Құжат ішінде мәтінді ұйымдастыру


Кіріспе
World Wide Web - Бүгінгіні күні әр түрлі ақпараттар миллиондаған сайттардан тұратын компьютерлік желі. Қолданушылар бұл ақпаратқа WWW технологиясын қолдану арқылы мүмкіндік алады. WWW навигациясы үшін WWW шексіз кеңістігінде саяхатын жеңілдететін арнайы программалар Web броузерлер қолданылады. Барлық ақпарат WWW сайттарының негізгі элементі болып келетін Web беті ретінде бейнеленеді.
Web-беттер мультимедия технологиясын қолдап, өзінде әр түрлі ақпараттар түрін біріктіреді. Олар: мәтін, графика, дыбыс, анимация және бейне. Көп жағдайда сол немесе басқа Web-беттердің желідегі жетістігі саналы және әдемі жасалуына байланысты.
Қолданушылар стильді безендендірілген, анимация және графикамен тым қамтылмаған, тез жүктелетін Web-броузер терезесінде дұрыс бейнеленетін Web беттерін қолдану ұнамды.
Web-бетті құру оңай емес, бірақ әр бір адам өзін дизайнер рөліне қойғысы келетін шығар. Мен де бұл жағдайдан тыс қалмадым, сондықтан өзімнің курстық жұмысым үшін осы тақырыпты таңдап алдым.
Өзімнің курстық жұмысымда Web-бетті құру үшін не білу және істей алу қажет екендігін, оны құру үшін қандай программаларды қамтамсыз ету және Web-бетті қалай тиімді қолдануды мүмкіндігінше түсінуге тырыстым.
Сондай-ақ бұл жұмыста WWW ортақ қабылдаған стандарт болып келетін Web-бетті программалау тілінің негізі - HTML-ды қарастырдым. Бұл бізге Web құрылымымен және оны дұрыс безендіру тәсілдерімен танысуға мүмкіндік береді.
World Wide Web
Internet-тің таралуы
Internet - бұл ең үлкен әлемдік компьютерлік жүйе. Ќазір Internet 50 -ден астам елдерде жуыќтап 150 млн. ќолданушылары бар. WWW-ѓа негізінен Internet арќылы ќол жеткізуге(доступен) болады, біраќ WWW жєне Internet бір маѓынаны білдірмейді. WWW-ді ішкі мазмұнѓа келтіруге болады, яѓни бұл ќандайда бір білімнің абстракттік әлемі, ал Internet глобальді жүйенің сыртќы жаѓы болып келеді.
WWW концепциясы
Сонымен World Wide Web немесе ќарапайым тілмен айтќанда WWW, Web, немесе одан да оњай 3W деген не? WWW-бұл гипермєтінде негізделген, кең таралѓан мультимедияның аќпараттыќ жүйесі . Енді осы аныќтаманы рет-ретімен ќарастырайыќ.
Кең таралған аќпараттыќ жүйе: аќпарат WWW сервер (server) деп аталатын керемет үлкен жиында сақталады, яѓни арнайы прогаммамен ќамтылѓан және Internet желісіне біріктірілген компьютерге орналастырылады. Желіге ќосылуѓа мүмкіндігі бар ќолданушылар осы аќпаратты клиент- программалары жєне WWW-ќұжат ќарастыру прграммалары көмегімен алады. Сонымен ќатар ќарау программасы компьютерлік желі бойынша ќажетті ќұжаттар бар файлды саќтайтын серверге сұраныс жібереді. Сұруѓа жауап ретінде сервер ќарау программасына осы ќажетті файлды немесе егер файл белгілі бір себептермен асқақ болса, ќабыл алмаѓаны жайында хабар жібереді. Клиент-сервер ќарым-ќатынасы белгілі бір ережелер бойынша немесе, басќаша айтќанда, хаттама арќылы жүргізіледі. WWW-да ќабылданѓан хаттама HyperText Transfer Protocol деп аталады, ќысќартќанда HTTP.
Мультимедиа - мәтінді ғана емес, сонымен ќатар екі және үш өлшемді графикада бейне және дыбысты өзіне ќосатын аќпарат.
Сонымен, Web-бетте стильденген немесе форматталѓан мәтін Internet-тің әртүрлі ќорымен, графика жєне гипербайланыс болуы мүмкін. Осы барлыќ мүмкіндіктерді іске асыру үшін HyperText Markup Language аталатын арнайы тіл жасалды.
HTML-тілінің көмегімен Web-бетті қалыптастыру
1. Web - беттерін ќөру үшін арналѓан құрал жабдыќтар
HTML-редакторы
Web - беттерін ќөру үшін єркім өзіне ыңғайлы ќұрал жабдық таңдайды, ол DreamWeaver, Allaire HomeSite, 1 st Page 2. Ал кейбіреуі жәй мәтіндік редактормен, мысалы блокнот (NotePad) ќолданылады.
Мєтіндік редакторды көлемі кішкентай беттерді ќөру үшін ќолданылады, өйткені оның теріс жаќтары бар: проектілер ±сталмайды, “подсветка . . . ” мәтіні жоќ, жұмыс істеу ќолайсыз.
MS Front Page басты кемшілігі, ол HTML кодын үлкен кµлемде ќабылдайды (ќажетсіз заттар көп), сондыќтан бет көлемі өте үлкен болады. Ол загрузка жұмысына кедергі келтіреді. Сонымен ќатар Web-бетіндегі жұмыс бұл редакторда бір бөлек, ал броузер терезесінде мүлдем басќа (бұл әсіресе Netscape Navigator-ға тиісті) . Беттер біртүрлі қисық болады, сондыќтан Web- бетін ќөру үшін төменде берілген пакеттерді ќолдану керек.
Ењ алдымен Macromedia DreamWeaver-дан бастайыќ. Macromedia компаниясы веб-сайтын ќөруѓа арналѓан программалар ќөрудан ең алдаѓы компания болып саналады.
HTML-редактордың соңғы версиясы - DreamWeaver 3 компаниясы, бұл WYSIWYG-редактор катигорясына жатады және бұл пакеттің көп қолайлы жақтары бар: ыңғайлы интерфейс, функцияны түзету және ShockWave технологиялы, FTP арқылы файлды еңгізу, SSI ұстау жіне т. б. Бұл программамен жұмыс істеу ұшін HTML білу қажет емес.
Бірақ DreamWeaver 3 бірнеше қадамға WYSIWYG технологиясын қолданатын басқа редакторлардан алда. Web-бетті құру кезінде біртекті жұмыстан арылтады, ол “командаларды ретпен жазу” опциясы арқылы жұмыс істейді.
Келесі редактор HomeSite 4 бетті қолдан жасау үшін, яғни HTML білетіндерге арналған. Сіз HTML кодын толық басқаруға мүмкіндік аласыз, сонымен бірге өзіңіздің беттеріңізді атақты үш броузердің (MSIE, NN, OPERA) біреуі арқылы оптимизациялауға мүмкіндік береді.
HomeSite басты екі режимнен тұрады: Edit және Design. Design режимі WYSIWYG редакторы сияқты HTML кодын беретін, сонымен қатар бөтен HTML кодын іске қосқанда, HomeSite барлығын өзіне көшіріп алады. Edit режимі толығымен бетті басқаруға мүмкіндік береді.
HomeSite-тың тағы бір ерекшелігі - ол оның DreamWeaver-мен “жапсыруы”.
HTML редакторының соңғы редакторы болып EVR Soft 1 st Page 2000 v2 табылады.
2. Гипермәтіндік белгілеу принциптері. Құжаттар құрылымы
HTML-құжатарында белгіліеу модельдерінің негізі ретінде тэгтер моделі қабылдалынған. Тэгтер моделі құжатты контейнерлер ретінде түсіндіріледі, мұндағы контейнерлер дің әр қайсысы тэгтермен басталып, тэгтермен аяқталады. Яғни HTML құжаты кәдігімгі ASCII- файлға HTML басқару кодтары (тэгтері) қосылған файл болып табылады.
HTML-құжатының тэгтері көбінесе қолдануға және түсінуге жеңіл. Себебі олар ағылшын тілінің көпқолданбалы сөздерінен түсінікті түрде қысқартылып және белгіленіп алынған. HTML-тэгі өзінің атынан, міндетті және міндетті емес атрибуттардан тұрады. Тэг мәтіні бұрышты жақшалармен қоршалады. Мысал ретінде қарапайым варианттардың бірі: <HEAD> немесе <i>. Тэгтердің күрделілігі олардың атрибуттарында болып табылады. Мұндағы атрибуттар тэгтердің функцияларын өзгерту үшін қолданылады (көлемін, ұзындығын, түрін және т. б. ) .
Тэгтер атрибуттары оның атынан кейін жазылады және бір-бірінен бір немесе бірнеше табуляция, пробел немесе жол басына қайтару символдары арқылы ажыратылады. HTML тілінде тэгтер атрибуттарын кезекпен жазуды керек етпейді. Атрибуттың мәні атрибут атынан соң жазылатын теңдік белгісінен кейін жазылады. Егер атрибут мәні бір сөз немесе сан болып келетін болса, онда оны ешбір қосымша белгілеусіз теңдік белгісінен кейін жаза беруге болады. Басқа жағдайларда атрибут мәндерін бірлік немесе екілік тырнақшаларға алып жазу керек, әсіресе егер олар пробел арқылы бөлінген бірнеше сөз болса. Атрибут мәнінің ұзындығы 1024 символға дейін рұқсат етілген. Мысалға, әсіресе HREF атрибутының мәні ретінде басқа құжаттардың адресін (URL) көрсеткенде керекті регистрді қолдану маңызды болып табылады.
Көп жағдайларда HTML тэгтері бастапқы және ақырлы компоненттерден тұрады және олардың арасына мәтін және басқа да құжат элементтері орналасады. Жабушы тэгтің аты бастапқы тэгтің атына сәйкес болып келеді, бірақ жабушы тэгтің атының алдына көлденең сызықша (/) қойылады. Мысалы, шрифт түрі <i>-курсив тэгі үшін жабушы сыңары </i> түрінде болады. Жабушы тэгтер үшін атрибуттар ешқашанда қойылмайды, қойылса да ол атрибут қабылданбайды. Мәні бойынша тэгтер әмбебап программалау тілдерінің “begin \ end” белгілеулеріне түсінігі бойынша өте ұқсас болып келеді. Тэгтер құжаттың мәтіндік интерпритациялау шартының әрекет ету ауданын анықтайды.
Ішкі тэгтерді қолданғанда құжатта ерекше ұқыптылықты сақтау керек. Ішкі тэгтерді соңғысынан бастап ьастапқысына қарай жауып шығу керек. Кейбір HTML тэгінің жабушы тэгтері болмайды, өйткені олар автономды элементтер болып табылады. Мысалы, бейнелер тэгі <IMG> жабушы компонентті қажет етпейді. Автономды тэгтерге тағы да <BR>- жолдарды айыру, <HR>-көлденең сызық және көрсетілетін нәтижеге әсер етпейтін, тек қана құжат туралы ақпараттар сақтайтын <META> және <BASE> сияқты тэгтер жатады.
Кейбір жағдайларда жабушы тэгтердіжазбаса да болады. Көптеген браузерлер құжат мәтінін өңдегенде бастапқы тэгті алдыңғы тэгтің жабушы тэгі ретінде қабылдайды. Ең көп тараған мұндай тэгтің түрі абзац тэгі - <P>. өйткені оны құжаттарда жиі қолданады және оны әдетте әр абзац алдына жазады. Бір абзац біткеннен кейін келесі <P> тэгі браузерге осы абзацты аяқтап жаңа абзац бастау керектігін көрсетеді.
Басқа бір жабушы тэгтер түрі, жоқ болса да нәтижеге әсер етпейді және браузерлер оларсыз еш мүлтіксіз істей береді. Оларға мысал ретінде </HTML> тэгін алуға болады. Сөйте тұрса да, әр жабушы тэгтерді қойып отырған дұрыс. өйткені құжатты өңдеуден өткізгенде кейбір жаңылулар мен қателер болуы мүмкін.
3. HTML тэгтер тобы
Барлық HTML тэгтерін олардың қызметі мен істеу аймағына қарай келесі топтарға бөлуге болады:
- Құжат құрылымын анықтаушы;
- Гипермәтін блоктарын безендіру (параграфтар, тізімдер, кестелер, бейнелер) ;
- Гипермәтіндік сілтемелер;
- Диалог ұйымдастыратын формалар;
- Программалардың шақырылуы;
Гипермәтіндік торап құрылымы гипермәтіндік сілтемелермен беріледі. Гипермәтіндік сілтемелер дегеніміз - басқа HTML құжатының немесе INTERNET ақпарат қорының адресі.
Гипермәтіндік сілтемелерді жазу үшін WWW жүйесінде арнайы форма құрылған болатын. Оның атауы - UNIVERSAL RESOURCE LOCATOR. Осыған мысал ретінде төмендегіні келтіруге болады:
Этот текст содержит <A HREF="http://polyn. net. kiae. su/altai/index. html"> гипертекстовую ссылку</A>
Жоғарыда келтірілген мысалда HTML-да якор (anchor) деп аталатын “А” тэгі URL түрінде сілтемені жазу үшін “HREF” (HYPERTEXT REFERENCE) атрибутын қолданады. Бұл жоғарыда көрсетілген сілтеме “http” протоколы арқылы “polyn. net. kiae. su” серверінің “altai” директориясында орналасқан “index. html” құжатына көрсетіп тұр.
HTML-дағы гипермәтіндік сілтемелер екі түрге бөлінеді: контексті және жалпы гипермәтіндік сілтемелер. Контексті гипермәтіндік сілтемелер деп құжатқа енгізілген (ішіне енгізілген) сілтемелерді айтамыз. Ал жалпы гипермәтіндік сілтемелерге бүкіл құжатпен байланысы бар және құжаттың кез-келген бөлігін көрсету мүмкіншілігі бар сілтемелер жатады.
HTML құжаты құрылымы бір-біріне енгізілген контейнерлерді қолдануға мүмкіндік береді. Алайда, құжаттың өзі де <HTML> тэгімен басталып </HTML> тэгімен жабылатын үлкен бір контейнер болып табылады:
<HTML> Содержание документа </HTML>
<HTML> контейнер немесе гипермәтіндік құжаттың өзі екі енгізілген контейнерлерден тұрады: құжат басы - <HEAD> және құжат денесі - <BODY>.
Мысал ретінде қарапайым бір құжатты қарастырайық:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE>Қарапайым құжат</TITLE>
</HEAD>
<BODY text=#ff BACKGROUND=#f0f0f0 ><H2>Пример простого документа</H2>
<HR>Формы HTML
<UL>
<LI>Классическая
<LI>Фреймовая
</UL>
<HR>
</BODY>
</HTML>
1-сурет. Қарапайым құжат
3. 1. HTML құжатының контейнерлері
Құжатттың әрбір құрама бөліктерінде өзіне тән контейнерлер тобы бар. Құжаттың денесінде қоланылатын контейнерлер құжаттың тақырыбында (басында) немесе FRAMESET (фрейм) контейнерінде қолданылмайды.
Құжаттың HTML-HEAD бас контейнері
Құжат басының атрибуттары болмайды. Құжат басы тэгтерінің негізгі міндеттері - бүкіл құжаттың көріну параметрлерін баяндау. Мұндай параметрлерге құжатты көрсету стилін, жалпы базалық гипермәтіндік сілтеме адресін, жалпы гипермәтіндік сілтемелерді, идентификаторды, құжат атын және т. б. жатқызуға болады. Төменде тек қана жиі кездесетін контейнерлер берілген.
TITLE
Ең жиі қолданылатын құжат басы тэгі - құжат аты болып табылады. TITLE-дің жазылу тәртібі келесідей:
<ТIТLЕ> Название документа </ТIТLЕ>
TITLE тэгінің құрамы құжат аты өрісінде көрсетіледі.
BASE
BASE тэгі URL формасындағы гипермәтіндік сілтеме формасымен байланысты. Себебі, URL спецификациясы құжаттардың екі формасын анықтайды: толық және толық емес URL адрес формасын қолдануға болады. Бірақ толық емес спецификация формасын қолдану үшін оны бір нәрсеге базалау керек, яғни толық емес URL формасынан толық URL формасын құру үшін базалық адресін беру керек. BASE тэгі осы базаны анықтауға мүмкіндік береді. Солайша, егер құжат басынана келесі қатар берілетін болса:
<BASE HREF="http://polyn. net. kiae. su/>
онда гипермәтіндік сілтеме түрі:
<A HREF="/altai/index. html">
келесі түрге дейін кеңейтіледі:
<A HREF=”http://polyn. net. kiae. su/altai/index. html”>
Бұл басқа да құжат тэгтерінің импорттаушыларына да әсер етеді. Графикалық бейне құжатында келесі команда бойынша көрсетілсе:
<IMG SRC="/gif/test. gif">
онда ол келесі адрес бойынша ізделінеді:
<IMG SRC=' http://polyn. net. kiae. su/gif/test. gif'>
BASE тэгі құрамы қолданушы интерфейсімен тура көрсетілмейді.
ISINDEX
HTML құжатын басты сөздер бойынша іздеу мүмкіншілігі құжат басы ISINDEX тэгімен анықталады. Бұл тэг HTML тілінің алғашқы версияларында ешқандай қосымша атрибуттары болмаған. Егер сервер басты сөздер боынша сұрау істесе, онда ол автоматты түрде құжат басына ISINDEX тэгін қоятын. Басты сөздер тізімін клиент құжат адресіне “?” символы болған жағдайда іздеуіш қызметін атқаратын сервер HTML тілінің жаңа версияларында сұрауыш өңдейтін программаны көрсетуге және “SEARCH ISINDEX” стандартымен бірге фразаны беріге болады:
<ISINDEX HREF= "http://polyn. net. kiae. su/cgi-bin/search" PROMPT="Enter Keywords:">
Көрсетілген мысалда HREF атрибуты сұрауыш өңдейтін программа адресін анықтайды, ал PROMPT атрибуты - шақыру мазмұнын.
3. 3. Міндетті тэгтер
Міндетті тэгтер қатарына жоғарыда айтылып кеткен <HTML>, <HEAD>, <TITLE>, <P> тэгтері жатады. Сонымен қатар айта кететін тэгтердің бірі - <hi> тэгі (мұндағы і=1. . 6) . Бұл тэг тақырыптың алты түрлі жағдайын көрсетеді. Ең бірінші түрі - ең ірісі (үлкені), ал алтыншысы, әрине, ең кішісі болып келеді. Мысал ретінде:
<html>
<head>
<title>Shokhan</title>
</head>
<body text=darkblue>
<center><b>
<h1>РЭТб-04-1k</h1><p><h2>РЭТб-04-1k</h2><p><h3>РЭТб-04-1k </h3><p>
<h4> РЭТб-04-1k </h4><p><h5>РЭТб-04-1k</h5><p><h6>РЭТб-04-1k </h6>
</body> </html>
2-сурет. Тақырып көлемі түрлері
3. 4. Сыңарсыз тэгтер
Сыңарсыз тэгтер HTML тілінің екі негізгі тәртібіне бағынбайтындар: біреулері жабушы тэгтерді қажет етпейді, ал кейбіреулері (&-үлестірулері деп аталатын) тек қана кіші әріптермен жазылуы керек.
<BR>
Бұл белгі абзацты бұзбай, жаңа жолдан бастау қажет болғанда қолданылады. Әсіресе өлең шумақтарын жазғанда ыңғайлы.
<html>
<head>
<title>Наргиза3</title>
</head>
<body>
<P><b>Однажды в студеную зимнюю пору<BR>
Сижу за решеткой в темнице сырой. <BR>
Гляжу - поднимается медленно в гору<BR>
Вскормленный в неволе орел молодой. </P>
<P>И шествуя важно, в спокойствии чинном, <BR>
Мой грустный товарищ, махая крылом, <BR>
В больших сапогах, в полушубке овчинном, <BR>
Кровавую пищу клюет под окном. </P></body></html>
<HR>
Бұл тэг көлденең сызықты сызғанда қолданылады. Тэг қосымша SIZE (сызық қалыңдығын пикселмен анықтайды) және WIDTH (сызық ұзындығын пикселмен немесе экран бетіне шаққандағы пайыз бойынша анықтайды) атрибуттарын қабылдайды. Келесі мысалда кейбір сызықтар түрі көрсетілген:
<html> <head>
<title>МЫСАЛ 4</title></head><body>
<H1>Коллекция горизонтальных линий</H1>
<HR SIZE=2 WIDTH=100% color=darkred><BR>
<HR SIZE=4 WIDTH=50% color=darkred><BR>
<HR SIZE=8 WIDTH=25% color=darkred><BR>
<HR SIZE=16 WIDTH=12% color=darkred><BR>
</body> </html>
4-сурет. Сызық түрлері
&- үлестірулері
“<” және “>” символдарын браузер HTML тэгтерінің басы мен соңын көрсететіндіктен мынадай сұрақ туындайды: мұндай символдарды экранда қалай көрсетуге болады? HTML-да бұл &-үлестірулер көмегімен жасалады. Оларды тағы да символдық объектілер немесе эскейп-үлестірулер деп те атайды. “<” символын браузер мәтін арасында < (less than ағылшын сөздерінің алғашқы әріптерінен алынған) үлестіруі кездескенде көрсетеді. “>” символын > арқылы (greater than ағлшын сөздерінің алғашқы әріптері), “&” символын & арқылы, ал (“) қос тырнақшаны " арқылы экран бетінде көрсетуге болады.
Ескерту: үтір-нүкте (; ) символы міндетті түрде &-үлестірулерінен кейін қойылып отырылуы керек және бұл үлестірулер кіші әріппен жазылуы керек.
Жалпы айтқанда, &-үлестірулері ASCII кестесінің екінші бөлігіндегі барлық символдарды қамтиды. Бірақ, кейбір серверлер сегізбиттік мәліметтерді қолдамайды. Сондықтан да олар ASCII кодтарының 127-ден жоғарғыларын ғана &-үлестірулері арқылы қолдайды.
Түсініктемелер
Браузер <!-және --> арасына алынған мәтіндерді елемейді. Бұл белгілер ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР жазу үшін арналған. Мысалы:
<!-- Это комментарий -->
4. Шрифтерді форматтау
HTML-да шрифтерді өзгертуді екі нысанада жасауға болады. Олар физикалық және логикалық стильдер болып табылады.
Физикалық стильдер
Физикалық стиль мағынасында браузерге тікелей ағымдағы шрифтерді модификациялауға нұсқау беру деп түсінуге болады. Мысалы <B> және </B> тэгтері арасындағы мәтін қою шрифт болып жазылады, ал <I> және </I> арасындағы мәтін көлбеу шрифтпен жазылады. Тағы да ерекше тэгтер ретінде <TT> және </TT> тэгтерін айтуға болады. Олардың арасына алынып жазылған мәтін жазба машинкасында жазылғандай етіп браузер экранында көрінеді.
Логикалық стильдер
Логикалық стильдерді мәтіннің кейбір бөліктерін (сөздерді) ерекшелендіріп жазу кезінде қолданылады. Логикалық стильдерге:
<EM>…</EM> - Emphasis деген ағылшын сөзі - акцент.
<STRONG>…</STRONG> - Strong emphasis деген ағылшын сөзі - күшейтілген акцент.
<CODE>…</CODE> - бастама мәтіндердің бөліктерінде қолданған дұрыс.
<SAMP>…</SAMP> - Sample деген ағылшын сөзі - үлгі. Программалармен экран бетіне шығатын хабарламалардың үлгілерін жазғанда қолданған дұрыс.
<KBD>…</KBD> - Keybord деген ағылшын сөзі - пернелер тақтасы (клавиатура) . Пернелер тақтасынан не енгізілетенін нұсқаған кезде қолданған дұрыс.
<VAR>…</VAR> - Variable деген ағылшын сөзі - айнымалы. Айнымалылардың аттарын жазғанда қолданған дұрыс.
5. Құжат ішінде мәтінді ұйымдастыру
HTML мәтіннің бүтін абзацтарының көріністерін анықтауға мүмкіндік береді. Абзацтарды тізімдер түрінде көрсетуге, оларды экран бетіне форматталған түрде шығаруға немесе экранның сол жақ шетін ұлғайтуға болады. Осының бәрін келесі түрде жасауға болады:
Номерленбеген тізімдер: <UL>…</UL>
<UL>…</UL> арасына алынған мәтін номерленбеген тізім ретінде қабылданады. Тізімнің әр элементін <LI> тэгімен бастау керек. әр элементтің белгісін <UL> тэгіне жазылатын TYPE атрибутымен шеңбер (circle), боялған шеңбер (disk) және боялған квадрат (square) беруге болады.
Номерленген тізімдер: <OL>…</OL>
Номерленген тізімдер номерленбеген тізімдерге ұқсас, тек қана әр элементті белгілейтін белгілердің орнына сандармен немесе әріптермен беріледі. әр элемент белгісін TYPE атрибуты арқылы бас әріптермен де белгілеуге болады. Солайша әр элементті римдік сандармен де белгілеуге болады. Ал олардың қай саннан немесе алфавит бойынша қаншасыншы әріптен бастау керек екендігін START атрибуты көмегімен көрсетуге болады. Егер атрибуттар көрсетілмесе, онда жай сандармен белгіленеді.
Анықтама тізімдері: <DL>…</DL>
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz