Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 338.431.6 "20"(574.5)
Қолжазба құқында

Айкөзов СЕЙДУЛЛА ИБАДУЛЛАҰЛЫ

Айкөзов С. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы
аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)

07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы еспубликасының)

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009

Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының
Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпараттар бөлімінде орындалған

Ғылыми кеңесші: тарих
ғылымдарының докторы,

профессор Мажитов С.Ф.

Ресми оппоненттер: тарих
ғылымдарының докторы,

профессор Байтілен С.А.

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Ташенев М.Ж.

тарих ғылымдарының докторы,

доцент Байсарина Қ.Қ.

Жетекші ұйым: Абай
атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университеті

Диссертация 2009 жылы сағат 14.30-
да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жанындағы тарих
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01
Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы,
Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының қолжазбалар қорында (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі,
29) танысуға болады.

Афтореферат 2009 жылдың
таратылды.

Диссертациялық кеңестің ғалым
хатшысы, тарих ғылымдарының докторы
Қапаева А.Т.

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Біздің әлі де болса есею мен кемелдену
кезеңінен өтуіміз керек деп көрсетеді, - Елбасы өзінің Қазақстан халқына
арналған 2003 жылғы Жолдауында,- Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын
бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете дамытып,
ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен жинақтаған
тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа сапасына
жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды [1].
Ауылшаруашылығы – ел экономикасының негізгі буыны, ежелден бар
байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы, әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуы негізінен тікелей байланысты.
Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай
ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы
жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасау мен
аграрлық сектордың кеңестік экономиканың кембағалдығынан көрген зардабы,
нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде кездескен қиындықтарыдан көрген залалы
қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі. Болашағына сеніммен қарайтын халық, тарихына
терең бойлайды - деген даналық сөз бүгінгі тәуелсіздік пен еркіндік
идеология саясындағы еліміз үшін арнайы айтылған секілді. Төл тарихымыздың
күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа,
аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен кезеңін зерттеу,
зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің идеологиялық
ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде
тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар
атқарылды.
Отандық тарих ғылымының өзектілігі – кеңестік тоталитарлық жүйенің
идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының
әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру
бағытында түбірлі жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – мемлекеттің аграрлық
секторды реформалаудағы мемлекеттік саясат. Қазіргі қоғамның даму
кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің бірі осы салада нарық
қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік, өнеркәсіпті шикізат
өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін
арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы
бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске
асыру болып отыр. Сол үшін аграрлық секторда бірінші кезекте шаруашылықты
жүргізу тетіктерін (механизмін – А.С) қалыптастыру және дамыту аса қажетті
қозғаушы экономикалық күштің негізіне айналуда.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:
Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты атты Қазақстан халқына арналған 2008 жылғы Жолдауында, Қазақстан
2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен
қарсы алды - деп атап көрсетті [2].
Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл
шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте
өз нәтижесін беріп келеді. Дегенмен, өндірістің негізгі саласының бірі, –
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйтседе, шикізат мәселесін шешетін
халық шаруашылығындағы өнім өндіру мен оның өсімі әлі де болса төмен
деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және талдай келе
аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық
пен өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін
көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру т.б.) жүзеге асыру нарық
жағдайындағы өзекті мәселелердің атаулысы болып отыр.
Міне, осындай жағдайда Қазақстан-2030 Стратегиясы
ауылшаруашылығын көлемді өзгерістерге жетелейді. Стратегияны жүзеге асыру
мақсатында саланы дамытудағы мемлекеттің 2000-2002 жылдарға арналған
бағдарламасы мен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2003
жылғы 10-шілдедегі №1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
ауыл аумақтарын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналаған мемлекеттік
бағдарламасы, 2004 жылғы 19-наурыздағы Қазақстан Республикасының
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көзделген Қазақстан
Республикасының 2003-2015 жж. индустриалды-иновациялық даму Стратегиясы,
сондай-ақ, Елбасының қолдауымен 2003-2005 жылдардың Ауыл жылы деп
жариялануы, Астық туралы, Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы,
егіншіліктегі Тұқым шаруашылығы туралы заңдар өмірге келуі ауыл
тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған ауқымды іс-шаралар болып
табылады.
Сонымен бүтіндей алғанда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру
агроөнеркәсіптік кешеннің жағдайын жақсартып қана қоймай, дамытудың 2006-
2010 жылдарға бағытталған тұжырымдамасының негізінде 2006-2008 жылдары
бірінші кезекті шаралары жүзеге асырылды.
Сондықтан, Қазақстан Республикасы үшін аграрлық сектор республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін айқындаушы күштердің бірі болып
отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет
қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдіспен аралас нарықтық
экономика қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, бұл жылдардың
қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын
алған қиындықтар зардабы ауыл шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға
қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері мен одан
шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті,
көкейтесті мәселе Республика Президентінің еңбектерінде, түрлі Заң және
атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені
белгілі. Бірақ ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының
әлеуметтік мәселлелерін, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге
байланысты аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын
теориялық және практикалық мәселелерді одан әрі зерттеп-зерделеу
керектігі ешбір күмән тудырмайды.
Социалистік қоғамнан шыққан өзге елдердегі сияқты, Қазақстан
Республикасында өткізіліп жатқан аграрлық реформалардың басты мазмұны
әкімшілік-әміршілдік тәсілге негізделген бір экономикалық жүйеден нарық
қатынастарына негізделген екінші экономикалық жүйеге көшу. Оның негізінде
экономикалық жүйенің іргетасының өзі – мемлекеттің меншікке монопольды
құқығынан бас тартып, оның басым бөлігін жеке және заңды тұлғаларға беруді
ойластырған меншік қатынасы жатыр.
Нарықтың өзгеру нәтижесінде аграрлық саланың шаруашылық тетігі терең
өзгерістерге ұшырайды. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастың барлық
субъектілерінің экономикалық мүдделерінің рөлі артады. Осыған байланысты,
ауыл шаруашылығын реформалауда шаруашылық жүргізудің басымырақ нысаны болып
табылатын, өндірісті тиімді жүргізуді қамтамасыз ете алатын және табыстарды
әлеуметтік әділеттілікпен бөле алатын ауылшаруашшылық бірлестіктерінің
маңызды рөліне тиесілі.
Осындай қарапайым бірлестіктердің бірі, - кооперация өзінің бір
ғасырдан астам уақыттан бергі тәжірибесі оның нарықтық экономиканың заңдары
мен қағидаларына сүйене отырып тауарлы ауылшаруашылық өндірісін
қалыптастырудағы ерекше маңызын ашып берді.
Әлемдік тәжірибеде ауыл шаруашылығы дамуының үш жолы бар: жеке
фермерлік, ірі кәсіпорындар және кооперация жолымен шаруа қожалықтары мен
ауыл шаруашылығы тауарын өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің
бірлескен шаруашылық қызметін жүргізуі. Осы үш жолдың біздің елімізде
алдыңғы екеуі жақсы жолға қойылғанымен, көлемі жағынан шағын, айналымдық
қаржысы тапшы, жағдайы ортадан төменгі дәрежедегі шаруаларды кооперациялау
жолы мемлекет тарапынан қолдау көрмей келеді.
Ұзақ жылдар бойы елімізде аграрлық саладағы кооперацияның теориясы
мен тәжірибесінің дәстүрлі ғылыми-зерттеу ісін жүргізудің мүмкіндігі
болмады. Бұрынғы КСРО-ның ғылымы мен тәжірибесінде кооперация десе
колхоздар алға тартылды және оған Казпотребсоюз (Қазақстан тұтынушылар
одағы –А.С) жүйесі қосылды, өйткені тек осылар ғана ауылшаруашылық
бірлестіктерінің ең жоғары, жетілдірілген түрлері деп есептелді. Бұл толық
дәлелденбеген қағида және адасулар оның қайта өрлеуі мен дамуы жолында
кедергі болды.
Қазіргі экономикасы, ғылымы мен техникасы, ақпараты мен пікір алмасу
үрдісі қарқынды дамып келе жатқан қоғамда басқаруды бұрынғысынша
орталықтандыра берудің мүмкін еместігі күн санап дәлелденіп келді.
Сондықтан 2003 жылдың 4-сәуіріндегі Парламент палаталарының бірлескен
отырысында жария етілген Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында
демократияны және жергілікті басқаруды жетілдіру мәселелерінің жан-жақты
көрініс табуы жәйдан-жәй емес.
Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі
айқындалады:
- біріншіден, Кеңес дәуіріндегі қалыптасқан ауыл шаруашылығындағы
агроөнеркәсіптік кешен, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі отандық
тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді.
Себебі, тарихи жағдайлармен қалыптасып, іс-жүзінде атқарылған жоспарлы
шаруашылықтан қазіргі кезеңдегі аграрлық сектордағы нарықтық қатынастарға
бейімдеп түбегейлі қайта қалыптастыруда өзіндік ерекшеліктерге ие болу
себебінен реформалау қажеттігі туындады. Сол себептен, бұл мәселені қазіргі
заманғы әдістемелік тұрғыда қайта бағалауды қажет етеді.
- екіншіден, аграрлық реформаның орындалуындағы жергілікті және
аймақтық өзін-өзі басқару мекемелерінің қалыптасқан жүйесінің кешегісі,
бүгінгісі және ертеңгі жағдайларын сыни көзбен талдау барысында
халықтық мүдде тұрғысынан дамытумен байланыстыра қарастыру. Бұл мәселеге
тәуелсіздік идеологиясы тұрғысынан назар аударылар болса онда тарихи
танымның игілігіне айналатын нәтижеге қол жеткен болар еді. Нарықтық
жағдайында өндірістік қатынастарды, экономикалық ынталандыруды және
шаруашылық механизмдерін жүргізуді сол кезеңінде жетілдіріп отырмаса,
қомақты күрделі қаржыларды пайдалануда ауыл шаруашылығында тиімді нәтиже
бермейді.
Тақырыптың өзектілігінің үшінші қыры – қазіргі әлеуметтік-экономикалық
қайта құрулар барысында, кеңестік кезеңдегі аграрлық реформалардың өзгеруі
оның әлеуметтік, саяси күйзелістерге ұшырауы мен жүзеге асуы тұрғысындағы
ұйымдастыру-құқықтық заңнамаларын қабылдау және осы міндетті шешуде жаңа
әдістемелік тәсілдің маңызы арта түседі деп ойлаймыз.
Тарих ғылымының зерттеу саласында ауыл шаруашылығындағы аграрлық
реформалардың қалыптасуының кейбір бөліктерін ішінара зерттеу еңбектері
кездескенімен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында жүзеге
асырылуының тарихи тәжірибесі мен өзекті мәселелері толығымен, тұтастай
зерттелген жоқ. Зерттеу тақырыбын таңдауымыздағы себебі осыдан келіп
шыққан. Диссертациялық жұмыс Қазақстан Республикасының оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймағындағы аграрлық секторды реформалаумен жүзеге асу
барысын кешенді зерттеген алғашқы еңбек болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының ауыл
шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар мен жүзеге асыруға бағытталған
заңнамалар мен нарықтық жағдайдағы жергілікті шаруашылықтың қалыптасуы мен
дамуы үрдісін ғылыми тұрғыдан талдау арқылы оны басқаруды жетілдіру
міндеттерін іске асыру бағытында тұжырымдар мен ұсыныстар жасау болып
табылады. Себебі, бұл мәселе жеке тақырып ретінде зерттелген жоқ. XX
ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ауыл шаруашылығындағы аграрлық
сектордағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен реформалау барысына
қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырыптың
тарихнамасының күрделі сипат алуының бірнеше себептері бар.
Біріншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары
ауылшаруашылығындағы қайта құрудың бағдарламалық мақсаты, әлеуметтік-саяси
негізі, ұйымдық-құқықтық заңнамалары және жергілікті басшылықтар мен өзін-
өзі басқару мекемелері өзіндік ерекшеліктерге ие тарихи құбылыс болатын.
Сондықтан да ол аймақтық оқшаулауға көнбейтін республикалық тұрғыдан
сабақтастырып қарау қажеттігі туындады. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген
зерттеу жұмыстарының барынша әралуандылығына негіз болды.
Екінші себеп – қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелілігінен
туындайды. Қазіргі кезеңдегі жағдайда, жоспарлы шаруашылықтан нарықтық
қатынастар қалыптасып жатқан аграрлық секторда, бірқатар объективті және
субъективті қиыншылықтар болуына қарамай, ауыл шаруашылығында реформалар
жүргізуде салалық саясатын жетілдірудің икемді тәсілдерін қолдану жөніндегі
тарихшы ғалымдардың, А.Б. Тұрсынбаев, Г.Ф Дахшлейгер, К. Нүрпейіс, Б.А
Төлепбаев, М.Т. Кенжебаев, Ж. Жумабеков, М.Ж. Ташенев, Ә.Н. Құдайбергенов,
Г. Халидуллин, Р. Исатаев, Ж.Б Әбілқожин, И.Ш. Шамшатов, С.А Байтілен, С
Жолдасов, И.А. Берденова, К. Рыспаев, Қ.Қ. Байсарина, С.И. Иманбердинаның
ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Сондай-ақ, ауыл село еңбеккерлерінің өндіріс
саласындағы еңбектерін зерттеумен қатар, олардың әлеуметтік, мәдени саласын
зерттеген Х. Абжанов, М.Х. Асылбеков, М.Б. Тәтімов, экономика ғылымы
саласындағы Л.Е Әбділдина, И.Ю Бенке, К.Ж Жарекешев, Б.З Зиябеков, Х.Е
Ертазин, Ж.О Ихданов, С.М Касымов, М.Д. Тінәсіл, және де бірқатар авторлар
өз жұмыстарында көрсетуде.
Алайда зерттеулердің кооперация проблемасы әлемдік ғылым үшін жаңалық
емес. Оны зерттегендер қатарында Р.Оуэн, Ш.Фурье, Ф. Райффейзен, Ф.
Лассаль, Н.Г. Чернышевский, К. Маркстар болды. Ал ресейде ауыл шаруашылығы
кооперациясы мәселесімен Н.П.Макаров, П.П.Маслов, А.А.Николаев,
С.Н.Прокопович, М.И.Туган-Барановский, А.В.Чаянов, А.Н.Челинцев,
А.И.Чупров, К.А. Пажитнов, Н.Д. Кондратьевтер жете шұғылданды.
Кеңестік кезеңнің аяғы-нарық экономикасына көшу мерзімінде ауыл
шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зерттеуде Президентіміз Н.Ә.
Назарбаев, мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтің, Б.М. Тұрсынбаев, С.А.
Терешенко, Ж. Кәрібжанов, сөйлеген сөздері мен ой толғау еңбектері және
естеліктері назар аудартады.
Демек, әр кезеңнің, әр ағымның тақырыпқа қатысты зерттеулерінің
деректік, әдістемелік негізі әртүрлі болғандықтан олардың арасында бір-
біріне қарама-қарсы бағалар да кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді
түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады.
Дегенмен, ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған нарықтық қатынастар
жағдайында халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудағы аграрлық реформаның
сәйкестік мәселелері әрі қарай талдауды қажет етеді. Зерттеулер
көрсеткендей, бұл салада шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына сай келетін
теориялық және әдіснамалық негізі жеткілікті дәлелденбеген.
Еліміздің аграрлық саласындағы осы процестердің әрі қарай даму
заңдылықтарын айқындау, оны одан әрі кешенді талдау, қазақстандық және
шетелдік тәжірибелерді сыни қорыту мен әдіснамалық және ғылыми-тәжірибелік
бағалауда жаңа тәсілдер мен дәстүрлі емес шешімдер іздеу өте маңызды.
Бұл жұмыс нарық қатынасы жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы
секторындағы ауылшаруашылық өндірісінде, кооперативтік және кооперативтік
емес ұйымдық-құқықтық кәсіпорындарды заңнамалық қамтамасыз етілуі мен
ауылдық өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелерін қоса
алғанда, аграрлық реформаны жүзеге асырудың теориялық-әдіснамалық және
тәжірибелік жақтарын кешенді зерттеуді мақсат тұтқан бастапқы еңбек болып
табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты ауыл
шаруашылығындағы аграрлық реформалардың қалыптасып жүзеге асуы және оның
тарихи тәжірибесі мен өзекті мәселелерінің теориялық-әдістемелік
концепциясы негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарында тиімділікпен жүзеге асыруды негіздеу болып табылады. Бұл
мақсат мынадай міндеттерді орындау арқылы нақтыланған:
- аграрлық реформалардың қалыптасуымен жүзеге асуының теориялық-
әдістемелік негіздерін талдау;
- жүргізілген аграрлық реформалардың тарихи тәжірибиесінің
маңызы мен рөлін айқындау және олардың айырмашылығын анықтау;
- тақырыптың қолданбалық және заңнамалық астарын ашып беруге
көмектесетін отандық және шетелдік әдебиеттерге ғылыми талдау
жасау;
- меншік пен шаруашылық жүргізудің көптүрлілігіне өту тәсілдерін
зерттеу мақсатында өтпелі кезеңдегі аграрлық саясатты зерделеу, сонымен
бірге ұйымдық-құқықтық заңнамаларының қалыптасуы, жергілікті тұрғындар
мен Қазақстан мемлекетіндегі әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етудегі
сәйкестігін талдау;
- нарық жағдайында республика агроөнеркәсіп кешеніндегі
ауылшаруашылық бірлестіктерінің негізгі бағыттары мен шаруашылық
тәсілдерін анықтау;
- ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізудің тетіктерінің нысандарын
жіктеу;
- болашақта аграрлық саланы дамытуда ауылшаруашылық бірлестіктерінің
ықпал етеуін талдау;
- ауыл шаруашылығындағы дамытудағы мемлекеттік қолдау көрсетудің
басты бағыттарын анықтау;
- ауылдық өндіріс пен аймақтық басқару қызметін талдау және алдағы
мерзімде оны жетілдіру үшін қандай шаралар атқарылу кажеттігін анықтау;
- ауылшаруашылық бірлестіктерінің түрлері мен қызметіне талдау
жасау,
оның жаңа түрлерін ұсыну үшін дәлелдер келтіру және алдағы кезде
олардың шаруашылық жұмысын жетілдіру жолдарын ұсыну:
- аграрлық реформаны орындаудағы жергілікті және аймақтық өзін-өзі
басқару мекемелерінің қызметіне талдау жасау және алдағы кезде қалай
ұйымдастыру керектігін негіздеу;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтық басқару
мекемелерінің қызметін елімізде қалыптасқан жүйелік тұрғымен байланыстыра
қарастыру;
- жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті шаруашылықты
басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті
заңнамалық құжаттарға талдау жасап, оларды ұдайы жетілдіріп отыру
керек екендігін дәлелдеу;
Диссертацияның ғылыми жаңалығы. Өткізілген зерттеулердің жаңалығы
ауыл шаруашылығындағы жүргізілген реформалардың барысын Республиканың өзге
өңірлеріндегі тәжірибе мен нарықтық қатынастар жағдайына орайластыра
отандық тарихта ауыл шаруашылық реформасының қалыптасуы мен жүзеге асу
тәжірибесі мен зертелген аймақтың ерекшеліктерін талдау арқылы іс жүзінде
қолданылатын ұсыныстар жасау. Осы кезге дейін тақырыптың бұл аспектісі
отандық және шетелдік тарихшылар тарапынан қолға алынбаған болатын. Осыған
байланысты зерттеу жұмысының мынадай ғылыми маңыздылығы мен жаңалықтарын
атап көрсетеміз:
- Қазақстанда ауыл шаруашылығы реформаларының алғышарттары мен шынайы
қажеттілігі, аграрлық сектордың нақты және үдерісті даму мүмкіндіктерін,
теориялық және әлемдік тәжірибені алғаш рет тарихи талдау, қорыту арқылы
айқындалды;
- аграрлық реформалардың әлеуметтік даму үрдісіндегі әсері мен негізгі
бағыттары көрсетілді;
- аграрлық реформалардың Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарында іске асуының қажеттілігі айқындалды;
- аграрлық реформаларды жүргізудегі ұйымдастырушы-құқықтық заңнамаларға
талдау жасалынды;
- жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелердің құрылымдық
жетілдірілуі жөнінде ғылыми тұжырымдар жасалды;
- аграрлық реформалардың жергілікті тұрғындар мен мемлекеттегі
әлеуметтік қажеттілікті қамтамасыз етудегі сәйкестігіне талдау жасалынды;
- Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалардың іске асуының
әлеуметтік-экономикалық нәтижелері жіктелді;
- жүйелік тәсілдеме жолымен ауылшаруашылығындағы дағдарысты жою және
ауылшаруашылық өндірістік кешенін дамытудың тұжырымдамалық моделі жасалды;
- аграрлық саладағы ауылдық өндіріс пен аймақтық басқаруды
жетілдірудің тиімділік көрсеткіштер жүйесі ұсынылды;
- ауыл шаруашылығы ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысаны жүйесінде
өндірістік бірлестіктерінің орны мен рөлі көрсетілді;
- Қазақстаның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекеленген
аудандарындағы ауыл шаруашылығы өндірісінде коммерциялық емес ұйымдар
құрудың тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды;
- аграрлық салада коммерциялық емес несиелік кооперативтердің
қажеттілігі, қызмет ету үрдісі мен даму стратегиясы анықталды;
- Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының бірлестіктерінің қызметін
реттейтін заңдар талданды; оның өзге елдердің заңдарымен жалпы
ұқсастықтары, айырмашылықтары анықталды; осы саладағы заңдарды одан әрі
жетілдіру шаралары ұсынылды.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Қазақстан Республикасындағы аграрлық
реформалар тақырыбының хронологиялық кезеңінің бастауы 1991 жыл болып
белгіленді. Себебі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы
жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелердің әлеуметтік-экономикалық
және саяси бағыттарының жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға
түбегейлі бет бұру кезеңі негіз болып, зерттеу кезеңі 2008 жылмен
шектелген.
Диссертацияның практикалық құндылығы ретінде Қазақстан
Республикасындағы аграрлық реформалар тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы
мен жүзеге асу тұрғысында бай деректік материалдар негізінде жасалынған
негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды, алынған нәтижелерді ғылыми еңбектер,
оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар дайындауға, сол сияқты әлеуметтік-
гуманитарлық бағыттағы болашақ доктор, магистр, бакалаврлары үшін Отан
тарихының теориялық және әдістемелік мәселелеріне байланысты арнайы курстар
дайындауда қолданылатындығын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында
қалыптасқан әдістемелік тәсілдер, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс
аймақтарындағы аграрлық реформалардың жүзеге асу барысын жан-жақты зерттеп,
Қазақстанның өзге аймақтарымен салыстырып саралап, тарихи таным нысанына
айналдыруға мүмкіндік береді.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Отандық тарихнамада
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында аграрлық
реформалардың тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен жүзеге асуына қатысты
арнайы зерттеулердің болмауы және тарихи таным қағидаларының өзгеруі
тақырыптың деректік негіздерін сұрыптаудың біршама күрделі сипатын
айқындады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының деректемелік негіздері
бірнеше бағыттарға топтастырылды. Атап айтқанда: ауыл шаруашылығына қатысты
республикалық және облыстық статистикалық жинақтар; аграрлық реформаның
ұйымдастырушылық-құқықтық заң актілері; республикалық, облыстық және
аудандық мерзімдік басылымдар мен ғылыми журналдар.
Деректік негіз ретінде мұрағат материалдары пайдаланылды. Атап
айтқанда, Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағаты Қ-5 (Қырғыз
АКСР-і Кеңестерінің Орталық атқару комитеті), Қ-279 (1927-28 жылдардағы
Қазауылодақ), Қ-2199 (01.12.1985-20.12.1990 жж. Қаз КСР-нің мемлекеттің
агроөндіріс комитеті), Қ-2270 (29.04.1991 жылғы Қаз КСР-нің Азық-түлік және
ауылшаруашлық министірлігі), Қазақстан Президентінің мемлекеттік мұрағаты Қ
– 5-Н (Аграрлық мәселлелер бөлімі), Қ-7 (Қаз КСР-нің халық шаруашылық
комитеті ), Қ-708 (Қаз КСР-нің мемлекеттің агроөндіріс комитеті), Жамбыл
облыстық мемлекеттік мұрағаты Қ-21, 150, 282, 399, 851), Оңтүстік Қазақстан
облыстық мемлекеттік мұрағатының (Қ. 40). Қызылорда облысытық мемлекеттік
мұрағатының 367-қоры, (Қызылорда облысының экономикалық комитеті), 585-
қоры, (Қызылорда облысының статистикалық және талдау басқармасы), 589-қоры,
(Қызылорда облысының ауыл шаруашлылық басқармасы) құжаттық деректері
пайдаланылды.
Аталған мұрағат қорларының құжаттары мен деректік материалдар авторға
зерттеу барысында кеңестік тарихнамадағы ауыл шаруашылығының бірлестіктері
мен агроөнеркәсіп кешеніне қатысты мәліметтерді талдап, оған ғылыми баға
беруге мүмкіндік жасады.
Сол сияқты зерттеу мақсатына сай Қазақстан Республикасының статистика
жөніндегі агенттігі және облыстық статистикалық басқарманың жылдық
есептері, Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігінің ағымдық
мұрағаттары (Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігінің 1991-
1995 жылдар кезеңіне берген есептік мәліметі. – Алматы, 1995.), Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитетінің хабарламалары,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк хабарламасы (23.07.2007 ж. (N 12208
1277), Облыстық ауыл шаруашылық департаментінің мәліметтері, Оңтүстік
Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы (Оперативтік мәліметтер
1994-2004жж.), Казақ ССР заңдарының Жинағы (1937-1968 жылдар) Алма-Ата,
1968) т.б. дерек көзі ретінде қолданылды.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастың даму барысы мен тәуелсіздіктің
өткен жылдарында ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен тың
ойларды түйіндеген мерзімдік басылымдардың Егемен Қазақстан, Заң,
Казахстанская правда, Предприниматель и права, Нұр-Астана, Жетісу,
Оңтүстік Қазақстан, Сыр бойы, Ақ жол Знамя труда газеттермен бірге
Международный сельскохозяйственный журнал, Қаржы-қаражат, Ақиқат,
Қазақ тарихы журналдарында қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын айқындайтын
құнды деректер жарияланады.
Сол сияқты мемлекет қайраткерлерінің еңбектері де тақырып мазмұнын
ашуда маңызды дерекcөз болмақ.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- Қазақстан Республикасындағы кедейшілік және жұмыссыздықпен күрестің
тарихи мәселелеріне теориялық талдау жасауда аграрлық реформалау
концепциясы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуға өзіндік ықпал
тудыратын ерекшелікті ескеруді қажет етеді;
- ауыл шаруашылығының жоспарлы шаруашылықтан нарық қатынас
жағдайдағы қайта құруды дамытудағы теориялық-әдістемелік мәселелері;
- агроөнеркәсіп саласындағы көп укладты экономиканың қажеттілігі,
оның рөлі, теориялық және әлемдік тәжірибедегі шаруашылық механизмін
жүргізудегі дамуына талдау;
- аграрлық реформаларды орындауда республиканың оңтүстік және
оңтүстік-шығыс аймағындағы жергілікті басшылықтар мен қоғамдық мекемелерді
құрылымдық жетілдіру бағыттары;
- жергілікті және аймақтың өзін-өзі басқарудың елімізде қалыптасқан
жүйесінің кешегісі және бүгінгісі сыни көзбен келгендегі жағдайларын
ауыл шаруашылығын халықтық мүдде тұрғысынан дамытумен байланыстыра
қарастыру;
- мемелекеттің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы жүргізген
аграрлық саясатының әлеуметтік бағыттарында жергілікті мемлекеттік
басқарумен жергілікті шаруашылықты басқару түсініктерінің аражігін
ажырата көрсету үшін тиісті заңнамалық құжаттарға талдау жасап, оларды
ұдайы жетілдіріп отыру керек екендігін дәлелдеу;
- ауыл шаруашылығын дамытуда жасалынған бағдарламаларда агроөнеркәсітік
кешенді дамытуда мемлекеттік қолдаудың басым бағыттарын айқындау;
- селолық өндірістік және өндірістік емес ауылшаруашылық
бірлестіктерінің тиімдірек модельдері ұсыну;
- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының жекеленген
аудандарындағы ауылшаруашылығы өндірісінде коммерциялық емес ұйымдар құру,
жерді бірлесіп өңдейтін қызмет етуші коммерциялық емес кооператив және
кооперативтік негізде техниканы бірлесіп пайдалану мен мал
дәрігерлік, несиелендіру жіне су пайдалануға арналған кооператив құрудың
тиімділігін көрсететін ұсыныстар дайындалды.
Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында ғылыми зерттеудің
әдістемелік негізін жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, тарихи
логикалық, жүйелік, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық негізін Қазақстан Республикасындағы аграрлық
реформалаудың қалыптасуымен жүзеге асуына байланысты ғылыми еңбектері мен
мақалалары және ондағы тұжырымдар, сонымен қатар, тарихи деректер мен
статистикалық мәліметтер және ұйымдық-құқықтық заң актілері құрайды.
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыстың негізгі
нәтижелері мен қорытындылары ғылыми монографияларда, Алматы, Семеи, Шымкент
қалаларында өткен халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық
конференцияларда баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұнына сәйкес 2 ғылыми
монография, 30 мақала Қарғызстан, Өзбекстанда жарық көретін басылымдарда
жарияланды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және
ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген 5 түрлі басылымда
10 мақала 3 шетелдік басылымдарда, сондай-ақ 17 мақала әртүрлі
республикалық басылымдар мен республикалық және халықаралық ғылыми
конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді.
Диссертация ҚР БҒМ ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих
және этнология институтының Қазіргі заман тарихы және ғылыми ақпарат
бөлімі мен Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің кеңейтілген
мәжілісінде талқыланып қорғауға ұсынылды (хаттама №3, 2009 жыл, 04 маусым).
Диссертацияның құрылымы. Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге
байланысты диссератциялық жұмыстың құрылымын кіріспе, 4 тарау және
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімі құрайды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың
өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері,
ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, хронологиялық ауқымы,
практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар көрсетілген.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы
аграрлық реформалауды зерттеудің теориялық-методологиялық негіздемесі,
тарихнамасы мен дерек көздері деп аталатын бірінші тарауда тақырыптың
теориялық-методологиялық мәселелері мен тарихнамасы қарастырылып, мәселенің
дерек көздеріне талдау жасалды.
Мәселенің теориялық-методолгиялық негіздемесі атты бөлімде зерттеу
жұмысына қатысты методологиялық ұстанымдар, тұжырымдар баяндалды.
Қазақстан Республикасының оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірімен өзге
аймақтардың сондай-ақ, нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түскен
бұрынғы посткеңестік елдердің постиндустриалды үрдіспен байланысты
аграрлық секторды реформалау барысындағы алда тұрған түйіндерін зерттеуге
түйінделген диссертациялық жұмыс мынадай бағыттарды топшалайды:
Біріншіден, жер өндірістің айрықша құралы болып табылады. Ол көлемі
жағынан шектеулі және тұрақты, жерді жасау мүмкін емес. Жердің экологиялық,
демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлары аймақта, облыстарда,
аудандармен әрбір жергілікті шаруашылықты орналастыруға, елді мекендерді
жоспарлауға, жерді пайдалану сипатына тікелей әсер етеді. Экономикалық
дағдарыс жағдайында, халықтың негізгі бөлігі кедейлене бастаған сәтте, ауыл
шаруашылығына арналған жерді жеке меншік деп тану.
Екіншіден, әлемдік тәжірибе ауыл шаруашылығыңдағы кез-келген түбірлі
экономикалық өзгерістер үшін өрісті, қажетті жағдайды жасап барып және
ерікті түрде, төмендегілердің бастамасы бойынша, жүзеге асырылуы тиіс
екендігін куаттайды.
Үшіншіден, қабылданған заңдар, кейде ешбір тиісті түсіндірусіз
тоқтатылып өте жиі өзгертулер енгізіліп, заңдылық және нормативтік
актілерде түрлі түсініктер келісілмей, қйыншылықтардың болуына жол берілді.
Төртіншіден, нарықтык экономикаға көшу жағдайыңдағы шаруашылық
жүргізу мен меншік қатынасының көп қырлы нысандардың қатар жүруін
қамтамасыз етуге тиіс. Меншік пен шаруашылық жүргізудің түрлі нысанын (ірі,
орта және шағын) қатар есептеу кажет, олардың аумақтары жалпылама бір
мақсатты, бірыңғай нарықтың инфрақұрылымы екендіктерінен туындайды.
Бір элементтің ролін арттыру, немесе керісінше, төмендету, бүкіл
ауылшаруашылық реформаларын жүргізу механизмінің бұрмалануына, экономикалық
өсу қарқынының төмендеуіне, қоғам өмірінің экономикалық, саяси, әлеуметтік
жағдайларының нашарлауына алып келеді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздемесі, зерттеу барысында
талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-
құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру, статистикалық өңдеу,
қисындылық сияқты жалпы ғылыми, философиялық, әлеуметтану (социология –
А.С), экономикалық салыстырмалау және негізінен тарихи зерттеу тәсілдері
қолданылды. Методологиялық мәселлелердің дұрыс қойылуы ғылымда оқиғалар мен
құбылыстарды шынтуайттылық тұрғыдан терең зерттеуге жол ашады. Маркстік-
лениндік методологияның ескіруіне байланысты бұл мәселе өзекті бола түседі.
Әрине, маркстік-лениндік методологиядан бас тартып, жаңа методологияны
қалыптастыру оңай міндет емес. Осыған орай методологиялық мәселелердің
кешегісі мен бүгінгісі жайында өз пікірімізді білдіріп, оның өзекті
тұтастарына тоқталуды мақсат еттік.
Методолияның анықтамасын беруде ресейлік тарихшы ғалымдардың
пікірлеріне де сүеніп қарастырдық. Оның себебі методологиялық зерттеулерде
олар біршама белсенділік танытып, дәйекті ғылыми көзқарастар білдірді.
Мәселен, В.В. Журавлев былай дейді: ...тарихи зерттеу методологиясы – бұл
тарихи білімді дүниеге келтіру және олардың қағидаларын реттеу. Методология
бұл тұста ғалымның қарамағындағы малай немесе құлдық ұруды талап етеін
патша емес. Яғни методологияны не істесем де өзім білемін деген қпғиданы
ұстанып, оны біржақты дәріптеуге немесе елеусіз қалдыруға болмайды. Нағыз
тарихшы ең алдымен өмір бойы методологиялық жағынан жетіледі. Ол ғылымда
жинақталған методологиялық қазынамен бірге өседі, ал соңғысы ғылымның күш
қайратының арқасында молаяды [3]. Ғылымда методологияны тарихи танымның
теориясы ретінде айқындайтын интерпретатция да кездеседі [4]. Сондай-ақ,
қазіргі кезеңде аграрлық мәселені зерттеуде тарихилық қағиданы (принцип –
А.С) басшылыққа ала отырып, өткен дәуірдегі билік органдарының жерге
байланысты ұстанымдарына назар аударылуы тиіс. Қағидалар дегеніміз –
ғылымның негізгі, жетекші ұғымдары. Олар тарихтың шынтуайтылық заңдарын
оқып-үйренуден туындайды, соның нәтижесі ретінде саналады және осы мағынада
заңдылықтар іспеттес болады [5].
Жалпы аграрлық қатынастар қоғамдық өмірдің маңызды саласы ретінде өз
бастауын басты элемент ретінде жер мәселесінің пайда болуынан қалыптасты.
Аграрлық сөзінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, ол agrarius деген латын
сөзінен шыққан, яғни жер иеленуге, жер пайдалануға қатысты дегенді білдірсе
[6]. Жер мәселесі кез келген қоғамда әлеуметтік күрес объектісі болған.
Аграрлық секторды реформалау мәселесін қарастыру барысы негізінен үш түрлі
ұғыммен тығыз байланысты: аграрлық қатынас, аграрлық саясат, аграрлық
мәселе. Жер иемдену мен жер пайдалану жағдайының өзгеруіне байланысты
аграрлық қатынаста өзгеріп отырады [7]. Аграрлық қатынастардың мәнін
мынадай негізгі элементтер айқындайды: Бірінші, жер, яғни адамзат
тіршілігінің басты қайнар көздерінің бірі – жер; Екінші, жерді өңдеушілер
мен өнім өндірушілер, яғни – шаруалар; Үшінші, агромәдениет, яғни жер
өңдеудің тәсілдері мен техникасы; Төртінші, әлеуметтік мәселе – аграрлық
өндірушілер мен қала тұрғындарының, ауыл мен селоның, өнеркәсіппен
ауылшаруашылығының өзара қарым-қатынастары [8].
Аграрлық немесе шаруалар мәселесі кез-келген қоғамда орын алады.
Аграрлық мәселеге жерге, ауыл шаруашылығына, шаруаларға қатысты мәселлелер
жатады. Аграрлық мәселенің мағынасы қоғамның әлеуметтік – саяси сипатына
және оның экономикалық даму заңдылықтарына байланысты өзгеріп отырады [7,
91-б]
Ал, аграрлық саясатқа келетін болсақ, аграрлық саясат – әлеуметтік
топтардың, партиялардың, өкіметтердің, жер, шаруа, ауыл шаруашылығы
жөніндегі саясаты [7, 95-б].
Сонымен аграрлық ұғымының мәнін ашатын негізгі мәселелерге тоқталдық.
Аграрлық мәселе, қатынастар, саясат әрбір жеке қоғамда оның әлеуметтік-
экономикалық даму ерекшеліктеріне, саяси жағдайына байланысты өзіндік сипат
алып, өзгеріп отырады. Жекелеген мемлекеттің ауыл шаруашылығының өркендеуі
оның аграрлық саясатына, мәселесіне, қатынастарына байланысты болады.
Енді мәселенің методолгиялық негіздеріне келсек мәселелердің дұрыс
қойылуы ғылымда оқиғалар мен құбылыстарды шынтуайттылық тұрғыда терең
зерттеуге жол ашады. Алайда жоспарлы экономика нарықтық экономикамен оп-
оңай ауыстырылады деуге болмайды. Біріншіден, нарықтық экономика тек
қажетті инфрақұрылымдар мен ұйымдар болғанда ғана жұмыс істейді, яғни
нарықтық құрылымдар, пәрменді қаржы ұйымдарының болуы, зандармен қамтамасыз
етілуі және икемді салық жүйесі болуы қажет. Мұндай элементтерді ендіру
кезіндегі қателіктер реформаны жеңіліске ұшыратады.
Екіншіден, нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуынсыз дамитын
құрылым деп қарауға болмайды. Керісінше, кей жағдайда нарықтық күштерді
реттеуге тура келеді. Экономикалық теорияда оны әлеуметтік нарықтық
экономика деп атайды. Бұл шарттар қандай? Біріншіден, бәсекелестік саясаты.
Реформаны адал бәсекелестікпен қамтамасыз ету. Монополизм мен түрлі
шектеу шаралары пәрменді нарықтық экономикамен қатар жүрмейді.
Сондықтан, Үкімет алғашқы өндеу және қайта өндеу секторларының тұрып
қалуына жол бермеуі керек. Нарықтық тұрақсыздық. Аграрлық рынок мынадай
себептерге байланысты тұрақсыз: ұсыныс ауа-райына немесе басқа да
себептерге байланысты өзгеруі мүмкін, ал талап тез ауысады, өйткені адамдар
өздеріне үйреншікті азықтық өнімдерден бірден бас тартпайды. Осы жерде
мемлекет маңызды рөлін атқарады: егер егіннің шығымсыздығынан немесе басқа
себептерге байланысты кей өнімдер базарда аз болса, онда қоймаларда,
тоңазытқыштарда олардың жеткілікті қоры болуы тиіс. Бұл өнімдер көтеріңкі
бағаға сатып алынып, кейін арзан бағаға сатылуы мүмкін, мұндай
жағдайда ортадағы айырманы мемлекет өз мойнына алады.Үшіншіден,
әділетсіздік және қайта бөлу. Теория бойынша, егер бәсекелестік
барлық жерде табиғи тепе-тендікке жетсе, онда тіпті табыстарды әділетсіз
бөлу кезінде де, экономика тиімді болуы мүмкін.
Аграрлық секторды зерттеуде шетелдік және отандық ғалымдардың
тұжырымдамалары, тарихнама мен дерек көздері деген бөлімде тақырыптың
зерттелу деңгейі талданып көрсетіледі.
Қазақстанның ауыл шаруашылығының тарихына көптеген жұмыстарда
үкіметтің жекелеген аграрлық саясатындағы мәселелер карастырылған. Мәселен,
республиканың аграрлық саласындағы қайта құрулар мен колхоз құрылысының
даму тарихына арналған Б.А. Төлепбаевтың, М.Т. Кенжебаевтың және Ж.
Жумабеков пен К. Нүрпейіс, Г. Халидуллин, Р. Исатаевтың ғылыми-зерттеу
жұмыстары бар. Онда ауыл шаруашылық өндірісінің даму мәселелерін қамтыған.
Зерттеу тақырыбының толық тарихнамасын игеру үшін, жалпы республикадағы
ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар мен ауылдың әлеуметтік-
экономикалық жағдайына көңіл аударғанды жөн көрдік.
Қазақстанның аграрлық дамуын талдауға жасалынған қадамдардың бірі
–деп К.А. Берденова, С.И. Иманбердиеваның Аграрная политика тоталитарного
государства как фактор кризисного состояния сельского хозяйства Казахстана
деген бірлескен зерттеуін атап өтуге болады. Бұл еңбекте 60-80 жылдар
аралығындағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығындағы дамуы тарихта сыңайы
қөзқараспен талдау жасалынған [9]. Бұл жұмыс жаңа тарихи принципі
тұрғысында жазылып, 60-80 жылдардағы бүкіл Кеңес Одағындағы аграрлық салада
етек алған тоқыраудың себептері айқындалған. Оның негізгі себептерін
зерттеушілер ауыл шаруашылығы саласындағы социалистік меншіктің орын
алуының аграрлық теория мен практиканың алшақтығы салдарлары ретінде
түсіндіреді. Ауыл шаруашылығын басқарудағы әміршіл - әкімшіл әдіспен
ұйымдастырылып, мемлекеттік ресми органдардын толық біржақты үстемдігіне
негізделгенін, ол жағдайда аграрлық салада ешқандай да нарықтық механизм
қажет еместігін айқындап берді. Әйтседе ғалымдардың зерттеуінде
тотолитарлық жүйе кезеңіндегі аграрлық өндірістегі келеңсіз мәселелерге
және олардың себептерін толық ашу әлі де жеткіліксіз деуге болады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, Кеңес өкіметінің ауыл
шаруашылығын басқаруда жүргізген саясатын арнайы зерттеп ортаға салған
еңбек. Осы тақырыпты ғылыми түрде зерттеуге үлес қосқан тарихшылар
С.Жолдасов [10], С.А. Байтілен, К. Рыспаев, Қ. Қ. Байсаринаның еңбектері
үлкен қызығушылық тудырады. Зерттеуші С.А. Байтілен Кеңес мемлекетінің
Қазақстандағы аграрлық саясаты; ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар
және дағдарыс (1965-1990 жылдар) деген тақырыпта жазылған докторлық
диссертациясында Кеңес қоғамының аграрлық салада ғана емес, қоғамның барлық
саласында дағдарыстық құбылыстар орын алғандығын атап көрсетеді [11].
Осыған байланысты, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Қ. Байсаринаның
Қазақстанда ауыл шаруашылығының дамуы: тарихы және сабақтары (1946-1965
ж.ж) деген такырыпта жазылған докторлық зерттеу жұмысында соғыстан кейінгі
жылдарда ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың басты бағыттары, оның
қайшылықты тағдыры, өмірге енгізілу әдісі, түрі мен тәжірбиелері сол
секілді аграрлық саясаттың ащы сабақтары, қиыншылыктары мен зардаптары
зерттеліп сарапталған [12]. Кеңес өкіметі тұсындағы ауыл шаруашылығында
жүргізілген реформалар, өндірісті ұйымдастыру мен ұйымдық шарауашылық
мәселелері, соның ішінде колхоз құрылысының тарихы жөніндегі мәселеге
объективті баға берген зерттеулер назардан тыс қалған жоқ. Осы тақырыптарға
ғылыми түрде үлкен үлес қосып жүрген тарихшы ғалымдар: Т. Медеуов [13], О.
Мұқатова [14], Б.Т. Берлібаев [15]. Аграрлық сектордағы меншік және
шаруашылык нысандардың қалыптасып дамуы, олардың тиімділігін арттыру
мәселесі сонау XX ғасырдың басынан-ақ Н.К. Кондратьев [16], А.В. Чаянов
[17] және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде көп мән берілген. Кең
көлемдегі материалдар арқылы мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын
реформалау және нарықтық мәндегі жаңа шаруашылық құрылымдарын құру жолдары,
олардың кызметін мемлекеттік реттеу тегеуріші көрсетіліп, аграрлық азық-
түлік нарығы, агробизнестің маркетингтік сфера мәселелері талданған.
Дегенмен, республика өңіріндегі аймақтардың табиғи, әлеуметтік-
экономикалық ерекшеліктерІне байланысты аграрлық қатынастарды қалыптастыру,
дамыту, олардың тиімділік мәселелері әлі де толық зерттелмеген. Ауыл
шаруашылығына тікелей қатысты шешімін таппаған мәселелердің барын жоққа
шығара алмаймыз. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың
негізіндегі жаңа ережесі – жерге меншіктік құқықтың болуы аса маңызды болып
табылады. Сондықтан, жер кодексінің мәні, сол заң арқылы ауылдың әлеуметтік
экономикалық жағдайының әсерін айқындайды. Қазіргі кездегі Қазақстаның
аумағындағы жер қатынастарының даму тарихы – бұл өте күрделі, әрі кызықты
да тақырып.
Реформалау үрдісінде қалыптасқан жерде меншік пен шаруашылық жүргізу
түрлерін талдау мен жер катынастарын жетілдіру мәселелерінің маңыздылығы
сөзсіз. Аталған мәселе бойынша іс жүзінде әлі де толығымен зерттелмеген
деуге болады. Алайда, бұл тақырып көптеген ғалымдарды, саясаткерлердің
ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дәлел ретінде, бірқатар жазбаша қайнар
көздерді, археология мен тарихтық мәліметтерді айтуға болады. Қазақстанда
феодалдық жер қатынастарын дамуын көптеген қазақстандық және шетелдік
ғалымдардың тұжырымдары сарапталынып ғылыми айналымға енгізілді.
Осы тұрғыда, тарихи зерттеулер мен әлемдік тәжірибе қоғамдық еңбек
бөлінісі қоғамның өндіргіш күштері дамуының міндетті салдары ретінде, бір
жағынан, өндірушілердің мамандануын объективті түрде білдірсе, екінші
жағынан, олардың арасындағы кооперацияға түрткі болатынына дәлел келтіреді.
Сөйтіп ол өндірістік қатынастарды одан әрі дамыту мен жетілдіру үшін
қосымша мүмкіндіктерді аша түсті. Материалдық өндірістің барлық салаларына
тән осы жалпы заңдылық әсіресе ауыл шаруашылығында айқын көрінеді, өйткені
оның айрықша ерекшеліктеріне байланысты аталған үрдістер көбіне өзара
байланыста және үндестікте дамиды.
Тарихта белгілі болғандай жеке, ұжымдық және қоғамдық мүдделерді
біріктіре отырып және еңбектін тың өндіргіш күшін жасай отырып, кооперация
өндірістің жедел әрі тиімді дамуын қамтамасыз еткендігі еді. Сондықтан
агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі жаһандық қаржы дағдарысында ауылшаруашылық
тауарларын өндірушілердің басым көпшілігінің зиянмен жұмыс істеуде, сондай-
ақ оларды қажетті материалдық-техникалық және қаржы ресурстарының шектеулі
жағдайында аграрлық экономиканың осы аса маңызды саласын тұрақтандыру
өміршеңдігі мен тиімділігі ұзақ тарихи тәжірибемен нақтыланған
ауылшаруашылық кооперациясын өркендету және дамыту жолымен жүрмек.. Тұтыну,
ауылшаруашылық, несиелік және басқа кооперативтік бірлестіктердің шығуы
олардың пайда болу табиғаты мен дүниедегі кооперативтік қозғалыстың
экономикалық мәнін теориялық тұрғыдан түсіндіруді қажет етті. Кооперация
теоретиктері ең алдымен кооперация феноменіне теориялық анықтама беріп,
оның капиталистік құрылыс жүйесіндегі, сондай-ақ қоғамдық шаруашылықтың
социалистік нысанындағы орнын белгілеуге тырысты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдамасын топшылай келе
Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңда аграрлық салада жүргізілген
реформа нәтижесін екі тұрғыда баға беруге болады: біріншіден,
агроөнеркәсіптік өндірісте көпукладтылық қалыптасты, шаруашылық
субъектілеріне толық дербестік беріліп, олардың өз қызметтерін жүзеге
асыруына және өндірген өнімдерін бөлуіне мүмкіндік жасалынды, нарықтық
қатынастардың дамуы бір орталықтан басқару жүйесін толықтай дерлік
әлсіретті; екіншіден, асығыс жүргізілген институционалдық өзгерістер,
экономикалық қатынастардағы салааралық диспаритеттің (теңсіздіктің) күшеюі,
агроөнеркәсіптік интеграция мен кооперативтердің дамуы үшін жағдай жасаудың
орынына ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші және қызмет көрсетуші
кәсіпорындарды жекешелендіру, ауылдық тауар өндірушілердің басым бөлігінін
ұсак, жеке өндіріске бағыт ұстауы нәтижесінде барынша тиімді ұйымдық
құрылымдардың қалыптаспауы, қажетті инфрақұрылымды қалыптастырмастан
нарықтық қатынастарға өту ауылдық тауар өндірушілердің негізгі бөлігін
нарықтан ығыстыруға, өнімдерді бөлу функциясының делдалдарға өтуіне,
өңдеуші және сауда ұйымдарының нарықтағы монополиялық жағдайының күшеюіне
алып келді.
Біз қарастырып отырған аймақтардағы аграрлық секторды зертеуге қатысты
мерзімді басылымдарда жарияланған дерек көзеді мәтін-деректер болып
табылады. Олардың қатарынада жарияланған аграрлық салаға қатысты заң
актілері, статистикалық агенттіктер мен облыстық ауыл шаруашылық
департаменттерінің мағлұматтары т.б. Осыдан барып мәтін- деректерде зерттеу
нысанына сай келетін дерек көздерін зерттеу тәсілдері мен талдау әдістерін
қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл аграрлық секторды реформалауды тарихи
зерттеулер мен деректанулық ғылыми методологиясының теориялық негіздерін,
деректермен жұмыс істеу тәсілдерін ұштастыра отырып ортақ заңдылықтарын
топшалау қажеттігі туындайды. Бұл барлық ғылымдарға ортақ құбылыстар мен
ағымдардың мәнін және шынтуайттылық заңдылықтарын танып білу
қажеттілігінен екендігі белгілі. Газеттер мен журналдарды талдаудың
ерекшеліктері олардағы жазба деректердің күрделілігіменен өзіндік орнына
қарай екіге бөлуге болады. Бірінші мерзімді басылымдардың әр алуан жазба
деректердің түрлерімен. Мысалға, ауыл шаруашылық министірлігі мен облыс,
аудан әкімдерінің жылдық есептері т.б. Екінші әлеуметтік мазмұны жағынан
тегі бір деректер. Мысалға алсақ, Қазақстан Республикасының Статистикалық
комитетімен облыстық статистикалық ақпараттық мағұлыматтары.
Зертеу тақырыбына байланысты дерек көзі ретінде қазіргі кезеңдегі
нарықтық қатынастың даму барысы мен тәуелсіздіктің өткен жылдарында
ауылшаруашылығының өзекті мәселелері мен тың ойларды түйіндеген мерзімдік
басылымдар қатарына Егемен Қазақстан, Заң, Казахстанская правда,
Предприниматель и права, Нұр-Астана, Оңтүстік Қазақстан, Сыр бойы,
Кзылординские вести, Ақ жол Знамия труда, Жетісу газеттерімен
бірге Международный сельскохозяйственный журнал, Қаржы-қаражат,
Ақиқат, Қазақ тарихы журналдарында қоғамдық-саяси үдерістің мазмұнын
айқындайтын құнды мәліметтер мәтін-дерек көздері ретінде пайдаланылды.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстандағы мемлекеттік аграрлық
саясат деп аталатын екінші тарауда Ауылшаруашылығы – ел экономикасының
негізгі буыны, ежелден бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының
жақсаруы, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуы негізінен
ауыл шаруашылығына тікелей байланысты екендігі, ауыл шаруашылығында қазіргі
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайы ғылыми тұрғыда терең зерттеуді,
саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар
мен байыпты тұжырымдар жасауды талап етіп отырғандығы айтылады. Мұның өзіне
тән тарихи, демографиялық және экономикалық себептері де бар. Жалпы олар –
аграрлық сектордың кеңестік экономиканың кембағалдығынан көрген зардабы,
нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде кездескен қиындықтардан көрген залалы.

Еліміздің тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін, қазақ халқының алдағы
тұрған өзекті де күрделі мәселесінің бірі ауыл шаруашылығын дамыту
болғандығы ақиқат. Оған негізгі себеп, ауыл шаруашылығында экономиканың
өзгеде саласы сияқты нарықты қатынастарға негізделген басқару жүйесін
қалыптастыруға деген қажеттілік туды, олай дейтініміз социалистік кезеңде
болған құрылымдар енді нарық талаптарына жауап бере алмады.
Нарықтық экономикаға өту барысында ауыл шаруашылығы саласында
меншіктің әр түрін қалыптастыру, тауар өндірушілерге еркіндік беру,
кәсіпкерлікті дамыту бағытында күрделі мәселелердің тұрғаны белгілі.
Сондықтан, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін нарықты экономикаға
икемді өнім өндіруші жеке тұлғаларды қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор.
Соның ішінде, шаруа (фермер) қожалықтары басқа шаруашылықтарға қарағанда
еркін, шағын және сапалы өнім түрін шығаруға едәуір қолайлы болып келеді.
Оны шетел тәжірибелерінен анық көруге болады.
Ауыл шаруашылығы АӨК өндірушілері қоғамның экономикалық өмірінің басқа
субъектілерімен, әсіресе нарықтық қатынастағы әріптестерімен бірдей
жағдайда емес еді. Олар бір-бірінен алыс жатқандықтан ақпарат
жетіспеушілігін сезінеді. Олардың тағдыры көбінесе табиғат жағдайларына
байланысты, сондықтан, саяси құрылымы мен әлеуметтік-экономикалық
жағдайларға қарамастан, әр мемлекет ауыл шаруашылық тауарларын
өндірушілерге белсенді қолдау көрсетуі қажет болды.
Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру ісі қалыптасқан тарихи
шаруашылықты аймақ болатын. Себебі, Қазан төңкерісіне дейін қазақ ауылының
98,8 пайызы ауыл шаруашылығымен айналысса [18] болса, 1992 жылы ауыл
тұрғындары 43,3 пайызды құрады. Мұнымен қатар, біздің ойымызша, қазіргі
кезең азық-түлік пен ауыл шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Бақылау диктанты
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Қазақстан территориясындағы кедендік істің қалыптасу және даму тарихы (1868-1917 жж.)
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу, педагогикалық инновацияның критерийлері
Оқушыларыға ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы
Кәсіпорындағы “Қызметкерлерді басқару” ішкі жүйесін жасау
Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық саясаты
Пәндер