Саймандар жинағы


«Сурет салу» саймандар тақтасы
Word редакторында суретті қүжатқа кірістіру барысында
оны мәтінге, кадрға нзмесе кесте ішіве орналастыруға болады.
Бүл тәсілдердің ең қарапайым түрі - суретті мәтін ішіне
кірістіру. Басқа әдіс-тәсілдерді қолдану онша қиын емес,
алайда онда суреттермен жүмыс істеуге арналған қосымша
жабдықтар қажет болады. Мысалы, суретті кадр ішіне кірістіру
барысында мәтін фрагменттері иллюстрацияның белгілі бір
элементтерін көрсетіп тұра алады. Ал егер де сурет кестенің
бір ұяшығына орналасса, онда келесі ұяшыққа түсіндірме мәтін
фрагментін жазуға болады. Бүл тәсіл аспаптар тақтасының
батырмаларының қызметін баяндау барысында осы кітапта да
кеңінен пайдаланылған.
Сурет салу аспаптар тақтасымен жұмыс істеу барысында
суретті мәтін жазылатын терезе ішіне немесе сурет
қобдишасына (контейнеріне) орналастыра аламыз. Мүндайда
сурет мәтін үшін фон рөлін атқарады жмесе, керісінше, суретті
мәтін үстіне қоюға болады.
Сонымен Word редакторында мәтін ішіне суретті кірістіру
үшін мынадай тәсілдер қолданылады:
- Кірістіру=»Сурет (Вставка=>Рисунок) командасының
көмегімен сурет кірістіру, мұндай жағдайда сурет орналасқан
файл атын атап көрсетсе жеткілікті (19. 11-сурет) . Бұл тәсіл
суретті ары қарай өзгертпейтін кезде нгмесе сурет салған нггізгі
программа болмаған жағдайда (сурет алмастыру буферінің
көмегімен кірістірілген) қолайлы.
- Кірістіру=>Объект (Вставка=»Объект) командасының
Вөмегімен суретті кірістіру, мұндай жағдайда жаңадан сурет
253
салуға немесе дайын суреттердің бірін алуға болатын бастапқы
программаны пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл тәсілдің кемшілігі
болып-, әрқашанда негізгі программаның қажет етілуі, бірак
оның орнына мәтінге кірістірілген кез келген суретті сол
программаның көмегімен өңдеуге мүмкіндік аламыз.
19. 11-сурет. "Суретті енгізу" сұқбаттасу терезесі
Орындалған операциялар нәтижесінде көрсетілген сурет
курсордың ағымдағы позициясына қойылатын болады. Сурет
бар мәтінді ұлғайтуда немесе жоюда автоматты түрде суреттін
орналасуы өзгереді. Мәтінмен жұмыс істеу барысында суреттін
орны өзгеріссіз қалуы үшін суретті кадр ішіне орналастырх
керек. Мұны қалай жасау керектігін біз келесі тарауда
қарастырамыз.
Графикалық элементтерді Графикалық объект ретінде
пайдалану тәсілі, негізінен алғанда, мәтінге кірістірілгеянен кейін
де өзгертіле беретін суретті көрсетеді. Графиктік объектілерге
әртүрлі программаларда дайындалған суреттер жатады.
Егер компьютерде PhotoFinish (Photoshop немесе
CorelDRAW) графикалық редакторы орнатылған болса, онда
PhotoFinish-те де (Photoshop, не CorelDRAW, сондай-ақ Corel
PHOTO-PAINT немесе Corel PHOTO-CHART программа-
ларында) дайындалған графикалық элеметтерді мәтінгс
кірістіре аламыз. Алайда, графикалык элементтердің тек сурет
болуы міндетті емес. Мысалы, егер компьютерде MS Excel
254
(немесе PowerPoint) программасы болса, онда мәтінге осы
программаларда дайындалған объектілерді де кірістіруге
болады.
Paint кескiндiк (графикалық) редакторы
Paint программасы түрлi-түстi графикалық кескiндердi құруға, қарауға (просмотр) және өңдеуге (редактирование) арналған. Ол шағын мәтiндердi жазумен сканерден түсiрiп алған кескiндердi өңдеуге (редактирование) мүмкiндiк бередi.
Paint кеңейтiлген BMP файлды жасайды және оқиды. Жасалған суреттердi басқа құжаттарға енгiзуге болады.
Кескiндiк (графикалық) редакторды iске қосу
Iске қосу батырмасын шертiп, Бас менюден келесi пункттердi таңдап алу: Программалар → Стандартты → Paint кескiндiк редакторы.
Paint кескiндiк редакторының терезесi
Кескiндiк редактор терезесiнiң келесi элементтерi бар: құжат атынан тұратын тақырып қатары, меню қатары, экранның орта бөлiгi, сурет салуға арналған аймақ. Сол жақта сурет салу саймандар жинағымен редактiлеу (редактирование) белгiшелеу тобы орналасқан. Саймандар жиынтығының астында таңдалып алынған сайманның түрiне байланысты өзгеретiн үлгiлер жинағы орналасқан. Мысалы, сызық сайманын таңдап алған кезде үлгiлер жинағында түрлi қалыңдықтағы сызықтар жинағы болады. Терезенiң сол жақ төменгi бұрышында сурет салғанда ауыстыруға болатын түстер жинағының индикаторы орналасқан. Индикатордағы алдыңғы жоспарда орналасқан квадрат негiзгi түспен, ал кейiнгiсi фондық түспен боялған.
Сурет салу аймағының төменгi жағындағы индикатордың оң жағында түрлi түстерге боялған 28 батырмадан тұратын Палитра орналасқан.
Оң жақ және төменгi шекаралардың қасында терезеге сыймай тұрған кскiндердiң бөлiгiн қарауға арналған айналдыру жолақтары орналасқан.
Терезенiң төменгi шекарасының бойында орындалып жатқан командалар және т. б., сонымен қатар көрсеткiштiң координаталарын көрсететiн Қалып күй қатары орналасқан.
Саймандар жинағы
Сайман таңдап алу үшiн саймандар жинағындағы қажеттісіне шерту керек.
Paint-та 16 инструмент бар.
1) Кез-келген аймақты белгiшелеу.
2) Тiктөртбұрышты сурет фрагментiн белгiшелеу.
3) Өшiргiш суреттiң жеке бөлiктерiн өшiруге арналған.
4) Құю (Заливка) сайманы тұйық контурларды көркемдеу (изображения) түсiмен немесе құю түсiмен толтырады. Сайман палитраның қажет түсiн таңдап, салынған сызықтың түсiн өзгертуге мүмкiндiк бередi.
5) Түстi таңдау сайманы кескiндi (изображения) немесе фонның түсiн суреттiң кез-келген нүктесiнiң түсiне өзгертедi.
6) масштаб суреттiң жеке фрагменттерiн үлкейтуге мүмкiндiк бередi.
7) Қалам (қарындаш) түрлi қалыңдықтағы кез-келген сызықты салуға арналған.
8) Бояғыш (кисть) - ретсiз сызықтарды салуға арналған. Бояғыштың қажеттi (сәйкес) пiшiнi саймандар жинағының астында орналасқан үлгiлер жинағынан таңдалып алынады.
9) Бүрiккiш бояуды экран бетiнiң белгiлi бiр аймағына майда түйiршiктер түрiнде шашыратады. Бүрiккiштiң өлшемi саймандар жинағының астында орналасқан үлгiлер жинағынан таңдалып алынады.
10) Жазба - мәтiн фрагменттерi бар сурет жасауға мүмкiндiк бередi.
11) Сызық - түзу сызықтар салу үшiн.
12) Қисық сызық - үйлесiмдi (плавные) сызықтарды кескiндегенге. Сызық қалыңдығы үлгiлер жинағынан берiледi.
13) Тiктөртбұрыш - берiлген толтыру түрлерiмен тiктөртбұрыштармен квадраттар салуға арналған.
14) Көпбұрыш - кез-келген пiшiндегi тұйық көпбұрыштар салу үшiн.
15) Эллипс - эллипстермен шеңберлер салуға арналған.
16) Дөңгелектеу тiктөртбұрыш шеттерi дөңгеленген тiктөртбұрыштармен квадратты салуға мүмкiндiк бередi. Тiктөрбұрыш , Көпбұрыш , Эллипс және Дөңгелектеу төртбұрыш саймандарымен жұмыс iстегенде саймандар тақтасының астындағы үлгiлер жинағынан ұсынылып тұрған толтырғыштың үш түрiнiң бiрiн таңдап алуға болады. Толтырғыштың түсi палитрадан оң жақты шерту арқылы таңдалынады.
Суреттегi мәтiндi енгiзу мен форматтаудың ретi:
- Саймандар шерту.
- Мәтiн енгiзiлетiн аймақ шекараларын беру: аймақ төбелерiнiң орналасатын нүктелерiнiң бiрiнде шертiп, тышқанды басып iшiнде мәтiн орналасатын үзік сызықты тiктөртбұрыштың диагоналi бойынша созу.
- Тышқан батырмасын жiбергеннен кейiн пайда қарiп түрiн, оның өлшемiмен сызығын таңдау.
- Үзік сызықты тiктөртбұрыштың iшiнде шертiп, пернетақтадан мәтiн енгiзу. Жолдың оң жақ шетi <enter> пернесiн басқанда пайда болады.
- Мәтiннiң өлшемiмен орнын өзгертуге болады. Қарiптiң түсiн палитрадан таңдап алып, өзгертуге болады.
Мәтiн тышқанды үзік сызықты тiктөртбұрыштың сыртын шерткеннен кейiн суретте сақталады.
Суреттi редакциялау
Суреттi редакциялау үшiн оның белгiленген бөлiгiн алмастыру буферiне жоюға, кесіп алуға, көшiруге және қоюға мүмкiндiк беретiн командалары бар менюдегi Түзеу (правка) қолданылады.
<Ctrl> пернесiнiң көмегiмен суреттi көшiруге (скопировать) болады. Ол үшiн фрагменттi белгiлеп, оның iшiне көрсеткiштi алып барып, <Ctrl> пернесiн басып тұрып тышқанмен көшiрмесiн тасымалдаймыз.
Содан кейiн <Ctrl> пернесiн жiберместен, қайта-қайта тышқанның сол жақ батырмасын босатып отырса, онда бiрнеше көшiрмесiн алуға болады.
Егер дәл осыны <Ctrl>-дың орнына <Srift> пернесi арқылы iстесе “iз салушы” фрагмент эффектiсi шығады.
Сурет фрагментiн түрлендiру.
Суреттiң белгiленген фрагментiн менюдегi Суреттiң командаларын қолдану арқылы түрлендiруге болады. Бұл командалар келесi амалдарды орындауға мүмкiндiк бередi: суреттi бұруға, фрагменттiң айнадағы кескiнiн алуға ( Кескiндеу (Отобразить) / Бұру (Повернуть) командалары) ; кескiндi трансформациялау (трансформировать) ( Созылу (растяжение) және қисаю (наклон) командасы) ; қарама-қарсы түстiң бейнесiн алу ( Түстi айналдыру (Обратить) командасы) .
Сурет көлемiн (масштабын) үлкейту. Түр (Вид) командасын беру - көлем ауыстырғыштың қажетiн таңдап алып орнату: 100 - тен 800 - ке дейiн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz