Слайдтар режимі


Презентациялар жасау. Презентациялармен жұмыс.
Автомазмұн шебері көмегімен презентация құру
Автомазмұн шебері көмегімен:
- Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
- Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
- Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;
- Сауда - саттық және маркетинг жөнінде іс, есеп- қисаптар;
- Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұхбат терезедеАвтомазмұн шеберіөрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кездеАвтомазмұн шеберііске қосылады.
Автомазмұн шебері презентация құру үшін сатылы түрде мындай сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
1-ші қадамда Презентацияның түрі , яғни оның жалпы тақырыптық бағытын таңдаймыз; Келесі қадамға өту үшін қажетті тақырыпты таңдаған соң, Ары қарай батырмасын шертеміз.
2-ші қадамда Презентацияны көрсету тәсілдері, презентацияның баяндамашы өзі түсіндіретін болғандықтан тек иллюстративті слайдтардан құралатынын немесе ақпараттық киоск түрінде дайындалып, көрермендер өз беттерінше қарауға арналатын операциялардың біреуін таңдау қажет;
3-ші қадамда Презентацияны шығару материалының форматы, қағазға басылатынын, фотографиялық слайд немесе электрондық презентация болу керектігін көрсету қажет;
4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз. Тиісті мәліметтерді енгізгеннен кейін Дайын батырмасын шертеміз.
Шаблондар көмегімен бос презентация құру.
Power Point программасында презентация құру әрекетін автомазмұн шебері көмегінен басқа екі түрлі тәсіл арқылы орындауға болады. Оның бірі алдын-ала безендендіру элементтерін пайдалана отырып құру болса, екіншісі ешқандай безендендіру элементтері қарастырылмаған бос презентация құрып алып, одан кейін көркемдеу болып табылады.
Презентацияны шаблондар көмегімен құру
Power Point программасында безендендіріліп, дайындалған презентациялар шаблондар пайдалана отырып, өз презентациямызды құруға болады. Шаблондарды пайдаланып құру әрекетін Power Point программасы іске қосылған мезетте ашылған сұхбат терезеде Презентациялар шаблоны опциясын таңдау арқылы құру мүмкіндігі бар. Осы опция таңдалғаннан кейін Жалпы, Презентациялар дизайндары, Презентациялар, Web-парақтар астарлы беттерінен тұратын, Презентацияны құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезе Файл-Құру командасын орындағаннан кейін де ашылады.
Бос презентация құру
Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:
■ PowerPoint программасын іске қосу мезетін экранда пайда болған сұқбат терезесінің Презентация құру өрісіндегі Бос презентация (Пустую презентацию) опциясын таңдау арқылы;
- Файл→Құрукомандасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінің Жалпы (Общие) астарлы бетінде Жаңа презентацияны (Новую презентацию) шарт белгісін таңдау арқылы;
- Стандартты саймандар тақтасындағыҚұру(Создать) батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.
Осы әректтердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады.
Презентация слайдтарын қарастыру, үйлестіру схемасын таңдау әрекетін Слайд құру сұхбат терезесінде жүзеге асыруға болады.
PowerPoint программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін таңдаған соң ОК батырмасын шертеміз.
Слайдқа мәтін, сурет, графикалық объектілер енгізу
Шаблон көмегімен немесе бос презентацияны құру командалары орындалған соң, Слайд құру сұхбат терезесі ашылады. Осы сұхбат терезеде слайдтағы мәтін, графикалық объектілер, диаграммалардың орналасу схемасын таңдай аламыз. Қажетті схеманы таңдап, ОК батырмасын шерткен соң, экранда слайд пайда болады. Әрбір өрісте әрекеттің орындалуына байланысты қандай элемент енгізілгені көрсетіліп тұрады. Мысалы, слайдтың жоғарғы жағындағы өріс аймағындағы тышқанды бір рет шертсек тақырып енгізіледі т. с. с. Бастапқы уақытта слайд схемасы дұрыс таңдалмай қалса, оны кейін өзгертуге болады.
Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т. б. өзгертуге, яғни форматтауға болады. Форматталатын мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Формат→Қаріп (Формат → Шрифт) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезеде немесе форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Форматтау әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.
Мәтін енгізу өрісінде оны таңбалаған тізім түрінде жазған ыңғайлы. Әдетте таңба ретінде қара дөңгелектер немесе төртбұрыштар қолданылады. Осы стандартты таңбаларды өзгерту үшін, таңбаланған тізім жазылған өрісте тышқанды шертеміз де Формат→Таңба (Формат → Маркер) командасын орындаймыз. Таңбалар (Маркеры) сұхбат терезесі ашылады. Қаріптің Wingdings деген түрін ашсақ, ОК батырмасын шерту арқылы таңба ретінде қолдануға болады.
Таңбаланған тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос таңбадан кейін пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшелеген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасындағы Таңбаланған тізім батырмасын шертеміз.
Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.
Енгізу →Сурет (Вставка → рисунок) - командасын орындап:
Картинкалар (Картинки) - Microsoft Clip Gallery объектілерін;
Файлдан (Из файла) - файл түрінде сақтаулы тұрған суреттерді;
Автофигуралар - әртүрлі автофигуралар;
Бірнеше тармақтан тұратын диаграмма (Организационная диаграмма), WordArt объектілерін, сканерден көшірме (со сканера), Microsoft Word кестесін енгізу мүмкіндігі бар.
Енгізу →Объект (Вставка →Объект) командасын орындап, ашылған сұхбат терезеде қажетті типін таңдау арқылы объект енгізуге болады. Мысалы, слайдқа Microsoft Excel кітабының бір парағын орналастыруға болады т. с. с. Слайдқа Excel программасында құрылған дайын диаграмманы буферге көшіріп алып, енгізуге де болады. Ол үшін Excel программасында қажетті диаграмманы ерекшелеп, Түзету→Көшіру (Правка → Копировать) командасын орындау арқылы, буферге аламыз. PowerPoint программасына оралып, Түзету→Енгізу (Правка → Вставить) немесе жанама менюдегі Енгізу командасын орындаймыз.
Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммларды құру мүмкіндігі бар. Енгізу→Диаграмма (Вставка→Диаграмма) командамасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады. Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Delete пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма→Диаграмманың типі командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма→Параметрлер командасын орындап, қажетті параметрлерді тағайындаймыз. Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.
Power Point программасында слайдпен жұмыс істеу режимі
Power Point программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:
- Слайдтар режимі
- Құрылымдық режим
- Слайдтарды сұрыптау режимі
- Бетке ескертпе жазу режимі
- Слайдтарды көрсету режимі
Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.
Слайдтар режимі - презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы. Осы режимде мәтін енгізуге және өңдеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.
Құрылымдық режим - презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді. Бұл режимде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай аламыз.
Слайдтарды сұрыптау режимінде - презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы. Нақты бір слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.
Бетке ескертпе жазу режимі - презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігіне орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.
Слайдтарды көрсету режимінде - дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді (графикалық объектілер немесе мәтіннің әріптері бірінен кейін бірі жоғарғы, төменгі немесе т. б жақтан ұшып келуі, түсі өзгеруі т. б) .
Осы режимдердің біріне көшу үшін, Түр командасының ішкі менюіндегі қажетті режимнің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының қажеттісін шерту жеткілікті.
Құрылымдық режимде жұмыс істеу ерекшеліктері.
Құрылымдық режим презентацияның негізгі бөлімдерін жоспарлау мен ұйымдастыруда өте ыңғайлы. Бұл режимде презентациядағы мәтіндер толық көрінетін болғандықтан, оның мазмұнын анықтап, тексере отырып, өз қалауымызша өзгерте аламыз. Осы режимге көшу үшін, Құрылымдық режим (Режим структуры) батырмасын шерту жеткілікті.
Құрылымдық (Структуризация) саймандар тақтасындағы батырмалар көмегін слайдтың немесе мәтіннің орнын ауыстыру, слайдтардың тек тақырып аймағын ғана көрсету, презентацияның жаңа слайдын құру т. с. с. мүмкіндіктері бар.
Деңгейді жоғарылату (Повысить уровень) - Деңгейді бір сатыға жоғарылатады. Мысалы, презентацияның жаңа слайдын құру қажет болса, жаңа тізім құрғаннан кейін осы батырманы шертеміз. Бұрыннан жазылып тұрған тізім элементінде осы батырманы шертсек, оның деңгейі жоғарылап, слайд тақырыбына ауысады. Деңгейді төмендету (Понизить уровень) - Деңгейді бір сатыға төмендетеді. Таңбаланған тізім элементтерінің деңгейі төмендетеді.
Жоғары (Вверх) - слайдттың немесе тізім элементінің орнын жоғары қарай ауыстырады. Мысалы, көрсеткіш екінші слайдтың тақырып аймағына орналастырып, осы батырманы шертсек, ол бірінші слайдтың соңғы тізім элементінің алдына жылжиды. Яғни, бірінші слайдтың тізімінің соңғы элементі екінші слайдқа орын ауыстырады.
Төмен (Вниз) - слайдтың немесе тізім элементінің орнын төмен қарай ауыстырады.
Үлкейту (Развернуть) - тізім элементтері жасырылып тұрған жағдайда оларды ашады, яғни көрсетеді.
Жасыру (Свернуть) - тізім элементтерін көрінбейтіндей етіп, жасырады.
Барлығын жасыру (Свернуть все) - презентациядағы тізім элементтерінің бәрін жасырып, тек слайдтардың тақырыптары ғана көрінеді.
Барлығын үлкейту (Развернуть все) - презентациядағы барлық тізім элементтері жасырылып тұрған кезде, оларды қайтадан көрсетеді.
Форматталуын көрсету (Отобразить форматирование) - Мәтіндердің қалай форматталғандығын бейнелейді.
Презентацияларды көрсету
- Презентацияны көрсету кезінде уақытты қадағалау
Microsoft PowerPoint программасының әрбір слайдты көрсетуге қанша уақыт кеткенін қадағалап, есептеу мүмкіндігі бар. Слайдтарды көрсетуге қанша уақыт кеткенін қадағалау арқылы алдын ала презентацияға дайындалуға болады.
Презентация материалдарын баяндауға кеткен уақытты қадағалау үшін, слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз, Слайдтарды сұрыптау тақтасындағы Уақытты қадағалау (Настройка времени) батырмасында тышқанды шертеміз немесе Слайдтты көрсету (Показ слайда) режимінен басқа режимнің кез келгенінде Слайдтты көрсету - Уақытты қадағалау (Показ слайда - Настройка времени) командасын орындаймыз. Осы кезде экранда бірінші слайд оң жақ төменгі шетінде секундомермен бірге пайда болады. Презентацияны баяндауды бастай беруге болады. Келесі слайдқа ауысу үшін, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Қайталау (Повторить) батырмасын шерту арқылы көрсетуді басынан бастауға болады.
- Слайдқа ескертпелер жазу
Бетке ескертпелер жазу (Режим страниц заметок) режимінде әрбір слайдқа белгілі бір ескертпелер жазуға болады. Осы режимге көшкен соң, слайдтың төменгі жағында ескертпе жазуға арналған бөлігі көрінеді. Өзімізге қажетті мәліметтерді теріп енгіземіз. Бұл ескертпелер аудиторияға көрінбейді. Презентацияны көрсету алдында, осы ескертпелерді қарап немесе қағазға басып алу арқылы ұмытылған мәліметтерді еске түсіруге болады.
3. Слайдтық шоуды жүзеге асыру
Презентация дайын болған соң оны ұйымдастыру тәсілдерін таңдау қажет. Сондай-ақ, презентация үшін компьютер мониторы, диапроектор немесе слайдтық кодоскоптың қайсысы пайдаланылатынын, тыңдаушыларға презентацияның қағазға түсірілген көшірмесін тарату мәселесін шешу қажет. Осы мәселелер шешілген соң, PowerPoint программасы ұйымдастыру тәсілдеріне қарай презентацияны шығару әрекеттерін реттейді.
Егер презентация саны шектеулі қызметкерлерге арналған кезекті хабарлама болса, бір компьютер жеткілікті. Ал, презентация үлкен аудиторияға өткізілетін болса, бірнеше компьютерлерді пайдалануға тура келеді. Мұндай жағдайда үлкен экранды проекторды қолданған дұрыс.
Презентацияны бөтен компьютерде өткізу
Егер презентация компьютерде өткізуге арнап дайындалса, онда міндетті түрде компьютерде өткізу керек. Кейбір жағдайларда презентация өткізілетін компьютердің оны дайындаған компьютерден айырмашылығы болуы мүмкін. Мұндай кезде презентация өткізілетін компьютерге PowerPoint программасын орнатудан басқа жеңіл жолы бар. Кез-келген компьютерге арналған презентациялар пакетін Жинақтау шебері (Мастер упаковки) көмегімен дайындауға болады. Бұл жинақтау шебері байланысқан файлдармен бірге бүкіл презентацияны басқа компьютерде көрсету үшін жазу мүмкіндігін береді. Презентацияны иілгіш дискетке, қатты дискіге немесе желі арқылы басқа компьютерге жазу мүмкіндігі бар.
- Файл→Жинақтау(Файл→Упаковать) командасын орындаймыз. АшылғанЖинақтау (Далее) батырмасын шертеміз.
- Басқа компьютер ағымдағы презентацияны жинақтағымыз келетінін мақұлдаймыз. Қажет болса, бірнеше презентацияны тасымалдауға болады.
- Жинақтау шеберіне қандай дискі қолданылатынын және байланысқан файлдар қосылатындығын көрсетеміз.
- True Type қаріптерін енгізу(Внедрить шрифты True Type) опциясы таңдалғанына көзімізді жеткіземіз, себебі презентация көрсетілетін компьютерде ол дайындалған қаріптер жарамсыз болып қалуы ықтимал.
PowerPoint Viewer өзімізбен бірге алғанымызды хабарлаймыз да, Дайын (Готово) батырмасын шертеміз. Әсіресе презентацияда байланысқан және ендірілген файлдар көп болса, бірнеше дискеттер және біраз уақыт қажет болуы мүмкін.
Презентацияны басқа компьютерде көрсету үшін, дискіні дискі жетекке орналастырған соң, бас менюдегі Орындау (Выполнить) командасында тышқанды шертеміз. Дискета орналастырылған дискінің атын көрсетеміз де, Қос нүктеден кейін PNGSETUP. EXE көшірілген адресті және буманың атын көрсетеміз. Осы файл көшірілген соң презентацияны көрсете беруге болады, яғни файлдың шарт белгісінде тышқанды екі рет шертеміз.
Жасырын слайдтар құру
PowerPoint программасы жасырын слайдтар құру мүмкіндігін береді. Бұл слайдтар презентацияның көрсетуге арналмаған бір бөлігі болады. Бірақ қажет болса, кез-келген уақытта көрсете аламыз.
Слайдтарды жасыру үшін:
- Слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз.
- Жасыруға қажетті слайдтарды белгілейміз.
- Слайдтарды сұрыптаушы(Сортировщик слайдов) жасыру(Скрыть слайд) батырмасында тышқанды шертеміз. Бұл кезде слайд мүлде жоқ болып кетпейді, оның нөмірі жіктелінеді де, үсті сызылады.
Слайдты жасыру батырмасын тек слайдтарды сұрыптау режимінде ғана екпінді, ал слайд режимінде жұмыс жасап отырып оны жасыру қажет болса, Сервис→Слайдтарды жасыру (Сервис → Скрыть слайд) командасын орындаймыз.
Жасырылған слайдтарды ашудың екі тәсілі бар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz