Қазіргі сабақ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

2. 10 Қазіргі мектептегі білім берудің мазмүны

Мақсаты: Қазіргі кезде мектептегі білім берудің мазмүны мәселесіне байланысты теориялық білім мен тәжірибесіне сипаттама беру

Міндеттері:

а) білім беру мазмұнына түсінік беру

ә) білім берудің мазмұнын қалыптастырудың негізгі принциптерін ашып көрсету

б) білім беру мазмүнының компоненттерін ашып көрсету

Жоспар

а) білім беру мазмұнына түсінік беру

ә) білім беру мазмұнын қалыптастырудың принциптері

б) білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама

Негізгі ұғымдар:

Білім, мәдениет, пәнаралық байланыс, мемлекеттік білім стандарты, оқушылардың оқу мұмкіншіліктері

Пәнаралық байланыс:

философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.

Білім беру мазмүны туралы түсінік.

Білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізі теориялары XVIII ғасырдың аяғы XIX ғасырдың басында калыптасты. Олар материалдықжәне формалдықдеген аткэ ие болды. Біріншісі - дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деп аталған. Ол бағыттағы ұстагіанымдарда білім берудің негізгі мақсаты, оқушыларды ғылымның әртүрлі саласымен қайткенде де мол үлкен көлемде білім беру. XVII ғасырдың чех педагогі Я. А. Коменский "Дидактика" деген еңбегінде білім мазмүнын қарады.

XIX ғасырдың көптеген педагог ғалымдары білім берудің мазмұнын қалыптастыруда материалдық теорияны жақтады. Бұл тұжырымдама бүгінде қүнын жоймай кейбір оку жоспары мен оқулыққа талдау жасауда оқушылардың меңгеруі қиын жағдайда да көп көмегін тигізіп отыр. Дидактикалық формализм немесе білім мазмұнының формальдық теориясын қайта жасау оқушылардың танымдық қызығушылығын және даму қабілеттілігін оқытуды қарастыруы оьсу пәндерін тандауда негізгі өлшем ретінде оқу пәнінің дамытушылық қызметі болып табылады, өсіресе классикалық тілдерде, математикада.

/ Дидактикалық формализмнің теориялық негізі бір іс-ьрекет аймағынан келесіне алынған білім мен дағдының ауысуы туралы ережені қүрайды. Оны жақтайтындар ерте кезден белгілі, оған Героклит оның айтуынша "Көп білім, ақылды етпейді"- деген. Цицерон да оны жақтаған. Қазіргі кезде дидактикалық немқұрайдылық теориясының қағидалар негізі - И. Кант, Песталоцци философңясы. Оның айтуынша оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың дұрыс ойлауын жақсарту осы ойға жақын А. Дистервег •өзінің 1850 жылғы "Неміс оқытушыларына басшылық"-деген еңбегінде өз көзқарасын білдіреді. Білім беру мазмүнын қарастырған кезде оқушылардың таным өрекетінің қызығушылығының қабілетіне, көңіл қоюы, есі, ойлау қабілетін ескеру қажет. Бұл теорияның кемшілігі^ оқу бағдарламасында пәннің тіліне көңіл бөлу

Пәнді игеруде окушының ойлау кэбілетін калыптастыру. Бұл екі жақты дидактикалы. қ тәуелділікті білім беру мазмүнында энциклопедизм өкілдері жеткілікті түсіндіре алмады. Фору ллъизмді оқытуды жақтаушылар да оқытудың субъективтік жағының мәнін асыра бағалады. Бұл екі теорияда К. Д. Ушинскийдің сынына ұшырады. "Ойды ат үсті дамыту нағыз тиянақты білім бермейді"-деді. Оның ойынша мектеп адамды білім жағынан сусындататын және де сол терең білімді игеруге үйретуі тиіс дейді. Білім беру мазмұнын таңдағанда материалдық және формальдық әдістердің бірлігін қамтамасыз ету идеясын К. Д. Ушинский үсынды.

["Педагогикада білім беру мазмүны өте' күрделі көп қырлы түсінікті білдіреді. Ол жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың ғылыми негізі. Жеке тұлға дамуы оқытумен тығыз байланысты болғандықтан, білім беру мазмұнын анықгау қажет.

Білім беру мазмұны дегеніміз-жеке тұлға қалыптастырудағы адам баласының іс-әрекет тәсілдерді меңгеруімен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағды қалыптастыру, ақыл-ойы мен сезімін дамыту, таным арқылы . көзқарасын қалыптастастыру. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл-ойы жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, қабілетті, өз пікірін дәлелдей алатын, жеке тұлғаны айтамыз. ]

Жеке түлғаны әлеуметтендіру және тумажасиеттерге байланысты жеке тұлғаны қалыптастырады. Білімнің мазмұны мектетің негізгі мақсаты. Білім беру мазмұнының мәні әр пөннен ғылыми білімді қамтамасыз ету.

Шедагогика тарихында қалыптасқан рухани мұралар білімнің негізгі мазмұны. -алымдардың пікірі бойынша білімділік сапа білім мазмұнының қүндылығы^

Біяім берудің^ мазмұны мен мәнін ашуда соңғы он жылдықга білім беруді ізгілендіру идеясын жүзеге асыру барысывда, жеке тұлғаны дамыту бірінші орынға қойылды. Білім мазмүны туралы И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин/ В. С. Леднев, Б. М. Бим-Бада, А. В. Петровский т. б. еңбектерінде баяндалған.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин білім беру мазмүнының теориялық тұрғыда білім іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынды. Бірқатар елдің педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т. б. ) жеке түлғаға жалпы адамзаттық төрбие беруді негізге ала отырып, оқу мазмұнына табиғи құбылыстардьщ және қоғамдық өмірдегі өзара байланысты түсіндіруде оқу пәндерін кіріктіруді негізге алып отыр.

Әртүрлі оқу пәндеріндегі материалдарды оқушылардың игеруі үшін оқу бағдарламасының негізі етіп пәнаралық байланысты басшылыққа алуда.

! Ғылым мен техниканың, мәдениеттің даму деңгейіне сәйкес білім, мазмұнын анықтауда жастарды жалпыға бірдей біліммен қамтамасыз етуде оқу бағдарламасын жөне оқулықтарды жетілдіру міндетті.

Жаңа талаптарға сай мектептің міндетінің күрделенуіне байланысты білім мазмүныда өзгеруде, бірақ білім мазмүнын өзгертудегі маңызды мәселе теориялық негізі және стандартты басшылыққа алу. Қазіргі жалпыға бірдей білім беруде теориялық түжырымдамаға сәйкес адамның қоғамдағы әлеуметтік мәні іс-әрекет өмірге бейімделеді. ; Азаматтың құндылықтары жоғары болуы қазіргі білім мазмүны әлеуметтік сүраныс, нақты тарихи қоғамдық экономикалық жағдайға байланысты анықталады. Қоғамның әлеуметтік тапсырысы білім мазмүнының жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру барысывда терең білімді, қолынан іс келетін саналы, денесі, ақыл-ойы жағынан да жетілген азамат тәрбиеле^^

Білім беру мазмұнкй^жүзеге асыру үшін аға үрпақтың мол тәжірибесімкейінгі жастарға меңгерту, әлеуметтік мөдениетінің мазмүнын одан әрі дамыту.

1) ғылым туралы толық мағлұмат беру үшін білім мамүнының негізгі теориялары, зандары, ұғымдары, тұтас түсіндіру;

2) білім мазмұнының ғылыми және практикалық мәнділігінің өлшемін көрсету;

3) оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқу мүмкіндігіне сай білім мазмұнының күрделілік қарау;

4) әрбір пәнді оқытуға берілген мерзіміне қарай білім мазмүнының көлеміне қайтадан қарау;

5) орта білім беру мазмұнында дүниежүзілік тәжірибені ескеру;

6) мектептің оқу-әдістемелік және материалдық базасына қарай білім мазмүнының сөйкестілік елшемін ескеру;

ЙБілім беру мазмүны жайында сөз айтсақ оның мақсаты қоғамның қажеттілігімен жеке түлғаның қызығушылығымен байланысты болуы тиіс. Қазіргі кезде білім мазмұнының мақсаты жеке түлға қоғамға қажетті әлеуметтік қүвдылықгы іс-әрекет арқылы меңгеруге тиісті жағдайда қажетті^

Білім берудегі көрсетілген мақсат білімге, дағдыға, іскерлікке деген қатынас жеке тұлғаның физикалық және ерікті-қүндылық, ақылдылык жан-жақты жетілген азамат қалыптастыруға негізгі қүрал болып табылады. Өмірдегі қажетті мәдениетті, өнерді, ғылымды игеру әркімнің өз мақсаты түрлі әдіс - тәсілдердің көмегімен игерілуі тиіс.

^-

^ Адам жеке тұлға болып қалыптасуда, қоршаған ортаме кдрым-қатынас барысында өзіне жақсы өнеге, адамгершіл тағлымға үйренедь

Сонымен қатар білім беру мазмұнының толық бейнесі мына жағдайда ғана көруге болады, егер жеке тұлға, саналы өзгеріс болатын болса. Жеке тұлғаның динамикж деп - субъектінің санасы мен қасиетіндегі өзгерісін атайдь ол адамның онтогенетикалық дамуын құрайды. Ол іс әрекет нітижесінде жүзеге асады. Басқаша айтсак субъектінің дамуы оның іс-әрекетінің жемісі болыі табылады.

Іс-әрекеттің жетекші идеясы түрінде сөз болып отырғаі ілім жеке түлғаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін іс әрекеттің басқа да (ойын, еңбек, қоғамдық) түрлерімеі сабақтас келеді. Осыдан жеке тұлғаның іс-әрекеті біліз\ беру мазмұнының детерминанты (негізі) брлып шығады Сондай-ақ оны В. С. Ледневтің теориясын негізге ал. отырып, окушылардың бірлескен іс-әрекетінің мазмұнын; көңіл аудару. Педагогика теориясы жалпы білім бер\ мазмұнының қалыптастыру ұстанымыны ретінде В. В. Краевскийдің еңбегі зор. Алдымен, түлғаны мәдениетті, иннеллектуальды, қоғамды дамыту, білім беру мазмүнының ұстанымдарының барлық элементтеріне барлық деңгейде талапқа сай қүрастырылуы тиіс.

I Дәстүрлі білім, дағды, іскерлікті қалыптастырумен бірг' білім беру мазмұнына жеке тұлғаның өсуі, мәдени өмірі және көңіл аударуды талап етеді. Жалпы білім беру мазмүнын қарастыруда оқытудың бірдей мазмүндық және процессуалдық бағытын үстанымы ғылыми-пәндік бағдары біржақты болмауы тиіс. Білім беру мазмүны нақты оқу процесін игерумен байланысты, онсыз болу мүмкін емес деп топшылайды, шынайы педагогикалық өлшем бойынша. Жалпы білім беру мазмүнының жобасын жасағанда ұстанымдарын және технологиясын меңгерудің соңғы деңгейі әсер етуін ескеру қажеттігін көрсетеді; Білім беру мазмүнының негізі құрыльшдық үстанымын әртүрлі деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмүнының негізін қүраушы пән, оқу материалдары, педагогикалық іс-әрекет оқушының тұлға болуымен сәйкестенуін қалайды. Жалпы білім беру мазмүнының қүрылымдық ұстанымдарын таңцағанда соңғы жылдар'

білімдік бағдардан жеке түлғаның бағдарлы білімге өтуге байланысты берік гуманитарлық тенденция қалыптастыу Жалпы білім беру мазмүнының гуманитарландыру ұстанымы ең алдымен оқушыларға жалпы адамзаттык мәдениетті белсенді шығармашылық және практикалық жағынан игеруге жағдай жасауға тікелей байланысты. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға және кдзіргі қоғамдағы жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның умандық мәдениетінің негізгі компоненті: өмірде өзін-өзі анықтау мәдениеті; экономикалық және еңбек мәдениеті; саяси және қүқықтық мәдениеті; интеллектуалдық адамгершілік, экологиялық, көркемдік және дене мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениеті сияқты қалыптастыруға байланысты. Бұл үстаным өте көп қырлы. Жалпы білім беруде гумандыққа қарсы үрдісті жеңу оның мазмүнын фундаментализациялау. Ол гумандық және жаратылыстану білімдерін кіріктіруді ғылымаралық байланысты және сабақтастықты орнықтыруды талап етеді. Осылай оқыту, білім алу дағдысымен іскерлікті қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге оқушылардың өздігінен іскерлік дағдыны меңгеруі жаңа білімді игеру әдісі болып табылады.

Білім берудің мазмұнын орнықтыру оқыту процесін жаңартуды және сонымен бірге гуманитарландыруға негіз болады, яғни оқушылар артық білімдік ақпараттардан босатылып, жеке өзінің шығармашылығының дамуына мүмкіндік алады. Жалпы білім беру мазмұнының барлық компоненттері және жеке тұлғаның (базалық) негізгі мөдениеті бір-бірімен тығыз байланысты., , Білімсіз дағды мүмкін емес, шығармашылық іс-өрекет белгісі бір біліммен дағдының негізінде қалыптасады, тәрбиелік осы іс-әрекеттегі білімге байланысты, яғни біреумен қарым-қатынас жасағанда өзінің немесе басқаның білдіретін эмоциясына тәртіптілік дағдысын іскерлігін қарастырады.

Білім мазмүнының компоненттеріне сипаттама.

Қазіргі демократиялық қоғамда еркін, шығармашылықпен ойлай білетін адамды қалыптастыру міндетіне сәйкес казіргі білім беру мазмұнында тұжырымдаманың кеңінен танымал үш түрі бар. Сол білім мазмүнының тұжырымдамасының бірінде ғылымдардың негізіне педагогикалык бейімделуіне, мектепте оқыта отырып жеке түлғаның шығармашылыққа деген кабілеттілігі еркін таңдауды іске асыра білуге, адамдарға деген әділ қарым-қатынас сияқты жеке тұлғаның қасиеттері. Қазіргі демократиялық қоғамда адамның өз еркімен толық өмір сүруіне емес бұл әдіс оқушыларды ғылыммен және өндіріспен араластыруға бағытталған. Бұл жерде адамға әсер ететін өндірістік фактор ретінде қарастырылады.

Білім беру мазмұнының келесі тұжырымдамасында оқушылар . меңгеретін білім, дағды, іскерлік бірлікте қарастыры лад ы.

•^Оқыту барысында оқушылар міндетті түрде білім мазмүнының астары ретінде ғылыми білімдер жүйесін тәжірибелік іс-әрекет дағдыны, сонымен бірге дүниетанымдық және адамгершілік, эстетикалық идеяларды түсінуі қажет(И. Ф. Харламов) . Бұл анықтама адамзаттық мәдениеттің барлық құрамын талдауға негізделмеген және білім мен дағдының негізі сипатын аша алмайды. Негізгі біліммен ғылымды меңгеру адамға қалыптасқан қоғам құрылысының ішкі жағдайына сәйкес, қызмет жасауға мүмкіндік береді. Адамнан білуді және не істеу керек екенін талап ету жеткілікті. Бұл жағдайда білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес; жеткіншек ұрпақққа ана тілінде (математика, физика т. б. ) оқу пәндеріндегі білімді жөне дағдыны жеткілікті жеткізілуі қажет. Қазіргі даму жағдайывда Қазақстандағы жалпы білім беру мектептеріндегі жағдай айтарлықтай емес.

Қоғам өмірінің кейбір салаларына байланысты мәселелерін шешу, оқушылардан білім мазмүнын меңгеру, ерік-жігері қаншалықты дамығандығын өз ісіне жауапкершілігін, Отанға, қоғамға өзінің тағдырына көзқарасы, қоршаған ортаны қорғау, катыгездікке, өтірікке төзбеу, техникалық және қоғамдық прогрестің дамуына дұрыс көзқарасты талап етеді. Тәрбиеленушілердің осы қасиеттерін дамыту, қүндылық мәні бар сүраныстарды қалыптастыру қоғамдық өмірдегі маңызды фактордың бірі өздігінен білімін көтеруді қажет етеді.

Білім беру мазмұнының тұжырыдамасындағы мақсат-гумандық ойлауға, әлеуметтік тәжірибенің барлык

құрылымдық бөліктерінде педагогикалық бейімделуіне сәйкес келеді. Одан басқа білім мен тәжірибені іске асыру барысында бүл түжырымдама шығармашылықіс-әрекеттік және қүндылық эмоционалдық қатынас тәжірибесін енгізеді. Әрбір осы аталган тәжірибелер білім беру мазмұнының өзіндік түрі.

-табиғат, қоғам, техника туралы білім, ойлау және оны іске асыру қабілеті. Осы білімдерді меңгере отырып оқушы дүниенің шынайы бейнесін калыптастыру, танымдықжәне іс-әрекетінде дүрыс әдіспен қамтамасыз етеді.

-белгілі іс-әрекет тәсілдерінің ішінде түлғаның дағды, іскерлік білімді игеруі бұл тәжірибені кеңейте түсері анық. Жалпы практикалық-интеллектуальдық дағды іскерлік жүйесі осы тәжірибенің мазмүнын қүрады. Өсіп келе жатқан жастар істерді меңгеру нәтижесінде әлеуметтік мәдениетін сақтауға қол жеткізуде.

-шығармашылық ізденушілік әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талқп етеді. Бұл тәжірибе жас үрпақтың қабілетінің дамуын және ары қарай мәдениетінің дамуына да өз өсерін тигізеді. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік дамуы кішкентай бала кезінен шығармашылықпен жүмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмүнында оны бағдарламаға енгізу қажет. Объектіге адамның іс-әрекетіне оның айналадағы қоршаған дұниеге деген басқа адамдардың талаптарына, түлғаның белгілі бір объектіге байланысты сезімдік қабылдауына сәйкес қүндылық қатынас тәжірибесі.

Қоршаған дүниеге қатынас нормасы өзі-өзіне көзқарасы, сенімі оған жағымды көзқарасты білдіреді. Бұл адам мінезіндегі қатынас жеке іс-әрекетте көрінеді. Оқушыға бұл тәжірибелерді игеру әлеуметтік тәжірибеде оның жеке басының тәжірибесінен жеке оқушылардың бірлескен іс-әрекетінен көрінеді. 'Барлық білім мазмұнының аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз шартты байланысты. Білімсіз іскерлік мүмкін емес. Шығармашылық іс-әрекет білім мен іскерлікті тәжірибесінен көрінеді. Қарым-қатынас білімділік іс- әрекет тәжірибесінен көрінеді. Әлеуметтік тәжірибеде оқу мазмұнын игеруде адам қоғамда өздігімен істей білетін және оны өзгерте де алатын дәрежеде болу. Сондықтан да мектептегі алған білімін өмірде қолдануы. Жалпы білім мазмұны бір жағынан оқу-танымдық іс-әрекет жағдайында, екінші жағынан іс-әрекетті игерудің құралы болып табылады. ' Адамды оқытуда тұлғаның қажеттіліктерін өтеу оқу мазмүны болып табылады. Мектептегі білім беру мазмұнын қалыптастырудың негізгі көзі мәдениет пен әлеуметтік тәжірибе болып табылады. Мектепте білім беру мазмүнын қалыптастырудың жолы әлеуметтік тәжірибені ұйымдастыру, өнер-мәдениетпен таныстыру.

Адам іс-әрекетінің түрлері қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжірибелері, рухани қүндылығы, материалдық жағдайы оқу барысында танымдық, коммунитивтік, бағдарлы-құндылық, көркемдік іс-әрекет. Білім мазмұны оқу материалдарын жинақгау, нақгы тарихи, психологиялық-педагогикалық өндеуден өтеді. Білім ол мектеп бітірушінің өмірге белсенді араласуын, кұндьшықтар мен қажеттіліктер тұрғысынан және тұлғаның санасымен және психолргиялық касиеттерінің даму міндетін шешуге сүйенеді. Білім беру мазмүнын қалыстастыру барысында баланың жеке басының дамуы, қызығушылығы, дарыны ескеріледі. Оқушылардың қызығушылығын арттыратын (міндетті пәндерден басқа) ез қалауы бойынша оқу пәндерінің жалпы білім беру мазмүнының мақсатын белгілеу. Мектептегі білім беру мазмүнына әсер ететін фактор ретінде қоғамдағы жалпы білім беретін мектептің алдындағы мақсаты, өзінің тарихи даму жолындағы оку процесінің, оқушылардың орта және барынша мүмкіндіктері және жеке тұлғаның білім алудағы талап тілегі. Оқу процесінің өзінде қоғамның жеке бастың талап тілегі мен қызығушылығына сәйкес өндірістің, ғылым мен техниканың дамуы уақыт өзгеруіне байланысты білімнің мазмұныда өзгереді. .

Халықтың білім алуға құштарлығы білім беру қызметі, қосымша білім беру, дифференсацияланған оқыту. Біліммен қамтамасыз ету, мемлекеттік стандартқа сай міндетті түрде бағдарламаға сәйкес деңгейде білім беру мемлекеттің қүзырына кіреді. Мектептегі білім

мазмұнының принципі мен өлшемі оқу материалының мазмұны пәнге байланысты

2. 11. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері. Қазіргі сабақ.

Мақсаты: Оқытуды ұйымдастырудың түрлері сабақ туралы түсінік, негізгі міндеттері, талаптары және шарттары.

Міндеті:

а) Сабақтың даму тарихын ледагогикалық ғылыми еңбектер арқылы ашу.

ә) Оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік беру.

б) Әр түрлі типті сабаққа мінездеме бере отырып, оның негізгі кезеңцерінің маңызын ашу.

г) Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің міндеттері.

Жоспар

І. Оқытуды уйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.

2. Сабақгардың жіктемесі.

З. Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

4. Мұғалімнің дайындығы.

Негізгі ұгымдар: Оқытуды ұйымдастырудың түрі, оқытудың сынып-сабақ жүйесі, білім, қабілеті, дағды, тәрбие және дамыту, сабақтың жоспарын құру, бағалау және бақылау.

Пәнаралық байланыс: философия, тарих, әлеуметтану, психология, педагогика тарихы.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік. Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. "Түрлері" деген үғым латын тілінен аударғанда "Гогта" сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық - белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде "түрлері" ішкі мазмұнды

ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни, "түрлері" ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықга. Былайша айтқанда, оқытудың түрі - оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, қүралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мүғалімнің қарым-қатынасы (Чередов И. М. ) . Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы - мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-әрекетін басқару және оқу төсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін үйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байданысты.

(Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды үйымдастырудың әр түрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі: оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:

-жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді) ;

-жеке-жұптық (оқушы-оқушы,, мүғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқын-далады) ;

-жеке - топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бүл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған) .

-Өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-белланкастер жүйесі) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Оқыту процесіндегі қазіргі сабақты ұйымдастыру
Сабақта жаңа білімді игеру
Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың технологиясы
Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Сабақты ұйымдастыру үдерісі
Әдебиет сабақтарының инновациялық түрлері
Даралап оқыту технологиясы
Дәстүрлі сабақ пен дәстүрлі емес сабақтар
Заманауи сабақ жүйесі элементтерін тәжірибеде қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz