Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

3. 2 Мектептiң оқу-тәрбие процесін басқару. Әдістемелік қызметті ұйымдастыру.

Мақсаты: мектептің тұтас педагогикалық процессіндегі басқару жұмысының теориялық білімдерімен және әдістемелік негіздерімен танысу.

Мiндеттерi:

а) “мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнiн ашу;

ә) басқару қызметтерiн сипаттау;

б) мұғалiмнiң мамандыќ дєрежесін көтеру туралы түсiнiк беру.

Жоспары

  1. “Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi.
  2. Оқу-тәрбие процесіне жетекшілік пен ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметтері.
  3. Педагог кадрлардың әдiстемелiк жұмысы мен аттестациясы.

Негiзгi ұғымдар: басқару, мектеп жұмысын басқару, тұтас педагогикалық процесс, бiлiм берудi басқару, әдiстемелiк жұмыс, инновациялыќ бағыттылық, аттестация, кәсiби-педагогикалық мәдениет, мамандық пен кәсiби шеберлiктi көтеру, педагогикалық технология.

Басқа пәндермен байланысы: философиямен, әлеуметтанумен, психологиямен, физиологиямен, педагогика тарихымен, этнопедагогикамен.

“Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi . Педагогика ғылымында мектепті басқару - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н. Д. Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен [1. 77] . Қазiргi заман мектебi - күрделi де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтiн мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың іс-әрекетiнен, мектеп алдында тұрған жалпы мiндеттердi шешуге белгiлi бiр жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенiмiз - мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк т±рѓыдан басқарудың объектiлерi болып табылады. Қазiргi мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп директорының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

Мектептi басқарудың басты мәнi - оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады .

Адамдар жеке iстей алмайтын немесе жекелеп iстеу тиiмсiз болғанды жұмыла iстеу үшiн басқару қажеттiгi туындайды. В. Г. Афанасьевтiң пайымдауынша: “Басқару - қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, iшкi өзiне тән қасиетi. Бұл қасиеттiң жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелiк табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек пен өмiр барысында қарым-қатынас жасау, өзiнiң материалдық және рухани өмiрiнiң жемiсiмен алмасу қажеттiгiнен бастау алады” [2, 38] .

ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындаѓы басқару бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Ғылыми басқарудың теориялық негізі кеңестік әдіснамалық мектепте жасалған дәл осылар болады [3] .

“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс жайған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдық қарым-қатынас теорияларының” орнына, басқарудың жүйелiк теориялары, жағдайаттық теориялар, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтың жағымды жақтарын бiрiктiруге ұмтылған, ұйымдастырушылық даму теориялары келдi.

Мектептi басқару мәселесiне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектептi басқарудың (Э. Г. Костяшкин, Ю. А. Конаржевский, В. П. Стрезикозин, П. В. Худоминский, Т. И. Шамова, Н. Д. Хмель, Н. Н. Тригубова, т. б. ) мәнi ашылады. Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн енгiзу бойынша (И. П. Раченко, Умирбекова Ж. Б., Г. Т. Хайруллин, Г. А. Уманов т. б. ) ; мұғалiмдердiң шығармашылық зерттеушiлiк және эксперименталды қызмет-әрекетiн ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгiзу бойынша (А. А. Бейсенбаева, Л. И. Гусев, В. И. Журавлев, В. И. Загвязинский, Б. А. Койшибаев, В. В. Краевский, Г. Л. Лукпанов, М. Н. Скаткин, Я. С. Турбовский, т. б. ) ; мамандықты жетілдіру бойынша (Я. С. Бенцион, Г. И. Горская, Л. С. Коробкова, Ш. Т. Таубаева, В. П. Топоровский, т. б. ) ; мамандықты көтерудiң психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру бойынша (Г. С. Сухобская, А. С. Пискунов, т. б. ) ; Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесiн дамыту тарихы бойынша (Б. А. Альмухамбетов т. б. ) жұмыстар жүргiзiледi. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектiлерi М. М. Поташкин, В. С. Лазарев, Л. И. Моисеев, И. И. Цыркун, Н. Р. Юсуфбекова және т. б. еңбектерде талданған. Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық ендіруді басқаруға даярлаудың әдiснамасы және маңызы педагогика ғылымында жеткiлiктi баяндалмаған.

Басқарудың қызметтерiн тек дидактикалық тұрғыдағы аспектiлермен шектеген қате болар едi. Бiлiм беру мектептерiндегi педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелiк жүйесі де басқаруға келеді. Әсiресе, мектептердегi тәрбиелiк жұмыстың тәрбиенiң қалыптасқан стереотипiнiң түбегейлi өзгеруiмен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкiлiктi ауысуымен қазiргi кезеңiндегi қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiндегi қиыншылық жағдай, бiлiм берудiң, қазiргi тәрбиелiк процестi белсендiрудi, оның жаңа түрлері мен әдiстерiн табуды, әсiресе, бұл процестi басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етедi.

Қазақстан Республикасында беделдi азаматты тәрбиелеу мәселесi ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару практикалық маңызды мәселе болып табылады.

Г. И. Щукинаның пiкiрi бойынша, басқару- мектеп iшiндегi “психологиялық, ұйымдастырушылық және әдiстемелiк” сияқты күрделi процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиiстi ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледi. Материалдарда, көбiнесе, негiзгi идеялар мен тәжiрибенiң талдауы болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берiлмейдi, оны енгiзудiң шарттары да көрсетiлмейдi. Ал кейбiр жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесi емес, керiсiнше, жекелеген тәсiлдер ғана суреттелiп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен бiлiм беру органдары үшiн ешқандай тәжiрибелiк құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады. М. М. Поташник былай дейдi: ”Басқару - мектептiң қалыптасуын, тұрақтануын, тиiмдi қызмет етуiн және дамуын қамтамасыз ететiн барлық субъектiлердiң мақсатты іс-әрекетi”. Бұл анықтама маңызды екi нәрсеге назар аудартады: бiрiншiден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екiншiден, ол басқалардан өзiнiң мiндеттерiмен ерекшеленетiніне. К. Я. Вазинаның пiкiрiнше: ”Басқару - нақты бiр мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн қалыптасуға жауап беретiн жүйенiң қызметi”.

Педагогикалық басқару әлеуметтiк мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетiн басқару мен олардың бiрiгуiне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтiк басқарудан өзiнiң объектiлерiмен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа бiлiм беру бөлiмшелерi, т. б. ), олардың заңдылықтарымен ерекшеленедi.

Практикалық іс-әрекет ретiндегi педагогикалық басқару - оқушылардың оқуы мен тәрбиесiн басқару. Педагогикалық басқару теориясы - мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерiн басқару туралы бiлiмдер.

“Педагогикалық басқару” ұғымы “бiлiм берудi басқару” ұғымынан кең, өйткенi ол тәрбие мен оқытуды жүргiзетiн басқа мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесiнiң мекемелерi, т. б. ) қызмет етедi. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген “адам - адам” жүйесiнде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негiзгi түрiне бағынады - педагогикалық процесс субъектi іс-әрекетiн басқару.

Педагогикалық басқарудың бiлiм беру жүйесiндегi басты объектiсi -жеткіншек жас ұрпақтар болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеудi басқару не тiкелей (мұғалiмдер, тәрбиешiлер арқылы), не жанама - мемлекеттiк қоғамдық ұйымдар арқылы жүргiзiледi.

Басқару субъектiсiнiң қызметтер жиынтығын басшылық дейдi.

Бiлiм беру мекемесiн басқару іс-әрекетiнiң басқа мекемелер немесе өнеркәсiп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуiр айырмашылығы бар. К. Д. Ушинский былай деп жазған: “Егер қаржы немесе әкiмшiлiк әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемiнде ашық айтылып, ашық қабылданған пiкiрден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ”. М. И. Кондаков: “Мектеп жұмысын басқару өндiрiстiк және қоғамдық өмiрдiң басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткенi мұнда күштердi орналастыру мен үйлестiру, байланыс пен өзара тәуелдiлiк жүйесiн жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесiнiң барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелерi басты мәнге ие болады”, - дейдi.

Бiлiм беру жүйесiнiң белгілі бір ретпен жасалған (иерархиялық) құрылымының әрбiр элементiнде, министрлiк болсын, облыстық, аудандық басқарушы ұйым (департаменттер, бiлiм беру бөлiмдерi) немесе мектептер болсын, бәрiнде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлерi кездеседi, мысалы: әкiмшiлiк, шаруашылық, құқықтық. Басқарудың барлық түрлерi бiлiм беру жүйесiнiң шеңберiнде бiр-бiрiмен байланысты, олардың бәрi жалпы тәрбиелiк және бiлiм беру мiндеттерiн шешуге бағытталған. О. С. Анисимов: “Бiлiм берудi басқаруды жiктегенде мынаны ескеру керек: басқару - адам іс-әрекетiнiң ең маңызды түрлерiнiң бiрi. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуге көнбейдi” - деп, дұрыс айтқан.

Егер бiлiм беру жүйесiн қарайтын болсақ, педагогикалық басқару мен басқарудың басқа түрлерiнiң үлес салмағы мен қатынасы әртүрлi екенiн байќауѓа болады. Мысалы, министрлiк, облыстық, аудан және қалалық бiлiм беру басқармасы деңгейiнде кешендi процесс ретiндегi басқару жүйенiң арнайы құрылымын құруға, ведомстволық мекемелер мен адамдар қызмет-әрекетiне қажеттi материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлiк және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп директоры, деңгейiнде педагогикалық басқарудағы мұғалiмдер практикалық қызмет-әрекеттерiндегi педагогикалық талаптарды тiкелей жүзеге асыру ретiнде толығырақ көрiнедi. Педагогикалық басқаруға қызмет көрсету (мектептiң материалдық базасы, құрал-жабдықтар, оқу-техникалық құралдары, т. б. ) маңызды, бiрақ бағынушылық мәнге ие.

Әдетте, бiлiм беру жүйесiндегi басқару туралы сөз еткенде, көбiнесе, иерархиялық тұрғыдан: министрлiктi, облыстық, аудан, қалалық бiлiм беру басқармалары бiрiншi болып аталады. Оқу-тәрбие процесін тікелей басқару мектеп әкімшілігі деңгейінде және мұғалімнің қатысуымен жүзеге асырылатыны жиі ұмытылып қалады. Мектептi басқару теориясы (мектептану) арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалық іс-әрекет ретiнде объектiлерi, басқарудың тәсiлдерi мен нәтижелерiнде айырмашылықтар бар.

Мектептi басқару теориясының объектiсi -оның барлық құрамды элементтерiмен алынған процес болып табылады. Практиканың объектiсi - мектептiң әртүрлi құрылымдық топтары (ұжым, сынып, жеке субъект) .

Практикалық басқару іс-әрекетiнiң құралдары - басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң құралдары - ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiлдер, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру мекемелерінің жұмыс тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру және т. б.

Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетiнiң нәтижесi - тәжірибені кµбейту, бұған оқу-тәрбие процесiнiң қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесi - практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын жаңа білімдер, заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.

Мектептегi практикалық басқару іс-әрекетiнiң бағыттары, құндылығы жағынан бiрдей емес. Мектептiң негiзгi әлеуметтiк мiндеттерiне сәйкес, ол өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының iшiнде оқу-тәрбие жүйесін басқару бiрiншi орында болу керек.

Осылайша, педагогикалық басқару практикалық іс-әрекет ретінде - ол педагогикалық ұжымының тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруы (Сурет 1. ) .

Сурет 1. Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы

Мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк атқарады. Оның мiндеттерiне кіретіндер:

  • кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептiң педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалiмдердiң кәсiби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейiн көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенiң озат педагогикалық тәжiрибесiн енгiзу;
  • оқу-тәрбие процесiнiң барысын, оқушылар бiлiмiнiң сапасы мен жеке тұлға ретiнде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;
  • оқушылардың кәсiби бағыты бойынша тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру және оларға өмiрде өз жолын табуға кеңес беру;
  • оқушылардың өзiн өзi басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетiн белсендiру, мектептегi оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру бойынша мұғалiмдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен iскерлiк ынтымақтастық қатынас жасау;
  • Еңбек туралы Заңға, мектептiң iшкi тәртiп ережелерi мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерiнiң мiндеттерiн анықтау мен нақтыландыру;
  • ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;
  • жергiлiктi қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негiзгi кәсiпорындармен iскерлiк байланыс орнату;
  • мектептегi қажеттi санитарлық-гигиеналық тәртiптi орнату, оқушылардың, мұғалiмдер мен мектептiң қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттiң басқа да түрлерi барысындағы еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк шараларын сақтау;
  • мектептiң қазiргi заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;
  • мектеп қызметкерлерiн жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;
  • мектептiң педагогикалық кеңесiмен келiсiп, мұғалiмдердi және мектептiң басқа да қызметкерлерiн мадақтау мен марапаттауға ұсыну.

Сонымен, педагогикалық басқаруды ұйымдастыру - ол мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.

Бiлiмнiң бұл саласының мiндеттерi - педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерiн жете зерттеу, оны жетiлдiрудiң ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептiң барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерiн жоққа шығармайды. Бiлiм берудi басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшелiктердi ескере отырып, әлеуметтiк басқарудың жалпы заңдылықтарына негiзделедi.

Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы мен жетекшілігі бойынша қызметтері .

Мектеп басшылығының қызметтерi Қазақстан Республикасының Бiлiм беру Министрлiгi бекiткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлi мәселелерi бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалыќ кадрлардыњ іс-әрекетiн реттейді.

Төменде тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдардыњ жұмыстары келтiрiлген (Сурет 2) .

Суретте мектеп директорының, орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қызметi мен мiндеттерi көрсетілген:

  • мектептегi сабақтарды және оқыту процесiндегi тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру;
  • оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерiмiнiң сапасын бақылау;
  • әртүрлi пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндiк үйiрмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т. б. ) ;
  • оқушылардың оқу көлемін реттеу;
  • мектептiң оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетiнiң нәтижелерi туралы сандық және жазбаша есеп беру;
  • оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша бiлiм беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;

Сурет 2. Педагогикалық кеңестің қызметтері мен міндеттері .

  • оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарлату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжiрибенi қорыту мен енгiзу;
  • мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының мiндеттерiне:

  • оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестiру;
  • оқушылар тәрбиесiн жетiлдiру бойынша сынып жетекшiлерi мен ұзартылған күн топтары тәрбиешiлерiмен әдiстемелiк жұмысты жүргiзу;
  • оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен iскерлiк байланыс орнату;
  • мектептегi сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдiстемелiк талдау, озат педагогикалық тәжiрибенi қорытындылау және ендіру.

Мектептi жаңарту мен оған өзгерiстер енгiзу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет мiндеттерiн орындау үшiн мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық бiлiмдiлiгi, адамгершілік мәдениетi болуы, жұмыста iскерлiк пен жауапкершiлiк көрсетулерi, оқыту мен тәрбиенi жетiлдiрудiң тєсілдері мен шығармашылық әдiстемесiне ие болуы керек, мұғалiмдер мен сынып жетекшiлерiнiң жаңашылдық ынтасы мен озат тәжiрибесiне қолдау көрсету керек. Мектеп басшыларының қызметтерi әдiстемелiк жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.

Педагогикалық кадрлердің әдiстемелiк жұмысы мен аттестациясы. Әдiстемелiк жұмыс - ғылым және озат педагогикалық тәжiрибе жетiстiктерiне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негiзделген, әрбiр мұғалiмнiң, ұстаздың, тәрбиешiнiң, оқу мекемесi басшысының, бiлiм беру жүйесiнiң басқа да қызметкерлерiнiң педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсiби шеберлiгiн көтеруге (педагогтардың кәсiби өзiдігінен бiлiм алуды, өзiн өзi тәрбиелеудi, өзiн өзi жетiлдiрудi басқару бойынша шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мұмкіндігін дамытуға және көтеруге, оқушыларға нақты бiлiм берудің, тәрбиелеудің, дамытудың үйлесiмдi деңгейiне жетуге бағытталған өзара байланысты шараларының, қызметтерiнің жүйесi.

Әдiстемелiк жұмыс - педагогикалық кадрлердiң идеялық, ғылыми-теориялық, кәсiби, әдiстемелiк және мәдени деңгейiн көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелiк жұмысынан құралған күрделi шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесiн басқарудың, педагогтарды жоғары әдiстемелiк мәдениет пен өз еңбегiнiң сапасы мен нәтижесiне талабы негiзiнде тәрбиелеудiң маңызды амал-тәсiлi болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бiрi - бiлiм беру тәжiрибесiндегi оқушылардың танымдық, ойлау әрекетiн белсендiретiн, терең бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелi әдiстердi шығармашылық түрде меңгеру.

Әдiстемелiк жұмыс педагогикалық тәжiрибемен тығыз байланысты. Халық ағартушылығының көрнектi өкiлдерi Н. К. Крупская, А. В. Луначарский педагогикалық тәжiрибенi өсiп келе жатқан ұрпақ тәрбиесiнiң теориясы мен практикасы дамуының бастаулары деп есептеген. А. С. Макаренконың, С. Т. Шацкийдiң, С. М. Ривестiң, В. Н. Сорока-Росинскийдiң және көптеген басқа да көрнектi педагогтардың ұлы гуманистiк идеялары негiзiнде құралған тәжiрибелерi тәрбиенiң теориясы мен практикасының бiрлiгi, мектептiң қоғамдық мақсат-мүдделерi негiзiнде қызмет етiп, осы мақсат-мүддеге жетудiң дұрыс жолдарын табудың үлгiсi бола бермек.

Әдiстемелiк жұмыстың мазмұны келесi бағыттар бойынша нақтыланады: мұғалiмнiң жалпы мәдени дайындығы, кәсiби-адамгершілік мәдениетi, жалпы мәдениеттiлігі, әдіснамалыќ мәдениетi, зерттеушiлiк мәдениетi, диагностикалық мәдениетi, басқару мәдениетi ұзақ уақыт аралығында күрделі мәселе бола алады. Мұғалiмдердiң әдiстемелiк, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болашаќта жеке педагогикалық жүйенiң, іс-әрекеттiң дара стилiнiң қалыптасуына жағдай туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі басқару жүйесінің принциптері
Педагогикалық менеджменттің ғылыми - теориялық негіздері
Басқару процестері
Орта мектептегі оқу-тәрбие процесіндегі басқару үрдісі
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Білім беру мекемелерінің басқарудың құрылымы
Басқару, мектепішілік басқару және мектепшілік менеджмент
Педагогикалық менеджмент ұғымы негізгі анықтамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz