Діни басқарма қорында статистикалық сипаттағы құжаттар өте көп


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ӘӨЖ 94 (574) «19»+28-7 Қолжазба құқығында

АДИЛОВА ФАРИДА АУЕЛХАНОВНА

Қазақ қоғамының саяси өміріндегі Орынбор мүфтилігінің орны мен қызметі (XVIII ғ. соңы - XX ғ. басы)

07. 00. 02 - Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің Қоғамдық пәндер кафедрасында орындалған

Ғылыми жетекшісі:
тарих ғылымдарының докторы,
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,: профессор Қойгелдиев М. Қ.
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекшісі::
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекшісі:: Ресми оппоненттері:
тарих ғылымдарының докторы,: тарих ғылымдарының докторы,
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,: профессор Садвокасова З. Т.
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,: тарих ғылымдарының кандидаты,
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,: доцент Мұхтарова Г. Р.
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекшісі:: Жетекші ұйым:
тарих ғылымдарының докторы,: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,:
Ғылыми жетекшісі::
тарих ғылымдарының докторы,:

Диссертация 2010 жылы « 27 » тамызда сағат 14. 00 - де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 15. 09 Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25, мәжіліс залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Мекен - жайы: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 35.

Автореферат 2010 жылы « 26 » шілдеде таратылды

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы,

профессор М. К. Тулекова


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс Орынбор діни басқармасының (1789-1917 ж. ж. ) қазақ қоғамының саяси өміріндегі орны мен қызметін зерттеуге арналған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде тарих ғылымы тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде патшалық, кеңестік биліктің аяқ асты етіп, дөрекі бұрмалаған, сондай-ақ назардан тыс қалған проблемаларға баса назар аударуда. Осындай күрделі мәселелерге объективті, кешенді, толыққанды бағасы берілуде. Бұл мемлекеттік түрлі бағдарламалар аясында іргелі зерттеу жұмыстарының қарқынды жүргізілуі нәтижесінде іске асырылып келеді. Ол қоғамдық өмірдің саяси, әлеуметтік, мәдени саласын сондай-ақ, рухани-діни саласын қамтып отыр. Дегенмен қазіргі уақытта Ресей империясы бодандығында болған қазақ халқының рухани - діни өмірі толық және жан-жақты зерттелінді деген теориялық-ғылыми тұжырым жасауға әлі де болса ертерек дер едік. Өйткені, Ресей империясы әлсіз мемлекеттерді жаулап алуда саяси, әскери жолдармен қатар рухани діни институттарды қолданды, яғни, ХVІІІ ғасырда қарқынды түрде қолға алына бастаған патшалықтың Орынборда мүфтилік құруы, сол арқылы мұсылман халықтарын бір тізгінде ұстауы сияқты озбырлық әрекеттері бүгінде тарихшылар назарынан тыс қалып келеді. Отаршыл әкімшіліктің ғасырлық тарихы отандық тарихнамада күрделі ғылыми ізденістерден тұратын мол еңбектер қатарын құрағанымен, нақ осы Орынбор мүфтилігі (1789-1917 жж. ) деп аталатын діни басқарманың қазақ елінің саяси өміріне ықпалы зерттеу нысаны болған емес. Ал шын мәнінде дінді бетперде тұтып, көздеген мақсатқа жету - агрессорлардың таңдаған басты жолы болды. Сол арқылы мұсылмандардың өз ішінен отарлық әкімшілікке қызметшілер даярлап, халықты түзу жолдан адастырды. Рухани жағынан тізгіндеп отыруға күш салып, айлакерлік әрекеттерін іске асырды. Сол себептен, алға қойылған мәселенің өзектілігінде күмән жоқ деп ойлаймыз.

70 жылға созылған кеңестік атеистік қоғам кезінде де КСРО аумағындағы діндер мен олардың институттарына орасан зор материалдық және рухани шығын келтірілді. Нәтижесінде рухани дағдарысқа түскен кеңес қоғамы ертелі-кеш бәрібір саяси, әлеуметтік-экономикалық құлдырауға да ұрынатыны белгілі еді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның экономикалық негіздері қаланып, жаңа қоғамдық сана, идеология мен әлеуметтік құндылықтар жүйесі қалыптасты. Діни, ұлттық құндылықтар қайтадан сұранысқа ие болды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев дін мен ұлттық құндылықтардың қоғамдағы рөліне баға бере келе былай деп атап көрсеткен болатын: «Барлық халықтар үшін дін - жаулаудың тәсілі мен тәпсірі болғанын еске салудың зияны жоқ. Әр түрлі себептерге байланысты мемлекеттік немесе ұлттық тұтастық идеясы дағдарысқа ұшыраған шақта, елдің қоғамдық және саяси өмірінің сахнасына бүкіл рухани идеяға ұйытқы болып дін шығады. Көп жағдайда сенімнің біртұтастығы тарихтың тайғақ кешулерінде халық тағдырына араша түсіп отырады. Алайда кейбір жағдайларда, мемлекет рөлі баяу да басыңқы болғанда, өмірдің барлық саласында діннің бел алуы сайқымазақтық сипат алып қана қоймайды, сонымен бірге қауіп-қатер төндіретін кездері бар. Мұның өзі жеке адамдар мен халыққа ғана қауіп төндіріп қоймайды, кейде тұтас адамзат үшін де қатерлі» [1, 75-б. ] .

Сондықтан отандық тарихта өзіндік орны бар маңызды мәселе - Орынбор мүфтилігінің құрамында болған кезеңдегі қазақ елінің рухани өмірі бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ. Ғылыми-зеттеу жұмысы - діни тарихымыздың көптеген қырларын ашатынына сенімдіміз.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыптың зерттелу деңгейін саралау үшін тарихнамалық еңбектерді хронологиялық жағынан біздің зерттеуімізді үш топқа бөліп қарастырдық: алғашқы топты империялық дәуірдің туындылары, яғни патша әкімшілігі өкілдерінің, әскери шенеуніктердің, мүфтилердің жазбалары, мерзімді басылым деректері, заңнамалық құжаттар құрайды; екінші топқа кеңестік дәуірде дүниеге келген зерттеулер енгізілді; ал соңғы, үшінші топқа тәуелсіздік жылдарында жарияланған қазақ және шет ел ғалымдарының еңбектері топтастырылды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Ресей мұсылмандарының қоғамдық-саяси өмірінде үлкен із қалдырған мұсылман мәдениетінің ірі өкілі, ағартушы және дінтанушы Р. Фахретдин ислам дінінің және оның институттарының тарихы жайында деректерді жинастыру мен оларды зерттеу ісінде зор еңбек сіңірді. Екі томдық «Асар» (Естеліктер) мен Ресей Ғылым Академиясының Уфа ғылыми орталығында сақтаулы тұрған қолжазбаларда татар және башқұрт ұлт зиялылары туралы тарихи деректерге негізделген көптеген бұрын жарық көрмеген материал бар. 1891-1906 жылдары Р. Фахретдин Діни басқармада қадий қызметінде болып, басқарманың тарихы жайлы құнды ғылыми еңбек даярлады. Орыс зерттеушісі А. Василевтің татар және қазақ халықтарының қарым-қатынасына қатысты еңбегінің орны ерекше. Татар миссионерлерінің қазақ даласына әсерінің тереңдеуін қолдамаған автор бұл туралы өз пікірлерін ашық мәлімдеген болатын [2, 17-25-бб. ] . ХХ ғасырдың 20-40-шы жылдарында Ресей империясындағы ислам тарихына арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Бұл - Кеңес өкіметінің барлық діндердің көзін жойып, тездетіп атеистік қоғам құруды ашық жариялаған жылдары болатын. Осы орайда Л. Климович [3, 85-б. ], М. Вяткин [4, 27-б. ], Д. Валиди [5, 71-б. ] еңбектері ойға қонарлықтай жазылған. Л. Климовичтің зерттеуінде Ресей империясы территориясындағы мұсылман институттарының тарихы жайында тың деректер ғылыми айналымға енгізілді, сондықтан да автордың еңбегі бүгінгі күнге өз құндылығын жоғалтпай келеді. М. Вяткиннің зерттеулерінде Діни басқарманың тұңғыш мүфтиіне ерекше көңіл бөлінеді. Автор Мұхаметжан Хұсейіновтың Кіші жүзге жасаған сапарын сипаттайды және оның қазақ қоғамының жоғарғы тап өкілдерімен кездесуі барысындағы позициясын сараптайды. Ол: «М. Хұсейінов өз көзқарастарын жоғарғы шенеуніктердің сұранысына икемдеп отырды» - деп есептейді. Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеген, әйгілі шығыстанушы В. Григорьевта (1816-1881 жж. ) дәл осындай көзқарасты ұстанды [6, 75-б. ] . А. Добросмыслов татарлар мен башқұрттарды қазақ өлкесіндегі делдалдық істерге тарту бағытындағы үкімет саясаты жөнінде басқаша ойлады. Оның ойынша «татар молдалары қазақ даласында орыстар енгізе алмаған ықпалды түпкілікті орнатуға зор үлес қосты» деп есептеді [7, 170-б. ] .

Сталиндік тоталитарлық режимнің күшеюіне байланысты ХХ ғасырдың 20 жылдарында іргесі қаланған түркі тілді халықтардың өзара қарым-қатынас тарихын зерттеу дәстүрі үзіліп қалды. Бұл құбылысты герман тарихшысы Андреас Каппелердің зерттеулері жан-жақты ашып көрсетіп берді [8, 12-б. ] . Ұлттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі Ахмед Цаликовтың пікірінше, патша үкіметі «орыстандыру процесін жылдамдату және қарсыласу күшін әлсірету» [9, 189-б. ] мақсатында Ресей мұсылмандарын татарлардың ықпалынан күштеп тартып алуға тырысты. Қ. Халидтың [10, 304-б. ], С. Бабажановтың [11, 80-б. ] еңбектері аталмыш кезеңдегі қазақ даласындағы татар молдаларының қызметі мен мектеп, медреселердің рөлін анықтауда өлшеусіз үлес қосты. Орынбор мүфтилігіне діни басшыларды тағайындау мен олардың қызметі жайында И. А. Ермаковтың [12, 280-б. ] еңбегінде көрініс тапқан. «Жәдидизмнің әкесі» И. Гаспринский мен оның «Терджиман» атты газеті жөніндегі шындықты қалпына келтіруге тырысқан алғашқылардың бірі әйгілі исламтанушы Л. И. Климович (1907-1989 жж. ) болды.

ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясындағы исламды зерттеудің алғашқы тәжірибесі «Посткеңестік кеңістік пен КССРО-дағы ұлттық қозғалыстар» атты ғылыми жобаның шеңберінде орындалған «Ислам и этническая мобилизация: национальные движения в тюркском мире» атты мақалалар жинағы болып табылады. Исламтанушы Р. Ландтың «Ислам в истории России» атты көлемді монографиясында Орынбор мүфтилігіне қатысты маңызды ой-пікірлер кездеседі. Патшалық Ресейдің шоқындыру саясаты С. Қ. Жақыпбекің [13, 22-24-бб. ] еңбектерінде кеңінен талданған.

М. Қ. Қойгелдиев «Біз қадір тұтқан құндылықтар» атты мақаласында: «Түркістан халықтарын ресейлік отарлау жай экономикалық немесе саяси отарлау ғана емес, ол өркениеттік отарлау. Алдымен патшалық, сонан соң кеңестік биліктердің ислам дініне, исламдық құндылықтарға, жергілікті халықтың тіліне, салт-дәстүріне қарсы мемлекеттік деңгейде жоспарлы және жүйелі әрекеттерді іске асыруы соның айғағы» - деп ашып көрсетеді. Сонымен қатар М. Қ. Қойгелдиевтің «Жетісудағы Ресей билігі (ХІХ - 1917 ж. ) » атты монографиялық зерттеуі біздің зерттеуімізбен тығыз байланысып ұштасып жатыр [14, 200-б. ] . Соңғы жылдары диссертациялық ізденіс тақырыбы бойынша жазылған Г. С. Султанғалиеваның [15, 26-б. ], Г. Р. Мұхтарованың [16, 25-б. ], Л. З. Болатбаеваның [17, 24-б. ] еңбектерін атауға болады. З. Т. Садвокасованың «Духовная экспанция царизма в Казахстане в области образования и религии» атты монаграфиялық зерттеуі біз қарастырып отырған мәселемен тығыз байланысты [18, 126-б. ] . «Тойшыбек би және оның заманы» [19, 39-б. ] атты А. Ш. Махаеваның монографиясын ерекше атауға болады.

Тақырыпқа тарихнамалық шолу жасай келе, қорытатынымыз: патша үкіметінің Орынбор мүфтилігіне қатысты саясаты туралы ешбір еңбекте арнайы қарастырылмаған, олардың ислам дініне қатысты саясатын ішінара талдаған көптеген еңбектерді атап көрсетуге болады.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертациялық жұмысты даярлау барысында мұрағат құжаттарын, баспасөз материалдарын, мәліметтерді ғылыми айналымға кеңінен тарта отырып, дерек көздерін екі топқа бөліп қарастырдық.

Бірінші топты - мемлекеттік мұрағат қорлары, яғни Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағаты, Башқұртстан Республикасының Орталық мемлекеттік тарихи мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының қорлары құрайды. Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатының № 6-қоры «Орынбор әскери губернаторының кеңсесі», «Губерниялық басқарма» қорлары деректері зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттерінің орындалуына үлкен көмегін тигізді.

Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатының Губерниялық басқарма мен Әскери губернатор қорларында Орынбор мұсылмандарының Діни басқармасы тарихының алғашқы кезеңі бойынша материалдар жинақталған. Мұнда жергілікті әкімшіліктің діни мекемені басқару механизмін көрсететін құжаттар кездеседі. Мұхаметжан Хұсейінов, Габдесаллям Габдрахимов, Габдұлвахит Сүлейманов сынды мүфтилердің министрлер, әскери және азаматтық губернаторларға жазған хаттары және Ресей мұсылмандарының жетекшісі лауазымына кандидаттарды іздестіруі жайында материалдары аса құнды дерек көзі болып табылады. Қорларда діни мекемені қайта құру жөнінде көптеген жобалар, діни басқарма мен орталық әкімшілік шенеуніктері жазысқан хаттар бар. Бұл құжаттар, жоғарғы мәртебелі шенеуніктердің, бір жағынан, мүфтилерді уысында ұстауға мақсатында болса, ал екінші жағынан, оларды мақтай отырып, өз дегендеріне көндіруге бағытталған екі жүзді саясатын ашып көрсетеді.

Орынбор облыстық мемлекеттік мұрағатының қорларында Сенат, Ішкі басқарма, Сенат мекемелері, Құпия кеңсе туралы құнды материалдар сақтаулы тұр. Олар Орынбор мұсылмандарының Діни басқармасының құрылуының алғышарттарын, бұл істегі кейбір мемлекет қайраткерлерінің қосқан үлесін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Алайда қордағы кездескен құжаттардың уақыт өтуі салдарынан ескіруі, онда хронологиялық тәртіптің сақталмауы, сондай-ақ, отарлық әкімшіліктің мақсат-мүддесінің қоғамдық пікірден жасырылуы, өлкедегі дінге қатысты саяси істердің өрескел бұрмалануы зерттеу жұмысы барысында қиыншылықтар туғызды.

Жалпы алып қарағанда, мұрағат құжаттарының басым көпшілігі ресми-әкімшілік сипаттағы деректерге жатады. Олардың көпшілігінде ислам және оның институттарына деген кемсітушілік, ал кейде тіпті антогонистік көзқарастар байқалады. Діни басқарма материалдары болса Құран және діни кітаптардан үзінділерге толы болып келеді.

Өкінішке орай, мұрағатта мүфтилер, ахундар мен имамдар арасындағы хаттар аз кездеседі. Бұл өз кезегінде, төменгі дінбасылар мен жоғарғы мұсылман мекемесі арасындағы қарым-қатынастар секілді маңызды мәселені зерттеуге кедергі келтіреді.

Жұмыста түрліше жылдары жарық көрген деректер де қолданылды. 1902 және 1905 жылдары жарық көрген «Сборник циркуляров и иных руководящих распоряжений по округу Оренбургского магометанского собрания» жинағында діни мекеменің 1836-1903 жылдарды қамтитын ең маңызды құжаттары жарияланған. Жинақ төменгі дінбасылардың күнделікті қолданысында болғандықтан, оған жоғарғы инстанциялардың белгілі бір себеппен күшін жойғызған үкімдері кірмеген. Бұл жинақтан басқа, патша әкімшілігінің дін саясатына байланысты ережелері, жоғарғы рескриптері мен бұйрықтары топтастырылған құжат жинақтары да көптеп пайдаланылды.

Башқұртстан Республикасының Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатының И-295-қоры «Орынбор мұсылмандарының Діни басқармасы» құжаттарының маңызы зор. Кеңес дәуірінде мұрағат қорын сақтап қалу үшін мүфти Р. Фахретдин көп күш-жігер жұмсаған. Діни басқарма қорында 1789-1917 жылдар аралығын қамтитын 68250 мұрағат бірлігі сақтаулы тұр. Діни мекеменің күнделікті жұмысы 1836 жылдан бастап жинақталған журналдардан көрініс тапқан. Оларды жүргізу діни басқармада Ресей империясының басқа да мемлекеттік мекемелердегідей болды. Алғашқыда хатшы мүфти мен қадийлердің қарауына талқыланайын деп тұрған мәселе бойынша қысқаша мәліметтер береді. Баяндамадан кейін діни мекеме соған сәйкес үкім шығаратын. Діни басқарманың өз шешімін шығару үшін ондаған жылдар жұмсап, кейде оны қайта қарастырып отырған кездері де жиі орын алған.

Діни басқарма қорында статистикалық сипаттағы құжаттар өте көп. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап діни басқарма мешіттер мен ондағы бар діни қызметкерлер саны жайлы мәліметтер жинай бастады. Бұл ақпаратты жинастыруға әкімшілік те қомақты үлес қосты. 1839 жылдан бастап діни басқарма мұсылмандар арасында туу және өлім, неке және ажырасу туралы статистика жүргізіп отырды. Статистикалық мәліметтердің шынайылығы күдік туғызбайды. Бірақ шынын айта кету керек, кантон бастықтары мен башқұрт-мещеряк әскерінің старшындары мешіт санын азайтып көрсеткен. Бұл олардың жабылып қалмауын қамтамасыз етуден шыққан шара еді. Зерттеу барысында диссертациялық жұмыста Қазақстан мұрағаттарының қорлары негізгі дерек көзі болғанын атап көрсетуіміз керек.

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатының № 4- қоры «Орынбор қырғыздарын облыстық басқару», № 6 қоры «Орынбор генерал-губернаторының кеңсесі», № 25 қоры «Торғай облыстық басқармасы», № 44 қоры «Жетісу облыстық басқармасы», №78 қоры «Ішкі қырғыз ордасын басқару туралы уақытша кеңес». Осы қорлардан аса құнды мәліметтер алынды. Бірақ, басым көпшілік құжаттар 1854-1906 жылдар аралығын қамтығандықтан, бұл қордағы құжаттар Орынбор мүфтилігінің құрылуын толық анықтап бере алмайды.

Деректердің екінші тобын - кітапханалардағы және ондағы сирек кездесетін қорлар бөліміндегі, тарихи-өлкетану мұражайындағы материалдар құрайды. Жұмысымыздың алдына міндет етіліп қойған маңызды мәселе - Орынбор мүфтилігінің қызметі және оның тарихын қалпына келтіру үшін өткен ғасырда мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалаларды пайдаландық. Н. К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебаптық ғылыми кітапханасы мен Орынбор облыстық мұрағатында сақталған мерзімді басылым материалдары диссертациялық жұмыстың мазмұнын байытып, кеңейте түсті. Бұл орындардан патша өкіметінің дін саясатына қатысты бұйырықтары, заң актілері, жарғылар, естеліктер мен жазбаларда жарияланған материалдар нақты тарихи оқиғалар туралы хабарлар алуымызға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің көпшілік кітапханасы, ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің ғылыми кітапханасы, мерзімдік баспасөз мәліметтері дерек ретінде пайдаланылып, молынан қолданысқа түсті.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі - Орынбор діни басқармасының 1789-1917 жылдар аралығындағы қызмет кезеңін қамтиды.

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны - Орынбор мүфтилігінің құрылуы. Мүфтиліктің қазақ халқының қоғамдық-саяси, рухани өміріндегі алатын орны мен қызметі.

Зерттеу жұмысының пәні. ХVІІІ ғ. соңы - ХХ ғ. бас кезіндегі Қазақ қоғамының саяси өміріндегі Орынбор мүфтилігінің орны мен тарихын айқындау.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Орынбор мүфтилігінің тарихы мен қызметін және оның қазақ қоғамының саяси және қоғамдық-рухани өмірінде алатын орнының осы күнге дейін ғылыми айналымға түспеген мұрағат құжаттары мен деректері негізінде талдау, оны ғылыми көзқарас тұрғысынан бағалау - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың мақсатынан туындайтын мынандай міндеттер қойылып отыр:

- Патша үкіметінің отарлық саясатының кең етек алуы мен Орынбор мүфтилігін ашуға алғышарт болған жағдайлардың себебін анықтау;

- ресей империясының қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қарату мақсатына талдау жасау;

- Орынбор мүфтилігінің қазақ даласындағы діни-ағартушылық қызметі мен отаршылдық саясаттағы алатын орнына объективті баға беру;

- патша үкіметінің қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігі қарамағынан шығарып тастауының себептері мен салдарын анықтау;

- қазақтарды Орынбор мүфтилігіне қайта қарату жолындағы әрекеттердің себебін анықтау;

- қос төңкеріс тұсындағы діни басқарма мәселесін саралау.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұрын ғылыми айналымға түспеген көптеген құжаттар негізінде құрамына Ресей бодандығындағы қазақ халқы да енгізілген Орынбор мүфтилігінің құрылуы мен қызметі және оның қазақ қоғамының саяси өмірінде алатын орны, отандық тарихта тұңғыш диссертациялық жұмыстың зерттеу объектісіне айналып, шынайы ғылыми тұрғыдан кешенді түрде зерттелгендігін айта келіп, жұмыстың төмендегідей жаңалықтарын атап көрсетуге болады:

- Орынбор мүфтилігін құру арқылы патша үкіметі Ресейлік мұсылман дінбасыларын өз бақылауына алып, оларды Ресейдің ішкі және сыртқы саясатының құралына айналдырғаны деректік негізде дәлелденді;

- патша әкімшілігіне мойынсынуды насихаттауда мүфти Мұхаметжан Хұсейінов ерекше белсенділік танытқаны, қазақтардың Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысын басып-жаншуда әкімшіліктің бас мүфти М. Хұсейіновты шебер пайдаланғаны ашып көрсетілді;

- 1867-1868 жылдардығы саяси-әкімшілік реформаларға сәйкес қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігі қарамағынан шығарып, жергілікті отарлық әкімшілікке тапсыруының астарында қазақтарды болашақта шоқындыру саясаты жатқандығы дәлелденді;

- ХІХ ғасырдың соңына қарай қазақтардың діни істерін Орынбор мүфтилігіне қайта қарату жолында діни толқулардың өріс алғандығы жан-жақты деректер негізінде баяндалды;

- қос төңкеріс тұсында мүфтилік мәселесі өз жалғасын тауып, нәтижесінде Ішкі Орда қазақтары делегаттарының өтініші бойынша қазақтардың діни істері Орынбор мүфтилігіне қайта қарату туралы шешім қабылданғандығы анықталды.

Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі. Орынбор мүфтилігінің құрылу тарихын, оның қызметін зерттеу барысында қазіргі кезеңдегі отан тарихында кеңінен қолданылып жүрген жаңа методологиялық және теориялық тұжырымдар мен көзқарастар негізге алынды. Зерттеу методологиясында проблемалық, тарихилық, объективтілік сияқты ғылыми принциптер мен жүйелеу, талдау, логикалық қорыту әдістерін қолдану шынайылыққа жетудің басты шарттары ретінде саналып, еңбекте кеңінен қолданылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда іс жүргізу және құжаттану: тарихы мен зерттеу әдістері (ХІХ ғ. - ХХІ ғ. басы)
Қазақстандық археография
ИОГҚ мұражайының басшылары
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті: құрылымы және қызметі
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Біріккен ұлттар ұйымының мигранттарға байланысты қабылдаған құжаттары
Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)
Мемлекеттің қаржылық қызметі
Қазақ АКСР-і құрамындағы Қарақалпақ Автономиялық облысының қалыптасу тарихы (1924-1930 жж)
Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz