Оқытудың интерактивті технологиялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
№25 Билет
1. Оқытудың аудиовизуалды технологиялары: аудиокомпьютерлік оқыту
құралдарының түрлері. Оқытудың интерактивті технологиялары.
2. Мектептегі информатика курсының қалыптасу тарихы. Оқытудың мақсаттары
мен міндеттері.

Интерактивті технология
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын
мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық
технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім
беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп,
көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.
      Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік,
дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім
беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын
арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді
тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі
мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық
мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше
бағыттарға бөлуге болады:
      - оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі
ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
      - оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды
пайдаланудың әдістемесін жасау;
      - мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде
пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
      - оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық
технологияларды пайдалануға үйрету;
      - мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
      Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге
оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау
құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды
пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші
бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік,
дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие,
сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық
технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты
құралы болып табылады.
      Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында
өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен,
мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән
мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі
шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды
көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де
болады.
      Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен
оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану
арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай
оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
      - оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір
авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
      - нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді.
Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге
және бағалауға мүмкіндік алады;
      - материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
      Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп
тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды
мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін
құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар
құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.
      1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа
электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады.
Ақпараттық сауаттылың ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің,
сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.
      2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын
ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер
енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға
болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды
оқулықтарды пайдалану көзделеді.
      Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын
әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу
ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық
мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау
тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға
сілтемелер беріледі.
      Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
      - шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
      - дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез
табуға көмектеседі;
      - гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында
уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
      - қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с.
(мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде
көрінеді);
      - әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп,
олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
      -  белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
      3. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер
береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға
негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен
байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді,
компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге
келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу
әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың
шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып
табылады.
      Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді, нысандық жағдайлар жөніндегі
мәліметтер модел ретінде оның сөздік, сандық "сипаттамасы" қаралады.
Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде
қарауға болады.
      4. Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен
компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін
бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен
блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын
анықтауға мүмкіндік береді.

2) Мектептегі инф-ка курсының қалыптасу тарихы
Қазіргі уақытта "қоғамды ииформатикаландыру", "білім беруді
информатикаландыру" деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп
кетті. Олай болса, қоғамды информатикаландыру дегеніміз не? Қоғамды
информатикаландыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің
күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-
әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің
жоғарылауына байланысты объективті процесс.
Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін
тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын
өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету
өндірістік мәселе.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте,
маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді
информатикаландыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Мұндағы негізгі мақсат - оқушының қоршаған әлем жайында табиғи
ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі
информатика курсынан басталады. "Информатиканы оқыту әдістемесі" деп
аталатын курс мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу-әдістемелік,
дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін
жан-жақты қарастыратын курс болып табылады.
Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерінің
енгізілгендігіне 40 жылдан астам уақыт болды. Информатиканың, программалау
элементтерінің
орта мектепке енгізілуінің өзіндік тарихы бар, яғни оны бірнеше кезеңге
бөлуге болады.
Бірінші кезең, бұрынғы Одақтағы 50-жылдардың бас кезіндегі алғашқы ЭЕМ-
дың пайда болуына байланысты. Осыған байланысты, адам қызметінің жаңа
саласы дами бастады. Программалаудың қалыптасу кезеңінде тілдік құралдар
мен әдістер жеткіліксіз болды. Соған қарамастан оқушылардың программалауды
түсініп, игеруіне ешқандай принципті қиыншылық болған жоқ.
Алғашқы ЭЕМ-дар пайда болғаннан кейін көп кешікпей ғылыми-зерттеу
мекемелерінде және ірі жоғары оқу орындарында программалауды және ЭЕМ-де
жұмыс істеуді зерттейтін топтар пайда бола бастады. 50-жылдардың аяғына
қарай, А.П.Ершовтың басқаруымен Новосибирск қаласының кейбір мектептерінде
тәжірибелер жүргізілгендігі белгілі. Бұл тәжірибе сондағы ғылыми
қалашықтағы есептегіш техника негізінде жүргізілді. Басталған жұмысқа
университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының көптеген ғалымдары
қатысып, араласты. Бірақ, мұндай алғашқы қадамдардың жалпы білім беретін
орта мектеп үшін міндетті курстың қалыптасуына қатысы жоқ еді.
Екінші кезең, математикаға бейімделген мектептер негізінде
программалауға мамандандыруға байланысты. Информатиканы мектепте оқытуды
1959 жылдан басталды деуге болады, өйткені Мәскеу қаласының №444 мектебінде
С.И.Шварцбурд жоғарғы класс оқушыларына ЭЕМ жұмысын үйретуге бағытталған
эксперимент жүргізуді бастады. Мұндай мектептерде жалпыға бірдей орта білім
негізінде программист дайындау көзделген болатын. Осы мақсатқа сәйкес,
С.И.Шварцбурдтың жүргізген тәжірибелік жұмысы көпшілікке белгілі болды.
Программалау саласында мамандандырылған мектептер жүйесінің дамуы тағы
бір маңызды роль атқарды. Оқушыларды программалауға үйретуге арналған
мақалалар мен әдістемелік талдамалар көптеп шыға бастады.
Бұл жылдары математикаға бейімделген мектептер үшін дайындалған оқу
құралдары кең тарады және бұл құралдар белгілі бір программалау жүйесі
негізінде жасалды. Осы жинақталған материалдар программалау бойынша
факультативтік курстардың қалыптасуында маңызды роль атқарды.
Келесі кезең, арнаулы факультативтік курстардың ашылуына
байланысты. Факультативтік курстың мақсаты - оқушылардың жан-жақты
мүмкіндіктерін дамытуға және білімдерін тереңдетуге бағытталған жаңа оқу
жұмысының түрі ретінде қарастырылды. Ол жөнінде КОКП ОК мен КСРО
Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы "Жалпы білім беретін орта мектеп жұмысын
одан әрі жақсарту шаралары" туралы қаулысында көрсетілді. Математика және
оның қолданылулары бойынша жүргізілген факультативтерде арнаулы үш курс
әртүрлі деңгейде ЭЕМ-ның қолданылуын қажет етті.
"Программалау", "Есептеу математикасы", "Векторлық кеңістіктер және
сызықтық программалау". Осы факультативтік курстардың енгізілуіне
байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезеңі басталды.
Кейінірек, сол кездегі математикалық орта білімнің қайта құрылуына
байланысты жаңа таңдаулы тақырыптар ұсынылды. "Санау жүйелері және ЭЕМ-нің
арифметикалық құрылғылары (7-класс), "Алгоритмдеу және программалау" (8-
класс), "Кибернетика негіздері" (9-10-кластар), "Программалау тілдері" (10-
класс).
Дәл осы кезеңде арнаулы факультативтік курстар бойынша оқыту мазмұны
мен әдістерін жасау мәселелеріне байланысты әдістемелік мәселелер
В.М.Монаховтың және т.б. көптеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Педагогикалық технологияның құрылымы
Интерактивті тақтаны орнату
Математиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасында қолданылатын педагогикалық технологиялар
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану
Сматр – теледидар және оқыту үрдісі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Пәндер