Ұялар ішіндегі мәлімет
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. І.Тарау. Excel- программасы жөнінде жалпы
мағлұматтар
1.1 Электрондық кестелерді қолдана отырып, мәліметтермен жұмыс
істеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Excel менюімен жұмыс атқару
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Диаграммаларды құру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.Тарау. Excel кестелік программасына арналған зертханалық
жұмыстар
Зертханалық жұмыс № 1 Диапазондармен ұяшықтарды ерекшелеу ... ... ... ..
Зертханалық жұмыс № 2 Деректерді енгізу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зертханалық жұмыс № 3 Сандар қатарын құру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Зертханалық жұмыс № 4 ТүзетуТолтыру Прогрессия
(ПравкаЗаполнитьПрогрессия) командаларын пайдалану
... ... ... ... ... ... ... ...
Зертханалық жұмыс № 5 Формулаларды енгізу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Зертханалық жұмыс № 6 Құжатты ашу, сақтау және алдын ала көру
... ... ...
Зертханалық жұмыс № 7 Жұмыс парағының бетінде ауысып жүру ... ... ... ..
Зертханалық жұмыс № 8 Деректерді өзгерту, көшірмелеу,ауыстыру
... ... ...
Зертханалық жұмыс № 9 Қаріптердің өлшемі мен жазылу
түрлерін өзгерту

... ... ... ... ... ... .
Зертханалық жұмыс № 10 Географиялық өзгерту объектермен
жұмыс істеу

... ... ... ... ... ... ... ... .
Зертханалық жұмыс № 11 Даграммалармен жұмыс істеу
... ... ... ... ... ... ... ...
Қосымша

... ... ... ... ... ... ... ... ... Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

EXCEL бұл электрондық таблицамен жеңіл жұмыс жасауға болатын өте
қолайлы программа. EXCEL–ді қаржылық бюллютендерді, диаграмма және графика
тағы сол сияқты мәліметтер базасын құруға қолдануға болады.
Электронды кестелердi өңдеу бағдарламаларын көпшiлiк қолданылуы, оны
пайдаланудың жан-жақты (универсал) мұмкiндiктерiне байланысты. Бұгiнгі
таңда түрлі мамандық саласында есеп шығарусыз iстей алмайсыз.
EXCEL электронды кестелер бағдарламасы, бiрiншiден, сандармен жұмыс iстеуге
арналған, бiрақ ол сонымен бiрге мәтiнмен, графикпен, диаграммамен және
карталармен жұмыс iстеуге кең мұмкiншiлiктер бередi. EXCEL -дi жәй
есептердi шығаруға, түрлi блоктарды жасауға, графиктердi құрастыруға, және
фирманың бұкiл балансын көрсету үшін де қолдануға болады.
EXCEL -дің күштi математикалық және инженерлiк функциялары арқасында,
оны ғылыми техникалық және т. б. салаларда қолданады
Mіcrosoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе
электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалардық
кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа ғана емес, оны көптеген
математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін
пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі
диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді,
сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана
емес, сондай-ақ, оқып-үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және
жәй шаруашылық жұмыстарында да кеінен пайдалануға мұрсат береді.
І. Тарау. Excel - программасы жөніндегі жалпы мағлұматтар
1.1. Электрондық кестелерді қолдана отырып, мәліметтерді енгізу
MІCROSOFT EXCEL - электронды кестесі қолданушының жұмыс жасауына
өте тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның көмегімен көптеген
математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен қатар
мәліметтерді пайдаланып, түрлі диаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын
жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық зерттеу жұмыстарын жүргізуге т.с.с.
болады. Сонымен қатар ол - кестелік процессор деп аталады.
Кестелік процессордың атқаратын қызметі сан алуан:
▪ Электронды кестелерді құру мен редакциялау;
▪ элетронды кестені безендіру және басу;
▪ формулалармен біріктірілген көп кестелі құжаттарды құру;
▪ диаграммалар құру, графикалық әдістермен экономикалық есептерді шешу;
▪ электронды кестені дерекхана ретінде пайдалану; кестені сұрыптау,
сұраным бойынша деректерді таңдау;
▪ нәтижелік және салыстырмалы кестені құру;
▪ кесте құру кезінде сыртқы дерекханадан алынатын мәліметтерді қолдану;
▪ параметрлерді таңдай отырып, экономикалық есептерді шешу;
▪ оптималды есептерді шешу;
▪ деректерді өңдеу статистикасы;
▪ слайд - шоу құру;
▪ макромандалар жасау, қолданушының талабы бойынша күйлерін келтіру
ортасын құру.
“Microsoft Excel” электрондық кестесімен танысамыз. “Электрондық
кесте” деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу
деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:
1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер
жүргізу.
2. Түрлі – түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу.
3. Оптимизация (тиімді ету) есептерін шығару.
4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу
(табу).
5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.
6. Мәліметтерді статистикалық талдау.
Электрондық кестелердің ерекшелігі болып олардағы мәлімет өңдеу
жолдарының түсінікті әрі қарапайым болуы есептеледі.
Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар
немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық
дестелердің бірі. Бірақ Excel жәй программа емес, ол көптеген математикалық
амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті етіп әр адамға түсінікті түрде
жүргізе алады. Ол кестедегі мәліметтерді пайдаланып, түрлі – түрлі
диаграммалар тұрғызып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуді,
сандық эксперимент өткізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

емес, оқып-үйренуде, ғылыми-зерттеу істерінде, әкімшілік және жәй
шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.
Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа түсініктер
бере кетейік.
Электрондық кестенің жұмыс аймағы қатарлар мен бағаналардан (тік және
жатық жолдардан) тұрады. Қатарлардың максималдық саны -65536 , ал бағаналар
саны - 256. Кез келген бағана мен қатардың қиылысу нүктесінде тұрған тор ұя
(ұяшық) деп аталады, ол ұяға мәліметтер (текст, сан, формула) енгізуге
болады. Әр ұяшықтың адресі бар. Мысалы, D6-D бағана мен , 6-шы жолдың
қиылысуы. Жұмыс кітабы терезесінің астында (аяғында) керекті беттерді
таңдауға арналған жарлықтар (ярлық) орналасқан. Олар Лист 1, Лист 1
т.с.с. деп белгіленген. Жұмыс барысында жаңадан бет қосуға немесе алып
тастауға, атын өзгертуге, көшірмелеуге (копировать) және орнын ауыстыруға
болады.
1-сурет. Ехсеl программасының терезесі
Excel программасын іске қосу
Excel программасын іске қосу үшін осы программамен байланысқан
шартбелгіні (пиктограмманы) тауып, оны тышқанмен екі рет шерту керек.
Енді осы стандартты Excel терезесінің элементтерін қарастырайық.
Экрандағы Excel терезесінде мынадай объектілер орналасқан:
Жоғарғы жол - басқару батырмалары бар терезе тақырыбы.
Екінші жол - Excel менюі.
Үшінші және төртінші жолдар - Стандартты және Форматтау аспаптар
тақтасы.
Бесінші жол - енгізу мен түзету жолы немесе формулалар жолы. Бесінші
және соңғы жолдың арасында электрондық кестенің жұмыс парағы (беті)
орналасқан. Жұмыс парағындағы жолдар мен бағаналар белгілі бір тәртіппен
белгіленеді.
Терезенің ең төменгі жолы - қалып-күй жолы. Төменгі жолдың сол жақ
шетінде Excel жұмыс режимдерінің индикаторы (көрсеткіші) орналасқан.
Мысалы, Excel мәлімет енгізуді күтетін сәтте, ол Дайын режимінде болып,
режим индикаторын - “Дайын” (Готов) деген сөзді көрсетеді.
Текст енгізу
Текст – кез келген символдар тізбегі, егер текст цифрдан басталатын
болса, онда оны “ ‘ ” таңбасымен бастау қажет. Егер текст ені ұяшықтың
енінен артық болса және оң жақтағы ұялар бос болса, экрандағы элемент
солардың да ішінен көрініп тұрады. Ал, егер оң жақтағы ұяшыққа басқа
мәлімет енгізілсе, онда оның алдындағы көрінген мәлімет тек өз ұясында ғана
бейнеленіп қиылып қалады (бірақ ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады).
Сандар енгізу
Электрондық кестеге сандар енгізу =, +, – таңбаларынан немесе бірден
цифрдан басталады. гер енгізілген санның ені ұяның енінен артық болса, онда
сан экспоненциал түрде бейнеленеді немесе ол санның орнына # # # # тәрізді
таңбалар шығады (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық
сақталады).
Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциал
түрде бейнеленеді. Мысалы: 501 000 000 саны ЭЕМ-де 5.01Е+08 болып жазылады,
ол яғни 5,01*108 деп бейнелеудің баламасы. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып
жазылады (5*109). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен
бөлініп жазылады, қай айыру таңбасын қолдану Excel программасын орнату
кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.
Формулаларды енгізу.
Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық
адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы
біріктірілген жиыннан тұрады. Формула “=” таңбасынан басталуы керек. Ол 240
символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа =C1+F5
формуласын енгізу үшін оны =C1+F5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз C1
ұяшығындағы мәліметтерге F5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын
көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.
Бағаналар енімен жолдар биіктігін өзгерту
Бұл әрекеттерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады.
Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы
немесе жолдар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі
тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналғанда тышқанның сол жақ батырмасын
басып, бағананы немесе жолды тарту (сығу) керек.
Менюді пайдаланатын болсақ, еөлемі өзгертілуге тиіс бағаналарды
(жолдарды) ерекшелеп алып, Формат(Жол(Мөлшер (Размер) немесе
Формат(Бағана(Мөлшер (Размер) командаларын орындау керек.
1.2. Excel менюімен жұмыс атқару
Меню жүйесін екпінділеу WіnWord программасындағыдай стандартты
тәсілмен жүргізіледі: яғни Alt не F10 пернесін басу қажет. Сол сәтте
менюдегі сөздердің бірі ерекшеленіп басқа түске боялады. Керекті меню
пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады. Enter пернесін басқанда,
сол таңдап алған менюдің ішкі командалары ашылады, оларды пернелермен
ауыстырады, ал команданы таңдау үшін Enter пернесін басу керек. Менюден
шығу үшін Esc пернесін басады.
Excel менюімен жұмыс істеу үшін тышқан көмегін пайдалану өте ыңғайлы,
қажетті меню пунктін таңдап алып, тышқан курсорын оған қойып, тышқанның сол
жақ батырмасын шерту керек. Осы тәрізді тәсілмен менюдің ішкі командалары
таңдалынып, қосымша беті ашылады да, жалаушылар орнатылады.
Ms-Word редакторындағыдай Excel-де де орындалып жатқан әрекетке сәйкес
берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп жатқан
жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз.
Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысалық.
Жол нөмірі - электрондық кестедегі жолды анықтайды. Ол көлденең
орналасқан жұмыс аймағының сол жақ шекарасында нөмірмен белгіленген.
Бағана әрпі - электрондық кестенің бағаналарын (тік жолдарын)
анықтайды. Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында орналасқан.
Бағаналар мынадай ретпен белгілінеді: А -Х, содан соң АА - АZ, одан кейін
ВА - ВZ және т.с.с.
Ұяшық - электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі.
Әрбір ұяшықтың бағана әрпі мен жол нөмірінен тұратын адресі бар. Мысалы, В3
адресі В бағанасы мен нөмірі 3-жолдың қиылысындағы ұяшықты анықтайды.
Ұяшық көрсетікіші - ағымдағы ұяшықты анықтайтын көмескленген
тіктөртбұрыш. Көрсеткішті пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте
бойынша ұяшықтан ұяшыққа орын ауыстыруға болады.
Ағымдағы ұяшық - көрсеткішпен белгіленіп тұрған ұя. Келісім бойынша
мәліметтер енгізу операциясы және басқа іс-әрекет осы ағымдағы ұяшыққа
жатады.
Блок (ұялар жиыны, аймағы) - тіркесе орналасқан ұяшықтардың
тіктөртбұрышты аймағы. Блок бір немесе бірнеше жолдардан, бағаналардан
тұрады. Блок адресі қос нүктемен бөлінген қарама-қарсы бұрыштар
координатынан тұрады. Мысалы: В13:D19 блогы - бұл В13(D13(D19(B19(B13
торларымен шектелген ұяшықтар жиыны, А1:Н1, А1:А20, А12:D27 немесе D:F-D,
E, F бағаналарының барлық торлары, т.с.с. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде
немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диагональ бойынша қарсы
орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанмен (пернелермен)
белгілей отырып енгізуге болады.
Жұмыс парағымен және кітаппен жұмыс істеу. Excel-де электрондық кесте
үш өлшемді құрылымнан тұрады. Ол кітап секілді парақтардан (16 парақ)
тұрады. Экранда тек бір парақ - кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті
көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде кітаптың қалған беттерінің
нөмірлері жарлық ретінде бейнеленеді. Тышқан курсорымен сол көрініп тұрған
жарлықтардың нөмірлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашып көруге болады.
Кестені, блоктарды, жолдарды және бағаналарды ерекшелеу. Осы
объектілермен белгілі бір жұмыс атқару үшін тышқанмен былай ерекшелейді:
бағананы белгілеу - бағана атына сәйкес әріпті тышқанмен таңдап алып,
оны бір рет шерту;
бірнеше бағананы ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы
күйінде ұстап курсорды оңға не солға жылжыту;
жолды ерекшелеу - жол нөміріне сәйкес санды тышқанмен ерекшелеп алып,
оны бір рет шерту;
бірнеше жолды ерекшелеу - алдыңғы шерткен тышқан батырмасын басулы
күйінде ұстап курсорды жоғары не төмен созу;
блокты ерекшелеу - тышқан батырмасын блоктың алғашқы ұясында басамыз
да, оны сол басулы күйінде ұстап курсорды блоктың ең соңғы ұяшығына
жеткізу;
жұмыс парағын толық ерекшелеу - тышқан курсорын бағана аттары мен жол
нөмірлерінің қиылысу нүктесіне, яғни кестенің сол жақ жоғарғы бұрышына алып
барып, оны бір рет шерту.
Пернелер көмегімен блокты ерекшелеу үшін Shіft пернесін басулы күйде
ұстап тұрып, теңбілторды блоктың бір бұрышынан оған қарсы бұрышына
бағыттауыштар арқылы жеткіземіз. Әйтпесе F8 пернесін басып белгілеу
режиміне көшеміз де, бағыттауыш пернелерді пайдаланамыз. Esc пернесі
ерекшелеуді тоқтату үшін пайдаланылады.
Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды ерекшелеу қажет болғанда,
былай істеу керек:
▪ алғашқы ұяшықты немесе тіркес ұяшықтардың бір блогын ерекшелеу;
▪ Ctrl пернесін басу және оны басулы күйінде ұстап тұру;
▪ келесі ұяшықты немесе блокты ерекшелеу, т. с. с.;
▪ Ctrl пернесін қоя беру.
Ерекшелеуді алып тастау үшін тышқан батырмасын жұмыс парағының
ерекшеленбеген кез келген бөлігінде шерту жеткілікті. Жаңа ерекшелеу де
бұрынғы ерекшелеуді алып тастайды.
Деректермен жұмыс
Деректер түрлері:
▪ мәтіндік - символдардың кез келген тізбегі.
▪ сандық - сандық тұрақтылар.
▪ формула - арифметикалық операциялар мен сандық шамалардан тұратын
өрнектер. Сандық шамалардан бөтен формулаға аргумент есебінлегі ұяшықтар
орны, функциялар, басқа да формулалар кіреді.
▪ функциялар - жиі кездесетін есептеулерді шешуге мүмкіндік беретін
бағдарламаланған формулалар.
▪ күндері (дата).
Жұмыс үстелін сандарды сақтау үшін пайдалануға болады, оан әрі қарай
осы сандарға командалар мен MІCROSOFT EXCEL құралдары арқылы көшіру, орнын
ауыстыру, сұрыптау, консолидация, диаграммалар құру және кестелер құру
сияқты қажетті есептеулер мен операцияларды орындауға болады. Сіз есептеу
машинасының ақпаралғығында және ашып отырған құжатыңызда талабыңызға сәйкес
деректерді сұрыптау, қайта топтау, талдау сияқты жұмыстарды атқара аласыз.
сонымен қатар бухгалтерлік жұмыстарды, пайданы есептеу сияқты, сауда-саттық
жұмыстарының құжаттамаларының да шаблондарын құруға мүмкіндік аласыз.
Жұмыс кітабы терезесінің элементтері:
Ярлыктар - жұмыс кітабының парақтарын көрсетеді.
Ярлыктарды айналдыру батырмасы - жұмыс кітабындағы парақтарды
анықтайды.
Айналдыру сызықтары - көрінбей тұрған ағымдағы жұмыс парағын көруге
мүмкіндік береді.
Баған басы - әріптермен белгіленген, қатар басы - цифрлармен
белгіленген.
Ағымдағы ұяшық жиектемесі - активті ұяшықты көрсететін контур болып
саналады.
Жұмыс парағында кілтжиындағы пернелерді қолданып та жұмыстар жасауға
болады:
(, (, (, ( - осы белгінің сілтеуі бойынша бір ұяшыққа жылжу.
Ctrl + ( немесе Ctrl + ( - деректерді сақтаушы саласының жоғарғы
немесе төменгі жағына.
Ctrl + ( немесе Ctrl +( - деректер сақталған саладағы ұяшықтардың сол
жақ немесе оң жақ шетіне.
PgUp -ақпаралғының жоғарғы жағына.
PgDn - ақпаралғының төменгі жағына.
Home - қатардағы ұяшықтың сол жақ шетіне.
Ctrl+Home - жұмыс парағының жоғарғы сол жақ шетіне.
Ctrl+End - жұмыс парағының сол жақ төменгі щетіне.
End+ (, End+ (, End+ (, End+( - Егер активті ұяшық бос болса, осы
белгінің бағытымен келесі бос ұяшыққа өту. Егер активті ұяшықта деректер
болса, онда осы белгінің көмегімен келесі деректер жазылған ұяшыққа ауысу.
End+Enter - қатардың соңғы бағанасына ауысу.
Деректерді енгізу
EXCEL бағдарламасындағы жұмыс парақтары ұяшықтарына деректерді енгізу
барысында жұмыс парағы құрылады. Ұяшыққа әртүрлі мәліметтерді: мәтіндерді,
сандарды, формула және функцияларды, сонымен қатар күнді, уақытты енгізуге
болады.
Мәтінді енгізу үшін: мәтін енгізілетін ұяшықты тышқан арқылы белгілеп,
кілтжиыннан енгізуге қажетті мәтіндерді тересіз. Ұяшыққа енгізілген мәтін
формула қатарында көрініп тұрады. Ұяшыққа санды енгізген кезде сандар
автоматты түрде ұяшықтың оң жақ шеті бойынша теңестіріледі. Енгізілетін
сандардың құрамына 0-ден 9-ға дейінгі сандар жатады, сонымен қатар +, (),
$,% символдарын да енгізуге болады.
Сандарды енгізу үшін:
1. Сан енгізілетін ұяшықты тышқан арқылы белгілеу керек;
2. Санды теру немесе Теріс сан енгізу үшін минус таңбасын қою немесе
осы санды дөңгелек жақшаға алу қажет;
3. Enter пернесін басу керек;
Енгізілген деректерді түзету
Ұяшыққа деректерді енгізгеннен кейін оған түзетулер енгізуге болады.
Түзетулерді ұяшықта жүргізумен қатар, ұяшыққа енгізілген деректердің
формулалар қатарында да шығатынына байланысты оны формулалар қатарында да
жүргізуге болады. Ол үшін:
1. Құрамындағысына түзету енгізілетін ұяшықты белгілеу.
2. F2 пернесін немесе формулалар қатарында тышқан батырмасын екі рет
басу.
3. ( немесе __ пернелерін курсорды қажетті жерге апару үшін басу.
Ұяшықтағы символды өшіру үшін Backspace немесе Del пернелерін
пайдалану. Сонан соң орнына қажетті символды жазу қажет.
4. Өзгертіліп болғаннан кейін Enter пернесін басу.
Ұяшықтағы мәліметтерді қорғау
Excel-де бүкіл жұмыс кітабын, кез келген парақты немесе кейбір
ұяшықтарды өзгертуден қорғап қоюға болады. Информацияны қорғап қою оны
өзгертуден қорғалу қасиетін алып тастағанға шейін сақталады. Әдетте жиі
өзгермейтін мәліметтер (есептеу формулаларды, кесте тақырыптары) ғана
өзгертуден қорғалу тиіс.
Мәліметтерді қорғау екі бөліктен тұрады:
1. өзгертілуге тиіс ұяшықтардың бұрынғы қорғалу қасиеттері алынады;
2. ағымдағы параққа немесе оның кейбір блоктарына қорғалу қасиеті
енгізіледі.
Бұдан кейін тек қорғалу қасиеті енгізілген ұяшықтар мен блоктатарға
ғана мәліметтер енгіземіз.
Ұялар ішіндегі мәлімет
Excel кестелерінде кез келген ұяға мәліметтердің үш түрін енгізуге
болады, олар: текст, сан және формула. Ұяға мәлімет енгізу үшін теңбілторды
сол ұяға алып барып, керекті деректерді пернелерде (240 таңбаға дейін)
теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін
басу жеткілікті. Excel енгізілген мәліметтің формула, сан немесе текст
екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ - әріп
немесе “ ‘ ” (апостроф) болса, онда ұяға текст енгізіледі деп есептеледі.
Егерде бірінші символ цифр немесе “ = ” болса, онда ол ұяға формула немесе
сан енгізілетінін білдіреді.
Енгізілген мәліметтер ұя ішінде немесе формула қатарында бейнеленеді
және оларды енгізу Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің
бірін басқан кезде аяқталады.
Жұмыс кітабының файлдарымен жұмысы
Жұмыс кітабын сақтау.
Жұмыс кітабында жазылған деректердің барлығы компьютердің жадында
уақытша сақталады. EXCEL бағдарламасынан шыққан кезде бұл деректер
сақталмауы мүмкін. Сондықтан да жазылған деректерге сәйкес құрылған жұмыс
кітабының файлын дискіге уақытымен сақтап отырған жөн.
Сақтау жолы:
Файл командасын таңдап, Сақтау (Сохранить) ішкі менюін немесе қажетті
батырманы басу қажет. Диалогты терезе шығады. Файлдың аты (Имя файла)
өрісінде файлға ат беру қажет.
Файлды басқа дискіде сақтау үшін Папка (Save as) тізімін ашып, қажетті
дискіні таңдаған жөн. Дискінің атын таңдап болғаннан кейін (папканы
таңдағаннан кейін) Сақтау (Сохранить) батырмасын басып, сонан соң Enter
пернесін басу керек.
Жұмыс кітабын жаңа ат беріп сақтау.
Кейбір жағдайларда сіз бір жұмыс кітабында жұмыс жасай отырып, сол
жасаған жұмысыңызға өзгеріс енгізуіңіз керек болады немесе сол жасаған
жұмысыңыздың негізінде жаңа жұмыс кітабын ашү керек болады. Ондай жағдайда
төмендегі орындалатын әрекеттерге назар аударуыңызға болады:
Файл менюіндегі Қалай сақтау керек... (Сохранить как) ішкі менюін таңдау
қажет. Бұл сіз жасап отырған файлдың сақталуын қаматамасыз етеді.
Ақпаралғыға диалогты терезе шығады. Егер файлды жұмыс кітабында жаңа атпен
сақтау қажет болса, онда Файл аты (Имя файла) қатарында жаңадан берілетін
файлдың атын енгізу қажет.
Файлды басқа дискіде немесе басқа папкіде сақтау қажет болса, онда
енгізу өрісінен Папка бөлімін таңдаған жөн. Файлдар мен папкілер тізімінен
қажетті бөлімді ашып, жаңа файлды сонда орналастыруға болады, яғни сақтауға
болады деген сөз.
Егер файлды басқа форматта сақтау қажет болса, онда Файл типі (Тип
файла) тізімінен қажетті форматты таңдау керек.
Сонан соң ғана Сақтау (Сохранить) батырмасын белгілеп, Enter пернесін
бассаңыз жеткілікті.
Жаңа жұмыс кітабын құру.
Жаңа жұмыс кітабын ашу үшін төмендегі операциялар орындалады:
1. Файл, Құру (Создать) командасын таңдау немесе Ctrl+N пернелерін
басу; Құру (Создание) диалогты терезесі пайда болады.
2. Кітап (Книга) белгісіне тышқан көрсеткішін апарып, тышқанның сол
жақ батырмасын басу;
3. ОК немесе Enter пернелерін басқан кезде жаңа папка ақпаралғыда
пайда болады.
Жұмыс кітабын жабу.
Жұмыс кітабын жапқан кезде оның терезесі ақпаралғыдан жоғалып кетеді.
Жұмыс кітабын жабу үшін мынадай әрекеттерді орындаған жөн:
Егер сіздің жапқыңыз келген терезе активті болмаған жағдайда оны
активті күйге келтіру қажет. Ол үшін Терезе (Окно) менюін белгілеген жөн.
Файл меню пунктінен Жабу (Закрыть) командасын таңдағаннан кейін файл
сақталып, жұмыс кітабы жабылады. Жұмыс кітабын жылдам жабу үшін Ctrl+F4
пернелерін қолдануға болады. Егер сізде бірнеше жұмыс кітабы ашық болған
болса, онда олардың бәрін бір мезгілде Shіft пернесін баса отырып, басқан
қолды алмастан Файл менюінен Бәрін жабу (Закрыть все) командасын тауып басу
қажет.
Бұрыннан бар жұмыс кітабын ашу.
Егер сіз жұмыс кітабын жапқаннан кейін қайтадан сол жұмыс кітабымен
жұмыс жасағыңыз келсе, онда сол жұмыс кітабын ашуыңыз керек. Ол үшін: Файл
менюіне Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек немесе Стандартты
панельдер құралынан Ашу (Открыть) батырмасын тышқан арқылы басу қажет.
Жұмыс парақтарын қолдану.
Әрбір жұмыс кітабы 16 жұмыс парағынан тұрады. Оларды ақпаралғының
төменгі жағында ярлык түрінде белгіленген белгілерден көруге болады.
Жұмыс парақтарын белгілеу.
Жұмыс парағында жұмыс жасамастан бұрын бір немесе бірнеше жұмыс
парақтарын белгілеп алуды үйрену қажет. Ол үшін:
▪ жұмыс парағының ярлыгында тышқан батырмасын басу;
▪ көршілес жұмыс парағын белгілеу үшін Shіft пернесін басып, қолды
алмастан тышқанмен жылжыта отырып, қажетті жұмыс парақтарының
ярлыктарын белгілеп шығу;
▪ бірнеше көршілес емес жұмыс парақтарын белгілеу үшін Ctrl
пернесін баса отырып, тышқан арқылы қажет деп тапқан жұмыс
парақтарының ярлыктарын белгілеу.
Жұмыс парақтарын қою.
Жұмыс кітабында жаңа жұмыс парағын қою үшін мынадай әрекеттерді орындаған
жөн:
1. Алдына жаңа парақ қойылатын ярлыкты белгілеу;
2. Қою (Іnsert) пернесін, сонан соң Парақ (Лист-Worksheet)
командаларын таңдау керек. EXCEL 17-ші жаңа парақты белгіленген
ярлыктың алдына қойылады.
Жұмыс парақтарын жою.
Егер сіз бір ғана жұмыс парағымен жұмыс жасап, жадында орынның көбірек
болуын қалап, қалған жұмыс парақтарын алып тастағыңыз келсе:
▪ алып тастағыңыз келген жұмыс парағын (жұмыс парақтарын) белгілеп
алуыңыз керек;
▪ Түзеу (Правка), парақты алып тастау (Удалить лист) командаларын
таңдау керек. Белгіленген парақты (парақтарды) алып тастау
жөніндегі сіздің ойыңызды тұжырымдайтын диалогты терезе шығады.
▪ ОК батырмасын басу.
Жұмыс парақтарын көшіру және орындарын ауыстыру.
Жұмыс парақтарын бір жұмыс кітабының ішінде немесе бірнеше жұмыс
кітаптарының арасында көшіріп, орындарын ауыстыруға болады:
1. Орны ауыстырылатын немесе көшірілетін жұмыс парағын белгілеу керек.
Егер сіз жұмыс парағын басқа жұмыс кітабына көшіргіңіз келсе,
көшірілетін жұмыс кітабының ашық екеніне көз жеткізіңіз.
2. Түзету (Правка), Орнын ауыстырып орналастыру (көшіру-переместить
скопировать...) командаларын таңдау; Таңдалған командаларға сәйкес
шыққан диалогты терезеге назар аудару;
3. Жұмыс парағын басқа жұмыс кітабына көшіру үшін Кітапқа... (То book...)
тізімінен кітапты белгілеу қажет. Жұмыс парағын жаңа кітапқа
орналастыру үшін тізімнен Жаңа кітапты белгілеу екерек;
EXCEL жаңа жұмыс кітабын құрады. Сонан соң жаңадан құрылған жұмыс
кітабына парақты көшіруге немесе орналастыруға болады.
4. Парақ алдында (перед листом) енгізу өрісінде жұмыс парағын алдын
ала белгілеу керек;
5. Белгіленген жұмыс парағын көшіру үшін Көшірме құру (Создать копию)
опциясына белгі қою қажет;
6. ОК батырмасын басу. Бұл жағдайда белгіленген жұмыс парағы алдын ала
ашылған жұмыс парағына көшіріледі немесе орналастырылады.
Жұмыс кітабын баспаға шығару.
Мәтіндік редактордағы сияқты мұнда да Файл менюіндегі басу (Печать)
пунктін тышқан арқылы басуға немесе Ctrl+P пернелерін басуға болады.
Ақпаралғыда осы пунктке сәйкес диалогты терезе пайда болады. Қажетті
параметрлерін бергеннен кейін ОК немесе Enter батырмаларының біреуін
бассаңыз жеткілікті.
1.3 Диаграмманы құру
Диаграмманы жеке жұмыс парағында немесе жұмыс парағының бір бөлігі
ретінде де құруға болады. Диаграмманың жұмыс парағында мәліметтермен бірге
берілуі - енгізілген диаграмма деп аталады, яғни диаграмма енгізілген
мәліметпен бір жұмыс парағында сызылады. Қандай диаграмма болмасын,
жоғарыда айтып өткендей, берілген мәліметтерге байланысты. Берілген
мәліметтерге өзгеріс енгізілген болса, диаграммада да өзгеріс болады.
Енгізілген диаграмманы құру.
Стандартты құралдар панелінің қатарында орналасқан Шебер (Мастер)
батырмасы жұмыс парағында диаграмма құруға мүмкіндік береді.
Бұл үшін (Шебер-ді қолдану арқылы) төмендегі орындалатын әрекеттерге
назар аударыңыздар:
1. EXCEL жұмыс парағына мәліметтерді енгізгеннен кейін оларды тышқан
арқылы белгілеп, диапазон құру керек. егер сіз берілген мәліметтермен қатар
(1 квартал, 2 квартал, 3 квартал) маркировкаларын да диаграммаға енгізбек
болсаңыз, олардың да диапазонға енуін қадағалаңыз.
2. Белгілеп алғаннан кейін Шебер (Мастер) батырмасын тышқан арқылы
басу қажет. Бұл батырма стандартты құралдар панелінде орналасқан.
3. Тышқан батырмасын басқан қолыңызды алмастан жылжыта отырып, жұмыс
парағының өзіңіз қажет деп тапқан бөлігіңізге апарасыз.
4. Тышқан батырмасынан қолыңызды аласыз. Ақпаралғыда көрінетін, 5-тен
1 қадаммен берілген Шебердің (Мастердің) диалогты терезесінде диапазонның
дұрыс белгіленгенін тағы да бір тексеруге бағыттайтын сұрақ шығады. Сонымен
диапазонды өзіңізге қажетті формаға келтіріп аласыз.
5. Әрі қарай (Далее) батырмасын басу. 5-тен 2 қадаммен диалогты терезе
пайда болады. Бұл жерде диаграмманың типі (түрі) таңдалынады.
6. Диаграмма түрін таңдап, белгілейсіз де Әрі қарай (Далее) батырмасын
басу нәтижесінде шыққан 5-тен 3 қадаммен пайда болған терезеден
диаграмманың кескінін таңдауыңыз қажет.
7. Диаграмма кескінін таңдағаннан кейін Әрі қарай (Далее) батырмасы
арқылы шыққан 5-тен 4 қадамда диалогты терезеге назар аудару қажет.
8. Деректер қатарының бағанада немесе қатарда орналасуын таңдаңыз,
сонан соң бастапқы қатар мен бағананы таңдаңыз. Әрі қарай (Далее)
батырмасын басқаннан кейін шыққан 5-тен 5 қадамды диалогты терезег мән
беріңіз.
9. Қалауыңыз бойынша диаграммаға ат беруге, осьтерін белгілеуге
болады. Сонан соң ғана Дайын (Готово) батырмасын басу қажет. Ағымдағы жұмыс
парағында дайын диаграмма пайда болады.
Жалпы диаграмма сызуды үйренгісі келген адам әрбір қадаммен шығып
отыратын диалогты терезелердің ішіне үңіліп қараса, өзіне қажет
батырмаларды, кеңестерді түсініп-тауып, қолдана алады.
Диаграмма типін өзгерту
Диаграмма шебері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін, Excel
оның ішіндегісін де өзгертуге мүмкіндік береді.
Диаграмманы түзету үшін оны тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп
аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады.
Мұнан кейін Диаграмма аспаптар тақтасы көмегімен диаграмма типін өзгертуге
болады:
▪ экранға диаграмма аспаптар тақтасын шығарамыз, ол үшін: Түр(Аспаптар
тақтасы(Диаграмма (Вид(Панель инструментов( Диаграмма) командасы
орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар тақтасы шығады;
▪ шыққан тақтадан Диаграмма типі деген батырманы шертіп, диаграмма
түрлерін шығарамыз.
Диаграмма түрлері мен аттары 3-қадамда көрсетілген сияқты бейнеленеді.
Бұрынғы мәліметтер үшін жаңа диаграмма тұрғызу үшін диаграмма типін қайта
таңдаймыз. Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз, біздің бұрынғы
жазықтықтағы гистограммамыз көлемдік болып өзгереді.
Айта кететін бір жайт: ерекшеленген мәліметтерді бейнелеу үшін кез
келген диаграмманы таңдап алуға болмайды. Мысалы, біздің мәліметіміз
бойынша Х-У-нүктелік диаграмма тұрғызуға болмайды.
Диаграмма тұрғызу кезінде олардың әртүрлі типтерін қарап отырып,
ішінен ең көрнекті деген біреуін таңдап алу керек.
Егерде диаграмманы түзету кезінде бұзып алсаңыз, оны жойып қайта
тұрғызу қажет. Диаграмманы жою үшін, курсор диаграммада тұрғанда тышқанды
бір рет шертіп, Del пернесін басу жеткілікті.
Артынан дайындалған диаграмманы жаңа атпен файлға жазып сақтап қою
қажет.
Диаграммаларды түзету
Диаграмманы түзетіп толықтыру үшін, оны екі рет шерту арқылы таңдау
керек.
Диаграмма оның элементері деп аталатын бірнеше бөліктерден тұрады,
олар:
▪ диаграмманы тұрғызу аймағы;
▪ диаграмманың өз аймағы;
▪ түсініктеме мәлімет (легенда);
▪ тақырып;
▪ мәліметтер белгілеулері;
▪ мәліметтер;
Белгілі бір элементті түзетіп толықтыру үшін оны таңдау қажет.
Таңдауды тышқанмен немесе курсорды басқару тақталары көмегімен жүзеге
асырамыз. Ерекшеленген элемент кішкене қара квадраттармен қоршалып тұрады.
Сонан соң тышқанның оң батырмасы арқылы әрбір ерекшеленген элементтің жеке
өзінің контексті - тәуелді менюі шығады. Сол меню көмегімен диаграмманы
түзетіп толықтырамыз.
Диаграмма элементтерінің мөлшерін өзгерту және орнын ауыстыру.
Диаграмманың мөлшерін қалай өзгертсек, диаграмманың жеке
элементерінің мөлшерін де сол сияқты етіп өзгертуге болады және ол
элементтерді белгілеп алып диаграмманың ішкі аймағындағы орнын ауыстыруға
болады. Оған қоса бүкіл диаграмманы толығынан тышқанмен бір шерту арқылы
ерекшелеп алып, оны да парақ бетінде орнын ауыстыруға болады.
Диаграмма элементтерімен танысайық.
1. Курсорды басқару пернелерін баса отырып, диаграмма элементтерін
таңдап аламыз да, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Курсор сол элементті
көрсеткенде ғана контестік - тәуелді меню шығатынына көңіл бөліңіз.
2. Диаграмма элементтерімен және Excel программасының басты менюімен
тышқан арқылы танысайық. Диаграмманы түзету кезінде меню басқаша болады.
3. Диаграмма элементтерінің орнын ауыстырып көрейік.
Диаграмманың кішкене бөлігін қиып алайық, ол үшін:
▪ диаграмма аумағын ерекшелейміз;
▪ кез келген сектор ішінде тышқан батырмасын шертеміз. Сектор
айналасында кішкене қара квадраттар пайда болып, оның ерекшеленгенін
білдіреді.
Тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, бір секторды 1 см
қашықтыққа орнынан “сүйрейміз”.
4. Тағы екі секторды қиып аламыз.
Диаграммадағы ерекшелеулерге проценттің ондық бөліктерін жазып
қоялық. Біздің кестеміздегі мәліметтер үтірден кейінгі бір ондық
таңбаларымен берілген, ал диаграммада, алдан ала келісім бойынша, олар
көрсетілмеген.
Оның форматтарын өзгертуге болады, ол үшін:
▪ 0 белгілеулерді ерекшелейміз;
▪ 1 контексті - тәуелді менюде Мәліметтер белгілеулерін форматтау
(Форматировть метки данных) деген жолдағы Сан(0,00% дегенді таңдап
аламыз.
Диаграммаға атау енгіземіз. Егер бізден диаграмманы тұрғызу кезінде
бірден атуы көрсетілмесе, оны кейін жазуға болады.
Атауларды кірістіру.
Ол үшін диаграмманың аумағын форматтаудың контекстік - тәуелді менюін
шақырамыз немесе негізгі менюдің Кірістіру(Атаулар Кірістіру(Мәтін қосу
(Вставка(Вставить названия(Присоединить текст) командасын орындау керек.
Мұнда атауды екі түрде - мәтіндік өріске бірден ендіру арқылы немесе
ол жазылған ұяшықты таңдап алу арқылы да жазуға болады.
1. Атау кірістіру(Мәтін қосу (Присоединить текст) командасын таңдап
аламыз.
2. Формулалар жолына өтеміз.
3. таңбаларын енгіземіз.
4. А1 ұяшығына курсорды алып барамыз (сол ұяшықта керекті атау
орналасқан) да, Enter пернесін басамыз.
5. Атын түзету контекстік - тәуелді менюдегі Диаграмма атауын
форматтау(Шрифт(TіmesKasakh(Қарайты лған(12 сияқты пунктерді
орындаймыз.
Диаграмманы баспаға шығаруға дайындау
Word редакторында құжаттарды баспаға шығаруға дайындау кезіндегідей
диаграмманы да баспаға шығарудан бұрын алдын ала оны қарап шығуды ұсынамыз.
1. Диаграмманы түзету-толықтыру режимінен алдын ала қарап шығу
режиміне көшеміз. Мұнда әрі кесте, әрі диаграмма қағаздағыдай
көрініп тұруға тиіс.
2. Ландшафты түрде орналастыруды таңдаймыз.
3. Колонтитулдарды алып тастаймыз.
4. Торларды түгел алып тастаймыз: Бет(Парақ(Жалаушаны алу
[Х](Торларды қағазға басу (Страница(Лист(Снять флажок(Печатать
сетку) командаларын орындаймыз.
Функция графиктерін тұрғызу
Бірнеше функциялар графиктерін тұрғызу үшін не істеу керек? Мысалы,
графигін тұрғызу қажет болсын.
у=f(х) тәрізді қарапайым функциялар графигін тұрғызу үшін ХУ -
нүктелік (ХУ - точечная) диаграмма типі пайдаланылады. Мұндай диаграмма
мәндердің екі тобын керек етеді: Х- мәндері сол жақ бағанада, ал У- мәндері
оң жақ бағанада орналасуы тиіс. Бір диаграммада бірнеше функциялар
графиктері көрсетіле береді. Бұл әдіс Х айнымалысының бір мәніндегі У-тің
бірнеше мәндерін салыстыру үшін және де графикалық түрде теңдеулер жүйесін
шешу мақсатында пайдаланылады.
Бір диаграммада үйлестірілген функцияның әртүрлі мәндегі графигін
тұрғызалық.
График тұрғызу үшін былай орындаймыз:
1. Дайын кестені ашамыз немесе өзіміз кестені құрамыз.
2. Диаграммалар шебері батырмасын басып, диаграмма тұрғызу керекті
блокты таңдап аламыз.
Диаграмма тұрғызу қадамдарын біртіндеп орындалады.
Енді диаграмма аймақтарын форматтаймыз:
1. Диаграмма мөлшерін қалыптағы қағазға (ландшафты түрдегі) бір бетке
графиктер толық сиятындай етіп орналастырамыз.
2. Контексті-тәсілді менюді шақырып, Диаграмма аймағын
форматтау(Пайдаланушы жақтауы(Аймақты бояу( Өрнектер
(Форматировать область диаграммы(Рамка пользовательская (Закраска
области Узоры) командаларын орындаймыз.
3. Жақтау қалыңдығы мен өрнектер түрін таңдап аламыз.
Графикке нұсқауыш маркерлер тағайындаймыз:
1. График сызығын ерекшелеп алып, контексті-тәуелді менюді шақырымыз
да, Форматтау(Қатар(Түр(Пайдаланушы маркері Стиль
(Форматировать(Ряд(Вид(Маркер пользовательский(Стиль) командаларын
орындаймыз.
2. Қажетті деген маркерді таңдап аламыз.
Түсініктемедегі маркерлердің автоматты түрде өзгеріп тұратынына көңіл
аударыңыздар.
Бұдан кейін Х пен У осьтерінің атауларын түзетеміз:
1. У осінің атауын ерекшелеп алып, оны ось белгіленетін әдеттегі
орынға алып барамыз.
2. У осінің атауына курсорды алып барып, тышқанның оң жақ батырмасын
басамыз да, түзнту менюінің Ось атауын форматтау (Туралау(Көлденең
бағыттау (Форматировать названия оси( Выравнивание(Ориентация
горизинтальная) командаларын орындаймыз.
3. Х осінің атауын жылжытамыз.
Диаграмманың салынған аймағын форматтау үшін:
1. Диаграмманың тұрғызылған аймағын ерекшелеу керек.
2. Контексті - тәуелді менюді шақырып алып, одан Тұрғызу аймағын
форматтау(Пайдаланушы жақтауы(Аумақты автоматты түрде бояу
(Форматирование области построения(Рамка пользовательская(Закраска
области автоматическая) тізбегін орындаймыз.
3. Жақтау сызығының қалыңдығы мен оның ішін бояйтын түсті таңдап
аламыз.
Өзгертілген диаграмманы файлға сақтап қоямыз.
Енді диаграмманы қағазға шығарайық.
1. Тұрғызылған диаграмманы екі рет шерту арқылы ерекшелеу керек.
2. Алдын ала қарап шығу режимін енгіземіз.
3. Парақ (Страница) батырмасын басып, колонтитулдар мен тор
белгілерін алып тастаймыз.
Диаграммалар құру.
1. Диаграмма түрінде көрсетілген мәліметтер орналасқан A1:D7 ұялары
берілген диапазонды белгілеу. (2-сурет)
2-сурет. Exсel программасында кестемен жұмыс
2. Диаграмма шебері батырмасын басамыз.
3. Диаграмма шебері диалогтік терезесінде диаграмма түрін таңдап алып,
“әріқарай” батырмасын басамыз. (3-сурет)
3-сурет. Диаграмма шеберінің диалогтің терезесі.
4. Диаграмма шебері диалогтік терезесі пайда болады, содан кейін Далее
батырмасын басамыз.
5. Диарграмма шебері мәліметтер негізгі диаграмма диалогтік терезесі пайда
болады, онда диаграмма құру диапазоны көрсетілген. (4-сурет)
4-сурет. Диаграмма шеберінің дилогтың тересезі.
6. Диаграмма шебері диалогтік терезесінде диаграмма безендіру сервисі
ұсынылады. Диаграммаға ат беруге және осьтерін белгілеуге болады. Далее
батырмасын шертеміз (4-сурет). Диаграмманың жанына түсініктеме қосуға
болады. Оны Легенда деп атайды.
1. Диаграмма шебері диалогтік терезесінде диаграмманы оратылуы ұсынылады.
Керек опциясын орнатып, Готово батырмасын басамыз. (5-сурет)
5-сурет
6- сурет. Диаграмма шебері диалогтың терезесі.
3.1 Формулалар енгізу
Excel –де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұя

біріктірілген жиынынан тұрады.
3.2 Бағаналар енін және қатарлар биіктігін өзгерту

немесе қатарлар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі

басып бағананы немесе қатарды кеңейту (тарылту) керек.
Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгертілуі тиіс бағаналарды
(қатарларды) белгілеп қойып, Формат = Қатар = Мөлшер (Размер) немесе
Формат = Бағана = Мөлшер (Размер) командаларын орындау керек.
Excel - программасында айлық кесте құру
II. Тарау. Excel кестелік процессорына арналған зертханалық
жұмыстар
Зертханалық жұмыс №1 Диапазонмен ұяшықтарды ерекшелеу
Диапазон- Excel командаларында пайдаланылуы мүмкін ұяшықтар тобы.
Тапсырма
Excelді іске қосыңыз. Келесі ұяшықтар диапазондарын ерекшелеңіз:
1. 2-ші жолды, С бағананы: жолды немесе бағананы ерекшелеу үшін, сол
бағананың немесе жолдың атының үстінен мауыстың сол жақ батырмасын шырт
еткізу.
2. 2:5 жолдарды, C:F бағаналарды: бірнеше іргелес орналасқан
бағаналарды немесе жолдарды ерекшелеу үшін, мауыстың сол жақ батырмасын
басып тұрып сол бағаналар немесе жолдар аттарының үстінен өтіп шығу керек.
3. Жұмыс парағын: жұмыс парағын толық ерекшелеу үшін, бағаналар мен
жолдар аттарының қиылысқан жерінде орналасқан батырманы (жоғарғы сол жақ
бұрыштағы) шырт еткізу керек.
4. A1:D6 диапазонын -2 әдіспен: 1-ші әдіс (маус көмегімен): тік бұрышты
ұяшықтар диапазонын ерекшелеу үшін, өрістің жоғарғы сол ұяшығын мастың сол
батырмасын шырт еткізіп, мастың сол жақ батырмасын жібермей, диапазонның
төменгі оң жақтағы ұяшығына дейін тартып әкелу; 2-ші әдіс (пернелер тақтасы
көмегімен): тік бұрышты ұяшықтар диапазоннын ерекшелеу үшін жоғарғы сол
ұяшықты ерекшелеп, Shift пернесін басып тұрып, диапазонға кіретін төменгі
өң ұяшықты шырт еткізу керек.
5. B2:C4, D1:F5 диапазонын: іргелес орналаспаған диапазондарды
ерекшелеу үшін, бастапқы ұяшықтар диапазонын ерекшелеп, Ctrl пернесін басып
тұрып керекті диапазондарды ерекшелеу.
Зертханалық жұмыс №2 Деректерді енгізу
Пернетақтада терілген деректер белсенді ұяшықта пайда болады және
формула жолында бейнеленеді. Формула жолын Вид Строка формул немесе
СервисПараметрыВид командасының Срока формул жалауын қосу арқылы қосуға
болады. Деректерді теріп отырғанда формула жолында 3 батырма пайда болады.
Алғашқы 2 батырма деректерді енгізуге немесе керісінше істеуге көмектеседі,
ал үшінші батырма Excel –дің функциялары арқылы формуланы енгізуге
көмектеседі.
Олардың тізімі формула жолының сол жағында пайда болады.
Ұяшыққа мыналарды енгізуге болады:
• Мәтін,
• Сан,
• ДатаУақыт,
• Формула
Мәтін – алфавиттік-сандық символдардың тізбегі (әріптер, сандар,
арнайы символдар). Бір ұяшыққа 32000 символ енгізуге болады. Егер ұяшық
кішкентай болса символдардың барлығы көрінбейді. Егер сіз сан мәтін сияқты
көрініп тұрсын десеңіз, енгізуді апострофтан бастау керек, мысалы, 34578.
Ескерту: Үнсіз (по умолчанию), мәтін ұяшықтың сол жақ шетінен түзетіледі.
Excel-де тек келесі форматтағы сандар енгізіледі:
• Бүтін (356, - 75,0),
• Ондық бөлшекпен (356.00),
• Бөлшек (сан 235),
• Экспоненциалды түрде (1.25Е+4).
Ескерту: Үнсіз, сандар ұяшықтың оң жақ шетімен түзетіледі.
Дата түрлі деректерді келесі форматпен енгізуге болады:
• 32297,
• 22-Mar-97,
• Mar-22,
• 22- Mar.
Даталармен неше түрлі есептеулер жасауға болады.
2.1 Пайдаланушылардың тізімін құру
Пайдаланушылардың тізімін құру үшін:
1. СервисПараметрлерТізімдер (СервисПараметрыСписки)
командасын таңдау. Пайда болған диалогты терезедегі Тізімдер (Списки)
жолының астында іштей құрылған тізімдер көрсетілген. Үнсіздік бойынша Жаңа
тізім элементі ерекшеленген.
2. Enter-дің көмегімен бөле отырып Элементтің тізімі
(Элемент списка) өрісіне құрылып отырған тізімнің элементтерін (Қаңтар,
Ақпан, Наурыз, Сәуір, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша,
Желтоқсан) енгізу (сурет 2).
3. Қосу (Добавить) батырмасын басу. Жаңа тізім Список
өрісіне қосылады.
Сурет 2. Параметры терезесі
2.2. Деректер қатарын енгізу
Деректер қатары – бұл регулярлы тізбектер қатары – күн, сан, мәтін
қатарлары. Excel Автотолтыруды (Автозаполнение) ұсыну арқылы ұяшықтар
диапазонын деректермен тез толтыруға мүмкіндік береді.
Қатарларды 2 тәсілмен құруға болады:
1. Мауысты пайдалана отырып, автотолтырудың маркерін (белсенді
ұяшықтағы төменгі оң жақтағы кішкентай, қара квадрат) жылжыту
арқылы.
2. ТүзетуТолтыруҮдіріс (ПравказаполнитьПрогрессия) командаларын
пайдалану арқылы.
2.3. Мәтіндік жазбалар қатарларын құру
Excel кейбір жиі кездесетін мәндерді мысалы, аптаның күндеркүндерді,
сандарды, уақыттарды, айларды және олардың қысқартылуын таниды.
Диапазонды мәтіндік жазбалармен толтыру үшін:
1. Тізімнің бірінші элементін енгізіңіз.
2. Толтырылатын ұяшықтар диапазонына Автотолтырудың маркерін
жылжытыңыз.
3. Маус батырмасын жіберіңіз. Excel ерекшеленген ұяшықтар
диапазонын керекті жазбалармен толтырады.
Сонымен қатар Автоенгізу де бар. Бұл режимді қосуқоспауы Сервис
ПараметрыПравка Автозаполнение значений ячеек жалауын қосуқоспау арқылы
іске асыруға болады. Енгізіп отырғанда Excel әр мәнді есте сақтап отырады.
Егер сіз енгізіп отырғанда бұрын енгізілген мәнді енгізсеңіз, Excel
автоматты түрде енгізуді аяқтайды. Сізге ұсынылған мәнді немесе жаңа
деректерді енгізуге болады. Мысалы, егер бұрын Алматы сөзі енгізілген
болса, онда екінші рет алғашқы әрпін тергенде қалған әріптері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz