сезінетін үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.

«Тыныштық сәті» ─ релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді. Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс.

«Өзіммен-өзім» ─ бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Осы тәсіл балаларға жайлы әсер етеді, олардың қиялын дамытады, топтағы мінез-құлыққа жағымды ықпал етеді және әдетте, материалды жаңадан түсіну барысында пайдаланылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалімнің сөзі, сондай-ақ үнтаспалар, бейнетаспалар (классикалық музыка тыңдау, бейнефильмдер мен мультфильмдер көру және т. б. ) қолданылады.

«Мәтін оқу» ─ оқушылардың білімін және адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, оқу іскерліктерін дамытуға бағытталған әдіс. Оқушылардың танып-білуге құштарлығын арттыру мақсатында үлкендермен бірге және өз бетінше көркем шығармаларды оқу ұсынылады. Бұл әдіс оқушылардың ойын, жадын, эмоционалдық күйін, еркіндігін дамытады.

«Сабақтың дәйексөзі» ─ оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы, нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөз алынады.

«Әңгімелеу» ─ оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме, өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жақсы жағдайлар тудыратын сөйлеу мен ойлау іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ойдан өткізу мен талдай алуды үйренеді. Мұнда шығарманы үзіліспен әңгімелеу сияқты амал-тәсілдер қолданылады. Әңгімелеу, сахналық элементтер бірлігінде жүзеге асырылады.

Әңгімелеу - 1, 2-сыныптарда (рөлдік әңгімелеуді қоспағанда) мұғалімнің әңгімелеуі арқылы, жүзеге асырылады.

Әңгімелеуге арналған мәтіндер «Өзін-өзі тану» оқулығында беріледі.

«Әңгімелесу» - бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас формасы. Әрбір бала өзінің пікірін айта алады, тақырыпқа өзінің көзқарасын білдіре алады, өзін ойландыратын сұрақтарды қоя алады. Мұғалім балалардың өз пікірлерін айтуын қолдап отырады, оларға ойлана алуды, жағдаяттар мен іс-әрекеттерге адамгершілік тұрғысынан баға бере білуді үйретеді.

«Ойын», «Жаттығу» ─ балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мен жаңа игерілген түсініктері мен іскерліктерін бекітуге арналған оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Шығармашылық жұмыс» ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Шығармашылық жұмыс сурет салу, макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме құрастыру және т. б. түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тәсіл балалардың шығармашылық шабытын аша түсуге, олардың символдарды, бейнелер мен әрекеттерді ұғынуы арқылы өзіндік «Менін» көрсете алуына септігін тигізеді. Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына; өзінің пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді; балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады; жауапкершілікке, дербестілікке тәрбиелейді.

«Жаттығу-ойлану» − балалардың өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін ұғына білу мен нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу дағдыларын дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ететін әдістемелік тәсіл. Жаттығу-ойлану тапсырмалары болып нақты өмірлік жағдаяттар, мақал-мәтелдер, тәлімдік-танымдық мәні бар өлең жолдары табылады. Балалардың мақал-мәтелдерді өлең жолдарының тәлімдік, өмірлік мәнін талдауы және жағдаяттарды талқылауы арқылы олардың ойлана білуге, өзін және өзгелерді бағалай алуға икемділігі артып, адамдармен, айналасымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.

Жаттығу-ойлану жұмыстарын орындау барысында ойлануға берілетін уақытты тапсырмалардың күрделілігіне қарай мұғалімнің өзі белгілейді.

«Бейнематериалдар көру (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т. б. ) » - оқу мағлұматтарын көрнекілік тұрғысынан жеткілікті түсіндіруге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын, көркем көріністер балаларға оқу материалының мазмұнын түсінікті қабылдауына және жете меңгеруіне ықпал етеді.

«Сергіту сәті» ─ сабақ үстінде балалардың жалығуы мен шаршағандығын ұмыттыратын, бойларын сергітуге қажетті өзін-өзі тану сабағының құрамдас бір бөлігі. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет түрінен екіншісіне ауысатын сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде қолданылады. Осы тәсіл топтың көңіл күйін көтереді; оқуға, білуге ынтасын дамытады; жылдам назар аударуын күшейтеді; ұжымның ұйымшыл болуына ықпал етеді.

«Сахналау» ─ бұл тәсіл өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың өздері рөлдерде орындауы арқылы ұйымдастырылады.

«Қорытындылау» ─ сабақ барысында айтылған ойларды мұғалімнің өзі немесе балалармен бірге жинақтап қорытуға бағытталған әдістемелік тәсіл.

«Жүректен жүрекке» шеңбері ─ сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір-бірімен пікір алмасуды, бір-біріне тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың негізгі ойын қорытатындай ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің әрбір баланың эмоционалдық күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын әдістемелік тәсіл.

«Үй тапсырмасы» ─ баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білімдері мен игерген іскерлік, дағдыларын бекітуге қызығушылығын арттыратын тәсіл. Балалар үй тапсырмасын дәптерлеріне өз бетінше немесе үлкендермен бірге орындайды. Бұл балалар мен үлкендердің бірін-бірі жақсы түсінуіне септігін тигізеді. Балалардың үй тапсырмасын қызығушылықпен, жақсы көңілмен орындауы үшін дәптерге олардың көмекшілері - Данышпан ата, ақылды ұл мен қыз - Алпамыс, Махаббат, түйенің ботасы - Ақбота сияқты ертегі кейіпкерлері енгізілді.

Сабақ барысында әдістемелік тәсілдер байланысының ара жігін үзбей, сабақ мазмұнымен сабақтастыра отырып үй тапсырмасын сұрап, балаларға ризашылық сезімін білдіру мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне байланысты.

«Өзін-өзі тану» пәні әлемнің ең басты құндылығы - адам және адамның өмір сүру үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына - жақсы адам болуға баланы жастайынан үйрету керек. Бұл тұрғыда мұғалімнің рөлі аса зор. Өйткені ол оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі әдістемесін жеткілікті меңгеріп, балалар психологиясын терең талдай отырып белгілі бір жастағы балаларға бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыра алады. Дегенмен табысқа жетудің ең басты көзі болып мұғалімнің әрбір баланың жеке тұлғалық ерекшелігіне негізделген балаларға деген махаббаты саналады. Әрбір тәрбиеленушіге өз бойындағы дарыны мен талантын, қабілеттерін аша түсуге мүмкіндік жасау қажет, оларды өзімен және әлеммен үйлесімділікте өмір сүруге үйрету керек. Ал бұл - қоғамға қызмет етуді мақсат етіп, осындай игі істі таңдаған «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің ең басты міндеті.

Мұғалім әрбір оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың қоршаған ортада өзінің тұлғалық «Менін» жете түсінуіне көмектеседі. Ол - дайын білімдерді жеткізуші ғана емес, балалардың өмірдегі маңызды іскерліктері мен дағдыларын игеруге жетелейтін өзін-өзі тану процесінің жетекшісі. Ол балалармен бірге ойланады, жаңалықтар ашады, дауларды шешеді, таңданады, күмәнданады, бірлестік әрекеттерде қызығушылықпен өмірдің ақиқатына көз жеткізеді, сыныпта жағымды жағдай туғызады.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды өзін-өзі тануға үйрету мұғалімнің жоғары адамгершілікті, мәдениетті, жан-жақты білімді, ізгі ойлы және жылы жүректі болуын талап етеді. Мұғалім рухани құндылықтарды талдай отырып бала жүрегіне мейрімділіктің, адамгершіліктің нұрын себеді.

Сіздің әрбір оқушыңыз бақытты болсын!

БІРІНШІ ТАРАУ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ БАҚЫТЫ

1-сабақ

БІЗ ОСЫНДАЙ БАЛАМЫЗ

Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің.

А. Пивен

Мақсаты : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- 2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру;

- өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру;

- ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар : үнтаспа, сюжетті суреттер

Шаттық шеңбері

Мұғалім өзін-өзі танудың 2-сыныптағы алғашқы сабағын мынадай мазмұндағы кіріспе сөзбен бастайды:

- Қош келдіңдер, балалар! Міне жазғы демалысымыз да аяқталып, жаңа оқу жылы басталды. Балалар, енді сендер екінші сынып оқушысысыңдар. Ер жетіп, ақылдарыңа ақыл қосылды. Сендерді алда қызығы мен шаттығына, жақсылығы мен жаңалығына толы «Өзін-өзі тану» сабақтары күтіп тұр. Ол сабақтарда өз бойларыңдағы жақсы қасиеттерің мен жаңа мүмкіншіліктеріңді білетін боласыңдар, сондай-ақ адами қарым-қатынаста шыншылдықпен танылып, адамгершілік құндылықтар мен денсаулықты бағалай білесіңдер. Табиғат перзенті, Отан ұланы екендеріңді мақтан тұтасыңдар.

Сабақтың жақсы көңіл күймен басталуы үшін мұғалім тарапынан оқушыларға шеңбер айналасында көңілді ән айту ұсынылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка тыңдау
Тыңдауға арналған музыкалық репертуарлар
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «алғашқы қадам» бағдарламасы
Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы
Музыкалық репертуар
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «біз мектепке барамыз» бағдарламасы
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz