Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны
3.4. Мектеп жұмысын жоспарлау жүйесі
Мақсаты: жалпы білім беретін мектептің жұмыс жоспарын құрастыруға
қойылатын маңызды талаптардың, мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі
мазмұнын ашу, мектеп ішіндегі құжаттамалар түрлерімен танысу.
Міндеттері:
а) тиімді басқару іс-әрекетінің негізі ретінде жоспарлаудың мәнін ашу.
ә) мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі тарауларын сипаттау.
б) жылдық жоспардың сыртқы көрінісінің ерекшеліктерін ашу.
в) мектепті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етудің мәнін ашу.
г) мектеп ішіндегі құжаттардың негізгі түрлерімен таныстыру.
Жоспар
1. Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде.
2. Жоспардың талданған бөлімін дайындау.
3. Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны.
4. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын дайындау.
5. Мектеп құжаттамасының басқа түрлері.
Негізгі ұғымдар: мектепті басқару, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспар
түрлері, мектеп құжаттамасы.
Басқа пәндермен байланысы: психология, ақпарат және басқару теориясы.
Жоспарлау басқару қызметінің бірі ретінде. Басқарудың жалпы әдісі іс-
әрекеттің мақсатын және бағдарламасын жүзеге асыратын, оның іс-әрекетінің
тәртібін реттейтін, жүйенің белгілі құрылымын сақтауын қамтамасыз ететін,
ұйымдасқан жүйенің элементі болып табылады. Соңғы жылдары менеджмент
термині жиі қолданылып келеді, ағылшын тілінен аударғанда басқару дегенді
білдіреді. Теория мен практикада басқарудың мынандай түрлерін бөліп
көрсетеді: іс-әрекеттің жағдайын талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекеті,
ынталандыру, шешімді орындалу процесін бақылау және реттеу әрекеттің
қорытындысынан шығады.
Тиімді де нәтижелі басқару үшін аталған қызметтердің барлығының
үйлесімді өз ара әрекеттестігін қамтамасыз ету қажет, олардың біреуін
орындамау тұтастай ұжым іс-әрекетінің нәтижелеріне әсер етеді. Барлық
басқару қызметтерінің үйлесімді өз ара байланысы жоспарлауға негізделеді.
Жоспарлау (іс-әрекет жоспарын құру) дегеніміз іс-әрекеттің негізгі түрлері
мен тұтас іс-әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.
Тиімді жоспарлау дегеніміз:
- жұмыс жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің
қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру;
- алдағы уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін
анықтау;
- алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді,
құралдарды айқындау, оларды шешудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау.
Бұлардың барлығы басқару жүйесіндегі істің жай-күйі туралы объективті
ақпараттың болуын талап етеді. Ақпарат дегеніміз басқарылатын жүйенің жай-
күйін сипаттайтын, сондай-ақ оны дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын
пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы. Ақпараттың көлемі мен
мазмұны жүйе іс-әрекетінің мақсатымен, негізгі бағыттары мен аумағымен
анықталады. Бағытына қарай олар төмен және жоғары бағытталған ақпарат болып
бөлінеді. Төмен бағытталған ақпараттар басқару субъектісінің басқарушылық
іс-әрекетін көрсететін ақпараттар (нормативті, жоғары тұрған органдардың,
соның ішінде білім беру органдарының ұйымдастырушылық-бұйрықтық құжаттары).
Жоғары бағытталған ақпарат басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайды (есеп
берулер, тексеру нәтижелері бойынша анықтамалар, мектеп ішіндегі күнделікті
ақпарат). Басқару іс-әрекеті үшін ақпараттың екі түрі де өте маңызды.
Басқарудың нәтижелі болуы, негізінен, қажетті ақпараттың болуына,
басқарушылық шешімдерді дер кезінде және сапалы түрде қабылдай алынуына
және тұтас білім беру жүйесінің мониторының ұйымдастырылуына байланысты
(Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту Тұжырымдамасы).
Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқару іс-әрекет
сияқты, барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді. Мектептегі ең
маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің
жетекші құжаты болып саналады. Онда мектеп іс-әрекетінің барлық жақтары
қамтылып, олардың бірлігі, ішкі және сыртқы байланыстары мен өзара
тәуелділігі есепке алынады. Мектепте жұмыстың нәтижелі болуы жылдық
жоспардың терең ойластырылуына, негізді және мақсатты болуына байланысты.
Мектептің жылдық жұмыс жоспары мына қағидалар негізінде құрастырылады;
а) жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және
экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық
заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғандағы мектептің
дамуының тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастырылуы
қажет.Жоспардың мақсаттылығы бұл принципті жүзеге асыру үшін. Жоспар
педагогикалық жағынан мақсатты болуы қажет,
ә) үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған мақсаттарға
жету үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері
болуы қажет. Бұл принцип жоспардың шынайы болуына, мектеп ұжымының іс-
әрекетінің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдауға, жоспардың құрамды
бөліктерінің мақсатты түрде өзара қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған,
б) жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет,
орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге кім жауап беру
керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. Белгілі бір
міндеттерді табысты шешуге жағдай жасайтын нақтылы шарттардың есепке алынуы
қажет. Нақтылық принципін жүзеге асыра отырып жоспардың қажетті нақтылығын
қамтамасыз етед.
в) Жоспардың болашағы. Жоспарда жуық арадағы мақсат міндеттерімен
қоса, жоспардың алыс, жақын болашақтың болашағы да көрініс табуы қажет.
Жоспарда мектеп жұмысының келер жылдары да алдына қойылатын оқу-тәрбие
міндеттері ескерілуі қажет,
г) Ұжымдық принципі. Мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептің басқа да
қызметкерлерінің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын
қарастырады. Мектеп жоспары ұжымдық шығармашылықтың жемісі болуы қажет,
алайда ол ұжымның әрбір мүшесінің жеке дара жауапкершілігін талап етеді.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың алгоритмі:
1. Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша
психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен жаңа педагогикалыќ
технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу.
2. Мектептің өткен уақыттағы оқу-тәрбие процесі туралы жинақталған
ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген
қателерді айқындап, мектеп ұжымының іс-әрекетіндегі маңызды жетістіктерін
анықтау.
3. Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай-ақ келер жылғы іс-
әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
4. Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды
анықап, оң нәтижелерді әрі ќарай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары
мен құралдарын таңдау.
5. Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша,
сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың
жұмыс нұсқасын жасау.
6. Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау. Ұсыныстарға сәйкес
жоспарға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
7. Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау және оны бекіту.
Бұл бағдаржолдың тармақтары бір-бірімен тығыз байланысты, олар бірінен
соң бірі орындалуы тиіс. Жоспарды дұрыс жасау үшін қажетті әдебиеттерді
оқып зерттеу қажет. Мақсат пен міндеттерді, жолдар мен құралдарды таңдап,
бекіту де осылайша жүзеге асады.
Жоспардың сараптамалық бөлімін дайындау. Мектептің оқу-тәрбие процесі
туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы (мектеп жұмысының
талдауы) жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А. Сухомлинский:
Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар
құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзету өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең
әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты, – деп санаған. Жұмыстың
талдауы мектеп ұжымының алдағы іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және
қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқындауы қажет. Талдау
оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық
мақсаттарға жетудің жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын,
қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет. Қысқаша айтқанда, мектеп
жұмысының талдауы мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы
үлгерімі үшін, кемшіліктерді тез және дер кезінде жою үшін күреске
жұмылдыру сияқты мақсат негізінде (Ю.А. Конаржевский) жүргізілуі қажет.
Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген
әдістері бар. Ю.А. Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-
әрекетінің мынандай тараулары туралы қажетті ақпараттар болу қажет:
- мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті;
- мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі;
- білім берудің жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша
мұғалімдер ұжымының жұмысы;
- мұғалімдер ұжымының оқушылар ата-аналарымен жұмысының жай-күйі;
- қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін
мұғалімдердің көмегі;
- оқушылардың тәрбиелілік деңгейі;
- оқушылардың сабақтарға қатысуының жай-күйі;
- оқушылардың білім, білік және дағдаларының жай-күйі;
- жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс-әрекеті.
Мектеп жұмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелілік пен
білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы
ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет. Ал басқа тарауларды
олардың негізгі үш тарау бойынша қажетті жоғары нәтижелерге жетуге
қаншалықты әсерлі әрі үйлесімді ықпал еткендері жағынан қарастыру қажет.
Мектептегі әдістемелік жұмыс оқушылар ата-аналарымен жұмысы сияқты аясы тар
мақсат болмауы керек, олар педагогикалық процестің жоғары нәтижелеріне
жетудің құралдары болуы қажет. Бұл нәтижелер оқушылардың тәрбиелілігі мен
білімділігінің көрсеткіші болады.
Мектептің алдағы уақыттағы маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау
объективтілік, перспективтілік және нақтылық сияқты мектептің жылдық жұмыс
жоспарын құрудың принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектептің
оқу жылының мақсаттары мектеп үшін стратегиялық мәні бар негізгі мақсаттан
туындайды. Міндеттер мақсаттармен тығыз байланыста болып, сол мақсатқа
жетудің бір ізді сатыларын құрап, мектеп жұмысы талдауының нәтижелерінен
бастау алулары қажет. Міндеттер тәрбие мен оқытудың, сыныптағы және
сыныптан тыс іс-әрекеттің, сондай-ақ педагогикалық процестің әртүрлі
бөлімдері мен мектептің әртүрлі Міндеттер мектептің барлық мұғалімдерінің,
жанұя мен қоршаған ортаның басқа да бөліктерінің әрекеттерінің бірлігін
қамтамасыз етуге бағытталулары қажет. Мектеп міндеттерінің шешімі
мұғалімдер мен тәрбиешілердің жеке дара және ұжымдық шығармашылық іс-
әрекетін ынталандырып, өз еңбегінің нәтижесіне деген қызығушылығын арттыруы
қажет, олардың бар күшін жалпы мектептің мақсатын жемісті жүзеге асыруға
бағыттап, тәрбие мен оқытудың негізгі мәселелерін шешудің ортақ әдісін
қалыптастырып, педагогикалық процестегі оқушының белсенділігін, ынта-
ықыласын арттыруға жағдай жасауы қажет.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны. Мектеп жоспары мазмұнының
негізгі бөлігін мектепте жүргізілуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл
шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті
жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс-әрекетіне арналған. Онда мектеп
маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толыќ тіркеу шаралары
көрсетіледі. Балаларды мектептің бастауыш, негізгі және жоғары сатыларына
қабылдау бойынша, сырќат балаларды үйде және емдеу мекемелерінде оқыту
бойынша шаралар белгіленеді. Егер мектептерде интернаттар болса, дайындық
сабақтары ұйымдастырылса оларда оқу-тәрбие жұмыстарын өткізу шаралары
қарастырылады. Жағдайы нашар және толық емес жанұялардың балаларын және
қамқорлыққа алынған балалардық мектепке қабылдау мәселесіне баса көңіл
бөлінеді. Ата-аналар қоғамы мен оқушылар ұжымдарын мектеп жасындағы барлық
балаларды оқуға қабылдау бойынша жұмыстарға араластыруға бағытталған
шараларды да қарастыру қажет.
Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие жұмысының сапасын артыру бойынша іс-
әрекеті атты тарау мектептің жылдық жоспарының өзегі болып табылады. Бұл
тарауда сабақ пен оқытудың басқа да ұйымдастырушылық фомаларын жақсарту
шаралары жоспарланады. Мұнда оқушылардың білім сапасын, тәжірибелік
біліктері мен дағдыларын арттыруға, оқушылар біліміндегі кемшіліктерді
жоюға бағытталған шаралар қарастырылады. Оқу бағдарламаларын, соның ішінде
олардың тәжірибелік бөлімдерін толық және сапалы түрде орындау бойынша
шаралар жоспарланады. Мектептің оқу процесіне оқытудың техникалық
құралдарын, компьютерді енгізу жоспарланады. Сыныптан сыныпқа өту немесе
мектеп бітіру емтихандарын ұйымдастыру мен өткізу мәселелері де осы тарауда
қарастырылады. Оқушылардың оқу еңбегіне деген жауапкершілікті қатынасын
тәрбиелеу мен өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту бойынша шаралар
көрсетіледі. Оқушылардың білімін кеңейту мен тереңдету бойынша сыныптан тыс
жұмыстар қарастырылады: факультативтер, пәндік үйірмелер, қосымша сабақтар
жұмысын ұйымдастыру, пәндік кештер, лекциялар мен әңгіме-сұқбаттар,
жарыстар, пәндік олимпиадалар өткізу.
Тәрбие мәселелері бұл тарауда үлкен орын алады, өйткені оқушының жеке
тұлғасына, оның жеке қасиеттері мен гуманистік көзқарастарының дамуына
ерекше көңіл бөлу қажет. Адамгершілік тәрбие, мінез-құлық мәдениетінің
дағдыларын дамыту, оқушылардың саналы тәртібін ќалыптастыру бойынша
шараларды қарастыру (оқырмандар конференцияларын, лекциялар, әңгіме-
сұқбаттар, жарыстар, пікірталастар өткізу, пайдалы басылымдар шығару).
Құқықтық тәрбие және оқушылар арасында заң бұзушылықты болдырмау бойынша,
сондай-ақ патриоттық тәрбие беру бойынша шаралар қарастырылады. Оқушылардың
эстетикалық мәдениетін арттыру мен олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
мақсатында лекциялар, өнер сүйгіштер клубын құру, музыка, театр апталарын
өткізу, ертеңгіліктер мен кештер өткізу, көрмелер ұйымдастыру, өнер
мекемелеріне бару, әртүрлі үйірмелер мен студиялар жұмысын ұйымдастыру
(әдебиет шығармашылығы, вокалдық, би, қолданбалы өнер), байқаулар мен
жарыстар өткізу жоспарланады.
Дене шынықтыру-спорттық жұмыстарды өткізу жоспарланады: спорттық
секциялар құру, туристік саяхаттар, жарыстар, спорттық кештер мен
мерекелер, сондай-ақ дене шынықтыру бойынша қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттерді
(спорттық құрал-жабдықтар мен бұйымдарды жөндеу, спорттық алаңдарды
жабдықтау бойынша жұмыстар) ұйымдастыру. Сауыќтыру жұмыстары, соның ішінде
оқушылардың жынысы мен жасын ескере отырып жалпы мектептік деңгейде және
сыныптар бойынша санитарлық-гигиеналық тәрбие шаралары, оқушылардың
ауруларының алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау шаралары
қарастырылады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз өзіне қызмет
жасау, қоғамдық-пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың
шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарда
мектептегі еңбек мейрамдары мен басқа да шаралар (көрмелер, байқаулар,
жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы
ұйымдастырылады. Мұнда оқушыларға экономикалық тәрбие беру бойынша,
іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттерін
қалыптастыру бойынша шаралар көрсетіледі. Оқушыларға экологиялық тәрбие
беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ,
экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау
бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.
Бұл тарауда жанұя тәрбиесімен байланысты оқушылар ата-анасымен
жүргізілетін жұмыс көрініс тапқан мәселелер де бар. Ата-аналармен кездесу
өткізу, оларға ақыл-кеңес беруді ұйымдастыру, ата-аналар жиналыстарын
өткізу, ата-аналар комитеті жұмысына көмектесу, ата-аналарды мектептегі
тәрбие жұмысына араластыру, жанұя тәрбиесінің озат тәжірибесін зерттеу мен
қортындылау жұмыстары қарастырылады.
Педагогикалық кадрлармен жұмыс тарауында мұғалімдер мен
тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеруге бағытталған жұмыстар
қарастырылады. Мұғалімдер ұжымының кәсіби біліктері мен дағдыларын
диаагностикалау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға,
сондай-ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы
қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарға
мектептің әдістемелік бірлестіктерінің, әдістемелік кеңестің, әдістемелік
кабинеттің іс-әрекеті мәселелері, мектеп мұғалімдерінің психологиялық-
педагогикалық проблемаларды зерттеу мәселелері, мұғалімдер мен
тәрбиешілерге арналған педагогикалық оқулықтар, конференциялар, семинарлар,
арнайы курстар өткізу енгізіледі. Жоспарда тәжірибесі аз мұғалімдерге
әдістемелік көмек көрсету, мұғалімдердің өзіндік білім алулары мен олардың
педагогикалық шығармашылығын ынталандыруды ұйымдастыру мәселелері, озат
педагогикалық тәжірибені қортындылау мен тарату мәселелері (ашық сабақтар,
әдістемелік көрмелер, шығармашылық есеп берулер өткізу, шығармашылық
педагогика клубтарын ұйымдастыру, озат тәжірибе мектебін құру) көрініс
табады. Бұл тарауда мектептің педагогикалық ғылым өкілдері мен іскер
ынтымақтастықтың формалары және мазмұны көрсетіледі. Әдістемелік кеңес пен
әдістемелік бірлестіктер (кафедралар) жұмысының жоспарлары осы тараудың
құрамды бөлігі болып табылады.
Жоспардың белгілі бір тарауында мектептің педагогикалық кеңесінің
жұмысы қарастырылады, онда педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбы мен
өткізілетін күні нақты белгіленеді. Жоспардың бұл тарауын дайындағанда
мәжіліс тақырыбын анықтауға ерекше көңіл бөлу қажет. Мәжіліс тақырыбы
мұғалімдер ұжымы іс-әрекетінің жалпы мазмұнынан бастау алуы қажет,
педагогикалық кеңестегі белгілі бір мәселелерге талдау жасау, ұжымдық
шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру мектеп іс-әрекетінің жалпы мақсатына
жетуге жағдай жасауы қажет. Педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбында
мектептегі оқу–тәрбие процесін, ұжымның ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-
әрекетін жақсарту мәселелері, мектептің педагогикалық ғылыммен байланысы
туралы, педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz