Windows терезесінің құрылымы


№9 Билет
1. Ақпараттық модельдеу. Модельдеу қолданбалы есептерді шешу әдісі ретінде. Ақпаратты модельдеуді туралы негізгі түсінік. Объектілер арасындағы байланыс.
2. «Операциялық (амалдық) жүйе» атты сабақты оқыту әдістемесі.
1. Ақпараттық моделъ (Информационная модель)
1) басқару жүйесінде - автоматтандырылған өндеуге жататын акпарат айналымынын процесін параметрлік ұсыну;
2) мәліметтер базасында тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы катынастарды математикалық және программалық тәсілдермен үсыну; акпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдык баяндау.
Ақпараттық модельдердің басқа да ақпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, кабырға -яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі "физикалык" тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі кемегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттык модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық тендеу формуласы қалай және кайда жазылғандығына қарамастан квадраттык теңдеу формуласы болып қала береді.
Модель бұл:
- нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
- заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті;
- табиғат пен коғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
- жұмыс істеуі аныкталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұксас физикалык/ақпараттық аналогы;
- анықталған шарттарда түпнұска объектінің бізді қыщықтыратын касиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;
модельдеу мақсаты тұрғысынан окып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жактарын бейнелейтін жана объект.
Ақпараттық модель - модельденуші объектінің акпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.
Моделъдеу - бұл:
- накты бар объектілсрдің (заттар, кұбылыстар, процестер) модельдерін құру;
- нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;
- таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.
Модельдеу кез-келген максатқа бағытталған кызметтің ажырамас бөлігі.
Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.
Накты кызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:
- материалдық заттарды бейнелеу;
- белгілі фактілерді түсіндіру;
-болжамдарқұру;
- зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;
- болжау;
- баскару және т. с. с.
Модельдеу қолданбалы есептерді шешу әдісі ретінде
Кез-келген практикалык колданбалы есептердің шешілуі барлық уакытта зерттеумен, кейбір объектілерді (материалдық/акпараттық) түрлендірумен, баскарумен байланысты.
Демек, модельдеу максатының табиғаты екіжақты: бір жағынан зерттеу есебіне байланысты объективтілігі, кызығушылыққа, қызметтік мотивке тәуелді түзетілетініне байланысты субъективтілігі.
Бір объект үшін бір субъекттің түрлі есептерді шешуіне және модельдеу мақсатына байланысты бірнеше модель құруы мүмкін .
Бір ғана модельдеу есебі үшін бір объекттін түрлі субъектілерінің түрлі модельдер қүруы мүмкін.
Модельдің түрі және оньвд кұрылуы субъектінің біліміне, тәжірибесіне, жеке кызығушылыктарына байланысты.
Бір объектінің негізінде түрлі модельдеу мақсатына байланысты түрлі есептерді шешілетін субъектінің бірнеше модельдер құру мүмкіндігі бар. Модель түрін тандау, кұру субъектінің біліміне, тәжірибесіне, жеке қызығушылығына тәуелді
2-сурет. Модельдеу максатынын модель субъектісіне және шешілетін есепке тәуелділігін керсету схемасы
Модельдеу - казіргі заманғы ғылыми танымнын басқарушы принципі. Адам таным затын оның барлык процестерінде толык кере алмайды. Сондықтан ол объектінің өзінің алдында түрған мәселені шешуге кажетті жағын тануға ұмтылады.
Модельдеу субъект алдында тұрған модельдеу мәселесін шешкенде ғана өз мақсатына жетеді.
3-сурет. Бір объектіге бір субъекттің бірнеше модель кұру мүмкіндігін көрсететін схема.
Модельдеу ғылымы келесі принциптерге сүйенеді:
- редукционизм принципі ~ күрделіні қарапайымдандыру мүмкіндігі.
- эволюция принципі - барлык формалар біртіндеп төменгі формалардан дамиды. Төменгі формалар күйін талдау арқылы жоғары формалар күйін болжауға болады;
- рационалдық принципі ~ әлемнің накты объектілерін логиканың, математиканың көмегімен тануға болады.
5-сурет. Бірнеше субъектілердің бір обьектіге тұрлі модельдер құру мұмкіндігін көрсететін схема
объект
Модель кұру нәтижесінде аныкталған катынастарда негізгі объектімен сәйкес келетін жаңа объект кұрылады. Жаңа объектінің модельдеу объектісі болу мүмкіндігі бар. Демек, әрбір объекті түрлі модельдерге ие. Натижесінде кейбірі басқа объектілердін модельдері болатын объектілердін шексіз жиыны алынады. Осы жиын мен оның элементтері арасындағы касиеттерді карастырамыз.
Теория жүзінде объектілер мен модельдер жиынында:
- объект пен баска объект арасында;
- объект пен оның моделі арасында;
- объект пен басқа объект моделінің арасында;
- модель мен модельденуші объект арасында;
- модель мен баска объект арасында;
- модель мен объектінің баска моделінің арасында модель мен баска объектінін моделінің арасында қатынастар болуы мүмкін.
Объект пен онын модельдері арасындағы катынастары касиеттер аркылы сипатталады.
Модельдің ен басты касиеті модельдеу максатына байланысты кейбір катынастардын модельдеу объектісіне ұксастығы болып табылады.
Математикада ұксастык катынасы симметриялык, рефлексивтік, транзитивтік касиеттермен өрнектеледі.
Симметриялылык. Негізгі объектіні оз моделінің сәйкесті моделі ретінде карастыруға болады.
Транзитивтік. Объект моделіне құрылған модель, негізгі объектінің моделі болады.
Рефлексивтік. Объект өзінін дәл моделі бола алады.
Кез-келген зерттеу объектісін кейбір касиеттерде бір бүтінді бейнелейтін өзара байланысты элементтер тобынан кұралған жүйе ретінде карастыруға болады.
Бір жүйенің әрбір элементіне баска жүйенін әрбір элементі сәйкестенетін (және керісінше) өзара бірмәнді сәйкестігі бар екі жүйе изоморфты деп аталады.
Бір жүйенің әрбір элементіне баска жүйенің элементі сәйкестенетін (керісінше емес) өзара бірмәнді сәйкестігі бар екі жүйе гомоморфты деп аталады.
Модельдеуге катысты келесі жүйелердін изоморфтылығы мен гомоморфтылығы туралы айтуға болады:
Бір объектінің бір-біріне изоморфты екі түрлі моделі объект туралы бірдей акпарат береді.
2.
Әрбір компьютерлік бағдарлама амалдық жүйенің қызметтерін пайдаланады, сондықтан өзі үшін осы қызметтерді қамтамасыз ете алатын амалдық жүйенің басқаруымен ғана жұмыс істей алады. Осылайша, амалдық жүйені таңдаудың маңызы өте зор, өйткені сіздің өз компьютеріңізде қандай бағдарламалармен жұмыс істей алатыныңызды тек сол ғана анықтайды. Амалдық жүйені таңдауға сіздің жұмысыңыздың өнімділігі, мәліметтеріңіздің қорғалу деңгейі, қажетті аппараттық жабдықтар да тәуелді.
Бертінге дейін пайдаланушылардың жұмыс орны ретінде қолданылып келген IBM PC типті компьютерлерде MS DOS амалдық жүйесі орнатылатын. Қазір біз көбінесе Windows 98, Windows NT, Windows 2000 және Windows XP амалдық жүйелерімен істес боламыз.
Windows XP - бұл бұрыннан бар Windows нұсқаларының жаңартылуы болып табылатын Microsoft амалдық жүйесі. Windows XP екі нұсқасы бар: жеке пайдаланушыларға және шағын кәсіпорындар мен мекемелерге арналған
Windows XP Home және неғұрлым күрделі есептеулерді жүргізуге арналған недәуір жетілдірілген Windows XP Professional.
Windows (тікелей аударғанда-терезелер) бейне беттің терезелерге бөлінуі арқасында осындай атауға ие болды. Әрбір терезе іске қосуға болатын қандай да бір ақпараттан, кескін немесе бағдарламадан тұрады. Бейне бетте бір мезгілде бірнеше терезе орналастырып қойып, бірінен біріне ауысып жүруге болады. Windows XP пайдаланушы қажеттіліктеріне недәуір бейімделген, оның тілдесуі недәуір қызықты, алдыңғы жүйелермен салыстырғанда мүмкіндіктері недәуір кеңірек. Әдетте жүйе бір мәселе шешімінің үштен артық нұсқасын ұсынады. Алдыңғы нұсқаларда амалдық жүйені қиын жағдайдан шығару үшін компьютерді <Ctrl>+<Alt>+, <Delete> пернелерін басу арқылы қайта қотару қажет болатын. Windows XP амалдық жүйесінде осы мәселені дәл сол пернелерді басу арқылы ашылатын Тапсырмалар реттегіші көмегімен шешу ұсынылады.
Windows амалдық жүйесі және SCO Unix, Solaris немесе DOS сияқты коммерциялық АЖ басқа, Linux (Линукс) амалдық жүйесі де бар.
Linux АЖ ашақ жүйелер стандарттарын қолдайды және Unix, DOS, MS Windows жүйелерімен бірге қолданыла алады. Бастапқы мәтіндермен қоса, жүйенің барлық құрамдас бөліктері еркін көшіруге және саны шектеусіз пайдаланушылар үшін орнатып пайдалануға берілетін рұқсатпен бірге таратылады.
Linux басқаруымен сан алуан, кәдімгі дербес компьютерлер мен ноутбуктардан бастап, көп процессорлы өнеркәсіп серверлері, кластерлік есептеуіш кешендер, PDA және IBM компаниясы шығаратын қол сағаттарына дейінгі электронды жүйелер жұмыс істейді. Linux-қауіпсіз жүйе. Linux-ке лайықталған вирусқа қарсы бағдарламалардың барлығы серверлік болып табылады және Windows-машиналарда тіршілік ететін Windows-вирустарын аулауға арналған. Әйтсе де, Linux амалдық жүйке негізінен әмірлік режимде жұмыс істейтіндіктен, оны катардағы паидаланушылар сирек колданады.
Жұмыс үстелі және оның құрылымы.
Жұмыс үстелі - құжаттарды және олармен жүмыс істеуге арналған негізгі қүралдарды қамтитын Windows-тың негізгі элементі. Жүйе қотарылған кезде сіз оны бәрінен бұрын көресіз.
Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері: белгішелер, лақаптар, үстелдер, мәзірлер, қалталар орналасады (рис. 2. 1. ) .
Стандартты көріністе Жұмыс үстелінде Менің компьютерім, Себет, Желілік орта, Internet Explorer терезелерінің белгішелері, Тапсырмалар үстелі, Бастау* батырмасы орналасады.
Менің құжаттарым- пайдаланушының құжаттарын қамтиды.
Internet Explorer - Internet - беттерін қарап шығуға арналған бағдарламаны қамтиды.
Менің компью терім - дискілер және ақпаратты сақтауға арналған қосымша құрылғылар тізімін қамтиды.
Желілік орта - желіге қосылған компьютерлер тізімін көрсетеді.
Себет -жою кезінде қате әрекеттер жасалған жағдайда қайта қалпына келтіруге болатын жойылған нысандар тізімін қамтиды. Басқаша айтсақ, Себет - файлдар мен қалталарды жою кезіндегі қосымша қауіпсіздік құралы.
Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бастау батырмасы, жылдам іске қосу тақтасы, тапсырмалар тақтасы, индикаторлар тақтасынан тұратын жолақ орналасқан.
Бастау батырмасын басқаннан кейін бағдарламаларды іске қосуға, құжатты ашуға, жүйе баптамаларын өзгертуге, анықтамалық мәліметтер алуға, қажетті файлдар табуға және т. б. мүмкіндік беретін Windows Бас мәзірі ашылады.
Классикалық Windows Бас мәзірі мынадай әмірлерді қамтиды: Бағдарламалар, Құжаттар, Баптау, Іздеу, анықтама, Орындау.
Бұлардың әрқайсысы белгілі бір қызмет атқарады.
Бағдарламалар әмірі компьютерге орнатылған бағдарламалар тізімін көрсетеді және оларды қосуға мүмкіндік береді.
Құжаттар әмірі жақында ашылған құжаттар тізімін көрсетеді.
Баптау әмірі жүйенің бапталуы өзгертілетін құрамдас бөліктерінің тізімін көрсетеді.
Іздеу әмірі файлдарды, қалталарды немесе пошталық хабарламаны іздеуді жүзеге асырады.
Анықтама және қолдау әмірі анықтама жүйесін шақыруға мүмкіндік береді. Егер қандай да мәзірде әмір соңында көп нүкте тұрса, бұл оны шақырған кезде қосымша параметрлер көрсетілетін сұхбат терезесі ашылатынын білдіреді.
Бастаулары өзгертілгенде Бас мәзір сәл басқаша әмірлер тізімін қамтуы, ал олардың атауы сәл өзгеше болуы мүмкін, алайда олардың қызметі бұрынғы қалпында қала береді. Пайдаланушы Бас мәзір тізімін недәуір жиі қолданылатын бағдарламалар және құжаттармен толтыра алады.
Жылдам іске қосу үстелінде әдетте недәуір жиі қолданылатын бағдарламалардың лақаптары орналасады, оларды іске қосу үшін лақапты бір ретшертсе жеткілікті.
Тапсырмалар үстелінде дәл қазір ашық тұрған терезелер мен іске қосылған Windows бағдарламалары туралы ақпарат көрініс табады.
Индикаторлар үстелі дәл қазір іске қосылып тұрған бағдарламалардың бір бөлігін, сондай-ақ жүйелік уақытты көрсетеді.
Windows терезесінің құрылымы
Windows амалдық жүйесінің негізгі нысаны терезе болып табылады. Терезе - бейне беттегі жиектермен қоршалған тік төртбұрышты аймақ.
Windows жүйесінде жұмыс істегенде, бірнеше терезені бірден ашып қойып, Тапсырмалар үстеліндегі батырмалар көмегімен ауысып жүруге болады. терезелердің барлық алуан түрлілігін төрт топқа бөлуге болады: қалталар терезелері, қосымшалар терезелері, сұхбат терезелері, анықтама терезесі.
Терезелерді қалай басқарамыз?
Тінтуірдің және басқарушы батырмалардың көмегімен сіз терезенің көлемін және орналасқан орнын оңай өзгерте аласыз.
батырмасын шертіп, құжат немесе қалтаны жабуға, қосымша (бағдарлама) жұмысын аяқтауға болады.
(Барынша кішірейту)
батырмасы терезені
Жұмыс үстелінен
алып тастап, тек
Тапсырмалар үстеліндегі
батырмасын ғана қалдырады. Бірақ қосымша ашық болып қала береді және орындалуы жалғасады. Терезені тапсырмалар үстеліндегі өзіне сәйкес батырманы шертіп немесе
<Alt>+<Tab>
пернелерін басып, бейне бетке қайта шығаруға болады.
Терезені толық бейне бетке көрсету үшін тақырыптың оң жағындағы
Барынша үлкейту
батырмасын немесе тақырыптың өзін екі рет шертіңіз.
Толық бейне бетке шығарылған терезедегі
Барынша үлкейту
батырмасы
Терезені толық бейнелеу
батырмасына ауысады. Осы батырманы басқанда терезе толық бейне бет режимінен терезе режиміне қайта оралады.
Терезенің көлемін өзгерту үшін терезенің жиегін шерту қажет (егер терезе көлемі өзгертіле алатын болса), тінтуір көрсеткіші егер тінтуір терезенің көлденең не тік жиегін көрсетіп тұрса, екі жақты көрсеткіге: ”! немесе • !, алтерезе бұрышын көрсетіп тұрса, \ немесе с? таңбаларына айналады. Тінтуірдің сол жақ пернесін басып, терезе жиегін (немесе жиектерін) жаңа орынға апарыңыз да, тінтуір батырмасын жібере салыңыз.
Терезенің бейне бетке орналасуын өзгерту үшін жүгіргіні терезенің тақырып жолағына апарып, тінтуірдің сол жақ батырмасын басып, ұстап тұрып, терезені жаңа орынға апарыңыз да, тінтуірдің батырмасын жібере салыңыз.
Windows көп тапсырмалы жүйе болып табылады, сондықтан бейне бетке бір мезгілде бірнеше бағдарламаның терезелері орналасуы мүмкін. әрбір уақыт мезетінде тек бір терезе ғана белсенді, ал қалғандары белсенді емес болады. Белсенді терезенің тақырыбы бір түспен (әдетте көк), ал белсенді емес терезелердің тақырыптары-басқа түспен (әдетте ақ) ерекшеленеді.
Пернетақтадан нышандарды енгізу белсенді терезеге қатысты орындалады. Белсенді терезе әрқашан басқаларының үстінде орналасады.
Кез келген уақыт мезетінде сіз бір белсенді терезеден басқасына өтуіңізге болады. Windows осындай ауысудың бірнеше тәсілін ұсынады.
- егер терезе бейне бетке көрініп тұрса, тінтуірмен осы терезенің кез келген тұсын шерту қажет.
- Егер қажетті терезеТапсырмалар үстелінеоралып тұрса, тінтуірмен оның атауын шерту керек.
- Пернетақтаны пайдалануға болады: (Alt) пернесін басып ұстап тұрып, бейне беттің орталығында қажетті терезе атауы пайда болғанға дейін (Tab) пернесін баса беріңіз. Қажетті атау пайда болған кезде пернелерді жібере салыңыз.
- Ең соңында, қажетті терезеге жеткенге дейін, бағдарламаның келесі терезесіне өткізетін (Alt) (Esc) пернелерін басу қажет.
Қалыпталған бағдарламаларды іске қосу
Windows қалыпталған бағдарламаларына мыналар жатады: Блокнот, Word Pad мәтіндік өңдегіштері, Paint сызбалық өңдегіші, Есептегіш бағдарламасы және басқа да қосымшалар жатады.
Бұл бағдамаларды іске қосу бірдей алгоритммен жүзеге асырылады: Бастау мәзірі - Бағдарламалар - Қалыпталған - тізімнен өзіңізге қажетті бағдарламаны таңдаңыз.
Блокнот бағдарламасы - қарапайым құжаттарды жасауға арналған күрделі емес мәтіндік редактор. Көбінесе Блокнот бағдарламасы шағын мәтіндерді теру, . txt кеңейтілуі бар мәтіндері қарап шығу және өңдеу үшін қолданылады, бірақ көптеген пайдаланушылар оны веб-беттерін жасау үшін қарапайым аспап ретінде қолданылып жүр.
WordPad мәтіндік өңдегіші көмегімен қарапайым мәтіндік құжаттармен қатар, күрделі пішімді және суреттері бар құжаттарды да әзірлеп, өңдеуге болады. Алайда, MS Word-пен салыстырғанда, бұл бағдарламаның мәтінмен жұмыс істеу мүмкіндіктері азырақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz