Internet глобальді ақпараттық желісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
.Internet глобальді ақпараттық желісі

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-
бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі, хаттама
(протокол) деп аталатын бірыңғай стандартпен жұмыс істейді. Желідегі
компьютерлерде мәтін (текст), сурет, аудио, бейнематериалдар, т.с.с. өте
үлкен ақпарат көлемі сақталады.
Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіл әлемдік өрмек,
электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар
(конференциялар) жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап – байланыс
арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанымен, кез келген жағдайда ақпаратты
бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады.
Желі тораптарының (түйіндерінің) бірсыпыра бөлігі істен шықса да,
қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс болды. Ақпаратты
тасымалдау сенімділігі мен оның жеткізілу жылдамдығын арттыру мақсатында
мәліметтерді тасымалдаудың жаңа түрі – дестелерді (пакеттерді)
коммутациялау технологиясы пайда болды. Оның артықшылығы болып мәліметтерді
тасымалдау жылдамдығының жоғарлығы, сенімділігі және икемді жұмыс істеуі
саналды.
Пакеттерді коммутациялау принципі тасымалданатын мәліметті бірнеше
шағын фрагменттерге (пакеттерге) бөлуден тұрады. Мәліметтер жеткізілетін
пунктке дейінгі аралықта орналасқан түйінді (негізгі) компьютерлер арасында
пакеттер бір-бірінен тәуелсіз тек өзіне тән байланыс арналары арқылы жылдам
жеткізіліп тасымалданатындай етіп ұйымдастырылды. Бір мәліметті құрайтын
әрбір пакет баратын пунктіне тек өз маршруты бойынша жеткізілетін болды.
Қабылдау пунктінде пакеттер қайтадан біртұтас мәліметке біріктіріліп, өз
иесіне, яғни арналған адресатына берілуі тиіс болатын.
Желіні басқару ісінің өте сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыру
мақсатында оларды бір орталықтан басқармай, барлық түйінді компьютерлер
бірдей тең құқықты болып жасалды. Яғни әрбір желі торабында компьютер
мәліметтерді қабылдаужөнелту істерін атқарумен қатар басқа тораптардан
келіп түскен хабарларда ары қарай жөнелту кезінде оларды басқаша адрестеу
(маршруттау) ісін де жүргізе алатын еді.
Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл бастама 1969
жылы АҚШ-тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім орталықтарын біріктірген
ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші болды. Содан көп ұзамай-ақ
Internet (желі аралықтары) – желілерді біріктіру термині пайда болды.
Сонымен, Интернет – барлық жүйелер хаттама деп аталған біріңғай
стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды (глобальды)
компьютерлік желі.
Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлігі болып
табылатын төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:
▪ Техникалық немесе аппараттық компонент;
▪ Программалық компонент;
▪ Ақпараттық компонент.
Аппараттық компонент. Интернеттің аппараттық компоненті
компьютерлердің әр түрлі модельдері мен жүйелерінен, физикалық негізгі әр
түрлі болып келген байланыс арналарынан, компьютерлер мен байланыс арналары
арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін
құрылғылардан тұрады.
Ол елдегі автомобиль жолдары тәрізді, оның бір бөлігі істен шықса да,
айналма жолдар арқылы кез келген селоға, қалаға баруға мүмкіндік бар.
Интернет жолдар сияқты бір жазықтықта емес, жалпы кеңістіктегі құрылымнан
тұрады. Сондықтан мәлімет тасымалдау ісі байланыстың кабельдік және
серіктік арналарынан, радиореле жүйелерінен, теледидарға арналған кабельдік
арналардан тұрады.
Программалық компонент. Интернеттегі әртүрлі типтегі компьютерлер мен
құрылғылардың үйлесімді жұмыс істеуін олардың программалары қамтамасыз
етеді.
Программалар:
▪ Мәліметтерді кез-келген байланыс арналары арқылы
тасымалдайтындай және кез-келген компьютерде оларды қабылдап
алуға болатындай етіп түрлендіре алады;
▪ Біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;
▪ Тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді;
▪ Желінің осы сәттегі жұмыстық қалпын бақылап, оның ішінен
ақаулы аймақтар табылса немесе мәліметтер көлемі тасымалданатын
шамадан тыс кеткен аймақтарды байқаса, мәліметтер ағынын ол
маңайларды айналып өтетін басқа жақтарға қарай бағыттайды.
Сонымен, программалық компоненттің негізгі функциялары:
▪ Ақпаратты сақтау, іздеу, жинақтау, көру немесе тыңдау;
▪ Желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау;
▪ Аппаратураның функционалды сәйкестіктерін қамтамасыз ету
істері болып табылады.
Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді:
▪ Сервер–программалар–тұтынушылар компьютерлеріне қызмет ететін
желі торабында орналасады;
▪ Клиент-программалар, тұтынушы компьютерлерінде орналасып,
сервердің қызметін пайдаланады.
Ақпараттық компонент. Желідегі компьютерлерде сақталатын әртүрлі
құжаттар арқылы өрнектеледі. Мәліметтерді желіде орналастырудың бір
ерекшелігі – олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін - бір
компьютерде, дыбыс пен әуен – екіншісінде, ал графика – басқа желідегі,
үшінші компьютерден алына береді. Желідегі құжаттар бір – бірімен сілтеме
адрестерімен береді.
Осы құрылымға сәйкес аппараттық, программалық және ақпараттық қорлар
да біртіндеп дамып келеді, олар құрастырылуына байланысты әртүрілі меншікте
(мемлекеттік, қоғамдық, корпаративті немесе жеке меншіктерде) бола береді.
2. Интернет желісінің ұйымдастырылу принциптері.
2.1. IP-адрестер мен URL - адрестер
Желіге қосылған әрбір компьютердің нүктелермен бөлінген 4 ондық
саннан тұратын – әрқайсысы 0-ден 255-ке дейінгі аралықта – жеке физикалық
адресі (IP- адрес) болады, Желідегі компьютерлер бір-бірін осы сандар
көмегімен тауып алады. Мысалы, 194.84.93.29 немесе 128.29.15.124, желіге
тұрақты қосылған компьютер осындай бекітілген адрес алады. Ал, желіге
телефон арқылы уақытша ғана қосылатын компьютер сол сеансқа арналған
уақытша IP-адрес алады, ол динамикалық IP - адрес деп аталады.
Осындай адрестеу тәсілі 2564=4,3 млрд. адрес алу мүмкіндігін береді.
Егер нақтылап айтар болсақ, мұндай физикалық 32 - разрядты екілік сан
түрінде (4 байт) желіде айналыста болады.
Құжаттар үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйдегі компьютерлік брондау жүйесімен таныстыру
Телекоммуникациялық жүйе болашақ біріңғай ақпараттық кеңістік бизнес-субъектісінің прототипі негізінде
Компьютерлік желілер. Принтерлер
Компьютерлік желілер. Желілер жөнінде жалпы түсініктер
Желілік әкімшілік етудің мақсаттары мен міндеттері
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
Frame Relay топологиясы
WEB-САЙТТАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ
Компьютерлік желілер жайлы ақпарат
Туризмдегі ақпараттық технологиялар
Пәндер