Архивке файлдарды қосу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Архиваторлар бағдарламалары: WinRar, WinZip.
Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп
сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері
әртүрлі болғанмен, жалпы қызметі файлда қайталанып тұратын фрагменттер
орнына қысқаша басқа информацияны жазып0, кейіннен олардың өз реттіліктерін
сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.
Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.
Архивтеу әдістері:
ЭЕМ-ның сыртқы жадында сақтау көлемінің ұдайы өсіп отыруына қарамастан
архивтеу қажетілігі кемімейді. Бұны былайша түсіндіруге болады: архивтеу
тек жадында сақтау орны үнемдеу үшін ғана емес, ол сондай-ақ құнды
информация-лардың көшірмесін сақтау, информацияларды ЭЕМ-ның басқа
желілеріне жылдам жіберуі үшін де қажет.
Оның үстіне, магниттік информация тасушының істен шығу ықтималы,
вирустардың бүлдіруші әрекетері пайдалану-шылардың құнды информацияларды
басқа (запастағы) информация тасушыға резервті көшірме дасауына
мәжбүрлейді.
Файл архивіне файлды жазу процесін архивтеу (орау, қысу) деп атайды,
ал файлды архивтеп шығарғанды – архивтен шығару (орамасын жазу) деп атайды.
Оралған (қысылған) файл архив деп аталады.
Информацияны архивтеу – бұл информацияны көлем жағынан кемітсе де,
олардың (информацияларды) санын сол бұрынғы қалпында қалдыратындай етіп
түрлендіру. Информацияны қосудың деңгейі файлдың тұрпатына (типіне), сондай-
ақ таңдап алынған орау әдісіне байланысты болады.
Файлдарды қысудың деңгейі (саны) қысылған файл көлемінің (Vс-ның)
файлдың бастапқы көлеміне (Vс-ға) қатынасы ретінде анықталатын қысу
коэффициентімен (Кс-мен) сипатталады.оны процентте былай көрсетуге болады:
Vc
Кс=VcVo•100%
100%
Кс-ның шамасы неғұрлым төмен болса, информацияны қысудың деңгейі
соғұрлым жоғары болады.
Кейбір әдебиеттерде жоғарыда келтірілген қысу коэффициенттерінің
анықтамасына қарама-қайшы келетін анықтамалар кездеседі.
Архивтеу (орау) проблемалары кодтау проблемасымен (мәтін символдарын
код кестесінің көмегімен екілік кодпен алмастыру), шифрлеу проблемасымен
(криптография), дыбыстық және бейнесигналдар компрессиясымен тығыз
сабақтасқан.
Информацияны қысудың барлық пайдаланылатын әдістерін екі топқа бөлуге
болады: информацияны ысырап етіп алмай ораушы (бастапқы қалпына келгіш
алгоритм) және информацияны ысырап етіп ораушы (бастапқы қалпына келмейтін
алгоритм). Бірінші жағдайда оралған информация бойынша бастапқы
информацияны дәл қалпына келтіруге болады.екінші жағдайда орамдалған хабар
(распакованное сообщение) бастапқы хабардан айырмашылығы болады.
Бүгінгі таңда ысырапсыз архивтеудің көптеген алгоритмдері жасалған.
Алайда олардың барлығы да иегізінен екі қарапайым идеяны пайдаланады.
Символдардың жиілік есебіне негізделген бірінші идеяны 1952 жылы
Хаффман (Huffman D.А.) әзірлеген болатын. Ол мына фактіге негізделеді:
әдеттегі текстте әр түрлі символдардың пайда болу жиілігі бірдей емес.
ЭЕМ-дағы символдарды кодтауда код кестелері пайдаланылады. Бұл арада
әрбір символ бір (СР-1251, КОИ-8) немесе екі байтпен (Unicode)
кодталады.код кестелері кодтау процедурасын оңтайлатады. Алайда
информацияны ұзақ уақыт сақтау үшін немесе оны байланыс арнасы бойынша
жіберу үшін бастапқы информацияны сақтау барысында файл мөлшерін кемітуді
қамтамасыз ететін аса күрделі кодтау процедурасын пайдалануға болады.
Хаффманның әдісі бойынша орауда жиі ұшырасатын символдар биттердің
қысқа тізбектілігімен кодталады, ал сирек кездесетін символдар ұзақ
тізбектілікпен кодталады. Әрбір қысылған архивке символдардың орнын
ауыстыра алатын қолдағы бар кодтар мен символдарға сәйкес кестені қоса
тіркейді.
Ораудың екінші негізгі идеясы бірнеше мәрте кететін біркелкі
байттардың хабарларда жиі кездесетінін, ал байттардың бірқатар тізбектілігі
көп қайталанатынын пайдалануда жатыр. Орау барысында мұндай орында бұл
байттағы n мәрте қайталау немесе бұрын m байтында кездескен k байтының
ұзындығындағы мәтіннің бір бөлігін алу түріндегі командамен ауыстыруға
болады.
Графикалық информацияны орындау барысында бірінші жағдай жиі
кездеседі, ал мәтінді орауда – екіншісі кездеседі. Архивтеудің мұндай
алгоритімі RLE деп аталады.
Бұл әдісті растрлық графикалық көскіндерді (BMP, PCX, TIF, GIF) қысуда
сәтті пайдалануға болады, өйткені ол көп қайталанатын байттарды қамтиды.
RLE әдісінің кемшілігі аз қайталанатын байттарға байланысты файлдарды
қысудың деңгейі төмен.
Архивтеушілердің маңызды мүмкіндіктерін бөліп қарастырайық – бұлар
мыналарды құрайды:
– томның ерікті мөлшеріне дейін тапсыра алатын көп томды архивтер;
– өздігінен ашатын SFX – архивтері;
– архивке қатынаудың паролі.
Қазіргі уақытта архивтеушінің әр түрлі ондаған программалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттарды ықшамдау (архивтеу)
Архивтеу программалары. файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Информатиктерге архивтеу туралы аздаған жаңалықтар
Файлдарды архивтендіру
Файлдарды архивтеудің қажеттілігі
Файлды архивтеу
Файлды архивтеу жайында
Архивтеу программасының ерекшеліктері
SFX архивінде сығылған файылдарды архивтен шығару
Сығу утилиттері
Пәндер