Ауқымды желі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

№24 Билет

1. Интернет ресурстарының реттелуі. Электрондық пошта. Ауқымды желіде ақпарат алмасу құралдары.

2. Орта мектептегі информатика ғылым және оқу пәні ретінде.

Интернет.

1) Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork) . Internet - бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшқы билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағыда басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады . Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) - ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекен-жайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен-жайы - URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекен-жайы бойынша тауып алуға болады.

Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www. атауы. үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен-жайы - http://www. akorda. kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекен-жайы - http://www. government. kz. ) . Үйшік Internet желісіні ң ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (. kz - Қазақстан, . ru - Ресей, . ua - Украина, . ur - Ұлыбритания, . fr- Франция және т. б. ) немесе қызмет саласын (. com - для коммерциялық ұйымдар, . org - коммерциялық емес ұйымдар үшін, . edu - білім беру қор көздеріне арналған, т. с. с. ) білдіреді.

Желі қатысушыларының ортақ пайдаланушы бөлінген компьютер сервер деп аталады.

Internet желісіне қалай қосылуға болады?

Internet желісіне қосылу үшін компьютерге желілік тақша мен модем қажет. Модем - бұл компьютерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.

Internet желісіне қосылуды баптау үшін (Windows 2003 нұсқасы үшін) Бастау батырмасын басып, Баптау - Басқару үстелі - Желілік қосылымдар - Жаңа қосылым жасау шебері әмірлерін таңдап, пайда болған терезеде Келесі батырмасын басу керек.

Internet-ке қосылуды таңдап, Келесі батырмасын басыңыз.

Интернетке қосылу әмірі «Қосылымды қолмен орнатуды» таңдап, Келесі батырмасын басыңыз.

Қосылымды қолмен орнату әмірі «Кәдімгі модем арқылы» дегенді таңдап, Келесі батырмасын басыңыз

Кәдімгі модем арқылы әмірі бос жолға Интернет провайдерінің атауын енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз

Қосылымның атауы әмірі бос жолға провайдердің телефон нөмірін енгізіп, Келесі батырмасынбасыңыз

Провайдер телефонын енгізу өрісі «Пайдаланушының аты» жолында Пайдаланушының атын, Құпия сөз жолында провайдерден алынған құпия сөзді енгізу қажет. Құпия сөзді құптау жолағында сол құпия сөзді қайта енгізіп, Келесі батырмасын басыңыз

Интернет тіркелгенің мәлімет жұмысты аяқтау үшін Дайын батырмасын басыңыз

Жұмысты аяқтау Internet желісіне тікелей қосылу үшін Internet-ке қосылуды баптағаннан кейін пайда болатын лақапты шерту қажет

Пайда болған терезеде Пайдаланушының аты және құпия сөз өрісін толтырып, Нөмір теру өрісінде өз провайдеріңіздің телефон нөмірін енгізіңіз. Шақырту батырмасын басып, қосылысты күтеміз

Компьютер провайдер желісімен байланыс орнату үшін телефон нөмірін тере бастайды. Осыдан кейін модемнің «әнімен» ұштасатын қосылысты орнату процесі басталады. Қосылыстың барлық сатылары қосылым терезесінде түсіндіріліп отырады. Егер деректер дұрыс көрсетілген болса, әдетте бір минут ішінде компьютер провайдермен қосылып, желіге шығады.

Қосылыс орнағаннан кейін бейне беттің оң жақ төменгі бұрышында белгіше және қосылым сәтті орындалғаны туралы хабарлама пайда болады.

Осы сәттен бастап, компьютер Internet-те болады, ал провайдер сервері компьютердің желіде өткізген уақытын (секундпен) есептей бастайды.

Қарапайым модем арқылы төлемі бар қосылу кезінде Internet-те жұмыс істеп болғаннан кейін бірден желіден ажыратылу қажет. Internet-тен ажыратылу үшін тінтуірдің оң жақ пернесімен батырмасының мәтінмәндік мәзірін шақырып, Доғару әмірін таңдау керек

Электрондық пошта

Электрондық пошта немесе e-mail - Интернеттің недәуір жиі қолданылатын мүмкіндіктерінің бірі. Күн сайын дүние жүзі бойынша миллиондаған хабарламалар жөнелтіп, қабылдап алынып жатады. Интернетке қол жеткізу мүмкіндігі бар кез келген адам e-mail деген атпен белгілі хабарламаларды жөнелтіп, қабылдай алады. 12. 1-суретте электрондық хабарламаның жалпы көрінісі келтірілген.

Электрондық пошта қалай жұмыс істейді? Электрондық пошта жұмысы кәдімгі поштаға өте ұқсас. Онда да жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, мекен-жайлар мен хаттар бар. Электрондық хат санаулы секундтар ішінде жеткізіледі.

Электрондық хабарламаларды жіберіп, қабылдай алу үшін сізге Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалық жабдықтар қажет. Ол не бүкіләлемдік торап құрамына кіреді, не сіздің компьютеріңіздегі бөлек бағдарлама болып табылады - мысалы, Microsoft Outlook. Бағдарламалық жабдықтың екі түрі де бірдей жұмыс істейді және мынадай қадамдарды көздейді:

  • Сіз хат жазасыз.
  • «Жөнелту» батырмасын шертеңіз. Сіздің бағдарламаңыз хабарламаны сандық форматқа ауыстырады.
  • Сандық хабарлама Интернет арқылы пошталық серверге жетеді.
  • Пошталық сервер қабылданған поштаны жинап, сұрыптайды да, жекелеген адресаттарға жібереді.

Электрондық хаттарды жөнелтіп, қабыдап ала алу үшін сізге электрондық пошта мекен - жайы (электрондық поштаның тіркеулік жазбасы) қажет. Электрондық хаттарды тегін жөнелтіп, қабылдай алу үшін электрондық поштаның тіркеулік жазбасын жасауға мүмкіндік беретін веб-сайттар қызметіне жүгінуге болады: http://mail. kz, http://mail. Ru, http:hotmail және т. б.

Электрондық поштаның әрбір тіркеулік жазбасы үшін сіз бірегей пайдаланушы аты мен құпия сөз аласыз, бұлар сізге электрондық поштаны әр тексерген сайын қажет болып отырады. Сізге біреу электрондық хат жіберсе, ол сіздің бірегей пошта мекен-жайыңыз арқылы тек сізге ғана жетеді.

Ауқымды желі

Ауқымды желі - онда олардың арақашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан комп-ді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.

Егер басқа мекемеден мәліметтер алу (беру) жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алып, комп-ң ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн. Модемдер ішкі және сыртқы түрлерге бөлінеді. Ішкі модем кәдімгі адаптер тәрізді комп-р қорабы (корпусы) ішінде орналасады. Көптеген алып жүруге арналған блокнотты комп-де де ішкі модем болады, олар қосымша қызмет ретінде факстер қабылдап, оларды жібере алады. Қазіргі сыртқы модемдер де факстермен жұмыс істей береді. Сыртқы модемдер қоректену блогы бар шағын корпусқа орналасып, асинхронды тізбекті адаптер портына кабіл арқылы қосылады. Сонымен комп-ді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны көз келген бір телефонға жалғау жеткілікті, бірақ оны қалай пайдаланамыз?

Дүние жүзінде көптеген ауқымды комп-к желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгілері болып, Internet, Sprint, Relkom, Fidonet есептеледі. Бұлардың кейбірі тек өз елдері маңында жұмыс істесе, кейбірлері бүкіл д. ж қамтиды. Бірақ барлық желілер бір бірімен байланысқан, сол себепті, мысалы, Glasnet желісіндегі біреудің адресін білсеңіз, одан басқа желіден де хабар бере аласыз. Ауқымды желі топологиясын қарайтын болсақ, ол күрделі граф тәрізді деуге болады, ал оның түйіндерінде комп-р орналасқан. Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде арнайы пайдаланылатын комп-р болуы тиіс. Мұндай комп-р бірден бірнеше телефон каналдарымен қосылған, сондықтан олардың құрамында да бірнеше модем болады. Әрбір адам да өз комп-ін жалпы желіге модем арқылы жалғайды.

2) Орта мектептегі инф-ка ғылым және оқу пәні ретінде

Информатиканың негізгі ұғымдарына кіріспес бұрын информатиканың өзінің және информатика пәнінің не екендігін және оның құрылымын анықтап алған жөн.

Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Әдетте, ғылыми пәннің пайда болуынан бастап оның жалпыілімдік мәнін ұғынуға немесе оның негіздерін мектептің білім беру жүйесіне енгізуге дейін кемінде бірнеше он жыл, қала берді бірнеше жүз жыл кетеді. Осы уақыт аралығында ғылыми ақпарат тұрақтандырылады, әдістаным анықталады, жалпы әдістемелік жолдар қалыптасады, яғни берілген пәнге әлде бір жүйелі көзқарас орнықтырылады.

Бір жағынан, бұл үрдіс жиырма жыл шамасы дерлік жалпыілімдік пәндер құрамына міндетті түрде еніп келе жатса да информатика үшін әлі де аяқтала қойған жоқ. Бірақ пәнге деген жүйелі көзқарастың болмауы, оған үзіп-жұлып қарау қазіргі кезде информатиканы оқытудағы басты мәселе болып табылады. Егер оқу пәнінің жалпы сүлбесіне жүгінер болсақ, онда толық қажетті оқу пәні болуы үшін оған не жетіспейтіндігін түсінуге болады:

  • пән саласының айқын сипаттамасы;
  • информатикаға ғана тән қызметтің жалпыланған түрлерінің тұжырымдамасы.

Өткен 1985 жылдан бастап информатика пән ретінде өзгеріске түсті. Ол автоматикадан шын мәнінде алыстай бастады. Таза техникалық сала - computer science (компьютерлік ғылымдар) атты жеке ғылыми бағытқа бөлініп шықты. Ақпаратты қорғау мен ақпарат қауіпсіздігі, деректер мен мағлұматтардың тұрпаттала өрнектелуі, әлеуметтік информатика және т. б. осы сияқты бағыттар пайда болды. Бүгінгі күні қай бағыттың басым екендігі туралы айту қиын, бірақ соның қажеті де жоқ шығар. Бірақ, информатиканың барлық жетекші бағыттарының негізгі қағидалары оқу курсында да бейнеленуге тиіс екендігі анық. Оның үстіне, осы бағыттардың пайда болуы информатиканың саны күн сайын барынша өсіп келе жатқан өзге пән мәселелерімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, информатика енгізген виртуалдандыру феномены қазіргі қоғамның айқындауыш сипаттарының бірі болып табылады.

Жоғары оқу орнындағы информатика курсының зерттеу тақырыбын белгілеп, сонымен қатар оның пән саясын айқындауға әрекет жасайық.

Қазіргі оқудың бірінші септі түйткілі оның іргелілігі болып келеді. Оқудың іргелілігі, атап айтқанда, жеке тұлғаның жеке еркіндігінің қажетті шарты болып табылады. Ол дайын өнімдерді пайдалана ғана емес, оны жасай да біледі. Бұл, сонымен қатар, ақпараттақ өркениетті тану сайманы болып табылатын информатика ғылымын игеруді де ескереді. Осы игерудің іскерлік сипаты информатиканың «ақпараттық үрдістер» атты жалпылауыш ұғымын оқып-үйренудің іскерлік логикада өрістелетіндігімен анықталады. Ол ақпараттық өнім шығаратын ақпараттық технологияларға ұмтылу сатылары бойынша жүзеге асырылады.

Информатика туралы бүгінге дейінгі түсінігімізді жалпылай келе, мынадай жұмыстық анықтаманы тиянақтауға болады: информатика дегеніміз ақпараттық үрдістер ағымының заңдылықтары туралы, ақпараттық үрдістерді автоматтандыру әдістері, құралдары мен технологиялары туралы, ақпараттық жүйелердің жасалуы мен жұмыс істеу заңдылықтары туралы ғылым.

Информатика ғылымының іргелілігінен туындайтын маңызды нәрсе - оның оқып-үйрену нысаны, атап айтқанда, заңдылықтар болып табылатындығы, өйткені кез келген ғылымның мақсаты түсіндіру ғана емес, сонымен қатар болжау да. Тек тәсілдерді немесе жүйелеуді білу арқылы болжам жасау аса қиындық туғызады. Оқып-үйренудің негізгі пәні - ақпараттық үрдістердің өзін ғана емес, «тұғырымен» - ақпараттық жүйелермен бірге қарастырылатын үрдістер. Информатика прагматизмі ақпараттық үрдістерді тиімді ұйымдастыру мен олардың автоматты түрде орындалуына мүмкіндік туғызатын әдістер, құралдар мен технологиялардың да оның зерттеу пәні болып табылатындығына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлерді желілерге біріктіру
КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІГЕ ҚОСУ ЕРЕЖЕСІ
Желі туралы ұғым. Желінің түрлері
Жергілікті желі
Есептеу желісі
Компьютерлік желіні үйрету
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Желіде файлды басқа компьютерге көшіру
Компьютерлік желілер. Желілер жөнінде жалпы түсініктер
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ЖАЙЫНДА МАТЕРИАЛДАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz