Азаматтық құқық түсінігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық құқық түсінігі

ҚР біртұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінеді. Солардың бірі-азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі. Бұл сала адамдар арасындағы мүлікке қатысты қатынастарды реттеу жағынан қарастырады, яғни жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен тығыз байланыста. Жалпылай алғанда, азаматтық құқық дегеніміз - бір-бірімен мүліктік оқшауланған субъектілер арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.

Азаматтық құқықтар және міндеттер АК-тің 7-бабында көрсетіл-гендей, заңдарда көзделген негіздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекет-тер азаматтық заңдарда көрсетілгенімен, олардың жалпы негіздері мен мәніне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады. Осы азаматтық құқық заңдары АК-тен, ҚР оған қабылданған өзге де заңдарынан, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан, сондай-ақ АК 1-бабының 1, 2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін ҚР Президентінің Жарлықтарынан, ҚР Үкіметінің қаулыларынан тұрады.

Азаматтық құқықты жүзеге асыру да бірнеше шарт пен талаптарды құрайды. Егер онда көзделген талаптарды орындамаған жағдайда сот ол адамның тиісті құқығын қорғаудан бас тарта алады. Нақты АК-тің 8-бабында көрсетілгендей, азаматтар мен заңды тұлғалар өз-деріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады; азаматтық құқықты жүзеге асыру кезінде адал, парасатты және әділ әрекет жасауы, кәсіпкерлер іскерлі әдептілік ережелерін сақтауға тиіс; құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға болмайтын және т. б. сияқты шаттарды орындауы тиіс.

Ең маңыздысы, азаматтық құқықты түсіну үшін азаматтық құқықтық қатынастардың алатын орны зор. Ол дегеніміз - қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қаты-настар. Ол қатынастардың ерекшелігі төрт түрлі: 1) азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері заң жүзінде тең, бір біріне тәуелсіз; 2) азаматтық құқықтық қатынастар заңда көрсетіген не көрсетілмеген негіздердің де барысында пайда болады; 3) азаматтық құқықтық қатынастардың жағдайы мен мазмұнын бекітуде тараптардын келісімі шешуші рөл атқарады; 4) азаматтық құқық қорғаудың тәртібі мен тәсілінің өзгешелігі.

Қатынастардың негізгі материалды игіліктердің болуы және болмауына байланысты қалыптасатындықтан азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді. Мұндағы материалды игілік дегенімізді айта кетсек, ол ақшалай бағаланған азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзге де заттар, құндылықтар екенін білдіреді.

Мүліктік қатынастар мүліктік, материалды игіліктер сипатында болатындықтан, олардың экономикалық мазмұны бар.

Мүліктік емес қатынастарға адамның өмірі, денсаулығы, еркіндігі, бостандығы, қауіпсіздігі, ар-ожданы, аты-жөні т. б. жеке басының мүліктік емес мүдделері жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері менсубъектілері болады. АК 115-бабы көрсеткендей, мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқықтың объектісі бола алады. Осы баптың 2-тармағы бойынша, мүліктік игіліктер мен құқықтарға: заттар, ақша, шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет т. б. мүліктер жатады. Азаматтық құқық объектілері, яғни мүліктер қозғалатын, қозғалмайтын мүлік; бөлінетін, бөлінбейтін мүлік болып бөлінеді. Әрқайсысына тоқталып өтсек, қозғалатын мүлікке ақша, бағалы қағаздар т. б. жатады. Ал қозғалмайтын мүлік түріне жер учаскелері, үй, ғимарат, жермен тығыз байланысты өзге де мүліктер жатады. Бөлінетін мүлік-бөлу нәтижесінде бөліктеріөз мақсатын жоғалтпайтын мүліктер. Бөлінбейтін мүлік-мүлік өзінің шаруашылық мақсатын өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлінуге жатпайтын мүліктер.

Және бір айта кететін жәйт, мүліктік, мүліктік емес құқықтардан өзге мүліктік емес өзіндік құқықтар қарастырылады. Яғни ол субъектілердің жеке тұлғасымен тығыз байланысты құндылықтар. Оларға ар-намыс, іскерлі бедел, қадір-қасиет, жеке бастың құпиясын сақтау құқығы, өз бейнесіне құқығы, тұрғын үйге қол сұғылмау құқықтары жатады.

Енді, осы азаматтық құқық қатынасқа қатысушылар тобы азаматтық құқық қатынасының субъектілері болып табылады. Оған азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық байланыстар жатады. Аталған бұл субъектілердің азаматтық құқық қатынастарға қатысуының алғышарты олардың азаматтық құқық қабілеттілікке және азаматтық әрекет қабілеттілігіне ие бола алады.

Оларды ашып айтар болсақ, азаматтық құқық қабілеттіліктерді АК-тің 12-бабына сәйкес азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болып, міндет атқару қабілетін айтамыз. Ол барлық азаматтарға бірдей, ортақ деп танылады. Сол 12-баптың 2-тармағы тағы да “азаматтық құқық қабілеттілігі ол туған кезден бастап қайтыс болған соң тоқтатылады” деп көрсетеді.

Азаматтардың әрекетқабілеттілігі АК-тің 17-бабына сәйкес азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады. Бұл әрекет қабілеттілік барлық азаматтарға тең болады және он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады. Дегенмен АК-тің бабы бойынша “заң құжаттарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады” деп көр-сетіледі.

Азаматтық құқық қатынастарының субъектісі болып танылатын жеке тұлға ұғымы ҚР азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар танылады (12-бап) .

Ал заңдаы тұлға ұғымы меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер мен жауапкер бола алатын ұйым болып табылады. Оның өз атауы және мөрі болады.

Азаматтық құқық қатынастарының тууының әмбебап тәсілдеріне мәмілелер жатады. Мәміле дегеніміз АК-тің 174 бабына сәйкес, азаматтар мен заңды тұллғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекет-тері. Мәміленің белгілері:

1) ол адамдардың еркін білдіретін ерікті әрекет;

2) ол заңмен мақұлданған, құқыққа сәйкес әрекет;

3) ол тек азаматтық құқық қатынастарды тудыруға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған әрекет;

4) ол қатынастардың құқықтық салдарлары азаматтық заңнамалардың нормалармен реттелуі.

Мәміле АК-тің 148-бабында 1-тармағында көрсетілгендей біржақты, екіжақты және көпжақты болуы мүмкін. Сол баптың 2-тармағында “заңдардың немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле біржақты деп есептеледі” деп берілген. Ал 3-тармағы бойынша шарт жасасу үшін екі тараптың (екіжақты) немесе одан да көөп тараптың (көпжақты) келісілген ерік білдіруі қажет.

Мәміле ауыша, жазбаша немесе конклюдетті әрекет арқылы және үндемеу сияқты түрпішіндерде болады. Ауызша түрі мәміле жасаушы тараптардың еріктіліктің тікелей қабылдануы. Мұнда мәміле жасаушылардың еркі тарптардың бір-бірімен ауызша келісіміне негізделеді. Ондай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесуі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін.

Жазбаша түрі АК-тің 152-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттеулерде жасалуға тиіс.

Хат, жеделхат, телефонжазба, факс, электрондық құжаттар немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.

Мәміле нотариатта куәландырылуы тиіс. АК-тің 154-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақтамау АК-тің 157-бабының 3-тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Осы баптың 1-тармағына сәйкес мәміле оның нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделіадамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талаба бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. Ол жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алын-ғанның бәрін қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.

Мәміленің енді бір түрі мәміле жасауға деген еркі айқын көрінетін, ниетінің байқалуы болып табылатын конклюдентті мәміле және әрекетсіздік, яғни заңдарда көзделген реттеулерде мәміле жасауға ерік білдіру болып табылатын үндемеу түрі алдыңғы екі мәміле түрлерінен өзгешелеу болып келеді.

Азаматтық құқыққа қатысты АК-інде меншік құқығы қарасты-тырылады. Ол ұғым жайлы АК-тің 188- бабында толықтай берілген. Осы баптың 1-тармағына сәйкес, меншік құқығы дегеніміз - субъектінің зат құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы делінген. Ал 2-тармағында өз мүлкін иелену, пайдалану және билік ету құқығына тоқталып өткен. Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пай-далы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтаасыз етілуі.

Меншік құқығының жеке меншік және мемлекеттік түрі қарастырылады.

Жеке меншік АК-тің 191- бабының 1-тармағында көзделген азаматтардың және мемлекттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік түрінде болады. Ол жайлы АК-тің 192- бабының 2-және 3-тармақ- тарында көрсетілген. Ол бойынша республикалық меншік мемле- кеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес меншік республи- калық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Ал коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттары- на сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Бұл аталған меншік түрлері Ата заңымыз - Конституцияда да көрсетілген. Ол бойынша 6-баптың 1-тармағында «ҚР мемлекет- тік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» делінген. Конституциядағы 6- баптың 3-тармағы АК-тің 193-бабымен сәйкес келеді.

Меншік құқығына қоса кететін бір мәселе - ортақ меншік. Ортақ меншік ұғымы жайлы АК-тің 209-бабында толық көзделген. Осы баптың 1-тармағында «екі немесе бірнеше адамның мешігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқықтарымен тиесілі болады» делінген. 4-тармағы бойынша ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды.

Бұл ортақ меншікке ерлі-зайыптыларыдың меншігі кіргізіледі.

АК-тің бабында бұл жайлы былай делінген:»ерлі зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі егер бұл мүлік ерлі-зайыпты-

лардың үлесті меншігі болатыны не олардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқы-ғына тиісті бөліктерінде ерлі- зайыптылардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады; Ерлі- зайыптылардың некеге тұрғанға дейін тиесілі болған, сондайақ олардың некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагер- лік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады».

Азаматтық құқықта қарастырылатын тағы бір мәселе -міндеттеме ұғымы. Міндеттеме дегеніміз бір адамның борышқордың басқа адамның несие берушінің пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т. б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға не белгілі бір әрекет жасаудан бас тартуы.

Міндеттемелер, негізінен, АК-тің 271-бабында көрсетілгендей, АК-тің 7- бабында көрсетілген шарттан, зиян келтіруден немесе өзгеде негіздерден пайда болады.

Міндеттемені орындаудың белгілі мерзімі де болады. АК-тің 277- бабының 1-тармағына сәйкес, егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс.

Осы бағыттың 2- тармағына сәйкес “міндеттемеде ол орындалатын мерзім көздемесе және бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс”.

Және де міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін әдістері АК-тің 292 -бабында айқын көрсетілген. Сол баптың 1-тармағы бойынша “міндеттемені орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепіл, борышқордың мүлкін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін” делінген.

Бұлардың әрқайсысына тоқталып өтіп тереңірек ұғынайық:

Айып төлеу АК-тің 293-бабында көзделген “борышқор міндет-темесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, заңдармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы” деп танылады.

Тағы бір түрі - кепіл ұғымы АК-тің 299-бабында көзделген “міндеттемеге сәйкес несие берушінің борышқор кепілмен қамта-масыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнына АК-те белгіленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлік тиесілі адамның басқа несие берушінің алдында артық- шылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының әдісі” деп танылады.

Үшінші әдісі - кепілдік АК-тің 329-бабының 3-тармағына сәйкес “кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін ”.

Тағы бір әдісі - кепілпұл ұғымы АК-тің 337-бабында көзделген “уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алы- алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома” деп танылады.

Соңғы бір әдісі - ұстап қалу. Ол АК-тің 338-бабының 1-тармағына сәйкес “борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге тиіс зат қарамағында болған несие беруші, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушіге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған жағдайда, тиісті міндеттеме орындалғанға дейін оны ұстап қалуға құқылы”.

Белгілі көлемдегі бұл үлкен тақырыптың АК-де міндеттеменің бұзылғандығы мен тоқтатылуы жайлы да берілген. Яғни, нақты- лап айтсақ, міндеттеменің бұзылуы дегеніміз АК-тің 349-бабына сәйкес міндеттемені орындамау не тиісті дәрежеде орындамау (мезгілінде орындамау, тауарлар мен жұмыстарды толық орын- дамау міндеттеме мазмұнында белгіленген басқа жағдайларды бұзып орындау) - тиісінше орындамау деп түсініледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Азаматтық іс-жүргізу
Мамандықтың пәндер каталогы
Талап қою арқылы іс жүргізу
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Құқықтық мемлекет құрылуы және түсінігі
Азаматтық құқықтық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz