Қазақ тілінің практикумы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
2008 жылдың 26 тамызында сағат 10.00-де №20 ОМ 12 жылдық білім беру
жағдайында филологиялық пән мұғалімдерінің құзырлылығын дамыту тақырыбы
бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің секциясы өтті .

Секцияға қатысқан мүғалімдер: №3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кәрімова А.О., №7 ОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Байдилдина Ә.О.,

№9ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дастанбаева Қ.,

№19 ОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Қайранбаева Қ.З. және ББ
әдіскері Оразбаева Г.Ә.

Секцияда мұғалiмдерге әдiстемелiк нұсқаулар берiлдi. (толығырақ)

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің секциясы

Тақырыбы: 12 жылдық білім беру жағдайында филологиялық пән мұғалімдерінің
құзырлылығын дамыту.

мақсаты: қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі
дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай
көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны
қалыптастыру.

Өтетін күні: 2008 жылғы 26 тамызда

Өтетін уақыты: 10.00

Өтетін орны: №20ОМ

Қатысушылар: ӘБ жетекшілері және 1 мұғалім

Бағдарлама
12- жылдық. Білім беруге көшу жағдайында филолог – мұғалімнің шығармашылық
әлеуетін арттыру.

№3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Кәрімова А.О.

2. Құзырлылық – білім берудің қазіргі парадигмасының негізі.

№7 ОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Байдилдина Ә.О

3.Зерттеушілік білік – дағдыларын қалыптастыру бойынша дарынды

балалармен жұмыс жүйесі.

№9ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Дастанбаева Қ.
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қазақ тілі мен

әдебиетін оқытудағы тұрақты мотивацияларды қалыптастыру.

№19 ОМ қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Қайранбаева Қ.З.

5. Қостанай қаласының 2007-2008 жылғы қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің жүргізілуі жөнінде мағлұмат.

ҚББ әдіскері Оразбаева Г.Ә.

.

№3 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Кәрімова А.О.

12- жылдық білім беруге көшу жағдайында филолог – мұғалімнің шығармашылық
әлеуетін арттыру.

1. Кіріспе.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылдын 28 ақпаны күнгі Жаңа
әлемдегі жана Қазақстан атты жолдауында да Қазақстандағы білім беру
жүйесінің алдында тұрған негізгі мәселелерге тоқталып өтті. Жолдаудың
біздің алдымызға қойып отырған басты міндеті – еліміздегі білім берудің
ұлттық үлгісін әлемдік стандарттарға сәйкестендіре отырып, білім сапасын
арттыру.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған білім
беру ісін дамыту тұжырымдамасында отандық білім беруді жетілдіру мен оның
әлемдік білім беру аясына ықпалдасуының басты бағыттары белгіленген.Соған
байланысты алған білімі мен біліктілігі негізінде бүгінгі өзгермей өмірді
еркін бағдарлай алатын , өзін-өзі дамытып , өз бетінше дұрыс, жауапты шешім
қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу мақсаты қойылды.

2. 12 жылдық жалпы орта білім беру туралы.

12 жылдық білім беру жүйесінің құрылымдық өзгеруіне терең бойлап, оның
әдіснамалық тұрғыда күнделікті тәжірибеде көрінуін талдау - білім беру
саясатының маңызды бағытына айналуда.

12 – жылдық жалпы орта бiлiм берудiң мақсаты:Қоғам мақсатымен өз
мақсатын ұштастырып байланыстыра алатын, шығармашыл, қоршаған
ортадағы жағдайға бейiмделгiш, өз бетiмен шешiм қабылдай алатын,
iскер, ой- өрiсi дамыған интелектуалды, зиялы, мәдениеттi, парасатты,
елжанды, жеке тұлғалы азаматты тәрбиелеп шығару.

3. Бейінді білім берудің мазмұны. Қазақстанда 2006-2007 оқу жылында 10-11
сыныптарда бейіндік(профильн ) оқытуды енгізу жағдайында жоғары сынып
оқушыларына білім берудің мазмұнын таңдап , мектептей білім беру ісін
ұйымдастыруды басқару, оқушылардың қол жеткізген табыстарын бағалау және
басқа да педагокилық жүйе компоненттеріндегі жаңа тәсілдерді даярлау ісі
алға қойылды. Вариативтi бiлiмдi жүзеге асыру жағдайында қазiргi
педагогикалық теория бейiндi оқытуды қарастырады.

Бейiндi оқытудың ғылыми – теориялық негiзi саралап оқытумен байланысты.
Бейіндік курстар.

Білімнің әр нақты бағытының мазмұнын анықтайтын жалпы білім беру пәндері.
Осы білім бағытындағы оқушылардың жалпы білімге дайындығын кеңейтуге және
тереңдетуге арналған.

Қолданбалы курс.

Бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру

түрi, бейiндiк пәндер бойынша берiлетiн бiлiмдi жалғастыруға және
тереңдетуге, сонымен қоса оқушының тәжiрибелiк дайындығын жүргiзуге
мүмкiндiк туғызады.

.

Таңдау курсы

Бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру түрi,бейiндiк
пәндердiң нақты салалары бойынша немесе басқа бағыттар бойынша бiлiм
бередi және оқушылардың бiлiмдiк қызығушылығын қанағаттандырады.

Бейіндік оқыту білім беру процесін ұйымдастыратын нормативтік құжаттардын
бірі – оқу ісінің жұмыс жоспары болып табылды.

Мен биылғы оқу жылында қоғамдық гуманитарлық бағыттағы 11 б сыныбында
таңдау курсты өткіздім. Бұл курстың тақырыбы : Қазақ тілінің практикумы.
Бұл тақырыпты алған себебім 2007-2008 оқу жылында орыс тілді мектеп
түлектері қазақ тілінен бірінші рет ҰБТ тапсыратын болды сондықтан ҰБТ- ті
сапалы нәтижелі болу үшін оқушыларды жан- жақты дайындық жұмыстарын жүргізу
болды. Алдыма қойған мақсатым оқушыларды деңгейінде ауызша және оқу
арқылы,практикалық материалдар үстінде қазақ тіліне деген қызығушылықтарын
арттыру. Қазақ тілінде сөйлеу білік дағдыларын қалыптастыру , тілдік білім
жүйесін танып білу , қазақ тілі грамматикасы саласынан білімдерін жүйелеу ,
білім сапасын арттыру.

Оқу әрекеттері:
сөйлеу(оқу, жазу, айту, тыңдау)

коммуникативтік (қарым-қатынас тілін меңгеру) іздеу, анықтау, жаттау,
талдау.

Оқыту технологиялары:

-ойындық, саралап-деңгейлік, жеке дара оқыту, коммуникативтік,сатылай
комплексті талдаудың элементтері.

Бұл бағдарлама 4 бөлімнен тұратын грамматика саласынан алынған материалдар.

1. Тіл білімінің саласы- Фонетика.

2. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағыналары.

3. Морфология саласы.

4. Синтаксис.

Бұл курстың нәтижесінде оқушылар қазақ тілі мен тіл дамыту сабақтарында
алған білімдерін еркін қолданыла алады. Бұл курста мен 1-ші сабақта лекция
түрінде берсем, келесі сабақта соны практикада қолданып, тақырыпты
бекітемін. Мысалы Фонетикадан олар тек қана дыбыстарға талдау жасаса,
курста мен оларға үндестік заңы бойынша және сатылай комплексті талдау
түрінде үйретуге тырыстым. Сонымен қатар тек қана талдау жұмыстары ғана
жүргізілмейді, сабақты ойын түрлерімен, тест тапсырмаларымен бекіту.
Мысалы Жаңылдырсаң да жаңылмаймын ойынында топқа бөліп, қызықты,
тақырыпқа сай сұрақтар берілді.

Етістіктің шақтарын, етіс категорияларын өткенде тек жіктемейді, сонымен
толық морфологиялық талдау жасайды.

Бұл курстың қазақ тілінен грамматика бойынша білім сапасын көтеруде септігі
бар деп ойлаймын. Оған дәлел курста алған білімдерін, өткен тақырыптарын
сабақта қолдана отырып сынама тестілеуде жақсы нәтиже көрсете білді.

№7 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Байдилдина А.К.

Құзырлылық –білім берудің қазіргі парадигмасының негізі.

Қазақстанда білім берудің даму болашағы кезең- кезеңімен енгізілетін 12
жылдық білім беруге көшумен тығыз байланыста екені баршаға белгілі.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі- ұлттық құндылықтарды баланың
бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына , өз пікірі мен ойын ашық
жеткізе білуіне, шығармашылық әлеуметтік толық іске асыруына ықпал ету
болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдамасында: 12 жылжық білім берудің басты мақсаты: Өзінің және
қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі
ортада өмір сүруге бейім , бәсекеге қабілетті және құзыретті , шығармашыл,
білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру,-деп нақты көрсетілген. Сонымен
қатар тұжырымдамада білім берудің күтілетін нәтижелері жоғарыдағы
көрсетілген мақсатқа сәйкес мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы
құндылықты – бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, коммуникативтік,
ақтараттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту
құзіреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.

Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең
бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қалыптастыру
құзырлылық маңызын аша алады.

Құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық
критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарасты есепке алуы қажет.

Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өзіндік дамуында.

Құзыреттілікті білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, жеке
тұлғаның өзіндік дамуын жүзеге асырып, өмір сүруге қажетті өзіндік бағдарын
айқындауға мүмкіндік беретін құзырлылыққа жеткізуде күтілетін түпкі нәтиже
деп түсінуге болады.

Тұжырымдамада көрсетілгендей құзіреттіліктің өзі бірінен-бірі
тәуелсіз бірнеше бөліктерден тұрады. Оларды талдай отырып жалпы орта білім
беретін мектеп жағдайында оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде
күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады.

- өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;

- өзінің қызметін бағалай білуі;

- түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;

- өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;

- өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;

- түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын
қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке
даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін
игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып,
тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті,
өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық
жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі де белгілі.

Сондықтан да оқушының әр түрлі өмірлік жағдайлардан мектепте алған
білімін, білігі мен икем, дағдыларын тиімді қолдана отырып, сәтімен шыға
білуіне жағдай жасау сабақ үрдісінде де, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстар
арқылы да тиімді ұйымдастыра білу 12 жылдық білім беру табалдырығын
аттағалы тұрған мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. 12 жылдық білім
беру тыңнан, таза жерден басталғалы отырған жоқ. Мәселе нені не үшін және
қандай мақсатпен , қалай оқытатынымызда.

Мұғалім мақсаты бүгінгі заман талабы, білімді, білікті, өздігінен
тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам тәрбиелеуді қажет етіп
отырғандықтан, мектеп қабырғасында жеткіншектердің жеке тұлға ретінде
қалыптасуына жағдай жасау.

Ресейлік ғалымдар тұлғаның өмірдегі өз орнын, өз жолын таңдауда
нәтижелі әрекет жасау қабілеті, яғни тұлға құзырлылығының негізгі
белгілерінің бірі ретінде оның сын тұрғысынан ойлай білуін және тиімді
шешім қабылдау қабілетін ерекше атап көрсетеді.

Білім сатылары бойынша Қазақ тілі пәнінен құзыреттілік түрінде
күтілетін нәтижелер анықталып беріледі. Қазақ тілі пәнінен күтілетін
нәтижелер үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.

Проблемаларды шешу құзіреттілігі: әр түрлі тілдік жағдаяттардағы
проблемаларды анықтайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін
бағалай алады; өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда
міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады,сөздерді өз мақсатына,
негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талғап қолдана алады; өзгелермен
тіл табысуға қажетті сөздерді талғай алады. Тілді қарым-қатынастық,
танымдық, экспрессивтік қызметтеріне сай қолданады.Сөздік қорын өз бетінше
толықтырады.

Ақпараттық құзыреттілігі: ақпараттарды сыни тұрғыда талдайды, соның
негізінде саналы шешім қабылдайды; тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына
сай қолдана алады; логикалық операцияларды еркін қолдана отырып
ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда
және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады; мәтіннің көркемдеуші
және мәнерлеу құралдарын анықтай алады; ақпараттар негізінде көздеген
мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды
пайдаланып , шығармашылық жұмыстарды орындайды.

Коммуникативтік құзыреттілігі: сөйлесімнің барлық компоненттеріне
тән дағдыларыды меңгереді; ауызша және жазбаша тілде сөзді құрау ережелерін
, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады; оқу
материалдары бойынша дискурсқа қажетті дағдыларды меңгереді; көпшілік
алдында сөйлеу дағдыларын меңгереді; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын
меңгереді; ауызша, жазбаша және компьютерлік сөйлеу тілдерінде тілдік сезім
мен қажетті коммуникативтік сапарларды қолданады; пікірталас түрлеріне
сай тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады және өз пікірін
қорғай алады; ұсынылатын тақырып пен тілдік жағдайларға сай сөздерді
орынды жұмсай алады; ұлттық- мәдени ұғымдарды ажырата алады, әдеби тіл
нормаларын сақтап сөйлейді; сөз дұрыстығы талаптарын меңгереді.

12 жылдық білім берудегі басымдылық-оқушының қоғамдық субъекті
ретінде өзіндік іс-әрекетін дамытуға бағытталады да, оның еліміздің
әлеуметтік, әкономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын,
құзыретті Тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.

ДостанбаеваҚарлығаш Мирамханқызы

Қазақтілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Зерттеушілік білік-дағдыларын қалыптасыру бойынша дарынды балалармен жұмыс
жүйесі

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі- білімді де білікті, іскер де
белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін, ,
дамытатын жастар тәрбиелеу маңызды. Қазақстан Республикасының білім туралы
заңында ең алғаш рет әр баланың интеллектуалды дамуы, жеке адамның
дарындылығын дамыту мәселелері сөз болады.

Қабілет -іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп
орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін
адамда тиісті білім жүйесі икемдік пен дағды болуы тиіс.

Іс-әрекеттің шығармашылықпен орындалу мүмкіншілігін қамтамасыз
ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әр мұғалімнің көкейінде мынандай
сұрақтар туындайды . Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не?
Оқушы дарындылығын , оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға болады?

Мектебімізде Білім және еңбек атты оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс
істейді.

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі мектебіміздің мақсаты:

* Оқу пәндеріне деген қызығушылықтарын дамыту;
Ой еңбегінде жоғары нәтижеге жетуге қабілетті дарынды балаларды анықтау;

Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстарды жандандыру;

Оқушыларға мектеп аясынан тыс жерлерде өз білімі мен біліктілігін сынап
көру мүмкіндіктерін ұсыну;

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудегі міндеттер:
Оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру;
Оқушының щығармашылық жеке дарындылығын дамыту;
Оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру
Әрбір оқушының рухани дамуына ықпал жасайтын психологиялық-
педагогикалық жағдайды ұйымдастыру жөнінде нақтылы шаралар өткізу.

Мектебімізде дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері :
сабақтардағы оқу істері;
сыныптан тыс жұмыстар (олимпиадаға дайындық мектебі)
оқушылардың ғылыми қоғамы
олимпиадалар, конкурстар , жарыстар;
қосымша білім беру жүйесі (факультативтер, үйірмелер)

Дарындылықты айқындап, дамыту жұмыстарының бір түрі- ОДМ. ОДМ-нің
негізгі функциясы оқушылардың әртүрлі зерделік конкурстарға ,
олимпиадаларға, ғылыми жарыстарға қатысуы үшін оларды теориялық,
практикалық, психологиялық даярлау жөніндегі жүйелі жұмыстар ұйымдастыру.

Жалпы мектептің қалалық олимпиадалар мен ОҒҚ қатысуы жайлы сараптама
жасайтын болсам:

Мектеп ішілік турға:

2004-2005 жылы -75 %

2005-2006 жылы-80 %

2006-2007 жылы- 80 %

2007-2008 жылы -65 % оқушы қатысты.

Қалалық турға:

2004-2005 жылы -40 оқушы

2005-2006 жылы-50 оқушы

2006-2007 жылы- 80 оқушы

2007-2008 жылы-81 оқушы қатысты.

Облыстық турға:

2004-2005 жылы – 2 оқушы

2006-2007 жылы- 2 оқушы

2007-2008 жылы- 1 оқушы қатысты.

Оқушылардың ғылыми жұмыстарына:

2004-2005 жылы -20 оқушы

2005-2006 жылы-24 оқушы

2006-2007 жылы- 19 оқушы қатысты.

2007-2008 жылы-18 оқушы тіркеліп, қорғауға іріктелген он оқушы жіберілді.

Биылғы жылы мектеп бойынша 17 оқушы ҰБТ үлгісінде аттестаттаудан
өтті. Жалпы мектептің 11 сыныбын 18 оқушы аяқтады. ҰБТ талаптарына сай
мектептерде жоғарғы оқу орындарына түспейтін немесе шетелдердегі жоғарғы
оқу орындарына тапсыратын балаларға рұқсат етілген дәстүрлі емтиханды
мектептен ұлты түрік 11 сынып оқушысы Ақман Мерве тапсырды.

Мектеп түлектері аттестаттауды 2008 жылдың 3 маусым күні 5 пәннен
тапсырды, өтпелі ұпай – 50 ұпайды құрады. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы
5,8 % орташа бал 72,2 % құрады. Қалалық білім бөлімінің болжамы бойынша
мектепке 72 орташа балл берілсе, сол көрсеткішке мектеп 72,2 орташа баллмен
ие болып отыр.
Қазақ тілі пәнінен 2007 ж ҰБТ нәтижелері мен 2008 ж ҰБТ нәтижелерінің
салыстырмалы кестесі

мектеп 2007 ж. ҰБТ орташа балы 2007 ж. орындалған жұмыстың %

( 30 сұрақтан) 2008 ж. ҰБТ нәтижесі 2008 ж. орындалған жұмыстың %

( 25 сұрақтан) қозғалыс%
№9ОМ 20,2 67 18,1 72 5

Әрбір мұғалім шығармашыл жұмыс жасаған жағдайда ғана еліміздің саналы,
дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға мүмкіндігі бар. Шығармашылық іздену-
мұғалімнің еңбегіне, біліміне, ой-өрісінің толысуына көп көмегін тигізеді.
Бүгінде мұғалімнің басты міндеті- педагогикалық технологиялар арқылы
оқушының интеллектуалдық, шығармашылық деңгейін жоғарылатып, жекелігін
,тұлғалығын,дарындылығын қалыптастыру. Осы мақсатта төмендегідей сұрақтар
туындайды.
Оқушыны өз ойын еркін және түсінікті жеткізуге қалай үйрету керек?
Оқушылардың ізденіс, зерттеу, шығармашылық жұмыстарға деген
қызығушылықтарын дамытуда қандай амалдар қолдануға болады?
Талапты оқушыдан дарынды оқушыны қалыптастыру жолдары қандай?
Оқушының жоғары зерттеу мәдениетіне қалай қол жеткізуге болады?

Шығармашыл тұлғаның бойында өзіне тән ерекшелігі, қиялының ұшқырлығы,
танымдық қызығушылығы, шабыты басым болады. Бала осы қасиеттерімен
ерекшеленеді. Шығармашыл, дарынды тұлға бойында бір ғана қасиет болмайды,
оның бойында ақындық, жазушылық, әншілік, суретшілік сынды қасиеттер қата
жүруі мүмкін.

Ал осы қасиеттерге баулу, әрі қарай дамыту, баланы ізденіс, зерттеу,
шығармашылыққа үйрету мұғалімнің шеберлігіне, жоспарлы, мақсатты жұмыс
істеуіне байланысты болмақ.

Мұғалім өз шәкіртіне қайтпас қайрат, қажымас қанат, ұшқыр қиял сыйлауы
қажет. Еңбек жолымды бастағаннан бері Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды
дамыту жобасы бойынша жұмыс жүргіземін. Аталған жобамен ұшінші жыл
жұмыс жасаймын. Осы жоба бойынша өз тәжірибемдегі шығармашыл дарынды
тұлға қалыптастыру жолдарын төмендегі сызба түрінде ұсынғым келеді.

Мұғалім алдында отырған әр оқушы ақ парақ деп есептесек, сол
парақтардың толтырылуы мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Мен
алдымда отырған баланы оқуға, білімді өз бетімен алуға, шығармашылыққа,
алған білімді практика жүзінде қолдана білуге үйретуім керек. Мұғалім ең
алдымен оқушының даралық қасиетін ашуы керек. Ол үшін мен жоба бойынша
оқушыларыма төмендегідей тапсырмалар беремін.
Өз есіміңнің немесе әр түрлі сөздердің шығу тарихына, мағынасына үңілу,
зерттеу;
Мақал-мәтел, жаңылпаштар жаттау және соларға ұйқастырып ойдан мақал-
мәтелдер, жаңылпаштар құрастыру;
Дайын ұйқасқа өлең шығару;
Аяқталмаған ертегі, әңгімелерді өзіндік шығармашылықпен аяқтау;
Оқушылардың бір –біріне немесе шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруі;
Түрлі заттар атынан ой-толғаулар жазу.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында алғашқы сабағымды
балалардың есімдерін таныстырумен бастадым. Мысалы: Менің атымды Қарлығаш
қойған. Ата-анам Қарлығаш қанатымен су сепкендей... айналасына көмегін
беріп, қайырымды болсын деген. Ал сендердің аттарыңның қойылу себебі жайлы
шағын ой толғау жазып көрейік деген тапсырма беремін.

Жолдасова Диана, 5- сынып оқушысының жауабы. Адам баласы өмірге
келгенде өзіне лайықты ат қойылады. Балаға ат қоярда тарихта белгілі
адамның атын ырымдап қояды. Я болмаса, құсқа, аңға, жануарға немесе табиғат
құбылысына байланысты ырымдап түрлі есімдер қояды.

Ал енді өзіме келсек, менің есімімнің айтылуы ұнайды. Бірақ мен оның
мағынасын түсінбеймін. Диана деп әпкем қойған. Өсе келе оның мағынасын
түсінуге тырысамын.

Бұл тапсырмаларды берудегі мақсатым әр оқушы сөз құдіретін ұғынуына ықпал
ету, өмірдегі әрбір қолданыстағы сөздердің өзіндік шығу тарихы бар екеніне
көз жеткізу, түсіндіру.

Менің ойымша , осындай оқушылардың даралық қасиеттерін ашу, ойлауын дамыту
бағытында жүргізілген жұмыстардан кейін шығармашыл қасиеті бар балада
белсенділік басым болады, дарынды бала өзінен өзі айқындала бастайды. .

Осындай ізденістердің нәтижелерінің бірін 6- сынып оқушысы,
мектепішілік, қалалық ОҒҚ жеңімпазы, Республикалық мұражайлар слетінің Қос
тілділік номинациясының иегері , RWCT облыстық конференциясының
қатысушысы, -Кәкімішов Ерсін деп білемін. Назарларыңызға Ерсіннің ХХІ
ғасыр оқушысы қандай болуы керек? жобасын ұсынып отырмын. Ұстанымы:
Келешекке кемел біліммен

ХХІ ғасыр оқушысы:

-Ақыл, білімі : теңіз;

-Мақсаты: күн;

-Жүрегі: таза;

-Талабы:-ай;

-Айдыны: жұлдыз;

-Ақпараттық технологияларды меңгерген;

ХХІ ғасыр оқушысының атласы:
Дені сау;
Рухани бай;
Өмір сүруге қабілетті;
Өз қалауы мен қоғам талаптарына сай;
Әлеуметтік жауапты;
Көп мәдениетті;
Бәсекеге қабілетті

ХХІ ғасыр оқушысының құрылымдық портреті: Жаңа формация оқушысы

* Өзін-өзі көрсетуге ынталы, жоғары адамгершілік жауапкершілігі мол;

* Белсенді, өнерпаз, рефлексияға қабілеті басым;

* Елжанды, ұлтжанды , өзін-өзі дамытқан, көптілді;

* Азаматтық жауапкершілік, төзімділік;

* Өз мүмкіндігін нақты бағалай білуі,өзін-өзі реттеу, мінез-құлық
мәдениеті;

* Мәдени-интеллектуалдық іс-әрекетін меңгерген,үздіксіз білім алуға ынталы;

* Шығармашылық жұмыспен айналысатын;

* Көшбасшылық қасиеттерді игерген, лайықты білім алып, өмір сүруге бейім;

Оқушы толғанысы:

Біз ХХІ ғасыр- оқу-білім мен ғылымның қарыштап дамыған ғасырында
өмір сүріп жатырмыз. Біздің заманымыз техниканың үздіксіз дамыған заманы.
Еңсесі биік елу елдің қатарына ену үшін алдымен біліміміз білікті,
намысымыз айбатты болуы керек. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Біздің жастарымызға мақсаткерлік, болашаққа деген шүбәсіз сенім, мойымас
жігер, кез келген істі қолға алуға деген құлшыныс тән дейді. ХХІ ғасыр
көшбасшыларының бірі ретінде ХХІ ғасыр жастарына мынандай үндеу тастаймын!
Келешектен жүрегім қорықпайды, керісінше қуанады,

ендеше болашақ нұрлы болмақ. Оған негіз- бүгінгі әдемі әрекеттеріміз,
ұтымды ұмтылыстарымыз және саналы ұрпақ! Бойында қаны бар, намысы бар әрбір
азаматтың

мемлекетімізді қалай кемелдендіреміз, елімізді қайтсек көгертеміз деген ой-
санасын:

Мен қамшыласам, Сіз баптасаңыз, Біз қанат қақсақ, біздің бәрімізге ортақ
арман орындалады. Ендеше, іске сәт!

Шығармашыл мұғалім оқушыға дайын білім бермейді, оның өзінің табиғи
нышандарын және ойлау жүйелерін саналы түрде дамытуға әсер ететін
мотивтерін қалыптастырады. Осының нәтижесінде шығармашыл, дарынды тұлға
қалыптастыру жолдары мынандай: - оқушылардың ғылыми жобаларында белгілі бір
тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу, мектепішілік газет –журналдар
шығару, өз шығармашылығын жинақтап кітапшалар шығару, мерекелік,
мектепішілік іс-шараларға сценарийлер жазу, пікірталас- дебаттар
ұйымдастыру.

Ойымды жинақтай келе , бала дарындылығын ашудың жолдары ұшан –теңіз.
Оқушы үшін ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері зор. Кітаптағы білім
мен компьютерді пайдалануды ұштастыра білсек бұдан да жоғары нәтижелерге
жетеміз. Қазір оқушыларда пәнге деген қызығушылық артты, ой-өрісі кеңейді.

№19 ОМ қазақ тілі мен әдебиеті

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қайранбаева Қ.З.

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқытудағы

тұрақты мотивицияларды қалыптастыру.

Қазіргі заманда қоғамның барлық салалары ақпараттандырулыда.Ал білімнің
ақпараттаандырлуы –білім ордаларында компьютер орнату және оларды
Интернетке қосу ғана емес, бұл болашақта ақпараттық қоғам жағдайында өмір
сүретін және жұмыс жасайтын оқушылардың білім алуының мазмұны, әдістері
мен ұйымдастыру формаларын өзгертетін ұзақ та күрделі үрдіс.

Білім ордаларында оқу-тәрбие үрдісін басқару мәселелерін
ақпараттық қамтамасыз ету – үлкен жұмыс. Мұндай жағдайда мынандай
мүмкіндітер туады.

1.Мәлімет алмасу үшін тиімді кеністік қалыптасады.

2.Мекеме және оқу-тәрбие жұмысының барысы туралы оқу үрдісіне
қатысушылардың бәріне-оқушыларға, ата-аналарға, психологтерге,әлеуметтік
және медициналық қызметкерлерге , оқу орны басшыларына. Қажетті ақпаратты
керек уақытында , қажет көлемінде алуға болады.

3.Экономикалық тиімді.

4.Қағаздық нұсқаумен жұмысты тоқтатады.

5.Аттестациялық қорытынды бағаны, есепті автоматты түрде компьютер
өзі шығарады, ал бұл оқушының білім алудағы жауапкершілігін арттырады.

6.Бұл мәліметтер қорына бөтен адам ене алмайды, өйткені , ол
парольмен сақталады, сондықтан тек шектеулі адамдар ғана онымен жұмыс істей
алады.

Л.Луцевич оқытудың ақпараттық технологиясы-бұл ақпаратты өңдеудің,
тасымалдаудың, таратудың машиналық технологиясы, информатиканың есептеу
және бағдарламалық орталары деген анықтама берген.

Оқутышылардың оқытуда қолданылатын ақпараттық технологиялардың
техникалық және технологиялық жабдықталуы қатарында келесі құралдарды
атауға болады
дербес компьютерлер
Интернет
Интерактивтік тақта
Электрондық тақталар
Мультимедиялық сабақтар
Бағдарлама-әдістемелік кешендер
Оқу мақсатына арналып жасалған ақпараттық жүйелер,

Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында оқыту құралы ретінде компьютерді
қолдану-оқу үрдісін белсендіраге,оқытуды жекешелендіруге,оқушының өзін-өзі
бақылауға мүмкіндік тұғызады. Сонымен қатар, бұл кезде оқытудың мынандай
психологиясының аспектісінің маңызы зор екендігін қажет—
оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелерін сәйкес талдаулармен және
ұсыныстармен бірге көреді,
компьютермен жұмыс істеу оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, жалпы
мәдениетінің деңгейі ме,н ықыласын көтереді.

Ақпараттық оқыту технологиясы мынандай төрт мақсатты көздейді

-білім деңгейін тексеру бағытында қолдану

-оқытушылық мақсатта пайдалану

-компьютерді мультимедиялық мүмкіндіктер арқылы көрнекі құрал ретінде
пайдалану

-электрондық оқулықтар, интернетті пайдалану.

Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану оқушының оқу
материалдарының мазмұн мағынасын толық түсінуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану
белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық
технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу
қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, оқу үрдісіндегі
есептеуіш техника құралдарының рөлі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін
және оқушылар мен еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен
әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – белем
беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және
балаларға білім беруші құрал.

Білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру үрдістерінің қарқынды
дамуын, адамды толық мәнді өмірге даярлауды ақпараттық қоғамның
қажеттіліктерінің негізгі шарттары ретінде жан-жақты және осыған байланысты
қажетті материалдық-техникалық базаны дамытуды, педагогикалық еңбектің жаңа
мәдениетінің қалыптасуын, озық ғылыми-әдістемелік қызметтерді құруды талап
етеді.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық
технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына
сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы
компьютерлік бағдарламаларды жасау кекрек және ол оқушының іс-әрекетінің
интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Осы айтылғандарды жасайтын болсақ, оқытушы қолына оқытудың жаңа қуатты
құрылымын беріп қана қоймай, білімнің тереңіне бойлай аламыз әрі оқытудың
бүкіл мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік береміз. Бұл оқу пәнін оқытудың
әдістемесіне де әсер етпей қоймайды. Ең бастысы, ақпараттық технологияларды
жаратылыстану және математика пәндерінде қолданудың оқыту әдістемесін әлі
де дамыта түсуіміз керек-ақ.

Компьютерлік +

Білім беруде кеңінен қолданыла бастағанда оқытудың жаңа ақпараттық
технологиялары термині пайда болды. Бұл технологиялар бағдарламалап оқыту
идеясын дамыта отырып, қазіргі компьютерлер мен телекоммуникацияның
дамуымен байланысты оқытудың жаңа, әлі толық зерттелмеген әдіс-тәсілдерін
ашады. Оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары – ақпаратты оқушыға
компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісі болып саналады.

Алдымен жаңа ақпараттыө технологияларға көшпей тұрып, оқу-тәрбие
үрдісінде білім беруді ақпараттандыру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа
ақпараттық технология дегеніміз – оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге
арналған есептеуіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны,
мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жеңілдету, оларды пайдаланудың түрі мен
әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.

Оқытудағы жаңа ақпаратты технология аса қажетті педагогикалық
мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді
басқаруға негізделген. Жаңа ақпараттық технологияның білім санасына енуі
педагогтерге оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін сапалы
түрде өзгертугі мүмкіндік береді.

Жаңа ақпараттық технология мүмкіндіктерін пайдаланудың педагогикалық
сәйкестігін ескеріп оқыту әдістерінің өзгеруіне әкеледі. Сондықтан жаңа
ақпараттық технологиялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
БОЛАШАҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНДАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ АРҚЫЛЫ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУЫ БОЙЫНША ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ӘЗІРЛЕУ
Органикалық қосылыстардың классификациясы
Көптілді білім - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі
Заттарды алу есептері
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Жалпы білім беру пәндер циклы
Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау
Клетканың органикалық заттары
Пәндер