Ауқымды желілер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

№22 Билет

1. Ауқымды желілер. ІР адрестелуі. URL. Интернет. Интернетке қосылу.

2. Информатика мұғалімі ісінің негізгі құжаттары. Информатика пәні бойынша жұмыс бағдарламасы.

1) Ауқымды желі

Ауқымды желі - онда олардың арақашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан комп-ді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.

Егер басқа мекемеден мәліметтер алу (беру) жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алып, комп-ң ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн. Модемдер ішкі және сыртқы түрлерге бөлінеді. Ішкі модем кәдімгі адаптер тәрізді комп-р қорабы (корпусы) ішінде орналасады. Көптеген алып жүруге арналған блокнотты комп-де де ішкі модем болады, олар қосымша қызмет ретінде факстер қабылдап, оларды жібере алады. Қазіргі сыртқы модемдер де факстермен жұмыс істей береді. Сыртқы модемдер қоректену блогы бар шағын корпусқа орналасып, асинхронды тізбекті адаптер портына кабіл арқылы қосылады. Сонымен комп-ді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны көз келген бір телефонға жалғау жеткілікті, бірақ оны қалай пайдаланамыз?

Дүние жүзінде көптеген ауқымды комп-к желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгілері болып, Internet, Sprint, Relkom, Fidonet есептеледі. Бұлардың кейбірі тек өз елдері маңында жұмыс істесе, кейбірлері бүкіл д. ж қамтиды. Бірақ барлық желілер бір бірімен байланысқан, сол себепті, мысалы, Glasnet желісіндегі біреудің адресін білсеңіз, одан басқа желіден де хабар бере аласыз. Ауқымды желі топологиясын қарайтын болсақ, ол күрделі граф тәрізді деуге болады, ал оның түйіндерінде комп-р орналасқан. Жалпы желі құрамында почта сервері ретінде арнайы пайдаланылатын комп-р болуы тиіс. Мұндай комп-р бірден бірнеше телефон каналдарымен қосылған, сондықтан олардың құрамында да бірнеше модем болады. Әрбір адам да өз комп-ін жалпы желіге модем арқылы жалғайды.

"Желі арасындағы протокол"(ІР) .

Қандай мәліметтерді қайда жіберу екенін Internet қайдан біледі?

Почталық жәшікке конвертсіз хат салып жібересеңіз, хатыңыз жіберілген жерге барады деп ойлай аласыз ба? Хатты конвертке салып, конвертке адресті жазып, марка жабыстыру керек екенін сіз білесіз. Тура осылай, почталық бөлім өзіндік ережелерді ұстайды, олар почталық желінің жұмысының тәртібін анықтап, анықталған ережелер Internet жұмысының тәртібін реттейді. Бұл желіні Интержелі протоколы деп атайды. Интержелі протоколы (IP) адресацияға жауап береді, яғни сіздің мәліметіңіз түскен кезде, маршрут не істсу керек екенін білетініне кепілдік береді.

мәліметтер

IP пакеті

қайдан 192. 112. 361

қайда 128. 174. 56

Кейбір адрестік информациялар мәліметіңіздің басында келтіріледі. Олар желіге жеткілікті мәлімет береді.

Internet-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді Internet-ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

-Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары),

- Қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары) ;

- почталық байланыстар.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс- мұнда жеке компьютер тікелей TCP/IP желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol) -тасымалдауды басқару протоколы/интержелі протоколы) түрде болады, бұл Internet-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып түр. Мұндай байланыс белгіленген немесе тұрақты тікелей байланыс түрі деп аталады.

Белгіленген немесе тұрақты байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер -компания осындай мекемеде бағыттама орнатып, бағытттаманы Internet-ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютер) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Internet арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, жалпы желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Internet apқылы мәлімет жібере береді.

Қосылып тұратын тікелей байланыс көбінесе SLIP, CSLIP немесе РРР деп аталады. ( Serial Line Internet Protocol - тізбекті желі үшін Internet протоколы, Compessed Slip-тығыздалған Slip, Point-to-Point - "нүкте-нүкте" протоколы) Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, Бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLIP пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.

Почталық, байланыс. Internet-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келген компьютерлер бірден Internet-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Internet-ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі алдына Internet деп жазылып қойылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTSERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік шлюздер (network-gateways) деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.

Интернет.

Бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен және ең танымал желі.

Internet сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (INTERnational NETwork) . Internet - бұл дүние жүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшқы билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағыда басқа көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

Internet-тегі ақпарат веб-сайттар түрінде ұсынылады . Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) - ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекен-жайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекен-жайы - URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекен-жайы бойынша тауып алуға болады.

Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http://www. атауы. үйшік. Веб-сайттың атауы оны сәйкестендіру үшін пайдаланылады (мысалы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ресми сайтының мекен-жайы - http://www. akorda. kz, ал ҚР Үкіметі сайтының мекен-жайы - http://www. government. kz. ) . Үйшік Internet желісіні ң ірі бөлігін белгілейді, ол мемлекетті (. kz - Қазақстан, . ru - Ресей, . ua - Украина, . ur - Ұлыбритания, . fr- Франция және т. б. ) немесе қызмет саласын (. com - для коммерциялық ұйымдар, . org - коммерциялық емес ұйымдар үшін, . edu - білім беру қор көздеріне арналған, т. с. с. ) білдіреді.

Желі қатысушыларының ортақ пайдаланушы бөлінген компьютер сервер деп аталады.

Internet желісіне қалай қосылуға болады?

Internet желісіне қосылу үшін компьютерге желілік тақша мен модем қажет. Модем - бұл компьютерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютердің иесі лайықты провайдер тауып, онымен Internet-те жұмыс істеу шарттары туралы келісімге отыруы тиіс. Осыдан кейін ол провайдерден пайдаланушы есімін, құпия сөз және өз компьютерін өз телефон арқылы Internet-ке қоса алатын қашықтағы телефон нөмірін алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлерді желілерге біріктіру
Ауқымды желілердің түрлері
Желілік тақта - компьютерді желіге қосатын құрылғы
Компьютерлік желінің негізгі түрлері
КОМПЬЮТЕРДІ ЖЕЛІГЕ ҚОСУ ЕРЕЖЕСІ
Ақпараттық желілерді оқу үрдесіне пайдалану
Сервері бар желі
Желіде файлды басқа компьютерге көшіру
Интернет кең аумақты желісі
Есептеу желісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz