ҚҰРАЛДАРЫ ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
СЫРТТАЙ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ
Тақырыбы : БАҒДАРЛАМА –ОҚУШЫ- МҰҒАЛІМ

Жаңа буын оқулықтарына көшуге байланысты мұғалімдердің басым бөлігі
өз бағдарламалары мен оқу құралдарын әзірлеу үстінде, соған орай біздің
бәрімізге жұмыс істеуге қажетті оқулықты таңдауымыз керек. Яғни, бізге бұл
құжаттарды талдаумен қатар, оларға қойылатын негізгі талаптарды да білу
керек. Сондықтан да, Бағдарлама –оқушы-мұғалім атты сырттай оқыту
семинарын өткізуді ұйғардық.
Семинардың сабақтарында мұғалімнің бағдарлама мен оқулыққа
шығармашылық көз-қарасын қалыптастырып, аталған құжаттардың білікті
сарпатамашысы болуы үшін оған қажет болатын білім туралы сөз қозғалмақ.
Мұғалім шығармашылығы оқу үрдісінде түрлі аспектілерден көрінеді.
Соның бірі-оқыту үрдісін ұйымдастыру, түрлі әдістерді, тәсілдерді, оқу
құралдарын қолдану, соның ішінде бастысы білімнің жаңа мазмұнын құрастыра
білуі қажет.
Бағдарламада білім мазмұнының белгілі жүйедегі сауалнамалар
тізбегімен білім мазмұнын игеруге кететін уақыт шамасы көрсетілген.
Оқушылардың санына, оқытудың нақты жағдайына байланысты уақытты бөлу
мәселесін, қай мәселелерді қай жүйеде оқу керек, нені қайталау керек және
қайталауға қанша уақыт кетіру керектігін мұғалім өзі шешеді. Бағдарлама
оқулықта нақтыланады. Дегенмен де, тәжірибеде кездесетіндей бір
бағдарламаға түрлі оқулықтар жазылуы мүмкін. Әрине, қолданыста бірнеше
оқулықтың болуы да, болғаны да дұрыс та шығар.
Қандай оқулықты немесе оқу құралын таңдап алған дұрыс? Мұғалім мен
оқушы тұрғысынан оқулық қандай қасиеттерге ие болу керек?
Білімдік, дамытушылық және тәрбиелік жағынан білім мазмұнын оқыту үшін
оқулыққа қандай талаптар қойылуы керек?
Мұғалім бағдарламаны толық орындауға міндетті болуымен қатар,
өздігінен сабақ мазмұнын құрастыруға, оқу құралы немесе оқулықты таңдауға,
жоспарлауда айтарлықтай еркін құқы болуы тиіс. Дегенмен де, еркімен таңдау
барысында педагогтың өзі оқытатын оқу пәні туралы дидактикалық түсінігі
болуы керек.
Білім мазмұнын құрастыру, оқу пәнінде ғылымның көрініс беруі,
оқулықтарға қойылатын талаптар, оқушылардың оқу танымына басшылық жасау,
оқу үрдісін ұйымдастыру, мазмұнның тәрбиелік потенциялын жүзеге асыру-
осының бәрі оқу пәнінің типі мен оның жетекші мақсатына байланысты болады.
Оқу пәндерінінің типологиясын білу мұғалімге өз пәнінің басқа пәндерге
қарағандағы ерекшелігі мен орнын айқындап, өз қызметін тиімді ұйымдастыруға
көмек беруімен қатар, әріптестерінің тәжірибесін шығармашылықпен ұғуға,
әдістемелік бірлестіктердің жемісті еңбек етуімен қатар, сабақты, озат
тәжірибені құрылымдық жағынан талдауына да көмек береді.
Шығармашыл бағытта жұмыс істейтін мұғалім өз жұмысының соңғы
нәтижесінде тек бағдарламалар мен оқулықтарды сөйлетуші ғана емес:
барлық материалдың меңгерілуін қамтамасыз етіп, осы немесе басқа да
мәселелерге байланысты жіберілген қателер, қиындықтар мен кемшіліктердің
орынын толытушы болып табылады.

1 САБАҚ
ОҚУ ПӘНІ
Оқу пәні –білім мазмұнын жүзеге асыратын басты құралдардың бірі.
Оқу пәнінің дидактикалық үлгісі - пән мазмұны мен оны игеру
құралдары, оқушыларды дамыту және тәрбиелеу сияқты бөлшектеуге келмейтін
тұтастықты білдіреді. Оқу пәнінің үлгісі екі бөлім-екі блоктан тұрады:
негізгі, оқу пәні мазмұнының оқу бағдарламасына енуі себебі және құралдар
блогы (немесе үрдістік) білімді меңгеріп, (жалпы, арнайы, еңбек) біліктілік
пен оқушылардың дамуы мен тәрбиесін қалыптастырады.
Алдымен оқулықтың негізгі блогын қарастырайық.
Педагогикалық ғылым мен практикада оқу жоспарына енген барлық
пәндерді: жаратылыстану ғылымы және гуманитарлық деп екі циклға бөлу
шарт. Бұндай бөлу ғылымдарды зерттеу объектілеріне қарай бөлуге сәйкес
(табиғат туралы ғылым және адам туралы ғылым; математиканы жаратылыстану
ғылыми пәндерімен байланыстыру шартты түрде болған) келеді. Мысалы әр
мұғалімнің алгебра, физика сабағына дайындығы әр түрлі болтынын жақсы
білседе, дегенменде, мектеп пен әдістемелік бірлестік осы қағиданы жиі
ұстанады. Аталған пәндердің арасындағы пән аралық байланыс оларды оқыту мен
меңгерудің толық негізін құрамайды. Сонымен қатар мысалы, тарих пен қазақ
тілі бір гуманитарлық циклге жатқанымен, оқыту тәсілдерінен, оқыту
үрдісінен ұйымдастырудың ортақтығын табу қиын.
Оқу үрдісін ұйымдастырудың жалпылығы мен ерекшелігін тереңірек түсіну
үшін оқу пәндерін басқа негізде біріктіру керек. Оқу жоспарындағы пәндерді
жетекші мақсаттарына қарай біріктірген ұтымды. Тек жетекші мақсат қана оқу
үрдісі мен мазмұнын құрастырудағы неғұрлым жалпылықты анықтай алады.
Әрбір оқу пәні бірнеше мақсаттан тұрады. Мысалға, физика оқу пәнінің
алдында: белгілі бір біліктілік пен ғылыми білім жүйесін оқыту,
диалектикалық-материалистік көз-қарасты қалыптастыру, ғылымға деген тұтас
қарым-қатынасты тәрбиелеу және т.б тұр. Дегенмен, оқу пәнінің түрлі
мақсаттары арасында оқулықтың оқу жоспарына енген жетекші мақсаты бар. Бұл
оқу пәнінің басты мақсаты - оның жетекші компонентін анықтайды.
Бағдарламалар мен оқулықтарды құрастырып, оқу үрдісін ұйымдастыру
үшін оқу пәнінің қай типке жататындығын білу маңызды.
Бір оқу пәндерде жетекші рөлді ( физика, тарих) білім атқарса,
басқасында біліктілік пен қызмет тәсілі (еңбек) атқарады. Осыған байланысты
дидактикада оқу пәндері мазмұнына қарай жетекші компоненттері бойынша
топтастырылып, осының негізінде оқу пәнінінң үш типі енген типология
әзірленді.
Бірінші тип, ғылыми білімді жетекші компоненеттері бар оқу пәндері
құрайды. Бұл типке: физика, химия, биология, астрономия, география, тарих
және т.б жатады.
Екінші типке, мазмұнында қызметтік тәсіл компоненттері бар оқу
пәндері кіреді. Оқушылар тартылатын практикалық қызмет түрлері алуан түрлі:
бұл еңбек, спорт-сауықтыру, сызу. Осы типке тілді дамытатын оқу пәндерінің
ерекше тобы да қатысты. Оның практикамен ұқсастығы ондағы моторлық
сезімдердің (тіл мен есту мүшелерінің, сонымен бірге жазудағы қол
сезімдері) атқаратын рөлі. Бұл ұлттық мектептегі орыс тілі мен
ағылшын тілі және мемлекеттік тілде оқытатын мектептегі қазақ тілі.
Екінші типке жататын оқу пәндері оқушылардың практикалық мәдениетін,
күш-қуаты мен тілдің ерекшеліктерін дамытып қалыптастырады.
Үшінші типке, оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыратын
пәндер жататды. Бұлар музыка, бейнелеу өнері, әдебиет.
Келтірілген типологияның мағынасы - ол әр пәннің мазмұнындағы басты
нәрсені көруге көмектеседі.
Жеткеші компоненттері бойынша жаратылыстану және кейбір гуманитарлық
оқу пәндерін біріктіргенде (мысалға, химия мен тарих) бір типке түседі.
Мазмұндарын құрастыру мен оқу үрдісін ұйымдастырғанда тарих пен ана тілі
сабағының арасындағы байланысқа қарағанда, жаратылыстану мен гуманитарлық
оқу пәндерінің біріктірілуі олардың арасындағы жалпы ұқсастықтың көп
екенін көрсетеді. Математика, әдебиет, ана тілінің қай типке енетінін
кейінірек талдаймыз.
Енді оқыту үрдісінің дидактикалық үлгісіндегі үрдістік блокқа
келейік. Ол неден тұрады? Үрдісті блок: көмекші, фондық кешенді білімдер
(ғылыми аралық -логикалық, методологиялық және т.б.; пән аралық; тарихи-
ғылыми; бағалау); қызмет тәсілдері; оқу үрдісін ұйымдастыру нысандары
(зертханалық жұмыстар, практикумдар).
Қосымша білім атауы шартты. Олар жетекші компоненттік қарым-
қатынасына қарай солай аталған. Негізгі оқу пәнін игеруге көмек беруімен
қатар, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу үшін құндылығы үлкен құралдардың
бірі болып табылады.
Көмекші кешен білімдеріне қысқаша сипаттама береміз.
Логикалық білім-оқушылардың логикалық ойлауын дамыту және ғылыми
білімді толық меңгеру үшін қажетті (ұғымды анықтау, ) логикалық білімдер
жинағынан тұрады. Оның болмауы білімді немқұрайлы меңгерудің басты себебі
болып табылады. Методологиялық білім- ғылымдардың негізін саналы жүйелі
меңгеру, оқушылардың ғылыми ойы мен ғылыми дүниетанымын қалыптастыру үшін
қажетті методологиялық (теория туралы, дәріптеушілік туралы білім)
ғылымдардың білімдер жинағы. Философиялық білім- материя мен оның
нысандарының болуы туралы, әлемді тану туралы, абсалюттік және біршама
шынайы т.б.білімді меңгеру нәтижесі мен құралы болып табылатын оқушылардың
диалектико- материалистік дүниетанымын қалыптастыруға тартылады.
Тарихи-ғылыми білімдер - ойлардың, теориялардың, ұғымдардың,
түсініктердің эволюциясын, нақты ғылыми жаңалықтардың ашылу жолдарын,
ғалымның адамгершілігі мен жауапкершілігі туралы түсінік береді. Танымның
нәтижесін саналы ұғуға көмек бере отырып, олар басты дамытушы және
тәрбиелеуші қызметті атқарады.
Пән аралық білімдер-аталған оқу құралының жетекші компоненттеріне
қызмет көрсетуге тартылған түрлі оқу пәндеріндегі білім. Таным
объектісіне тұлғаның құнды қарым қатынасы ретінде оқу үрдісінде жазылатын
бағаланатын білімдер. Шебер дәлел туралы, ой ізденісінің эстетикасы
туралы солай айтамыз. Бағалау білімдері оқуға енгізіліп, оқушылардың
эмоцианалды-мотивациялық саласын тәрбиелеуге қызмет етеді. Білімді меңгеру
құралы мен меңгерудің тұлғаға маңызды нәтижесі болып табылады.
Үрдістік блок қосымша білімнен басқа ғылыми және практикалық тәсіл
қызметтері мен оқыту үрдісін ұйымдастырудың белгілі бір нысандарынан да
тұрады.
Оқу пәнінің дидактикалық үлгісін келесі түрде ұсынуға болады.
ОҚУ ПӘНІ (ДИДАКТИКАЛЫҚ ҮЛГІ)

Оқу пәнінің жетекші компонентіне байланысты үдістік блокты құрастырушы
бір компонент ауыстырмалы болды.

ЖЕТЕКШІ КОМПОНЕНТТЕРІ БАР ОҚУ ПӘНІ ҒЫЛЫМИ БІЛІМДЕР ҒЫЛЫМ НЕГІЗДЕРІ
(ДИДАКТИКАЛЫҚ ҮЛГІСІ)

Егер қызмет тәсілдері жетекші компонент болса, онда үрдісті блок
қажетті ғылыми білім кешеніне енеді; егер көркем білім мен эстетикалық
тәрбие жетекші компонент болса, онда үрдісті блокқа ғылыми білімдердің
кешені мен қызметтің арнайы тәсілдері енеді.
Ғылыми пәндік білімдер жүйелі болуы керек. Оның жетекші
элементтері мектеп сатыларына байланысты түрлі: бастауыш сатыда бұл
түсінік және түсініктер жүйесі орта сатыда-түсініктер жүйесі мен заңдар;
жоғары сатыда-теориялар негізі.
Екінші және үшінші типтегі оқу пәндері ғылыми білімдерге енеді,
бірақ бірінші типтегі пәндерден ерекшелігі, жүйе түрінде емес тек кешен
немесе жиынтық ретінде ұсынылады.
Ана тілі, математика және әдебиетті оқу пәндерінің қай типіне
жатқызуға болады? Оның бәрі бұл пәндердің алдына қойылған басты міндеттерге
байланысты. Егер басты міндет екеу болса, бұл оқу пәнінің екі жетекші
компоненті бар: ғылыми білімдер және қызмет тәсілдері (ана тілі мен
математика) немесе ғылыми білімдер және эстетикалық тәрбие (әдебиет).
Екі қызметі оқу пәнінің оқыту үрдісін қатты қиындатады, себебі түрлі
мақсатқа түрлі ұйымдастыру қажет. Мүмкін, жоғарыда аталған оқу пәндерін бір
жетекші компонентке бағыттау керек шығар. Онда ана тілі оқу пәнінің
жетекші компоненті қызметтің практикалық тәсілдеріболып шығады.
Математика пәні жетекші компоненті жағынан әр текті: геометрияны ғылыми
білімдер жетекші компоненті бар оқу пәндеріне, алгебраны қызметтің ғылыми
тәсілдері жетекші компоненті бар оқу пәндеріне бағыттаған жөн. Әдебиет ең
алдымен адамгершлік -эстетикалық тәрбиеге бағытталады. Әрине, алгебра да,
әдебиетте де ғылыми компоненет маңызды. Жоғары сыныптардың әдебиет
курсында ғылыми компоненттілігі зор болуы соншалықты, әдебиетті екі
функциялы оқу пәні деп санауға негіз бар. Осыған байланысты оған не
бағынады деген сауал туады?.
Біз түрлі пәндердің үлгілерін суреттедік. Шындығында оқу пәндері
аралас сияқты көрінгенмен, жетекші компонент жайлы ұмытпаған жөн. Оған
байланысты оқу пәнінің мазмұнын қалыптастыру мен оқу үрдісін ұйымдастыру
өзгеріп тұрады.
Бір жағдайда біз ғылыми білім жүйесін, басқа жағдайда- олардың
кешенін немесе қарапайым жиынтығын құрастырдық.
Оқу пәнінің ерекшелігі оқу үрдісінің барлық сатысында көрінеді.
Ғылыми білімдер жетекші компоненті бар оқу пәндері жаңа мазмұнды
баяндау (түрлі нысанда) көрнекілік, демонстрация, көркем фильмдермен
ұсынылады. Қызметтің ғылыми тәсілдері жетекші компоненті бар оқу пәндері
жаңа мазмұнды көрсету немесе айту (олардың бірлігінде) жолдарымен
жеткізеді.
Физика, биология, химия сабақтары ұйымдастыру жағынан алгебра
пәнінен өзгеше. Ғылыми негіздері бар оқу пәндеріндегі уақыттың басты
бөлігін аса қиын есептерді шешуге арнау рационалды емес. Есептерді шешумен
көп айналысқан балалардың көп жағдайда теориялық сауалдарды, негізгі
заңдарды түсінбейді және жүйелі білімі қалыптаспайтынын тәжірибе көрсетеді.
Еңбек сабағы ғылым негіздері бойынша сабақтарға ұқсас бола алмайды. Онда
оқу уақытының көп бөлігін баяндауға бөлу рационалды емес.
Оқу пәнінің типі ондағы ғылымның ерекшеліктері де байланысты
болады.
Ғылымның оқу пәндерінен –ғылым негіздерінен көрінуі
Ғылым-өте көп қырлы ұғым. Оқытуда, ғылымның дамуы - білімнің
логикалық жүйесі мен адамдардың таным қызметінің ерекше түрі болуы маңызды.
Ғылым барлық оқу пәндерінің мазмұнында көрінеді. Ғылыми білімдер жетекші
компоненті бар оқу пәндеріне білім жүйесі мен қоршаған ортадағы қызметтің
жанама түрі ретінде (себебі оқушылар ғылыми жұмыс жасамайды) енеді. Егер
біріншісі бағдарламамен жазылса, екіншісі оқулықта оқыту қызметінде
ашылады.
Оқу пәнінің мазмұны өз құрамынан алатын дереккөз болуы - ғылымның
жанама түріндегі көрінісі болып табылады. Сөз оқу пәні ғылымның негізгі
құрылымдық элементтері: фактілер, түсініктер, заңдар, ғылыми болжамдар,
теориялар және солардың байланысы жайлы болып отыр. (Қызметтің ғылыми
тәсілдері немесе адамгершлік -эстетикалық тәрбие жетекші компоненті бар
оқу пәндерінде ғылымның тек кейбір элементтері: фактілер, түсініктер,
заңдар, ойлар көрсетілген).
Ғылымнан оқу пәніне баратын жолында міндетті түрде сүзгі болуы
керек. Ол оқушылар сұранысына қанағаттандыратын және оқыту мақсаттарын
жүзеге асыру үшін қажетті мазмұнды ғана өткізу керек.
Қоғамда бұндай сүзгі неге үйретуі керек деген пікір әр түрлі
болғандықтан, аталған сүзгіні жасау өте қиын. Білім мазмұнын іріктеуде
оқушылардың ғылыми қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін, оқушылар
қызығушылығын, олардың сұранысы мен қабілетін, оқытудың қол жетерлігі мен
оның кең дифференциациясын, түрлі оқу жоспарлары мен түрлі бағдарламаларды
да есепке алу керек. Түрлі оқу құралдары да керек. Осыны жүзеге асыру
мақсатында бүгінгі таңда қызу жұмыстар атқарылуда.
Білім мазмұнының дидактикалық қағидасын құрастыру оның
вариативтілігі мен түрлі күрделендірілуіне рұқсат етеді.Олар оқу пәнінің
типіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кестенің сыртқы түрі
Клиенттік және серверлік OLAP – құралдары
Деректер базасының негізгі ұғымдары
BPwin және ақпараттық жүйелерді дамыту
CASE қорлары және оның сипаттамалары
Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау
Географияны оқыту әдістемесі
Бағдарламалау тілдерінің түрлері
Автомобиль өндірісінің Қазақстанда дамуы
Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментінің өндіріс статистикасы бөлімінің деректер қорын жобалау
Пәндер