Локальды желілер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
№20 Билет

1. Компьютерлік желілер. Компьютерлік желілердің реттелуі. Локальді
есептегіш желілердің архитектурасы. Тізбекті және сақиналық топологияның
желілердегі қатынау әдістері.
2. Информатиканы оқытудың сабақ және басқа да оқыту формалары.

1) Компьютерелрдің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп
атайды. Компьютерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ
пайдалану, бір немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара
интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз – берілгендер,
қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор тетігі, модем сияқты сыртқы
құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында
хабарламалар алмасу процесін білдіреді.
Компьютерлік желілер түрлері.
Локальды және территорияға бөлшектенген желілер.
Локальды желі (LAN) бір ғимараттағы ішінде орналасқан дербес
компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады (ғимараттардың комплексінің).
Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан бірнеше локальды
желіні біріктіреді.
Локальды желілер.
Локальды желілер (ЛЖ) желілердің ішіндегі ең қарапайым дербес
компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын компьютермен
қосады (1.1-сурет). Локальды желідегі барлық дербес компьютерлер желілік
серверде сақталған арнайы қосымшаларды қолдануы және ортақ құрылғыларды,
принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін. Локальды желідегі әрбір дербес
компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.
Локальды желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам қарым-қатынас
мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері:
• құжаттармен ортақ жұмыс жасау;
• құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында
отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге
мүмкіндік алады;
• сервердегі өз жұмысын сақтау және архивтеу;
• сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;
• принтерлер, CD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және қосымшалар
(мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер қорының программалық
жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану
жеңілденеді.
Аймақтық бөлшектенген желілер.
Аймақтық бөлшектенген желілер локальды желілер сияқты артықшылықтар
бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе ол үшін жалпылай қызмет
көрсететін, модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі арқылы
коммутацияланған телефон желісі қолданылады (PSTN, Public Switched
Telephone Network) және комплексті түрде қызмет көрсетеді (ISDN, Integrated
Services Digital Network). ISDN көбінесе бейне немесе дыбыс түріндегі үлкен
файлдарды тасымалдау қызметін атқарады
Негізгі локальды желілерге модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі
арқылы коммутацияланған телефон желісі арқылы жасалған аймақтық
бөлшектенген желілердің функционалдылығын қосу арқылы сыртқы
коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде:
• хабарларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (e-mail);
• Internet-ке кіру.
Internet көпшілікке кіру мүмкіндігін жасайтын бүкіл әлем
қолданушыларын деректер, дыбыс және бейне қоймалармен қосатын ауқымды желі.
Internet-тің негізгі функциялары электрондық пошта және зерттеулер мен
қызығушылық орталары ортақ топтар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету
болып табылады. Қазіргі кезде Internet қашықтан оқыту жүйелері және алыстан
емдеу, диагностика сияқты дамушы дыбыстық және бейне қосымшаларын қолдайды.

Компьютерлік желінің сипаттамасы.
Кез келген компьютерлік желі:
• топологиясымен;
• хаттамаларымен;
• интерфейсімен;
• желілік техникалық және программалық құралдарымен сипатталады.
Компьютерлік желі топологиясы оның негізгі элементтерінің арасындағы
құрылымдық байланысты көрсетеді.
Желілік техникалық құралдар – компьютерлерді ортақ компьютерлік желіге
біріктіретін әртүрлі құрылымдар.
Желілік программалық құралдар – компьютерлік желі жұмысын басқарады
және онымен қолданушы арасында ыңғайлы ортаны қамтамасыз етеді.
Хаттамалар – желінің функционалдық элементтерінің өзара әсерлесуін
көрсететін қағидалар.
Интерфейстер – желінің функционалдық элементтерін өзара қосатын
құралдар. Функционалдық элементтер ретінде жеке құрылғылар немесе
программалық модульдер қоданылуы мүмкін. Сондықтан да, программалық және
жабдықтық интерфейстерді бөліп қарастырады.

Негізгі желілік топологиялар.
Желіні құру барысында оған қойылатын талаптарға сай төменде
келтірілген желілік топологиялардың біреуі қолданылуы мүмкін.

1.3-сурет. Негізгі желілік топологиялар.
Ортақ шина. Бірдей құқықты құралдар ортақ арнайы пайдаланады. Негізгі
артықшылығы қарапайым және арзан. Негізгі кемшілігі арнаға енудің кезекпен
ұйымдастырылуы. Бұл топология Интернет жүйесіндегі кең таралған бірдей
құқықты қолданушылардың радиоарнасы.
Сақина. Арнайы қолданушылар бір немесе бірнеше тәуелсіз арна арқылы
сақина түрінде біріктірілген. Біріншісі жалпы шина ұқсас. Айырмашылығы
сақинадан жіберілетін деректерді жойып отыру керектігінде. Ең кең тарағаны
Token Ring және FDDI технологиялары. Арнаға енуді басқаруды талап етеді.
Екінші жағдайда деректер ретрансляциялаумен жіберіледі, бірақ станциялар
бір-бірінен тәуелсіз деректер алмаса алады. Дерекетерді жіберетін екі
жолдың болуы желі өнімділігін және сенімділігін арттырады. Сақина көбінесе
ерекшеленіп бөлінген арналарда ұзақ қашықтықтарға қолданылады.
Толық байланыс. Әрбір қос түйін өзара жеке арна арқылы қосылған.
Қымбат кабельдік жүйе болып есептеледі. Бұл арқылы жоғары өнімділікке,
сенімділікке және жылдамдыққа жетуге болады. Телефон желісінде ортақ
қолданылатын АТС құрған кезде пайдаланылады.
Ұяшықтық топологиясы (mesh) толық байланысқаннан кейбір байланыстарды
алып тастау арқылы пайда болады. Бұл желіде тікелей тек деректер алмасу
тығыз жүретін компьютерлер ғана байланысады да басқалары үшін аралық
байланыс арналары қолданылады.
Тармақтық. Элементтердің функционалды қызметтеріне байланысты құруға
және кабельді үнемдеуге жол ашады. Барлық күрделі жүйелердің құрамына
кіреді.
Жұлдызша. Тармақтық құрылымның элементі болып келеді. Кабельдік
жүйесінің қымбаттылығымен ерекшеленеді. Бұл көбінесе түйіндер алыс
орналасқан кезде білінеді. Деректерді жіберу және адрестеу барысында туатын
проблемаларды бір жерде жинақтауға мүмкіндік жасайды. Құрылымдық кабельдер
жүйесінің, кеңтаралатын радиоарналарының негізі болып табылады.
Күрделі құрылым. Типтік және классикалық құрылымдардың жиынтығы.
Желілік техникалық құралдар.
Локальды және аймақтық бөлшектенген желілердің архитектурасымен
байланысты негізгі компонеттер мен технологиялар:
• Кабельдер.
• Желілік интерфейстік тақша (NIC, Network Interface Card).
• Концентраторлардан.
• Коммутаторлардан.
• Бағыттауыштардан (аймақтық бөлшектенген желілер).
• Модемдерден (аймақтық бөлшектенген желілер) тұрады.
Кабельдер.
Иілгіш қос сым.
Иілгіш қос сым түріндегі кабель екі түрде кездеседі: экрандалған
иілгіш қос сым (TP, Twisted Pair) және экрандалмаған иілгіш қос сым (UTP,
Unshielded Twisted Pair). Кабельдің екеуі де өзара байланған мыс сымдардан
тұрады. Экрандалмаған иілгіш қос сым типті кабель өзінің арзандығымен,
жұмсақтығымен, орнатуға жеңілділігімен белгілі. Бұл типті кабельдің жалғыз
ғана кемшілігі электірлік және сымдардағы кедергілерге төтеп бере алмауын.
Иілгіш қос сым типті кабельдер 3, 4 және 5 категориялы болып келеді.
Категория ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Серверлік локальды желілер
Локалды желілердің эволюциясы
Internet және интернет серверлері
Автотранспорттық мекемедегі ақпараттық жүйені ұйымдастыру
Локальды есептеу желілері
Локальді есептеу желілерін құрастыру
Компьютерлік желілер концепциясы
Географиялық аймақ бойынша желілерді классификациялау
VPN виртуалды қорғалған желі
Компьютерлік желілердің құрылуының жалпы прициптері
Пәндер