Мәтіндік құжатқа кестелерді қою


Мәтіндік құжатқа кестелерді қою.
Жауабы: Мәтіндік редакторлармен жұмыс істеу барысында реттелген информацияны жиі пйдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам информацияны, құжаттарды сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер(таблица) болып табылады.
Кесте мәтіндік құжаттың кез-келген жеріне қойыла береді. Кесте мөлшері қағаз парағынан үлкен болуы да мүмкін сондықтан ол бір немесе бірнеше беттерде орналаса алады.
Кестені даярлау үшін Кесте - Кестені кірістіру (Таблица- Вставить таблицу) командасын немесе стандартты аспаптар тақтасының Кестені кірістіру батырмасын пайдалану керек.
Excel-де күрделі мәтіндік құжаттарды құруға мүмкіндік мол. Бұл үшін қаріптерді таңдау, туралау, жақтауларды, штрихтарды таңдау секілді құралдар арналған.
Кестені рәсімдеудегі кез-келген өзгертулер тек ағымдағы ұяшыққа немесе ұяшықтардың тобы ерекшеленген болса - ерекшеленген топқа ғана әсер етеді.
Қаріптерді өзгертуді форматтау тақтасындағы пиктограмманы пайдаланып жүзеге асыруға болады: қаріпті және оның өлшемін, жартылай қанық (полужирный), қиғаш (наклонный), және асты сызылған (подчеркнутый) қаріптерді таңдау.
А . Мәзірді пайдаланып қаріпті таңдау:
- қаріптері өзгертілетін ұяшықты немесе ұяшықтар диапазонын ерекшелеу;
- ФорматҰяшықтарҚаріп (ФорматЯчейкиШрифт) мәзірін таңдау;
- қажетті қаріпті таңдап, сосын ОК батырмасын басу.
Б. Құрамында төрт пиктограммасы бар форматтау тақтасының көмегімен ұяшықтардағы мәліметтерді туралау:
- мәтінді ұяшықтың сол жағына ығыстыру;
- мәтінді ұяшықтың ортасына орналастыру;
- мәтінді ұяшықтың оң жағына ығыстыру;
- мәтінді ерекшеленген бірнеше ұяшықтарда ортасына орналастыру.
В . Мәзір көмегімен ұяшықтардағы мәліметтерді туралау:
- ФорматҰяшықтарТуралау () мәзірін таңдаймыз;
- қажетті позицияны таңдау;
- ОК батырмасын басу.
Г. Кестелерді жақтауларының сызықтарын орнату:
Кестелерді баспаға шығарған уақытта жұмыс парағындағы кестенің торларының сызықтары басылмайды. Сондықтан кестелердің жақтау сызықтарын орнату қажет.
Excel-де ерекшеленген ұяшықтардың жақтауларының сызықтарын орнатуды форматтау тақтасындағы Жақтаулар (Рамки) пиктограммасы орындайды.
Егер, тышқан сілтемесімен сілтемеге шертсе, онда ашылған тізімде таңдалған ұяшық үшін жақтаулар шаблондары ұсынылады. Олардың ең біріншісі жақтауларды алып тастау шаблоны.
Кестелердің жақтау сызықтарын орнату үшін қажетті әрекеттер:
- жақтау орнату қажетті ұяшықтарды ерекшелеу қажет;
- ФорматҰяшықтарЖақтау (ФорматЯчейкиРамка) мәзірін таңдаймыз;
- жақтаулардың, сызықтардың, сызықтардың түсін таңдау;
- ОК батырмасын басу.
Торды экраннан алып тастау үшін қажетті әрекеттер:
СервисШамаларТүрАлып тастау () мәзірін таңдап, сосын Тор (Сетка) өрісіндегі белгіні алып тастау.
Д. Ұяшықтар фоны.
Ұяшықтар фоны ұғымына штрихтау шаблоны, алдыңғы жоба (план), фонның түсі енеді. Пиктограмманы қолданып таңдалған ұяшықтарды түрлі түстермен бояуға болады.
Мәзір көмегімен таңдалған ұяшықтарды бояу үшін жасалатын әрекеттер:
- фоны өзгертілетін ұяшықтардың диапазонын ерекшелеу қажет;
- ФорматҰяшықтарТүр (ФорматЯчейкиВид) мәзірін таңдаймыз;
- фонның түсін, штрих үлгісі мен түсін таңдау;
- ОК батырмасын басу.
Е. Мәліметтерді бейнелеу стилі.
Стиль дегеніміз - сандар форматы, қаріп типі мен мөлшері, туралау типі, жақтау түрлері, штрихтар мен ұяшық қорғанысының жиынтығы. Әдетте, үнсіз келісім бойынша барлық ұяшықтар кәдімгі стильде болады.
Excel-де баспаға шығару.
А . Алдын-ала қарап шығу.
Алдын-ала қарап шығу кезінде құжаттың баспаға басылып шығатын бейнесі экранға шығады.
Алдын-ала қарап шығу әрекетін орындау үшін Файл Алдын-ала қарап шығу (Файл Предварительный просмотр) мәзірін таңдау қажет. Алдын-ала қарап шығу режимін қосу жұмыс парағында ең болмағанда бір символ енгізілген жағдайда ғана мүмкін.
Алдын-ала қарап шығу режимінде жұмыс барысында жүзеге асыруға болатын әрекеттер:
- келесі (алдыңғы) беттерді қарап шығу;
- экранға ұлғайтылған бейнені шығару;
- баспаға шығару;
- беттің параметрлерін баптау;
- парақта өрістерді көрсету және орістерді қолмен өзгерту;
- жұмыс кітабына қайта оралу;
- анықтама.
Б . Беттің параметрлерін орнату.
Беттің параметрлерін орнату ФайлБеттің параметрлері (ФайлПараметры страницы) немесе ФайлАлдын-ала қарап шығуБет (ФайлПредварительный просмотр Страница) мәзірлерін таңдау қажет.
Бұл әрекетті орындағанда экранда төрт енгізу мәзірі пайда болады: Бет, Өріс, Колонтитулдар, Парақ (Страница, Поля, Колонтитулы, Лист) .
Бет (Страница) енгізу мәзірі бетті вертикаль бойынша, горизонталь бойынша бағыттап, масштабтау, яғни, түпнұсқаға қатысты баспаны %-дық мөлшерде ұлғайтып/кішірейтеді.
Өріс (Поля) енгізу мәзірі парақ шеті мен мәтін шетіне дейін шегіністерді, қағаз шетінен ара қашықтықты, парақ шетінен колонтитулдарға дейін ара қашықтықты, ортасы бойынша, горизонтальді/вертикальді орналастыруды жасауға мүмкіндік береді. Шегіністер өрісін (Поля отступа) алдын-ала көріп шығу режимінде жылдам өзгертуге болады: ФайлАлдын-ала көріп шығуӨріс (ФайлПредварительный просмотр Поля) .
Шегіністер өрісін тышқан көмегімен сәйкес шектеу сызығын жылжыту арқылы өзгертуге болады.
Колонтитулдар - әрбір терілген мәтін бетінің жоғарғы/төменгі жақтарында шығарылатын ақпарат.
Колонтитулдарды жасау үшін Жоғарғы колонтитулды құру/Төменгі колонтитулды құру (Создать верхний колонтитул/Создать нижний колонтитул) командасын таңдау керек.
Колонтитулдар үш секциядан тұрады: сол жақ, оң жақ және орталық (центр) . Мысалы, жоғарғы колонтитулда жұмыстың аты ортасында, беттің нөмірі оң жақ бөлікте, ал ағымдағы дата сол жақта болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz