БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 17 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5-6 сыныптар

Аcтана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Астана 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367
бұйрығымен бекітілген

Бағдарлама авторлары: Әлмұхамбетов Б.А., Айдарова З.Ш,
Дирксен Л. Г.

Жалпы білім беретін мектептің 5-6 сыныптарына арналған Бейнелеу өнері
оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 17 б.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

І ТҮСІНІК ХАТ

Жалпы білім беретін мектептердің негізгі орта білім беру деңгейіндегі
Бейнелеу өнері оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай жасалынған. Типтік
оқу жоспарында бейнелеу өнерін негізгі орта білім беру деңгейінде оқытуға
аптасына 1 сағаттық оқу жүктемесі берілген.
Бағдарламаның негізгі мақсаты бейнелеу өнері саласындағы көркем-
эстетикалық біліктілікті дамыту, өнер шығармаларын қабылдаудағы көркем-
бейнелі ойлауды қалыптастыру болып табылады.
Оқыту міндеттері:
• отаңдық жөне әлемдік мәдениет қайраткерлерінің өнер туындыларына
деген құндылық қатынастарды қалыптастыру;
• әр түрлі бағытта, жанрда мен стильде құрылған өнер
шығармаларындағы көркем ойды қабылдауға деген танымдық
қызығушылықты белсендіру;
• қоршаған орта шындығын өз бетімен көркем бейнелеу арқылы көрсете
білуге шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бағдарлама құрылымы екі негізгі бөлімді қамтиды:
Өнерді қабылдау.
Практикалық іс-әрекет.
Бағдарлама төмендегідей блоктардан тұрады:.

Сурет. Бұл блоктың міңдеті: оқушылардың әр түрлі графикалық мәнерлеу
кұраддарын — сызықты, штрихты, дақты, тонды, көлеңке мен жарықты
пайдаланып, үш өлшемді пішінді екі өлшемді жазықтықта көлемді, пропорцияны,
фактураны кеңістікте орналасу күйін беру арқылы көруге және бейнелеуте
үйрету.

Кескіндеме. Кескіндеме блогының міндеті: оқушылардың түстік
қатынастарды көруін, көркем бейнені есте сақтауын, шығармашылық
белсеңділігін, көркемдік елестету және қиялға берілу қабілеттілігін дамыту.
Кескіндеме бойынша оқу бағдарламасы қысқа мезгілдік этюдтер мен ұзақ уақыт
орындалатын жұмыстардың алмасып отырылуын ескереді.

Композиция блогы - Бейнелеу өнері пәнінің жетекші бағыты болып
табылады және басқа блоктармен тығыз байланыста болады. Блок міңдеті:
оқушылардың жеке шығармашылық қабілеті мен бейнелі ойлауын қалыптастыруға
себептесу; композиция заңдылықтарын сауатты қолдануға және өз ойын нақты
көркем пішін мен бейнелерге айналдыруға үйрету. Бұл блокта оқушылар сәулет
өнерімен танысады.

Сәндік қолданбалы өнер блогының міндеті: мектеп оқушыларын сәндік өнер
түрлерімен таныстыру, әр түрлі материалдармен жұмыс жасаудағы біліктілігі
мен дағдыларын және көркемдік талғамын дамыту және халықтың көркем
дәстүрлеріне баулу. Мұғалімге қолданбалы өнер түрлерін таңдауға үлкен
мүмкіңдіктер беріледі: гобелен, ағашқа көркем оймыштау, керамика, ши тоқу,
терімен жұмыс және т.б. оқу бағдарламасына қолданбалы өнер түрлерін енгізу
осы саладағы қазақтың ұлттық дәстүрлерін зерделеуге, оқушылардың кәсіби
бағдарын тандауға мүмкіңдік туғызады.

Мүсіндеу өнері блогының міндеті: оқушылардың кеңістік қабылдауьш, яғни
көлемді пііш3нді үш өлшем тұрғысынан қабылдауды дамыту; пластикалық
мәнерлеу құралдары арқылы көлем мен кеңістікті бере алу біліктілігін
қалыптастыру; сазбалшық, пластилин, т.б. материалдармен жұмыс жасаудың
техникалық амалдарын, пластикалық заңдылықтарын зерделеу. Қарапайымнан
күрделіге қарай жүретін оқу тапсырмалары циклін орындай отырып, оқушылар
бедерлі және жұмыр мүсін негіздерімен таныса-ды.
Бағдарламаны құрудың негізгі ұстанымдары:
Пәнаралық байланыс, кіріктіре оқыту ұстанымы – бейнелеу өнеріндегі
сурет салу, еңбекке баулудағы құрастыру, безендіру элементтерін кіріктіру
арқылы көркемдік білім мазмұны мен шығармашылық іс-әрекеттерді тұтастықта
құруды қамтамасыз етеді. Бұл ұстанымның маңыздылығы – білім мазмұны жақын
пәндердің ортақ пәнге қатысты элементтерін интеграциялау арқылы оқушылардың
әлемді тұтас қабылдай алу қабілетін қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен
қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы – бұл
шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады.
Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері – шебер, суретші,
сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі
құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп,
қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б.
әдіс-тәсілдерді көрсету.
Шығармашылық іс-әрекеттер ұстанымы - оқушылардың көркемдік
шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу,
мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу
шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс
істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру,
құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске
асырылады.
Жас ерекшеліктерін ескеру ұстанымы. Мектептің негізгі білім беру
деңгейінің негізі сурет салу, бояумен жұмыс, аппликация, мүсіндеу, көлемді
заттарды жапсырмалау және сәндік-безендіру іс-әрекеттері жатады. Бастауыш
сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау
қабілеттерін ескеру – олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері
мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.
Көркемдік-шығармашылық іс әрекеттер барысында өнер шығармаларын
зерделеу және талдаумен байланысты затқа, натураға қарап сурет салу
сабақтың маңызды формасы ретінде бағдарламаны жақсы меңгерудің негізгі
шарты болып табылады. Бейнелеу өнері оқу пәні өнердегі көркемдік мәнерлеу
құралдарын (түс, сызық, дақ, силуэт, композиция, пішін мен тепе-теңдік,
ырғақ, көлем, құрылым, кеңістіктік, жарық, сәуле, көлеңке) тану арқылы
оқушыларды көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерге баулиды.
Бейнелеу өнері оқу бағдарламасының білім берудің жаңа
тұжырымдамасына бағытталғандығы – оқушылардың әртүрлі өнер түрлеріндегі
көркемдік-шығармашылық әрекеттерін меңгеру, өнегелі, көркемдік-эстетикалық
құндылықтарды ажырату, өнер туындылары мен мәдениет шығармаларының
ерекшеліктерін бағалау біліктілігін қалыптастырады. Тұлғаның өзін-өзі
білімдендіру, өзін-өзі айқындау, күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдайда жол
табу қабілеттіліктерінің дамуын қалыптастыратын көркемдік-эстетикалық
әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.
Барлық блоктардағы оқу материалының құрамды бөлігі өнер тарихы бойынша
әңгіме-сұхбат құру болып табылады.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу
жоспарына сәйкес Бейнелеу өнері оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:
5 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты,
6 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Оқу жоспарындағы вариативтік бөлім әрбір мектептің таңдап алған
бағытына сәйкес жасалады. Жалпы – гуманитарлық және өнер бағытындағы
мектептерде Бейнелеу өнері оқу пәнінің вариативтік бөлім мазмұны қосымша
Өнер оқу бағдарламасын жасап, оны ендіруге бағытталған.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

5-сынып
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

Сурет (8 сағат). Сызықтық көрініс (перспектива). Табиғатты
бейнелеудегі көрініс. Көкжиек сызығы (көру деңгейі). Параллель сызықтардың
түйісу нүктесі. Бас түйісу нүктесі (көк жиекке тік бұрыш жасау арқылы көзге
қарама-қарсы орналасқан). Фронталь көрініс (бір түйісу нүктесі). Бұрыш-тық
көрініс (қос түйісу нүктесі). Көру деңгейінен жоғары, төмен тұратын
нәрселердің орналасуы. Қағаз бетіндегі сызықтық суретте кеңістік иллюзиясын
құру (жіңішке, жуан сызықтар, тон, үзік сызықтардың жиілігі). Көше
көрінісі. Сызықтық көрініс. Бақылау көрінісі (суретші пайдаланатын).
Цилиндрге қарап сурет салу: негізгі пропорцияны анықтау (биіктік пен
теңдік), қағаз бетінде орналасуын анықтау; ось сызықтарын тұрғызу;
сопақшалар салу; жарық пен көлеңкені түсіру (жарық, жартылай көлеңке,
көлеңке, рефлекс). Түспелі көлеңке. Цилиндр пішінін айқыңдайтын штрих
сызықтар. Геометриялық денелерді тандауы бойынша салу (пирамида, алты қырлы
призма). Шамаларын, қырларының бұрылуын, кеңістікте орналасуын, негізгі
пропорцияларын анықтау. Затқа жарық түсіру. Жарық. Көлеңке. Жартылай
көлеңке. Рефлекс. Меншікті және түспелі көлеңке. Екі, үш тұрмыстық
нәрселерден тұратын пішіні мен фактурасы қиын емес натюрморт салу. Шеңбер
мен симметриялық осьтер кұру. Көлемді беру. Нақтылау (жарықтың әсері). Ағаш
суретін салу.\ Табиғат көрінісін кеңістік кұру. Сызық. Тон. Алдыңғы план,
контрасты түстер.

Кескіндеме (9 сағат). Түрлі түстерді қабылдау. Түстану. Түстік тон.
Түс жарықтығы. Түстің қанықтығы. Негізгі, қосымша және құрамды түстер.
Жарық контрасы.
Түстердің қарсыластығы. Оқшауланған (локалды) түс. Жарық пен көлеңке.
Рефлекс.
Ағаштарға суретін салу - жұмыс жасау кезеңі: тондық қатынастағы
алғашқы бояу жағылымдары. (бөлек бөлшектерін салу, түс қатынастарын
анықтау, жұмысты қортындылау және аяқтау. Натюрморт (орналастыру, сурет
салу, жарық пен көлеңке, нақтылау, қортындылау). Орындау техникасы -
лессировкалау, ылгал қагаз бетіне жағу, пастозды кескіндеме).
Суретші шығармаларымен танысу. Г.Исмайылова Қазақ вальсі, У.Әжиев
Ассы жайлауы, М.Врубель Аққу ханша. Мұражайға, көрме залдарына,
шеберханаларға саяхат.
Суретші шығармаларын талдау. С.Мәмбеев Киіз үй жанында, И.Репин
Волга бурлактары, С.Романов Биші қайыңдар, В.Васнецов Алыптар.
Қажетті құрал-жабдықтар: қарындаштар, акварель гуашь, пастель
бояулары, қылқалам, сурет альбомы, палитра пластилин, сазбалшық, қатырма
қағаз.
Сарамандық жұмыстар. Күзгі жауын, Күзгі гүлдер шоғы, Жаңа жыл
карнавалы, Қысқы демалыс, Наурыз, Ғарыш, Жайлау тақырыптарына
композициялық сурет салу.

Композиция (7 сағат)
Копозиция заңдылықтары. Тұтастық заңы. Композициялық бірегейлік.
Композицияның барлық элементтерінің түгел бір-бірімен байланысы және өзара
үйлесімділігі. Композиция элементтерінің қайталанбас ерекшеліктері.
А.Ғалымбаева Қазақстан әні. Типтік жобаға келтіру заңдылықтары. Негізгі
ерекшеліктері: әдеттегі жағдайдағы табиғи мінез, қозғалысты көрсету,
оқиғаның уақыт бойынша дамуы (И.Е.Репин Күтпеген еді. А.Г.Школьный
Мәңгілік: жастық, ана туралы және еске алу (триптих).
Қарама-қарсылық (контраст) зандылықтары. Шамалардың қарамақарсылығы
(жоғары-төмен, жуан-жіңішке). Түстік контраст. Жылы және салқын түстер.
В.А.Серов Шабдалы ұстаған қыз. Б.М.Кустодиев Ф.И.Шаляпин портреті,
К.Телжанов Әнші. Жылы және суық түстердің қарама-қарсылығы; түстік қарама-
қарсылық: К.М.Шаяхметов Біздің кеңшарда.

Сәндік колданбалы өнер (6 сағат)
Сәндік қолданбалы халық өнерінің шығу және даму тарихы. Өрнектер мен
сәндік декордың бейнелеу түрлері.
Ою-өрнек турлері: геометриялық, өсімдік және жануарлар дүниесінен,
аралас. Тұйық және жолақты өрнектер. Өрнек элементтерін орындау кезендері.
Халық өрнектері: табиғи және геометриялық түрпішіндер; өсімдік өрнегін,
жануар-лар өрнегін және адамдардың бейнесін бейнелеу. Геометриялық
өрнектер. Өрнектерде ғарыштық шеңбер мотивтерін қолдану. Тіршілік ағашы -
әлем халықтарының өнердегі мәңгілік бейнесі. Бұтақшаларында құстары бар
ағаш бейнесінің көрінісі. Гүлдеп тұрған, жемісті ағаштар. Шешек жарған
бұтақшалар.
Өрнекті композиция құрастыру. Өрнектегі симметрия. Сызықты өрнектер
(бордюр).
Сәндік өнер шыгармаларымен танысу. Қолмен және өнеркәсіптік
тәсілдермен орындалған сәңдік бұйымдар. Ұлттық киім, зергерлік әшекейлер,
саз аспаптары, кілемдер, ыдыс-аяқтар және т.б. бұйымдар.
Ұлттық сәндік буйымдарды талдау. Ұлттық бас киім, сырғалар,
білезіктер. Хохломалық ыдыс-аяқ. Вологод шілтері.
Құрал - жабдықтар мен материалдар. Түрлі-түсті қағаздар, қатырма
қағаз, мата, табиғи материалдар, қайшы, (әр түрлі материалдарды желімдеуге
арналған арнайы желім).
Сарамандық жұмыс. Ұлттық киім үлгілерін қағаз бетіне түсіру, жапсырма
жұмыстары арқылы әшекейлеу. Ас үйге қажетті тақтайшалар мен төсеніш
үлгілерінің эскизін орындау.

Мүсіндеу (4 сағат)
Мүсін туралы кіріспе сөз. Мүсін өнерінің пайда болуы жене дамуы туралы
қысқаша мағлұматтар. Тас мүсіндер, балбал тастар. Монументадды және
қондырғылы мүсіндер. Қондырғылы мүсін рөлінің артуы. Мүсіндік пішінде жал-
пылаушы бастаманың болмауы. Мүсіннің айқындығын дене тұрысы және қимылы
арқылы көрсету. Шығарманың табиғилығы. Мүсін түрлері: дөңгелек, бедерлі.
Бюст. Ескерткіш. Мүсіндік топ.
Мүсін шығармаларымен танысу. Микеланджело Буонарроти Давид, Э.
Фальконе І-Петр, Е. Мергенов Солдат.
Талдау. Х.Наурызбаев Жамбыл, Б.Әбішев Жер - Ана (ескерткіш),
Р.Рахметов Балалық шақ (шамот).
Құрал-жабдықтар мен материалдар: саз балшык, пластилин, тас, мәрмәр,
ағаш, қатырма кағаз, тақтайша, сым темір, жіңішке бұрау (стек), шегелер,
бояулар.
Сарамандық жұмыстар. Ұлттық киімді безеңдіру. Сәңдік тақтайшаларды
өрнектеу үшін эскиздер мен трафареттер жасау. Халық өнерімен және сәндік
өнермен танысу негізінде мүсіндеу. Затттың өзіне қарап, ойша және елестету
арқылы мүсіндеу. Футболшы, Менің итім, Шабан, Алдаркөсе, Нептун,
Менің досымның портреті тақырыптарына мүсіндеу. Бейнелеу өнеріндегі
мүсіннің мәні. Жануарлардың қозғалыс күйін, өзіндік белгілерін көрсету.
Қызықты ертегі, Ертегідегі сүйікті кейіпкерім атты берілген тақырыпқа
әр түрлі биіктіктегі бедерде композиция. Ұсақ пластика. Жаңа материал —
сазбалшықпен танысу. Құралдар. Сазбалшықпен жұмыс істеу технологи-ясы:
кептіру, күйдіру, өрнек салу, бояу.
Құрал жабдықтар мен материалдар: қағаз, қатырма қағаз, мата, табиғи
материал, бояулар, қайшы.

6 - сынып
(Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан)

Сурет (8 сағат). Петроглифтер. Тастағы суреттер. Көлемнің жазықтық
бетіндегі көрінісі. Пішін (ұзындық, ендік, биіктік), өзіндік ерекшеліктері
(геометриялық денелерге ұқсастығы).
Шаршы (квадрат) салу. Түйісу нүктелері (ось, диагоналдар). Ою-өрнекті
халық кестесімен орындау. Куб құрылымы (8 түйінді нүкте). Алты қырлы призма
құрылымы (құрылымы 12 түйінді нүкте). Қиық конустың, цилиндрдің құрылымы
(дененің айналымы, осьтің айналымы, шеңбердің айналымы, құрастырушы
сызықтар). Заттың ішкі құрылымын талдау; түссіз мөлдір затты бейнелеу: бос
және толтырылған (заттың өзіне қарап немесе елестету арқылы). Тақырыптық
натюрморт салу. Күрделі пішін. Пішін түзуші элементтер: қарапайым негіз
(геометриялық дене, бірнеше геометриялық денелер, күрделі құрама объектілер
(геометриялық денелердің қосындысы). Заттың кеңістікте жалпы композициялық
орналасуын, жалпы пропорционалдық қатынасын анықтау. Заттар тобын салу.
Заттардың орналасуын анықтау.
Майда бөшектерді салу, түстік қатынастардың бастапқы түсірілуі. Түстік
қатынастарды анықтау, жұмысты қортындылау жөне аяқтау. Пропорциялар.
Салыстыру тәсілі. Нысаналау.
Адам басының суретін салудағы пропорциялар. Тең бөлікке бөлуші тік
сызық (крестовина).
Адам денесінің пропорциясы. Фигура модулі. Адам суретін салу. Адам
басының суретін салу. Адам бетінің пропоциясын геометриялық денелермен
салыстыра отырып талдау (мұрын — призма, көз қарашығы — шар, дене - цилиңдр
және т.б.).
Орындау кезеңдері: бейнені қағаз бетіне орналастыру; беттің
пропорционалды қатынасын жалпылама анықтау; беттің пропорциясын нақтылау;
көз, мұрын, ауыз, шаш, мойынның жалпы пішінін салу; жарық пен көлеңкені
модельдеу көмегімен ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері туралы түсінік
Бейнелеу өнері сабағы
Бейнелеу өнері және батик
Бейнелеу өнері және әдістемесі
Қазақ бейнелеу өнері
Архитектурасы мен бейнелеу өнері
Бейнелеу өнері туралы
Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері
Қазақстан бейнелеу өнері
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь