Бухгалтерлік программа



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Бағдарлама және бағдарламамен қамтамасыз ету ұғымы (Понятие программы и
программного обеспечения).
Программамен қамтамасыз ету дегеніміз – компьютерде белгілі бір
үлгіперді орындайтын,оларды орындауға септігін тигізетін техникалық
программалық кұжаттамалар жиынын қоса алғандағы программалардың жиынтығы.
Барлық программалық құралдардың жиынтығы мен олардың қажет ететін,
компьютерде қолданылатын деректерін әдетте Software деп жиі атайды
(Software – программалық қамтамасыз ету, Soft – жұмсақ, ware - өнім, яғни
жұмсақ өнім), аппаратгық құралдардың жиынтығы – hardware (hardware –
аппараттық құрал, hard – қатты).
Кез келген нақты компьютерде аппараттық және программалық құралдардың
нақты жиыны, сондай-ақ олардың ресурстарьш қалыптастыратын әр түрлі
деректер болады.
Программалық қамтамасыз ету әр түрлі қызмет салаларындағы есептеуіш
жүйені пайдалануға бағдарланған әрі ол алға қойылған міндеттерді уақтылы
және баламалы шешуді қамтамасыз етуі керек. Бұл программалы етудің
компоненггерін әзірлеуге қойылатын талаптарды сақтаудың қажетгілігін
тудырады. Бұл талаптардың негізгілеріне мыналар жатады: модульдігі, өсуі
мен дамуы; сенімділігі, болжанатыны (предсказуемость), қолайлы болуы,
эргономикалығы, икемділігі, тиімділігі, үйлесімділігі.
Пайдаланушыға берілетін мүмкіндіктердің жүзеге асырылуы үшін
программалық жүйе модульдық құрылымға ие болуы керек. Үлкен жүйені шолып
талдауға келетіндей етіп жекелеген бөліктерге белу құруды (разработка)
оңайлатады, бірақ жұмыстың өте дәл ұйымдастырылуын талап етеді. Оған қоса,
басқа да қалған талаптарды сапалы жүзеге асуру кеп жағынан модульдық
талабының дұрыс сақталуына байланысты болады.
Әдетте программадағы деректерді өңдеу бойынша функцияның орындалуы
үшін белгілі бір көмекші информация қажет. Іліктес, яғни ілік-шатыс
(родственных функции) функциялардың орындалуы үшін әдетте бір емес, бірнеше
өзара байланысты программалар әзірленді.
Информацияны өңдеудің іліктес (ілік-шатыс) функцияларының орындалуын
қамтамасыз ететін өзара байланысты программалар тобын және осыған қажетті
көмекші деректер жиынын программа дестесі (пакетом программ) немесе
программалық жүйе деп аталады.
Жаппай тираждау мақсатында жасалатын программа немесе программа
дестесі (пакеті) программлық өнім, деп аталады.
Дестені немесе программаны жұмыс жағдайына келтіру үшін орындау
процедурасын, инсталляции (instal – орнату), қажет, яғни программалар
деректері сол сәттегі құжаттамаларда баяндалған ереже бойынша жұмыс істей
алатын жағдайларға орайластыру үшін (для их развертывания) дестенің тек
заңды иесі ғана өзінің орнатқанын (установка) орындауға мүмкіндік беретін
арнайы кодты білуі қажет.
Іс жүзінде программалық өнімдердің пайдаланылуына қарай олардың
кемшіліктері, пайдаланылмаған мүмкіндіктері, содан соң, әзірлеу кезінде
байқаусызда кеткен қателіктер анықталады. Өндіруші фирмалар өзіне кеп
түскен мұндай информацияны ескере отырып, шамалары келгенше елге танылып
үлгерген өнімге тиісті өзгертулер енгізеді. Бұл өзгертулер қолданыстағы
программалық өнімнің модификациялары мен нұсқаларының пайда болуы түрінде
көрінеді.
Программалық қамтамасыз етудің құрылымы. Бүгінгі танда программалық
қамтамасыз етудің үш тобын бөліп көрсетуге болады: жүйелік,
инструментальдық және қолданбалы. Программаны осылайша үш топқа бөлудің өзі
шартты түрде ғана болады, мәселен, жүйелі сипатындағы программаға мәтін
редакторы да, яғни қолданбалы сипатгағы программа да кіруі ықтимал.
Жүйелік программа деректерді өндейтін компьютерлік технологиялардың
барлық түрін пайдалану барысында орындауға тура келетін көмекші
(вспомагательной) жұмыстардың көбісін аппаратгық құралдармен
автоматтандырады. Жүйелік программа тобына операциялық жүйе, операциялық
қоршам (оболочка), архиватор, антивирустық программа және т.б. кіреді.
Инструментальдық программаны қамтамасыз ету адам қызметінің әр түрлі
салаларында қолданылатын программаның барлық ықтимал дестелерін әзірлеуде
қолданылады.
Инструментальдық программа тобына мыналар кіреді: программа мәтінін
машина тіліне аударуды жүзеге асыратын әр түрлі алгоритмдік тілдердің
трансляторы; программаньщ жекелеген бөліктерін біріктіріп, бір бүгін тұтас
ететін байланыстырушы редакторлар, сондай-ақ жөндеуші - оның көмегімен
программаны жазу барусында кеткен қателіктер табылып, жойылады; ыңғайлы
жасалуы үшін жоғарыда аталған компоненттерді біріктіретін әзірлеушілердің
интеграциялық ортасы.
Қолданбалы программа немесе қосымша - бұл деректерді өндеудің
информациялық технологиясы қолданылатын белгілі бір саладағы міндеттерді
немесе міндетгер тобын шешуге арналған программа.
Қолданбалы программамен қамтамасыз ету қолданбалы программистер
қызметінің түпкі мақсаты әрі бір мезгілде түпкілікті
көрсеткіштердің еңбек құралы болып табылады. Түпкілікті пайдаланушы
деп, белгілі бір нақты саладағы немесе қандай да бір мақсатта нақты
міндетгерді шешу үшін қажетті информацияны алуға септігін тигізетін
есептеуіш техникасын пайдаланатын адамды айтады. Мұнда нақты бір
саланың маманы бір мезгілде деректерді өңдеу құралы саласының
маманы болмауы керек, ол программалаудың қалай жүзеге асатынын білмегені
дұрыс. Алайда ол компьютерлермен жұмыс істеудің негізгі әдістері мен
тәсілдерін, сондай-ақ өзін толғандыратын саладағы (в своей проблемной
области) жүйелік, әсіресе, қолданбалы программаны атқаратын өзіне тән
міндеттері мен мүмкіндіктерін білгені жөн.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1С Бухгалтерия бағдарламасы туралы ақпарат
ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БУХГАЛТЕРЛІК ПРОГРАММАЛАРҒА ЖАЛПЫ ШОЛУ
Бухгалтерлік есептің және аудиттің ақпараттандырылған жүйелерінің қолданыстағы бағыттары
1С Бухгалтерия жүйесі
“1-с бухгалтерия” бағдарламасы
1С бухгалтерия бағдарламасы
Бухгалтерия 1С. Программаның жалпы принциптері
Қолданбалы бағдарлама
Негізгі программалық құрылғылар
Типтік операцияны енгізу
Пәндер